Өрмекшітәрізділер класы


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

1. Өрмекшітәрізділер класына жалпы сипаттама

2. Өрмекшітәрізділер класының құрылысы мен физиологиясы

3. Өрмекшітәрізділер класының ас қорыту жүйесі

4. Өрмекшітәрізділер класының зәр шығару жүйесі

5. Өрмекшітәрізділер класының тыныс алу мүшесі

6. Өрмекшітәрізділер класының қан айналу жүйесі

7. Өрмекшітәрізділер класының нерв жүйесі

8. Өрмекшітәрізділер класының жыныс жүйесі

9. Өрмекшітәрізділер класының дамуы

10. Өрмекшітәрізділер класының классификациясы

Өрмекшітәрізділер класы - Arachnida

Өрмекшітәрізділер құрлықта тіршілік ететін, өкпемне немесе трахеямен тыныс алатын буынаяқтылар. Денелері - баскеуде және құрсақ болып бөлінеді. Баскеудк бөлігінде 6 жұп аяқтары орналасқан, оның бір жұбы ауыздың үстінде, ал қалған 5 жұбы ауыздың артқы жағында орналасқан. Аяқтарының артқы жұбы - хелтцералары ( chelcerae ) қысқарған екі - үш буынан тұрады, ол қысқыш немесе тырнақ тәрізді. Көпбуынды аяқтарының екінші жұбы - пышақтәрізді және олар қорегін ұстау мүшесінің қызметін және сезу қызметін атқарады - бұлар педпальпалар ( pedipalpi ), ал қалған 4 жұбы - жүргіш аяқтары.

Денесінің артқы бөлігі - құрсақ - әдетте сегменттелген. Өрмекшітәрізділер класында оншақты отряд, 6 -нан астам түрлері бар. Ұзындығы 0, 1-мм-ден17см-ге дейін.

Құрылысы мен физиологиясы.

Өрмекшітәрізділер денесі екі бөліктен: баскеуде және құрсақтан тұрады. Баскеудені - акрон және 7 сегмент құтайды (7-ші сегмент жетілиеген ) . Сольпугаларда және кейбір төменгі сатыдағы түрлерінде 4 жұп алдыңғы аяқтарының сегменттері біріккен, ал баскеуденің қалған 2 сегментіне құрсақ сегменттері жалғасады. Сольпугалардың денесі - өрмекшітәрізділер класының басқа өкілдеріне қарағанда көбірек сегменттелген. Құршаяндарда да баскеудесі біріккен, құрсағы 12сегментті ( Gigantostraca сияқты ), ол 7 сегментті жалпақ алдыңғы құрсаққа және жіңішке 5 сегментті артқы құрсаққа бөлінеді. Денесі уы бар, имек инелі тельсонмен аяқталады. Мұндай сегмнттелу жалған құршаяндарға, пішеншілерге, кейбір кене түрлерінде және буынқұрсақты өрмекшілерге тән. Дене сегменттерінің толық бірігіп, тұтасып кетуі кене отрядтарының өкілднрінде байқалады.

Баскеудеде 6 жұп аяқтары орналасқан және алдыңғы 2 жұбы қоректі ұстау және оны ұнтақтау қызметін атқарады - бұларды хелицералар және педипальпалар деп атайды. Хелицералар ауыздың алдыңғы жағында орналасқан, өрмекшітәрізділерде олар қысқа қысқыш түрінде болады. Кейде хелицералар тырнақтәрізді қозғалмалы буынмен аяқталады немесе стилет сияқты болады. Ол жануарлардың денесін тілу қызметін атқарады, сол арқылы олар қоректенеді. Хелицералар әдетте үш буыннан тұрады, ақырығы буыны қысқыштың қозғалмалы бармағының қызметін атқарады.

Екінші жұп аяқтары - педипальпалар, бірнеше буыннан тұрады. Шайнайтын өсінділердің көмегімен педипальпаның негізгі буынында қорек ұнтақталып майдаланады, содан кейінгі буындар қарамалауыш, ұстағыш қызметін атқарады. Кейбір өкілдерінде ( құршаяндар, жалған құршаяндар) педипальпалар күшті ұзын қысқыштарға айналған, ал кейбіреулерінде жүру аяқтарына ұқсас. Қалған 4 жұп ( 6-7 бунақты) баскеуде аяқтары жүру қызметін атқарады.

Өрмекшітәрізділердің құрсағағындағы аяқтары дамымай түрі өзгерген күйінде сақталады. Өрмекшітәрізділердің арғы тегінде құрсақ сегменттеріндегі жетілген аяқтарының болғаны кұмәнсіз.

Хелицералылардың жабыны кутикула мен оның астындағы гиподерма мен базальды мембран қабаттарынан тұрады. Гиподерма клеткаларының шығарған заттарынан құрылатын кутикула үш қабатты. Оның сыртқы қабаты жұқа, денедегі ылғалды сыртқа шығармайтын липопротеинді заттарға бай. Бұл құрылым хелицералылардың құрлыққа шығуына және олардың ең құрғақ жерлерді мекндеуіне жағдай туғызады.

Ас қорыту жүйесі.

Эктодермальды алдыңғы, энтодермальды ортаңғы және эктодермальды артқы ішектен құралған.

Алдыңғы және артқы ішектері қысқа, ортаңғысы ұзын. Алдыңғы ішегі әдетте кеңейген, кутикуламен астарланған және күшті бұлшықеттермен қапталған, сұйық асты соруға бейімделген жұтқыншақ пен қарыннан тұрады. Алдыңғы ішекке шырыш бөлетін жұп сілекей бездері ашылады. Өрмекшілерде, осы бездердің және бауырдың ферменттерінің белокты ыдырату қабілеті жоғары. Өрмекші өзінің өлтірген жемтігінің денесіне осы бездердің сөлін жіберіп, қоректі ішектен тыс жерде қортады да, кейін қортылған сұйықтандырылған қоректі сорып алады. Осылайша, қортылған қорек жұтқыншақ пен қарын арқылы ортаңғы ішекке түседі. Ортаңғы ішектің құрсақтағы бөлігіне бауырдың өзектері ашылады, ол ас қортатын ферменттерді бөледі және қоректі сіңіруге көмектеседі, сонымен қатар бауыр клеткаларының ішінде ас қорыту процесстері де жүреді. Артқы ішегі аналь тесігімен сыртқа ашылады.

Зәр шығару жүйесі.

Мальпиги түтікшелері және коксальды бездері жатады. Мальпиги түтікшелері энтодермальды ортаңғы ішектен пайда болып, ортаңғы мен артқы ішектің шекарасында орналасып, бір жағы тұйықталып екінші жағымен ас қорыту жолына ашылады. Олар жалпақ эпителий қабатымен астарланған, клеткаларында және түтікше қуысында көптеген гуанин дәндері болады. Гуанин өрмекшітәрізділердің зәр шығаруының негізгі өнімі, сыртқа сұйықтүрінде емес, құрғақ кристалл түрінде шығарылады. Бұл құрлықта тіршілік етуіне байланысты ішкі ылғалды үнемдеуге бағытталған. Мальпиги түтікшелері тек ересек түрлерінде болады.

Коксальды бездер мезодерма клеткаларынан пайда болады, олар өрмекшітәріздәлердің ұрығында және жас кезінде жетіліп, ересек түрлерінде біршама жоғалады. Коксальды бездер баскеуденің екінші сегментінде орналасқан, түрі жұп қапшық тәрізді. Эпителилі қапшықтан ілмек тәрізді бұрандалған түтікше шығады да, ол зәрлі қуыққа айналып, зәр шығару тесігімен аяқталады. Олар үшінші немесе бесінші жұп аяқтарының түбінде сыртқа ашылады. Эпителилі қапшық целомодуктаның кірпікшелі воронкасына сәйкес болып келеді.

Тыныс алу мүшесі.

Әр түрлі: не жапырақтәрізді өкпелері, не кеңірдектері, не өкпелер мен кеңірдектері кездеседі. Өкпе қапшығымен құршаяндар, қылаяқтылар, төменгі сатыдағы өрмекшітәрізділер тыныс алады. Құршаянның алдыңғы құрсағының астыңғы 3-6-шы сегменттерінде төрт жұп тыныс саңылаулары немесе стигмалары ( stigma ) өк пе қапшығына келіп жалғасады. Өкпе қапшықтарының ішінде бір-біріне жақын орналасқан жапырақтәрізді өсінділері бар, ал олардың арасы тар, бос қуыстық. Бос кеңістікте ауа, ал өкпе жапырақшаларын қан тамырлары торлаған.

Сольпугалардың, пішеншілердің, жалған құршаяндардың, кейбір кенелердің тыныс алу мүшесі - трахеялар. Құрсақтың бірінші екінші сегменттерінде жұп тыныс алу саңылаулары немесе стигмалары бар. Әрбір стигмадан дененің ішіне қарай ұзын, жұқа, тұйықталған ауа өтетін түтікшелер немесе трахеялар тарайды. Трахеядан тараған ұсақ трахеолалар әрбір мүшнге жалғасып, оларда ауамен қамтамасыз етеді.

Өрмекшілер отрядының өкілдерінде тыныс алу мүшелерінің екеуде (жапырақты өкпе қапшығы мен трахеялар) кездеседі. Олар құрсақ бөлімінде орналасқан жұп өкпе қапшығы және сыртқа екі стигмамен ашылатын жұп трахея шоғыры. Өрмекшілердің Caponiidae тұқымдасында өкпе мүлдем жоқ, тек жалғыз екі жұп трахеясы болады.

Өрмекшітәрізділердің өкпесі және трахеясы бір-біріне байланыссыз пайда болған. Өкпенің эволюция барысында қалыптасуы, түрі өзгерген құрсақ желбезек аяқтарымен байланысты деп есептеледі.

Қан айналу жүйесі.

Ашық. Құршаянның жүрегі ұзын түтік тәрізді, алдыңғы құсақ бөлімінде ішектің үстінде орналасқан және оның бүйір жағында жеті жұп саңылаулары бар. Жүректің алдыңғы, артқы (құршаяндарда) немесе тек алдыңғы жағынан (өрмекшілерде) қолқа тамырлары шығады. Бұдан басқа кейбір түрлерінде жүректің әрбір камерасының бүйірінен жұп артерия тамырлары тарайды да, олардың соңғы тармақтары үзіліп, гемолимфа лакуна, синус жүйесіне құйылады. Синустардан жүрек маңы қуысына одан кейін остиялары арқылы гемолимфа жүрекке құйылады.

Нерв жүйесі.

Нерв жүйесінің құрылысы буылтық құрттардікіне ұқсас, бірақ құрсақ нерв тізбегіндегі ганглиялары бірігіп шоғырланып орналасуға баңытталған.

Миы екі бөлімді: алдыңғы протоцеребрум (көздерін нервтендіретін) және тритоцеребрум (хелицераларды) .

Құрсақ нерв ганглияларының тізбегі құршаяндарда сақталған. Оларда жұтқыншақ үсті немесе миы және жұтқыншақ маңы коннективасы бар, ал жұтқыншақ асты ганглиясы бас кеуде ганглияларымен бірігіп үлкен түйінге айналған, одан екінші алтыншы жұп аяқтарына нервтер таралған, ал құрсақ бөлігі бойында жеті ганглялар түйіні құрсақ тізбегін құрайды.

Жыныс жүйесі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Буынаяқтылар
ЖАНУАРТАНУ ПӘНIНДЕ БУЫНАЯҚТЫЛАР ТИПIНIҢ ҚҰРЫЛЫСЫН OҚЫТУ ӘДIСТЕМЕСI
Аталық өрмекшінін
Буынаяқтылардың жалпы сипаттамасы
Өсімдіктер мен балдырлар
Буынаяқтылар типі жайлы
“Зоология” курсының кіріспесі
Буынаяқтылар типі. өрмекшітәрізділер класы. кенелер. жіктелуі және практикалық маңызы
Буынаяқтылар, Шаянтәрізділер,Өрмекшітәрізділер
Бақша, көкеніс дақылдары зиянкестері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz