Екінші деңгейлі банктердің несие саясатын басқару
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1 Екінші деңгейлі банктердің несие саясатын басқарудың тұжырымдамалық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.1 Несиелік қатынастардың теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.2 Банктердің несие саясаты түсінігінің мән.мағынасы және оның қалыптасуын анықтайтын факторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
1.3 Банктердегі несие саясатын басқарудың ерекшелігі мен рөлі ... ... ... ... 20
2 Екінші деңгейлі банктердегі несие саясатының жүзеге асырылуын талдау («Банк ЦентрКредит» АҚ мысалында) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
2.1 Банк қызметінің мәні, жүргізетін операциялары және құрылымы мен қаржылық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
2.2 Банктің несие портфелін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
2.3 Банктің болашаққа арналған стратегиялық даму жоспары ... ... ... ... ... .47
3 Екінші деңгейлі банктердегі несие саясатын басқаруды жетілдіру бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...50
3.1 Несиелік тәуекелділікті тиімді басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .50
3.2 Несиелік тәуекелділіктерді төмендету процесін жетілдіру жолдары ... 56
3.3 Отандық банктердегі несиелік тәуекелділікті басқаруда шетелдік тәжірибе әдістерін қолдану мүмкіндігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...60
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 66
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..69

Тақырыптың өзектілігі. Әлемдік қаржы дағдарысына қарсы таяу арада қабылданған ҚР Үкіметі, Қазақстан Ұлттық банкі және ҚР-ғы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігінің 2009-2010 жылдарға арналған экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыруға байланысты бірлескен шаралар жоспарын іске асыру механизмдерінде қарастырылған қаржы секторын тұрақтандырудың басты бағыттары айқындалды, соның ішінде екінші деңгейдегі банктердің несие саясатын және тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру, олардың сыртқы қарыздарды алуын әрі қарай шектеу шараларын қабылдау, Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына сәйкес қызмет етіп отырған банктердің активтерінің жіктелім тәртібін оңтайландыру және жүйе құраушы екінші деңгейдегі банктердің жай және артықшылықты акцияларын сатып алу арқылы, сондай-ақ оларға субординирленген займдар беру арқылы қосымша капиталдандыру шаралары көзделген.
1 Деньги. Кредит. Банки. Учебник / Г.И. Кравцова, Г.С. Кузьменко, Е.И. Кравцов и др.; Под ред. Г.И. Кравцовой. - Минск: БГЭУ, 2003.-527с.
2 Смит А. Исследование о природе и причинах богатства народов. М., 1997. с. 112
3 Рикардо Д., Смит А., Кейнс Дж. Классика экономической мысли: Сочинения. М., 2000.
4 Шумпетер Й. Теория экономического развития.-Москва: Прогрес, экон., -1982. – 401 с.
5 Выгодский С.Л. Очерки по теории К. Маркса. М., 1929.
6 Долгова С.А. Теоретические основы формирования кредитной политики коммерческих банков // Управление общественными и экономическими системами. – 2010. – № 2.
7 Панова Г.С. Кредитная политика коммерческого банка. М.: ИКЦ «ДИС», 1997. 464 с.
8 Ендронова В.Н., Хасаянов С.Ю. Современная стратегия и тактика российских коммерческих банков в области кредитования // Финансы и кредит. 2002. №3 (93). С. 3-1.
9 Лемжина Л.В. Особенности кредитной политики региональных коммерческих банков // Экономические науки. 2008. №1 (38). С.339.
10 Блеутаева К.Б. Ақша және банктер. Оқу құралы. Алматы "Қазақ университеті". 2006. 61-65 б.
11 Сейтқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер. Оқулық. Алматы: Экономика. 2005. 64-69 б.

МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1 Екінші деңгейлі банктердің несие саясатын басқарудың тұжырымдамалық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.1 Несиелік қатынастардың теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...8
1.2 Банктердің несие саясаты түсінігінің мән-мағынасы және оның қалыптасуын анықтайтын факторлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
1.3 Банктердегі несие саясатын басқарудың ерекшелігі мен рөлі ... ... ... ... 20
2 Екінші деңгейлі банктердегі несие саясатының жүзеге асырылуын талдау (Банк ЦентрКредит АҚ мысалында) ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..26
2.1 Банк қызметінің мәні, жүргізетін операциялары және құрылымы мен қаржылық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
2.2 Банктің несие портфелін талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
2.3 Банктің болашаққа арналған стратегиялық даму жоспары ... ... ... ... ... .47
3 Екінші деңгейлі банктердегі несие саясатын басқаруды жетілдіру бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...50
3.1 Несиелік тәуекелділікті тиімді басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .50
3.2 Несиелік тәуекелділіктерді төмендету процесін жетілдіру жолдары ... 56
3.3 Отандық банктердегі несиелік тәуекелділікті басқаруда шетелдік тәжірибе әдістерін қолдану мүмкіндігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...60
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 66
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..69
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Әлемдік қаржы дағдарысына қарсы таяу арада қабылданған ҚР Үкіметі, Қазақстан Ұлттық банкі және ҚР-ғы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігінің 2009-2010 жылдарға арналған экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыруға байланысты бірлескен шаралар жоспарын іске асыру механизмдерінде қарастырылған қаржы секторын тұрақтандырудың басты бағыттары айқындалды, соның ішінде екінші деңгейдегі банктердің несие саясатын және тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру, олардың сыртқы қарыздарды алуын әрі қарай шектеу шараларын қабылдау, Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына сәйкес қызмет етіп отырған банктердің активтерінің жіктелім тәртібін оңтайландыру және жүйе құраушы екінші деңгейдегі банктердің жай және артықшылықты акцияларын сатып алу арқылы, сондай-ақ оларға субординирленген займдар беру арқылы қосымша капиталдандыру шаралары көзделген.
Аталмыш жоспарды іске асыру мақсатында белгіленген шаралардың ең бастысы ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктердің несие саясатының жетілмегендігін, тәуекелдерін басқарудың бүгінгі күнге сай еместігін және оның тиімсіздігін нақты көрсетіп отыр.
ҚР Президентінің 2011 жылғы 29 қаңтардағы халыққа жолдауында банк секторының бәсекелестік қабілеттігі мен тұрақтылығын арттыру міндетін белгілей отырып, банктерге мемлекеттік қолдаудың біржақты бола алмайтындығын, яғни тәуекелдердің өздеріне тиесілі бөлігін алуға тиістігін, сондай-ақ банктердің акционерлері өздерін дамытуы үшін қосымша ресурстар тартқысы келмесе немесе оған қабілетсіз болса, ондай кезде мемлекет қажетті шаралар қолдануға дайын болу керектігі айтылды.
Шынымен де, Қазақстанның бүгінгі дамып отырған банк секторының бәсекелестікке қабілетті дамыған банктердің қатарына кіруі үшін ең әуелі олардың басты табыс көзінің бірі болып отырған несиелік қызметін басқарудың тиімділігін арттыруға терең мән беру қажет. Ең бастысы бұл жерде ҚР-ғы екінші деңгейлі банктердің несиелік қызметін, оның ішінде тәуекелдерін басқаруды жүйелі түрде зерттеуде жоғарыда көтерілген мәселелердің шешімін табу барысында арнайы теориялық, әдістемелік және тәжірибелік тәсілдерді қолдануды қажет етеді.
Несиелік тәуекел отандық банктердің дамуына қауіп төндіріп отырған тәуекелдің түріне жатады. Себебі, әлемдік тәжірибе көрсеткендей дағдарыс тұсында көптеген коммерциялық банктердің банкроттыққа ұшырауы қарыз алушылардың несиелерді қайтармауымен және олардың несиелік тәуекел-менеджменті саласында ойластырылмаған саясат жүргізуіне байланысты болуда. Осыған жалпылама түрде қарағанда банктердің жүзеге асырып отырған несие саясатының тиімсіз екендігін байқауға болады.
Қазақстандық коммерциялық банктер үшін мұндай мәселе қосарлы көрініс тапқан, яғни олардың несиелік қоржындарында мерзімі өткен және күмәнді несиелердің үлесі дамыған елдердің банктерінен екі-үш есе артып отырғандығы жасырын емес. Сондықтан да, кез-келген ҚР-ның екінші деңгейлі банктердің қызметінің тиімділігі және жалпы еліміздің банк секторының тұрақтылығы несиелік саясатының тиімділігін арттыруға тікелей байланысты.
Демек, ҚР-ғы екінші деңгейлі банктердің несие саясатын жетілдіруге, несие-тәуекел менеджментінің тиімділігін арттыруға арналған және бүгінгі банктік сектордың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуді мақсат етіп қойған бұл зерттеу жұмысының тақырыбы - ең өзекті тақырыптардың қатарынан орын алатыны ешқандай күмән тудырмайды.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен басты міндеттері. Зерттеудің мақсаты ҚР-ғы екінші деңгейлі банк Банк ЦентрКредит Акционерлік қоғамының несиелік саясатын талдау, оның мазмұны мен құрылымдық элементтерін нақтылай отырып, несиелік тәуекелді тиімді басқару жүйесін дамыту және жетілдіру жолдарын ұсыну болып табылады.
Қойылған мақсатқа жету мынадай міндеттерді шешуді көздейді:
oo Несие қатынастарының теориялық негізін талдау;
oo Банктердің несие саясаты түсінігінің мән-мағынасы және оның Қалыптасуын анықтайтын факторларды анықтау;
oo Банктердегі несие саясатының қызмет ету ерекшелігі мен рөлін көрсету;
oo Екінші деңгейлі банктердегі несие саясатының жүзеге асырылуын талдау (Банк ЦентрКредит АҚ мысалында);
oo Екінші деңгейлі банктердегі несие саясатын жетілдіру бағыттарын ұсыну;
oo Несиелік тәуекелдікті тиімді басқару мен оларды төмендету процесін жетілдіру жолдарын ұсыну;
oo Отандық банктердегі несиелік тәуекелділікті басқарудағы шетелдік тәжірибені қолдану мүмкіндігі.
Зерттеу обектісіне: Қазақстан Республикасының Банк ЦентрКредит Акционерлік қоғамы жатады.
Зерттеу пәніне: Банк ЦентрКредит Акционерлік қоғамының несие саясаты және оны жүзеге асыру әдістері жатады.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеудің әдістемелік және теориялық негізіне қазіргі кездегі отандық және шетелдік экономистердің несиелік саясаттың жүзеге асырылуында орын алатын мәселелері туралы зерттеулері пайдаланылды.
Зерттеудің ақпараттық және статистикалық базасы. Зерттеудің статистикалық және ақпараттар базасы ретінде ҚР Ұлттық банктің және ҚР қаржылық қадағалау агенттігінің ақпараттық бөлімшелерінің статистикалық және есептік деректері, нормативтік құжаттары, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктерінің жылдық есеп деректері, түрлі деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, сондай-ақ несиелік тәуекелді басқару жүйесі жайлы сұрақтарды қамтитын жергілікті және шетелдік басылымдардағы мақалалар және т.с.с. пайдаланылды.
Сонымен қатар, ғылыми жұмыста көрсетілген төмендегідей шетелдік экономистердің ғылыми еңбектері (Смит А., Рикардо Д., Шумпетер Й., Кравцова Г.И., Выгодский С.Л., Панова Г.С., Ендронова В.Н., Хасанов С.Д., Лемжина Л.В. және т.б.) және отандық экономист-ғалымдардың (Ғ.С. Сейітқасымов, К.Б. Блеутаева, А.С. Нұртазина, С.Н. Абуова, С.Б. Мақыш, Л.П. және т.б.) еңбектері пайдаланылды.
Құқықтық негізіне: ҚР Президентінің заңдары мен заң күші бар жарлықтары, ҚР Ұлттық банктің және ҚР қаржылық қадағалау агенттігінің нормативтік құжаттары мен актілері және әр түрлі әдістемелік нұсқаулары жатады.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы:
1. Банк қызметіндегі несие саясаты, несиелік тәуекел және несиелік тәуекел-менеджмент ұғымдарына қатысты авторлық көзқарас тұрғысынан нақтыланып, несиелік тәуекелдің типологиясы жасалды;
2. Несие саясатының тұжырымы мен құрылымы, сондай-ақ оның құрамдас элементтері кешенді әрі жүйелі түрде зерттелді;
3. Несиелік тәуекел түрлерінің пайда болуына ықпал етуші сыртқы және ішкі факторлар түрлері айқындалды;
4. Банк ЦентрКредит Акционерлік қоғамының несиелік тәуекел-менеджмент жүйесін ұйымдастыру жағдайы талданып, оны жетілдірудің жолдары ұсынылды;
5. Екінші деңгейлі банктер қызметінде несиелік тәуекелді басқарудың әдістемелік үлгісі жасалып, соның негізінде несиелік тәуекел-менеджментінің қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету тәсілдері қарастырылды.
Қорғауға шығарылатын негізгі тұжырымдар:
- несие саясаты, несиелік тәуекел және несиелік тәуекел-менеджмент ұғымдарына қатысты авторлық көзқарас және несиелік тәуекел типологиясы;
- несиелік тәуекелді басқарудың қазіргі жүйесінің құрылымдық элементтері және олардың өзара байланысы;
- несиелік тәуекел түрлерінің пайда болу себептерін анықтауға ықпал етуші факторлар;
- екінші деңгейдегі банктер қызметінде жиынтық несиелік тәуекелді болжаудың, бағалаудың, талдаудың ұсынылған әдістері.
Зерттеу нәтижелерінің тәжірибелік маңызы. Дипломда жасалған қорытындылар мен ұсыныстар екінші деңгейдегі банктердің несиелік қызметтерінде болашақта пайдалануы мүмкін.
Дипломның құрылымы. Дипломның құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕ САЯСАТЫН БАСҚАРУДЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Несиелік қатынастардың теориялық негізі
Несие табиғатын, оны әлеуметтік-психологиялық позициясы жағынан қарағандағы тұжырымдамасын зерттеуде көптеген батыс ғалымдарына идеалистикалық жолды таңдау дұрыс болып табылды. Жеке алып қарағанда, несие деп қарыз берер кездегі несие берушінің қарыз өтеушіге деген сенімділікті жүктеу деп түсінуге болады.
Шын мәнінде, сенімділік белгілі бір мөлшерде әрбір несиелік келісімшартта орын алатын жайт. Алайда, несиелік келісімшартқа отыру барысында шаруашылық етуші субъектілердің іс-әрекетін ынталандырудың маңызы жоғары болса да, көбіне ол сыртқы факторларға байланысты болып келеді. Несиелік келісімшарттағы сенімділік қатысушылардың жеке мінез-құлықтық қасиетіне ғана негізделіп қана қоймайды. Ол борышкердің несиелік қабілеттілігінің бағасы мен үшінші жақтың қамсыздандыруын және кепіл бере алуын қамтитын белгілі бір шарттардың қызмет етуінің нітижесі болып табылады.
Батыс экономикалық әдебиеттерінде несиеге тән келесі сипатты ескеру қажет: несие беруші мен борышкердің арасында уақыт бойынша бөлінген алмасу жүзеге асады. Сәйкесінше, несие - ол уақыт шегіндегі алмасу, яғни бір тұлға өз меншігін өз еркімен болашақта белгілі бір төлем үшін екінші тұлғаға оның пайдалануына құқық береді; бүл бір бірінен алшақ екі төлем арқылы алмасу болып табылады. Уақыттық фактор несие берушінің қарыздық пайыз алу қажеттілігімен де негізделеді: борышкер меншікті несиеге ала отырып, иегерге дәл сол уақытқа оны пайдаланудан бас тарту бойынща өтемақыны төлеуі қажет.
Жалпы, әлемдік экономикалық ғылымда несиені зерттеу екі негізгі бағыт бойынша өрбіген: несие теориясының натуралистік және капитал құрушы бағыттары [1].
Несиенің натуралисттік теориясы. Бұл теорияны XVIIІ ғ. А. Смит пен Д. Рикардо жасақтап, несие қолда бар игіліктер, натуралды заттық игіліктерді қайта бөлудің тәсілі ретінде тұжырымдаған.
Натуралистік теория жақтастары несиелік қатынастардың объектісі борышкердің қарызға алған ақшасына сатылып алынатын өндірістің қаражаттары деп есептеген. Солай бола тұра, олар қарызға алынған капитал мен нақты капиталды теңестіріп, олардың әрекет ету сипатындағы айырмашылықты көрмеген.
Осы теорияға сәйкес несие капитал құра алмайды, ол тек оны несие берушіден борышкерге тасымалдайды. Сонымен қатар уақытша бос капиталдардың аккумуляциялану кезеңі несие қатынастарының қажетті құралы ғана болып табылған [2].
Қарастырылып жатқан теория жақтаушыларының пайымдауынша, несиені бір экономикалық субъектіден екіншісіне нақты қолда бар капиталды тасымалдайтын жай ғана техникалық құрал ретінде қарастыру несиенің экономикадағы рөлін төмендетеді делінген. Сәйкесінше, екінші деңгейлі банктер де өндіріске мейлінше әсер ете алмайтын тек делдалдық рөл ғана атқаратыны тұжырымдалады.
Натуралистік теорияның кең таралуы негізінен капитализмнің монополиялыққа дейінгі кезеңіне тән, сол кездері несиелік қатынастар және несиелік жүйе қатысты түрде аз дамып, несиенің коммерциялық түрі негізгі болып табылған. ХІХ ғ. ортасынан бастап теориялық зерттеулердегі басты орында несиенің капитал құрушы тұжырымдамасы болды.
Несиенің капитал құрушы (экспансионисттік) теориясы. Бұл теория да капитализмнің бастапқы кезеңдерінен бастау алады. Оның негізгі ережелерін алғаш болып ағылшын экономисті Дж. Ло (1671-1729 жж.) жасақтаған. Ғалым несиенің дамуы өндірістің кеңеюі мен ұлттық байлықтың өсуінің басты шарты болып табылатынын дәлелдеуге тырысты [3].
Ол несиенің дамуын несиелік ақшаның шығарылуымен теңестірді және оның эмиссиясы өндірістік процеске сұранысқа ие емес өндірістік күштерді тартуға, өндірістің жаңа қаражаттарын құруға көмектесе отырып, соған сәйкес қоғам капиталы мен ел байлығын көбейтеді деп ұйғарды.
Капитал құрушы теорияның жақтастары несие тке тасымалдып қана қоймай, капитал құрады, экономика дамуында шешуші, белсенді рөл атқарады деп есептеді. Сонымен қатар банктер ұжымдық несие беруші ретінде несиені шексіз көлемде шығара алады (өндірістік капитал болып табылады, себебі пайда әкеледі), солайша ұдайы өндіріс процесіне анықтаушы әсер етеді.
Мұндай жағдайлардың түрлері нарықтық экономикалық қатынастардың дамуына қарай, банктердің рөліне қарай, банк ісінің техникасына және төлемнің несиелік қаражатына қарай ауысып отырды. Егер бұл теорияның ертедегі өкілдері несие капитал құрайды деп ұйғарып, жаңа капиталдарды құрудың құралы банкноталардың эмиссиясы болу керек деп есептесе, онда олардан кейінгі өкілдер несиені капиталдың өзі деген тезисті негіздеді.
Экономиканың монополистикалық құрылымына өтумен байланысты банктердің шексіз несиелік экспансияны жүзеге асыра алу қабілеті пайда бола бастады. Осылайша олар дағдарыссыз дамуды қамтамасыз ету мақсатында (эспансионисттер дағдарыстың себебі ақша мен несиенің жетіспеушілігі деп санады) өнеркәсіптік цикл қозғалысына әсер ете алды. Бұл көзқарастардың дәлелі банк ісінің тәжірибесіне негізделді, соның ішінде контокорренттік несие мен құнды қағаздар операциясы сияқты банктік операциялар дамуына үлкен көңіл бөлінді.
Контокорренттік несие беру техникасы коммерциялық банктер депозиттерінің клиенттік салымдары есебінен емес, активті операциялар жүргізу салдарынан ұлғаюына әкеліп соқтырды. Контокорренттік несие негізінде пайда болған және өнеркәсіпті қаржыландыруда маңызды рөл атқаратын депозиттер уақытша және жалған салымдар болып табылатын. Контокорренттік несие ресми түрде қысқамерзімді болатын, ереже бойнша, ол ұзартылып және акциялар шығарумен өтеліп отырылатын. Дәл осы контокорренттік несие беру тәжірибесімен неміс экономисттерінің несиенің капитал құрушы теориясының әйгілі жақтастары А. Г. Ган мен Й. Шумпетердің тезисі байланысты: банктердің активті операциялары пассивтілеріне қатысты бірреті, яғни бос қаражаттың несиелік ресурс ретінде аккумуляциялануы міндетті емес [4].
Осылайша, 1929-1933 жылдардағы дағдарысқа дейін несие теориясында келесі көріністер басым болды:
oo банк жүйесінің несиелік экспансиясы өнеркәсіптік өріске алып келіп және әрдайым қолдап отырады (несиені арзандата, шарттарын жеңілдете отырып жүзеге асырылады);
oo банкноталарды алтынға алмастыру жағдайында банктердің несиелік экспансиясы елдегі ақша массасымен ғана шектеледі.
Уақыт өткен соң бұл жағдайлар нарықтық экономиканың циклдық дамуының тәжірибесімен қарама-қайшы келіп қала берді, себебі шексіз несиелеу инфляциялық сипатқа ие болып, циклдың белгілі бір сатыларында дағдарысты өршіте түсті.
Несиенің капитал құрушы тұжырымдамасының қазіргі таңдағы жағдайында экономиканың ақша-несиелік реттеуінің заманауи теориясының әдістемелік негізі - неокейнсиандық және монетаризм дағдарысқа қарсы шаралар ретінде тек несиелік экспансияны ғана емес, сонымен қатар несиелік реструкцияны да ұсынып отыр. Орталық банктердің ақша-несие саясатында кеңінен таралып және қолданылатын капитал құрушы теориясы позициясынан жасақталған түсінік - депозиттік (несиелік) мультипликатор. Депозиттің мультипликациялық моделі несиелік опреациялар барысында нақты банктік тәжірибені, ақшаның бір ғана сомасы негізінде бір қатар депозиттерді құру мүмкіндігін көрсетеді.
Айта кететін жайт, нақты уақытта батыс экономистерінің жұмыстарында несиені зерттеу үлкен дәрежеде несиелік қатынастардың мәндік қасиетін емес, олардың банктік тәжірибедегі қызмет ету ерекшеліктерін қозғайды, яғни олар негізінен қолданбалы сипатқа ие болып келеді.
Отандық экономикалық ғылымда ХХ ғ. 90-шы жылдарына дейін несиелік қатынастарды зерттеудің жалғыз ғана әдістемелік негізі болып К. Маркстың несие теориясы табылатын, ол келесі ережелерден шығады [5]:
oo несие нақты капитал құрмайды, соңғысы тек өндіріс процесінде ғана пайда болады;
oo қарыздық капитал көзі негізінен алдын ала дайындалған уақытша бос ақшалай капитал және мемлекет пен азаматтардың ақшалай жинағы болып табылады;
oo қарыздық капиталдың көлемі нақты капиталдың өсу қарқынынан асатын қарқынмен өседі. Бұл несие жүйесінің дамуымен, жеке сектор мен мемлекеттің табысының өсуімен шартталады және т.б.;
oo банктер несиелеу барысында ақшалай капитал құруы мүмкін, яғни алдын ала қаражаттарды аккумуляциялаусыз депозит ашу арқылы қарыз бере алады. Бұл өнеркәсіптік және сауда капиталдарының үздіксіз айналымын қамтамасыз ету үшін қажет. Алайда, банктердің ақшалай капиталдарының аккумуляциясына қоса депозит құра алу қабілеті нақты капиталдың ұдайы өндірістік процесінің қажеттілігімен шектеледі.
5.2 Банктердің несие саясаты түсінігінің мән-мағынасы және оның қалыптасуын анықтайтын факторлар
Несиелік саясаттың теориялық тұжырымдамаларын жоғарыда қарастырып өттік, ендігі кезекте нарықтық экономика жағдайында қызмет ететін несиелік саясаттың мәні мен мазмұнын айқындайтын жайттарға тоқтала кету қажет деп ойлаймын.
Қазіргі несиелік саясат нарықтық қатынастарға сай экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз ететін несие түрлерін, несиелеу принциптері мен шарттарын, несие беру және қайтару әдістері мен тәсілдерін және несиелік тәуекелді басқарудың элементтерін қамтитын экономикалық саясаттың бір бөлігі болып табылады.
Екінші деңгейлі банктер өзінің несиелік қызметінде тікелей қоршаған ортасымен тығыз өзара қарым-қатынаста болады, яғни ол әрдайым кеңейіп отыратын және сапалы түрде өзгеріп отыратын клиенттер ортасы. Соған сәйкес банктік несиелеу де кеңейіп, несиелік өнімнің жаңа түрлері, формалары, әдістері енгізіліп отырады.
Сонымен қатар несиелік өнім мен қызмет көрсету нарығында бәсеке өрши түседі. Соның салдарынан банктерде несиелік саясатты жетілдіру қажеттігі туындайды.
Заманауи отандық банктік тәжірибеде несие саясаты түсінігінің бірмағыналы анықтамасы жоқ. Ең алдымен, менің ойымша, саясат ұғымына мән беру керек сияқты.
Саясат (грек тілінен аударғанда politike - мемлекетті басқару өнерін дегенді білдіреді) жалпылама түсінік бойынша қоғамдық қызмет ретінде тұжырымдалады.
Саясат адами қажеттіліктерді қанағаттандырудың шарттары мен әдістерін зерттейді деген де ой бар, себебі бұл мемлекет құзырына кіреді.
Саясат ол классаралық, ұлтаралық қарым-қатынастармен байланысты қызмет ету аясы деп философиялық энциклопедиялық сөздікте анықталған.
Сонымен қатар, саясат - бұл қоғамдық қызметтің ерекше арнайы түрі: тәжірибелік қарым-қатынас ретінде де, идеология ретінде де - экономикалық процестер қозғалысымен анықталатынын және қоғамның экономикалық базисінің іргетасы ретінде рөл атқаратынын атап өту керек.
Вебстер сөздігінде саясат - ол мемлекет, ұйым, мекеме немесе жеке тұлға ұстанатын қойылған бағам ретінде тұжырымдалып, істі басқарудағы мәлімдемелердің таразыланғанымен сипатталады .
Осыдан шығатын қорытынды, несие саясаты банктің несие қызметінің басымдылықтары мен мақсаттарын анықтап, банктік жалпы стратегияға сай несие ісін ұйымдастырудың негізі және де қолда бар нақты шектеулерді ескере отырып, несие ресурстарын тиімді бөлу сияқты банк мақсатын қамтамасыз ететін белгілі бір перспективада қарастырылатын банктің активті және пассивті операцияларының жынтығы [6].
Экономикалық ғылымда несие саясаты барлық формадағы несие қозғалысын басқарумен пара-пар келетіні туралы ой қалыптасқан. Сондықтан да несие саясаты - бұл несие беру саласындағы саясат болып та және оны қайтарып алу саласындағы саясат болып та табылады.
Алайда, бұл анықтама нарықтық қатынастар жағдайында нақты белгілі бір екінші деңгейлі банктің жұмысын және оның ұйымдар көзқарасы жағынан клиенттермен несиелік қарым-қатынасын толық қанды бағалауға мүмкіндік бермейді. Сондықтан бүгінгі таңда әрбір екінші деңгейлі банктің несие саясатын бағалау маңызды мәнге ие болып келеді.
Сонымен, нарықтық экономикаға сай қазіргі несиелік саясатқа мынадай анықтама беруге болады: экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз ететін несие түрлерін, несиелеу принциптері мен шарттарын, несие беру және қайтару әдістері мен тәсілдерін және несиелік тәуекелді басқарудың элементтерін қамтитын экономикалық саясаттың бір бөлігі болып табылады.
Қазіргі несиелік саясаттың басқа да экономикалық негіздер сияқты, өзіне тән ішкі құрылымдық элементтері болады. Несиелік саясаттың бірінші элементіне несиенің түрлері жатады. Несиелік саясаттың екінші элементіне несиенің мәнін және қызметтерін, сондай-ақ несиелік қатынастарды ұйымдастыру жағынан объективті экономикалық заңдардың талаптарын бейнелейтін несиелеу принциптері жатады. Несиелік саясаттың үшінші элементіне несиелеу шарты жатады. Несиелік саясаттың төртінші элементіне несиелеуді экономикалық-ұйымдастыру тәсілдері жатады. Несиелік саясаттың бесінші элементіне несиелік тәуекелді басқаруды жатқызуға болады.
Қайта құру кезеңіне дейінгі сияқты несиелік саясаттың кейбір элементтерінің жинағы бұрынғысынша қалғанына қарамай-ақ шаруашылықтың нарықтық жағдайға өтуіне байланысты аталған элементтердің әр қайсысының мазмұны түбірімен өзгерген десе болады. Сондықтан бұл жұмыста екінші деңгейлі банктердің несие саясатының құрылымын әр түрлі әдебиет көздерін пайдалана отырып жан-жақты қарастыруға тура келіп отыр.
Өзінің сипаты бойынша екінші деңгейлі банктің несиелік саясаты адамзат ой-өрісінің өнімі ретінде субъективті, ал пайда болу көзі бойынша - объективті сипатқа ие.
Заманауи экономикалық әдебиеттерде екінші деңгейлі банктердің несие саясаты мазмұнына қатысты екі жақты позиция орын алып отыр. Біріншіден, макроэкономикалық деңгейдегі несие саясаты қарапайым банктің саясаты деп түсіндіріледі. Ал екіншіден, микроэкономикалық деңгейдегі несие саясаты әдеттегідей несие процесін басқару (тар мағынада) саласындағы нақты бір банк саясаты ретінде қарастырылады.
Несие саясатының элементтерін қарастырмас бұрын банк саясатының элементтеріне шолу жасап өтейік [6].
БАНК САЯСАТЫ
Банк клиенттеріне көрсетілетін кассалық операциялар саясаты
Пайдалылық, өнімділік саясаты
Басқару саласындағы саясат
Несие саясаты
Депозиттік саясат
Пайыздық саясат
Валюталық саясат
Бәсекелестерге қатысты саясат
Персоналды басқару саясаты
Бөлек банк операцияларын жүргізу саясаты
Cурет 1. Банк саясаты және оның элементтері.
Несие саясатының құрамына несие қатынастарын ұйымдастырудың ғылыми дәлелденген тұжырымының жасағы, ұлттық шаруашылықты және халықты несиелеу саласындағы мәселелерді қою және олардың жүзеге асырылуы бойынша тәжірибелік іс-шараларды жүргізу кіреді.
Тұжырымды жасақтау кезінде келесілер анықталады:
oo несие қатынастарының аясы;
oo қаражаттарды бөлу мен қайта бөлудің қаржылық және несиелік әдістерін үйлестіру;
oo несиелеудің ақша айналымын ұйымдастырумен өзара байланысы;
oo несиелеудің қағидалары;
oo экономикалық және ұйымдастырушылық әдістерінің сәйкестігі.
Несие саясатының бір элементінің өзгеруі басқа да элементтерінің бөлек немесе толықтай қарастырылуын талап етеді.
Несие саясатының мәні банктің клиенттерді несиелеу саласындағы қайтарымдылық негізінде ресурстарды тарту және оларды инвестициялау банктің стратегиясы мен тактикасы бойынша анықталады. Несие саясатының заттық жағы оның функционалдық формалары мен түрлері болып табылады.
Г. С. Панова несиелік саясат түрлерінің өзіндік классификациясын ұсынып отыр (1-кесте) [7].
Кесте 1
Несие саясатының түрлері.
Несие қатынастарының субъектілеріне қарай
Заңды тұлғаларға қатысты саясат, халықпен өзара қарым-қатынастағы несие саясаты
Несие формасына қарай
Тұтыну несиесі бойынша
Мемлекеттік несие бойынша
Ипотекалық несие бойынша
Банктік несие бойынша
Халықаралық несие бойынша
Мерзіміне қарай
Қысқа мерзімді несиелеу саласында
Ұзақ мерзімді несиелеу саласында
Тәуекелділік дәрежесіне қарай
Қатаң несие саясаты
Дәстүрлі несие саясаты
Классикалық (қарапайым) несие саясаты
Мақсатына қарай
Мақсатты қарыз беру бойынша
Мақсатты емес қарыз беру бойынша
Нарық типіне қарай
Ақша нарығы
Қаржы нарығы
Капитал нарығы
Географиясына қарай
Банктің жүргізетін несие саясаты:
Жергілікті
Аймақтық
Ұлттық
Халықаралық деңгейлердегі
Салалық бағытталуына қарай
Келесілерді несиелеу бойынша несие саясаты:
Өнеркәсіптік кәсіпорындарды
Сауда ұйымдарын
Құрылыс ұйымдарын
Көлік қызметін көрсететін кәсіпорындарды
Ауылшаруашылық кәсіпорындарын
Өткізу-сатумен айналысатын ұйымдарды
Байланыс кәсіпорындарын
Қамтамассыздандырылуына қарай
Қамтамассыздандырылған және қамтамассыздандырылмаған қарыз беру бойынша
Несие бағасына қарай
Келесідей қарыздар беру бойынша несиелік саясат:
Стандартты қарыз
Жеңілдігі бар қарыз
Мәселелі қарыз (жоғары пайызбен)
Несиелеу әдісіне қарай
Қалдық бойынша несиелеу кезінде
Айналым бойынша несиелеу кезінде
Ескерту: Автордың құрастыруы бойынша
Несие саясатының мәнін банктің қайтарымдылық негізіндегі ресурстарды тарту және оларды банк клиенттерін несиелендіру жағынан инвестициялау бойынша стратегиясы мен тактикасы ретінде анықтауға болады.
Екінші деңгейлі банктің несиелік саясатының негізгі бағыттары мен принциптері 2-суретте көрсетілген [8].
Екінші деңгейлі банктің несиелік саясатының негізгі бағыттары мен принциптері
Клиенттік
Салалық
Диверсификация
Басымдылықтар
Несие саясатының принциптері
Несие тәуекелдерін басқару
Несие портфелінің құрылымы
Берілген қарыздардың классификациясы
Пайыздық саясат
Борышкердің түріне қарай
Комиссиялық жинақтар
Мақсатқа қарай
Несие түрлері
Көлеміне қарай
Қамтамасыз етуге деген талаптар
Мерзіміне қарай
Несие берудің оңтайлы шарттары
Кепілді бағалау әдістері
Қамту түріне қарай
Шектер
Кепілдік бойынша несиенің максималды сомасы
Ұзартылған, мерзімі өтіп кеткен мәселелі несиелер туралы мағлұматтар
Мерзімдер
Кредитор мүддесін қорғаудың негізгі факторлары
Ақша ағымы (табыс)
Мәселелі несиелердің белгілері
Мәселелі несиелерге әсер ету шаралары
Несиені қамтамасыз ету
Сурет 2. Екінші деңгейлі банктің несиелік саясатының негізгі бағыттары мен принциптері.
Ал 3-суретте екінші деңгейлі банктің несие саясатын жүзеге асыру механизмінің қимылы мен құрылымының жалпылама сызбасы берілген.
4
Жарлықты дайындау және ОБ-не беру
НД-нің қалыптасуы
Тіркеу
Потенциалды борышкерді алдын ала бағалау
НТ-ты рәсімдеу
END
C(Probl)
Несиеге қызмет көрсету
НК-на өзгеріс-р енгізу
Несиені қамт.етуді бағалау
Борышкердің іскерлік репутациясын зерттеу
Өнім сұранысын маркетингтік зерттеу
Борышкердің қаржылық есебін, бизнес жоспарын зерттеу
Борышкердің құрылтайлық құжаттарын зерттеу
N
БНК
Несие параметрлері
Кәсіпорын құрылымы, активтерінің құны, мүмкін болатын қамсыздандыру варианттары
Басқа банктерде есепшотының, сол бойынша айналымның болуы
Борышкердің несие тарихын анықтау
Несиені өтеудің жоспарлы көздерінің мақсаттары, себептері, берілетін соманың есебін негіздеу

Несиелік талдау
Несиені өтеу және несие ісін аяқтау
Несиені басқару және несиелік іс жүргізу
Несиені беру
END
4
3
2
1
BEGIN
Eкінші деңгейлі банктің несие саясатын жүзеге асыру механизмі
N
Параметрлерді нақтылау
2
S(БНК)
3
Сурет 3. Eкінші деңгейлі банктің несие саясатын жүзеге асыру механизмі.
Бұл жерде:
БНК - несиелік ұсыныстың банктің несиелік комитетіне мақсатқа сай шығарылуы;
N - қабылданбағандар (лауазымды тұлғалардың теріс шешімдері - nacks);
S(БНК) - БНК (оң, теріс) шешімнің сапалы бағасы (solution);
C(Probl) - мәселелі несиенің бар болуы (0 - жоқ, 1 - бар);
НТ - несиелік тапсырыс;
НК - несиелік келісім шарт;
БНК - банктің несиелік комитеті;
ОБ - операциялық бөлім;
НД - несиелік досье.
Г. С. Панованың ұсынған несие саясатының тұжырымдамасы оның функцияларын бөліп көрсетуге мүмкіндік береді (мәнінің бір көрінісі ретінде). Несие саясатының функцияларын екі топқа бөлуге болады:
І-топ - Жалпы. Банктік саясаттың әртүрлі элементтеріне тән;
ІІ-топ - Ерекше. Несие саясатын басқа элементтерден бөліп көрсетеді.
Жалпы функцияларына кіретіндер:
1. Коммерциялық, яғни банктің барлық жүзеге асыратын операцияларынан пайда алу мағынасында.
2. Ынталандырушы,мемлекеттің, банктің, клиенттің объективті қажеттілігін көрсетеді. Банктің уақытша бос жатқан қаражаттарын аккумуляциялауды және олардың рационалды пайдаланылуын ынталандырады.
3. Бақылаушы, екінші деңгейлі банктің несие саясатында анықталған басымдылықтарды ескере отырып банк пен клиенттердің несие ресурстарын тарту және пайдалану процесін бақылауға мүмкіндік береді [7].
Функцияларды құбылыстар мәнінің ерекше көрінісі ретінде қарастыра келе, несие саясаты тек бір ғана, бірақ өте маңызды функцияны жүзеге асырады - несие процесін оптимизациялау функциясын. Бұл функцияның қызмет етуі банк саясатының мақсатына жетуге бағытталған.
Шетелдің экономикалық әдебиеттерінде екінші деңгейлі банктердің несие процесін ұйымдастыру бойынша стратегия мен тактиканы анықтауға мүмкіндік беретін несие саясаты бойынша құжат (меморандум) жасақтауды ұсынып отыр. Бұл ұсынысты ескере отырып несие саясатын міндетті түрде жазбаша түрде құжат бойынша рәсімдеу керек және оның несиелік алдын ала жұмыстарды және несиелеу процесін регламенттейтін қаулысы болуы қажет.
Регламенттелетін параметрлері мен іс-шаралары және несиелеу кезеңдері 2-ші кестеде көрсетілген. Алайда, бұл әдістің белгілі бір таршылығы бар, себебі екінші деңгейлі банктің несие саясатын несиелік процесті ұйымдастырудың тактикасына алып келіп отыр [9].
Кесте 2
Несие саясатының элементтері.
Несиелеу кезеңдері
Регламенттелетін параметрлері мен іс-шаралары
Несие беру бойынша алдын ала істелінетін жұмыстар
Болашақ борышкерлердің құрамы
Несиелеу түрлері
Несиелеудің сандық іс-шаралары
Борышкердің төлем қабілеттілігін бағалау стандарттары
Қарызды бағалау стандарттары
Пайыздық қойылымдар
Несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз ету әдістері
Несиені берудің дайындығын қадағалауды бақылау
Несиені рәсімдеу
Құжаттардың формасы
Несие берудің технологиялық жұмысы
Несиені рәсімдеудің дұрыстығын бақылау
Несиені басқару
Несие портфелін басқарудың тәртібі
Несие келісім шарттарын орындауды бақылау
Мерзімі өтіп кеткен несиелерді қалпына келтіру және ұзарту шарттары
Шығындарды өтеу тәртібі
Несиені басқаруды бақылау
Ескерту: автордың құрастыруы бойынша
Әлемдік және отандық тәжірибені ескере отырып, несие саясатын оптимизациялаудың талаптары мен оның қалыптасу тәртібін келесі кезеңдер түрінде көрсетуге болады (4-сурет).
І-кезең. Несие саласындағы екінші деңгейлі банктің стратегиясын анықтайтын несие саясатының жалпы ережелері мен мақсаттары.
ІІ-кезең. Несие операцияларын басқаратын және банк қызметкерлері құзыреттерінің аппараты. Банк персоналы жағынан несие операцияларын басқару саласындағы банктің тактикасын анықтайды.
ІІІ-кезең. Несие келісім шартын жүзеге асырудың әртүрлі кезеңдеріндегі несие процесін ұйымдастыру. Банктің клиенттермен несие келісім шартын жүзеге асырудың әртүрлі кезеңдеріндегі несие процесін ұйымдастыру әдістері мен нақты операцияларды детализациялау.
ІV-кезең. Несие процесін банктік бақылау мен басқару және сол бойынша іс-шаралар жүйесін анықтау.
Сурет 4. Екінші деңгейлі банктің несие саясатының қалыптасу кезеңдері.
Несие саясатының қалыптасу процесінің әр бір бағыты қалғандарымен өте тығыз байланысты және несие саясатының қалыптасуы мен несие процесін ұйымдастыру үшін міндетті болып саналады да, оптималды несие саясатының мәнін ашу үшін де қажет.
Банктің несие саясаты келесілермен анықталады:
Біріншіден, несие құралдары (нарықты сегменттеу) мен клиенттерді таңдаудағы басымдылықтармен;
Екіншіден, банк персоналының тәжірибелік қызметін регламенттейтін және осы басымдылықтарды тәжірибеде жүзеге асыратын нормалар мен ережелермен;
Үшіншіден, банк басшылығының құзыреттілігімен және нақты несие ұсыныстарын таңдау мен несиелік келісімдердің шарттарын жасақтаумен айналысатын персоналдың білім дәрежесімен.
Банктер өздерінің несие саясатын жасақтау кезінде олардың қызметіне әсер ететін көптеген факторларды талдайды (5-сурет).
Банктің несие саясатын анықтайтын факторлар
Аймақтық және салалық
Банкішілік
Пассивтердің құрылымы
Персоналдың қабілеттілігі мен тәжірибесі
Банктің жеке қаражатының (капитал) өлшемі
Клиенттердің жағдайы және несие алудағы мұқтаждығы
Банк қызмет көрсететін аймақ пен салалардағы экономиканың жағдайы
ҰБ-тің ақша-несие саясаты
Ел Үкіметінің қаржы саясаты
Ел экономикасының жалпы жағдайы
Макроэкономикалық
Сурет 5. Банктің несие саясатын анықтайтын факторлар.
Екінші деңгейлі банктің несие саясатын жүзеге асыруының негізінде ресурстық базаның талдауына негізделіп жасақталған оптималды несие саясатының теориялық жағынан дәлелденген моделі жатуы қажет.
Несиелік саясаттың негізгі бағыттары көрсетілген бір ғана құжат жасаудың шетелдік тәжірибесінен бөлек тиімді несие саясатын жүзеге асыру бойынша банк қызметінің барлық жақтарын көрсететін басқа да құжат жасақталуы қажет.
Несие саясаты туралы құжатта ереже бойынша несиені басқарудың ақылға сыйымды, жалпылама қағидалары болуы керек. Мұндай құжаттардың айырмашылығы әр банктің нақты ерекшелігіне байланысты: оның мақсаттарына, нарықтарына, қаржылық құрылымына, бәсекелік жағдайдың өлшеміне, персонал тәжірибесіне.
Сәйкесінше, әр бір банк дәл өзінің нақты қажеттіліктерін көрсететін жеке саясатының жасақталуына ақылмен қарау керек.
Несие саясатының тиімді болуы үшін максималды түрде детальді құжатпен қамтылуы тиіс. Оның міндетті элементі болып несие тапсырысын тәжірибеде анықтау үшін арналған ұсыныстыр табылады. Несиелік саясат басқа саясаттар сияқты нақтылыққа негізделуі керек.
Несие саясатын жасақтау барысында оңтайлы несие саясатын анықтау позициясы жағынан оның диверсификациясын қарастыра отырып банктер несие портфелін қалыптастыруда басымдылықтарды анықтайды. Ал бұл несие саясатының тұтыну қарыздарын беру, ипотекалық несиелендіру, шағын және орта бизнесті несиелендіру және т.б. сияқты түрлері туралы айтуға мүмкіндік береді [9].
Жоғарыды айтылғандарды қорытындылайтын болсақ, несие саясаты екінші деңгейлі банктердің стратегиялық мақсатқа қол жеткізудің маңызы зор құралы болып табылады. Банктік мекеменің қаржылық нәтижесі көбіне оның табысты жүзеге асуына байланысты болады.
1.3 Банктердегі несие саясатын басқарудың ерекшелігі мен рөлі
Несие қатынастарынан несие саясаты туындайды. Несие саясатының мазмұнын несие мекемелерінде әр түрлі субъектілердің уақытша бос ақша капиталдарын шоғырландырып және оларды белгілі бір мерзімнен кейін және белгілі бір төлем ақымен қайтару үшін бөліп беруді анықтайды. Сонымен бірге несие саясаты мемлекеттің ақша айналымын реттеп, ақша қаражатының экономикалық бір саласынан екінші саласына ауысуын қамтамасыз ету арқылы өндірістің тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Несие саясаты арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшаны есеп айырысуы мен төлемдері жүргізіліп, сондай-ақ әр түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенімділік, кеңес беру және сол сияқты көптеген операциялар өтеді [10].
Несие саясатынің маңызы мен ел экономикасындағы рөлі біраз көрсеткіштермен, атап айтқанда, ақша салымдарының жалпы көлемімен кәсіпорындар жалпы көлемімен, кәсіпорындар мен мекемелердің негізгі және айналмалы капиталын қалыптастырудағы банктік қарыздың үлесімен, жиынтық төлем айнымалымен және т.б. сипатталады.
Жоғарыда айтылып кеткендей, несие берместен бұрын банк өзінің несиелік саясатын қалыптастырып алуы керек екенін түсіндік (банк қызметінің басқа да бағыттарына - депозитке, пайызға, тарифқа, техникалыққа, кадрлыққа, клиентке, бәсекелестер және т.б. қатысты қолданылатын саясатпен қоса және соған сай), сонымен қатар нақты өмір тәжірибесінде жүзеге асыру әдістері мен құралдарын ескеру қажет.
Өз несие саясатын анықтау және бекіту - қажетті ішкі құжаттарда банк басшылығының позициясын келесі мәселелер бойынша қалыптастыру және орнықтыру қажет[10]:
1. Несие нарығындағы банктің басымдылықтары:
oo несиелеу объектілері (салалар, өндіріс, бизнес түрлері)
oo борышкерлердің категориялары (билік органдары, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар, кәсіпорындар, жеке тұлғалар);
oo борышкерлермен қарым-қатынас сипаты (ұзақмерзімді серіктестік қарым-қатынастар немесе бір реттік несиелік келісім шарттар, несиелеуді банктік қызмет көрсету түрлерінің басқасымен үйлестіру, екі жақты ашықтық және сенімділік шамалары);
oo несиенің түрі мен көлемі (минималды, максималды);
oo несиеге қызмет көрсету схемасы;
oo несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз ету формалары және т.б.;
2. Несиелеу мақсаттары:
oo несие өнімділігінің күтілетін деңгейі;
oo басқа мақсаттар (пайда алумен байланыспайтын).
Көрсетілген мәселелер шегінде банк негізделген шешім қабылдау үшін алдағы периодқа банк қызметінің нақтыланғын және таразыланған ортақ мақсатын дұрыс қою (жалпы жоспарлауды жақсы қою), несие нарығын дұрыс талдау (маркетинг қызметінің жақсы жұмысы), банктің ресурстық базасының даму перспективасының айқындығы, несие портфелі сапасының дұрыс бағасы, персонал білім деңгейінің динамикасының есебі өте маңызды.
Несие саясатының рөлі қысқаша түрде келесі тұжырымдамаларда көрініс табуы мүмкін [11]:
oo банктің өзінің несие саясатының болмауы немесе әлсіз (негізделмеген, ойластырылмаған) саясатының болуы, не болмаса ресми түрде ғана болуы несие процесінің жоспарының, сәйкесінше, әсіресе орта және ұзақмерзімді перспективадағы банктің табыссыздығына алып келетін қызметтің осындай маңызы бар бағыттың толыққанды басқарылуының жоқтығын білдіреді;
oo мінсіз табысқа кепіл бермесе де, егер нақты ережелер пайдаланылса, банктің сапалы несие саясаты оның несие нарығындағы саналы бағытталуына септігін тигізеді, несие процесіне қатысатын бөлімшелер қызметін қамтамасыз етеді, қажетті өзек пен ойластырылған технологиямен қоса дұрыс емес басқарушылық шешім қабылдаудың тәуекелін төмендетеді, басщылыққа банктің несиелік бөлімшелерін басқарудың сапалы түрде бағалаудың және жалпы банктегі несие процесін қалыптастырудың маңызды критерийін береді.
Несие саясатының рөлін оның функциялар жиынтығы деп түсінуге болады, яғни оның жасақталуы және қолданылуымен байланыстырылатын күтілетін нәтижелер. Сондықтан, жалпы алғанда екніші деңгейлі банктің несие саясатының функциясы банк анықтаған несиелеуді дамытудың (жетілдірудің) мақсаттары мен басымдылықтарын ескере отырып несие процесін оптимизациялау болып табылады.
Несие саясатының барлық ережелері тәжірибелік шаралармен күшейтілуі керек. Ал олар өз кезегінде, несие саясатын жүзеге асыру механизмдерінің жиынтығын көрсетеді. Көзделген несие саясатын жүзеге асыратын барлық шаралар банк басшылығымен қарастырылып, мақұлдануы тиіс, ал сәйкес шешімдер ішкі құжаттар ретінде рәсімделуі керек [12].
Мұндай шаралардың ішінде несие ресурсын толтыратын қажетті көлем мен қолжетімді (соның ішінде баға факторы бойынша) көздерді анықтауға, ресурстық базаны кеңейтуге, қажетті өнімділік деңгейін, несиелеудің (бір борышкерге шаққандағы өндірістің салалары, түрлері, борышкер категориясы және т.б.) қабылдауға болатын тәуекелдері мен шектерінің көрсеткіштерін қоюға немесе қажет кезде қайта қарастыруға, несиелік қызмет көрсетулерді әр түрлі етуге және оның сапасын көтеруге, борышкер клиентурасын кеңейтуге (егер несиелік саясатта мұндай мақсаттар болса), борышкердің төлем қабілеттілігін жақсырақ тексеруге және берілген несиенің қайтарымдылығының жоғары деңгейіне жетуге, несие қызметінің мүмкін болатын шығындарын өтеуге уақтылы және қажетті көлемде резервтер қалыптастыруға, несие процесінің ұйымдық, ақпараттық-аналитикалық, әдістемелік қамтылуын жетілдіруге және т.б. мүмкіндік береді.
Әр бір банк үшін міндетті нұсқаулық және әдістемелік материалдар кешені бар несие нарығындағы барлық жұмыстарының аспектісін регламенттейтін несие саясатын жүзеге асыру механизмдерінің ерекше блогі болуы тиіс. Ұлттық банктің заңнамалық нормалары мен ресми құжаттарынан бөлек бұл кешенге келесілер кіреді: 1) несие бөлімшесіне қатысты банктің басшлық етуші органдарының шешімдері (банктің ағымдағы уақыттағы бекітілген несие саясаты; банктің несие саясатының бекіту және жасақтау тәртібінің ережелері мен несие операцияларын жүргізу бойынша басшылық; басқа да құжаттар); 2) несиелік бөлімшенің ережесі; 3) бөлімше қызметкерлерінің лауазымдық инструкциялары; 4) несие операцияларын жүргізу бойынша басшылық [14].
Мұндай басшылық - жеткілікті күрделі, кешенді құжат (әр банкте әр түрлі атаумен белгілі, жиі оны несие меморандумы деп те атайды). Оның құрамына келесі элементтер кіреді (оларды жеке құжат ретінде де және бүтін бір құжаттың бөлігі ретінде де қарастыруға болады) [13]:
1) Банктің несие қызметкерлері құзыреттерінің сипаттамасы;
2) Несиеге рұқсат беру және потенциалды борышкерлер тапсырысын қарастыру тәртібі;
3) Несиелеуді ұйымдастыру бойынша нұсқаулар;
4) Несие процесіне қатысатын бөлімшелердің өзара қызмет етуінің тәртібі;
5) Келесілерді талдау бойынша нұсқаулар: клиенттің төлем қабілеттілігін; несие портфелін; несие келісім шарттарын жасау;
6) Әдістемелер: несиелер бағасының есебі, кепіл затының бағасын анықтау, пайыздар есебі, несиелеу шектерінің есебі және олардың дұрыстығын тексеру, борышкерлермен кездесу өткізу, борышкердің несие тарихын тексеру, ол туралы үшінші тұлғадан қосымша ақпарат алу;
7) Несиелік құжаттаманы жүргізу бойынша нұсқаулар.
Қазіргі несие саясатының басты ерекшелігі банктердің меншікті және тартылған ресурстарына ғана байланысты емес, сол сияқты клиенттерді несиелеуді жүзеге асыратын екінші денгейлі банктер үшін Орталық банк бекітетін нормаларға және пруденциялық нормативтерге байланысты келеді. Мысалға, ҚР Ұлттық банкі орталық резервтерге міндетті төлемдер аудару нормасын белгілейді. Сол сияқты, басқа да нормативтер, оның ішінде екінші денгейлі банктерде құрылатын ең төменгі ақшалай резевтер түріндегі ең ірі несиелер көлеміне байланысты шектеу, банк балансы өтімділігінің параметрлері сияқты банктің міндеттемелерін өтімді қаражаттар резервімен салыстыра өлшеу арқылы белгіленетін формалардағы норматвитер де бар.
Қазіргі несие саясатының маңызды бір белгісі оның келісім-шартқа негізделуі болып табылады. Бұған дейін несие саясатында клиент пен банк арасындағы қарыз алу кезіндегі келісім шарттың экономикалық маңызы төмен болып, оны тек ресми сипатта болды деп те айтуға болады. Кейіннен екінші денгейлі банктерде ынта туындағаннан кейін ғана банк пен қарыз алушының арасында несиелік шартқа отыру несие берушінің де сол сияқты қарыз алушының да жауапкершілігін нығайта түсті.
Қалыптасқан қазіргі несие саясатының келесі маңызды ерекшелігі, бұл несиелеудің объектіден субъектіні несиелеуге өтуі болып табылады. Бұрынғы несие саясаты объектіні несиелеуге ғана негізделгендігі бізге белгілі. Тауарлы-материалды құндылықтар қоры мен өндірістік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz