Отандық еңбек нарығындағы тұрғындардың жұмысбастылық мәселесі
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ОТАНДЫҚ ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДАҒЫ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЖҰМЫСБАСТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ.МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Еңбек нарығының мәні мен оның теориялық негізделуінің реттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 6
1.2 Қазақстан Республикасының еңбек нарығы мен жұмысбастылығының ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 14
1.3 Жұмысбастылықтың әлеуметтік.экономикалық үрдістегі реформалану мәселесінің әлеуметтік аспектілері мен сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ІС.ШАРАЛАРЫ
2.1 Мемлекеттік «Жұмыспен қамту.2020» бағдарламасының ерекшеліктері мен жүзеге асырылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38
2.2 Қазақстан Республикасындағы жастар жұмыссыздығы: жағдайы, беталысы, ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 44
2.3 Қазіргі экономикалық жағдайдағы жастар жұмысбастылығына бағытталған саясат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 52
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 66
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 70
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 74

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Экономикалық дамудың жоспарлы және орталықтандырылған бағытынан шаруашылықты жүргізудің нарықтық әдістеріне өтуі елеулі өзгерістерге алып келді.
Қоғамның стратегиялық ресурсы болып табылатын жастар, қалыптасып жатқан өмір шындығын өзінше қабылдай және бағалай отырып Қазақстан пайдасы үшін қызметке қатысуға ұмтылады және бүгінгі таңда оларға қолдау көрсеткен жөн, мемлекеттің еңбекке қабілетті халқының арасында жастардың үлесін арттыру үшін осы қызметке жас ұрпақ потенциялын қосу керек. Алайда әлеуметтік-экономикалық үрдістерге қазақстандық жас ұрпақтың қатысу белсенділігі олардың экономиканың түрлі секторларында жұмыспен қамтылу мәселесіне байланысты.

Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту» туралы №149 Заңы, 2001 жылғы 23 қаңтар.
Шеденов Ө.Қ., Сағындықов Е.Н., Жүнісов Б.А., Байжомартов Ү.С., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория. - Ақтөбе, - 2004. – Б.364
Габдулина К.Г., Социология: учебное пособие. – Алматы: «Санат», 1997 г. – Б.184
Самуэльсон П.А., Стратегия занятости// Труд в Казахстане. – 2002г. - №5. – с.4-6
www.egemen.kz «Қазақстан – 2030” Н. Ә. Назарбаев бағдарламасы».
http://www.akorda.kz/kz/page. Н.Ә. Назарбаев. «Әлеуметтік –экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты». Қазақстан халқына Жолдауы. 2012 жылғы 27 қаңтар.
Иляшова Г.К. Жұмысбастылық – әлеуметтік нарыктык экономикада халықтың әл-ауқатын арттырудың жетекші факторы// Саясат.-2009. - №2. -52-56б.
Садуақасова М.Б. Экономиканы реформалау жағдайында халықтың аймақтық жұмысбастылық мәселелері// Қазіргі Қазақстандағы инновациялық даму және ғылымның қажеттілігі. ІІІ Халықаралық ғылыми конференция мақалалар жинағы. – Алматы, 2009. -2-бөлім - 139-141б.
Бурлибаева А.А. Қазақстан халқының табысы мен жұмысбастылығы арасындағы өзара байланыстар// ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы.-2006.-№6 (58). -9-12б.
www.stat.kz
«Қазақстан – 2050 стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы халыққа жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру жөніндегі әдістемелік көмекші құрал// Методическое пособие по разъяснению основных положений Послания Президента РК Н.А. Назарбаева к народу Казахстана от 14 декабря 2012 года «Стратегия «Казахстан-2050»: Новый политический курс состоявшегося государства». – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013. – 136 бет.
Қазақстандағы халықтың тұрмыс деңгейі. 2007-2011 жылғы жинақ, -Астана, 2012.
Мамыров Н. К., Дугалова Г. Н. Социально-экономические проблемы адаптации промышленности Казахстана к рынку. - Алматы : Экономика, 1998. - 235с.
Бижанова К.Қ. Жастар және жұмыссыздық // Абай атындағы ҚазҰПУ хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. 2005ж. №1, 61б

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3
1 Отандық еңбек нарығындағы тұрғындардың жұмысбастылық мәселесін ЗЕРТТЕУДІҢ теориялық-МЕТОДОЛоГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Еңбек нарығының мәні мен оның теориялық негізделуінің реттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
6
1.2 Қазақстан Республикасының еңбек нарығы мен жұмысбастылығының ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
14
1.3 Жұмысбастылықтың әлеуметтік-экономикалық үрдістегі реформалану мәселесінің әлеуметтік аспектілері мен сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
30
2 қАЗАҚСТАН рЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАСТАРДЫ Жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясаты және онЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ІС-ШаРАЛАРЫ
2.1 Мемлекеттік Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасының ерекшеліктері мен жүзеге асырылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
38
2.2 Қазақстан Республикасындағы жастар жұмыссыздығы: жағдайы, беталысы, ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
44
2.3 Қазіргі экономикалық жағдайдағы жастар жұмысбастылығына бағытталған саясат ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
52
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
66
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .
70
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
74
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Экономикалық дамудың жоспарлы және орталықтандырылған бағытынан шаруашылықты жүргізудің нарықтық әдістеріне өтуі елеулі өзгерістерге алып келді.
Қоғамның стратегиялық ресурсы болып табылатын жастар, қалыптасып жатқан өмір шындығын өзінше қабылдай және бағалай отырып Қазақстан пайдасы үшін қызметке қатысуға ұмтылады және бүгінгі таңда оларға қолдау көрсеткен жөн, мемлекеттің еңбекке қабілетті халқының арасында жастардың үлесін арттыру үшін осы қызметке жас ұрпақ потенциялын қосу керек. Алайда әлеуметтік-экономикалық үрдістерге қазақстандық жас ұрпақтың қатысу белсенділігі олардың экономиканың түрлі секторларында жұмыспен қамтылу мәселесіне байланысты. Сондықтан қазіргі уақытта аймақтық деңгейде жұмыспен қамту құрылымдарының қызметін бағыттау негізінде жастарды жұмыспен қамтудың толық басқару жүйесін қалыптастыру керек. Жастарды жұмыспен қамтуды басқару қажеттігі, сондай-ақ жас ұрпақтың өздігінен даму мәселесіне де байланысты, ол сапалы білім алу, қызмет барысында өсу және лайықты еңбек ақы алу мүмкіндіктерімен көрінеді, ал оның табиғаты нақты аймақта қалыптасқан экономикалық, географиялық, демографиялық және қайта жаңғыру шарттарымен анықталады.
Заманауи еңбек нарығы экономикалық өзгерістер жүргізу барысында қалыптасады. Оның көрінісі жасырын жұмыссыздықтың жоғары деңгейі, қызметкердің қосқан үлесі мен оның табысы арасындағы байланыстың үзілуі, жалақының уақтылы берілмеуі және т.б.болып табылады.
Нарықтық қатынастардың дамуы жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсынысты реттеу, еңбек қатынастары жүйесін реформалау мен жұмыс орындарының сапалық сипаттамаларының артуы, кәсіби білім беру жүйесінің жаңа экономикалық жағдайға бейімделуімен байланысты еңбек нарығында туындайтын мәселелерді зерттеуді көздейді.
Бұл мәселелерді шешу кезінде әлеуметтік жағынан әлсіз қорғалғандарды, еңбек ресурстарының бәсекеге қабілеті төмен топтарын ерекше ескеру қажет. Олардың біріне оларды негізгі толықтыру көзі болып табылатын жастарды жатқызуға болады.
Жастардың еңбек нарығына енуі елеулі қиыншылықтармен және қайшылықтармен қатар жүреді. Олар ең алдымен мамандық таңдауда жастар оның еңбек нарығында қажеттілігіне емес, қоғамдағы беделділігі мен абыройына қарай бағыт ұстауына байланысты туындайды. Осыған байланысты оқу орнын бітірген жастардың көп бөлігі алған мамандығы бойынша жұмыс істемейді немесе мүлдем жұмысқа орналаспайды, бұл жастар арасында жұмыссыздық деңгейінің артуына әкеледі. Нәтижесінде жастардың осы бөлігінің біліміне салынған қаражат өзін-өзі ақтамайды.
Сондықтан бітіру жұмысының өзектілігі қазіргі экономикаға тән жаңа сапалық деңгейдегі осы мәселені шешу мақсатында жастар еңбегін пайдаланудың жаңа жолдарын іздеу қажеттілігінде болып отыр.
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Жастар еңбегінің пайдаланылуын, олардың санын болжаумен байланысты ғылыми зерттеулер еңбек нарығын қалыптастырудың түрлі факторлары әрекетіне байланысты осы категорияның еңбегін пайдалану тиімділігін бағалауға толық мүмкіндік бермейді. Бұл өз кезегінде оның даму тенденциясын бағалауда қиындық тудырады.
Бітіру жұмысын зерттеу барысында келтірілген теориялық және әдістемелік тұжырымдар мен қорытындылар еңбек нарығын, оның ішінде еңбек ресурстарының жұмыспен қамтылуы мен жұмыссыздығы проблемаларын қарастыратын ғалымдардың ғылыми еңбектері негізінде құрылады. Еңбек нарығын қалыптастырудың жаңа түсінігі мен әдістері, еңбек ресурстарын ұтымды орналастыру мәселелері, жұмыссыздық, халықты жұмыспен қамтуды реттеу, жұмыспен қамтудың демогарфиялық аспектілері, еңбек нарығындағы жастар мәселелері, ел экономикасындағы еңбек ресурстарын жеделдету мәселелері және еңбек мотивациясы кеңінен қарастырылған, олардың ішінде: А. Смит, Д. Рикардо, Ж.Б Сэя, Д.М. Кейнс, А. Маршал, К. Маркс, М. Фридмен, П. Хейн, К.Р. Макконнел, С.Л. Брю, А.Н. Ананьев, Е.Г. Антосенков, Б.Н. Белкин, И.В. Бушмарин, А.Г. Гаждиев, А.З. Дадашев, Т.И. Заславская, Е.И. Капустин, В.Г. Костаков, А.Г. Костин, А.Э. Котляр, С.А. Кузьмин, К.И. Микульскский, А.С. Панкратов, Б.В. Рахитский, Е.С. Русанов, Л.С. Чижова, В.Н. Якимов секілді ғалымдар және басқалар өздерінің ғылыми ізденістерінде аймақтық еңбек нарығының құрылуы тақырыбының түрілі аспектілеріне тоқталған.
Г.Г. Руденко, Ю.Яковец, О.В. Ромашов, Л.А. Костина, В.С. Автономов, З.В. Бабкина, Б.Д. Бреев, В.С. Буланов, И.Е. Заславский, Е.Д. Катульский, Н.М. Кезеров, Н.М. Колесников, А.Э. Котляр, В.И. Матирко, А.А. Никифорова, В.И. Плаксин, Э.Р. Саруханов, С.Г. Струмилина, В.И. Храпырина және басқалар жұмыспен қамту теориясына елеулі үлес қосты.
Еңбек нарығының конъюнктурасына түрлі топтардың бейімделуін таңдау оны реттеуде жастарға қолданылатын механизімінің мәселелері В.С. Боровин, В.Г. Бочарова, Ю.Г. Одегов, П.Э. Шлендер, Ю.П. Кокин, Н.А. Волгин, Т.Б. Журавлев, В.А. Матусев, К.Г. Мяло, В.В. Новикова, Г.Е. Старченко, В.И.Чупрова және тағы басқа ғылымдардың еңбектерінде қарастырылған.
Экономикадағы жастар еңбегін зерттеудің теориялық және әдістемелік зерттеулерінің белгілі бір жолдары, оның әлеуметтік-экономикалық мәселелері келесідей отандық экономист-ғалымдардың, социологтар мен демографтардың еңбектерінде қаралады: Т.А. Әшімбаев, А.Т. Қонысбаев, М.Кенжегузин, Н. Мамыров, С.Берешев, С.Джумамбаев, Т. Мухамбетов, Т. Рогачева, Б.Тәтібеков, Л.Тимошенко және басқалар.
Сонымен бірге, қарастырылуы әлеуметтік-экономикалық саясаттың қалыптасуына әсер ететін жастар еңбегін зерттеудің әдістемелік жолдары жеткілікті түрде зерттелмеген болып қала береді.
Дипломдық жұмыстың таңдап алынған тақырыбы бойынша зерттеулердің аздығы, осы тақырып бойынша жазылған ғылыми жұмыстардың жеткіліксіздігі осы кезеңдегі дипломдық зерттеу тақырыбын таңдауда, оның міндеті мен мақсатын анықтауға әсерін тигізді.
Бітіру жұмыстың мақсаты: нарықтық экономикаға өту жағдайында еңбек пен жұмысбастылықтағы мемлекеттік саясаттың мазмұны мен мәнін, қоғамдағы үлкен мәселе жастар жұмыссыздығына талдау жасау арқылы оның ерекшелігі мен жұмыссыздықтың әлеуметтік бейнесін ашып көрсету.
Бітіру жұмыстың міндеттері: алға қойған мақсатқа сәйкес төмендегідей міндеттерді шешу қажеттілігі айқындалады:
теориялық талдау негізінде жұмысбастылық, еңбек нарығы, жастар жұмыссыздығы категорияларының мән мазмұнын, оның түсініктері мен қоғамда алатын орнын, құрылымын нақтылау;
әлеуметтік категория ретінде еңбек пен жұмысбастылықтың әлеуметтік-экономикалық мазмұнын ашу;
Қазақстанның еңбек нарығында қалыптасқан процестерге талдау жасау;
еңбек нарығының қызмет ету тетіктерін және әлеуметтік-экономикалық мазмұны мен факторларын анықтау;
Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығы мен жұмысбастылығының салыстырмалы түрде ерекшелігін анықтап, оған талдау жасау;
Зерттеу нысаны. Еліміздің еңбек нарығындағы жастардың жұмыссыздығы.
Зерттеу пәні. Жұмыссыз жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізудің әдістері, жастар саясаты.
Дипломдық жұмыстың теориялық-әдістемелік негізін отандық және шетелдік ғалым-экономистердің зерттеу еңбектері мен Қазақстан Республикасының заңдары, Ел басының әр жылдағы Қазақстан халқына Жолдаулары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, зерттеу мен теориялық тұжырымдарды жасаудың ақпараттық базасын ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің, Алматы қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен статистика басқармасының мәліметтері, мерзімдік басылым мен ғылыми әдебиетте жарияланған статистикалық мәліметтер пайдаланылды.
Бітіру жұмысының құрылымы. Жұмыстың құрылымы кіріспеден, негізгі мазмұндағы екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, глоссарий мен қосымшалардан тұрады. Жалпы 77 бетті құрайды.
1 Отандық еңбек нарығындағы тұрғындардың жұмысбастылық мәселесін ЗЕРТТЕУің теориялық-МЕТОДОЛоГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Еңбек нарығының мәні мен оның теориялық негізделуінің реттелуі
Еңбек адамның табиғи қажеттігі екендігі мәлім. Кең мағынада еңбек тек адамның ғана емес, сонымен қатар қоғамның да табиғи қажеттілігі болып табылады, себебі, еңбек қоғамның материалдық негіздерін қалыптастырады.
Еңбек - бұл адамдардың материалдары, рухани игіліктер өндіруі мен қызмет көрсетуіне байланысты мақсатты, нәтижелі қызметі. Еңбектің көмегімен адам өз қажеттіліктерін өтеу үшін табиғатты өзгертеді, өзіне лайықтап икемдейді. Адамның тіршілік етуінің негізгі шарттарының бірі де еңбек. Адамды адам еткен - еңбек, -деп айтудың өзі де жайдан-жай емес. Адам еңбек арқылы хайуанаттар дүниесінен бөлініп шықты, табиғат күштерін игере отырып, оны өз мүддесіне пайдаланды, еңбек құралдарын жасауды игерді, қабілетін дамытты, білім алып, оқу-өнер, ғылымды игерді.
Еңбек үрдісі - қиын және көп аспектілі құбылыс. Оның көрінісінің негізгі формалары - бұл адам энергиясының шығыны, жұмысшының өндіріс құралдарымен арақатынасы (еңбектің құралдары мен заттары) және жұмысшылардың бір-бірімен көлденеңнен (бірыңғай еңбек процесіндегі қатысуға қатынас) және тігінен (басқарушы мен бағыныштылардың арасындағы қатынас) арақатынасы болады. Еңбектің адам мен қоғам дамуындағы рөлі тек қана адамдарды қанағаттандыруға арналған материалдық және рухани құндылықтарды туындатып қоймайды, сонымен бірге жұмысшылардың өздерінің дамуына алып келеді, яғни олар өздеріне қажетті дағдылар мен өздерінің қабілеттілігін ашады, білімдерін толықтырады. Еңбектің шығармашылық сипаты - қажеттіліктердің дамуына апаратын жаңа ойлардың туындауы, еңбектің жоғары өндірісті қаруларының болуы, тауарлардың жаңа түрі. Сол себепті де, еңбек қызметі барысында тек қана тауарлар өндірілмейді, сонымен қатар мәдени құндылықтар, өзінің орындалуын қажет ететін жаңа қажеттіліктер де қалыптасады. Адам мен қоғамның дамуына еңбек тікелей әсер етеді [2].
Еңбек нарығы - бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы, олардың тепе-теңдік бағасы мен саны, сұраныс пен ұсыныстың бір-біріне әсер етуімен анықталады. Кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар нарық агенттері, олар еңбек нарығында өзара қатынаста болады. Сондықтан еңбек нарығы сұраныс пен ұсыныс механизмі арқылы экономикалық агенттердің арасындағы бәсекелестіктің нәтижесінде жұмыспен қамтудың белгілі көлемі және төлемі дәрежесі орнайтын экономикалық орта немесе болмыс болып табылады. Еңбек нарығының қызметтері қоғам өміріндегі еңбектің рөлімен белгіленеді, еңбек табыстың және жақсы хал-жағдайдың маңызды өндірістік ресурсы болып табылады.
Сөздіктерден нарық сөзіне берілетін екі түрлі анықтаманы кездестіруге болады. Бірі - базар сөзінің синонимы, яғни сатып алушылар мен сатушылар жиналған қалалық немесе ауылдық орындар; екіншісі - тек базарларда ғана болатын сауда-саттық емес, сонымен бірге аукциондарда, биржаларда және дүкендердегі сатып алу, сату процестерін де жатқызады. Ал, жалпы айтқанда, нарық дегеніміз - мемлекетің парықтық өмірін ұйымдастыру принципі.
Нарық әр түрлі болуы мүмкін, яғни жергілікті, қалалық, ұлттық (жеке мемлекеттік), әлемдік (халықаралық). Еңбек нарқын тауар түріне қарай жұмыс күшіне, капиталға, құнды қағаздарға, өндіріс құралдарына, тұтынушы затына, мәдени құндылықтарға байланысты бөледі. Сонымен қатар, жеке тауарлардың санаулы нарық түрлері бар. Олар: автокөлік, компьютер, тұрғын үй және т.б. Жалпы нарық бірнеше құрамдас бөлшектерден құралады. Оларға:
1) Адамның қажеттілігінен. Ал, қажеттіліктер сан түрлі. Мәселен, физиологиялық (тамақ, киім, жылу), әлеуметтік (білім, мансап), рухани (махаббат, құрмет). Осы және басқа да қажеттіліктер адамдардың экономикалық қарым-қатынасқа түсуіне себепші болып, нарықтың құрамдас бөлшегі болуына итермелейді.
2) Еңбек. Тауар (ол зат болсын, не рухани өнім болсын) нарыққа түсу үшін оны, ең алдымен өндіру қажет.
3) Жеке меншік. Нарыққа сәйкес іс-әрекет етем деуші адам өзінің меншігінің иесі болып, өзі басқаруы қажет. Онсыз өндірісте, сату да, сатып алу да жүзеге аспайды.
4) Ерікті айналым. Сатушы мен сатып алушыға ешкім тиімсіз келісім жаса демейді. Екі жаққа да тиімді болатындай, ортақ пайданы көздейтін тауар айналымы болу керек.
5) Материалдық жауапкершілік. Нарықтың негізгі элементі ақша болып табылады. Ол - сатып алынатын тауар мен қызмет түрлеріне төленетін қаражат. Себебі, адам өз қаражатын айналымға салса, тәуекелге бел буып, ол іске жауапкершілікпен қарай бастайды.
6) Бәсекелестік. Экономикалық қызығушылықтың тоғысқан жерінде нарық алға жылжиды. Бәсекелестікті сатушылар бастайды. Олар тұтынушыларын көбейту мақсатында тауардың сапасын жоғарылатады, бағасын төмендетеді, жарнамасын өтімді етіп жасайды. Сонымен қатар, тұтынушылар да алатын тауарларының сапалы затты арзан бағамен алу жолында бәсекелеседі.
Нарықты құрайтын элементтердің барлығы нарық экономикасының бірыңғай жүйесін құрайды. Қажеттілікті қанағаттандыра алу қабілеті - әрбір адамның өзіне байланысты. Өзінің жұмыс күшін, бұйымдарын, жылжымайтын мүлігін және т.б. заттарын табысты түрде сатқанынан ұтады. Сатып алушыға өзінің ең сапалы тауарын, халыққа тиімді бағада ұсынса, үлкен бәсекелестікте жеңіске жетеді [3].
Еңбек нарығы басты үш қызмет атқарады :
1) әлеумттік қызметі: адамдардың табыстары мен жақсы тұрмыс жағдайының әдеттегідей дәрежесі мен жұмыскерлердің өндірістік қабілетін тиісті дәрежеде ұдайы өндіруді қамтамасыз ету және өмірлік құндылықтарды орнықтыру;
2) экономикалық қызметі: еңбекке тиімді түрде тарту, оны бөлу, реттеу және пайдалану;
3) ынталандыру қызметі: олар бәсекелестік қабілеттің күшеюіне, тиімділігі жоғары еңбекке ынтаның өсуіне, квалификацияның жоғарлауына, мамандықты ауыстыруға т.б. мүмкіндік тудырады.
Экономист әрі философ Адам Смит былай деген: Әрбір адам өзінің жеке пайдасын ғана ойлайды. Алайда, оны бағыттайтын көрінбейтін қол оны өзі де ойламаған жетістіктерге жеткізеді. Көрінбейтін қол деп, белгілі заңдылықтар арқылы экономиканы басқаратын нарықтың тетіктерін меңзеп отыр. Нарықтық қарым-қатынастың тетіктері деген күрделі жүйе. Оған: субъектілер (сатушылар, сатып алушылар, делдалдар, үкімет органдары және т.б.); объектілер (тауарлар мен қызметтер, білім мен білік, қаражат және құнды қағаздар); субъектілер арасындағы байланыс (бәсекелестік, кооперация); бағаларды қалыптастыру тетіктері, ресурстар мен табыстарды үйлестіру; субъектілер қабылдайтын шешім туралы ақпарат жатады. Осының барлығы айналып келгенде, нарықтық құрамдас бөлшектерін құрайды.
Сатушылар мен (өнеркәсіппен айналысушылар, делдалдар) сатып алушылардың (тұтынушылардың) арасындағы қатынас - нарық тетігінің өзегі. Бұл қарым-қатынасқа көптеген факторлар әсер етеді. Олар: әлемдік нарық (Халықаралық келісім-шарттар мен әлемдік бағалардың шамасы және т.б.); мемлекеттік билік органдары (үкіметтің қаулы-қарарлары, салық жүйесі және т.б.); жергілікті билік органдары (жергілікті салықтар және әкімшілік бұйрықтар); құқықтық жүйе (сот шешімдері, заң шығару); қаржылық, несиелік және сауда-саттық ұйымдар); бұқаралық ақпарат құралдары. Нарық тетігінің күрделігіне қарамастан, ол экономикның объективті заңдарына бағынады [3; 77б].
Еңбек нарығы - бұл бәсекелік нарық. Оның құрылымдық-функционалдық ұйымдастырылуының өте күрделі болғандығынан, қашан болмасын, жұмыс орындары мен еңбек ресурстарының арасында белгілі сәйкес келмеушілік болады. Өзін алмастыруға жоғары квалификация талап ететін, жұмыс орындарының бір бөлшегі бос болып қала береді, ал қажетті арнаулы дайындығы жоқ адамдардың бір бөлшегі жұмыс таба алмайды. Осындай жағдайда, жұмыстың қандайын болмасын табу үшін жұмыссыздар арасында бәсекелестік пайда болады. Осымен бірге, өз еңбегімен жоғары табыс табуды көздеп ұнамды орналасу үшін, жоғары квалификациялы жұмыскерлер мен мамандар да бір-бірімен бәсекелік сайыста болады. Кәсіпкерлер арасында фирмаға бай тәжірибелі және жоғары квалификациялы мамандарды тарту үшін бәсекелестік күрес жүріп отырады. Еңбек нарығында еңбекақы, баға механизмі арқылы белгілі сегмент шеңберінде жұмысшы күшіне сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын, экономикалық агенттердің кимылдарын үйлестіруге қызмет ететін бәсекелік орын алады. Еңбек нарығы - бұл өте икемді құрылымдық-функционалдық құрамы бар динамикалық нарық. Сондықтан еңбек нарығында белгілі ағымдар қалыптасады: жұмысшы күші құрамынан шығушылар, жұмысшы күші құрамына кірушілер; жұмыс іздеуден бас тартқандар; жұмыс іздеуді бітіргендер; жұмыс тапқандар және т.б. Осы адамдардың бейімділігі қоғамдағы жұмысшы күшінің нарықтық динамикасын сипаттайды.
Еңбек нарығына тән өзіндік қасиеттер бар. Оларға:
- жұмыс орындарын ұсынатын кәсіпорындардың санының мол болуы (жұмыс күшіне сұраныс);
- әр түрлі мамандықтағы жұмысшылар санының мол болуы (жұмыс күшінің ұсынысы);
- еңбек нарығында бірде-бір кәсіпорын және бірде-бір жұмысшының үстемдік ете алмауы;
- жұмыс күші жалақының мөлшерімен бағаланады.
Еңбек нарығындағы тұрақтылықты сақтау үшін келесі шарттарды орындау керек:
- қызметкерлер мен жұмыс берушілердің экономикалық еркіндігі және қызметтегі тұрақтылығының сақталуы;
- жұмыс берушінің жұмыс күшінің саны, сапасы жөнінде хабардар болуы, шешім қабылдау еркіндігі мен жұмыс күшін жұмысқа алу және жұмыстан босату құқығы;
- жалақының өсуіне кедергінің болмауы, себебі ол сатып алушы мен сатушы арасындағы басты реттеуші болып табылады;
- жұмыс күшінің еркін қозғалысы, оның қоғамдық қажеттіліктерінің өзгеруіне сәйкес біліктілігінің өзгеруі және миграциялық қатынасы [4].
Нарық экономикасына мемлекеттік араласу қатынасы оның дамуы мен қалыптасуының әр түрлі сатысында түрліше болды. ХVII-XVIII ғасырлардағы нарықтық қатынастардың қалыптасу кезеңінде үстем болған экономикалық доктрина - меркантилизм елдегі сауда мен өндірістің дамуы үшін, мемлекеттік реттеудің сөзсіз қажеттілігін тануға негізделген.
Нарықтық қатынастардың дамуымен күш жинаған кәсіпкерлер табы мемлекеттік араласуды және осымен байланысты шектеуді өз қызметтеріне кедергі ретінде қарастыра бастады. А. Смит өзінің Табиғат және халықтың баюының себептері туралы зерттеу еңбегінде, экономикалық либерализм идеяларының пайда болуын алғаш рет толық негізделген және оның көптеген жақтаушылары болды.
А. Смит көзқарасы бойынша, пайда алуға ұмтылуға байланысты, жеке мүдде көздеген нарық жүйесі өзін-өзі реттеуге қабілетті екенін байқатты. Бұл мүдде экономикалық дамудың ең басты қозғаушысы ретінде көрінеді.
А. Смиттің іліміндегі идеяларының бірі, экономикадан мемлекеттік реттеуді алып тастаса, онда экономика тиімді қызмет етеді деген идея болатын. А. Смит: нарық басты реттеуші болатындықтан, нарыққа толық еркіндік беру қажет ,- деп есептеді.
Нарықтық үйлестіру ресурстардың тиімді пайдалануды қамтамасыз етпегенде, нарық сәтсіздігі деп аталатын жағдай болатынын экономикалық тәжірибе растады. Нарықтағы нарық сәтсіздігі қоғамның игілігі мен сыртқы әсерлерге ғана емес, басқа жағдайларға да байланысты пайда болады. Оның ең маңызды себебі - нарыққа тән монополияланған беталыс. Бұл жағдайда бәсекелестікті қамтамассыз ету үшін, нарық қызметін реттейтін жағдайды толық анықтау монополияға қарсы заңды әзірлеу және оны мемлекеттің қолдануы өмірлік қажеттілік болды.
Нарық экономикасында мемлекеттің рөлін теориялық танудың маңызды сатысы көрнекті ағылшын экономисі Дж.М. Кейнстің есімімен байланысты. Кейнсиан революциясы барысында алға қойылған идеялар, экономикалық құлдыраудан өз бетімен сауығудың мүмкін емес екенін, мемлекеттік саясат экономиканы дағдарыстық жағдайдан шығару үшін, жиынтықты сұраныс пен жиынтықты ұсынысты теңдестіруге және әрі қарай тұрақтандыруға көмектесетін қабілетті құрал ретінде қажет екенін дәлелдеді. Дж.М. Кейнс идеяларын екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемнің көптеген елдері қабылдады. Сұраныс жиынтығын реттеуде кредиттік-ақшалы және қаржылық саясатты пайдалану, бұл елдердегі экономиканың кезеңдік ауытқуларын жұмсартуға көмектеседі деп есептеледі.
Еңбек нарығы туралы оқудың теориялық негізін алғашқы және зерттеу объектісінің кеңірек көлемі, еңбек ресурсы нарығы өзіне, экономикалық ғылымның классикалық мектебінің өкілдері марксистік әдебиетте жұмыс күшінің нарығы термині қолданылады, ал жұмыс күші деп адамдардың еңбекке қабілеттілігін айтады. Басқа өндіріс факторларына қарағанда еңбектің ерекшелігі бар. Ең бастысы еңбек адамнан, жұмыс күшінен бөлінбейді. Маркстік тұжырым бойынша, еңбек болашақ күннің қайнар көзі, сол себепті оның құны жоқ, тауар емес деп дәлелдейді. Оның пікірінше, сатылатын еңбек емес, жұмысшының еңбекке деген қабілеттілігі, яғни, жұмысшы мен оның жанұясының өмір сүру құралының құнын анықтайтын жұмыс күші көрінеді, еңбекақы түрінде барлық өнім еңбегіне емес, тек бір бөлігіне ғана, жұмыс күшінің ұдайы өндірісіне керекті құн үлесі ғана төленеді. Еңбек өнімінің басқа бөлімін капиталист иеленеді [4; 5б.].
Маркстік ілімге қарсы батыс теорияларында еңбек тауар деп саналады. Нарықтык экономикада еңбек нарығы термині қолданылып, жұмыс күшіне еңбекке қабілетті халыктың белгілі бір тобын жатқызып жүр.
Еңбек нарығы шетелдік әдебиеттерде жеткілікті түрде зерттеліп, айқындалған. Ал, ресейлік Саткина М.А., Гибриков Г.Г. және қазақстандық Н.К. Мамыров және т.б. бір топ ғалымдар еңбек нарығы анықтамасын ғылыми тұрғыдан беруде әр түрлі көзқарасты ұстанады. Олар еңбек нарығының анықтамасын жан-жақты зерттеп, үш топқа бөлген.
Бірінші топта:
а) еңбек нарығы - бұл еңбек қызметін сатушулар мен сатып алушылар келісім-шартының аясы. Мұнда жұмыс жасағысы келетіндер де (олардың қатарында жұмыспен қамтылғандар және жұмыссыздар кіреді), тауар мен қызмет жасау үшін жұмыскерлерді жалдайтындар да қарама-қарсы тұрады;
ә) еңбек нарығы - бұл нарықтың ерекше түрі, онда жұмыс күші тауарын сату мен сатып алу жүзеге асады. Осы жерде оның құны мен жалдау жағдайы бағаланады. Еңбек нарығы - экономика жағдайын көрсетудің айнасы, тұрғындарды жұмыспен қамту көлемі мен динамикасын, жұмыссыздықтың сала бойынша, кәсіби-біліктілік, демографиялық және басқа да көрсеткіштердің құрылымын байқатады. Еңбек нарығы - бұл жұмыс күшін тауар ретінде сату- сатып алу туралы экономикалық қатынастардың жүйесі;
б) еңбек нарығы - бұл жұмыс күшін сату-сатып алу жөнінен экономикалық қатынастар. Оған кәсіпорындар,салалар, аймақтар арасында жұмыс күшінің еркін қозғалысы мен бірдей сан мен сападағы еңбектің бірыңғай бағасының пайда болуы тән.
Еңбек нарығындағы қатынастардың басты субъектісі жұмыс беруші мен жалдамалы жұмыскер екендігі белгілі, осы екеуінің өзара әрекет етуіне ықпал жасайтын инфрақұрылым элементтері жоғарыдағы анықтамаларда ескерілмеген. Сонымен бірге жалдамалы жұмыскерлермен қатар еңбек нарығында өзіндік жұмыспен қамтылғандар да бар, олар да еңбек нарығының бір субъектісі. Сондықтан бұл анықтамалар толық объективті емес.
Екінші топта:
а) еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс заңы әрекет етеді, жұмыс күшінің сатылуы мен сатып алынуы жетілген және жетілмеген бәсеке жағдайында жүруі мүмкін, еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысты теңестіретін өзіндік тепе-теңдік баға тағайындалады;
б) еңбек нарығы жұмыс күшінің жиынтық сұранысы мен жиынтық ұсынысын білдіреді, осы екі құрамдас бөліктердің өзара әрекетінің арқасында экономикалық белсенді тұрғындардың жұмыс орындарын салалық, аумақтық, демографиялық, кәсіби-біліктілік аралықта шаруашылық қызметтердің салалары бойынша орналастыруды қамтамасыз етеді;
в) еңбек нарығында жұмыс беруші мен жалдамалы жұмыскерлер арасында жұмыс күшінің өндіріс құрал-жабдықтар мен қосылуына ықпал жасайтын қарым-қатынас қалыптасады. Сол арқылы жұмыс берушілердің еңбекке деген, қажеттіліктерді қанағаттандырылады.
Осы келтірілген анықтамалардың мазмұнын еңбек нарығын құрайтын төрт негізгі элементтерін атап өтетін болсақ: сұраныс, ұсыныс, бәсеке және нарықтық баға. Атап өтілген анықтамалардың авторы еңбек нарығын анықтауда бағаны белгілеу басты көрсеткіш деп қарастырады. Бұл анықтамаларда еңбек нарығының субъектілерінің ішіне мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар, кәсіподақ енгізілмеген [13].
Үшінші топ:
а) еңбек нарығы - сұраныс пен ұсынысты білдіретін сатып алушы мен сатушы жақын байланыста болатын кеңістік;
ә) еңбек нарығы - механизмдермен, нормалармен, институттармен жұмыс күшінің жүзеге асырылуын қамтамассыз ететін жұмыскерлердің және кәсіпкерлердің арасындағы экономикалық қатынастар жүйесі;
б) еңбек нарығы капитал, тауар, бағалы қағаздар және т.б. нарықтар секілді қоғамның экономикалық және әлеуметтік-саяси өмірінің маңызды әрі көп жоспарлы аясы.
Еңбек нарығының қызмет атқаруын кейнсиандықтар мен монетаристер басқаша түсіндіреді. Неоклассиктерден олардың айырмашылығы, еңбек нарығын тұрақты және фундаменталды теңсіздік ретінде қарастырады. Кейнсиандық үлгі (Дж. М. Кейнс, кейіннен Д. Гордон және басқалары) жұмыс күшінің бағасы (еңбекақы ) қатаң белгіленген және өзгермейді (әсіресе азаюы жағына қарай) деп тұжырымдайды. Бұл тұжырым бойынша баға (еңбекақы) нарықтың реттеуіші болып табылмайды, реттеуіш сырттан болу керек деп қорытады. Мұндай рөлді мемлекетке береді, мемлекет жиынтық сұранысты азайтып немесе көбейте отырып, теңсіздікті жояды. Айталық салықты қысқарта отырып, мемлекет сұраныс пен тұтынудың өсуін ынталандырады. Ал бұның өзі өндірістің өсуіне, олай болса, жұмыспен қамтылудың өсуіне алып келеді.
Д. Кларк, К. Менгер, Э.Бем-Баверк және Ф. Визер тепе-теңдік бағасы жұмыс күшінің қоғамдық бағасына жауап бере отырып, шекті еңбек өнімділігін жұмыс күші қызметінің ұсыным жағдайлары мен келісілген деңгейінде қолайлы деп түсіндірді. А.Маршал былай деп жазады: еңбекақы еңбектің таза өніміне тең болу тенденсиясын алады; шекті еңбек өнімділігі оған деген сұраныс бағасын реттейді, бірақ, екінші жағынан, еңбекақы ұдайы өндіріске, өндіруші жұмысшыларды оқыту мен ұстауға кеткен шығынмен тікелей болғанымен, тығыз да күрделі қатынаста болу тенденциясына тән [20].
Еңбек нарығы үшін қажетті жағдайлар:
қызмет түрі мен бәсекелестікті еркін таңдау негізінде еңбек нарығының қызмет етуінің құқықтық жағдайларының болуы;
бірыңғай аумағы жағынан тұйықталған және тиімді қызмет ететін еңбек нарығының институционалдық инфрақұрылымын ұйымдастыру;
бірыңғай экономикалық кеңістіктің және тұрғындардың еркін орын ауыстыру мүмкіншілігінің болуы;
еңбекақыға шектеудің қойылмауы, сондай-ақ дамыған тұрғын үй нарығы мен бос жұмыс орындарының болуы.
Төмен еңбекақыға қарағанда жоғары еңбекақы төлеуде біз әрқашан жігерлі де, іскер, ықыласты және зерек жұмысшыны табамыз,- дейді А. Смит өз еңбегінде.
У. Петти, А. Смит, Д. Рикардо және олардың ізбасарлары еңбек нарығы, басқа нарықтар секілді, бағаның тепе-теңдігі негізінде әрекет етеді деп пайымдайды, яғни, бұл жағдайда жұмыс күшінің негізгі нарықтық реттеушісі деп П. Самульсон, М. Фелдстайн, Р. Холл айтса, ал 80-жылдары оны ұсыныс экономикасы тұжырымын жақтаушылар да (Д. Гилдер, А. Лайффер және т.б.) қолдады,- деп айтады А.С. Булатова.
Жұмыс күшіне қойылатын бағаның қаталдығын мойындай отырып, монетаристер жұмыссыздықтың табиғи нормасы жағдайында қосымша жұмыс орындарын жасауға жұмсалатын мемлекеттік шығындардың өсуі нарықтық теңсіздендірілуіне әкеледі және қарасырады. Олардың пікірінше, мемлекеттің ең төменгі еңбекақы деңгейін тағайындауы, бос жұмыс орны мен жұмыс күшінің резерв қоры туралы қажетті ақпараттың болмауы нарықтық теңсіздікті күшейтеді. Нарықтық тепе-теңдікті орнату үшін монетаристер ақша-несие саясатының құралдырын қолдау керектігін айтып, ақша ұсынысы өндіріс деңгейін, жұмыспен қамту және бағаны анықтаудағы жалғыз және ең маңызды фактор - деп атап көрсеткен өз еңбектерінде К.Р. Макконел және С.Л. Брю.
Кәсіпорындардағы жұмыс күшінің ұсынысы еңбек нарығының екінші маңызды элементі болғандықтан, еңбекке қабілетті халықтың демографиялық-әлеуметтік құрамына, олардың біліміне, кәсіби және біліктілік құрамына байланысты анықталады.
П. Самуэльсонның пікірінше, қоғамдағы жиынтық еңбек ұсынысы төрт көрсеткішпен анықталады:
- халықтың жалпы санымен;
- тұрғындардың жалпы санындағы өзіндік қамтылғандардың үлесімен;
- апта бойына және жыл бойына жұмысшылармен орындалған сағаттардың орташа санымен;
- жұмысшылар жұмсайтын еңбектің сапасымен, санымен және біліктілігімен.
Маркстік әдістеме бойынша, қандай да болмасын өндіріс факторы (капитал, жер, еңбек) тауар болмас бұрын өзінің алғашқы шикізаты түрінде болады, яғни капиталдың алғашқы клеткасы ақша болса, жердікі - табиғи ресурс, еңбектікі - жұмыс күші.
Маркстік концепция бойынша, біріншіден, еңбек болашақ құнның қайнар көзі, сол себептен оның құны жоқ, тауар емес деп дәлелденеді. Егер еңбек тауар болса, онда жұмысшы оның иегері ретінде өндірілген өнімді толық иемденген болар еді. Сондықтан нарықта сатылып-сатып алынатын процеске қатысатын еңбек емес, оның негізін қалаушы - жұмыс күші тауары болып саналады. Жұмыс күші - ол жұмысшының еңбекке деген ерекше физикалық және ой-өрістік қабілеттер жиынтығы. Осы қабілеттер жиынтығы жоғары деңгейде дамыған жұмысшының кәсіби білімі мен біліктілігі де жоғары болады, яғни оның бағасы - жалақысы да жоғары болады. Маркстік концепция бойынша, жұмыс күшінің құны оның физикалық, ой-өрістік, кәсіби қабілеттерін қалыптастырып, дамытуға және жанұясының өмір сүріп, тіршілік ету қажеттіліктерін қамтамассыз ететін экономикалық игіліктер құнының жиынтығымен анықталынады [31].
Екіншіден, жалақы ретінде еңбектің нәтижесінде өндірілген өнімнің барлық көлемі емес, тек қана оның қажетті еңбекпен өндірілген бөлігі, яғни, жұмыс күшінің құнының орнын толтыратын бөлігі ғана төленеді.
Үшіншіден, кандай да болмасын тауардың құнында басқа факторлардың да үлесі көрінеді. Жалақы сатушу субъектісі тұрғысынан қарағанда жұмыс күші тауары құнының ақшалай бейнесі, яғни, бағасы ретінде байқалатын болса, сатып алушы субъектісі тұрғысынан факторлық шағын ретінде байқалады.
Сондықтан еңбек нарығын реттеудің негізгі субъектілері - бұл тек мемлекет емес, сонымен қатар кәсіподақтар мен жұмыс берушілердің одақтары ретіндегі қоғамдық ұйымдар.
Кесте 1
Еңбек нарығын реттеудегі кең таралған үлгілер
Еңбек нарығын
реттеу үлгісі
Қолданыстағы үлгісі
Ерекшелігі
Ескерту
Америкалық үлгі
Жұмысқа алу мен
жұмыстан шығу
еркіндігі;
Фирма деңгейінде
ұжымдық-
келісімдікті реттеу
Тұрғындардың
еңбек нарығына
кірудің қиындығы
Жұмыссыз
кедейлердің көптігі
Шведтік үлгі
Жұмыс орындарын
құруға, кәсіби
даярлау мен қайта
даярлауға көп
шығын жұмсау
Еңбек нарығына
жастардың
жұмысқа
орналасу
қиындығы
Еңбек ақы төлеудің
төмен болуы
Жапондық үлгі
Өмірлік жалдану
жүйесінің қолданылуы
Бұл жүйе жастардың еңбек етуіне өз әсерін тигізуі
Жастардың қызмет
ету аясының тар болуы
Қазақстандық үлгі
Еңбек нарығын белсенді түрде жүргізу, жұмыспен қамту саясатын іске асыру
Еңбекке орналастыру
бойынша жалпы
қоғамдық жүйенің жұмыс істемеуі
Жас маманды жұмысқа алу кезінде мемлекет тарапынан кәсіпорындарға
қолдау көрсетудің жоқтығы
ЕСКЕРТУ - Әдебиеттер негізінде шетел тәжірибесіне құрастырылған үлгі
Сонымен, әрбір елдің өзіндік еңбек нарығын реттеудің үлгісі қалыптасқан. Ол жоғарыдағы кестеде көрсетілген (кесте 1). Бұл үлгілерді тиімді яки тиімсіз деп айтуға болмайды, себебі, әрбір үлгі мемлекетің экономикалық мүмкіндігіне, ерекшелігіне тікелей байланысты, ал еліміз осы үлгілердің негізінде өзіндік үлгісін жасады. Экономикалық сарапшылардың айтуынша, Қазақстан дамушы елдердің ішіндегі ең қарқынды дамып келе жатқан ел деп атап өткен еді. Заман ағымына қарай еңбек нарығы да түрленіп өзгеріп отырады, сондықтан да еліміз тек елдің жағдайын жақсартуға күш салатыны сөзсіз.
3.2 Қазақстан Республикасының еңбек нарығы мен жұмысбастылығының ерекшелігі
ХХ ғасырдың 90 жылдары көпшілік қазақстандықтар біздің Республикамыз тарих дәурлік шебінде тұрғандығына күмән келтірген жоқ болатын. Посткеңестік өндірісті қайта құру уақытында аймақтар арасында экономикалық байланыстардың бұзылуымен, азық-түлік және өнеркәсіп тауарларының тапшылығын халық бастарынан кешірді.
Соған қарамастан, көптеген қазақстандықтардың жүрегінде жақсы болашаққа деген сенім болды және тәуелсіз, егеменді даму жолымен дербес жүру үшін күрес бастады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев елде экономиканың барлық саласында нарықтық қатынастарды кеңейтуге және тереңдетуге бағытталған саяси және қоғамдық экономикалық қатынасқа ауысуы туралы халыққа бірбеткейлікпен мәлімдеді.
Өмір үнемі даму үстінде, Қазақстандағы реформалауды одан әрі ұлғайту және тереңдету үшін, мәдениетті және өркениетті диалог қажет болды. Осылардың бәрінде экономика саласындағы идеологияның негізгі принциптерін ескеру және қисымдай білу мыналарға бағытталған:
әлеуметтік бағдарланған аралас нарықтық экономика жасау;
тікелей материалдық игіліктер өндіретін салаларда жеке кәсіпкерлікке басымдық бере отырып, оның барлық формаларында жеке меншікті кәсіпкерлікке қолдау көрсету;
өндірісті құрылымдық тұрғыда қайта құру;
мемлекетаралық байланыстарды, экономикалық-саяси әріптестерді таңдаудағы прагматизм.
Мұндай тәжірибе елде де, оны басқарушыларында да болмады. Осындай саяси-экономикалық ауыр жағдайда еліміздің Президенті Н.Назарбаев жекешелендіру туралы заң мен ұлттық бағдарлама қабылдады. Меншікті мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру үш кезеңге бөлінді:
1- кезең - 1992-1993 жылдар;
2- кезең - 1994-1995 жыдар;
3-кезең - 1996-1998 жылдар.
Осы уақыттар ішінде жекешелендіру процесінің тәсілдері мен механизмдері анықталды.
Жалпы нарыққа өтуде республикаға шетелдердің, Әлемдік халықаралық ұйымдардың, әсіресе, Әлемдік банк, Европалық даму және реконструкция банктердің ықпалы өте үлкен болды. Халықаралық Валюта қорынан және басқалардың қаржы алу үшін, олардын тілектерін орындап, әуелі экономикалық тұрақтылық, бағаны либерализациялау (ырықтандыру), инфляцияны ауыздықтау және т.б. шарттарды орындауға тиіс болдық.
Осылардың ішінде, ең қыйыны, ол біз таңдаған нарықтық экономика үлгісі англо-американдық-монетарлық (Фридмен) теориясына ұқсас болды. Сөйтіп, "бәрін ақша шешеді", "экономикалық дағдарыстан да монетарлық теория шығу жолын көрсетеді",- дегенге сендік. Осындай жағдайда, тағыда Н. Назарбаевтың "Қазақстан - 2030" стратегиялық дамуы нарық экономикасына өту теориясы туындады. Онда шетел инвестициясын келтіру, әлемдік нарыққа шығу проблемаларының бағыттары анықталды. Елімізде нарықтық экономиканың өмірге келгенін Батыс Еуропа елдері, АҚШ мойындады. Бұл Қазақстанның тәуелсіздігінің он жылдығының маңызды жетістігі еді.
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық өсуінің "Қазақстан - 2030" бағдарламасында Н. Назарбаев мынадай қорытынды жасады: "Біз - өзіндік тарихы мен өзіндік болашағы бар евразиялық елміз. Сондықтанда біздің модель ешкімге де ұқсамайтын болады. Ол өзіне әртүрлі өркениеттің жетістіктерін жинақтайтын болады. Біздің модель қоғамдық дамудың әртүрлі моделдерінің конвергенциясын көрсетуі тиіс. Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес, біз әлеуметтік нарықтық экономика құрудамыз. Бізге қажеті де, міне осы" [5].
Қазақ зиялылары да орыс және шетел ғалымдарының шығармалары негізінде жалпы тарихымызды, оның ішіне экономикалық өміріміздің бұрынғысы мен бүгінгісі, болашағы туралы ғылыми қорытындылар, көзқарастар, теориялық тракттатар ұсынуда.
Н.Ә. Назарбаев "Тарих толқынында" (1999) деген еңбегінде бұдан 1300-1100 жылдар бұрын қазақ халқының шаруашылық өмірін, тіршілікті түзеудің жолын, мақсатын мойындап, Күлтегі абыз бабамыздың сөзін келтіреді: "Өлімші халықты тірілттім, жалаңаш халықты тонды, кедей халықты бай қылдым, аз халықты көп қылдым". Осындай өсиет экономика ілімінің тарихын оқып білу арқасында қандайды болмасын барлық саясаткерлерге, экономистерге ақыл-кеңестер бола алады.
КСРО тарап, жоспарлы экономика тоқтағаннан кейін Қазақстан Республикасы егемендік алып (1991) елімізде экономикалық реформа жедел жүргізіліп, мемлекеттік меншікті жекешелендірудің ұлттық бағдарламасы қабылданды. Нарықтық экономикаға көшуде шетелдің, әлемдік институттарының қаржылық-техникалық көмектерін де пайдаландық.
Трансформациялық көшу барысында әлеуметтік-экономикалық дағдарыс қатар жүрсе де, нарықтық инфрақұрылым дамыды. Осының арқасында, қысқа мерзімде экономиканы тұрақтындырып, инфляцияны ауыздықтап, дұрыс инвестициялық саясат ұстап, шетелдермен сыртқы экономикалық байланыстарды ұлғайтып біріккен кәсіпорындарын құрылды. Сонда да, нарық экономиясына өтуі адамдардың ой-санасына, мінез-құлқына, көзқарастарына терең өзгерістер енгізді. Енді адамдар өз өміріне өздері тікелей жауапты: тез байып кетуге де, тез кедей болып, құрып кетуге де экономикалық жол ашық.
Өтпелі кезең экономиясы мен оның аралас экономикалық проблемалар қазіргі теориялық тәжиребелік зертеу мәселелерінде. Себебі, Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуінде трансформациялық қозғалыс пен институционалдық реформалардың ойдағыдай жүргізіліуіне әсіресе, жекешелендіру процесінің көптеген қиыншылықтарына Елбасы Н. Назарбаев аса үлкен көңіл аударды. Осы реформадан халықтың күтетін нәтижелері: экономикалық реформаға көзқарас; жаңа экономикалық саясатқа; нарықтық экономиканың жаңа жолдарына; шағын бизнеске; Қазақстанның ХХІ ғасырда әлеуметтік экономикалық даму болжамы.
Нарықтық экономикалық қатынастар Қазақстан Республикасы тұрғындарының тұрмысында, сана-сезімінде түбірлі өзгерістер туғызды. Дәстүрлі әкімшілік басқару орнына нарықтағы сұраныс пен ұсыныс және баға келді, енді өз күнін өзі көріп, өз күшіне, өз қабілетіне, еңбегіне сену сынақты жаңа менталиттетер қалыптасты. Сондықтан баға, сұраныс, ұсыныс, акция, бәсеке және т.б. нарық категорияларын терең біліп, күресу, әркімнің міндеті болды.
Еңбек нарығын реттеуде мемлекет тікелей араласады: ол еңбек туралы заң қабылдайды, еңбекақының ең төменгі мөлшерін белгілейді, жұмысбастылық, қайта даярлау бағдарламаларын қабылдайды, еңбек субъектілері арасындағы келіспеушіліктерді делдал ретінде келістіреді және т.с.с. Сондықтан еңбек нарығы өзіндігінен реттеле алмайды. Осы жағдайлар қазіргі кезде еңбек нарығында 3 субъект бар екендігін білдіреді: жалдамалы жұмыскерлер, жұмыс беруші фирмалар және мемлекет.
Жұмысбастылық пен еңбек нарығын реттеудегі мемлекеттің негізгі бағыттары мен әдістері өте көп. Олар елдегі нақты экономикалық жағдайға байланысты еңбек нарықтарында пайда болатын мәселенің күрделілігіне қарай анықталады. Олардың ішіндегі ең көп қолданатын бағыттар мынадай:
1. Жаңа жұмыс орындарын құру. Ол әр түрлі жолдармен іске асырылады: болашағы бар және жоғары мультипликаторлық әсер беретін өндіріс салаларында жаңа тиімді жұмыс орындарын ашқан жұмыс берушілерді ынталандыру, еңбекпен қамтамасыз ететін органдарды қаржыландыру және т.б. Бұл мақсатта салықтық және несиелік жеңілдіктер, мемлекеттік тапсырыстар, амортизациялық жаңартулар және т.б. құралдар қолданылады.
2. Шағын бизнесті қолдау және дамыту. Жұмыс орындарының ең көп санын шағын кәсіпкерліктің дамуы қамтамасыз ететіні белгілі. Әсіресе жеке еңбек іскерлігі, кооперативтер құру, шаруа қожалықтары сияқты нысандарды дамытуда үлкен рөл атқарады. Сондықтан шағын бизнесті қолдау негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Мәселен, көптеген дамыған елдерде жеке кәсіпорын ашамын деушілерге субсидиялар, жеңілдіктер мен арендаға ғимараттар алу және лизинг негізінде техникамен қамтамасыз етуге көмектер беру қарастырылған. Кәсіпкерлікті белсенді қолдау саясаты нәтижесінде АҚШ-та шағын кәсіпорындар санының өсу қарқыны халық санының өсу қарқынынан асып түскен.
3. Кадрларды кәсіптік дайындау мен қайта дайындау ауқымының кеңеюі. Бұл екі мәселені бірден шешуге мүмкіндік береді: жұмыс күшінің ұсынысын азайту және экономиканың өзгеріске толы жағдайында оның білім деңгейі мен тәжірибесінің жоғарылауына мүмкіндік береді.
4. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру. Бұл бағыт көбінесе ұзақ уақыт бойы жұмыссыз жүрген адамдарға арналған. Қоғамдық жұмыстар жоғары біліктілікті қажет етпейді және толық емес жұмыс күні болады [23].
Бұл бағдарламалар тікелей және жанама әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Тікелей әдістерге: әлеуметтік-еңбек қатынастарына қатысушылардың қызметін реттейтін заңдық-құқықтық актілер мен ережелер, қаржыландыру көздері көрсетілген жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламалары жатады.
Жанама әдіске: мемлекеттік салық, ақшалай-несиелік жеңілдіктер, амортизациялық саясат жатады. Бұлардың барлығы жалпы экономикалық реттеуші шаралар болып табылады. Сондықтан олар жұмысбастылыққа жалпы экономикалық жағдаят (конъюнктура) арқылы әсер етеді.
ҚР еңбек нарығының жағдайы елдегі жалпы экономикалық жағдаймен анықталады. Қазіргі кезде елдің еңбек нарығы жұмыссыздықтың азаюымен, жұмысбасты адамдар санының көбеюімен сипатталады. ҚР статистика Агенттігінің берілгендері бойынша 2000 жылы жұмыссыздық деңгейі 12,8 % болса, ал 2010 жылы ол 5,8%-ға түсті. Еңбекпен қамту орталығының мәліметтері бойынша 2005 жылдың қаңтарында Қазақстанда 94 мың жұмыссыз адам тіркелсе, 2010 жылы 35,4 мың адам тіркелген.
Қазақстан еңбек нарығының өзіндік ерекшеліктері мына төмендегі кестедей:
Кесте 2.
Азаматтардың салалық жұмыспен қамтылу деңгейі, (%)
2006 жылы
2010 жылы
Ауыл, орман, балық шаруашылығында
31,5
28,3
Өнеркәсіп және құрылыста
18,5
18,7
Қызметтер саласы
50,0
53,0
ЕСКЕРТУ - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері негізінде жасалды
Cоңғы кезде құрылыста және өнеркәсіптегі жұмысбастылықтың азаюы байқалады. Бұл салалар бойынша 2006 жылы 18,5% болса, 2010 жылы 18,7%-ға жетті, яғни төрт жыл ішінде тек 0,2%-ға ғана өскендігін байқауға болады, әрине бұл өте аз. Ауыл, орман, балық шаруашылығында жұмыспен қамтылғандар 2006 жылы 31,5%, ал 2010 жылы 28,3% болды. Ал жұмыспен қамтылғандардың көпшілігі қызмет көрсету саласында жұмыс істейтіндігін көреміз, бұл көрсеткіш кестедегідей, 2006 жылы 50,0%, ал 2010 жылы 53,0%-ға жетті [10]. Сондықтанда ел экономикасы үшін білікті мамандар өнеркәсіп пен құрылыс саласында сұранысқа ие болады, әсіресе Қазақстанның EXPO-2017 дүниежүзілік көрмесін өткізу құқығына ие болғаны белгілі, сол үшін де көрмені барлық талаптарға ай өткізу үшін білікті мамандар өте қажет болады.
Ел аймақтарындағы жұмысбастылықтың бір қалыпта болмауынан жұмысбастылықтың бірнеше деңгейлерін атап көрсетуге болады: шекті (жоғары) деңгей, орташа және төмен деңгейдегі жұмысбастылық.
Шекті (жоғары) деңгейдегі жұмысбасты аудандарға жұмыссыздық деңгейі орташа республикалық деңгейден төмен (2012 жылы 5,2 %) Ақтөбе облысы - жұмыссыздық деңгейі 4,9 %, Атырау облысы - 5%, Алматы облысы - 5,1 %, Павлодар облысы мен Шығыс Қазақстан облыстары - 5,2%.
Орташа деңгейдегі жұмысбастылыққа жұмыссыздық деңгейі орташа республикалық деңгейге жақын: Батыс Қазақстан мен Қарағанды облыстары - 5,3% Қостанаай мен Солтүстік Қазақстан облыстары - 5,4%, Ақмола облысы,Қызылорда, Жамбыл облыстары - 5,5% жатады.
Төмен деңгейдегі жұмысбастылық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz