Банк активтерінің есебі мен аудитін ұйымдастыру
Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1 Банк активтерінің есебі мен аудитін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... .11
1.1Банк және банк активтеріне сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
1.2Банктің активтік операциялар түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
1.3Активтік операцияларға сипаттама және олардың ерекшелігі ... ... ... ... ..20
2 Қазақстан Республикасындағы Казкоммерцбанк активтеріне талдау.32
2.1 Банктегі басқаруды ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
2.2 Екінші деңгейлі банктердің несиелеуінің көрсеткіштерін талдау ... ... ... 34
2.3Казкоммерцбанк АҚ тарихы және қаржылық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ..38
3 Коммерциялық банктің активтік операцияларын басқару және оларды жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..43
3.1 Банктің активтік операцияларының мәні және мазмұны ... ... ... ... ... ... ..43
3.2 Банктің активтік. экономикалық жүйесін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...55
3.3Казкоммербанктың даму болашағы мен стратегиялық қаржы секторының дамыту жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..66
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .82
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..84

Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
Қазақстан тәуелсіздіктің үшінші онжылдығына батыл қадам басты. Жаңа құрамдағы Парламент пен жаңарған Үкімет өз жұмысына кірісті. Өткен 2011 жылы ел экономикасы 7,5 пайызға өсті. Ішкі жалпы өнім жан басына шаққанда 11 мың доллардан асты.
Қазақстан халқы біртұтас, бірлігі мызғымас кемел елге айналды. Дегенмен, біз күрмеуі қиын, қайшылығы мол алмағайып заманда өмір сүрудеміз. Болжанған жаһандық дағдарыс қаупі шындыққа айналып келе жатқанын көріп отырсыздар. Сарапшылардың пікірінше, жаңа әлемдік дағдарыс бес-алты жылға созылуы мүмкін.

1. ҚР 31 тамыз 1995 жылғы “Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы” Заңы.
2. ҚР екінші деңгейлі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) міндетті ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру) Ережесі// ҚР Ұлттық Банкінің 5 қазан 1999 жылғы Басқарма Қаулысы.
3. АҚҚ “Казкоммерцбанк” жеке тұлғалардың салымдары бойынша операциялардың жүргізулу тәртібі туралы Ереже// АҚ “ Казкоммерцбанк” № 415 12 шілде 2002 жылғы Басқарма Қаулысы.
4. АҚ “Казкоммерцбанк” депозиттік саясаты туралы Ереже// АҚ “Казкоммерцбанк” № 37 10 маусым 2002 жылғы Басқарма Қаулысы.
5. Казкоммерцбан 2000-2001 жылдар аралығына арналған даму Бағдарламасы.
6. Правила проведения конвертации тенговых депозитов физических и юридических лиц в банках второго уровня в связи с переходом к режиму свободно плавающего обменного курса тенге//Постановление Правления Национального Банка РК от 20 сентября 1999 года.
7. Программа лояльности для средних классов ОАО “Народный банк Казахстана”//Постановление Правления ОАО “Народный Банк Казахстана”
№ 798 от 20 декабря 2002 года.

МАЗМҰНЫ
Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1 Банк активтерінің есебі мен аудитін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... .11
1.1Банк және банк активтеріне сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...11
1.2Банктің активтік операциялар түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
1.3Активтік операцияларға сипаттама және олардың ерекшелігі ... ... ... ... ..20
2 Қазақстан Республикасындағы Казкоммерцбанк активтеріне талдау.32
2.1 Банктегі басқаруды ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
2.2 Екінші деңгейлі банктердің несиелеуінің көрсеткіштерін талдау ... ... ... 34
2.3Казкоммерцбанк АҚ тарихы және қаржылық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ..38
3 Коммерциялық банктің активтік операцияларын басқару және оларды жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..43
3.1 Банктің активтік операцияларының мәні және мазмұны ... ... ... ... ... ... ..43
3.2 Банктің активтік- экономикалық жүйесін талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..55
3.3Казкоммербанктың даму болашағы мен стратегиялық қаржы секторының дамыту жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...66
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .82
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..84
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
Қазақстан тәуелсіздіктің үшінші онжылдығына батыл қадам басты. Жаңа құрамдағы Парламент пен жаңарған Үкімет өз жұмысына кірісті. Өткен 2011 жылы ел экономикасы 7,5 пайызға өсті. Ішкі жалпы өнім жан басына шаққанда 11 мың доллардан асты.
Қазақстан халқы біртұтас, бірлігі мызғымас кемел елге айналды. Дегенмен, біз күрмеуі қиын, қайшылығы мол алмағайып заманда өмір сүрудеміз. Болжанған жаһандық дағдарыс қаупі шындыққа айналып келе жатқанын көріп отырсыздар. Сарапшылардың пікірінше, жаңа әлемдік дағдарыс бес-алты жылға созылуы мүмкін. Біздің міндетіміз - экономиканы осы сынаққа дайындау, оны әртараптандыруды жалғастыру болып табылады.
Біз 2015 жылға қарай табысы жоғары елдердің қатарына қосылуды көздеп отырған елміз. Бірлігімізді сақтап, осылай еңбек ететін болсақ, ол мақсатқа да жететін боламыз.
Қазақстан жолының жаңа кезеңі - экономиканы нығайтудың, халықтың әл-ауқатын арттырудың жаңа міндеттері. Қазақстан үшін экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етудің оңтайлы теңгерімін табу - өмірлік маңызды нәрсе. Бүгінгі әлемде бұл - әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың түбегейлі мәселесі. Бұл таяу онжылдықтардағы Қазақстан дамуының басты бағыты. Мен ел халқына өзімнің жаңа Жолдауымды осы көкейкесті тақырыпқа арнаймын.
2020 Стратегиялық жоспары көшбасшылыққа қазақстандық жол.
Болашақтың экономикасы секторына жеке тоқталгым келеді. Нәтижелі де тиімді қызмет ететін ұлттық инновациялық жүйе оның негізі болуы ти Ашық нарықтық қатынастардың дамуы жағдайында тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін тек инвестициялардың жоғарғы үлесі жеткіліксіз. Сонымен қатар, ЖҰӨ-дегі жинақтардың үлесі де жоғары болуы және ол көрсеткіш ЖҰӨ-ге қатысты инвестицияның жиынтық үлесінен артық болуы тиіс. Яғни инвестициялар ішкі қаражаттар есебінен қаржыландырылуы тиіс.
Диплом жұмысының өзектілігі. Қазіргі таңда халық жинақтарын ішкі инвестицияның негізгі көзі ретінде кең көлемде тарту экономикадағы көкейтесті мәселелердің бірі болып отыр. Жинақтарды таратудың екі негізгі жолдарының - бағалы қағаздар нарығы немесе қаржылық мекемелер арқылы - Қазақстанда негізгі болып қаржылық мекемелер жүйесі табылады. Көптеген себептермен қаржылық институттар, әсіресе банктер, халық салым тартудағы бәсекеде басыңқы орын алуда.
Осындай жағдайлардың орын алу барысында өте маңызды мәселелердің бірі - жалпы банктік жүйенің тұрақтылығын күшейту. Банктік жүйе қаржылық жүйенің дұрыс қызмет ету үшін қажетті қызметтерді атқарады. Оларға банктердің уақытша қаражаттары бар тұлғалармен осы қаражаттарға деген уақытша қажеттіліктері туған тұлғалар арасындағы делдалдық қызметтері, тәуекелдерді бағалау, есеп айырысуларды жүзеге асыру және ақша-несиелік саясатты жүзеге асыруы жатады. Алайда банктер қызмет етуі барысында тәуекелге, өтімділігінің төмендеуіне және төлем қабілетсіздікке ұшырауы мүмкін.
Диплом жұмысын орындау барысында көптеген мәселелер қарастырылады. Қазақстанның қазіргі даму сатысында банктер қаржылық нарықтың түрлі жаңа құралдарын игере отырып, өз қызметтерін жүзеге асыру барысында банк аралық бәсекемен қатар сақтандыру және зейнетақы қорлары, жинақтарды тарту саласындағы әр түрлі инвестициялық қардылық компаниялар сияқты банктік емес институттар мен бәсекеге түседі.Нарыққа өту кезеңi әлемдегі қай елдiң мысалында да оңай болмаған. Өтпелi уақыттың өзiне тән қарама-кайшылықтары жетерлiк. Әкiмшiл-әмiршiл жүйеден, әрбiр кәсiпорын мен кәсiпкердiң нарықтың сұранысына орай iс-қимыл жасау тәртiбiне ауысуы жеңiлге соққан жоқ. Нарықтық экономикаға өту - ұзақ үрдiс. Оның сыртында бiрыңғай мемлекеттiк меншiк түрiнен, жекеменшiкке өту кезеңi де коғамда өзiндiк қолтаңбасын қалдырды.
Диплом жұмысының мақсаты. Әлемдiк тәжiрибелерге сүйене отырып, банкті қолдаумен басқарудың Қазақстан жағдайына лайықты ғылыми-теориялық тұжырымдамасын жасау және оны отандык шағын кәсiпкерлік пен бизнес нысандарына қолдануға ұсыну.
Жұмыста қойылған мәселелер банктегі нысандарын құрудың объективтi алғышарттарын зерделеу, нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайындағы шағын кәсіпкерліктің рөлін анықтау, шағын кәсiпкерлiк пен бизнестi қалыптастыру мен басқарудың шетелдiк тәжiрибелерiне шолу жасау, елiмiздегi кәсiпкерлiк үрдiстерiне, оның қалыптасқан жолдары мен шарттарына, түрлерi мен әдiстерiне талдау жасау; республикадағы шағын кәсiпкерлiк пен бизнестi басқарудың бүгiнгi жағдайын бағалау мен оның дамуының негiзгi бағыттарын белгілеу, экономиканың түрлi салаларында шағын және орта бизнестi жүйелi дамыту үшiн оны мемлекеттiк қолдау мен басқарудың жолдарын ұсыну.
Зерттеу пәні. Талдау мен болжау әдістері арқылы банктегі бизнесті қолдау мен басқарудың ғылыми әдістемелік жүйесін жасау және оны жетілдірудің озық үлгілерін іздестіру. Зерттеу объектісі ретінде екінші деңгейлі банктердің шағын және орта бизнесті несиелеудің мәселелері мен преспективалары қарастырылды.
Методологиялық негізі. Нарық эқономикасының алғашқы жылдарынан-ақ бұл мәселе Қазақстан үкiметiнiң назарында болды. Ел басшысының арнайы жарлықтарымен 1991-1994 жылдар мен 1995-1996 жылдарға арналған кәсiпкерлiктi қолдаудың екi мемлекеттiк бағдарламалары қабылданып, жүзеге асырылды. Кейiнiрек, әзiрленген Банк қолдаудың 1999-2000 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы" 1998 жылдың 31-желтоқсанында қабылданды. Бұл - банк жөнiндегi үшіншi бағдарлама болатын Бұл мәселе ел басшысының "Қазақстан - 2030" ұзақ мерзiмге арналған еңбегiнде де көрiнiс тапты.
Жұмыстың құрамы. Дипломдық жұмысым үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде коммерциялық банктің даму кезеңдеріне, нарықтық экономикада алатын орнына және де банктердің қызметтері,несиелеудегі мәні мен мақсатына тоқталдым. Екінші бөлімде екінші деңгейлі банктердің шағын несиелеудің мәселелері мен перспективаларына талдау жасадым.. Үшінші бөлімде шағын және орта бизнесті жетілдіру жолдарында кездесетін проблемаларды және де тиімді дамыту жолдарын қарастырдым.
Республикада жүргізіліп жатқан Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасы және сонымен байланысты экономикалық реформалар Республикадағы шағын бизнестің құрылуы мен оның сапасының прогрессивті өсу сипатына қарқынды әсер етіп отыр.
Банк активтерінің ғылыми-техникалық прогресс бағытындағы көптеген жетіспеушіліктерді қамтамасыз етуде ролі өте зор. Ірі ұйымдар мен ұжымдар - нарықтың осындай ауыспалы жағдайында жаңа технологияларды және оның өндірістегі адекватты құралдарын тез қабылдауына қолайлы емес форма.
Сонымен қатар, банк активтерінің ең қажетті мынандай қызметтері бар: қосымша жаңа жұмыс орындарын құру, ірі көлемдегі жұмыс күшін жұмысқа тарту қабілеті соның ішінде ұзақ мерзімдік жұмыссыздықтың нәтижесінде пайда болған әлеуметтік күшті төмендету және өндірістің құлдырауын болдырмау.
Осы тақырыпты таңдай отырып өзімнің болашаққа деген көзқарасым күшейе түсті. Тақырыпты талдап Қазақстандағы банк жүйесінің дамығанын көрсетуге тырыстым десемде болады. Сол банктердің ішіндегі Казкоммерцбанкін таңдап, талқылауға тырыстым. Казкоммерцбанктың активтік операцияларын есептеп, аудиттік ұйымдастырылуын талдадым.
1 Банк активтерінің есебі мен аудитін ұйымдастыру.
1.1 Банк және банк активтеріне сипаттама
Біздің дәуірімізге дейін ежелгі Грецияда, Египетте, Римде банктік қызметтің жақсы дамығаны анықталған. Бәрінен бұрын банк ісі Италияда қалпына келтірілді. Алғашқы банктердің Италияда пайда болу себебі, оның сол уақыттарда дүниежүзілік сауда орталығы болғандығын ескеріп, әр елдің ақшалары мен тауарларының сол елге қарай ағылып, банкирлердің сауда операцияларына тікелей қатысуына байланысты түсіндіріледі. Италияның ірі орталықтарында дами бастаған банк ісі ХІІ ғасырдың соңынан бастап басқа елдерге де, атап айтқанда Францияға, Англияға және Германияға кең етек жая бастады.
Банк жүйесі деген сөздің өзінен, оның басты элементі негізінде ақшаға байланысты операцияларды жүргізетін, әртүрлі банктер болып табылатынын түсінуге болады.
Банктер туралы түрлі-түрлі пікірлер айтылып жүр. Кейбір мамандар банкті кәсіп орны, мекеме, - дейді, екіншілері - экономикалық басқару орны, - дейді, үшіншілері - делдалдық ұйым, - дейді. Төртіншілері - несиелік кәсіпорны деп сипаттайды.
Банк - өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық есеп және өзін-өзі қаржыландыру негізінде қызмет жасайтын заңды тұлға. Ол - ақша қаражатын тарту, орналастыру және басқа банктік операциялар жүргізетін мекеме.
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (1995 ж. 31 тамыз N 2444) бойынша банк - банк қызметiн жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға. Банктiң ресми мәртебесi заңды тұлғаны әділет органдарында банк ретiнде мемлекеттiк тiркеумен және банк операцияларын жүргiзуге қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкілетті органның лицензиясы болуымен белгiленедi.
Алғашқы банктер капитализмнің мануфактура тұсында және ең бастысы, Италияның жекелеген қалаларында банк тауар шаруашылығының ерекше институты ретінде тауар шаруашылығының ерте кезеңінде, яғни тауар-ақша қатынастарының дамуына байланыссыз, ақша айналысын реттеу үшін пайда болған делінеді.
Банк сөзі banco деген италиян тілінен аударғанда айырбас столы дегенді білдіреді. Бұл айырбас столы тауарлармен сауда жасалатын алаңдарда құрылады. Сауда мемлекеттер мен қалалардың, жекеленген тұлғалардың әртүрлі монеталармен жасалған. Банктер пайда болардың алдында ақша-сауда капиталының өкілдері саудагерлердің ақшалай салымдарын қабылдап оларды әртүрлі елдің ақшаларына айырбастауға маманданып отырған. Уақыт өте келе, айырбастаушылар бұл салымдарды, сондай-ақ өздерінің ақша-қаражаттарын саудаға беріп, пайыз алу үшін пайдалана бастайды. Сөйтіп, айырбастаушылар біртіндеп банкирлерге айналады [8;128].
2010 жылға дейін банк жүйесіне мемлекеттік банкі, құрылыс банкі және сыртқы сауда банкі секілді үш монополистік банктер кірді. Сондай-ақ, мемлекеттік еңбек жинақ кассалар жүйесі де болды. Банк жүйесіндегі негізгі орынды Мемлекеттік Банкі иеленді. Мемлекеттік Банкі эмиссиялық институт бола отырып, қысқа мерзімге несие беру, шаруашылыққа кассалық және есептік қызметті көрсетуді іске асыратын орталық болды. Сол себепті, ол - мемлекеттік басқару және бақылау органына айналды. Мемлекеттік Банкі несие беру ресурстарына іс жүзіндегі монополист еді. Оның шоттарында барлық қаражаттар шоғырланып,жалпы мемлекеттік несие беру қорын қалыптастырды.Атаулы қордың қаражаттары арнайы бекітілген несие беру жоспарларына сәйкес, орталықтан берілетін. Жергілікті жерлердегі несие беру мекемелерінің қызметі нақты қарыз алушыларға арнайы ережеге сәйкес, жоспармен көрсетілген мақсаттарға ғана берілумен шектелді. Банктік мекемелер клиенттер алдында емес жоғарыда тұрған ұйымдардың алдында жауапты болды. Сонымен, несие реформасының нәтижесінде жоспарлы социалистік экономикаға сәйкес үйлестіру типіндегі несие-банк жүйесі құрылып, Мемлекеттік Банк өндіріс пен тауар айналымын есептейтін және бақылайтын біріңғай аппаратқа айналды. Коммерциялық банктердің рөлі төмендеп, кейін елде тек мемлекеттік банктерден тұратын монобанктік жүйе қалыптасты.
Кесте 1Казкоммерцбанк2010-2012 жылдардағы негізгі көрсеткіштері(мың тг.)
2012 ж
2010 ж
Өзгерістер,%
Активтер
1 996 849
1 699 626
17,5
Ликвитті активтер
496 236
302 693
63,9
Таза несиелік портфель
1244602
1118305
11,3
Негізгі қаражат
191 009
204 770
-6,7
Өзгеде активтер
65 002
73 858
-12
міндеттемелер
759 790
620 417
22,5
Ағымдағы есептер
393 959
306 372
28,3
Депозиттер
336 959
305 187
10,4
Өзгеде міндеттемелер
29 716
8 858
235,5
Меншік қаржы
1 237 059
1 079 209
14,6
Таза пайда
162 895
142 391
14,4
Коэффиценттер
%
%
Roe
13,17
13,2
13,7
Roa
8,16
8,37
15,5
Таза маржа (ТПТабыс)
36,5
39,4
39, 8
Ескерту: Жыл бойына Банк жаксы нәтижелер көрсетті.2012 жылғы 142 391мың тенге таза табыстан асып түсип, 162895 мың мөлшерінде болды.Банк активтері де17,5%
Өсті 1 699 626- дан 1 996 349-ға дейін,ол негізінен ликвидті активтер мен таза несиелік портфель есебінен артты.Міндеттемелер 22,5%-5а көп болды және меншік капиталы14,6%-ға артты.Рентабелдік.Есептелінген коэффициенттер,таза табыстың жиынтық активтерге қатнасы мен таза табыс пен жиынтық қаржыға қатнасы сияқты минимизацияланған тәуелділікпен білікті активтер диверсификациясын мінездемелейді.
1.2 Банктің активтік операциялар түрлері
Активтік банктік операциялар өзінің формасына және тағайындалуына әр түрлі болып келеді. Банктердің актвтік операциялардың ең көп тараған түрлеріне мыналар жатады:
- Ссудалық операциялар;
-Инвестициялық операциялар;
-Депозиттік операциялар;
-Кассалық операциялар;
-Басқа да;
Өтімділігіне және пайда әкелуіне қарай банк активтерін төрт топқа бөлуге болады:
Бірінші топқа-бірінші реттегі резервтер жатады. Бұл алынатын төлеуге салымдарды және несиеге деген сұранысты қанағаттандыруға тез арада пайдалануға болатын ең өтімді активтерді білдіреді. Мұндай активтерге: кассадағы нақты ақшалар, Ұлттық (орталық) банктегі корршоттағы қаражаттар, инкассалау процесіндегі чектер және басқа да құжаттар жатады. Мұндай активтер банкке табыс әкелмейді, бірақ банк өтімділігінің көзі ретінде қызмет етеді.
Екінші топқа-екінші реттегі резервтер жатады. Бұлар кішкене табыс әкеледі, бірақ та, оларды жоғарғы өтімді активтер ретінде кішкене кешігіп барып, ең төменгі тәуекелмен нақты ақшаға айналдыруға болады. Оларға: вексельдер және басқа да қысқа мерзімді бағалы қағаздар; сұранымды ссудалар; және бірінші классты қарыз алушыларға берілген қысқа мерзімді ссудалар жатады. Бұл топтың басты тағайындалуы-олар бірінші реттегі резнрвтерді толықтыратын көздер ретінде қызмет етеді.
Банк активтерінің үшінші бір маңызды бөлігін-банктік ссудалар портфелі құрайды. Банктік ссудалар біршама табысты және өте жоғары тәуекелді болып табылады. Бұл активтер топтары банктің басты пайда көзі ретінде қызмет етеді.
Төртінші топты-банктің бағалы қағаздар портфелі құрайды. Банктің бағалы қағаздар портфелін қалыптастыруының екі мақсаты болады: біріншісі-банкке табыс әкелу, екіншісі-екінші реттегі резервке қосымша көз ретінде қызмет ету.
Ссудалық операциялар
Ссудалық операциялар банктің ресурстық базасын орналастыруда банктің активтік қызметінің негізгі бөлігін; мысалға, 80%-ке жуық құрайды. Макроэкономикалық деңгейдегі бұл операцияның мәнін, оның көмегімен банктер уақытша жұмыс жасамайтын ақшалай қорларды өндірісті, айналысты және тұтыну процесінде жұмыс жасайтын етуімен сипатталады. Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі ссудалар береді. Олар мынадай белгілеріне қарай жіктеледі:
1. Несие берілуіне қарай:
-банктік;
-арнайы несиелік мекемелер;
-бюджеттік;
2. Қарыз алушылар категориясына қарай:
-қаржылық институттарға берілетін несиелер;
-мақсатты қорларға;
-банктерге;
-қаржы несиелік мекемелерге;
3. Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:
-өнеркәсіп саласына;
-ауыл шаруашылығына;
-саудаға;
-дайындау ұйымдарына;
-жабдықтау сату ұйымдарына;
-кооперативтерге;
-жеке кәсіпкерлерге;
4. Тұтыну мақсатына берілетін несие:
А) Мерзіміне қарай;
-қысқа мерзімді жылға дейін;
-орта мерзімді жылдан жылға дейін;
-ұзақ мерзімді жылдан жоғары;
Б) Тағайындау және пайдалану сипатына қарай;
-негізгі қорларға жұмсалатын;
-айналым қаражатына жұмсалатын;
5. Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай;
1) Қамтамасыз етілген;
-кепілхатпен;
-кепілдемемен;
-кепілдікпен;
2) Сақтандырылған;
3) Қамтамасыз етілмеген;
-сенім несиесі.
6. Қайтарылу дәрежесіне қарай:
-стандартты несие;
-күмәнді несиелер;
-үмітсіз несиелер;
7. Валютамен берілуіне қарай:
-ұлттық валютамен;
-шетел валютасымен;
8. Берілу шартына қарай:
-тұтыну несиесі;
-ипотекалық несие;
-овердравт несие;
-овернайт несие;
-онкольдық несие;
-банкаралық несие;
-ломбардтық несие;
-лизингтік несие;
-рамбурстық несие;
-сенім несиесі;
-маусымдық несие.
9. Несиелеу обьектісіне қарай
- меншікті айналым қаражаттарын толықтыруға;
- материалдық қорлар жиынтығы мен өндіріс шығындарына;
- сыртқы экономикалық қызметке байланысты тауарларды экспорттау мен импорттауға;
- азаматтардың жеке қызметтері үшін шикізаттар, материалдар және басқа да мүліктер алуына;
- ломбардтық кепілдік және ссудалық операцияларға;
- театрлар және демалыс үйлерінің кірістері мен шығыстары арасындағы маусымдық үзілістерге;
- күрделі жұмсалымдарды қаржыландыруға;
- тез өтетін тиімділігі жоғары шараларға.
Осы жерде мынадай несиенің түрлеріне түсінік бере кеткен жөн деп ойлаймын.
Несие формасы
Ұлттық
Халықаралық
Ақшалай
Тауарлық
Ақшалай
Банктік
Коммерциялық
Тауарлық
Мемлекеттік
Тұтынушылық
Аралас
Ипотекалық
Лизингтік
Тұтынушылық
Сызба 1 Несиенің негізгі формалары. Сызбаның жалғасы
Несиенің тауарлық формасы тарихи жағынан алып қарғанда оның ақшалай формасынан бұрын пайда болған. Осы заманғы іс - тәжірибеде төлемдерінің мерзімін ұзартумен тауарларды сатуда, машина мен құрал - жабдық, тұрмыстық тауарлар, саймандар лизингісінде қолданылады. Қазақстанда тауарлық несие фермерлер мен шаруа қожалықтарына көктемде тұқым түрінде беріледі. Тұқым түрінде берілетін бұл несиені фермерлер мен шаруа қожалықтары күзде жиын - теріннен кейін қайтарып отырады.
Несиенің тауарлы формасының негізінде ақшалай несие формасы пайда болып,дамиды. Ол осы заманғы нарықтық шаруашылықта артықшылықтарға ие, типтік форма болып табылады. Бұл түсінікті де, өйткені ақша айналыс пен төлемнің жалпыға тән баламалы, әмбебап құралы болып табылады. Несиенің бұл формасы ұлттық және халықаралық экономикалық айналымдардың шегінде пайдалынады.
Осылармен бір мезгілде Қазақстан Республикасының Казкоммерцбанк өзінің ақша - несие саясаты арқылы экономиканы несиелейтін саланы да реттеп отырады. Ол банктердің несие қоржынының сапасы нашарлаған жағдайда депозиттерді міндетті түрде ең аз шамада резервтеудің деңгейін арттыру жолымен экономиканы несиелеудің аясын тарылтады. Бұл несиенің тек экономикалық емес, сонымен бірге әкімшіліктік шекарасының болатынын да көрсетеді. Банк несиесі негізінен тікелей болады, яғни, ссуда қарыз алушыларға тікелей берілсе, ал, жанама түрі делдал арқылы беріледі, мысалы, халыққа тауарлар сатылған кезде несие сауда желілері арқылы немесе векскльді пайдаланумен беріледі.
Қазақстан коммерциялық банктер соңғы бес жылда экономикадағы несие салымдарын күрт арттырады. Жалпы ішкі өнімдегі ссудалық қоржын 2009 жылдың 1 қаңтарында 15% - ды құраса, 2010 жылдың 1 қаңтарында 32,7%, яғни,екі еседен көп.
2010жылдың 1 қаңтарындағы несие салымдарының құрлымы:
- қысқа мерзімді несие - 49,9%;
- орта мерзімді несие (1 жылдан 5 жылға дейін) - 30,2% ;
- ұзақ мерзімді несие (5 жылдан жоғары) -19,9%.
Несие қатынастары банктер мен кәсіпорындардың, ұйымдардың арсында ғана болмайды. Ол, сандай - ақ, бір жағынан несие жүйесінің және екінші жағынан, халықтың арасында пайда болады. Несие алушыға халық, ал, несие берушіге банк жататын қатынасты тұтыну несиесінің мазмұнын құрайды. Айрықша жағдайларда банк пен халықтың арасында делдалдық ететін үшінші тарап та болуы мүмкін, мысалы, тауарларды несиеге сататын, яғни мерзімін ұзартып, төлеумен тауарды несиеге беретін сауда ұйымдарын айтуға болады.
Тұтыну несиесі халыққа оның ағымдық сипаттағы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін беріледі. Оның ішінде, жеке шаруашылықтағы өндірісті дамытуға, құрылыс салуға, тұрғын үйді жөндеуден өткізуге, ұзақ уақыт пайдалануға жарамды заттарды сатып алуға беріледі. Халықты несиелеу халықтың өмір деңгейін арттыруға бағытталған мемлекеттік несие саясатының маңызды бөлігі болып табылады. Өнеркәсібі дамыған елдерде тұрғындар өзінің жыл сайынғы табысының 10 - 12% - ын тұтыну несиесін өтеуге жұмсайды. Қазақстанда бұл несиенің формасы мүлде дамымай қалды десе де болады. Халық борышқор болудан қорқады, оның үстіне, тұтыну несиесінің пайыздық мөлшерлемесі айтарлықтай жоғары, жылына 16 -18% - ды құрайды. Несие халыққа тауарлы формада және ақшалай формада берілуі мүмкін. Тауарлық форма халыққа тауарларды оның төлем мерзімін ұзартумен сатуда қолданылады, яғни, бұл коммерциялық несие болып табылады. ақшалай форма банк несиесі секілді халыққа тікелей немесе сауда желісі арқылы жанама түрде беріледі. Тұтыну несиесі банк операцияларымен тығыз араласып кеткен. Мәселен, сатып алушылардың ұзақ мерзімді борыштық міндеттемесін сауда ұйымдары банктен ссуда алу үшін пайдаланады. Тұтынушыларға несие банктен тікелей берілетін болса, сауда фирмасы мен банктің арасындағы - несие қатынасының артық буыны жойылады. Несиеге сатып алынған тауарларды сауда ұйымдары олардың ссудасын қамтамасыз етуші ретінде қарастырады.
Сондықтан да соңғы жарна төленгенше тауардың меншік құқығы сауда ұйымдарынды қалады. өнеркәсібі дамыған елдерде тұтыну несиесінің бірнеше түрлері пайдаланылады. Алайда, олардың арасында тауарларды төлем мерзімін ұзартумен сатудың үлес салмағы басым. Тауарларды несиеге сатып алуда сатып алушы тауардың құнын ай сайынғы жарнамен төлеп қоймай, сонымен бірге, ол несиені пайдаланғаны үшін пайыз төлейді. Көптеген жағдайларда төлем мерзімін ұзартумен сатуда тауардың бағасы комиссиялық сауда ұйымының мөлшеріне несие үшін алынатын пайыздан жоғары көтеріледі.
Тұтыну несиесі көптеген елдерде маңызды рөл атқарады. Осыған орай, ол мемлекет тарапынан реттеліп отыратын болады. Ол қадағаланады әрі банктік және коммерциялық несиелерге бақылау қойылады.
Экономика құлдыраған жағдайда мем лекеттің саясаты халықтың іскерлік белсенділігін арттыруға оларды ынталандыруға бағытталады. Бұл үшін тұтыну несиесін алудың, атап айтқанда қолма - қол ақшамен төленетін тауар бағасын арзандату, несие мерзімін ұзарту, оның құнын кеміту секілді жеңілдікті шарттары енгізілді. Инфляция жағдайында, керісінше, қолма - қол ақшамен төлеудің үлесі артады, несиені пайдаланудың мерзімі қысқарады және пайыздық мөлшерлеме жоғарылайды. Тұтыну несиесі халықтың тауарға деген сұранысын ынталандырады әрі олардың өндірілуі мен сатылуын арттырады. Қазақстанда тұрғын үй құрылысын салуға және оны сатып алуға ұзақ мерзімді тұтыну несиесін беру үшін мамандандырылған мемлекеттік құрылыс - жинақ ақша банкісі құрылады. 2010 жылы халыққа берілген тұтыну несиесінің мөлшері 260,7 млрд теңгені құрады, 2011 жылмен салыстырғанда 9,5% - ды құрады.
Сонымен қатар активтерінің бір бөлігін өтімді корпоративтік бағалы қағаздарға да орналастыруда. Корпоративтік бағалы қағаздарға мыналар жатады:
-акциялар
-облигациялар
-депозиттік және жинақ сертификаттары
-ипотекалық куәліктер
-депозитарлық қолхаттар.
Осылардың ішінде инвестициялық операциялары акциялар мен облигацияларға байланысты көп болады. Ал қалғандарының нарығы әлі өз деңгейінде дами қойған жоқ.
Акция-бұл акционерлік жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландыратын және басқару ісіне қатысуға құқық беретін, сондай-ақ иесіне табыс әкелетін бағалы қағаз.
Облигация-оның иесінің ақшалай қаражат салғандығын куәландыратын және эмитенттің осы қаражат сомасы мен пайыздық қайтарып беру туралы міндеттемесін растайтын бағалы қағаз.
Банктік активтік депозиттік операциялары өтімділікті қолдау және банктер мен корреспондеттік қатынас орнату негізінде дамиды. Мұндағы корреспонденттік қатынас банктердің бір-бірінде ашатын корреспондеттік шоттары арқылы жүзеге асырады. Сонымен қатар банктер активтік депозиттік операциялар негізінде банкаралық несиенің дамуына мүмкіндік жасайды.
Банктің қаржылық операциялары несиелік операциялары типтес, яғни банкке табыс әкелетін активтік операцияларды сипаттайды. Оларға: лизинг, факторинг және форфейтинг операциялары жатады.
Лизинг-бұл лизинг берушінің өзіне тиесілі құрал жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларын, өндіріске, сауда саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шартын білдіреді.
Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді:
-шұғыл лизинг;
-қаржылық лизинг.
Банктердің лизингтік операциялары несиелік операцияларымен ұқсас болып келеді. Алайда лизингтік несиеден ьір айырмашылығы келісім шартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг обьектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал несиеде банктің меншік обьектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.
Коммерциялық банктердің ең көп таралған делдалдық қызметінің бір түрі-факторинг.
Факторинг сатушылардың сатып алушыларға сатылған товары үшін уақытын кешіктіріп төеуге беретін тауар формасындағы және ашық шот түрінде рәсімделетін коммерциялық несиенің болуын сипаттайды. Факторинг-клиенттің айналым капиталын несиелеумен ұштасатын, сауда коммиссиондық операциясының бір түрі. Бұл жерде факторингтік компания клиенттердің шотын 90 пайызға төлеу шартымен сатып алады. Факторингтің мақсаты-кез келген несиелік операциялардың ажырамас бөлігі болып табылатын тәуекелді қалпына келтіруін шешуге бағытталады.
Факторинг операциясы-жабдықтаушының жабдықтаған товары мен көрсеткен қызметтері үшін төленбеген төлем құжаттарын банкке сатумен байланысты комиссиондық-делдалдық операция.
Факторинг операциясына үш тарап қатысады:
1. Факторингтік компания;
2. Клиент
3. Кәсіпорын.
Факторинг мәмлесін жүзеге асырудан бұрын толық талдау жұмысы жүргізіледі. Кәсіпорынның тапсырыс алғаннан соң факторингтік компания немесе банктің фактор бөлімі 1-2 апта ішінде клиенттің эконоимикалық және қаржылық жағдайын зерттейді. Егерде кәсіпорын факторинг компаниясы немесе банктің фактор бөлімінің клиенті бола қалған жағдайда, ол факторинг компаниясына сатып алушыға жіберілетін барлық шот-фактураны тапсырады. Әрбір құжат бойынша клиент төлеуге келісім алуға тиіс факторинг компаниясы барлық шот фактура мен таныса отырып, сатып алушының төлем қабілетін анықтайды. Бұған 2-3 күн мерзім уақыт етіледі. Факторинг компаниясы төлемнің уақыты жеткен кезде немесе мерзімінен бұрын төлей алады.
Форфейтинг операциясы- форфейтордың, яғни коммерциялық банктің немесе арнайы компанияның экспорттерге төлеуге тиісті импорттердің берген төлем құжатын сатып алуы.
Форфейтинг мәмлесінде үш қатысушы болады:
1. Экспортер, яғни тауарды орта мерзімді несиеге беруші;
2. Импортер, яғни тауарды несиеге алушы;
3. Форфейтор, яғни мәмлені қаржыландырушы банк немесе арнайы ұйым.
Форфейтинг операциясының мерзімі 180 күннен 5 жылға дейінгі аралықты құрайды, кей жағдайларда 7 жыл.
Сонымен коммерциялық банктердің активінің бұрыннан қалыптасып жіне қазіргі кезде өрістеп келе жатқан негізігі бағыты несие беру операциясы және бағалы қағаздармен операция. Бұл операция банк балансының 80% - ін құрайды. Бұған басқа банктер касалық акцептік шетел валютасымен, қозғалмайтын мүліктермен, сондай ақ делдалдық операциялар жүргізеді. Олар бір бірімен тығыз байланысты. Әсіресе актив және пассив операциялары бір біріне тәуелді. Себебі коммерциялық банктер негізінен өзгенің капиталымен қызмет жасайды, сондықтан банк қаражатын несиеге беру және инвестициялау масштабы көбіне банктің уақытша бос капиталы мен жинақтарды тарту қабілетіне байланысты.
1.3. Активтік операцияларға сипаттама және олардың ерекшелігі.
Коммерциялық банктердің екінші дәстүрлі-базалық қызметі-экономиканы және халықты несиелендіру. Бұл қызмет банктік қызмет көрсету аясындағы маңыздыларға және банктің актив операцияларына жатады. Соның арқасында банктер несиелік институттарға қатысты болады.
Несиелік операциялар-бұл несие беруші мен қарыз алушының арасындағы біріншісінің екіншісіне төлемділік, мерзімділік, және қайтарымдылық шарттарында белгілі ақша қаражаттары сомасын ұсынуы бойынша қатынастар. Банктің несиелік операциялары активті және пассивті болады. Активтік несиелік операциялар банктер мен қарыз алушыға қарыз ұсынғанда, ал пассивтер керісінше, банк қарыз алушы ролінде, ал клиеттер-несие беруші ролінде болғанда пайда болады. Сәйкесінше несиелік операциялардың екі нысаны болады: қарыздық және депозиттер.
Банктің активтік қарыздық операцияларын қарастырайық.
Кәсіпорын, фирма, концерндер қарызды өздерінің тауарлық қорларын толықтыру, жалақыны төлеу, жабдық сатып алу үшін және тағы басқа, ауыл шаруашылық кәсіпорындар, фирмалар-өздерінің тұқым, жанар жағар май және тыңайтқыш сатып алу шығындарын жабу үшін; бір реттік тұтынушылар (халықтар)-автомобиль, үй, ұзақ пайдалынатын тауарлар және тағы басқа сатып алу үшін; үкімет-ағымдағы шығындарды қаржыландыру үшін алады. Бұл қарыз алушылардың барлығы қарызды, негізінен табыс алу мақсатында шоғырландырған ақша қаражаттарын (депозиттік немесе депозиттік емес) орналастыратын коммерциялық банктерден алады.
Өз клиенттеріне қарыз ұсына отырып, банктер салымшылардан ақша қаражаттарын қабылдап және оларды қарыз алушыларға ұсынуда қаржылық делдалдар ролін атқарады. Банктің бұл қызметі несиелік қатынастардың барлық қатысушыларына (салымшылар, қарыз алушылар және банк) тиімді. Бұл қатынастарда өзара мүдде көзделеді: әркім өзінің қажеттілігін қанағаттандырады.
Несиенің екі нысаны белгілі: ақшалай жіне тауарлай. Сәйкесінше несиелендірудің екі түрі бар: бастапқыда шаруашылық субьектілерінің несиелік қатынастары банкпен қатынастар секілді пайда болатын тікелей банктік несиелендіру және несиелік қатынастар алғашқыда шаруашылық субьектілерінің арасында пайда болып, соңынан банкпен қатынастарға трасформацияланатын жанама несиелендіру.
Тікелей банктік несиелендіруде қарыз несие берушілермен тікелей қарыз алушыларға ұсыналады. Несие беруші банк, ал қарыз алушы-шаруашылық субьектісі болып табылады. Банкаралық несиеде несие беруші де және қарыз алушы да банктер болып табылады, яғни бір банк басқа банкіге несие береді.
Коммерциялық несиелендіруде несие беруші де және қарыз алушы да шаруашылық субьектілері болады, яғни бір кәсіпорын басқа кәсіпорынға тауар нысанында несие береді, бұл мәміле вексельмен рәсімделеді, яғни қарыз алушы несие бершіге тауар нысанында несие алуын растайтын құжат-вексельді береді. Одан әрі несие беруші осы вексельдің кепілдігіне қарыз (ссуда) ақша бер деп банкіге барады. Осылайша комерциялық несие банкілік несиеге түрлендіріледі.
Коммерциялық банктің несиелік операцияларын әр түрлі белгілері бойынша жіктеуге болады. мерзімдері бойынша-қысқа (1 мерзімді жылға дейін), орта мерзімді (1-ден 5 жылға) дейін және ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары); қамтамасыз ету түрлері бойынша-қамтамасыз етілмеген (қарыз алушыға сенімге негізделген және қамтамасыз етілуі жоқ банкілер) және қамтамасыз етілген; банктің роліне байланысты (несие беруші және қарыз алушы)-активтік және пассивтік операциялар (активтік)-бұл клиентті және басқа банктерді несиелеу; пассивтік-Орталық банктен және басқа коммерциялық банктерден банкаралық несие алу; несиелендіру мақсатына байланысты-негізгі капиталды арттыруға, айналым капиталын қаржыландыруға, тұтынушылық мақсаттарға арналған қарыздар.
Несиелік операциялар басқа белгілері бойынша да жіктеле алады: қарыз алушылардың түрлері бойынша, пайдалану сипаты бойынша, мөлшері бойынша және басқалар. Мысалы, қарыз алушылардың түрлері бойынша қарыздар былай жіктеледі: сауда өнеркәсібіне, жылжымайтын мүлік кепілдігіне, жеке тұлғаларға, бағалы қағаздарға, ауыл шаруашылық, қаржы органдарына және тағы басқа.
Несиенің пайдалану сипаты бойынша оны өндірістік және тұтынушылық қолма-қол және қолма-қолсыз (тұрғындардың қажеттілігін қанағаттандыруға) деп бөлуге болады. Несиенің мұндай жіктелуінің негізінде формалды белгілер жатқанын атап көрсету қажет. Шет елдердің экономикалық әдебиетінде несиелік операцияларының біріңғай жіктелуі жоқ.
Банктердің несиелік операциялары, банктердің және клиенттің өзара қатынастары, қарыз берудің барлық шарттары реттеліп жасалған несиелңк келісімшарттар негізінде жүзеге асырылады. Несиелік келісімшарттың шарттары коммерциялық банкпен жүргізілетін несиелік саясаттың ір бір нақты сәтіне байланысты. Ол несиелік тәртіппен байланысты. Қарыз алушылар несиенің қайтарымдылығын және несиелеудің басқа қағидаларын сақтауды, ал банктер-несиелердің мөлшерін реттеу тәртібі, олардың төлеу мен өтеу шарттарын қамтамасыз етуі тиіс. Несиелік саясаттың құрамдас бөлігі болып пайыздық саясат табылады. Банк клиентпен бірге жалпы банктік ережелер негізінде іріленген обьект құрамын және несиелердің жекеленген обьектілерін, несиенің берілу және өтелу тәртібін, кәсіпорынның меншік және қарыз қаражаттарын тиімді пайдалану бойынша шараларды, пайда алуға жетуге әрекет ететін басқа шаралар және де несиелік келісім шартты сақтандыру жақтары бойынша міндеттері мен құқықтарын өз бетінше анықтауға құқылы. Келісімшарттың қаншалықты сауатты және негізді құрылуы көбіне банктің клиенке әсеріне байланысты.
Несиелік келісімшартта қарастырылған шарттар мен коммерциялық банктер несиенің пайдалануын бақылауға, инжинерлік және басқа тексерулерді жүргізуге, несиелік келісімшартты бұзушы қарыз алушыларға экономикалық әсер етуші шараларды қолдануға міндетті. Несиенің белгіленген мерзімдегі қайтарымдылығы мен төлемділігі шешуші мәнге ие екендігі сөзсіз. Бұл принцптерсіз несие өзінің мәні мен мақсатын жоғалтады. Таяу уақытқа дейін банктердің қарыздарды қорытындысында мемлекеттің кәсіпорын мен ұйымдарға беретін қайтарымсыз және тегін дотациясына айналып келген болатын. Кейбір жағдайларда және күні бүгінде осы жайт қайталануда. Бірақ, республикада жүзеге асырылып жатқан банк реформасы ең іуелі экономикалық катигория ретіндегі несие берудің негізгі қағидалары мен позициясын қалпына келтіруге бағытталған. Қазір қарыздардың қамтамасыз етілуі жаңаша көрініс табуда. Сондай-ақ, әрбір берілген қарыз нақты материалдық қамтамасыз етілуі тиіс деп болжамдалады.
Қарыз алушының белгіленген мерзімде несиені қайтарудың нақты мүмкіндігін ескермеді. Қазіргі кезде клиенттің өтінішінше, оның өзінің міндеттемелері бойынша есеп айырысу мүмкіндігіне көп көңіл бөлінеді.
Бұл сараптау жұмыстарына қатысты экономикалық аппараттың жаңа қатынасын оның формалды жұмыс әдістерінен бастап қызмет көрсететін шаруашылық ұйымдардың ісін жақсы білу негізінде несиенің қағидаларын жүзеге асыруға бетбұрыс жасауын талап етеді.
Қарыздарды (ссудаларды) қамтамасыз ету банк активтерінің сақталуы мен табыс табудың кепілдігі үшін қажет. Несиелік қамтамасыз етудің негізгі түрлеріне төмендегілер жатады:
-кепілге алу-тапсырма бір жақты міндеттемелі келісімшарт. Бұл жағдайда тапсырма беруші қарыз алушының қарызын қажет уақытында өтеп беруі туралы банк алдындағы міндеттемесі;
-кепілдік-кепілдеме уақыты жеткенде қарыз алушы өз міндеттемесін орындамай жатқан жағдлайда, анықтаушы соманы өтеп беру туралы кепілдік міндеттемесі;
-бағалы қағаздар, тауарлар және басқа да мүліктерді кепілдікке салу. Кепіл құқығы-қарыз алушы өз міндеттемелерін орындай алмаған жағдайда, оның кепілдікке салған мүліктерін сату барысында түскен түсімнің белгілі бір бөлігін алу немесе сол мүліктерді (ғимарат, жер учаскесі, жылжымалы мүліктер) толығымен иемдену құқы;
-жылжымайтын мүлікті кепілдікке салу құқығы; несиелерді қамтамасыз етуде негізігі роль ипотекаларға жүктеледі және ғимараттар мен жер учаскілері жылжымайтын мүліктерді кепілдікке салу заңының негізгі бөлігі болып табылады.
Оларды кепілдікке салу арқылы иегерлері несие алады.
Несиелерді қамтамасыз етудің, материалдық формаларына:
Жер, құнды қағаздар, тауар-материалдық құндылықтар, сақтандыру полистері және тағы басқа жатады.
Банктерде клиенттерге қарыз беру үшін қарыздарды есепке ала отырып, әр бәр несиеоендәру обьектісі бойынша арнайы қарыздық шоттар ашылады. Жекелеген баланстық шоттарда бір клиентке берілген қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қарыздарды есепке алу жүргізіледі. Қарыздық шоттардың дебитінде алынған қарыздардың сомасы, ал кредитінде қайтарылғаны көрсетіледі.
Клиенттердің қажет етуіне және қызығушылығына байланысты әр банкте жай қарыздық немесе арнайы қарыздық шоттар ашылады.
Арнайы қарыздық шоттардың жай шоттардан айырмашылығы-қарыз беру әр уақыт сайын құжаттық түрде негізделмей ақ, қарыз алушының арнайы қарыздық шот ашқызу барысында банкке өткізген міндеттемелік өтініші негізінде жүргізіледі. Қарыз қажетті жағдайда есеп айырысу құжаттарын өтеу жолымен беріліп түскен түсімдерді арнайы қарыздық шоттарға аудару арқылы жойылады.
Қарыз сонымен қатар, корреспонденттік шоттардан да беріледі. Бұл шотта бір жағынан түскен түсімдер көрсетілсе, екінші жағынан қарыздар мен төлемдер көрсетілетін айрықша шот түрі. Онда тек дебиттік немесе кредиттік сальдо ғана болады.
Корреспонденттік шоттардан берілетін несие корреспонденттік несие деп аталады. Негізінен ол есеп айырысу құжаттарын өтеп беру үшін немесе бағалы қағаздар сатып алу, вексельдерді өтеу үшін қолма қол ақша түрінде берілуі мүмкін. Контокорренттік несиелерді ұсыну тәртіптері сақтала отырып, келісімшарт бекітіледі. Банктердің контокорренттік шот бойынша әрбір қарыз алушы үшін несие шамасын шектеуде лимит белгіленеді. Аталған несиені қамтамсыз ету құрамына ипотека, бағалы қағаздар және тағы басқа жатады. Бұл несие біздің Республикамызда әлі дамыған жоқ. Соңғы уақыттары кейбір жекелеген коммерциялық банктер контокорренттік шотты пайдалынады.
Қысқа мерзімді несиелер-күнделікті айналым орерацияларына қажетті айналым капиталының құнын өтеу үшін беріледі. Оларға жататындар: несиелік желі (линия) соның ішінде маусымдық және жаңармалық қарыздар, күтпеген оқиғаларға жұмсалатын несиелер мен қарыз алушының айналым капиталын толықтыру үшін берілетін қарыздар.
Орта мерзімді және ұзақ мерзімді қарыздар-қүрделі құрылыс шараларын жүргізу үшін, үй және қондырғылар сатып алу үшін, сонымен қатар, негізгі капиталды қаржыландыру үшін беріледі. Оларға жататындар: мерзімдік қарыздар, мүлікті кепілге алып беретін қарыздар, құрылыстық қарыздыр және қаржылық лизингтер.
Несиелік желілер-анықталған тәртіптерді сақтай отырып, белгіленген уақыт аралығында несиелерді пайдалануға мүмкіндік беретін, несиелердің максималды сомасын алу туралы банк пен қарыз алушы арасындағы келісімшарт. Жақсы табыс тауып, жиі несие қолданып жүрген фирма қажетті жағдайда көлемі алдын ала белгіленген қарызды банктен алуға келісімшарт жасасады. Бұл қарыз жылға дейінгі мерзімде беріледі.
Несиелік желінің мынадай түрлері болады:
Маусымдық-өндірісің маусымдық болуымен байланысты айналым құралдарының жетіспеушілігінен банктерге беріледі.
Жаңармалы-айналым құралдарының ұзақ мерзімге жетпеуіне байланысты қарыз алушыға берілетін несие.
Күтпеген оқиғаларға жұмсалатын қарыздар-қарыз алушының айналым құралындағы күтпеген жағдайларға бір жолғы қажеттілігін қаржыландыру үшін беріледі.
Айналым капиталын толықтыруға арналған перматенттік қарыздар- айналым құралындағы ұзақ мерзімді тапшылықтарды жабу үшін беріледі. Бұл жерде несиелер ай сайын жойылып, жабылып отырады.
Мерзімді қарыздар-ғимараттарға жөндеу жұмыстарын жүргізу, көлік сатып алу, құрал-жабдықтар алу және бастапқы қарыздарды қаржыландыру үшін беріледі. Бұл қарыздар күрделі капитал енгізілетін салаларда өте кеңінен қолданылады.
Салынған мүлік туралы актіге берілетін қарыздар-өндіріс ғимараттарын, зауыт құрылысын, үйлері, жер учаскелерін сатып алу, немесе қаржыландыру үшін қолданылады. Олар 15 жылға, немесе одан жоғары мерзімге есептеліп, ай сайын көлемі алдын ала белгіленген жарналар арқылы өтеледі. Бұл несиелер біздің елімізде толық дамымаған.
Құрылыстық қарыздар-ғимараттар мен құрылғылар құрылысының мерзіміне арнап беріледі. Қарыз алушы бұл несиенің өсім ақысын үнемі төлеп отырады, сонан кейін қарыздарды салынған мүлік туралы актіге қайта рәсімдейді.
Лизинг-қымбат бағалы күрделі жабдықтарды жалға алуды қаржыландыру үшін қолданылады, мысалға: кеме, ұшақ, компьютер, автомашиналар және тағы басқа. Лизингтік келісімде көрсетілгендей, жалдаушы жабдық иесіне ай сайынғы тиісті соманы төлеу арқылы, оларды ұзақ мерзімге пайдалану мүмкіндігін алады. Елімізге бұл несие де әрі деңгейінде дамыған жоқ.
Жекелеген қарыз алушыларға коммерциялық банктер тұтыну несиелерін береді. Ол, негізінен, тұрғын үйлер, ұзақ мерзім пайдаланатын товарлар және пәтерлер сатып алумен байланысты болады. Бұл несиелерге жаңармалы несиелер, ұзақ мерзім пайдаланылатын несиелер және мерзімі өтелетін несиелер жатады.
Несиенің бұл түрі шет елдерде өте жоғары деңгейде дамыған. Мысалы, АҚШ-та 50% үй несиеге сатып алынады. АҚШ-тағы жалпы несиелердің 85% негізгі үш бөліктен құралады: несиенің 32%-ы сауда-өнеркәсіптік компаниялар мен фирмаларға, 37%-ы тұрғын үй үшін, 19%-ы жеке қарыз алушыларға беріледі.
50%-дан жоғары несиелер сауда өнеркәсіптік орындардың айналымдағы капиталын толықтыру үшін қысқа мерзімге беріледі. Ал, қалған бөлігін күрделі қаржы енгізу үшін ұзақ мерзімдегі қарыздар толықтырады.
Жылжымайтын мүлікке берілетін қарыздар-құрылыс мерзімі екі жылдай көлемге созылатын құрылыстық фирмаларға берілетін несие. Сонымен қатар, бұл несие тұрғын үй сатып алу үшін 15-25 жылға да беріледі.
Жеке тұлғаларға берілетін қарыздар-ұзақ мерзімді тұтыну тауарларын сатып алу үшін берілетін несиесі.
Коммерциялық несиелер, негізінен, вексельдер арқылы жүзеге асырылады. Вексель-белгілі уақыт өткеннен кейін вексель ұсынушыға бергілі бір соманы төлеу туралы, вексель иесінің нұсқамасы, немесе жазбаша түрдегі хаттамалы анықтама.
Коммерциялық несиелендіруде жабдықтаушы сатып алушыға несиеге тауар береді. Оны алушы жабдықтаушының атына вексель толтырып ұсынады және жабдықтаушы ол вексельді банкке кепілдікке беру арқылы қарыз алады. Бұл арада қарыз алу уақытында тауарлы түрдегі вексель қарызды қайтару уақыты жеткенде ақшалай қайтарылады.
Коммерциялық несиенің банктік несиеге өтуі дисконттау, яғни вексельдерді, шот фактураны (факторинг) және басқа да коммерциялық бағалы қағаздарды есепке алу жолымен, немесе вексельдерді кепілге алып, қарыздар беру нәтежиесінде жүзеге асырылады. Есепке алу операциясы банктің ақшалай қарыз міндеттемелерді сатып алуын сипаттайды, вексельді есепке ала отырып, банк клиенті өтімді қаржыларға ие болады, сондай-ақ банкке алынған соманы қайтару міндетінен құтылады, себебі, банк оларды тікелей вексель берушіден талап етеді.
Вексельді кепілге алып берілетін қарыздар-мерзімді болады, егер де вексель иесі алдын ала келісілген мерзімге банкіден оларды сатып алуға міндетті болса, немесе онкольдық (несие беруші кез келген сәтте өтеуді талап ете алатын несие) болса, онда қарыздарды қайтаруды банктің кез келген уақытта талап етуге құқы бар.
Вексельді кепілге ала отырып, банк қарыздың ең жоғарғы мөлшерін, кепіл мөлшерін және шот бойынша қарызбен қамтамасыз ету арасындағы пайыз қатынасы, пайыз мөлшерін және банк комиссиясын анықтайды. Несиелік шартта банктің қарыз сомасын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz