Туберкулез қоздырғышы,оның қаупі және қауіпсіздік шаралары



1. Ауру тарихы
2. Туберкулез белгілері
3. Анықтау
4. Томография:
a) Рентгендік компьютерлік томография
b)Магниттік. резонанстық компьютерлік томография
5. Манту екпесі
6. Туберкулездің микробиологиялық анықталуы
7. Жалпы емдеу қағидалары
8. Туберкулездің алдын алу
Туберкулез әлемдегі ең кең тараған жұқпалы ауру болып табылады.Жыл сайын 20 млн адам ауырып, 4 млн адам өледі.XX ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан бастап, туберкулез бойынша эпдемиологиялық жағдай көшіп- қонуға, экологиялық және экономикалық мәселелерге байланысты қиындады.Туберкулез ауруының кеш анықталуы оның клиникалық ерекшеліктеріне байланысты.Туберкулездің «өз беті» жоқ, және ол басқа аурулар «маскасымен» жүріп, науқастың жағдайы нашарламайды.Ауру қоздырғыш таяқшалар орталық жүйке жүйесіне әсер етіп, эйфория шақырады, сондықтан науқас өзінің ауырғанын сезінбейді.
1. Қазақ энциклопедиясы, 8 том
2. Патологиялық анотомия терминдерінің, орысша – латынша – қазақша түсініктеме сөздігі.- Ақтөбе. ISBN 9965-437-40-8

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Туберкулез қоздырғышы,оның қаупі және қауіпсіздік шаралары
Жоспар:
1. Ауру тарихы
2. Туберкулез белгілері
3. Анықтау
4. Томография:
a) Рентгендік компьютерлік томография
b) Магниттік- резонанстық компьютерлік томография
5. Манту екпесі
6. Туберкулездің микробиологиялық анықталуы
7. Жалпы емдеу қағидалары
8. Туберкулездің алдын алу
9.
Туберкулез қоздырғышы, құрылысы, туберкулез микобактериясының өзгергіштігі, оның қаупі және қауіпсіздік шаралары
1. Ауру тарихы:
Туберкулез әлемдегі ең кең тараған жұқпалы ауру болып табылады.Жыл сайын 20 млн адам ауырып, 4 млн адам өледі.XX ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан бастап, туберкулез бойынша эпдемиологиялық жағдай көшіп- қонуға, экологиялық және экономикалық мәселелерге байланысты қиындады.Туберкулез ауруының кеш анықталуы оның клиникалық ерекшеліктеріне байланысты.Туберкулездің өз беті жоқ, және ол басқа аурулар маскасымен жүріп, науқастың жағдайы нашарламайды.Ауру қоздырғыш таяқшалар орталық жүйке жүйесіне әсер етіп, эйфория шақырады, сондықтан науқас өзінің ауырғанын сезінбейді.Туберкулездің асқынбаған түрлері жоспарлы тексерулерде : ересектерде- флюорографиямен, балаларда - рентген тексерілуі арқылы анықталады.Туберкулез қоздырғыштары - қышқылға төзімді микобактериялар, 1882 жылы Р. Кох ашқан.Туберкулез микобактериясының бірнеше түрі белгілі: адамға тән түрі(Mycobacterum tuberculosis), аралық түр(Mycobacterum africanum), өгізге тән түр(Mycobacterum bovis) , Mycobacterum тұқымы, Mycobacteriacaae семьясы, Actinomycetalis қатарына жатады.Туберкулез қоздырғыштары адамда 92% жағдайында адамдық түрімен жұғады, 3-5% жағдайларында ғана өгіз немесе аралық түрлер жұғуы мүмкін.Жаңартылған микробиология классификациясында құс микобактериясы адам мен жануар микробактериясы қоздырғышы болып табылады.Туберкулез микобактериясы - жіңішке, түзу немесе аздап иілген таяқшалар ұзындығы 1-10 мкм, ені 0,2-0,6 мкм, гомогенді немесе дәнді дөңгеленген ұштары болады. Олар қозғалғыш, эндоспор, конидий, капсула түзбейді.Бактерия жасушаларының құрылысы мен мөлшері жасушаның жасына қарай, таралу ортасына қарай өзгереді. Электрондық микроскоп көмегімен туберкулез микобактериясының құрылымдық элементтері анықталған: жасуша қабырғасы, цитоплазмалық мембранасы және оның туындысы - мезосома, цитоплазма, ядролық зат- нуклеотид. Жасуша қабырғасы жасушаны шектеп, механикалық және осмостық қорғаныс береді.Электрондық микроскоппен анықталған: жасуша қабырғасында 3 қатар 10 нм - ден, жоғарғысы - микрокапсула - микобактерия өміріне маңызды полисахаридтерден тұрады және қоршаған жағымсыз ортадан қорғайды.Жасуша қабырғасында өзіне тән түрі бар антигендер бар. Жасуша қабырғасынан дайындалған туберкулез вакцинасының иммунногендік және вируленттік қабілеті бар. Жоғары вирулентті микробактерия қабырғасынан алынған вакцинаның иммунитеті жоғары.Жасуша қабырғалары сау адамның ағзасына енген кезде біртіндеп ауруға қарсы қабілет пайда болады.Алайда олардың күшті сенсибилдік қасиеттері және токсикалық кордфакторы туберкулез микробактериясының гиперимунизациясын арттырады.Жоғары протективті қабілеті бар жасуша қабырғасынан бөлінетін сұйықтық шешімі болып табылады. Бактерияда генетикалық ақпаратты тасымалдайтын хромосома ғана емес, хромосомдық емес - плазмидтер.Олардың негізгі айырмашылығы олардың көлемінде.Хромосома плазмидке қарағанда әлдеқайда үлкенірек, сондықтан да ақпаратты да көбірек тасымалдайды.Олардың бірлесуі де мүмкін. Плазмидтер денесінің кіші болуына қарай жасушадан жасушаға жеңіл өтеді.Плазмидтерді тексерудің теориялық қана емес практикалық та мәні бар. Туберкулез микробактериясының генінің химиопрепараттарға мықтылығы хромасомада да, плазмидтерде де бірдей деген ұстаным бар.Микобактерияның көптеген құрылымдық нұсқалары бар: колба тәрізді ұштары шашақталған алып түрлері, жіп тәрізді, мицели тәрізді, түйреуіш тәрізді, дифтероидты, актиномикотикалық .Олардың пішіні ұзын, қысқа, жіңішке, дән тәрізді әр түрлі болуы мүмкін.Кейде олар шынжыр тәрізді тізіліп, кейде бір жерге кокк тәрізді жиналуы мүмкін.Туберкулез микобактериясының өзгергіштігі олар ашылғаннан кейін белгілі болды.
1888 жылы И. И. Мечников Кох таяқшасынан басқа тізбектелген ұштары шашақталған алып түрлері бар, кейде қысқа полиморфты микроорганизмдер бар екенін хабарлады.1910 жылы туберкулез микобактериясының фильтрлік түрлері бар екені туралы хабарлама берілді.Экспериментальді деструктивті туберкулезді химиотерапиялау кезінде және оны каверна қабырғасынан гомогенатты аяқтау кезінде , бактериялық сүзгіден 0,20мкм жай құрылымды өте ұсақ ультраұсақ деп аталынған туберкулез таяқшалары табылған.Содан кейін көптеген биологиялық пассаждан кейін олар қайтадан таяқша күйіне айналғанын көрсеткен.Бұл бактериялардың өзгергіштігінің бір түрі b-түрі.Бұл түрдің туберкулезге қарсы препараттардан трансформацияланатыны анықталған. Абациллярлы деструктивті туберкулезбен ауырған науқастар қақырығында ағзада ұзақ уақыт жүретін, ары қарай таяқша күйіне айналатын b-түрі бар екені анықталған.Осыдан түйетініміз, кавернаны абациллдеу туберкулез микробактериясына залалсыздандыру болып табылмайтыны.Морфологиялық ерекшеліктерімен бірге туберкулез микобактериясына қышқылға шыдамдылықпен бірге кеңінен өзгеру тән.Қышқыл спиртпен араластырған кезде де құрамындағы микол қышқылы мен липидтердің жоғары болуына байланысты өзінің қасиетін сақтап қалатыны белгілі болған.Туберкулез микобактериясы қоршаған орта факторлары әсеріне де төзімді.Қалыпты жағдайда күн сәулесі түспеген кезде де бірнеше ай сақталып, таралған жарық әсерінен 1 айдан кейін ғана өледі.Көше шаңында -10 күнге дейін, кітап беттерінде 3 айға дейін, суда 5 айға дейін туберкулез микобактериялары сақталады.Қайнатқаннан кейін сулы қақырық микобактериялары 5 минуттан кейін, құрғақ қақырық -25 мин. Белсенді хлор қосылған ерітінділерден (3-5% хлорамин ерітіндісі, 10-20% хлор әгі ерітіндісі) 3-5 сағ. аралығында өледі.
Туберкулез микобактериясы ағзаға әр түрлі жолдармен енеді:аэрогенді, энтеральді (асқазан арқылы), зақымдалған тері немесе сілемейлі қабықша арқылы және ұрыққа ұрық жолдасы арқылы.Негізгі таралу түрі аэрогенді болып табылады. Туберкулез микобактериясы басқа да микроорганизмдер сияқты макрофагқа енген кезде ұзақ уақыт сақталып, тіпті көбеюі де мүмкін.Адам ағзасында туберкулез микобактериясы көбейген кезде азайтылған иммундық жауап нәтижесінде улы заттардың көптеген мөлшері шыға бастайды, бұл казеонозды некрозбен экссудативті қабынуға және оның көбеюіне әкеліп соғады. Туберкулез микобактериясының ену орнына қарай туберкулездің қабыну ошағы немесе алғашқы аффект өкпеде, ауыз қуысында, тамақта, ішекте орналасуы мүмкін. Алғашқы аффектке жауап ретінде лимфа түйіндерінде, алғашқы туберкулез жинағы пайда болады.Алғашқы жұқтырудан ішкі кеуде лимфа түйіндерінің туберкулезі, плеврит, туберкулема пайда болады.
Алғашқы туберкулез жаңа жұқтыру нәтижесінде 7-10% жұқтырылғандарда ешқандай клиникалық белгісіз болады.Жұқтырылған инфекция тек туберкулин реакциясы өзгергенде ғана пайда болады.Клинико - морфологиялық белгілердің болмауы туберкулезге жоғары резистенттіліктің немесе БЦЖ вакцинасынан пайда болған иммунитетпен түсіндіріледі.Алғашқы туберкулездің белгілері қазіргі кезде асқынбаған қабынулар түрінде көп кездеседі.Алғашқы туберкулездің уақыты аз уақытта жазылумен, немесе аздап қалған белгілермен аяқталады.Бұндай адамдарда жүре пайда болған иммунитет пайда болады.Қалдық ошақтарында микобактериялардың қалуы қалған белгілермен жүре пайда болған иммунитетті бекітіп, және бір уақытта түрі өзгерген бактерияның қайтадан қалпына келу қаупін де туғызады.Қайтадан қалпына келу негізі болып бактериялар популяциясының көбейіп, микобактериялар санының өсуі болып табылады.Алайда осы уақытқа дейін бактериялардың қайтадан қалпына келу себебі анықталмаған.Туберкулез реактивизациясы және оның клиникалық формаларының білінуі иммунитеті төмендеген адамдарда кездесетіні анықталып отыр.Екінші туберкулездің берілу жолы- жаңадан немесе қайтадан жұқтырылған туберкулез микобактериясы ( суперинфекция) экзогенді жол.Бірақ экзогендік жолмен де микобактерия бұрын жұқтырылған ағзаға енгенмен де, иммунитетті төмендететін көптеген жағдайлар мен басқа да факторлар әсері керек. Екінші туберкулез клиникалық түрлерінің көптігімен ерекшеленеді. Негізгі патоморфологиялық өзгерістер өкпеде және басқа да мүшелерде сипатталады:а ) тікелей азықтық ұлпалық реакциямен, жақсы аяқталатын, жазылуға бейім созылмалы ошақпен. б) тікелей экссудативті ұлпалық реакциямен және казеонозды некроз немесе қабыну реакцияларының сіңірілуімен инфильтративті - пневмониялық өзгерістермен. в) туберкулезді кавернамен- казеонозды массалардың бұзылып, олардың бронх дренажы арқылы шығарылуы.
2. Туберкулез белгілері:

Туберкулез интоксикациялары кезінде науқас ( 5-10кг одан да жоғары) салмағын жоғалтады, әлсіздікті, дел- салдықты сезінеді.Тамаққа тәбеті жойылып, еңбекке қабілеті төмендеп, тершеңдік ( әсіресе түнде) пайда болады.Дене қызуының жоғарылауына науқас мән бермеуі мүмкін, алайда дене қызуы 37-37,5 С көрсетеді.Кеуде тұсында шаншулар пайда болып, аурудың бастапқы кезеңінде жөтел бола бермейді, бірақ ары қарай туберкулез процесінде пайда бола бастайды.Ары қарай туберкулез процесінде жөтел, қан түкіру, кеуде шаншуы болады.Барлық аталған белгілер басқа ауруларда да болтындықтан, бірақ осы белгілердің біреуінің 3 апта бойы сақталуы диагнозды анықтайтын арнаулы талдауларды қажет етеді. Нақты шағымдар патолгиялық процестің орналасуына байланысты.Тыныс алу мүшелері туберкулезінде - жөтел, демігу, бүйір ауыруы.Айта кету керек бұл белгілер тыныс жолдарының туберкулезбен байланыссыз басқа ауруларында да кездеседі.Жөтел аңқа, кеңірдек, бронх және басқа да респираторлық ауруларда , жұқпалы балалар аурулары( қызылша, көкжөтел) , онкологиялық зақымдалуларда нервтік- рефлекторлық аппараттың тітіркенуінен пайда болуы мүмкін.Бірақ туберкулезде жөтел иіссіз, ақ-сұр түсті қақырықпен ылғалды және құрғақ болуы мүмкін.Ішкі кеуде лимфотүйіндерінің аз да болса үлкеюінде және казеонозды туынды ( туморозды бронхоаденит) болса бронхының сығылуынан көкжөтелтәрізді немесе битональді жөтел пайда болады.
3. Анықтау:
Рентгендік тексеру қатаң түрде көрсетіндімен жасалынуы керек, оның көлемі қойылған шешімге және патологиялық процесс көлеміне қарай анықталады.Бұл жағдайда сәулелі жүктеменің көлемін науқасқа және мед. қызметкерінің неғұрлым аз алуы үшін қауіпсіздік шараларын қабылдау қажет. Түзу проекциядағы рентгенографияны кейде қырынан алынған проекциямен тоықтыру керек.Бұл кезде патологиялық процесті білудің мүмкіндігі кеңейеді.Соңғының бөліктер мен сегменттерге арақатынасын, ұзақтығын, плевра қабықтарымен және өкпе түбірі мен көкірек байланысы топографиясын анықтау.
Кейбір жағдайларда рентгенографияны бейненің тура үлкейтуімен түсіру керек болады. Бұл кезде үлкейту коэффициенті 1, 5 тен аспау керек. Жоғары коэффициентте бейненің нақтылығы бұзылып, ақпарат алу мүмкіндігі азаяды. Арнайы маманданған процестерде өкпенің ұлғайтылған рентгенограммасында перибронхиалдық өзгерістердің ұзақтығы мен барлығы , жекелей алғанда дренажды бронх қабырғаларының және оларға жақын орналасқан тамырлар мен бронхтардың анықтайды.Ошақтың құрылымы талданып, кальцинаттар, қабаттар, каверналар, туберкулемдер, өкпе ұлпасындағы қосымша өзгерістер, буллезді эмфизема аумағы, плевра қабықтарының процеске енуі нақты анықталады.
4. Томография:
Науқастың тік тұрған қалпында , қырынан алынған проекцияда орындалған, дененің 50-50 градусқа фронтальдік осьтен бұрылуы көкірек лимфо түйіндерін, олардың көлемін, құрылымын, бұзылудың таралуын білге мүмкіндік береді.Осы түйіндердің бронх пен трахеялар мен байланысын анықтайды.Сол жақ проекцияда артериалды құйылым мен парааорталды түйіндер бейнесін алуға болады.Осындай тексеруден көбіне тамыр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құстың туберкулез ауруының диагностикасы мен сақтандыру шаралары
Құстың туберкулез ауруы
Түйенің оба ауруы
Жылқының ринопневмониясы, дауалау шаралары
Иттің құтырық ауруының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Жұқпалы аурулардың емі
Жылқы маңқасы адам үшін өте қауіпті ауру
Қазақстанда аса қауіпті, әлеуметтік мағыналы аурулар
Жылқының жұқпалы анемиясы
Маңқа ауруы
Пәндер