Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік мұражайының ақпараттар жүйесін құру


КІРІСПЕ

Мұражай, музей, (грек тілінде museіon - муза сарайы) - тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, т. б. мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме.

Мұражай заттық және рухани құндылықтарды танытуда, ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, осы негізде тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқарады. Мұражай ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді.

Мұражай негізгі бaғыты тұрғысынан бірнеше топтарға бөлінеді: тарихи музейлер (жалпы тарих, археологиялық, антропологиялық, этнографиялық, нумиcматикалық, т. б. ), көркемөнер музей (көркемөнер, мүсін, қолөнер, қолдaнбалы өнер, театр, музыка кино, т. б. музейлер), ‘‘жаратылыстану музейі’’ (биологиялық, зоологиялық, геологиялық, минералдық, палеонтологиялық, т. б), техникалық музейлер (авиация, автокөлік, кеме жасау, тау-кен ісі, өнеркәсіп, өндіріс өнімдері, т. б. ), ‘‘кешенді музейлер’’ (тарих, шаруашылық, жаратылыстану, т. б. бағыттарды біріктіріп, жұмыс істейтін кең профильді өлкетану музейлері), мемориалдық музейлер (мемлекетке, өнерге, әдебиетке ғылымға еңбегі сіңген белгілі адамдардың жеке өнері мен қызметіне арналған музейлер) .

Қазақстанда музейлер тарихы 1830 жылдан басталады. Орынборда жергілікті халықтың тарихы мен этнографиясын сипаттайтын мұралар негізінде 1831 ж. Неплюев әскери училищесі жанынан губерниялық музей ашылды. Бұл мұралар қазіргі таңда ҚР Орталық Мемлекеттік музейінің негізгі қорын құрауда. Қaзақстанда 1913 ж. - 3, 1927 ж. - 6, 1937 ж. - 19, 1939 ж. - 25, 1970 ж. - 29 музей болса, қазіргі таңда музейлер саны 154-ке жетті.

Мұражайдың адамзат тарихындағы алатын орны ерекше екені белгілі. Қазіргі кезеңде мұражайлар алдында болашақ үшін мәдени мұраны сақтау және тарихи мәнді құндылықтарды замандастар үшін көрсету, насихаттау мәселелері тұр. Мәдени құнды көне заттарды көрсету, жалпыадамзаттық мәнін ашу арқылы мұражайға келушілердің адамгершілік, рухани өсуіне әсер ету, ағарту мақсаттарын әрбір мұражай өз саласына сай музейлік орта жағдайында іске асыруда.

Қазақстандағы мұражай әлемі, оның дамуы, келушілерге беретін білім, тәрбиелік, ағарту бағытындағы жұмыстары ерекше. Қазіргі кезде Қазақстан мұражайлары әлемдік мұражайлар тәжірибесінен өткен, жалпыға тән мұражай қызметінің негізін басшылыққа алып жұмыс жүргізуде.

Қазақстандағы алғашқы мұражайлардың негізін қалауда өлке тарихын, мекендеген тұрғындардың заттай мәдениетін зерттеу, жинақтаумен айналысқан сол кездегі өлкетану-шылардың, қазақ ұлтынан шыққан ағартушылардың, білімді адамдардың орны екекше болды. Дүниежүзінде болып жатқан өзгерістер, жаңа даму үрдісі, техника жетістіктері жаңа көрмелер ұйымдастыруға жетелеген. Сол даму жүйесі Қазақстан мұражайларының негізінің қалануына себеп те болды. Оқу құралында осы тақырыптар қамтылды. Қазақстандағы XIX-XX ғасырдағы, қазіргі кездегі мұражай ісінің дамуы, осы бағытта жүргізілген жұмыстар, мұражай ісі, көне ескерткіштерді, өнер туындылары мен табиғатты қорғау комитетінің, алаш зиялыларының мұражай саласын өркендетудегі жұмыстары, Халықаралық және Ұлттық мұражай комитетінің құрылу тарихы, Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының мұражай ісін дамытудағы маңызы көрсетіледі.

Қазіргі кезде тәуелсіз елімізде 200-дей мұражай жұмыс жүргізеді. Елімізде мұражай мамандарын дайындайтын оқу орындарында мұражай мамандары «Музей ісі және ескерткіштерді қорғау» мамандығы бойынша дәріс алып, еліміздің мұражайларында жемісті еңбек етуде.

Қазақстандағы XIX ғасырдағы мұражайлардың қор, экспозиция жұмыстары сол кезеңнің талабы деңгейінде болғаны белгілі. XX ғасырдағы мұражай ісінің дамуы да қоғамдағы өзгерістермен қатар жүрді. Жаңа заман, жаңа өзгерістер мұражай ісінің өзгеріп, жаңа сатыға көтерілуіне көмектеседі. Қазақстан мұражайларының даму тарихы әр өлке, облыстағы мұражайлардың құрылуымен, қорларының жинақталуымен, ағарту, насихат жұмыстарының дамуымен бірге жүрді.

Қазақ тарихындағы заттай мәдениет туындыларының, қазақ жерінің жануарлар, өсімдіктер дүниесінің дамуы, жер беті мен қойнауындағы кен-байлықтардың үлгілері алғашқы мұражайлар мен жеке өлкетанушылардың коллекцияларының негізін құраған болатын. Оқу құралында Қазақстандағы XIX-XX ғғ. басындағы мұражай ісінің қалыптасу тарихы, Қазақстан аумағында алғашқы мұражайлардың құрылуы, жергілікті әкімшілік пен өлкетанушылардың қазақ халқының заттай мәдениет туындыларын жинақтаудағы қызметі мен олардың көрмелерде көрсетілуі зерделенген.

Қазақстандағы мұражай ісін дамытудағы зерттеуші ғалымдардың еңбегі, зерттеулерінің маңызы туралы мәліметтер қамтылады. XX ғасырдағы мұражай ісі, Кеңес Өкіметі кезіндегі атап айтқанда, 1917 -1930 жж. Кеңес өкіметінің мұражай ісіне арналған қызметтері, Қазақстан аумағында мұражай жүйелерінің құрылуы, 1930-1940 жж. Қазақстандағы мұражай ісі көрсетіледі. Сонымен қатар елдегі 1946-1985жж. қазіргі таңдағы мұражай ісі қарастырылады. Халықаралық, ұлттық мұражай комитеттерінің қызметтері, қазіргі таңдағы мұражайларға байланысты басылымдар, Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының маңызы туралы айтылады.

Оқу құралы мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау, тарих мамандығының студенттеріне арналған ҚР мемлекеттік Жалпы білім беру стандарттары мен типтік оқу бағдарламасына сай жазылды.

Қазақстандағы мұражайлардың қалыптасу мәселелерін қарастырып, зерделеуге назар аударылды.

1. Мұражайдың жалпы тарихы

1. 1. Біздің көрсететін қызметтеріміз

Еліміздің ең ірі, әрі байырғы мұражайы - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық мұражайының 300 мың бірліктен астам қорлар мен экспозициялық коллекциялар негіздері XIX ғ. 30-шы жылдарының басында - Неплюев Кадет корпус қызметкерлерінің күш-жігерлерімен қаланды. Аталған әскери оқу орнында құрылған шағын мұражай ол кезде «Орынбор Өлкесінің Музеумі» деп аталды. Десе де, мұражайдың түпкілікті қалыптасуы тек 1929 жылы Алматы қаласында аяқталды. Мұражай қорларына Орынбор өлкесі мұражайының экспонаттарымен қатар, Жетісу облыстық мұражайының бай коллекциясы да кіргізілді.

1944 жылы мұражай - «Орталық мемлекеттік мұражай» мәртебесін алды. Қазіргі кезде мұражай халықаралық мұражай құрылысының идеологиясы мен технологиясына сәйкес құрылымдық-функциональдық реформалау және жетілдіру сатысынан өткізілуде. Бұл ретте шешуші мақсат барлық дерлік салалық мұражайылық бөлімшелерді біздің мұражайы мыздың қызметтерінің тиімділігін қамтамасыз етудің негізі факторы ретінде және бас тетігі ретінде «ғылымдастыру» болып табылады. Бұл жерде археология, этнография, тарих қорларын тиісті ғылыми бөлімдермен біріктіру, дәлірек айтқанда, осы «аса» бірегей қор құрылымдары болып табылатындарды археология, этнология және тарих бөлімдері құрамына біріктіру туралы сөз болып отыр. Отандық мұражай ісіндегі қызметтің принциптік жаңа ұйымдастыру нысаны мұражайдың ғылыми қызметкерлері үшін тікелей қор және экспозициялық материалдармен жұмыс істеудің нақты мүмкіндіктер көзін ашты. Біздің мұражайымыздың құрылымын институттандырудың осындай жаңа деңгейі арқасында неғұрлым бағалы қор және экспозициялық коллекцияларын каталогтау ісін іс жүзінде аяқтауға мүмкіндік туды. Мұражай жұмысын ұйымдастырудың және де өте қызықты бір түрі - бір мезгілде мұражай қызметінің әрі жаңа деңгейі, әрі мәдени-білім қызметін ұйымдастырудың жаңа түрі ретінде түсінілетін арнайы залдардың: «Ашық қор», «Антропология мұражай», «Н. Г. Хлудов залдарының» құрылуы деуге болады. Жұмыстың мұндай түрі келушілерге бәрінен бұрын аса бағалы тарихи этнографиялық және археологиялық артефактілерден тұратын қолжетімсіз қор коллекцияларымен танысуға кең мүмкіндікке жол ашады. Сәйкесінше көрнекті археолог-ғалымдар К. А. Ақышев пен А. С. Подушкин орындаған «Андронов дәуірі әйелінің» (б. з. д. XIV- IX ғғ. ) және "Қаңлы әйелінің" (б. з. д. II ғ. . - б. з. IV ғ. ) киімдері мен керек-жарақтарының жаңа жаңғыртпалары біздің мұражайдың мақтанышы екендігі сөзсіз. Белгілі қалпына келтіруші К. Алтынбеков Әлішер Ақышевтің принциптік жаңа ғылыми жобасы бойынша жүзеге асырған атақты Есіктен табылған «Алтын адамның» - даңқты сақ жауынгерінің рәсімдік-жоралық киімі мен керек-жарақтарының жаңа жаңғыртпасы айрықша қызығушылық тудырады.

  • Мұражай ғимараты өте жақсы жабдықталған, өз ғимаратын түрлі іс-шаралар - тұсаукесерлер, брифингтер, конференциялар және т. б. өткізуге ұсынады.
  • Мұражай экспозициялары мен көрмелеріне шолу, тақырыптық экскурсиялар жүргізу.
  • Қазақстан Республикасының тарихы бойынша халықтың түрлі категориясына кеңестер.
  • Қазақстан тарихы бойынша мекемелер, оқу орындары, әскери бөлімдерде және т. б. музейден тысқары өткізілетін дәрістер мен жылжымалы көрмелер ұйымдастыру.
  • Республиканың мұражайларына - облыстық, қалалық, аудандық, мемориалдық және тарихи-мәдени, сондай-ақ, кәсіпорындар, ұйымдар, институттар мен мектептерде құрылған қоғамдық мұражайларға жан-жақты ғылыми-әдістемелік көмек көрсету.
  • Мұражайлар қызметкерлеріне ҚР МОМ қабырғасында да, одан тысқары жерлерде де «Музеолог» БҚ жұмысын оқытып-үйрету.
  • Келушілер мен Қазақстаннның ғылым және мәдениет өкілдері, атақты қоғамдық-саяси қайраткерлер, тарихи оқиғалар куәгерлері арасында кездесу ұйымдастыру.
  • Көркемдік және сәндік қолданбалы өнер туындыларын бағалауға көмек көрсету.
  • Көрмелер ұйымдастыру, қажетті құжаттар мен барлық түрдегі ұсынылатын кеңестерді дайындау.
  • Мерзімді басылымдар, радио, телеарналар арқылы қоғамда кең көлемді қызығушылық туғызатын мұражай өмірінің маңызды жаңалықтары: көрмелер мен жаңа экспозициялардың ашылуы, қор материалдарына түсілімдер, раритет жәдігерлер мен коллекциялар сақтау, ғылыми экспедициялар нәтижелері жайлы ақпарат тарату.
  • Тапсырыс берушімен келісе отырып, жарнамалар, дипломдар, шақыру қағаздарын дайындау.

Мұражайда өткізілетін іс-шаралар:

1. Түрлі көрмелер - мемориалдық, мерейтойлық, жеке және т. б. ;

  1. Конференциялар, семинарлар, брифингтер;
  2. Шығармашылық кездесулер;
  3. Жәрмеңкелер, фестивальдар, тұсаукесерлер; біркүндік акциялар;
  4. Шоу-іс-шаралар

өткізуге Қазақстанның, алыс және таяу шетелдің ғылым, мәдениет және өнер қайраткерлерін - суретшілер, мүсіншілер, дизайнерлер, ақын-жазушылар, әртістеді, елшілік, консулдық, компаниялар, бизнес-құрылымдар, БАҚ және т. б. өкілдерін ынтымақтастыққа шақырады.

  1. Экспозициялар

Бірінші зал экспозициялық екі кешеннен: палеонтологиялық және археологиялық кешендерден тұрады. Экспозициялық кеңістікті ұйымдастырудың мұндай принципі адамзаттың нәсілдік-генетикалық және әлеуметтік тарихының екі іргелі - табиғи және антропогендік бастауының өзара тәуелділігіне және байланыстылығына негізделіп алынған.

Палеонтологиялық экспозицияларда біздің республикамыздың 300-ден астам тұрғылықты орнының экспонаттары ұсынылған. Қазақстан үшін палеонтология ғылымы өзінің қойнауынан барлық 12 геологиялық дәуірді растайтын дәлелдердің толықтығымен бірегей болып отыр.

Археологиялық экспозиция тас ғасыры, қола дәуірі, ертедегі темір ғасыры, хун-сармат дәуірі, орта ғасырлар бөлімдерінен тұрады. Экспонаттар залдың екі деңгейінде тақырыптық және хронологиялық жүйелілікпен орналасқан.

Экспозицияның бастапқы бөлігінде адамның шығу тегі мен дамуы көрсетілген. Африка, Еуропа және Азия аумақтарынан қазып алынған маймылдар мен ертедегі адамның сүйектерінің қалдықтары олардың эволюциясының негізгі кезеңдерінің нобайын жасауға мүмкіндік берді. Мұнда аса құнды археологиялық олжалардың көшірмелері, оның ішінде Есіктен табылған сақ бекзадасының - әйгілі “Алтын адамның” ғұрыптық киімі мен қару-жарағы, Қарғалы және Жалаулы көмбелерінен алынған бірегей ежелгі алтын бұйымдар, ежелгі жерлеу орындары, культтік ғимараттар, ортағасырлық сәулет өнері ғимараттарының макеттері, бірегей археологиялық ескерткіштерден құрылған диорамалар түзілген.

Екінші зал экспозициясы ХҮ ғасырдың аяғында жеке мемлекет құрып, көшпелі және жартылай көшпелі тірлік кешкен қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің барша этнографиялық өзіндік болмыс-бітімдерімен - өмір салтымен, шаруашылықтарымен таныстырады. Қазақ қоғамының негізгі сипаттары көрсетілген, көшпелілердің мәдени дәстүрлерінің өзіндік ерекшеліктері туралы бейнелі ұғым беріледі.

Залдың орталық орнын дәстүрлі қазақ мәдениетінің символы - киіз үй алған. Бұл - даланы мекен етушілердің баспаналарының негізгі түрі. Ол көшпелі өмір салтына барынша толық сәйкес келеді. Әрбір экспозициялық кешенде қазақтардың өзіндік мәдени дәстүрлерін көрнекі түсінуге мүмкіндік беретін сирек кездесетін экспонаттар ұсынылған. Залға кіреберістің оң жағында дәстүрлі социумның саяси құрылымына арналған көрме орналасқан. Хан билігінің атрибуттық жәдігерлері (ақшалар, мөрлер, салтанатты рәсім-жоралық костюм) ұсынылған.

Үшінші зал экспозициясы: «Қазақстанда тұратын халықтардың тарихы мен этнографиясы» және «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында. 1941-1945» атты екі бөлімнен тұрады. XVII-XVIII ғғ. бастап Қазақстанның Ресей құрамына кіргеннен кейін, шаруаларды Украинадан, Белоруссиядан, Ресейден қоныс аудару үрдісі басталды. XIX ғасырда Қазақстанға Қытайдан ұйғырлар мен дүнгендар қоныстандырылды. XX ғасырда социалистік революция, ұжымдастыру, халықтардың жаппай жер аударуы мен репрессияға ұшырауының, Ұлы Отан соғысы жылдары көшірілгендердің келуінің нәтижесінде, тың жерлерді игеру кезінде республика шегінен (корейлер, әзербайжандар, немістер, татарлар, өзбектер, және т. б. ) халықтың көшіп келуі күрт өсті. Осының нәтижесінде қазіргі уақытта біздің мемлекетте 100-ден аса этникалық топ тұрады, олардың халық саны 100 мың адамнан асады. Республикада диаспоралардың 50 мыңнан кемін поляктар, ингуштар, еврейлер, армяндар және т. б. құрайды. Залдың экспозициясы келушілерді осы диаспоралардың тарихы, мәдениеті, тұрмыс-тіршілігімен таныстырады. Залдың экспозициялық кешенінің арнайы бөлімі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы (1941-1945 жж. ) Қазақстан тарихына арналған. Ол: «Тыл -майданға» және «Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы майдандарында» атты екі үлкен бөлімнен тұрады.

« Тыл - майданға » экспозициясы соғыс жылдарында Қазақстан аумағында жұмыс істеген ғылыми және мәдени мекемелердің қызметіне, экономикаға, халық шаруашылығына арналған. Ғылым мен мәдениетке арналған Орталық орынды, ғалым-геолог Қ. И. Сәтбаевтың қызметі туралы әңгімелейтін экспонаттар алады. Экспозицияның бөлімдерінің бірі соғыс жылдарындағы рухани «қару» - әдебиет пен өнерге арналған.

«Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы майдандарында» экспозициясы Брест бекінісі, Мәскеуді, Сталинградты, Ленинградты қорғаушы және Берлин операциясына қатысушы қазақстандықтарға арналған.

Төртінші залдың экспозициясы тәуелсіз Қазақстанның тарихына арналған, мұнда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері - Елтаңба, Ту, Әнұран, ҚР Президентінің Штандарты, ұлттық валюта, мемлекеттік марапаттар, сондай-ақ, біздің мемлекетіміздің жаңа Елордасы - Астана қаласының қалыптасу кезеңдерін бейнелейтін экспонаттар бар. Қазақстанның экономикасы, білім беру жүйесі, денсаулық сақтау, мәдениеті, ғылым жән спорт ерекше қызығушылық тудырады. Экспозицияның үлкен бөлімі ҚР Бірінші Президенті Н. Ә. Назарбаевқа арналған. Көрмелерде үлкен тарихи құндылығы бар экспонаттар - Елбасының инаугурациялық атрибуттары - халық шебері Д. Т. Сұлтанмұратов арнайы дайындаған және 1992 жылы қыркүйекте өткен қазақтардың Бүкілдүниежүзілік құрылтайында Президентке сыйлаған шапан, айырқалпақ, белдік көрсетілген. Экспозицияның ерекше бөлімі Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевқа шет елдік мемлекеттердің басшылары мен делегациялары тапсырған сыйлықтарын көрсетеді. Олар Қазақстанның халықаралық қауымдастықта барынша артып келе жатқан беделінің куәсі болып табылады. 1995жылы қабылданған ҚР Конституциясы да осы жерден орын алған. ҚР мемлекеттік марапаттары - «Халық қаһарманы», «Парасат», «Алтын Қыран», «Отан», «Даңқ» және т. б. ордендерге бөлек бөлім арналған. Мұражайдың «жас буын» экспонаттарына - Қазақстанда шығарылған ақша белгілері, маркалар, қазіргі заманғы тұрмыстық заттар, космонавтиканы дамыту, қоршаған ортаны қорғау бойынша материалдар, Қазақстанның діни конфессиясының тарихы, қазақстандық шеберлердің халықтық-қолданбалы өнер туындылары, өндірістік және ауылшаруашылық өнімдерінің үлгілерін жатқызамыз.

Қазақстан мұражай ісінің тарихында алғаш рет ҚР Мемлекеттік Орталы мұражайында, біздің мұражайымыздың мәдени-білім беру және ғылыми-зерттеу қызметінің жаңа түрі ретінде, «Ашық қор» экспозициялық кешені ұйымдастырылды. Осының арқасында келушілер қор коллекцияларының бұрын соңды белгісіз болған қазыналарын көре алатын болды. Тақырыптық негізде құрылған «Ашық қор» экспозициясы жаңа коллекциялық материалдарды көрсету арқылы мерзімді түрде жаңарып тұрады.

Алтын - адамзаттың алғаш меңгерген металдардың бірі. Жоғары иілімділік, табиғи бекзаттық, әдемі сары түсі оны зергерлік өнердің негізгі материалдарының бірі етті. Тарихтың сонау терең қойнауынан алтыннан жасалған көркемдік бұйымдар қазіргі біздің заманымызға бүлінбеген күйі сол алғашқы қалпында жетті. Жалаулы қоймасы. Б. з. д VIII - VIIғғ. 1988 жылы көктемде Алматы облысы, Кеген ауданы, Жалаулы ауылынан мектеп оқушылары киіз қаптан 600-ден астам алтын бұйымдар тапқан. Жалаулы қоймасы осылайша ашылған, одан табылған заттар б. з. д. VIII - VII ғғ. Жетісуды мекен еткен сақтардың бай қиялын, нәзік шығармашылық талғамын және аса биік өнерін көрсетеді. Шілікті қорғанының қазынасы. Б. з. д. VII -VI ғғ. Зайсан ауданы Шілікті биік таулы жазығында б. з. д VIII-III ғғ. Шығыс Қазақстан облысында мекендеген сақтардың «патша обалары» шоғырланған. Алғаш шілікті қорғанының қазбаларын қазу жұмыстары 1946 жылы С. С. Черниковтың жетекшілік етуімен, КСРО ҒА Археология институтының Ленинград бөлімінің Шығыс-Қазақстан экспедициясы жүргізді, ол содан кейін 1960 жылы жалғастырылды. С. С. Черниковтың № 5 оба қазбалары заттары Эрмитажда сақталған, № 7 оба қазбаларының кейбір заттары ҚР МОМ Ашық қорында қойылған. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Археологиялық экспедициясы Шілікті 2 қорымының № 1 оба қазбаларын қазу жұмыстарын жүргізді. Шілікті қорымының диаметрі 100 метрге жуық, биіктігі - 7, 9 м. Қорғанның астынан бөрене жапырақтарымен көмкерілген жерасты бөлмесі табылған. Бір кезде қоры бай болған, ерте кезде тоналған қорымнан алынған 4263 алтын бұйым қазіргі кезде ҚР МОМ қорында сақтаулы. Тарасу алтыны. Б. з. д. VII - VI ғғ. Тарасу алтынын З. Самашевтың жетекшілігімен Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология институт экспедициясы 1988ж. Шығыс Қазақстан облысының Қатон-Қарағай ауданының Тарасу обасынан тапқан. Барлық қазбалар, соның ішінде жерленген адамның алтыннан жасалған заттары: жыртқыштың құйылған мүсіні, конус пішініндегі аспалы екі сырға, теріс жағында ілгегі бар екі түйме 2001 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық мұражайының қорына тапсырылған. Екінші Покровка қорғанының алтыны. Б. з. д. V ғ. 1911 жылы шаруалардың тонаушылық қазбаларының нәтижесінде Орал уезінің Покровка с. (қазіргі кезде Ақтөбе облысы) маңында, Екінші Покровка қорғанынан табылған әшекейлер ежелгі савроматтардың зергерлік өнерінің тамаша үлгісі болып табылады. Бай әйел жерленген орынан отызға жуық алтын әшекейлер табылған, олардың ішінен скиф-сібірлік «аң» стилінде жасалған бұйымдар ерекшеленеді. Шірікрабад зиратынан (IV - б. ғ. бірінші ғғ. ) және Қылышжар зиратынан (б. з. д. III-I ғғ. ) табылған алтын ҚР Археология иниститутының Шірікрабад экспедициясы 2004 -2005ж т. ғ. к Ж. Қ. Құрманқұловтың жетекшілігімен Қызылорда облысы аумағындағы Жаңадария өзенінің оң жағасында орналасқан Шірікрабад (№ 1 нысан) кешенінен тапқан дүниелер Арал өңірі сақтарының зергерлік өнерінің үлгісі деуге болады. Жерлеу орнынан барлығы 400-ден астам алтын бұйым табылды. Бұлар қалыптау, шыңдау, кесу, ширатпа тәсілдерімен жасалған киім әшекейлері. Қарғалы көмбесі. Б. з. д. II - I ғғ. 1939 жылы Алматы қаласының батысындағы Қарғалы шатқалындағы жартас астынан әйел қабірі және 300-ден астам алтын әшекей табылған. Б. з. д II-I ғғ «аң» стилінен кейін қалыптасқан безендіру стиліндегі қарғалылық әшекейлер ежелгі үйсіндердің зергерлік өнерінің шыңы деуге болады.

«Антропология мұражайы» экспозициялық кешені - бір жағынан, қазіргі адамдардың пайда болуы мен жер бетінде таралу үрдісін, екінші жағынан Қазақстанның этно- және нәсілдік-генетикалық тарихын көрсететін артропологиялық және археологиялық бірегей заттарды танытатын Орталық Азиядағы жалғыз мұражай.

Зал экспозициясы шартты үш бөлікке бөлінген:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарихи - өлкетану жұмыстарының формалары және әдістері
Академик Ә. Х. Марғұланның ғылыми еңбектері
Қазақстан музейлерінің бүгіні мен ертеңі
Тарихи өлкетану материалын тарих сабағында пайдалану әдістері
Туған өлкенің тарихы
Музей ісі және есткерткіштерді қорғау
Қазақстан Республикасы мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы
Ыбырай Алтынсариннің мұрасы
Сібір казактарынан Сібір жер аударылғанға дейін
Ахмет Жұбанов атындағы мемориалды ескерткіш
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz