Шәкәрім шығармаларының тарихи сипаты мен адамгершілік үлгісі


Жоспар
Кіріспе . . . 3
Негізгі бөлім
I Өмірі мен қызметі
1. 1 Өмірі мен шығармашылығы . . . 8
1. 2. Ақынның ақырғы күзі . . . 13
1. 3. Әшкерленбеген қастандық . . . 17
II Тарихи көзқарасы
2. 1 Шәкәрім шығармаларының тарихи сипаты мен адамгершілік үлгісі . . . 22
- Түрік, қырғыз, қазақ һәм шежіресі . . . 25
III Философиялық дүниетанымы
3. 1 Шәкәрім - философ . . . 31
3. 2 «Үш анық» философиялық трактаты . . . 34
3. 3 Шәкәрімнің діни - танымдық өзектілігі . . . 37
Қорытынды . . . 42
Сілтемелер тізімі . . . 44
Пайдаланған әдебиеттер . . . 46
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі:
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялағаннан кейін, бұрын ұмыт болған немесе жадымыздан өшіруге тырысқан ақын жазушыларымыз - 1989 жылы халықтың баурайына қайта қауышқан болатын. Солардың бірі - Шәкәрім Құдайбердіұлы. Міне, сол жылдан бастап Шәкәрімнің өмірін, ақтаңдақ беттерін тарихшылар мен ғалымдар көп зерттеуде. Шәкәрім Құдайбердіұлының бұрын соңды бойынан ашылмаған ақындық, ойшыл танымдық қасиеттері сонымен қатар философшы, тарихшы екені анық мәлім болып отыр. 2008 жылы ақынның 250 жылдығына орай бұл ғылыми ізденіс жұмысымды ұсынамын. Бұл жұмыста қазіргі таңдағы көптеген мақалалар түйісінде, ақынның қолжазбалары мен шығармалары аясында жазылды. Бүгінгі таңда Шәкәрімді тек көркем әдеби шығармалары арқылы танимыз. Ал Шәкәрімнің қуатты дүниетанымдық толғамдары, бай діни - философиялық еңбектері бар екенін көбісі біле бермейді. Сондықтан да бұл дипломдық жұмыстың тақырыбы: «Шәкәрімнің тарихи-философиялық көзқарастары» өзектілігі болып табылады. Осы тақырыптың өзекті мәселесі Шәкәрім дүниетанымын тарихи-философиялық тұрғыдан зерттеу, ойшылдың шығармашылығындағы дүниетанымдық мәселелерді жүйелеп, саралау болып табылады. Шәкәрім дүниетанымының Шығыс пен Батыс халықтарының философиялық ілімдердің негізінде қалыптасып, Шығыс пен Батыс мәдениетінің аясында өзінің шығармашылығының маңыздылығын көрсетеді.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:
Ғылыми еңбектің негізгі мақсаты - қазақ философиясындағы Шәкәрім Құдайбердіұлының дүниетанымын тарихи - философиялық тұрғыдан зерттеу. Осы мақсаттарға сәйкес дипломдық жұмысымда мына төменгі міндеттерді алға қойдым:
-Шәкәрім Құдайбердіұлының ақындық, ойшылдық танымның қалыптасуына негіз болған рухани қайнар көздерін көрсету;
-Шәкәрім шығармаларына орай өзіндік пікірді қалыптастыру;
-Дүниетанымының өзегінде қазақ халқына рухани байлығына тұтқа болған діни еңбектерін зерелеу;
-Тарихи шығармасындағы негізгі ой түйініне талдау жасау;
-Шәкәрім дүниетанымының тарихи-философиялық тұрғыдан сараптама жасау;
-Қастандықпен өлтірілген ақынды әшкерелеу;
-Шәкәрім Құдайбердіұлы көтерген тарихи-философиялық мәселелерді еліміздің болашағындағы, бүгінгі қоғам өміріндегі мәнін көрсету;
Еңбектің ғылыми жаңалығы:
Жұмыстың ең басты жаңалығы -Шәкәрім Құдайбердіұлының еңбектерін саралай келіп, тарихи - философиялық талдаудан өткізу болып табылады. Қазіргі таңда ақынның соңғы табылған суреті халыққа жария болып отыр. Бірақ, бұл суреттің шынайы түрде Шәкәрім ақын екені дау үстінде. Өзім бұл соңғы табылған суретті Шәкәрім ақын екеніне төменгі белгілерден көз жеткіздім:
Ақын өзінің өлеңдерінде аңға шыққанды ұнататын және өмірінің соңына дейін тау бөктерінде өмір сүрді. Мысал ретінде өлеңінен үзінді келтірейік:
Жапанда жалғыз жаттым елден безіп,
Жалықсам, аң қараймын тауды кезіп.
Оңашада жатқанда ұнатамын,
Елімді ел қылмасын ерте сезіп.
Тарихнамасы:
Шәкәрім шығармашылығын көшілікке жеткізу мақсатында қазақтың көптеген белгілі ғалым, жазушылары: Ә. Тәжібаев, Ш. Сәтбаева, П. Нұрғалиев, Ш. Елеукенов, М. Базарбаев, Х. Сүйіншәлиев, Р. Бердібаев, М. Мырзахметов, М. Мағауин, Қ. Мұхаметханов, Б. Әбдіғазиевтер Республикалық баспасөз беттерінде мақалалар жариялады. Соңғы он шақты жылдар көлемінде қазақ әдебиеті ғылымында Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығына байлынысты тақырыптар бойынша бірнеше ғылыми еңбектер жазылды. Атап айтсақ, А. Тілеуханова «Шәкәрім шығармаларындағы шеберлік пен таным бірлігі», А. Үсенова «Шәкәрім өлеңдерінің құрлысы», Р. Құсақпаева «Шәкәрім шығармашылығындағы адамгершілік және кемелділік мәселелері», С. Ізтілеуова «Шәкәрім поэзиясындағы тұлға мәселесі» атты тақырыптар бойынша ғылыми еңбектер жазылды. Философия тарихы саласы бойынша Шәкәрім шығармашылығының дүниетанымдық мәселелеріне байланысты Г. Әбдірасылова «Шәкәрім Құдайбердіұлы философиясындағы адам мәселесі», А. Әміребаев «Шәкәрім Құдайбердіұлының мәдени-тарихи тұрғыдағы дүниетанымы», А. Айтбаева «Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығындағы діни және дуниетанымдық мәселелер» атты тақырыпта еңбектер жазылды.
Шәкәрім Құдайбердіұлының әдеби мұрасын зерттеп, жариялауға С. Сейфуллин, М, Әуезов, Б. Кенжебаекв, Ә. Тәжібаев, Қ. Мұхаметжанов, М. Мағауи көп еңбек сіңірді. Шәкәрім туралы Сұлтанмахмұт Торайғыров былай дейді:
Бұл қазақтан мақсұты биік-алыс,
Таппаса да сөзіне құлақ салыс.
«Қазақ»деп жекелеме «адамзат» де, -
Ол кісінің пікірімен болсаң таныс.
Демеңіз тымақ кеиген бір жай қазақ,
Киген киім, жүрісі, түріне қарап.
Надандар оны өлшейтін өлшеуің жоқ
Аулақ жүр, біле алмайсың жай шамалап!
Белгілі революционер, азамат соғысының қаһарманы, журналист жазушы әрі тарихшы Сабыржан Ғаббасов 1915 жылы «Айқап» журналында жарияланған «Тарих - қазақ жайынан» деп аталатын еңбегінде Абай және Шәкәрім туралы да жазған: «ИбраҺим мырза, яғни Абайды білмеген жұрт жоқ. Абай мырза өте дана, өте шағыйыр, философ бір адам. Бірақ, жұрт қадірін тірі шағында білмесе де, осы күні әркім оны сағынады. Өйткені, бірнеше жыл болған Құнанбай мырза менен Абай марқұмды жұрттың жадына қадірлі ақсақал Шәкәрім Құдайберді баласы да түсіреді. Бұл адамның жазған кітаптарын қолға алып қарай бастаған бұл кітап жазушы ақсақалдың үлкен әкесі марқұм да Құнанбай қандай болғанды ағасы Абай қандай болған деп ойға алынады».
Ғұлама ақын ғұмырнамасының бүгінгі таңдағы зерттелу деңгейі қандай? Осы сұрақтың негізінде ең алғаш рет ақын - саяси «жылымықта», 1958 жылы ақталды да «қазақ әдебиетінде» өлеңдері мен шығармашылығы туралы мақала жарияланды. Алайда, саяси ахуал қабағы тағы өзгеріп, ақын есімі қайта жабылды. Жиырма жыл өткенде, яғни 1978 жылы «Поэты Казахстана» атты кітапта жазушы Мұхтар Мағауин ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мақаласын жариялаған еді. Бірақ, жалғыз қарлығаш көктем әкелмейді. Шәкәрім мұрасының халқымен қайта қауышуы бұдан соң да ұзақ он жылға созылды.
Ақыры 1988 жылы Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары жинағының екі кітабы бір уақытты басылып шықты. Біріншісі - «Жазушы» баспасынан шыққан көлемі 560 беттік «Шәкәрім шығармалары» атты кітап. Онда Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен өнері жайлы Әбділда Тәжібаев пен Шамшиябану Сәтбаеваның «Шәкәрім Құдайбердіұлы (1958-1961 ж. ж. ) » деген мақаласы берілді. Шәкәрімнің өлеңдері мен поэмалары топтастырылған «Жалын» баспасынан шыққан көлемі 254 беттік «Жолсыз жаза» атты екінші кітапта Мұқтар Мағауинің «Абайдың інісі» деген Шәкәрімнің өмірі жайлы мақаласы жарияланды.
Шәкәрім Құдайбердіұлының бел баласы Ленин орденді иеленген, ұстаз, марқұм Ахат Құдайбердіұлының ерлікке пара - пар істерін ұмытуға болмайды. Репрессия кезінде, тоқырау замандарында үлкен ақын мұрасына теріс көзқарасты таратып, оның жеке басына пәле-жала жауып жүрген көлденең көк атты, Қаскөйлердің қылышынан қан тамған кезеңде көзі ашық, әдеби талғамы күшті Ахат марқұм Шәкәрім Құдайбердіұлының жазбаларын, кітаптарын жинап архивтерге тапсырды, қолжазба жинақтар құрастырды, түсініктер жазды.
1992 жылы «Жұлдыз» журналының №11 санында Шәкәрімұлы Ахаттың «Менің әкем, халық ұлы - Шәкәрім» атты көлемді естелік жарық көрді.
Жазушы академик Мұхтар Омарханұлы Әуезов «Абай ақындығының айналасы» атты мақаласында Абайдың өзгеге берген нәрі және Абайдың ең жақын Шәкәрім Құдайбердіұлының шәкірттері туралы сөз қозғап былай деген: «Оның екеуі Ақылбай, Мағауия - Абайдың өз балалары, қалған екеуі Көкбай, Шәкәрім», - деп атап өткен.
I Өмірі мен қызметі
1. 1. Өмірі мен шығармашылығы
Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылы 11 шілдеде Шыңғыстау бөктерінде қазіргі Шығыс Қазақастан облысы Абай ауданында дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күңкеден туған. Шәкәрім олардың немересі, яғни Абайдың немере інісі. Ақынның «Мұтылғанның өмірі» деген өмірдерек өлеңінде келтірілген өлең сөзде Шәкәрімді ата-анасы бес жасынан сабаққа бергеніне, әкеден жетім қалды. Жетім деген аты болмаса, Құнанбайдың ерке немересі болып өседі: «Қажы марқұм мені жетім деп аяп, қысып оқыта алмай, ғылымнан мақрұм қалып, жетімдікті сылтау қылып, ойыма не келсе соны істеп, әдепсіз, ғылымсыз өстім», - дейді өз өлеңінде. Бірақ, туысынан талантты жасқа ғана тән ерекше мінез. Жас шағынан бастап, құштар болған жан-жақты өнерін Шәкәрім өмірбойы шыңдап, өркендеп, өсіріп отырған Абайдың: «Адамның адамдығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес», -дейтіні осы болады. Жасы он бестен асқанда, ақылы кемелденіп, ой өрісі тереңдеп өсе бастаған Шәкәрім ғылым жолына ойысып, ақындық өнерін де жарыққа шығара бастайды.
«Әкеміздің бір шешесінен туған Ибрахим мырза, - дейді ол шежіре кітабында - қазақ ішінде Абай деп атайды. Сол кісі мұсылманша һәм орысша ғылымға жүйрік, һәм Алланың берген ақылы да бұл қазақтан бөлек, дана кіс еді. Ержеткен соң, сол кісіден тағлым алып, әртүрлі кітаптарын оқып, насихатын тыңдап, азғана ғылымның сәулесін сездім», -дейді. \ 1
Шәкәрім оқуға өте зерек болып, хатты тез таныған. Осы қабылетті байқалған соң, әке-шешесін Шәкәрімге өзге балалардан гөрі баса көңіл бөліп, әсіресе, шешесі кенже ұлына араб, түрік тілдерін қосымша үйретіп отырған. Ғұламаның «жасымнан жетік білдім түрік тілін» деуі осыдан. Шәкәрім ауылдан ұзап шығып, ешбір оқу орнында оқымаған адам. Оның мектебі де, университеті де - Абай болды. Шәкәрім жасынан «мың бір түн» әңгімелерін оқып, ертек қып айтып, араб, парсының бәйіттерін көп әуестенген. Оның үстіне домбыра, скрипка, гармонды шебер меңгереді. Он бес жасқа келгенде Шәкәрім қаршыға ұстап, құс баптап аңшылық жолға түседі. Ол өз тұсындағы құсбегі, мерген болғандардың алды болды. Бала, бозбала Шәкәрімнің нәр алған, үлгі - өнеге көрген қайнары-қырдағы қазақ мәдениеті, дәстүрлі көшпелі қазақ ортасы. Ақынның жан әлемі осы өзгеше хәл мен күйден енді айрылмайды. Оны: «Жиырмадан өткенде, азған ғылым оқыдым. Алғызып кітап шеттен де, көңілге біраз тоқыдым» және «білмегенді сұрадым, жиыстырдым, құрадым. Оқыған сайын ұнадым, жолына түстім осының» деуімен паш етеді. Тағы бір дәлел - 1930 жылдары жазылған «Кейбіреу безді дейді елден мені» деп басталатын өлеңі. Онда ақын «Елу бес жыл жинаған қазынамды, оңашада қорытам ойға салып» деген сөзіне байланысты Мұхтар Әуезовтің осы кезең туралы жазғанын келтірейік: «Ысқақты ұдайы үш сайлау 9 жыл болыс қылған соң, төртінші сайлауда: «Енді болыстықты Бәкемнің орнына беремін» деп, жасы жиырмаға әрең толған Шәкәрімді болыс сайлатады. Бәкем-өзінің үлкен шешесі Күнкеден туған Құдайберді деген ағасы болып табылады. Ол кісі ертерек өліп, артында екі-үш баласы жетім қалған. Сол ағасының әруағын сыйлағандықтан, жасы жетер - жетпесте, Ысқақты өкпелетіп, Шәкәрімді сайлайды. Шәкәрім бір сайлау болыс болып, 1984 жылдың сайлауына келгенде, Абай ендігі болыстықты өзімен бірге туған кенже інісі Оспанға бермек болады. », - дейді. Бұл жөнінде Шәкәрім өзінің өмірбаянында жазады. Сөйтіп, Шәкәрім ел басқару ісіне еріксіз араласқанын өмірінің өкінішті бір кезеңі деп біледі. «Жиырма мен қырықтың арасы; жас өмірдің сарасы, бос өткенін қарашы», - деп налиды. Көзін ашып, өсіп, өзгерген санамен жаңарып, жаңғырған ұғыммен ғылым дүниесіне терең бойлауға берік бекінеді. Шығыс тілдерін, орыс тілін емін-еркін меңгеруге бой ұрады. «Ақыл сенбей сенбеңіз, бір іске кез келсеңіз» деген Абай қағидасын берік ұстанған. Шәкәрім діннің соқыр сенімін мансұқ етіп, дін иелерінің азғындығын әшкерелейді. Ғалым, ойшылдардың жазғандарына да толғаусыз тобына бермей, өз ақылына жүгініп, сыншыл көзімен қарап оқыды. \2
Шәкәрімнің өміріне қатысты қазір Семейдегі жаңа тарихи құжаттар орталығынан біраз құнды құнды құжаттар қолға тиіп отыр. Мысалы, соның бірі - 1917-1918 жылдары Семейде күн сайын шығып тұрған «Дело» газеті. 1917 жылы ақпан төңкерісінен кейін жарық көрген басылым болса керек. «Дело», общественно - политическая газета, № 145 6 Орган Семипалатинского областного комиссариата, четверг, от 30 (13) ноября 1917 года» деп жазыпты. Газеттің осы санында Керенский басқарған Уақытша Үкіметтің қаулысына сәйкес Семей уездік Земстволық комитетінің жергілікті халықтық билік органына депутаттарды сайлау туралы, жалпы өткізілген сайлау қорытындысы жайлы хабарландырулары, ресми құжаттары берілген. Онда ғұлама ақын Шәкәрім Құдайбердиевтің қоғамдағы, қазақ өміріндегі осындай саяси оқиғалардан сырт қалмай, сол кездегі К. Жанатаев, И. Тарабаев, И. Қазанқапов, Х. Ғаббасов тәрізді қазақ зиялыларымен бірге Семей уездік Земстволық жиынына депутат болып сайланғаны жайлы тың дерек бар. Семей уездік Земство жиынына кезекті сайлау науқанын 1919 жылдың басында өткізу жоспарланған көрінеді. Шәкрімнің өзі :
Семейде ақтар меңгеріп,
Қазаққа соттық жол беріп,
Сыртымнана сайлап жөн көріп…
дегендей, бұл Алашорда үкіметінің Шәкәрім қажына сырттай халық соты сайлап, оның төбе би болып билік айтқан кезін, дәлелдейтін құжат. Бүгінде бірқатар зерттеушілер Шәкәрімнің Алаш партиясы тілегінде болғанын, алайда ғұлама ақынның Алашорда үкіметі қайсыбір басшыларының
«ұр да жық» мінезімен қисық та келісе алмай, олардан үзілді-кесілді қол үзгені туралы айтып жүр. Ғалым Қайым Мұхаметханов осы мәселеге байланысты бір оқиғаға түсінік береді: «Қаланың Белгібай дейтін байының қызын тобықтының бір үлкен байы баласына айттырып, қалың малын беріп қойған екен. Қыз Қабдолла Қоскеев деген жас мұғалыммен көңіл қосып, қашып кетеді. Байдың балалары мұғалімді ұстап алып, соққыға жығып, байлап тастайды. Осы жұмысқа билік айтуды Алашорда басшылары Шәкәрімге тапсырып, сіз билік айтыңыз және қызды алып қашқан мұғалім жазаға тартылып, қыз айттырған жеріне баратын болсын, - дейді. Шәкәрім: мен билік айтсам, әділетін айтам ардың билігін айтам дейді. Алашордашылар, байлар Шәкәрімге қысым жасайды. Ақыры, халық алдында ашық сот болып, қыз бен жігіттің бірін-бірі сүйіп, өз еріктерімен қосылғанына көзі жеткен соң, Шәкәрім әділ билік айтып, қыз бен жігіт қосылсын дейді. Осы биліктен туған дау қала, далаға тегіс жайылады. Халық Шәкәрімге риза болып, алғыз айтса, байлар, алашордашылар қарғыс айтып, наразы болады. Шәкәрім өтірік ауруды сылтау етіп, еліне кетеді. Алашорда үкіметі ақынды халық соты қызметіне қайта қанша шақырғанымен, оған қайтып бармағанын білеміз. Ақыры, оны өздерінше, халық алдында масқара етпек болып, Шәкәрімге байкот жариялады». Әрине, бұл арада аталмыш мақаланың кешегі Кеңес өкіметі кезінде, Алаш көсемдері әлі ақтала қоймаған уақытты жазылғанын ескеру керек секілді. Демек, Шәкәрім мен Алашорда үкіметі арасындағы осы «жұмбақ жайлар» әлі де зерттеуді қажет ететін мәселе. \ 3
Шәкәрім Меккке сапарына қамқор ағасы, ұлы ұстазы Абай дүниеден қайтқан соң, бір жылдан кейін барған. Негізгі көздеп барған жері, үлкен мәдениет орталығы, бай кітапханалары бар - Париж, Стамбул қалалары болаған. Ал Меккеге бару себебі: «Құдайдың үйі» деп жүрген Меккені көзімен көріп білу үшін және ондағы Құнанбай тәкиясын көру үшін болуы керек. Шәкәрімнің өзінің шежіре кітабында Мекке туралы бар жазғаны: «1874 жылы қажыға барғанда (Құнанбайды айтады), қазақ қажылары түсетұғын Меккеде бір тәкия, яғни үй сатып алып, құдайы қылып еді . . . Мен пақыр 1905 жылдан 1906 жылағ қарай қажыға барғанды тәкияны көрдім», - дейді. \4
1882-1883 жылдар Шәкәрімнің ішкі дүниесі, жан әлемі толысуының жаңа бір белі болғанға ұқсайды. Оған өз табиғат - мінезінде еселене түскен ой тәрбиесіне қоса, бәлкім, жастай атқарған болыстық қызметі, сол арқылы жиған өмір тәжірибесі өзгеше әсер еткен болар. Қалай да болса, осы жылдары жасы 25-ке таман ілінген жігіттің ақындық жолға бұрып, өз ортасынан озған кісі болып жекеленіп шыға бастағаны белгі береді. Шәкәрімнің әзірге белгілі бес дастаны бар. «Оятқан мені ерте - Шығыс жыры -деп өзі айтқандай, ақын бал дәурен балалық кезінен Шығыстың ұлы шайырларынан сүйіп оқып, олар жайлы мағлұматқа қанық болған. Атақты шайырлар салған дәстүрдің бірі - артқыға кемінде бес дастан қалдыру еді. Осы әдіспен бір-бірімен күш сынасу, шығарма-шылық бәсекеге түсу шығыстың бұрын-соңды өткен ұлы ақындар үшін жазылмаған қағида есепті еді. Бес дастаннның үшеуі: «Нартайлақ-Айсұлу», «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек» - қазақ өмірінен алынған, қалған екеуі: «Ләйлі-Мәжүн», «Дубровский»-аударма туындылары. «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек»-1912 жылы Семей қаласында «Жәрдем» баспасында басылып шыққан. Қалың қазақ сүйіп оқыған. Халық арасында кеңінен танымал дастандар. Екі кітап та автордың таныстыру есепті кішкене кіріспе сөзімен ашылады. Өкінішке орай, екі дастаннның жазған уақыты да мәлімсіз. \5
Абайдың тікелей қатысуымен бірсыпыра деңгейге көтеріліп қалған Құдайбердиев Шәкәрім қазақ - орыс байланысының одан әрі дамуына зор үлес қосқан көрнекті өкіл - Шәкәрім еді. Ол Пушкин, Лермонтов, Некрасов, Толстой сынды алыптардың өмір жолын, басты-басты шығармаларын үлкен білімділікпен, ерен талант қуатымен зерделей келіп, бүкіл адамзаттың мүддесіне ортақ қызмет ететін бірегей рухани байлық деп таныды. Туған халқының осындай озық өнер кәусерінен барынша мол сусындауы игілікті іс деп білген Шәкәрім дүниежүзі, орыс классиктерінің таңдаулы деген шығармаларын ана тілінде сөйлете бастайды. Соның ең елеулілерінің бірі - А. С. Пушкиннің «Дубровский» романы. Бұл шығарма жайында 1988 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан. Қазақша өлеңмен аударылған бұл хикая Ахат Құдайбердиевтің айтуына қарағанда, 1903-1909 жылдары аударылса керек. \6
1. 2. Ақынның ақырғы күзі
Шәкәрім қалай ұсталды? Оған қандай айып тағылды? Бұл жөнініде қауыпсіздік органдарындағы мұрағат құжатары нендей сыр шертеді? Енді сол деректерге назар аударайық.
1931 жылдың 2 қыркүйегінде Семей облысының Шыңғыстау (қазіргі Абай) ауданында қарулы көтеріліс болды. Осы көтеріліс басшыларының біреуі 1858 жылы туған Абай ауданының тұрғыны, қазақ, Құдайбердиев Шәкәрім екен. Осыған байланысты Шыңғыстаудағы банды көтерілісіне қатысты деп сотталған, жауапқа тартылған адамдардың мұрағат - тергеу ісімен таныстық. Мұнда РСФСР қылмыстық кодекстініің 58 - бабының 2-тармағы бойынша айыпталған Құдайбердиев Шәкәрімге байланысты материалдарды тергеу ісіне жеке бөліп, оның қазақ болуына байланысты қылмыстық ізіне түсуді тоқтату туралы аудандық ОГПУ - дың 1932 жылдың 22 ақпанындағы қаулысы бар екен. ОГПУ қызметкерлері фактілерді бұрмалап, болған оқиғаға сол кездегі саяси ахуалға орай баға берген. Мысалы, қылмыстық істігі жазбаларға сенсек, Шәкәрім жаңа өкіметтің барып тұрған қас жауы, Алашорда үкіметінің белсенді мүшесі, буржуазиялық, ұлтшылдық пиғылдағы жат элемент. Шығармашылық еңбектерінің де құны шамалы. Саясат жағынан келгенде коммунистік идеологиямен үйлеспейді, яғни оның шығармашылығында келер ұрпаққа үлгі етерлік, рухани азық боларлық ештеңе жоқ. Құжаттардың мазмұнынан осы ой - пікірді байқауға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz