Құқық құрылымы және құқық жүйесі туралы түсінік



Жоспары:

1. Құқық құрылымы және оның түрлері.
2. Құқық жүйесі және даму бағыттары.
3. Құқық жүйесінің қатынасы.

Қорытынды:

1. Құқықтық құрылым.
1. Құқық құрылымы және оның түрлері.

Құқық - бұл қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, мемлекетпен орнықтырылатын және қамтамасыз етілетін, жалпыға міндетті, формальды анықталған заң нормаларының жүйесі.
Құқықтың белгілері:
1). еріктілік сипаты;
2). жалпыға міндеттілігі;
3). нормативтілігі;
4). мемлекетпен байланысы;
5). формальды анықталғандығы;
6). жүйелілігі.
Құқықтың қоғамдық жоғарғы мақсаты қоғамдағы бостандықты нормативтік тәртіпте қамтамасыз етуінен және кепілдеуінен, әділеттілікті қалыптастыруынан, қоғамдық өмірден қателіктер мен өз бетімен кетушіліктерді жоя отырып, қоғамдағы экономикалық және рухани факторлардың әрекет етуіне мейлінше жағдай жасауынан көрініс табады.
Құқықтың құндылығы - бұл кұкықтың азаматтардың және
жалпы қоғамның әлеуметтік әділетті қажеттіктері мен мүдделерін
қамтамасыз ету құралы мен мақсаты ретінде қызмет ете алу қабілеті. Құқықтың әлеуметтік құндылығының төмендегідей негізгі көріністерін атап өтуге болады:
1) құқық адамдардың әрекеттеріне ұйымдастырушылықты,
тұрақтылықты, үйлесімділікті дарыта отырып, олардың бақы-
лануын қамтамасыз етеді, осы арқылы ол қоғамдық қатынастарга
реттеушілік элементін енгізе отырып, оларды еркениетті құбылысқа айналдырады;
2) құқық тұлғалардың ерекше мүдделерін үйлестіру арқылы
олардың жүріс-тұрысы мен қызметіне әсерін тигізеді, яғни, құқық
жеке мүдделерді басып-жаншымайды, керісінше, оны қоғамдық
мүддемен үйлестіреді;
3) кұқық тұлғаның қоғамдағы бостандығын көрсетуші және анықтаушы болып табылады және осы бостандықтың шегін, шамасын анықтайды;
4) құкық әділеттілік идеясын көрсету қабілетіне ие, яғни, құқық материалдық игіліктердің дұрыс және әділетті бөлінуінің талаптарын орнықтырады, барлық азаматтардың заң алдындағы теңдігін бекітеді;
5) құқық қоғамдық дамудың тарихи кезектілігіне сәйкес қоғамның жаңаруының қайнар көзі болып табылады; әсіресе, оның құндылығы тоталитарлық режимдердің құлауы мен жаңа нарықіық механизмдердің бекітілуі жағдайларында өсе түседі;
6) құқықтық тәсілдер халықаралық және ұлтаралық сипаттағы мәселелерді шешудің негізі және жалғыз құралы болып табылады.
Құқықтың мәні өркениеттілік жағдайында қоғамдық қатынастарды реттеуден,нормативтік негізде қоғамның тұрақты ұйымдастырылуына жете отырып, демократияның, экономикалық бостандықтың, тұлға бостандығын жүзеге асырылуынан көрінеді.
Құқықтың мәнін қарастыруда екі аспектіні ескерудің маңызы зор:
1) формальдық - кез-келген құқықтың ең алдымен реттеуші екендігі;
2) мазмұндық - осы реттеушінің кімнің, мүдделеріне қызмет ететіндігі.
Құқықтың мәнін түсінуде келесі тәсілдерді бөліп атауға болады:
- таптық, бұның шегінде құқық экономикалық үстемдік құрушы таптың занда көрініс тапқан мемлекеттік еркін білдіретін, мемлекетпен кепілденген заң нормаларының жүйесі ретінде анықталады;
- жалпыэлеуметтік, бұның шегінде құқық қоғамдағы әртүрлі таптардың, элеуметтік топтардың арасындағы келісімнің көрінісі ретінде қарастырылады.
Объективтік құқық - бұл қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, мемлекетпен орнықтырылатын және қамтамасыз етілетін, жалпыға міндетті, формальды анықталған заң нормаларының жүйесі. Объективтік құқық - бұл нақты бір мемлекеттегі белгілі бір кезеңдегі заңнама, заң әдеттері, заңды прецеденттер және нормативтік шарттар. Оның объективтілігі жеке тұлғаның еркі мен санасынан тәуелсіз болып, оған тиесілі болмауынан көрініс табады.
Субъективтік құқық - бұл тұлғаның жеке мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған, заңды мүмкін жүріс-тұрыстың шамасы. Субъективтік құқықтар ретінде адамның нақты құқыктарын (еңбек етуге, білім алуға және т.б. құқық) атауға болады, олардың субъективтілігі тұлғамен байланыстылығынан, оған тиесілігінен және оның санасы мен еркінен тәуелділігінен көрінеді.
Занды мағынадағы құқықпен (объективтік және субъективтік құқықтар) қатар табиғи құқық та болады, ол өмір сүруге, бостандыққа және т.б. құқықтарды қамтиды. Табиғи құқықтың қатарына жататын құқықтар бір жерде бектілген-бектілмегеніне қарамастан өмір сүреді, олар өмірдің өзінен тікелей туындайды.
Табиғи құқыққа қарағанда занды мағынадағы құқық (объективтік және субъективтік құқық) позитивтік құқық ретінде көрініс табады, яғни, олар заңдар мен басқа да қайнар көздерде бекітілген.
Позитивтік құқықтың негізгі сипаттары:
а) оны адамдар немесе қоғамдық құрылымдар-заңшығарушылар, соттар, құқық субъектілер қалыптастырады, яғни, олардың шығармашылығының, мақсатты ерікті қызметінің нәтижесі болып табылады;
ә) ол заңдар немесе басқа да қайнар көздер түрінде, яғни, жай ой, идея түрінде ғана емес, нақты сыртқы көрінісі бар ақиқат ретінде өмір сүреді.
Қолданылған әдебиеттер:

1. Сулейменов М.К. Развитие института права собственности в законодательстве Казахстана. Научные труды. Әділет, 2000
2. Шершеневич Г.Ф. Учебник русского гражданского права. – М., 1995 г.
3. Бибиков А.Н. Правовые проблемы реализации государственной собственности. – Иванова , 2002г.
4. Сулейменов М.К. Коментарий к Закону РК «О собственности», Бизнес и права в Казахстане, 2001г.
5. Витрянский В.Г., Суханов Е.А. Защита права собственности. М.2002
6. З.О.Ашитов, Б.З.Ашитов «Егемен Қазақстанның құқығы» А.1997
7. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі А,2002
8. А.Ибраева, Г.Әлібаева, Қ.Айтқожин «Қазақстан Республикасының Үкіметі» А.2006
9. Ғ.Сапарғалиев «Қазақстан Республикасының құқығы» А.2004
10. Н.Р.Күнқожаев «Адам және қоғам» А.1997
11. Н.Дулатбеков және т.б. «Мемлекет және құқық негіздері» А.2001
12. Ғ.Маймақов «Қазақстан Республикасының саяси – құқықтық тарихы» А.2000
13.Джусупов А.Т. Право собственности и иные вещные права. —Алматы:
Жеті жарғы. 1996
14.Суханов Е.А. Лекции о праве собственности. —Москва: 1991 г.
15.Римское частное право. Учебник /Под.ред проф. И.Б.Новицкого и С. Перетерского. —М.Юрист, 1994
16. Жанайдаров И.У. Проблемы реадизации права государственной собственности. – Алматы . Қазақстан, 1994
17. Д.А.Булгаков, А.Ж.Истаев «Мемлекет және құқықтық жалпы тарихы»А.2000
18. Ө.Қ.Қопабаев «Шетелдердің Конституциялық құқығы» А.1998
19. Ғ.Сапарғалиева «Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері».А.1994
20. С.С.Алексеев «Теория права» М.1993
21. А.Қ.Мұхтарова «Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы» А.1999

22. Конституции 16 стран мира. Алматы Жеті – жарғы. 1995
23. Абельдинов А.К, Копабаев О.К. Конституционное право зарубежных стран. Алматы «Жеті жарғы». 1997
24. Алексеев С.С. Теория права. М: Юридическая литература.1993
25.Арановский К.В. Государственное право зарубежных стран. М. 1998
26. Барнашев А.М. Теория разделения властей: становление применение. Томск. Изд – во ТОМД ун – та. 1988.
27. Баренбойм И.Д. Три тысячи лет доктрины разделении властей. Суд Сьютера. М. 1996г.
28. Башиев Ж.М. Судебная защита конституции. Алматы: Жеті жарғы. 1994

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Респбликасының Білім және Ғылым
Министрлігі.

М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан
Гуманитарлық Институты.

Тақырыбы: Құқық құрылымы және құқық
жүйесі туралы түсінік.

Орындаған:
Қабылдаған:
Тобы:

Шымкент 2009 ж.

Тақырыбы: Құқық құрылымы және құқық жүйесі туралы
түсінік.

Жоспары:

1. Құқық құрылымы және оның түрлері.
2. Құқық жүйесі және даму бағыттары.
3. Құқық жүйесінің қатынасы.

Қорытынды:

1. Құқықтық құрылым.

1. Құқық құрылымы және оның түрлері.

Құқық - бұл қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, мемлекетпен
орнықтырылатын және қамтамасыз етілетін, жалпыға міндетті, формальды
анықталған заң нормаларының жүйесі.
Құқықтың белгілері:
1). еріктілік сипаты;
2). жалпыға міндеттілігі;
3). нормативтілігі;
4). мемлекетпен байланысы;
5). формальды анықталғандығы;
6). жүйелілігі.
Құқықтың қоғамдық жоғарғы мақсаты қоғамдағы бостандықты нормативтік
тәртіпте қамтамасыз етуінен және кепілдеуінен, әділеттілікті
қалыптастыруынан, қоғамдық өмірден қателіктер мен өз бетімен кетушіліктерді
жоя отырып, қоғамдағы экономикалық және рухани факторлардың әрекет етуіне
мейлінше жағдай жасауынан көрініс табады.
Құқықтың құндылығы - бұл кұкықтың азаматтардың және
жалпы қоғамның әлеуметтік әділетті қажеттіктері мен мүдделерін
қамтамасыз ету құралы мен мақсаты ретінде қызмет ете алу қабілеті. Құқықтың
әлеуметтік құндылығының төмендегідей негізгі көріністерін атап өтуге
болады:
1) құқық адамдардың әрекеттеріне ұйымдастырушылықты,
тұрақтылықты, үйлесімділікті дарыта отырып, олардың бақы-
лануын қамтамасыз етеді, осы арқылы ол қоғамдық қатынастарга
реттеушілік элементін енгізе отырып, оларды еркениетті құбылысқа
айналдырады;
2) құқық тұлғалардың ерекше мүдделерін үйлестіру арқылы
олардың жүріс-тұрысы мен қызметіне әсерін тигізеді, яғни, құқық
жеке мүдделерді басып-жаншымайды, керісінше, оны қоғамдық
мүддемен үйлестіреді;
3) кұқық тұлғаның қоғамдағы бостандығын көрсетуші және анықтаушы болып
табылады және осы бостандықтың шегін, шамасын анықтайды;
4) құкық әділеттілік идеясын көрсету қабілетіне ие, яғни, құқық
материалдық игіліктердің дұрыс және әділетті бөлінуінің талаптарын
орнықтырады, барлық азаматтардың заң алдындағы теңдігін бекітеді;
5) құқық қоғамдық дамудың тарихи кезектілігіне сәйкес қоғамның жаңаруының
қайнар көзі болып табылады; әсіресе, оның құндылығы тоталитарлық
режимдердің құлауы мен жаңа нарықіық механизмдердің бекітілуі жағдайларында
өсе түседі;
6) құқықтық тәсілдер халықаралық және ұлтаралық сипаттағы мәселелерді
шешудің негізі және жалғыз құралы болып табылады.
Құқықтың мәні өркениеттілік жағдайында қоғамдық қатынастарды
реттеуден,нормативтік негізде қоғамның тұрақты ұйымдастырылуына жете
отырып, демократияның, экономикалық бостандықтың, тұлға бостандығын жүзеге
асырылуынан көрінеді.
Құқықтың мәнін қарастыруда екі аспектіні ескерудің маңызы зор:
1) формальдық - кез-келген құқықтың ең алдымен реттеуші екендігі;
2) мазмұндық - осы реттеушінің кімнің, мүдделеріне қызмет ететіндігі.
Құқықтың мәнін түсінуде келесі тәсілдерді бөліп атауға болады:
- таптық, бұның шегінде құқық экономикалық үстемдік құрушы таптың занда
көрініс тапқан мемлекеттік еркін білдіретін, мемлекетпен кепілденген заң
нормаларының жүйесі ретінде анықталады;
- жалпыэлеуметтік, бұның шегінде құқық қоғамдағы әртүрлі таптардың,
элеуметтік топтардың арасындағы келісімнің көрінісі ретінде қарастырылады.
Объективтік құқық - бұл қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған,
мемлекетпен орнықтырылатын және қамтамасыз етілетін, жалпыға міндетті,
формальды анықталған заң нормаларының жүйесі. Объективтік құқық - бұл нақты
бір мемлекеттегі белгілі бір кезеңдегі заңнама, заң әдеттері, заңды
прецеденттер және нормативтік шарттар. Оның объективтілігі жеке тұлғаның
еркі мен санасынан тәуелсіз болып, оған тиесілі болмауынан көрініс табады.
Субъективтік құқық - бұл тұлғаның жеке мүдделерін қанағаттандыруға
бағытталған, заңды мүмкін жүріс-тұрыстың шамасы. Субъективтік құқықтар
ретінде адамның нақты құқыктарын (еңбек етуге, білім алуға және т.б. құқық)
атауға болады, олардың субъективтілігі тұлғамен байланыстылығынан, оған
тиесілігінен және оның санасы мен еркінен тәуелділігінен көрінеді.
Занды мағынадағы құқықпен (объективтік және субъективтік құқықтар)
қатар табиғи құқық та болады, ол өмір сүруге, бостандыққа және т.б.
құқықтарды қамтиды. Табиғи құқықтың қатарына жататын құқықтар бір жерде
бектілген-бектілмегеніне қарамастан өмір сүреді, олар өмірдің өзінен
тікелей туындайды.
Табиғи құқыққа қарағанда занды мағынадағы құқық (объективтік және
субъективтік құқық) позитивтік құқық ретінде көрініс табады, яғни, олар
заңдар мен басқа да қайнар көздерде бекітілген.
Позитивтік құқықтың негізгі сипаттары:
а) оны адамдар немесе қоғамдық құрылымдар-заңшығарушылар, соттар, құқық
субъектілер қалыптастырады, яғни, олардың шығармашылығының, мақсатты ерікті
қызметінің нәтижесі болып табылады;
ә) ол заңдар немесе басқа да қайнар көздер түрінде, яғни, жай ой, идея
түрінде ғана емес, нақты сыртқы көрінісі бар ақиқат ретінде өмір сүреді.
Құқықтың пайда болу кезінен бері және оның дамуы барысында оның бір
мезетте әрі қарама-қайшы, әрі өзара байланысқан екі жағы анықталды. Бірінші
жағы - бұқаралық-құқықтық жағы, екінші жағы - жеке-құкықтық жағы.
Бұқаралық құқық - бұл мемлекеттік істер саласы, яғни, билік пен
бағыныстылық қатынастарына негізделген мемлекеттің бұқаралық билік
ретіндегі және барлық бұқаралық институттардың құрылымы және қызметі.
Жеке құқық - бұл жеке істер саласы, яғни, дербестік, субъектілердің
занды тендігі бастамаларына негізделген еркін тұлға, институттар
мәртебесі.
Құқықтың түсінігіне кірген аса маңызды белгілерінің бірі болып оның
мемлекетпен тығыз байланысы табылады. Бұл белгі мыналардан көрініс табады:
1) мемлекет құқықты ресми түрде орнықтырып, оның орындалуын мемлекеттік
мәжбүрлеу аркылы қамтамасыз етеді;
2) құқық мемлекеттік еріктің нормативтік көрінісі бола тұра, қоғамдық
қатынастарды таптық, жалпы әлеуметтік және басқа да мүдделерге сәйкес
реттейді;
3) құқық жалпыға міндетті сипатқа ие, бұл оның ерекше әлеуметтік
реттеуші, занды және заңсыз әрекеттерді өлшеуші ретінде көрініс табуына
мүмкіндік береді.
4) басқа әлеуметтік нормаларға қарағанда құқықтың реттеушілік рөлінің
ерекшелігі оның нормаларының өкілдік-міндеттеуші мазмұнымен байланысты.
Адам қоғамы дамып, қалыптасып, өмірге келген күннен бастап міндетті
түрде оның бағдарламасы, саясаты, биліктің түрі анықталады. Бұл жұмыстармен
шұғылданатын қоғамның саяси жүйесі. Ең алдымен қоғамның мүддесі мен мақсаты
анықталады. Қоғамдық бағдарламаны жасап, саяси биліктің мазмұнын
толықтырып, олардың орындалу бағыттарын, жолдарын анықтап, іске асыру
механизмін белгілейді.
Саяси жүйе қоғамның объективтік даму процесінде қалыптасып, өмірге келеді.
Саяси жүйенің негізгі міндеті экономикалық, рухани, мәдени базисқа сәйкес
қоғамдық биліктің мазмұнын анықтап, сол билікті орнату, дамыту, нығайту.
Қоғам өзгерсе, саяси жүйе де өзгереді. Адам қоғамы өзінің диалектикалық
даму процесінде бес формацияны басынан өткізіп отыр. Соған сәйкес саясаттың
бес түрі бар. Себебі әр түрлі тарихи дәуірде әр қилы оқиғалардың болуы да
заңды. Өйткені осы оқиғалардың бәрі де қажеттіліктен, қоғамның материаядық
өмірі жағдайларынан туады. Қоғамдық зандылық қоғамдық дамудың негізгі
бағытын анықтайды, кездейсоқтықтың біразын қамти отырып, заңдылық өзіне
қажеттілікпен жол табады. Қоғамдық зандылық абсолюттік идея түрінде қоғамға
сырттан тағылмайды, адам қызметі және оның әлеуметтік жағдайлары: өндіргіш
күштер, өндірістік қатынастар, өндіріс өнімдері т.б. рухани мәдениет
қосындысынан туады.
Адамдар тарихтың объективті заңдарын жасап немесе бұза алмайды, бірақ
сол заңдар алдында дәрменсіз емес. Тарихи даму заңдарын білу адамдардың ол
зандардың күшін қоғамды қайта құру үшін пайдалануына мүмкіншілік береді.
Белгілі бір заң әсер ететін жағдайды өзгерту арқылы адамдар оның
нәтижесінің түрін өзгертіп, көрінісін шапшандатады немесе баяулата алады.
Міне, осы қоғамдық зандылыққа сүйене отырып, саясат қоғаммен бірге
өзгеріп, ескіріп, жаңарып, дамып келеді. Саясаттың қоғамда атқаратын жұмысы
ұшан-теңіз, Қоғамдағы барлық мәселені реттеп, басқарып отыратын саясат пен
мемлекет.
Қоғамда бір мүдде-мақсат болады. Соған сәйкес қоғамдық билік
қалыптасады. Онсыз қоғамның мүдде-мақсатының дұрыс жақсы орындалуы мүмкін
емес. Қоғамдық билікті реттеп, басқаратын қоғамның саяси жүйесі. Қоғамдық
биліктің түрлері: саяси билік, мемлекеттік билік, ұжымдық билік, ұйымдық
билік т.б. ірі-ұсақ биліктер. Саяси жүйе мемлекетпен бірігіп қоғамның
бағдарламасын, мүдде-мақсатын анықтап, оның бағыттарын, орындау механизмін
белгілеп, міндетті нұсқау, бұйрықтар беріп, іске асуын бақылап отырады.
Саяси жүйеге мемлекет, бірлестіктер, ұйымдар, ұжымдар кіреді. мемлекет
саяси жүйеден кейінгі қоғамдағы ең күрделі, ең көлемді, ең жауапты аппарат.
Қоғам көлемінде атқаратын жұмыстың басым көпшілігі мемлекеттің құзырында.
Қоғамдық саясаттың тарихи түрлері: алғашқы қоғамның саясаты-қоғамдық
меншік, қоғамдық енбек, қоғамдық, тендік; құл иелену қоғамының саясаты - өз
атынан түсінікті; феодализм қоғамының саясаты — феодалдық жерге меншігі
және қоғамдағы үстемдігі; капитализм қоғамының саясаты - капиталдың
буржуазиялық үстемдігі; социализм қоғамының саясаты - (теориялық түрде, іс
жүзінде толық болған жоқ) - жалпы қоғамдық бостандық, тендік, әділеттілік
т.б.
Әлеуметтік мазмұнына қарай саяси жүйе бірнеше түрге бөлінеді:
демократиялық , либерал-демократиялық, шовинистік, ұлтшылдық, расистік,
тоталитарлық, фашистік т.б. Қоғамдық ықпалына қарай саясат жариялы және
құпиялы болып екіге бөлінеді. Идеологиялық бағытына сәйкес саясат үш топқа
бөлінеді: оңшылдар, центристер, солшылдар.
Бірлестіктердің, одақтардың, ұжымдардың, т.б. ұйымдардың атқаратын
саяси жұмыстары өздерінің ережелері — уставтарының мазмұнына сәйкес келеді,
өздерінің қоғамдық құзырының шеңберінде жүргізіледі. Бәрінің жұмысын
біріктіріп айтсақ - олардың қоғамдық мүдде-мақсатты орындауда, саясатты
іске асыруда үлестері өте зор. Мысалы: толып жатқан ұжымдар: зауыт,
фабрикалар, акционерлік шаруашылық, өндірістік ұйымдар қоғамның
материалдық, техникалық, әлеуметтік, экономикалық, мәдениеттік негізін
дамытып нығайтады.
Саяси жүйенің даму процесінің бірнеше түрі болды. Социалистік типті
мемлекеттерде сталиндік саяси жүйе қалыптасты. Оның мазмұны: жеке адамға
табынушылық, бір партияның үстемдігінің орнауы, әкімшілік-әміршілік,
тоталитарлық басқару жүйенің қалыптасуы, демократияның, бостандықтың,
әділеттіктің арасының зор шектелуі.
Саяси жүйенің екінші түрі - дамыған елдерде XX ғасырдың 60-90 жж.
қалыптасқан нарықтық экономика мен либерал-демократиялық мемлекеттердің,
ұйымдардың, одақтардың өзара қатынасы мемлекеттің Конституциясына сәйкес
дамуы. Бұл елдерде де толық бостандық, әділеттік, теңдік жоқ. Мысалы,
таптардың, топтардың әлеуметгік саяси теңдігінің жоқтығы.
Саяси жүйенің үшінші түрі — XX ғасырда қалыптасқан аралас мемлекеттік
құрылыс - конвергенция теориясы. Капитализм мен социализм қоғамының
экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени дамуының, жақсы тәжірибелерін
біріктіру. Бұл саяси жүйеде де кемшіліктер көп кездеседі.
Адам қоғамының тарихында ұлтшылдық, шовинистік, расистік, фашистік
саяси жүйелері қалыптасып, аз болса да өмір сүрген.
Қазіргі заманда мемлекеттердің саясаты дүниежүзілік бірлікке, одаққа бет
бұруда. Бұл объективтік прогрестік құбылыс. Глобальдық проблемаларды шешуге
қолайлы жағдай қалыптасуы мүмкін.
Сонымен, қоғамның саяси жүйесі - мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың,
еңбек ұжымдарының бірігіп, елдің саяси өміріне кірісіп, қоғамды дамытуға,
нығайтуға үлес қосуы.
Саяси жүйенің төрт бағыты болады:
институционалдық - мемлекет, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар бірігіп
қоғамның саяси жүйесін құрайды;
реттеуші - құқық, саяси нормалар, әдет-ғұрып, мораль т.б.;
функционалдық - саяси әрекеттің тәсілдері, саяси жүйе;
идеологиялық - саяси сана, қоғамдағы үстемдік идеология.
Саяси жүйенің негізгі элементтері: саяси және құқықтық нормалар, саяси
құрылыс, саяси іс-әрекет, саяси сана және саяси мәдениет. Енді осы
элементтерге толық түсінік берейік.
I) Саяси іс-әрекет және құқықтық нормалар - қалыптасқан немесе қабылданған
тәртіп ережелері, саяси қатынастарды реттейтін тәсілдері, қоғамдағы
конституция, кодекстер, ережелер, партиялардың бағдарламалары, саяси әдет-
ғұрып т.б. Саяси нормаларды, сол арқылы өмірге келетін қатынастарды — саяси
институттар деп атайды. Идеяның даму процесі арқылы нормаға, тәртіптің
ережелеріне айналуы, содан кейін саяси ұйымдардың қағидасына айналуын
институционализация деп атайды. Осылай қоғамның болашақ саяси ұйымының
элементтері қалыптаса бастайды. Саясат пен институционализацияның байланысы
шектеулі, оның сан қырлы саяси іс-әрекеттері тек ұйымдық нысандарында ғана
байқалады.
Саяси құрылыс - қоғамдағы саяси, мемлекеттік ұйымдардың, институттардың,
мекемелердің және олардың арақатынасының жиынтығы. Бұл құрылыс адамдардың
арасында саяси қатынастың тұрақты қалыптасқанын көрсетеді.
Саяси іс-әрекет - қоғамдағы саяси билікті дамыту және қорғау үшін
бағытталған адамдардың әр түрлі іс-әрекеттері. Бұл әрекет әр түрлі деңгейде
жүргізіледі: белсенді, сылбыр, енжар, тұрақты, нәтижелі т.б.
Саяси сана - адамдардың сан қырлы рухани сана-сезімін қоғамдағы саяси
билікті қолдап, адамдардың іс-әрекетін саяси қатынастарды дамытып,
нығайтуға бағыттау. Саяси санада екі түрлі бағыт болуға тиіс: концептуалдық
- саяси теория, доктрина, ілім, бағдарлама; күнделікті — ой-пікір, әдет-
ғұрып, мораль, тәртіп.
Саяси мәдениет - қоғамдағы саясатты, саяси қатынастарды реттеп-басқару үшін
қалыптасқан рухани кұндылықтардың, саяси идеяның, сенімнің, символдың
жиынтығы. Саясатта бірлік, дербестік тек адамдардың рухани байланысы арқылы
болады.
Саяси жүйенің ең күрделі, ең маңызды элементі - мемлекет. Саяси
жүйенің қоғамды басқарудағы ең орталық буыны - мемлекет. Біріншіден, ол
саяси жүйенің билігін, мүдде-мақсатын іске асыратын ең негізгі аппараты.
Екіншіден, мемлекет саяси жүйенің барлық элементтерін біріктіріп, саяси
функция арқылы қоғамның игілікті құндылықтарын әділетті болу процесін
басқарьш отырады. Бұл процесті басқару, бақылап отыру дегеніміз – қоғамдағы
қарым - қатынастарды, олардың өзара байланысын реттеп отыру,
тұрақты, жақсы дамуын қамтамасыз ету.
Жоғарыда көрсетілген саяси жүйенің элементтерінің даму процесінен қоғамда
әр турлі саяси жүйелер қалыптасады: әкімшілік, жарыстық, әділетті-бірлік
жүйелері. Қоғамның жақ-сы-жаман дамуын осы жүйелер шешеді, соған сәйкес
саяси жүйе әр түрлері калыптасып жатады.
1). Формациялық саяси жүйелері - құл иелену, феодалдық, буржуазиялық,
социалистік формацияларының саяси жүйелері.
2). Авторитарлық саяси жүйелер - тоталитарлық, партократтық, деспотиялық,
фашистік т.б. саяси жүйелер.
3). Демократиялық саяси жүйелер — либерал-демократиялық, халықтық-
демократиялық, социал-демократиялық т.б.
4). Прогрестік, реформаторлық, консервативтік, реакцияшыл т.б. саяси
жүйелер.
Қоғамның саяси жүйесінің даму заңдылықтары. Қоғамның мүдде - мақсаты
объективтік тұрғыдан қалыптасады. Ол мүдде-мақсатты іске асыратын,
орындайтын күштер субъективтік жолмен қалыптасып, жұмысқа кіріседі. Олардың
ішінде ең негізгі басқарушы, ұйымдас-
тырушы, реттеуші, шешуші күш — саяси жұйе, одан кейін мемлекет.
Субъективтік күштердің дамуының негізгі шешуші себептері сол күштердің
(мемлекет, қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер, одақтар, еңбек ұжымдары, саяси
ағымдар, партиялар т.б.) арасындағы
үзіліссіз дамып жататын қайшылықтар. Қоғамның даму процесінде бұл
қайшылықтар өмір тәжірибесінен өтіп, шындалып дұрыс саяси жүйесін
қалыптастыруға, дамытуға зор үлес қосып отырады. Бұл субъективтік
қайшылықта екі жақты субъектілер болады. Оларда
қоғамның мүдде - мақсатын іске асыру стратегиясы бірдей, ал тактикасы - әр
түрлі болады. Осы әр түрлі тактикалардың арасындағы үзіліссіз қайшылықгар
субъективтік күштерге нәр беріп, саяси жүйені дұрыс қалыптастыруға,
дамытуға шешуші ықпал жасап отырады. Соның нәтижесінде қоғамда
демократиялық бағытта әділетті саяси жүйе қалыптасып, оның негізгі мазмұны
мемлекеттің конституциясына, құқыктық нормаларына кіріп, саяси жүйенің даму
зандылықтарына айналады, оның түрлері: таптық, топтық, ұлттық, әлеуметгік,
саяси, нәсілдік, халықаралық, мемлекетаралық т.б. қайшылықтар. Ол
қайшылықтарды бейбітшілік жолмен реттеп, бір келісімге келіп, саяси
жүйенің, биліктің дұрыс дамуына мүмкіншілік
жасалып отырады.
Сонымен жүйенің даму зандылыктары дегеніміз - қоғам өмірінің әр
кезеңінде "саяси - әлеуметтік құбылыстардың бірлесіп саяси жүйесінің
объективтік, тұракты даму процесінің заңдылықтарына айналуы.
Саяси жүйедегі мемлекеттің орны.
Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын орны өте зор, өте жауапты.
Мемлекет саяси партиялармен бірігіп қоғамның барлық саласының дұрыс,
жағымды дамуына жауапты және сол жауапты жұмыстың басым ауыртпалығын
мемлекет өз мойнына алады. Әрине, бұл тоталитарлық мемлекеттің түсінігі
емес, демократиялық мемлекеттің сипаттамасы, мазмұны. Мемлекеттің қоғамдық
саясатты орындаудағы ерекшеліктері:
- мемлекет саяси жұмысын қоғам көлемінде занды күші бар құқықтық нормалар
арқылы жүргізеді;
- мемлекет барлық қоғамдық жұмыстың негізгі бағыттарын анықтап, басқарып
отырады;
- мемлекет ішкі-сыртқы істерді атқаруға, егеменді тәуелсіз аппарат.
Мемлекет қоғамның саяси жүйесіне кіретін барлық ұйымдарды, бірлестіктерді,
одақтарды, ұжымдарды біріктіріп, көмек жасап отырады. Мемлекеттің бұл
бағыттағы жұмыстарының түрлері:
1. Мемлекет Конституция арқылы барлық азаматтарға өздерінің
бірлестіктерін, ұйымдарын құруға толық мүмкіншілік береді; қоғамдағы
демократияны дамытуға міндетті.
2. Мемлекет қоғамдық ұйымдардың құқықтық құзыретінің көлемін,
шеңберін анықтайды.
3. Мемлекет қоғамдық ұйымдардың дербес жұмыс жасауына толық
мүмкіншілік беріп, оларды қорғап отырады.
Сөйтіп, мемлекет қоғамдағы барлық ұйымдарды, ұжымдарды біріктіріп,
қоғамның саясатын, мүдде-мақсатын дұрыс, жақсы орындауын, демократияның
дамуын қамтамасыз етіп, саяси жүйенің жан-жақты нығаюына мүмкіншілік
жасайды.
Саяси жүйенік барлық саласы өздерінің жұмысын әлеуметтік нормалар, оның
ішінде басым түрде құқықтық нормалар арқылы жүргізеді. Мемлекет, барлық
саяси партиялар, ұйымдар, ұжымдар заңдылықты, кұқықтық тәртіпті қатаң
сақтап, қорғайды.

2. Құқық жүйесі және даму бағыттары.

Адам қоғамының даму процесінде бір-бірімен байланысты миллиондаған
қарым-қатынастар қалыптасып, жаңарып, ескіріп жатады. Бұл объективтік
дилектикалық процесс. Осы процесті реттеп, басқару барысында қоғамдағы
құқық бірнеше салаға, жүйеге бөлініп жатады. Қоғамдық қатынастардың
объективтік даму процесіне сәйкес құқықтың кұрылымы да, жүйелері де
ескіріп, жаңарып, дамып отырады.
Сондықтан құқық қоғамдағы нормативтік актілердің тек жи-
ынтығы емес. Ол қоғамның әр саласына сәйкес объективтік, ди-
алектикалық даму процесі арқылы қалыптасатын әлеуметтік көп
салалы, көп жүйелі құбылыс. Бұл күрделі кұқық процесі сала-
салаға, жүйе-жүйеге бөлінумен шектелмейді. Сонымен бірге қоғам-
ның салалық-жүйелік дамуын, олардың өзара байланысын, қаты-
насын реттеп, басқарып отырады. Нормативтік актілердің
ескіргенін жаңартып, кемшіліктерін толықтырып, құқықтық нор-
маларды қоғамның объективтік процесіне сәйкес дамытып, олар-
дың орындалуын тездетіп, жақсартады. Бұл процестің байлан-
ысында, қатынасында алшақтықка және кайшылыққа құқықтың
құрылымы, жүйелері жол бермеуге тиіс.
Құқық жүйелерінің өзіне тән белгілері.
Бірінші - кұқық қоғамның объективтік -диалектикалық даму процесіне
сәйкес қалыптасқан нормативтік актілердің бірлігі және құқықтың, қоғамның
даму процесін реттеп, басқаруы. Құқық жүйелері субъективтік жолмен
қалыптаспайды, сондықтан бұл жүйелер бір-бірімен объективтік тығыз
байланыста, қатынаста болады. Қоғамның дамуына жақсы әсер етеді. Егерде
қоғам мен құқықтың объективтік байланысы, қатынасы дұрыс дамымаса, қоғам
дағдарысқа ұшырайды.
Екінші - құқық қоғамның көп жүйелі, көп салалы әлеуметтік қарым-
қатынастарын реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей міндетті нормалар.
Құқыктың жүйелері қоғамның әр саласына сәйкес қалыптасып сол
саланы реттеп, басқарып отырады. Салық, нормативтік актілер бәрі бірігіп,
қоғамдық құқықтың алдындағы тұрған бір саясатты, бір мүдде-мақсатты
орындайды.
Құқық құрылымы. Қоғамдағы барлық нормативтік актілердің мазмұнына
сәйкес қалыптасады және сол құқықтық нормалардың қалай іске асуын, қалай
орындалу тәсілдері мен әдістерін анықтап отырады. Құқық құрылымының жақсы,
дұрыс дамуына қоғамның мемлекеттік құрылысы, саяси, экономикалық,
әлеуметтік, рухани, демократиялык даму деңгейі зор әсер етеді.
Қоғамдағы демократия, бостандық, әділеттік, теңдік, әлеуметтік-
экономикалық жағдай жақсы дәрежеде болады. Ал бұл жағдайлардың дәрежесі
төмен болса, құқық құрылымы да нашар дамиды. Құқық құрылымы туралы екінші
сұрақта толығырақ ай-тылады.
Құқықтық жүйе. Құқық теориясында құқық жүйесі және құқықтық жүйе
деген екі дербестік ғылыми ұғым бар. Жер жүзіндегі барлық мемлекеттердің
құқық құрылымы, жүйесінің қалыптасуы, дамуы бірдей — ешқандай айырмашылығы
жоқ. Ал, құқықтық жүйенің қалыптасуы, сол арқылы құқықтың тарихи өмірге
келуі, дамуы әр елде әртүрлі болады. Өйткені әр елдің тарихи дамуы, ұлттың
қалыптасуы, мемлекеттік саяси-экономикалық құрылысы бір-біріне ұқсамайды.
Сондықтан құқықтық жүйелерінің де қалып-тасуы, дамуы әр түрді болады. Мұны
жан-жақты зерттеп білу өте пайдалы. Әр елдің құқықтық жүйелерінің жақсы
тәжірбиелерін алып, пайдаланып, өз ұлттық құқықтық жүйені жақсы дамытуға
болады.
Құқықтық жүйе дегеніміз - әр елдің тарихи, ұлттық ерекшеліктеріне
қарай, әдет-ғұрып, дәстүрінде қалыптасатын құқықтық жүйелер.
Құқық құрылымы дегеніміз - құқықтық нормалардың ішкі құрылымы және
олардың дамуының, орындалуының әдістері мен тәсілдері.
Құқық жүйесі дегеніміз - құқыктың өмірге келуімен оның жүйе-жүйеге
бөлінуінің объективтік зандылықтары. Құқық жүйесі та-қырыптың ең күрделі
өзекті мазмүны. Құқық құрылымы мен құқықтық жүйе қоғамдағы құқықты дамыту,
нығайту үшін, оның жұмысын жақсарту үшін қалыптасады.
Қоғамның даму процесінде көпшілік қарым-қатынастар өмірге келеді.
Сол қатынастарды реттеу, басқару үшін объективтік жолмен құқық жүйелері
қалыптасады. Қоғамдағы құқықтың қалыптасу деңгейіне қарай нормативтік
актілерді бірнеше салаға, топқа бөледі.
Ең төменгі деңгейдегі бірінші бөлім - құқықтық норма. Бұл дең-гейде
норма бір қатынастың ішкі мазмұнын, оның, орындалу жол-дарын,
субъектілердің екі жақты құқық, міндет, жауапкершіліктері көрсетіледі.
Өмірде қатынас бір нормамен шектелмейді. Ол қаты-настың немесе бірнеше
ұқсас қатынастардың толық дұрыс орын-далуына бірнеше құқыктық нормаларды
біріктіруге тура келеді. Мысалы: азаматтық қатынастар, қылмыскердің
құқықтары т.б.
Құқықтық институт — бұл жүйеге бір-бірімен байланысты нор-малардың
және қоғамдық қатынастардың ұқсастығына қарай реттеп, басқару. Мысалы,
азаматтық құқықта меншік, шарттық бай-ланыстары т.б. мәселелері; әкімшілік
құқықта лауазымды тұлға-лардың жауапкершілігі, мемлекеттік органдарының
қызметтерінің қағидалары мен функциялары т.б.
Құқықтық бөлім — бұл жүйеге құқық саласының бір тарауын-дағы
қатынастарды реттеп, басқару. Мысалы, азаматтық құқықтағы авторлық
қатынастарды реттейтін нормалар; еңбек құқығындағы еңбекті қорғау, айлық
төлеу т.б. мәселелер жөніндегі нормалар.
Құқық саласы - қоғамдағы барлық нормативтік актілерді жүйе-жүйеге,
сала-салаға бөлу. Мысалы, мемлекеттік, әкімшілік, аза-маттық, қылмыстық,
еңбек, қаржы, отбасы т.б. құқықтар.
Құқық - салалық құқықтарды біріктіріп зерттеу, қолдану, пай-далану.
Сонымен, құқық жүйесі өзінің құрамына жеке құқықтық институтты,
бөлімді және құқықтық саланы біріктіреді. Қазіргі кезеңдегі құқық жүйесінің
негізгі салалары:
1. Мемлекеттік (конституциялық) құқық бұл сала әр елдің қоғам-дық және
мемлекеттік құрылысын, азаматтардың құқықтық жағ-дайын, мемлекеттік
аппаратты құруын, оның жұмыстарын реттеп, басқарып отырады.
2. Әкімшілік құқық - бұл сала қоғамды; мемлекетті басқару қарым-
қатынастарын реттеп, дамытып отырады.
3. Каржы (қаражат) құқығы - бұл сала әр елдің мемлекеттік қаржы-қаражат
көлеміндегі қатынастарды басқарады.
4. Жер құқығы — бұл сала жер, су, өсімдік, табиғат, экологиялық
бағыттағы қатынастарды реттеумен шұғылданады.
5. Азаматтық құқық - қоғамның ең күрделі саласындағы мүліктік
қатынастарды реттеп отырады.
6. Еңбек құқығы — азаматтардың еңбек бағытындағы қатынас-тарын дамытып,
реттейді.
7. Жанұялық құқық – осы саладағы ерлі-зайыптылардың, олар-дың
балаларының өзара қатынастарын реттейді.
8. Азаматтық-процессуалдық құқық азаматтардың азаматтық, еңбектік,
жанұялық шағым істерін қарағандағы қарым-қатынас-тарды реттеумен
шұғылданады.
9. Қылмыстық құқық - қылмыстық істерді жан-жақты тексеріп, дұрыс шешу
барысындағы мәселелермен шұғылданады.
10. Қылмыстық - процессуалдық құқық - милиция, прокуратура, сот т.б.
құқық, қорғау аппараттарының қылмыстық істерді тергеу, жүргізу, дұрыс
шешім, үкім жасау барысындағы қатынастарды жан-жақты реттеп отырады.
11. Еңбекпен түзеу құқығы - қылмыскерлерді тәрбиелеп, дұрыс жолға салып,
қоғамға пайдалы азамат болуын қамтамасыз ету жолындағы қатынастарды
қамтиды.
12 . Халықаралық құқық - мемлекеттердің арасында туындайтын
қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар.
Құқық жүйесі қоғаммен бірге дамып, жаңарып отырады. Қоғам-ның даму
процесінен өмірге келген жаңа қатынастарды реттейтін, басқаратын
нормативтік актілерді дер кезінде қабылдап, құқық жүйелерін, салаларын
жаңартып, елдің жақсы дамуына мүмкіншілік жасап отырады.
Бұл процесте ерекше маңызды рөл атқаратын құқық жүйесінің
азаматтық, мемлекеттік, әкімшілік, қылмыстық, процессуалдық салалары.
Себебі осы салалар қоғамның экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени негізін
құрастырып, дамытады. Сондықтан бұл салалар құқық жүйесінің діңгегі,
ұйтқысы, басқа салаларға өзінің әсерін тигізіп, олардың жақсы дамуына
жағдай жасап отырады.
Дамыған елдердің тарихында құкық жүйесінің өз ішінде кешенді
(комплексный) салалар қалыптаса бастайды. Бұл объективтік, диалектикалық
даму процесінің нәтижесі. Мысалы: теңіздік құқық әкімшілік, азаматтық, жер,
процессуалдық жүйелерден тұрады. Бұл процесс құқық жүйесінің екі-үш қабатқа
айналуы. Жаңа салалар өзінің негізгі жүйелерінен байланысын үзбейді.
Қоғамдағы нормативтік актілердің, жақсы жұмыс жасауын қам-тамасыз
ету үшін оның жүйеге, салаға бөлінуін және олардың бірлестігін мемлекет
қатаң түрде бақылап, нығайтып, дамытып отырады. Құқықты жүйеге, салаға
бөлудің екі себеп-мақсаты бар: біріншісі — жүйеге, салаға жататын (кіретін)
қарым-қатынастардың мазмұнын, негізгі бағытын анықтау; екінші — сол
жүйелік, салалық қатынастарды реттеудегі, басқарудағы құқықтық жұмыстардың
тәсілдері мен әдістерін анықтау.
Бұл әдіс-тәсілдердің түрлері мемлекет және құқық теориясы-мен
бірге дамып, нығайып келеді. Құқық жүйесінің әр саласының өзіне тән әдіс-
тәсілдері бар. Мысалы: қоғамдағы қатынастардың субъектілеріне құқыктық
нормалар басым көпшілігіне толық бостандық береді. Өз еріктерімен құқықтық
норма арқылы қарым-қатынас жасап, мүдде-мақсаттарына жетуге мүмкіншілік
береді. Субъектілердің екінші тобына құқықтық нормалар тиісті міндеттер
жүктейді. Қатынастардағы субъектілердің үшінші тобына құқықтық нормалар
шектеулі, нақты тыйым салады. Осы көрсетілген қүқық жүйесінің тәсілдері мен
әдістері құқықтың барлық салаларында бар.
Құқық жүйесінің тәсілдері мен әдістерін дамытуға, нығайтуға материалдық
және процессуалдық құқықпен бұқаралық және жеке тұлға құқықтары көп үлес
қосады. Бұлардың нормативтік актілерінің дұрыс, тез, жақсы орындалуында
маңызы өте зор.
Материалдық құқық - қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, жақтап,
қорғап отыратын нормалар. Мысалы: қылмыстық құқықтық нормалар, азаматтық
құқықтық нормалар, өкімшілік құқықтық нормалар т.б.
Процессуалдық құқық - материалдық құқықты қалай, қашан, қандай
жағдайда қолдануды көрсетеді. Мысалы: қылмыстық-про-цессуалдық және
азаматтық процессуалдық құқықтарда көрсетілген нормалар.
Қоғамның тарихи даму процесінде құқық жүйелері азаматтар-дың,
бірлестіктердің, ұжымдардың, мемлекеттің мүдде-мақсаттарын қорғап, дамытып
отырады. Бұл мүдде-мақсаттар екіге бөлінеді: бұқаралық және жеке тұлға
мақсаттары. Осы екі мүдде-мақсатқа сәйкес қоғамда бұқаралық және жеке тұлға
құқығы қалыптасады.
Бұқаралық құқық - мемлекет бұқаралық және жеке тұлға ара-сындағы
қатынастарды реттеп, басқарады; жеке тұлғаның құқығы - жеке адамдардың
арасындағы қатынастарды реттеп, басқарады. Бұл екі құқық бір-бірімен тығыз
байланыста дамиды.
Бұқаралық құқық мемлекеттік билікпен байланысты, оның реттеп,
басқаратын қатынастары өте күрделі мәселелерді қамтиды. Өйткені олар
қоғамдық мүдде-мақсаттарды іс жүзіне асыру бағытында қызмет атқарады. Бұл
топқа көбінесе конституциялық, әкімшілік, қаржылық, қылмыстық,
процессуалдық, әскери норма-
лар жатады. Жеке тұлға құқығы адамдардың және заңды тұлғалар-дың мүдде-
мақсаттарын іске асырады, қорғайды. Бұл топқа аза-маттық, еңбек, отбасы,
сауда, кәсіпшілік, кооперативтік нормалар жатады. Бұқаралық кұқық -
мемлекеттік істермен, ал жеке тұлғалар құқығы — жекелік істермен
шұғылданады. Жеке тұлғалар құқығы жеке меншікпен тығыз байланыста дамиды.
Жеке меншік болмаса жеке тұлғалар құқығы да болмайды. Біздің елде Кеңестік
дәуірде жеке тұлғалар құқығы жоқтың қасы болды. Қазіргі нарықтық жүйе
қалыптасу кезінде меншіктің неше түрлері өмірге келіп, жеке тұлға құқығын
жан-жақты дамытуға мүмкіншілік туды.
Құқық жүйесі мен заң жүйесінің катынасы.
Құқық жүйесі объективтік құбылыс. Ол қоғамның диалектика - лық
даму процесінің объективтік зандылықтары арқылы өмірге келеді. Бір жағынан,
құқықтық нормалар субъективтік жолмен қалыптасады. Екінші жағынан, құқықтық
нормалар қоғамның объективтік табиғи даму процесінің тілегіне сәйкес
қалыптасып елдегі әлеуметтік қарым-қатынастарды реттеп, басқарып жатады.
Сондықтан мемлекеттік органдар құқықтық нормаларды өз бетімен, қалай болса
солай қабылдай салмайды. Қоғамның әлеуметтік қарым-қатынастарының даму
процесіне сәйкес құқықтық нормалар жан-жақты талқыланып бекітіледі.
Қоғамдық қатынастарды реттеп, басқару процесінде нормативтік актілер сала-
салаға жүйе-жүйеге бөлініп, дамып жатады. Сөйтіп құқық жүйесі қалыптасады.
Заң шығару жүйесінің өмірге келу жолы басқа. Бұл жүйе басым түрде
субъективтік процесс арқылы қалыптасады. Қоғамдағы қарым-қатынастарды жақсы
дамыту үшін нормативтік актілерді дер кезінде қабылдап, елді, мемлекетті
дағдарысқа ұшыратпай басқару керек. Бұл мәселемен мемлекетің заң шығару
бағытындағы аппараттары шұғылданады. Осылай қоғамда заң жүйесі қалыптасады.
Заң жүйесі дегеніміз - құқықты құрасыратын (қалыптастыра-тын)
нормативтік актілердің жиынтығы (негіздері). Нормативтік актілерсіз, заңсыз
құқық болмайды. Заң жүйесі мен құқық жүйесі бір-бірімен тығыз байланысты.
Заң шығару жүйесінің негізгі салалары:
1. Бір салалық қатынастарды реттейтін заң жүйесі. Заң жүйесінің бұл түрі
құқық жүйелерімен ұқсас. Мысалы: азаматтық құқық, әкімшілік құқық т.б.
2. Саланың өз ішіндегі қатынастарды реттейтін заңдар нормативтік актілер.
Мысалы: азаматтық құқықтың ішіндегі авторлық құқық; жер-су заңдарының
ішіндегі тау-кен, экология туралы зандар т.б.
3. Кешенді заңдар жүйесі (бірнеше салаларды қамтитын заңдар). Мысалы:
шаруашылық, транспорттық т.б. заңдар. Бұл заң жүйелері қоғамның бірнеше
салаларының ұқсас қатынастарын реттеп отырады.
4. Қорғаныс - әскери заң жүйелері. Бұл жүйе құқық жүйесінің басым
кепшілігін біріктіреді. Мысалы: мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, жер,
қылмыстық т.б. құқық салаларын біріктіреді.
Әскери заң жүйесі арнаулы, ерекше заң саласы болғанмен, қоғамдағы
құқықтың негізгі қағидаларын қатаң сақтауға тиіс: аза-маттардың теңдігін,
бостандығын т.б.
Заң жүйесі объективтік жолмен қалыптасқан нормативтік актілерді
субъективтік тұрғыдан біріктіріп, дамытып отырады. Құқықтың дамып,
қалыптасу кезендері:
1. Қоғамдағы қарым-қатынастардың өмірге келіп сала-салаға
бөлінуі.
2.Қатынастарды реттеп, басқару үшін құқық жүйелерінің қалып-
тасуы.
З.Объективтік тұрғыдан қалыптасқан құқықтық нормаларды заң жүйесіне
айналдыру. Сөйтіп құқықтың рөлін, маңызын күшейту, олардың қолдануын
жеңілдету, нормативтік актілердің орындалуын жақсарту.
Әр елдің құқық жүйесі халықаралық құқықпен тығыз байланыс - ты
болады. Барлық мемлекеттер ол құқықты дұрыс орындауға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтық норма және құқықтық қатынас ұғымдары
Жүйелеу және оның түрлері
Республикасының құқыққа қарсы жекелеген әрекеттері үшін қылмыстық жауаптылық туралы заңдары
Құқықтық нормалардың элементтерінің құрылу тәсілдері
Мемлекет және құқықтың жалпы теориясының пәнінен дәрістер
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
Социалистік құқықтық жүйе
Отбасында пайдаланатын техникалық нормалар
НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІ ЖҮЙЕЛЕУ
Құқықтың түсінігі мен мәні
Пәндер