Мұнай өндіру туралы түсінік
Кіріспе
1 Негізгі бөлім 8
1.1 Мұнай туралы жалпы түсінік 8
1.2 Мұнайдың шығу тегі
1.3 Қазақстанның мұнай өнеркәсібі
1.4 Мұнай өндіру туралы түсінік
2 Мұнай өндіруді болжау
2.1 анықтама
2.2 Матеметикалық моделі
2.2.1 Мұнай өндіруді болжау есептеу моделі
2.3 Бағдарламалық жасақтамасы
3 Қорытынды. Дипломдық жұмыстың қысқаша құрылымы
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымша А
Қосымша В
Қосымша С
Қосымша Д
Қосымша Е
Қосымша Ж

Мұнай – көміртегілер қоспасы болатын, жанатын майлы сұйықтық. Негізгі түсі қызыл –қоңыр, кейде қара түске жақын немесе әлсіз жасыл –сары, тіпті түссіз түрі де кездеседі. Суда ерімейді, бірақ органикалық еріткіштерде ериді. Өзіндік иісі бар. Пайдалы қазбалардың ең маңызды түрі. Мұнай қалдықсыз өнім, яғни осы кезеңде мұнай құрамынан екі мыңнан астам халық шаруашылығына керекті заттар алынады. Сол себепті де әлемдік нарықта мұнай үлкен сұранысқа ие болып отыр. Адам динамикасы артқан сайын көлік тасымалының да қажеттілігі артып келеді. Мұнайға сұраныстың артуына бірден-бір себеп те осы. Осы кезеңде мұнай құрамынан екі мыңнан астам халық шаруашылығына керекті заттар алынып отыр: бензин, керосин, лигроин,парафин, көптеген иіссу түрлері, кремдер, парфюмериялық жұмсақ майлар, дәрі-дәрмектер, пластмасса, машина дөңгелектері тағы басқа.
Мұнай жердің қойнауында жатады. Оны өндіру үшін мұнайлы қабатқа жеткенше бұрғылайды. Одан пайда болған жіңішке оқпан бұрғылайды. Одан пайда болған жіңішке оқпанға құбыр салынады. Құбыр арқылы мұнайды қуатты насостармен сорып алады. Сорып алған мұнайды құбырлар арқылы жіберіп сатады. Мұнай теңіз жолдары, темір жолдары, құбырлар арқылы жан-жаққа тасымалданады. Мұнай өңдеу зауыты Қазақстанда өте аз. Ол Павлодар мен Қызылорда қаласында бар. Мұнай өндіру кезінде қосалқы газда бірге өндіріледі. Ол да жер қойнауынан алынады. Ол үстіңгі қабатында болады.

1. Самарский A.A., Гулин A.B. Численные методы. Учебное пособие. -М.: «Наука», 1989.- 432
2. Пьянков В.Н. Новые информационные технологии в управлении добычей нефти// Нефтяное хозяйство. -1997. -№10.
3. Булыгин В.Я., Булыгин Д.В. Имитация разработки залежей нефти. М.: Недра, 1990.
4. Иванова М.М. Динамика добычи нефти из залежей. М.: Недра, 1976. -247 с.
5. Мирзаджанзаде А.Х., Хасанов М.М., Бахтизин Р.Н. Этюды о моделировании сложных систем нефтегазодобычи. Нелинейность, неравновесность, неоднородность. Уфа, Изд- во «Гилем», 1999. - 462 с.
6. Мирзаджанзаде А. X., Хасаев А. М, Аметов И. М. Технология и техника добычи нефти. М.: Недра, 1986. -216 с.
7. Мирзаджанзаде А.Х., Шахвердиев А.Х. Динамические процессы в нефтегазодобыче. М.: Наука, 1997. - 210 с.
8. Пьянков В.Н. Алгоритмы идентификации параметров модели Баклея -Леверетта в задачах прогноза добычи нефти // Нефтяное хозяйство. -1997, №10. -с. 62-65.
9. Пьянков В.Н. Новые информационные технологии в управлении добычей нефти// Нефтяное хозяйство. -1997. -№10.

Мазмұны
Кіріспе Ошибка! Закладка не определена.
1 Негізгі бөлім 8
1.1 Мұнай туралы жалпы түсінік 8
1.2 Мұнайдың шығу тегі Ошибка! Закладка не определена.
1.3 Қазақстанның мұнай өнеркәсібі Ошибка! Закладка не определена.
1.4 Мұнай өндіру туралы түсінік Ошибка! Закладка не определена.
2 Мұнай өндіруді болжау Ошибка! Закладка не определена.
2.1 анықтама Ошибка! Закладка не определена.
2.2 Матеметикалық моделі Ошибка! Закладка не определена.
2.2.1 Мұнай өндіруді болжау есептеу моделі Ошибка! Закладка не определена.
2.3 Бағдарламалық жасақтамасы Ошибка! Закладка не определена.
3 Қорытынды. Дипломдық жұмыстың қысқаша құрылымы Ошибка! Закладка не определена.
Қолданылған әдебиеттер тізімі Ошибка! Закладка не определена.
Қосымша А Ошибка! Закладка не определена.
Қосымша В Ошибка! Закладка не определена.
Қосымша С Ошибка! Закладка не определена.
Қосымша Д Ошибка! Закладка не определена.
Қосымша Е Ошибка! Закладка не определена.
Қосымша Ж Ошибка! Закладка не определена.
Кіріспе
Мұнай - көміртегілер қоспасы болатын, жанатын майлы сұйықтық. Негізгі түсі қызыл - қоңыр, кейде қара түске жақын немесе әлсіз жасыл - сары, тіпті түссіз түрі де кездеседі. Суда ерімейді, бірақ органикалық еріткіштерде ериді. Өзіндік иісі бар. Пайдалы қазбалардың ең маңызды түрі. Мұнай қалдықсыз өнім, яғни осы кезеңде мұнай құрамынан екі мыңнан астам халық шаруашылығына керекті заттар алынады. Сол себепті де әлемдік нарықта мұнай үлкен сұранысқа ие болып отыр. Адам динамикасы артқан сайын көлік тасымалының да қажеттілігі артып келеді. Мұнайға сұраныстың артуына бірден-бір себеп те осы. Осы кезеңде мұнай құрамынан екі мыңнан астам халық шаруашылығына керекті заттар алынып отыр: бензин, керосин, лигроин,парафин, көптеген иіссу түрлері, кремдер, парфюмериялық жұмсақ майлар, дәрі-дәрмектер, пластмасса, машина дөңгелектері тағы басқа.
Мұнай жердің қойнауында жатады. Оны өндіру үшін мұнайлы қабатқа жеткенше бұрғылайды. Одан пайда болған жіңішке оқпан бұрғылайды. Одан пайда болған жіңішке оқпанға құбыр салынады. Құбыр арқылы мұнайды қуатты насостармен сорып алады. Сорып алған мұнайды құбырлар арқылы жіберіп сатады. Мұнай теңіз жолдары, темір жолдары, құбырлар арқылы жан-жаққа тасымалданады. Мұнай өңдеу зауыты Қазақстанда өте аз. Ол Павлодар мен Қызылорда қаласында бар. Мұнай өндіру кезінде қосалқы газда бірге өндіріледі. Ол да жер қойнауынан алынады. Ол үстіңгі қабатында болады.
1 Негізгі бөлім
1.1 Мұнай туралы жалпы түсінік
Mұнай көмірсутектер қоспасы болып табылатын, жанатын майлы сұйықтық; қызыл-қоңыр, кейде қара түске жақын, немесе әлсіз жасыл-сары, тіпті түссіз түрі де кездеседі; өзіндік иісі бар; жерде тұнбалық қабатында орналасады; пайдалы қазбалардың ең маңызды түрі.Мұнайдың түсі қызғылт, қоңыр қошқыл, кейде ол ашық сарғыш түсті, ақшыл болып та келеді. Мысалы, Әзірбайжанның Сурахана алқабында ақшыл түсті мұнай өндіріледі. Мұнай судан жеңіл, оның меншікті салмағы 0,65-0,95 гсм3. Мұнай өз бойынан электр тогын өткізбейді. Сондықтан ол электроникада изолятор(айырушы) ретінде қолданылады. Осы кезеңде мұнай құрамынан екі мыңнан астам халық шаруашылығына керекті заттар алынып отыр: бензин, керосин, лигроин,парафин, көптеген иіссу түрлері, кремдер, парфюмериялық жұмсақ майлар, дәрі-дәрмектер, пластмасса, машина дөңгелектері тағы басқа. Ол қуатты әрі арзан отын -- бір тонна мұнай үш тонна көмірдің, 1,3 тонна антрациттың, 3,3 тонна шымтезектің қызуына тең.
Бүкіл әлемдегі мұнай қорының 2%-ы Қазақстанның үлесіне тиеді екен. Бүгінгі таңда әлемге танылған, экономикалық нарықта билік жүргізіп отырған мұнайлы мемлекеттердің алғашқы орнында Сауд Арабиясы (әлемдік дәлелденген мұнай қорының 25%-ы), Ирак (10,8%), Біріккен Араб Әмірліктері (10,8%), Кувейт (9,2%), Иран (8,6%) и Венесуэла (7,3%) тұр. Бұл мемлекеттердің барлығы ОПЕК, яғни мұнай экспорттаушы мемлекеттер ұйымы құрамындағы елдер. Бұлардың ортақ үлесі бүкіл әлемдегі мұнай қорының 78%-ын құрайды. Аталмыш ұйымға мүше болып отырған Сауд Арабиясы, Иран, Ирак, Венесуэла, Кувейт мемлекеттері бүкіл әлем бойынша мұнайдың бағасын қадағалап, негізгі өзгертулер мен нарықтық тепе-теңдікті орнатып отырады. Ал, ТМД Елдерінің үлесі дүниежүзілік мұнай қорының 6%-ын құрайды. Отандық мұнай индустриясында мұнай шикізат түрінде алынып, шетелге экспортталып, дайын өнім ретінде екі-үш есе жоғары бағамен қайта импортталынады. Мұндағы басты себеп, ғалымдардың айтуы бойынша біздегі білікті мамандар мен қажетті техниканың болмауы. Мұны түзеу мақсатында қандай іс-шаралар қолданылып жатыр? Зерттеуші-геологтардың айтуы бойынша Қазақстанның жер қыртысы мұнай мен табиғи газдарға бай. Каспий маңы ойпаты, Каспий теңізінің жағалауын қоса алғанда мұнай қоры 7 млрд. тонна. Бұл мұнай өндірісін жыл сайын 50-100 млн. тоннаға дейін көтеруге мүмкіндік береді. Қарашығанақ кен орынындағы табиғи газ қоры 1,3 триллион куб метрді құрайды.Соныменқатар, Арал маңында да мұнай мен газдың үлкен қоры табылған. Алдын ала жасалғанесептеулербойыншамұнда 350 млн. тонна мұнай мен 100 млрд. куб метр газ бар. Мұнай мен газға қатысты Торғай, Шу-Сарысу, Зайсан-Алакөл правинцияларына да артылған үміт зор.Жалпы, мұнай мен газдың мол қоры Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Ақтөбе және Батыс Қазақстан аймақтарында шоғырланған. Қара алтын елімізде бірінші рет 1899 жылы Қарашүңгілдегі Ембі кенорнындағы мұнай ұңғысынан атқылады. Ал, 1911 ж. Доссор, 1915 ж. Мақат кенорындары пайдалануға берілді. Бұл кен орындарына алпысыншы жылдары Маңқыстау түбегіндегі Өзен мен Жетібай қосылды. Кейінірек олардан да куатты Атырау облысынан Қаражамбас пен Қаламқас, Теңіз, Кеңкияқ және Ақтөбе облысынан Жаңажол, Батыс Қазақстан облысынан Қарашығанақ пен Қызылорда облысынан Құмкөл кенорындары ашылды. Қазір Қазақстанда мұнай мен газ шоғырланған 14 алап және 207 кенорны бар. 1999 жылы Қазақстан қойнауынан алғашқы отандық мұнайдың жүз жылдық мерекесі тойланды.Бүгінде республиканың жылына шамамен 50,2 млн мұнайы шетелге шығарылады. 2000 жылы Атыраудың солтүстік шығысында45 кмжерде Каспий қайраңында Қашаған мұнай кенорны ашылды. Ол соңғы 30 жылдағы дүниежүзіндегі ең ірі кенорны. Геологиялық қоры 4,8 млрд тоннаға бағаланды. Жалпы Қазақстандағы мұнай қорының болжамы 20-25млрд тонна. Елдегі жалпы газ коры 6 трлн м3. Дүниежүзінде он екінші орын алады. Соның 70%-ы Қарашығанақтың үлесінде.Дегенмен, алмақтың да салмағы бар. Мамандардың есебі бойынша, жер астынан алынған бір тонна мұнай мен бірге500 кгілеспе газ шығатын болса, оның құрамында160 кгулы заттар болуы мүмкін. Сондықтан ілеспе газды ауаға жібере беруге, немесе бүгінгідей шырақ түрінде өртеуге болмайды, адам жүйкесіне ауыр әсер етеді, ауруларға шалдықтырады. Отқа өртеле қалған жағдайда одан бөлінген күкірт қышқылы ауаның жоғары қабатына көтеріліп, жер бетіне жүздеген жылдар бойы қышқыл жаңбыр болып себелейді. Сонымен қатар, ілеспе газды жобасыз, есепсіз жер астына қайтадан жібере беруге тағы болмайды. Онда ол жерасты су көздерін ұзақ мерзімге ластауы мүмкін. Республикада Қара алтынды тасымалдау және қайта өңдеу экологиялық ластану мәселелерін туындатып отыр. Мұнайлы өңірлерде қалдықтардан құтылу оңай емес, мұнайдың қоймалжың тұнбалары, пайдасыз топыраққа, ластанған тұзды мұнайға, металл қалдықтары, бұрғылаудан кейінгі қалдықтардың барлығы экологияға өте зор зардабын тигізетін жағдайлар болып табылады. Мұнаймен ластанған жерлерді қайта қалпына келтірудің жаңа технологияларын әзірлеу және қолда бар технологияларды жетілдіру қажеттілігі өзінен - өзі туындайды. Бұл біздің еліміздегі болашақтың өзекті мәселесі болуы әбден мүмкін. Ал жергілікті халық үшін бүгіннің мәселесі болып отырғаны белгілі. Себебі, мұнай қондырғылары арқылы жер қойнауынан алынып жатқан мұнайдың пайдасынан гөрі зиянын көбірек шегіп отырған халықты бұл ашындыруы мүмкін. Бақ әрі сор. Жылына 50-100 млн тонна көлемде өндірілетін мұнайдың 50,2 млн тоннасы шетелге жіберілсе, қалғаны мемлекет меншігіне айналары сөзсіз.
Мұнай туралы 6 факт.
1. Мұнай сөзінің әртүрлі тілдегі нұсқаларының этимологиясы
Орыс тіліндегі нефть сөзінің түбі араб тіліне тіреледі. Араб тіліндегі nаft, nаftа сөздері - шашу, шығару деген мағынаны білдіреді. Сондай-ақ, аталмыш сөздің шығуының тағы бір нұсқасы бар, оған сәйкес, ежелгі аккад тілінде оңай жанатын деген мағынаны беретін напатум сөзі болған. Мұнайды б.з.д. 347 жылдың өзінде-ақ пайдаланып үлгерген қытайлар оны ши йоу дейді, оның мағынасы тау майы дегенге саяды.Ағылшынның petroleum сөзі де тау майы (гректің petra - тау және oleum - май) дегенді білдіреді.
2. Мұнай жоғалып кеткен динозаврлардан пайда болды дегенге әлі сенесіз бе?
Мұнай саласына қатысы жоқ адамдардың көбі әлі күнге дейін мұнай динозавр секілді ежелгі жануарлардан түзілген деп санайды.Шындай-ақ, мұнай органикалық заттардан (тірі ағзалардың қалдықтарынан) түзіледі, алайда бұл ағзалар динозаврларға қарағанда әлдеқайда кіші еді. Ғалымдардың пікірі бойынша, мұнайдың түзілуіне қажетті шикізат ретінде жағалаудың бойындағы теңіз микроағзаларын (90 % фитопланктоннан тұратын планктон) қарастыру керек.
3. Мұнай жер астында көл немесе теңіз күйінде жата ма?
Мұнай индустриясын зерттемеген адамдардың тағы бір қателесетін тұсы осы. Шын мәнісінде, жер астындағы ешқандай мұнай көлдері жоқ. Жер қабаттары құрамында әртүрлі минералдар бар тау жыныстарынан тұрады. Тығыздығы салыстырмалы түрде төмен мұнай, газ, су секілді тау жыныстары коллекторлар деп аталады. Коллекторлардың сұйыққа айналу қасиеті бар. Құрамына мұнай сіңген осындай коллектор-тау жыныстары мұнай ошақтарына құрайды.
4. Адамдар мұнайды 6000 жылдан аса уақыт бойы пайдаланып келеді
Ежелгі Вавилонда битумды ғимарат құрылысы мен теңіз кемелерінің герметизациясы үшін пайдаланды. Гудрон алғаш рет VIII ғасырда Бағдад қаласында жол салу кезінде қолданылды.Ежелгі мысырлықтар және содан кейін гректер жарықтандыру үшін алғашқы шағын шырақтарды жасап шығарды. Сол шырақтарға жағармай ретіне мұнай пайдаланылды.Византия империя кезінде мұнайды грек оты деп атап, оны өте зұлым қару ретінде қарастырды, себебі оны сумен өшіру амалдары нәтижесіз аяқталатын.
5. Сіз киттерді жақсы көресіз ба? Жақсы көрсеңіз, біле жүріңіз: киттер тек мұнайдың арқасында толық жойылудан аман қалды
Он тоғызыншы ғасырда кит майына деген сұраныс өте жоғары болды. Кит майы жарықтандырушы шырақтарда кеңінен қолданылды, өйткені ол баяу жанатын және түтін де, жағымсыз иіс те шығармайтын. Сонымен қатар, кит майы сағат механизмдерінің арасына жағатын жақпа ретінде, жаңа түскен суреттің бетіне жабылатын қорғаныш қабат ретінде, сондай-ақ, медициналық дәрілер, сабын және косметика жасауда құрамдас бөлік ретінде пайдаланылды.
6. Бензин бағасы бір кездері тым арзан болды
Мұнай саласы енді дамып келе жатқан тұста мұнай өңдеудің негізгі мақсат керосин алу еді. Бұл жеңіл көліктер танымал болып, кеңінен қолданыла бастағанға дейін болатын. Мұнай өңдеу кезінде пайда болатын қажетсіз сұйықтық бензинге деген сұраныс өте төмен болды. Бұл өте арзан өнімді тек биттерден арылу үшін немесе матаны майлы дақтан тазартатын еріткіш ретінде қолданды. Бензиннің арзан, әрі қажетсіз болғаны соншалық, мұнай өндірушілер оны жай ғана өзенген ағызып жіберетін болған.
Мұнай дүние жүзілік жанар-жағар май-энергетикалық балансында орасан зор үлеске ие: оның адамзат пайдаланатын қуат көздері ішінде 48% алады. Болашақта бұл көрсеткіш мұнай өндірудің қиындай беруінен, және атом және басқа қуат көздерін пайдалануының өсуінен кеми береді.
Химия мен мұнай-химия өнеркәсіптерінің қарқынды дамуына байланысты мұнайға деген сұраныс жанар-жағар майлар үшін ғана емес, синтетикалық каучук, синтетикалық талшықтар, пластмасс, жуу құралдарын, пластификатор, бояғыштар т.б. (әлемдік өндірістің 8%-нан астамы) өндіру шикізат көздері үшін өсуде. Осыларды шығаруға бастапқы заттар ретінде көп қолданылатындар: парафиндік көміртектер - метан, этан, пропан, бутан, пентан, гексан, және жоғарымолекулярлықтар (10-20 атомды молекулалы көміртектер), циклогексан; ароматты көміртектер - этилен, пропилен, бутадиен; ацетилен.
АҚШ Қуат Ақпарат басқармасының (EIA) есебі бойынша 2011 жылы әлем күн сайын 87.421 миллион баррель тұтынған.
Жердің шөгінді қабатында таралған, жанғыш майлы сұйықтық; маңызды пайдалы қазынды. Мұнай 1.2-2,0 км-ден астам тереңдікте газ тәрізді көмірсутектермен бірге түзіледі. Түсі ашық-қоңырдан қою қоңырға, қараға дейін өзгереді, тығыздығы 0,65-1.05 граммсм3 аралығында. Мұнай жеңіл (тығыздығы 0.83гсм3-ке дейін), орташа(0,831-0,860 гсм3), ауыр (0,860гсм3-тен жоғары) болып бөлінеді. 28С градустан жоғары температурада қайнайды, қату температурасы 26-дан-60'С-қа дейін, меншікті жылу сыйымдылығы 1,7-2,1 кДж(кг*К), меншікті жану жылуы 43,7-46,2 МДжкг, диэл.өтімділігі2-2,5; Электр өткізгіштігі 2*10*10(дәрежесі)-0,3*10*-18(дәреже сі) Ом-1*см-1(дәрежесі), тұтану температурасы 35-120*С, органикалық еріткіштерде ериді, суда ерімейді. Мұнай-көмірсутектердің күрделі (негізінен парафинді және нафтенді, аз дәрежеде-ароматты) қоспасы. Әр түрлі кен орындарында мұнайдың көмірсутектік құрамы түрліше өзгеріп отырады. Негізгі қоспалары (4-5%):нафтен қышқылдары, асфальтты-шайырлы заттар, меркаптандар, моно-және дисульфидтер, тиофендер және тиофандар, күкіртсутек, пиридин және пиперидин гомоглогтар, т.б. Элементтік құрамы: С 82,5-87%; H 11.5-14.5%; O 0.05-0.35%; S 0.001-5.5%; N 0.02-1.5%. Өнеркәсіптік зерттеулерде негізінен мұнайдың тығыздылығын, оның фракциялы құрамын, тұтқырлығын, құрамындағы күкірт, шайыр асфальтен, парафиндердің мөлшерін және олардың балқу температураларын анықтайды. Құрамындағы күкіртке байланысты аз күкіртті , күкіртті, жоғары күкіртті болып үш топқа бөлінеді. Әдетте мұнай құрамындағы азот пен оттек 10%-дан аспайды, тек кейбір жағдайларда 1,8 және 1,2%-ға азаяды. Мұнайдың негізгі пайда болу көзі - құрамындағы сутектің мөлшері жоғары болатын планктон, сапропельді органикалық зат және өсімдік қалдықтарынан түзілетін гумосты зат. Мұнайда 20-дан астам әр түрлі элемент (V, Ni, Ca, Mg, Fe, Al, Si, Na, т.б) бар. Мұнай түзуші жыныстар - саз балшықтар, олар мезокатагенез белдемесіне жеткенде мұнай түзілетін басты фактор - органикалық заттар 50*С-тан жоғары температурада ұзақ уақыт қызады. Бұл белдемнің жоғ арғы шекарасы 1,3-1,7-ден 2,7-3 км-ге дейін тереңдікте жатады. Төмен шекарасы -3,5-5 км. Мезокатагенез белдемінде көп мөлшерде мұнай көмірсутектері түзіледі, олар бензин және керосин фракцияларын беріп, микромұнайдың қозғалғыштығын жоғарылатады
1.2 Мұнайдың шығу тегі
Қазір "Қара алтын" деп бағаланатын мұнайдың өзіндік мол тарихы бар. 1539 жылы ол тұңғыш рет Америка құрлығынан Еуропаға тасылатын тауарлардың тізіміне кіріпті. Сол жылы Венесуэладан Испанияға жөнелтілген мұнай тасымалының алғашқы легі бірнеше темір құтыға ғана құйылған жүк екен. Ол кезде дәрігерлер оны тек артрит ауруын емдеуге ғана пайдаланатын болған. Ертеректе тас майы деп аталған мұнайдың болашағы зор екенін болжаған орыс ғалымы М.В. Ломоносов,Пенсильванияда ең алғаш рет мұнай ұңғымасы бұрғыланғанға дейін жүз жыл бұрын, мұнайдың шығуы жайлы өзінің бірегей теориясын ұсынған еді. Жер қойнауында тереңнен орналасқан шымтезекті шөгінділерден жерасты ыстығымен қою, майлы материя шығарылып, саңылаулар арқылы ағады... Бұл дегеніміз - сирек, әртүрлі сұрыпты, жанатын және құрғақ, қатты материялардың пайда болуы, бұл тас майы - мұнайдың негізі..., - деп жазады 1763 жылы М.В. Ломоносов.
Мұнайды қыздыру кезінде мұнайға біраз ұқсайтын қарамайларды беретін көмір мен тақтатастардан шығу теориясы да орыс ғалымдары - академиктер Паллас пен Абихтікі болған еді. Алайда ол кезде олардың қорытындыларының мұнайды іздестіруде практикалық мағынасы аз еді.
Ең жемісті болғаны өткен ғасырдың соңында Д. И. Менделеев ұсынған мұнайдың бейорганикалық шығу теориясы еді. Ұлы орыс химигінің айтуы бойынша, жер шарының орталық ядросы темір және құрамдарында көміртегі бар басқа металдардың қоспаларынан құралады. Жер қыртысындағы жарықтардан өткен сулардың әсерінен бұл ядро жеңіл көмірсуларды - ацетилен, этилен және т.б. түзеді. Жер жарықтары арқылы жоғары жер қыртысының суық бөліктеріне көтеріле бере олар мұнайдың негізгі құраушы бөліктері болып табылатын ауыр көмірсулар қоспасына айналады.
Харичков және басқа да орыс ғалымдары мұндай әдіспен табиғи мұнайға ұқсас сұйық - жасанды мұнайды алды. Д.И. Менделеев теориясы бойынша мұнай қарқынды тау түзілу орындарында кездеседі. Мұны жиі бақылауға болады, сондықтан Д.И. Менделеев қорытындыларын барлаушылар мұнайды іздеуде көп уақыт қолданды. Мұнай өнеркәсібінің дамуы барысында, әдетте, мұнай кездесуі тау түзілу процестері қосымша фактор болып табылатын жағдайларда кездесетініне көз жетті.
Мұнай көбінесе теңіздің түбінде, соның ішінде жағажайлық шөгінділерде жиі табылады. Сірә, теңіз өсімдіктері мен жануарлары қалдықтары судың түбіне жинақтала беруінен болар. Өйткені онда су ағысы болмайды, ол тыныштықта тұратындықтан, оған ауаның келуі қиындай түседі. Ауаның әсерінен бұл қалдықтар тотығар еді, ал ауа болмағандықтан, бактериялардың әсерінен бұл қалдықтар құрамы бойынша мұнайға ұқсас, бірақ оларда толығымен мұнайға айналмайтын процестер өтеді. Мұндағы түсініксіз жайт: осы қалдықтардан мұнай қалайша түзіледі? Әңгіме мынада: онда хлорофилдің, яғни өсімдіктердің жасыл түсі негізінің және басқа да екі жүз градустан жоғары температурада тұрақсыз болатын заттардың қалдықтары табылған. Ал барлық мұнайға жақын өнімдерді алатын белгілі химиялық реакциялар тек жоғары температураларда өтеді.
Ақыры 1930 жылы ірі кеңес ғалымы - академик Н.Д. Зелинский бұл жерде катализ, яғни өздері аз өзгеріске ұшырайтын заттардың әсерінен химиялық өзгерістерді тездететін құбылыс орын алатынын дәлелдеді. Катализаторлармен өсімдіктерге, бактериялық әсердің өнімдеріне жақын орналасқан заттарға әсер етіп, ол жасанды мұнайды екі жүз градустан төмен температурада алды. Осылайша сұрақтың жауабы шешілді, бірақ түпкілікті емес: ол тәжірибесінде қолданған катализаторлар табиғатта болуы мүмкін емес, олар өте тұрақсыз еді.
Табиғатта мұнай түзілуді іске асыратын заттарды ұзақ іздегеннен кейін химия ғылымдарының докторы, профессор Андрей Владимирович Фрост бұл, әдетте, мұнай қыртыстарын жауып тұратын кейбір сазбалшықтардың қатысымен болатынын анықтады. Өсімдіктер және жануарлар қалдықтарымен бірге тұнып, сазбалшықтар, жануарлар сүйектері мен микроағзалар кейін мұнай түзетін фактор болып табылатын материалдың негізін түзеді. Лай - бұл сазбалшық, өсімдік және басқа да қалдықтардың түр өзгерген қоспасы - бактериялардың әсерінен құмды және басқа да кеуекті тау жыныстарымен қапталады. Олар, өз кезегінде, мұнай мен су өтпейтін сазбалшық және басқа да тау жыныстарының қабаттарымен қапталып, температурасы шамамен жүз градустай қабаттарға дейін түседі. Мұнда мұнай түзілу процесі аяқталады; құрамында лай болатын мұнай біртіндеп қабаттасады да, біз мұнай кенорындарынан табатын кеуекті тау жынысына енеді.
Мұнайдың шығуының жаңа теориясының зор тәжірибелік маңызы бар. Ол мұнайшы-геологтарды мұнайдың түзілу жағдайларын анықтау әдісімен таныстырады. Мұнай қалай пайда болатынын білетін кен барлаушылары оны іздеу орындарын тез анықтайды. Геологиялық жағдайларға байланысты мұнайдың болатын жерлерін және оның мүмкін орын ауыстыру жолдарын анықтауға болады.
Табиғи мұнайдың шығу тегін зерттеушілер алдында тұрған басты қиындық, оның түзілуі туралы тура және сенімді мәліметтердің жетіспеуі - онда бастапқы органикалық ұлпалардың болмауы. Зерттеуші әртүрлі болжамға апаратын болжамдар мен жанама фактілерге ғана сүйенеді. Көптеген геологтар тірі материядан мұнайдың түзілгендігі туралы гипотезаны қолдайды. Мұнайдың бейорганикалық түзілу гипотезасын қорғайтын геологиялық және химиялық сипаттағы анық ұғымдарды келтіруге болады.
Заманауи ғылымда мұнайдың шығуы туралы екі негізгі гипотезалар бар. Әрқайсысын жеке қарастырайық.
Биогенді (органикалық) теория мәні мынада. Барлық жанғыш көміртекті қазбалар (мұнай, газ, көмір, жанғыш тақта тастар) генетикалық туыс түзілімдер болып табылады. Олардың барлығы әртүрлі геологиялық сатыларда Жерде өмір сүрген тірі организмдердің шірік қалдықтарынан пайда болды. Мұнайдың түзілу көзі суаттар түбі мен су қабатында өсетін тікелей төмен сатылы өсімдіктердің (планктон, балдырлар және т.б.) органикалық қалдықтары болып табылады. Суаттарды қоршаған ортаның әсерінен өлген организмдер ыдырайды. Нәтижесінде мұнайда бастапқы өсімдік материалынан мұраға қалған және одан әрі оның түрлену барысында алынатын қосылыстар болады.
Алғаш рет мұнайдың органикалық шығу тегі туралы гипотезаны М.В. Ломоносов 1763ж айтқан. М.В. Ломоносовтың пікірінше, мұнай тасты көмірлерге жер асты оттарының әсер етуінен түзілді, нәтижесінде асфальттар, мұнайлар және тасты майлар пайда болды.
Кейіннен осы гипотезаны растайтын көптеген тәжірибелік жұмыстар жүргізілді. 1932 жылы И.М. Губкин мұнайдың биогендік шығу тегі туралы теорияны толық баяндағандай болды. Мұнайдың түзілуі үшін бастапқы зат ретінде сапропелді қарастырды. Сапропель - бұл тікелей төмен сатылы балдырлар мен суаттар микроорганизмдерінің шіріген қалдықтарынан тұратын органикалық тұнбалар (қайырлар). Органикалық қалдықтарға бай жер қабатына сапропелді қабат шөккен сайын ондағы қысым мен температура артады. Термокаталитикалық процестер нәтижесінде органикалық зат мұнайға айналады.
Биогенді теориямен қатар, мұнайдың шығуының абиогенді (бейорганикалық) теориясы дамыды.
Мұнайдың абиогенді шығу тегі туралы теорияны Д.И. Менделеев 1977ж айтты. Осы теория негізіне металдардың балқыған карбидтерінің сумен әрекеттесіп көмірсутектердің түзілу мүмкіндігі жатыр:
Өкінішке орай, бұл теория бір кен орнында мұнай құрамының алуан түрлі болуын, сондай-ақ мұнайды құрамында тірі организмдер қалдықтары бар шөгінді жыныстардар табатындығын түсіндіре алмады.
1892 жылы В.Д. Соколов мұнайдың бейорганикалық шығу тегінің космостық теориясын ұсынды. Осы гипотезаға сәйкес мұнай Жер мен Күн жүйесінің басқа да планеталары түзілу сатысында космостық материяның басқа түрлерімен Жерге түсуі мүмкін космостың біріншілік көмірсутектері-нен түзіледі. Бұған да негіз бар, өйткені кометалар көмірсутекті газдар мен көміртек атомының бар екендігі анықталған, ал сутегі болса космоста кең тараған.
1960 жылы Н.А. Кудрявцев мұнайдың шығу тегінің магматикалық гипотезасын ұсынды. Бұл гипотезаға сәйкес мұнай магмада азғана мөлшерде түзіледі, ал сосын кеуек құмдақты толтыра отырып сызаттар мен жыраттар арқылы жоғары көтеріледі. Бұл процестер қазір де жалғасуда.
1.3 Қазақстанның мұнай өнеркәсібі
Атырау өңіріндегі Жайық пен Жем аралығында көлкіген мұнай кені бар екені ерте заманнан белгілі болған. Тіпті сол кездің өзінде−ақ жергілікті көшпенді қазақтар жер бетіне шығып жатқан қимайды, мұнайды сүзіп алып, түйенің немесе адамның теңге қотырын емдеуге қолданған. Бірақ қазақтар бұл үлкен қазынаның жер бетіне шығып жатқан шеті ғана екенін білген жоқ. XVIIIғ. мен XIX ғасырдың алғашқы жартысында Жайық пен Жем өңірінде жер қойнауын зерттеушілердің пайда болғаны белгілі. И. Лепехин 1768, П. И. Рычков 1772, П. С. Паллас 1773, С. Г. Гмелин 1785, Г. Гельмерсен 1836, тағы басқалары Атыраудың географиялық жіне топографиялық құрылымына, су қорлары мен кен байлықтарына қысқаша геологиялық сипаттама берді. зерттеушілердің осы алғашқы деректерінің ғылым үшін пайдасы зор болды. Атырау өңірін алғашқы зерттеушілердің бірі - Н. А. Северцов. Ол 1860 жылы Горный журналына қазіргі Доссор маңы туралы есебін жариялайды. Онда Бұл жердің мұнайы су бетіне қалқып шығып жатады екен - деп жазады. Біздің осы өлкемізде 1874 жылы инженер Д. В. Кирпичников келіп, бірнеше кен орындары жайлы пікір қалдырды. Мысалы, әлгі Доссор кені жайлы мынадай тұжырым жасады: Бұл жерде мол мұнай қоры бар екендігіне күмән жоқ. Бірақ тұщы суы тапшы, қатынас жолы қиын, тұрғын халқы, шабатын шөбі жоқ. Бұл байлықты пайдалану өте қиынға соғады. Ол тұста бұл аса мәнді болжамға ешкім назар аудара қоймайды. Бұдан кейін де Атырауға бірнеше этнограф ғалымдар мен экспедициялар келеді. 1899 жылдың қараша айында Атырау облысы, Жылыой ауданына қарасты Қарашүңгіл алаңындағы №7 ұңғымадан мұнай фонтаны атқылап, тәулігіне 20 тоннадай өнім берді. Бұл бүгіндері дүние жүзіне мәлім болған Қазақстан мұнайының алғашқы тамшылары еді. Қарашүңгіл мұнай фонтаны туралы хабар Ресей және шетел кәсіпкерлерін дүр сілкіндіріп, Ембі - Каспий аймағында мұнай қорын іздестіру жұмыстарын кең көлемде жүргізуге мәжбүр етті.Осындай күрт бетбұрыстың нәтижесінде атақты Нобельдің мұнай өндірістік ұйымы өмірге келді. Осы ұйымға қарайтынжұмысшылар Доссор, Мақат, Ескене өңірін терең бұрғылауды қолға алды. Ең сәтті қазылғаны Доссордағы №3 ұңғыма болды. 1911 жылы сәуірдің 29 күні 225 метр тереңдіктен юра қабатынан мұнай фонтаны атқылады. Ол 20-25 метр биіктікке 30 сағат бойы атқылап тұрды. 16,7 мың тонна мұнай шықты, тәулігіне 13360 тонна. Бұл Қарашүңгілден кейінгі мол мұнай қорының ашылғандығын бүкіл әлемге паш етті. Қарашүңгіл және Доссор мұнай фонтанынан кейін Қазақстан мұнай өндірісі тарихы басталды. Мақат - Атыраудың үшінші мұнайлы перзенті. Ол 1915 жылы ашылды. Бірақ екі кеніш тағылық жағдайында пайдаланылды. Кен орындарының геологиялық құрылымы, оны нендей тәсілмен өндірудің тиімділігі жайлы мәлімет жетіспеді. Тек фонтан атқызуға сеніп бұрғыланды. Бір қабаттың мұнайы түгел алынбастан екіншісін бұрғылауға ұмтылысты. Ұабаттар мерзімінен бұрын жарамсыз болып, су алып, газданды. Оған мысал 1911 жылы Доссорда 16,7 мың тонна мұнай өндірілсе, бар болғаны 3 жылдыңішінде ол 17 есеге, яғни 272,746 тоннаға жетті.Төңкеріс алдындағы мұнайшылар өмірі қиын болды. Міне осындай жағдайда Қазан көтерілісіне дейін республикалық мұнай өнеркәсібі қарыштап дами бастады. Оның нағыз қанат жаюы Кеңес үкіметі жылдарында болды десек, бұл бұрынғы тарихи топшылау емес, ақиқат, шындық.Кеңес үкіметі кешегі көшпелілердің өмірін танымастай өзгертіп, қазақ жұмысшы табын шындады. Мұнайлы Ембі алғашқа кәсіпшіліктерінде жұмыс істеген М.Сартов, М.Жұмағалиев, П.Кочнев, Х.Төрәлиев, Б.Айтмағамбетов, С.Зорбаев, А.Ильясов және т.б. болды. Олар жаңа үкәметті орнатуға ат салысты. Сонау 1919 жылы В.И.Лениннің негізгі отын қоймасы жау қолында қалған кезде, Гурьевті, Жайық сағасын азат етуге болмас па екен деуі тегін емес.Қызыл Армия Доссор, Мақат кәсіпшіліктерін ақ гвардияшылардан азат етпей жатып, В.И.Ленин мұнайды тасымалдау мәселесін күн тәртібіне қойды. 1920 жылы 24 қаңтардағы Москвада болған кен жұмысшылары мен қызыл армияшылар конференциясында В.И.ленин Енді бізде Гурьев мұнайы бар− деп мақтанышпен мәлімдеді, Гурьевті Атырау деп түсінсек, онда Атырау мұнайын өндіру сол кезде - ақ құралған Жайық − Ембі ауданының мұнай кәсіпшілік басқармасына табыс етілді. Бұл жаңа басқарма трест 1920 жылы Отан қоймасына 1,5 млн пұт мұнай құйды. 1922 жылы қазанда басқарма Эмбанефть тресі деп аталып, қайта құрылды. Бұл трест 1924 жылға дейін Москвада болды, кейін Гурьевке қоныс аударды. Қазіргі Атыраудың көптеген мұнайшыларын тоғыстырып отырған Эмбанефть бірлестігі өмірге осы трест негізінде келген кәсіпорын. Жас үкімет жаңа кен орындарын игеруге, бұрғылау, құрал - жабдықтарын тасымалдау, азық - түлік, құрылыс материалдарын жеткізу мақсатында жаңа тас жоы және темір жол қатынастарын қажет етті. 1925 жылы үкіметтің арнаулы қаулысы бойынша Гурьев пен Доссор арасында 93 км табанды темір жол төселді. 1927 жылы іске қосылған бұл жолмен жылына 120 мың тонна жүк тасылды. Бұл тек мұнайлы Ембінің емес, бүкіл қазақ елінің дамуына үлкен әсер етті. Мұнай өндіру үшін тек жұмысшылар ғана емес, білімді мамандар жда қажет болды. Сондықтан 1930 жылы Гурьев мұнай техникумы ашылды. Кейіннен бұл оқу орны Политехникум деп аталды. Кезінде И.М.Губкин, С.М.Миронов, т.б. академиктер Атыррау өңірінің болашағын жоғары бағалап, бұл өңірді батыл барлау, жаңа кен көздерін ашып, халығ игңлңгңне жарату мәселелерін ортаға қойды. Кен орындарды игеруді ғылыми тұрғыдан бақылап отыру үшін Эмбанефть тресінің өзінен орталық ғылыми - зерттеу лабораториясы 1934 құрылды. Осыған орай гравиметрия, электрокаротажсияқты геофизикалық әдістер Атырау өңірінде тұ ңғыш рет игеріліп, тым жақсы нәтижелерге қол жетті. Енді мұнайлы Ембінің Доссор, Мақат сияқты көне кен орындарының қатарын жаңа кеніштер толтыра бастайды. Ескене 1934 , Байшанас 1935, Қошағыл 1935, Сағыз 1938 , Құлсары 1939 сияқты жаңа кен орындар іске қосылды. 1959 - 1969жж арасында Терістік Каспий ойпаттарында оншақты мұнай газ кен орындары (Прорва, Ақтөбе, Қараарна, Терістік, Тереңөзек, Шығыс - Құлсары, Мартыши, Камышитовый, Таңатар, т.б.) ашылды. Бұл кен орындарын төтенше барлау, өндірістік игеру жұмыстарын басқару жөнінде геолог Маташев Мажиттің еңбегі аса зор деп айтуға болады. Осы маманнның енгізуімен құлсарыдағы XXI-XXII пермотриас горизонттарын жаға әдіспен игеру арқасында көптеген қосымша мұнай өндірілді.
Жаңа кеніштердің қатарға қосылуы м ұнай өнімін еселей арттырды. Атырау мұнайын еліміздің шығысына кідіртпей жөнелту үшін 1936 жылы Каспий - Орск мұнай құбыры іске қосылды.Кезінде Гурьев - Қосшағыл су құбырының іске қосылуы үлкен оқиға болды. Еліміздің орталық облыстарына тікелей шығу үшін Гурьев - Қандыағаш кең табанды темір жолының өмірге келуі де маңызды болды. Соғыс басталарда Ембі - еліміздің қоймасына сапалы мұнай беретін жылына 700-750 мың тонна. Сол кездегі үлкен мұнайлы өңірдің бірі еді. Қарап отырсақ бұл күнде қара алтынның қайнар бұлағы атанған мұнайлы Ембі өзінің бастауын Доссор мен мақаттан алғанмен, өмір алға аттанған сайын арнасы кеңейіп өсе берген екен. Тек Ұлы Оттан соғысы жылдарында 15 жаңа кеніш ашылып, Мақат - Комсомол - Қошқар - Сағыз мұнай құбыры төселіпті. Доссорда автомобиль жөндеу зауыты (1944), Қамыскөл электростанциясы тұрғызылды(1945). Сол бір қиын қыстау кезінде мұнай өндіру кәсіпшіліктерінде талай - талай рекордтар жасалып, небір озық технологиялар енгізіле бастады.
Қазақстан мұнайшылары үшін үлкен сын болған белестің бірі - Ұлы Отан соғысының қаһарлы жылдары еді. Майданға аттанған ер азаматтардың орнын жоқтатпай, өндіріс ырғағын қалыпты ырғағы - мұнайшылардың алдына қойған қатал талабы мен міндеті еді. Қорғаныс қажетіне көптеп мұнай беру үшін қажымай еңбек етіп, ерлер қатары майданға кетіп сиреген соң, солардың орнын толтыратын жқмысшы күшіне мұқтаждық туды. Міне, сондай қажыр - қайрат буыны бекіп, бұғанасы қатпаған балалардың, елңкейген кәрілердің бойынан табылды. Ерлердің мамандығын әйелдер меңгерді. Мысалы, қызыл әскердің жұбайы Сарманова мұнай өндірісі Байшонас кәсіпшілігіне мұнай өндіруші оператор, үй шарушылығындағы Айманова Доссор кәсіпшілігінде балғашы, Сағыздық Бекмағамбетова шофер, екі баласымен үй шаруасына отырған Завалова Доссордағы автотранспрот мекемесінде тракторшы болып жұмыс істеді. Кейіннен осылардың көпшілігі өндірістің майталман маманы атанып, құрметке бөленді. Мұщнайшылар қатары кәсіпшілік училищелерді бітірген жастармен де толықтырылып отырды. Батыстағы ірі кәсіпорындар шығысқа көшіріліп, Өндіріске қавжетті жабдықтар, қосалқы бөлшектер шығарылмай жатқан ауыр кезеңде басқа жақта күтір отыруға болмайтын еді. Сондықтан ішкі резервтерді іздестіріп, бар мүмкіндіктерді толық пайдалану қажет болды. Сондай қтымды шаралар: сұйықтықты жеделдетіп сору,қосымша арттыру арқылы мұнай көзін көзеу, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz