Weekend турлары


КІРІСПЕ
Қaзақстан - бұл Еурaзия құрлығының жүрек тұсында орналасқан үлкен ел. Сондықтан мұнда ежелгі әлем мен қазіргі дүние, шығыс пен бaтыс көрші орналасқан деп айтуға болады. Қазaқстан үшін туризмнің дамуы қазіргі таңда өте маңыздылығын Президент Н. Ә. Нaзарбаев өзінің «Қазақстaн - 2030» бағдарламасы негізінде халыққа жолдауында атап өткен. Осы бағдaрлама бойынша 2015 жылғa дейін өзінің мүмкіндіктері мен бәсекеге қабілеттілігі тұрғысынан перспективті сaлаларға ауыл шaруашылығы, ормaн, жеңіл және тамaқ өнеркәсібі, тұрғын үй құрылысы және инфрақұрылымымен қaтар туризм де кірген.
Туризм шаруашылықтың нысаны ретінде қажетті табиғи жағдайлардан және қоршаған ортаның сапалылығын қажет етеді. Туризмді ұйымдастыру үшін, ең алдымен табиғи жағдайлар болуы керек. Туризмнің табиғи ортаның сапасына, әртүрлілігіне қоятын талаптары өте жоғары:
- аттрактивтілік;
- табиғи кешендердің әртүрлілігі;
- климаттың комфорттылығы;
- ұтымды ылғалдылық;
- жер бедер сипаты;
- пейзаждың эстетикалық қасиеттері;
- ерекше табиғи нысандардың бар болуы: орман, мұздық, суат т. б. ;
- географиялық ортаның экологиялық сапасы;
- рекреациялық жүктемеге деген шыдамдылық.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазақстанда қазіргі кезде ішкі туризмді дамыту өзекті мәселеге айналып отыр. Елімізде ішкі туризмді дамытудың бір бағыты ретінде weekend турларды ұйымдастыру мен дамыту мәселесі маңызды болып табылады. Қазақстанның барлық аймақтары туристік-рекреациялық ресурстарға өте бай болып келеді, бұл жағдай weekend турларды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Weekend турлардың қалыптасуы мен дамуы халықтың жұмыс аптасының соңындағы демалысқа деген қажеттілігінен пайда болды.
Алғашқыда weekend турлар жұмыстан мүлде қолы босамайтын іскер адамдарға арналып жасалған болатын.
Қазіргі кезде weekend турлар халық арасында аса танымал болып отыр. Себебі мұндай турлар арқылы демалысыңды ұмытылмастай етіп өткізуге, жұмыс күндерінен кейін жақсы демалуға және келесі алдағы жұмыс күндеріне тамаша көңіл-күймен оралуға мүмкіндік береді.
Дипломдық жұмыстың тақырыбы Қазақстанның ішкі туризмін дамытуда weekend турлардың өзектілігі мен қажеттілігіне байланысты таңдалды. Қазақстанда weekend турлардың ұйымдастырылуы халық арасында енді ғана қолданысқа еніп отыр. Халықтың мұндай турларға деген қызығушылығы қаланың күйбең тіршілігі, экологиялық ластану сияқты жағымсыз әсерлерден құтылу ниетінде пайда болды. Weekend турлар халықты жүйелі ұйымдастырылған аз уақыттық демалыспен қамтамасыз етеді, физикалық және рухани күш-қуатын қалпына келтіріп, өмір сүру ортасын ауыстыру арқылы аз уақыт ішінде көп есте қаларлық сәттерді бастан кешіруге мүмкіндік береді.
Weekend турлардың аз уақыттық болса да, жоғары жиілікте өткізіліп тұруы халықтың әлеуметтік-мәдени іс-әрекетке белсене қатысуына әсер етеді, тікелей аймақтың экономикалық құрылымын дамытып қана қоймай, халықтың мәдени деңгейінің жоғарылауына да септігін тигізеді.
Бұл мәселе демалыс кунгі туризм ерекшеліктерінің қарама-қайшылықтарын тудырады. Біріншіден, рекреациялық қызметті ұйымдастырудың эффективті формасы ретінде көрінсе, екінші жағынан демалыс күнгі туризмнің рекреациялық потенциалын толығымен жүзеге асырмайтын заманауи жұмыс тәжірибесі ретінде көрінеді.
Демалыс күнгі туризмнің ерекшеліктерін зерттеудің негізінде демалыс күнгі туризмді ұйымдастыру бойынша қызметтің негізгі оңтайландырылған жағдайларын анықтап алу керек.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Қазақстанда туризмді дамыту мәселесін ескере отырып, ішкі туризм дамуының бір құралы ретінде weekend турларды ұйымдастыру мен дамыту.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
- жұмысты жазып шығуға септігін тигізетін дәл осы тақырыпты немесе осыған ұқсас жағдайларды талқыға салған әр түрлі авторлардың ғылыми жұмыстары мен құжаттарын жүйелеу және зерттеу;
- демалыс күнгі туризм құбылысын тереңінен түсіну үшін бос уақыт, бос кез, рекреация түсініктерінің мән-мағынасын ажыратып алу;
- демалыс күнгі туризмнің алдында тұрған шешу керек мәселелер мен тапсырмаларды біліп алу және қарау. Weekend турлар түсінігін, оның қызметтері мен классификациясын және толықтыруларын анықтау;
- weekend турлардың құрылымын сипаттау кезінде, олардың мақсаты мен міндеттерін, өткізу әдісі мен кезеңдерін, мақсатты аудиториясын анықтауда және болашақтағы турөнімді жылжыту эффективтілігінде жиналған мәліметтерді талдау және қорыту;
- Қазақстанда weekend турларды дамыту алғышарттарын анықтау;
- Қазақстан туризм нарығына талдау жасау арқылы, weekend турлардың маңыздылығын анықтау;
- ұйымдастырылатын weekend турларды саралау негізінде Қазақстандағы weekend турлардың классификациясын құрастыру;
- «Тұзкөл көлі мен Көмірші шатқалы» weekend турын құрастыру;
- weekend турларды ұйымдастыру мүмкіндіктері мен мәселелерін анықтау;
- зерттеу жұмысы негізінде Қазақстан туризмін дамытуға үлес қосу.
Зерттеу объектісі - демалыс күндерінде ұйымдастырылатын weekend турлар.
Зерттеу пәні - weekend турларды ұйымдастыру арқылы қызметті оңтайландыру.
Зерттеу әдістері:
- арнайы әдебиеттерді, құжаттарды, сонымен қатар интернет ресурстарды зерделеу;
- Қазақстан Республикасындағы осы бағыттағы туристік ағынның статистикасын жүйелеу;
- weekend турлардың ұйымдастырылуы бойынша туристік нарыққа талдау жасау;
- бақылау жүргізу.
Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы Қазақстанда weekend турларды дамытумен байланысты теориялық және практикалық мәселелерді зерттеуден, ұйымдастыралатын weekend турлардың SWOT-талдауын және классификациясын құрастыру және болашақтағы даму жолдары мен бағыттары бойынша ұсыныстар берілуден тұрады.
Зерттеудің ақпараттық базасы ретінде Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі Агенттігінің, туризм саласы бойынша қабылданған құқықтық-нормативтік құжаттардың, сондай-ақ мерзімдік басылымдарда жарияланған мәліметтер мен интернет сайттарының ақпараттары, кітаптар, ғылыми мақалалар мен жұмыстар мәліметтері пайдаланылды.
Зерттеудің теориялық мәнділігі демалыс күнгі туризм терминологиясын қолдануда көптеген жетіспеушіліктер байқалатын, жеке-дара ерекшеліктерге ие болатын weekend турларды ұйымдастыру бойынша ақпараттарды жүйелеу талпынысы болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстан туристік нарығындағы weekend турларды талдау арқылы олардың классификациясын құрастыру және де weekend турлардың мүмкіндіктерін анықтау болып табылады.
Зерттеудің практикалық мәнділігі бұл жұмыстың weekend турларды ұйымдастырушылар үшін (демалыс базалары, санаториялар, туристік фирмалар) әдістемелік көмекші құрал ретінде қолданылуымен түсіндіріледі.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер, қосымшалардан тұрады. Иллюстрация ретінде 6 кесте мен 17 сурет келтірілген. Дипломдық жұмыс 70 беттен тұрады. Жұмыс баспалық бетте орындалған.
1 WEEKEND ТУРЛАР ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТУРИЗМДЕГІ ОРНЫ
1. 1 «Weekend турлар» түсінігі
Демалыс күнгі рекреация адамның өмірлік жетіспейтін қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады: демалыс, қалпына келтіру, мәдени даму. Дегенмен де көптеген елдерде туристік-рекреациялық іс-әрекет тұрақтылығы мен алдағы уақытта дамуы маңызды фактор болып табылатын экономиканың жеке саласы ретінде қарастырылады. Оның негізгі түрлерінің ішінде курорттық-сауықтыру демалысы мен туризм бөлініп шығады [1] .
Туризмнің даму мәселелері мен халықтың апта соңындағы демалысы, сонымен қатар оларды шешу бағыттары В. К. Мамутова, Б. В. Буркинского, В. К. Симоненко, М. И. Долишнего, А. Г. Бобковой, Г. М. Алейниковой, А. И. Серебрякова, А. П. Юрьева, Е. А. Желудковского, П. В. Гудзя, И. В. Бережной, С. К. Харичкова және тағы басқалардың еңбектерінде көрініс тапқан болатын. Ғылыми және арнайы әдебиеттерді саралау рекреациялық география бойынша шығарылымдардың демалыс жайында емес, тек қана туризм бойынша сұрақтарды талқыға салатынын көрсетіп отыр. Сондықтан да отандық әдебиет беттерінде рекреация мен туризмді синоним түсініктер ретінде, тіпті бір түсінік ретінде қарастырады, ал шындығына келсек, рекреация түсінігі өзіне туризмді, экскурсияны және күнделікті орнынан тыс жердегі демалысты қамтиды. Туризм - рекреацияның құрамындағы негізгі бөлік болып табылады. «Рекреациялық» тіркесімен қолданылатын барлық түсініктер туризммен немесе демалыспен байланысты сұрақтарға бағытталған. Жиі қолданылатын, 80-жылдары мектеп бағдарламасына енгізілген маңызды түсінік - «рекреациялық ресурстар» болып табылады [2] .
Рекреациялық ресурстар түсінігінің көптеген анықтамалары қолданылады, дегенмен де олардың ішінде сәтті шыққандары мен шықпағандары да бар. В. И. Преловский рекреациялық ресурстарға «табиғи құбылыстарды, үрдістерді немесе ландшафтың жеке элементтерін рекреациялық іс-әрекетті ұйымдастыру үшін қолдану» деген анықтама береді. Ал осы жерден физикалық рекреация түсінігі туындайды.
Физикалық рекреация - қимыл-қозғалыс формасында әрекет ететін, педагогикалық тұрғыдан ұйымдастырылған белсенділік немесе адаптацияның стресстік реакция мен механизм заңдылығына сәйкес жұмысқа деген қабілеттіліктің шапшаң, созылмалы немесе патологиялық тұрғыдан төмендеуін қалпына келтіруге бағытталған әрекет болып табылады [3] .
Қазіргі күнделікті өмірде адам стресстік жағдайларда жиі болады. Физикалық, ақыл-ойға және психологияға түсетін ауыртпалық қауіпі тәжірибелік тұрғыдан баршамызда да кездеседі. Бұл әсіресе қала тұрғындары үшін өзекті мәселе - біз үйден шыға салысымен айқай-шуға, шаң-тозаңға, газды ауаға және т. б. душар боламыз. Сонымен қатар мұндай өмір әрқашан да асығумен, тез жүрумен қоса, мұның бәрі адамның жағдайына, оның жұмысқа деген қабілеттілігі мен көңіл-күйіне негативті, яғни жағымсыз әсер етеді.
Weekend турларды ұйымдастыру мақсаты - демалыс күнгі жорықтарды өткізуді жұмыс күндерінен кейінгі рекреациялық тәсіл ретінде сараптау болып табылады.
Weekend турларды ұйымдастыру міндеттері:
1) Зерттеу мақсатымен тығыз байланыстағы теориялық негізді жарықтандыру.
2) Өткізіліп отырған шараның организмге әсерін бағалау.
3) Адамның күш-қуаты мен жұмысқа деген қабілетін аз уақыттың ішінде арттыру.
Сонымен бұл гипотезаның негізінде бірқалыпты физикалық ауыртпалық пен табиғатпен тілдесу туристік жорық қатысушыларының жұмыс күндерінен кейінгі күш-қуатын қалпына келтіруге және жұмысқа деген қабілеттілігін арттыруға көмектеседі деген қорытынды жатыр [4] .
Адамның демалыс күндеріндегі рекреациялық іс-әрекетін қарастырмас бұрын, «бос уақыт», «бос кез» және «рекреация» түсініктерінің мән мағынасын ашып алайық. Бұл түсініктерді дұрыс меңгеру бізге зерттеліп жатқан процессті толық түсініп, дұрыс қорытынды шығаруға мүмкіндік береді. Бізді қызықтырып отырған түсініктердің ең алдымен мазмұнды жақтарын анықтап алайық.
«Бос уақыт» түсінігі ең алғаш ХХ ғасырдың басында бюджеттің ғылыми-қолданбалы, әлеуметтік-статистикалық зерттеулері ақырындап дамып келе жатқанда пайда болды. Әлемнің көптеген елдерінде «бос уақыт» түсінігінің орнына «бос кез» (досуг) түсінігін қолданады. «Бос уақыт», «бос кез» және «рекреация» түсініктерінің арақатынасын ажыратып алмастан бұрын, «уақыт» және «әлеуметтік уақыт» түсініктерін қарастыру қажет.
В. М. Пич: «Уақыт - бұл түсінікпен біздің айналамызда өтіп жатқан барлық құбылыс ұзақтылығы мен реттілігіне орай өлшенеді, уақыт үзіліссіз, табиғатпен тікелей байланысты, сонымен қатар материяның кез-келген түрі уақытқа байланысты шектеулі және өткінші» деп анықтама береді. Уақытпен адамның да, адам қоғамының да өмірі өлшенеді. «Бос уақыт», «бос кез» және «рекреация» түсініктері байқап отырғанымыздай уақыттың белгілі бір бөлігінде іске асатын белгілі бір іс-әрекет түрінінің үйлесімділігі болып табылады.
Бос уақыт әлеуметтік уақыттың белгілі бір түрі болып табылады. Онымен іс-әрекеттің мәдениет жетістіктері мен мәдени құндылықтарды меңгерумен байланысты жеке өзін-өзі дамыту байланысты болып келеді [3] .
Десек те, бұл түсініктердің нақты бір анықтамасы жоқ, өз кезегінде әртүрлі авторлар «бос уақыт», «бос кез» және «рекреация» түсініктеріне әртүрлі анықтамалар береді. Ал біз үшін маңыздысы адамның бос уақытында өткізетін әс әрекеті болып табылады. Әрине, рекреациямен айналысу үшін таптырмас уақыт - демалыс күндері. Демалыс күндерін адам өз қажеттілігіне қарай әртүрлі ұйымдастыруына болады. Біреулер демалыс күндерін белгілі бір шаруасымен айналысу үшін асыға күтсе, енді біреулер демалыс күнін өзінің жақын адамдарымен серуендеуге, қыдыруға арнайды.
Адамның демалысқа деген қажеттілігін ескере отырып, соңғы жылдары әр түрлі әдебиет беттерінде және халық арасында «weekend турлар» түсінігі пайда болды. Әсіресе бұл түсінік батыс елдерінде кең түрде қолданылады. Біздің күнделікті қолданатын «демалыс күнгі турлар» түсінігі мен «weekend турлар» түсінігі бір мағынаны білдіреді. Weekend турлардың адамға тигізетін әсері мен оны ұйымдастырудың ерекшеліктерінен бұрын бұл түсініктің қайдан және бізге қалай жеткендігіне тоқталық өтейік.
Яғни «weekend тур» түсінігі екі сөздің қосындысынан «weekend» және «тур» сөздерінен құралып отыр. «Weekend» сөзі ағылшын тілінен енген, («week» - апта + «end» - соңы) апта соңындағы демалыс күндері деген мағынаны білдіреді.
Демалыс күндері (сенбі және жексенбі) ; демалыс уақыты жұма күнгі кештен басталып, дүйсенбі күнге дейін жалғасады [5] .
Әдебиет беттерінде бұл түсінік ең алғашқыда 1638 жылы зат есім түсінігінде қолданылған екен. Бұл кезеңде бұл түсініктің мәні аптаның соңы немесе бір жұмыстың соңы ретінде түсіндірілген. Ал 1901 жылы бұл түсінік етістік ретінде қолданыла бастаған. Яғни «weekend» - «саяхаттап жүру», «демалу «деген мағынаны білдірген. Ал 1935 жылдан бастап сын есім ретінде қолданылады. Яғни «weekend» - «демалыс күнгі» деген мағынада түсіндіріледі [6] .
Біз weekendті ұзақтығына байланысты былай жіктейміз:
- classic Weekend - 3 күнге дейін
- long Weekend - 4-5 күн
- no Weekend - 6 күннен ары қарай
Ал «тур» сөзі баршамызға таныс болса керек. Тур дегеніміз клиентке біртұтас таратылатын және туроператордың еңбегімен өндірілген, белгілі бір маршрутқа және мерзімге арналған бастапқы (міндетті) туристік өнімнің бірлігі [7] . Яғни тур алдын-ала жасалынып, бағасы анықталып, дайын тұрады.
Яғни, weekend тур - бұл апта соңындағы сенбі, жексенбі немесе мерекелік демалыс күндері ұйымдастырылатын тур болып табылады.
Weekend турлар адамның алға қойған мақсаты, қатысушылар саны, олардың ерекшеліктеріне және демалыстың ұзақтығына байланысты әртүрлі болып келуі мүмкін.
Weekend турлар жеке адамға, ұжымдық және клубтық топтарға да арналуы мүмкін. Қазіргі кезде көпшілік арасында курорттық демалыс, тау-шаңғы, экскурсиялық және дайвинг турлар, бизнеске байланысты саяхаттар мен шопинг, үйлену тойларын ұйымдастыру және басқа да мерекелерді тойлау кең тарап отыр. Weekend турларды ұйымдастыру кезінде «аз уақыттта көп мүмкіндіктерге жету» концепциясын ұстану қажет. Яғни, демалысыңды сапалы, әрі естен кетпестей етіп ұйымдастыру шарт. Және де әр адамның және оның бос уақытының ерекшеліктерін де ескеру маңызды. Әрбір адам өзінің демалысын ұйымдастырған кезде, белгілі бір турфирманың көмегіне жүгінуі немесе өзі қалауы бойынша саяхаттауы мүмкін. Ұйымдастырылған тур кез-келген адам үшін пайдалы болары сөзсіз.
Weekend тур географиясы әртүрлі болуы мүмкін. Алыс шетелге барып демалуға немесе жай ғана өз еліңнің жақсы бір нүктесін таңдап, демалысты өткізуге болады. Шетелдегі weekend тур - бұл оңай және қарапайым. Дегенмен саяхаттың географиясы өте кең. Ең бастысы - 4 сағаттан көп уақыт әуеде болмайтын орындарды анықтап алу керек. Мұнан көп болса, онсызда жетпей жатқан алтын уақытымызды жоғалтып алуымыз мүмкін.
Weekend турлар - ерекше бір құбылыс. Басқа турлармен салыстырғанда бұл тур ерекше болып көрінеді. Күн санының аз болуы кемшілік ретінде көрінуі мүмкін. Дегенмен бұл салыстыруға байланысты. Теңіз жағалауындағы бір апта - әрине бұл үш күннен жақсы. Ал егер жеті күн жұмыста болмасаң, мұны «өндіріс процессіне» қайтсең де кіргізе алмайсың. Міне сен теңізге кетесің, сенің бүкіл жасаған жұмысың да суға кетеді деген сөз. Ал демалыс саған өте қажет. Мұндай жағдайдан шығу мүмкіндігі бар. Ол әрине - weekend турлар. Небәрі үш күнге теңізге барып келу - бұл демалыстың ең жақсы түрі десе де болады. Weekend үшін теңізге аттану - бұл нағыз жетістікті іс және стресстен, шаршаудан арылуға жүз пайызға кепілдік беретін әрекет. Теңіз жағасындағы бұл үш күн сен үшін жағажайда жатып демалуға, экскурсияларға қатысу мен кешкі ойын-сауыққа да мүмкіндік береді. Уақыт аз болған сайын адамда оны барынша ұзағынан қолдануға деген тілек қалыптасады. Әдеттегіден тыс weekend шет елдерге де бағытталуы мүмкін. Өзінің эффективтілігімен мұндай демалыс күндер кез-келген апталық демалысқа тең келері сөзсіз [8] .
Қорытындылай келгенде, weekend тур бүгінгі күні туристік саланың көп кездесе бермейтін, өте сауатты жасалынған және демалыс күндеріне бағытталған жақсы демалыс түрі болып табылады.
1. 2 Weekend турларды ұйымдастыру технологиясы
Белсенді демалыс - денсаулықты жақсартудың басты кілті. Қимыл - қозғалыс жасап, бір серуендеп қайту жұмысқа деген қабілетті қалпына келтіру, шаршауды жеңу мен көңіл-күйді жақсартуға жай ғана отырып немесе жатып демалудан көп және толыққанды көмектеседі. Белсенді демалысқа ерекше ден қоятындар физикалық қалпын жақсы сақтайды және де жүрек қантамыр жүйесінің ауруларының не екенін білмейді. Мұндай адамдар қартайған шағында да жоғары шығармашылық күшке ие болады [9] .
Толыққанды демалыссыз жасап жатқан еңбегіміздің де жоғары табысты болмайтыны баршамызға белгілі. Дегенмен де, өкінішке орай көпшілік адамдар, әсіресе жастар міндетті түрде теледидармен, жұмсақ жиһаз, кілемдермен жабдықталған қалалық зәулім ғимарат пәтерінің интерьерінде, жайлы жағдайдағы демалысты дұрыс көреді. Сонымен қатар демалыс күніне жұмыстарының көпшілігін орайластырып қояды. Осылайша олардың демалыстары табиғаттан оқшауланған түрде, төртбұрышты бетон қабырғаның айналасында өтеді.
Өзіңе нағыз демалыс үшін демалыс күніңді арнап, кішігірім саяхатқа аттанған ең дұрысы, пайдалысы және қызықтысы болар еді.
Алғашқыда weekend турлар демалысқа мүлде уақыты болмайтын, толық айлық демалыс туралы айтпақ түгілі, тіпті апталық демалысқа шығуы қиын іскер адамдарға арналған болатын [10] .
Біз әрдайым демалыс күндерді бір сергіп қалу мақсатында асыға күтеміз де, бірақ оны үй жағдайында, үй шаруасымен айналысу арқылы өткіземіз. Демалыс күндері өзіміз үшін нағыз демалысты жасап, табиғаттың әртүрлі таңғажайыптарымен танысып, ескі қалалар мен мұражайларға барып, демалыс күндердегі турларға қатысуға не жетсін?! Бұл кішігірім саяхаттардың ең бір тартымдылығы - мүмкіндіктердің әртүрлі болуы. Мұндай турлар жан-жақты әртүрлі бағыттағы бағдарламаларды ұсынады: отбасылық саяхаттар, ұжымдық немесе достар тобымен турлар. Ғашық жұптар өздері үшін демалыс күнгі турларды «романтикалық» етіп ұйымдастырып алуы да мүмкін. Weekend турлар сияқты кішігірім саяхаттар күнделікті күйбең тіршіліктен алыстап, жақсы демалуды қамтамасыз етеді. Туристік фирмалар мұндай турларды ұйымдастыру кезінде әрбір бөлшегіне дейін ерекше мән беріп, турдың дұрыс өтуін қадағалайды. Мұның құрамына жайлы автобус, тамақтандыру мен орналастыру орны да кіруі мүмкін. Weekend турлар - жұмыстағы қызметтестерді дұрыс тануға, жаңа адамдармен танысуға және отбасы беріктігін нығайтуға үлкен мүмкіндіктер береді [11] .
Weekend турлар 2-3 күнді қамти отырып, әр түрлі туризм түріне бағытталады:
Танымдық туризм - бұл туристтердің жас ерекшеліктерін ескермей, тек қана қызығушылықтарына бағытталады. Адамды көп нәрсе қызықтыруы мүмкін, дегенмен де адам үшін бұрын соңды көрмеген, естіп, білмеген нәрсені аңғару маңызды нәрсе. Сондықтан да нарықты зерттеген кезде немесе жарнама кезінде туристік маршруттың дәл осы жағына ерекше мән берген дұрыс.
Танымдық турлардың екі түрі кездеседі:
1) Стационарлық турлар - туристтің бір қалада немесе бір орталықта болуымен сипатталады;
2) Маршруттық турлар - көптеген елді мекендер мен қонақжайлылық орталықтарын көру, саяхаттың құралған маршрут бойынша жүруі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz