Синтаксистік оралымдар және оның жай сөйлемдер мен құрмалас сөйлемдерге қатысы



Жұмыстың сипаттамасы. Синтаксистік оралымдар және оның жай сөйлемдер мен құрмалас сөйлемдерге қатысы қазақ тіл білімінде осы күнге дейін бір жүйеге түсіп, өз шешімін таба алмай келе жатқан даулы мәселелердің бірі. Оралымдарға қатысты тілтанушылар арасында дау туғызып отырған мәселенің негізгі көзі – оралымды сөйлемдерді күрделенген жай сөйлемдер қатарынан танимыз ба, әлде ортақ бағыныңқылы құрмалас сөйлемдер қатарынан танимыз ба деген сұрақ төңірегінде болып отыр.
Сөйлемдік дәрежеге жетпеген, негізгі сөйлемнің мазмұн желісін айқындаушы әр түрлі амалдық түсініктеме ретіндегі синтаксистік конструкция [1,67]. Бірақ кейбір синтаксис мамандары осындай синтаксистік конструкцияларды бір бастауышқа телінген сабақтас құрмалас сөйлемдердің бағыныңқы сыңарының қатарынан таниды.
Қырқыншы жылдардың өзінде-ақ профессор С.А. Аманжолов осындай конструкциялардың ерекше құбылыс (шумақталу) ретінде тілімізден орын алатындығын ескерткен болатын
Қазақ тіл білімінде құрмалас сөйлемнің кем дегенде екі жай сөйлемнен құралатынын, күрделі ойды білдіретінін ешбір ғалым бекер демейді. Құрмалас сөйлем дегеніміз не? деген сұрауға берген жауаптарында олардың барлығы да бұл екі белгіні негіз етіп алады. Бірақ құрмалас сөйлем компоненттеріне қандай тіркес жатады, оған қойылатын критерий не? Деген сұрауға келгенде қазақ лингвистері арасында соңғы уақытқа дейін бірауыздылық болмай келеді.
«Тіл құралы» деген атпен 1925 жылы қазақ тілінде шыққан А. Байтұрсыновтың оқулығында: «Қазақ тілі сөйлемдері арасында екі түрлі жақындық болады: оның бірі – ішкі мағына жақындығы да, екіншісі – сыртқы қисын жақындығы» дегенді айта келіп, жай сөйлемдер бір-бірімен бірігіп, бір құрмалас сөйлем болу үшін олардың арасында осы екі жақындықтың, ішкі мағына жақындығы мен сыртқы қисын жақындығының болуы керек делінген. Басқаша айтқанда, құрмалас сөйлем компоненттері бір-бірімен екі жақты әрі мағыналық, әрі тұлғалық байланыста болады делінген. Бұл – құрмалас сөйлемнің синтаксисіне байланысты қазақ тілінде айтылған алғашқы пікір еді, бірақ соған қарамастан компоненттер арсындағы бірлікті, байланысты дұрыс көрсеткен. Бірақ А. Байтұрсынұлы оқулығында компоненттер арасында болатын тұлғалық байланыстың қандай тәсілдер арқылы көрінетіні, компоненттер құрамында негізгі мүшелердің болу қажеттігі туралы ештеме айтылмаған.
Құрмалас сөйлем жөніндегі бұл пікірлер отызыншы жылдар ішіне дейін өзгеріссіз қайталанып келеді.
Академик Н. Сауранбаев 1954 жылы жарық көрген «Құрмалас сөйлемнің синтаксисі атты еңбегінде қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдердің негізгі критерийі деп мыналарды атады: «1. Құрамындағы синтаксистік компоненттерде айтылатын ойдың дербестігі. 2. Компонентте дербес бастауыш
1. Есенов. Қ. Қазақ тіліндегі күрделенген сөйлемдер. А., 1964.
2. П. Мелиоранский. Краткая грамматика казак-киргизского языка. Ч. II. Синтаксис. СПб., 1897.
3. А. М. Пешковский. Русский синтаксис внаучном освещении . М., 1966.
4. В.Л. Георгиева. История синтаксисческих явлений русскогт языка. М., 1968.
5. Г.Д. Санжеев. Современный монголский язык. М., 1959.
6. Т.А. Бертагаев. Синтаксис современного монгольского языка в сравнительном освещении. Простое предложение. М., 1964, 290-с.
7. Н.К. Дмитриев. Грамматика башкирского языка. М. –Л., 1948, 270-с.
8. Сауранбаев Н.Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі: Очерктер. – Алматы:Қазақ ССР Ғылым академиясының баспасы, 1948.
9. С. Жиенбаев. Сөйлемнің үйірлі мүшелері. «Ауыл мұғалімі», 1935, № 7-8.
10. С. Жиенбаев. Синтаксис мәселелері.
11. Н.З. Гаджиева. Критерии выделения придаточных предложений в тюркских языках. – «Вопросы грамматики тюркских языков», 189-с.
12. Аманжолов С. Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы. А., 1940.
13. Н.А. Баскаков. К проблеме историко-типологического изучения грамматики тюркских языков. – «Вопросы языкознания», 1969, №4, 134-с.
14. И.И. Ревзин. Придаточные обстоятельственные предложения образа действия и причастный оборот в немецком языке. – «Ученные записки 1-го Московского гос. пед. института иностр. яз.», т. ІХ. М., 1956, 212-бет.
15. Ю.А. Рубинчик. Современный персидский язык. М., 1960, 114-бет.
16. А.М. Финкель, Н.М. Баженов. Курс современного русского литературного языка. Киев, 1965, 558-б.
17. А. Турсунов. Деепричастие в современном киргизском языке. Автореф. канд. Дисс.
18. Шалабаев Б. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі синтаксистік тұтастық. Қазақ филологиясы. Екінші кітап, 1975.
19. Есенов Қ. Құрмалас сөйлем синтаксисi. А.1995.
20. Есенов Қ. Қазіргі қазақ тіліндегі шартты және қарсылықты бағыныңқы сөйлемдер.- Алматы, 1969.- 194 б
21. К.З. Ахмеров. Обстоятельственные обороты в грамматической системе башкирского языка. – «Вопросы башкирской филологии», М., 1954, стр. 24
22. К. Мелиев. Имена действия в современном уйгурском языке, М., 1964.
23. Қазақ грамматикасы: Фонетика, сөзжасам, морфология, интаксис/ А. Байтұрсынов атын. тіл білімі ин-ты; Ред. алқасы: Жанпейісов Е. (жауап. ред.) ж.б..- Астана: Астана полиграфия, 2002. – 784 бет.
24. Р. Әмір, Ж. Р. Әмірова Құрмалас сөйлемдер қазақ тілінің грамматикалық, функционалдық жүйесінде
25. Ермекова Т. Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі: оқу құралы.–Алматы: Фолиант, 2011.– 224-бет
26. Н.К. Дмитриев. Грамматика кумыкского языка. М.–Л., 1940, 192-б.
27. Бахтхолдина Г. Күрделенген сөйлемдердің интонациялық құрылымы // Қайнар ун/ң хабаршысы. – 2009.-№1\2
28. Қапалбеков Б. Көсемше бағыныңқылардың дамып қалыптасуы мен мағыналық түрлері. Филол.ғыл канд дисс. А., 2000.
29. Сауранбаев Н. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі. Кітапта: Академик Н. Сауранбаевтың еңбектері. ІІ том, Алматы, 2000.
30. Әмір Р. Әмірова Ж. Құрмалас сөйлемдерді жаңаша талдауда көрінетін кейбір аспектілері // ҚР ҰҒА хабарлары Тіл, әдебиет сериясы = ИЗВ НАН РК. Сер. Филолог.- 2008, №4
31. Аманжолов С. Қазақ тілінің синтаксисі. Синтаксис. 2-бөлім. – Алма-ата: Қаз. мемл.баспасы, 1939.-86б
32. Қордабаев Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі. (Оқу құралы). 2-басылуы. – Алматы, «Санат» 1995. – 176 бет (80-81)
33. Сайрамбаев Т., Сағындықұлы Б. Құрмалас сөйлемдер жүйесі: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2007. – 120 б.
34. Қапалбеков Б. Көсемше бағыныңқылардың дамып қалыптасуы мен мағыналық түрлері. Филол.ғыл канд. авторев. – А., 2000.
35. Қапалбеков Б. Құрмалас сөйлем айналасындағы кейбір мәселелер// ҚР ҰҒА хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы = Известия НАН РК. Сер. филологическая.-2003. –№2.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Жұмыстың сипаттамасы. Синтаксистік оралымдар және оның жай сөйлемдер мен құрмалас сөйлемдерге қатысы қазақ тіл білімінде осы күнге дейін бір жүйеге түсіп, өз шешімін таба алмай келе жатқан даулы мәселелердің бірі. Оралымдарға қатысты тілтанушылар арасында дау туғызып отырған мәселенің негізгі көзі - оралымды сөйлемдерді күрделенген жай сөйлемдер қатарынан танимыз ба, әлде ортақ бағыныңқылы құрмалас сөйлемдер қатарынан танимыз ба деген сұрақ төңірегінде болып отыр.
Сөйлемдік дәрежеге жетпеген, негізгі сөйлемнің мазмұн желісін айқындаушы әр түрлі амалдық түсініктеме ретіндегі синтаксистік конструкция [1, 67]. Бірақ кейбір синтаксис мамандары осындай синтаксистік конструкцияларды бір бастауышқа телінген сабақтас құрмалас сөйлемдердің бағыныңқы сыңарының қатарынан таниды.
Қырқыншы жылдардың өзінде-ақ профессор С.А. Аманжолов осындай конструкциялардың ерекше құбылыс (шумақталу) ретінде тілімізден орын алатындығын ескерткен болатын
Қазақ тіл білімінде құрмалас сөйлемнің кем дегенде екі жай сөйлемнен құралатынын, күрделі ойды білдіретінін ешбір ғалым бекер демейді. Құрмалас сөйлем дегеніміз не? деген сұрауға берген жауаптарында олардың барлығы да бұл екі белгіні негіз етіп алады. Бірақ құрмалас сөйлем компоненттеріне қандай тіркес жатады, оған қойылатын критерий не? Деген сұрауға келгенде қазақ лингвистері арасында соңғы уақытқа дейін бірауыздылық болмай келеді.
Тіл құралы деген атпен 1925 жылы қазақ тілінде шыққан А. Байтұрсыновтың оқулығында: Қазақ тілі сөйлемдері арасында екі түрлі жақындық болады: оның бірі - ішкі мағына жақындығы да, екіншісі - сыртқы қисын жақындығы дегенді айта келіп, жай сөйлемдер бір-бірімен бірігіп, бір құрмалас сөйлем болу үшін олардың арасында осы екі жақындықтың, ішкі мағына жақындығы мен сыртқы қисын жақындығының болуы керек делінген. Басқаша айтқанда, құрмалас сөйлем компоненттері бір-бірімен екі жақты әрі мағыналық, әрі тұлғалық байланыста болады делінген. Бұл - құрмалас сөйлемнің синтаксисіне байланысты қазақ тілінде айтылған алғашқы пікір еді, бірақ соған қарамастан компоненттер арсындағы бірлікті, байланысты дұрыс көрсеткен. Бірақ А. Байтұрсынұлы оқулығында компоненттер арасында болатын тұлғалық байланыстың қандай тәсілдер арқылы көрінетіні, компоненттер құрамында негізгі мүшелердің болу қажеттігі туралы ештеме айтылмаған.
Құрмалас сөйлем жөніндегі бұл пікірлер отызыншы жылдар ішіне дейін өзгеріссіз қайталанып келеді.
Академик Н. Сауранбаев 1954 жылы жарық көрген Құрмалас сөйлемнің синтаксисі атты еңбегінде қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдердің негізгі критерийі деп мыналарды атады: 1. Құрамындағы синтаксистік компоненттерде айтылатын ойдың дербестігі. 2. Компонентте дербес бастауыш пен баяндауыштың болуы. 3. Құрмаластағы әрбір компоненттердің интонациялық жігі айқын болуы [29, 112-113].
Бұлар құрмалас сөйлем жөнінде жазылған еңбектерде бұрыннан айтылып жүрген пікірлер. Бірақ құрмалас сөйлемнің басты критерийлері ретінде оқшаулап, шоқтығын шығара айтпай, көп сөздер ішінде көміліп, көмескі көрініп жүретін. Н. Сауранбаевтың еңбегі сол барды жинақтап, шоқтығын шығара көрсетуінде. Бірақ өкініші автор аталған критерийлерді өзі сақтамады. Құрмаластағы әрбір компоненттердің интонациялық жігі айқын болу керек дей тұра, Қ. Жұбанов, С. Жиенбаевтардың ізімен үйірлі мүшелі жай сөйлемдерді де сабақтас құрмаластың бір түрі деп есептейді.
Құрмалас сөйлемнің өзіндік сипатын анықтауда мұндай ала-құлалықтардың болуы кездейсоқ нәрсе емес, бұл мәселе, шынында да, аяқ басқан сайын қиыншылықтан қиыншылыққа ұшыратып отыратын күрделі мәселе.
Сондықтан, синтаксистік оралымдарды құрмалас не жай сөйлемнің қатарынан тану үшін, алдымен құрмалас сөйлем дегеніміз не, оның компоненттерін қандай талаптар бойынша танимыз, жай сөйлем деп қандай сөйлемдерді танимыз соны анықтап алуымыз керек.
Орыс тіл білімінің зерттеулерінде бұл мәселенің басы ашылған. Деепричастный оборот, причастный оборот деп оралымды сөйлемдерді бөлек қарастырады. Біз де жай және құрмалас сөйлемді танудағы ала-құлалықтарды жойып, күрделенген жай сөйлем мен ортақ бастауышты құрмалас сөйлемдердің аражігін біржола айқындауымыз керек.
Шындығында, оралымды сөйлемдердің бағыныңқылардың қызметімен жақындасып келетіндігі рас. Тілдік құбылыста грамматикалық категориялардың мазмұн көріністері кейде өзара астарласып, бір-бірімен жақын түсіп жатады. Алайда мұндай қасиет олардың бірін екіншісі жоққа шығару мүмкіндігіне әкеле алмайды. Әрқайсысы қай тілде болса да жеке синтаксистік категория ретінде өз бетімен өмір сүреді.
Жұмыстың өзектілігі
Қазіргі қазақ тілін мектепте, колледждер мен жоғары оқу орындарында оқытудың өзіндік қиыншылықтары бар. Оның басты себебі, біріншіден, іс жүзінде бір-бірімен сабақтас, белгілі бір жүйемен оқытылуға тиіс білім беру сатыларының бағдарламалары арасында байланыстың жоқтығы болса, екіншіден, оған сәйкес жазылатын оқулықтарда берілетін материалдардың мазмұнының арасындағы елеулі айырмашылықтар. Аталған сәйкессіздік тіл білімінің барлық салаларында да орын алатындығын мойындауымыз керек. Бұл жайт бағдарламалар мен оқулықтарда берілген бір бастауышқа телінген сөйлемдерге де қатысты. Шындығында тілдегі бір бастауышқа телінген сөйлемдердің барлығын бір деңгейде қарастыру дұрыс па? Осы мәселені айқындау зерттеудің өзектілігін танытады.
Жұмысытың мақсаты - қазақ тілін зерттеуші синтаксис мамандарының пікірлеріне сүйене отырып, күрделенген жай сөйлемдер мен бір бастауышқа телінген сабақтас құрмалас сөйлемдердің аражігін ажырату. Осыған орай төмендегідей міндеттерді шешу көзделеді:
oo синтаксистік оралымдардың зерттелуін жіті қарастыру арқылы қазақ тіліндегі синтаксистік оралымдарды танудағы пікірлерді басқа тілдегі пікірлермен салыстыру;
oo қазақ тіліндегі күрделенген жай сөйлемдер мен ортақ бастауышты сабақтас құрмаластарды зерттеген ғалымдардың пікірлерін жан-жақты салыстырып талдау;
oo синтаксистік оралым қатысты жай және құрмалас сөйлемдерді салыстыра талдау;
oo нәтижесінде күрделенген жай сөйлемдер мен сабақтас құрмаластарды сипаттайтын негізгі критерийларды анықтау.
Жұмысты жазуда басшылыққа алынған теориялық еңбектер мен дереккөздер. Жұмысты жазу барысында М. Әуезовтың, Ғ.Мүсіреповтың, С. Мұқановтың, Д. Әбіловтың, Ш. Мұртазаның, Ә. Нұрпейісовтың Б. Майлиннің еңбектерінен 30-ға жуық мысалдар жиналдық. Жұмысты жазуда А.М. Пешковский, В.Л. Георгиева, Г.Д Санжеев, Т.А.Бертагаев, Н.К. Дмитриев, Н.З. Гаджиева, Н.А. Баскаковтың еңбетері, сонымен қатар қазақ ғалымдарының арасынан Т. Қордабаевтың, С. Амандоловтың, Н.Т. Сауранбаевтың, Қ. Есеновтың, Р. Әмірдің, Б. Қапалбековтың т.б. ғалымдардың теориялық еңбектерін басшылыққа алдық және Б. Қапалбекоавтың пен Т. Ермекованың диссертацияларын қолдандық.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Синтаксистік оралымдар дегеніміз - сөйлемдік дәрежеге жетпеген, негізгі сөйлемнің мазмұн желісін айқындаушы әр түрлі амалдық түсініктеме ретіндегі синтаксистік конструкция болып табылады [1, 67].
Қазақ тіл білімінде есімше, көсемше және шартты рай тұлғасы арқылы жасалған ортақ бастауышты сабақтас құрмалас не болмаса үйірлі мүшелі сөйлемдер деп танылып келген конструкциялық топтарды қамтиды. Айқындауыштық қосалқы сөйлемдер де, синтаксистік оралымдар да күрделенген сөйлемдердің қатарынан танылса да, екеуінің бір-бірінен елеулі айырмашылығы бар. Айқындауышты қосалқылар хабарланған ой желісіне байланысты айтушы адамның әр түрлі көзқарасы, ықылас-тілегі, болмаса белгілі бір жайдың мән-жайын айқындау, толықтыру ыңғайын білдіре жұмсалса, синтаксистік оралымдар сөйлемдегі негізгі түйіннің мазмұн барысын әр түрлі сапалық, қимылдық дәрежеде саралап көрсете айтылады. Осыған орай синтаксистік оралымдар, бағыныңқы сөйлем тәріздес, негізгі сөйлемдегі ойға шарт, мезгіл, амал тәріздес мәндерде жұмсалады. Бұл қасиет олардың көбіне сөйлемнің алғашқы шенінде айтылуын міндеттейді. Синтакситік оралымдарың осындай орын тәртібі, мағыналық белгілері оларды сабақтас құрмалас сөйлеммен өте жақындастырып жіберді. Демек, айқындауыштық қосалқы сөйлемдерге қарағанда, синтаксистік оралымдардың сабақтас құрмаласпен сырттай тұлғалық ұқсастық, жақындық ара салмақтары анағұрлым күшті. Бұл да осы сөйлемдердің айқындауыштық қосалқылардан айырмашылығын көрсететін айырым белгілерінің бірі болып табылады.
Қазақ тіліндегі синтаксистік оралымдардың қызметі сөйлем мүшелерінің атқаратын функциясын еске түсіреді. Бұлар да негізгі сөйлемде айтылған ойдың әр түрлі амалдық қасиетін білдіріп тұрады. Осыған орай әр түрлі сөйлем мүшелерінің сұрағына жауап береді. Алайда бұдан синтаксистік оралымдар мен сөйлем мүшелерінің тепе-теңдестігі, бірдейлік қасиеті ұғынылмайды [1, 63]. Сөйлем мүшелерінің қызметі барлық синтаксистік категорияларға қатынасты болса, оралым жайында мұны айтуға болмайды. Ол өзі айқындап, толықтап тұратын негізгі сөйлем мазмұнына байланысты айтылады. Сонымен қатар оралымдағы жеке сөздер ғана негізгі сөйлемге шумақталмай, оралымдағы барлық сөздер де тұтасымен біріге жұмсалып ой мазмұнын белгілі бір қырынан ашып отырады. Синтаксистік оралымның мұндай қолданысы оның көбінесе тұтасымен жинақтала келіп бір-ақ сұрауға жауап беруіне лайықтайды. Мұндай тұтастық ондағы әрбір сөздердің іштей өзара саралана сөйлем мүшелеріне ажыраса алуларын теріске шығармайды. Мәселен мына бір сөйлемді алып қарайық:
Қалың ойға, ауыр бейнетке, қатты ашуға ерттеп мініп алғандай, төртеуі де тас түйін (Ғ. Мүсірепов).
Әңгіме өзегі - төртеуі жайында. Сондықтан бұл сөйлемнің түп қазығы болып есептеледі. Ал қарамен берілген алдағы синтаксистік оралым тұтасымен төртеуінің амалдық сипатын білдіріп тұр. Осыған байланысты ол қайткендей? қандай? сұрауларына жауап беру ыңғайында жұмсалған [1, 66-67].
Сонымен, синтаксистік оралымды сөйлемдер бір грамматикалық бастауыштың төңірегінде құрылады. Мұндайда сөйлем бастауышы оралым құрамында не болмаса сөйлемнің негізгі бөлігінде де қолдана береді. Жоғарыдағы сөйлемде грамматикалық бастауыш өз орнында, оралымнан кейін орналасқан. Сондай-ақ оның оралым құрамында да орналасуы кездесе береді.
Ауыл салтында, келе жатқан келіншектің көшінен күйеу озып кетіп, ауылына бұрын кеп хабар айтар еді (С. Мұқанов).
Оралымды сөйлемдердегі осындай заңдылыққа қарағанда, олардағы бастауыштың орны әрдайым тұрақты бола бермей, жылжымалы келетіндігін байқаймыз. Осылай бола тұрса да бастауыштың өз орнында, негізгі сөйлем құрамында тұруы-өзінің әр түрлі жақтан айқындала түсуіне толығырақ мүмкіндік туғызады. Өйткені тілдің өз заңдылығы бойынша айқындауыштық сөздер әрдайым да айқындалатын сөзден бұрын орналасады. Бұл жағдай айқындалатын объектінің мазмұн желісін алдын ала толықтырып тұрады. Осындай құбылысты синтаксистік оралымды сөйлемдерге де айтуға болар еді [1, 68].
Синтаксистік оралымды сөйлемдер жайында әңгіме болғанда, ең алдымен -ған тұлғалы есімшелі конструкцияларды алдымен атауға тура келеді. Себебі түркологиялық еңбектердің көпшілігінде оралым жайында не болмаса бағыныңқылар жайында әңгіме болғанда, көбінесе осындай тұлғалы түрі негізге алынады. Сөйлемдерді ажырата білудегі әр түрлі көзқарастар (синтаксистік оралым ба не болмаса бағыныңқы сөйлем ба) осы -ған тұлғалы конструкциялардың бойынан өрбіп жатады. Мұның өзінде де көбінесе арнайы бастауышты атау қалпындағы есімшелі сөйлемдер қарастырылады. Міне, осындай құрылыстағы сөйлемдер революцияға дейінгі түркологиялық еңбектерде сабақтас құрмаластың құрамында танылады. Солардың қайсыбіріне назар аударалық:
Алтай тілі мен қырғыз тілі грамматикаларында біздің түсінігіміздегі күрделенген синтаксистік оралымды сөйлемдер анықтауыш бағыныңқылар деп түсіндірілген. Сол еңбектерде келтірілген мына сөйлемдерге қараңыз:
Креске тушпеген кіжілер ненің учун пурулу болун кудайдын іарыка чыкпас?
Жут болып малы кырылған койан жылды казактар осу кунго дейн умытпайды.
Проф. П.М. Мелиоранский де осы тәріздес сөйлемдерді сабақтас құрмаластың қатарынан таниды [2, 47]
Бағыныңқыларды тани білудегі осындай түсініктемеден ол кездегі зерттеушілердің сөйлемдердің өзіндік түпнұсқасына сүйенбей, олардың орыс тілінде аударылып берілу заңдылықтарын байқаймыз. Сөйлемдерді тани білудегі мұндай жай совет дәуіріндегі кейбір еңбектерден де кездесіп қалады.
Синтаксистік оралым мәселесін айқындау - сабақтас құрмаластың да көптеген жайттарын дәлелдей түсуге жол ашады. Жоғарыдағы мысалдардан байқалғандай, революцияға дейінгі еңбектерде синтаксистік оралымды сөйлемдер өзара ажыратылмай, олар сабақтас құрмалас ретінде түсіндірілген. Өйткені, ол кездегі еңбектер үшін сөйлем мүшелерінің күрделеніп келсе болғаны, олар сабақтас құрмаластың бағыныңқы компоненті ретінде танылған, сөйлем ішіндегі есімшелердің басқа сөздермен біріге жұмсалу ыңғайына қарай күрделенген жай сөйлем мүшелері анықтауыш, толықтауыш бағыныңқыларға жатқызылған. Осының салдарынан келіп көп жағдайда жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің ара жігі дұрыс ажыратылмаған. Біз сөз етіп отырған синтаксистік оралымдардың ол кездерде ауызға алынбауының басты себебінің өзі де осындай жайттармен тығыз байланысты. Түркологияда оралымды сөйлемдердің бағыныңқылардан ажыратыла бастауы, негізінен алғанда, советтік дәуірдегі еңбектерден орын ала бастады.
Синтаксистік оралымдардың бір кездегі бағыныңқы болып қалыптасуы жалпы тіл білімінен орын алған құбылыс еді. Осындай конструкцияны А.Х. Востоков, Ф.И. Буслаевтардың өз еңбектерінде қысқартылған бағыныңқылар деп таниды. Түркі тілдеріндегі зерттеулерде осы ілімді қуаттаған адамның бірі акад. В.А.Гордлевский болды. Ғалым өзінің Түрік тілдерінің грамматикасы атты еңбегінде қысқартылған анықтауыш бағыныңқы сөйлемдерді көрсетеді.
Қысқартылған бағыныңқылар деген осындай ілімге қарама-қарсы орыс тіл білімінде проф. А.М. Пешковскийдің пікірі туды. Аталған автор өзінің белгілі Русский синтаксис в нучном освещении атты еңбегінде оралымды сөйлемдерді оңашаланған тұрлаусыз мүшелердің қатарына жатқызады. Бұл, әрине, тіл біліміндегі зор табыстың бірі болды, өйткені осындай ілім арқылы қате түсіндіріліп келінген қысқартылған бағыныңқылар дегендерді жай сөйлемнің аясында дұрыс тани білуге мүмкіндік туды. Мәселен, А.М. Пешковский мына тәрізді сөйлемдегі қараменен берілген конструкцияны жай сөйлем ішіндегі көсемшенің оңашалана айтылуы деп түсіндіріледі: иногда шум песен и говор, вылетая из сакли, заглушали любопытный дом для нас разговор [3, 433].
Орыс тіл білімінде осындай конструкциялардың сөйлемдерде өзіндік орны айқандалғаннан кейін, олар жеке синтаксистік категория-оралым ретінде мектептен бастап жоғарғы оқу орындарында оқытыла бастады. Ғылыми-зерттеу еңбектерінде де бұған арнайы көңіл бөліне бастады. Мәселен, академиялық орыс тілі грамматикасында оралымды сөйлемдер оңашаланған пысықтауыштың аясында қаралса, соңғы грамматикада бұлар сөйлем ішіндегі оңашаланған бөлшектер (обособленные группы внутри предложения) деп аталады. Проф. Т.П. Ломтев осындай сөйлемдерді ерекше конструкциялардың тобына жатқызады, оларды өзара салыстырма, инфинитивті, есімше және көсемшелі конструкциялар деп жіктейді. Орыс тілінің тарихында жай сөйлемдердің күрделенуінде көсемшелі оралымдардың қатысуы синтаксистік белгілі бір фактор болғандығын В.Л. Георгиева атап көрсетеді [4, 101].
Сонымен синтаксистік оралым қай тілдерде болса да кездесе беретін өз алдына жеке грамматикалық категория болып есептеледі. Бұл сөйлемдер мазмұны жағынан сабақтас құрмаластың мәнімен астарласып жатқанымен, грамматикалық құрылысы жағынан оның талаптарына жауап бере алмайды. Осындай объектілік заңдылық жете ескеріле бермегендіктен де, кейде оборотты конструкциялардың қызметі басқа сөйлемдермен (бағыныңқылармен) тепе-тең қарастырылады. Бұл-ғылыми жағынан дұрыс емес. Оборотты сөйлемдерге деген осындай көзқарас әсіресе проф. Г.Д. Санжеевтің моңғол тілдеріне арналған еңбектерінен кездесіп отырады. Автор осы тілдерде (моңғол, қалмақ) есімше және көсемшелі обороттардың молынан кездесетіндігін айта келіп, бұлардың өзі көптеген бағыныңқы сөйлемдердің қызметін атқара алатындығын да көрсетеді [5, 91].
Оралымды сөйлемдердің бағыныңқылардың қызметімен жақындасып келетіндігі рас. Тілдік құбылыста грамматикалық категориялардың мазмұн көріністері кейде өзара астарласып, бір-бірімен жақын түсіп жатады. Алайда мұндай қасиет олардың бірін екіншісі жоққа шығару мүмкіндігіне әкеле алмайды. Әрқайсысы қай тілде болса да жеке синтаксистік категория ретінде өз бетімен өмір сүреді.
Моңғол тілдерінің екінші бір зерттеушісі профессор Т.А. Бертагаев оралымды сөйлемдердің орын алуын сабақтас құрмаластың үлесімен байланстырып жатпайды, осы тілдерде өз орнына қарай оралымдардың да, бағыныңқылардың да болатындығын айтады. Сондай-ақ тұнғұс-маньчжур тілдерінде де оралымды сөйлемдер жеке өз алдына, сабақтас құрмаластан ажыратыла қарастырылады [6, 237].
Сөз болып отырған тілдік конструкция соңғы кездерде арнайы зерттеу объектісіне де айналды.
Синтаксистік оралымды сөйлемдер мен сабақтас құрмаластың ара қатынасы индоевропа және басқа тілдерде біраз айқындалып қалса, бұл жайтты түркі тілдеріне айтуға болмайды. Соңғысында сабақтас құрмаластың мәселелері осы оралым тәуелді конструкциясымен тығыз байланысып жатады. Түркі тілдеріндегі еңбектерде обороттардың көбінесе сабақтас құрмалас сөйлем проблемаларын айқындау барысында әңгіме болып отырғандығы да осыдан. Мұны әсіресе 1956 жылы Алматы қаласында етістіктің көріністері мен сабақтас сөйлем проблемеларына арналған координациялық кеңестің материалдарынан айқын байқауға болады (Вопросы грамматики тюркских языков) [1, 25-26].
Түркі тілдерінде соңғы кездерге дейін оборот деп аталып жүрген конструкциялар арнайы зерттелмеді. Осының салдарынан да бұлардың өзіндік жаратылысы айқындалмай, терминдік ұғымы да жете ашылмады. Мәселен профессор Н.П. Дыренкова өзінің ойрот, шор тілдерінің грамматикасына арналған еңбектерінде есімше және көсемшелі обороттарды әрдайым сабақтас құрмаластың бағыныңқы компоненті ретінде түсіндіреді. Автордың бұларға берген мысалдарына мұқият назар аударсақ, олардың ішінде бағыныңқы сөйлем болатындарын да, болмайтындарын да кездестіреміз. Демек, Н.П. Дыренкова үшін оралымды сөйлемдер де бағыныңқылар да бірдей синтаксистік категория. Мәселен, автор келтірген мына бір сөйлемдерді салыстырып қаралық:
Салкын келерде, бұлуттар таркай берди. Менинъ чығып, дъаандаган айылым бийик туулардынъ ортозында [4, 286].
Автор танығандай, бұл сөйлемдердің екеуі де тең дәрежедегі бірдей бағыныңқы сөйлемдер емес. Алғашқысы осындай сөйлем бола алса, кейінгісі синтаксистік оралым ретінде танылады. Ондай сөйлемдер жайындағы автордың пікірі шор тілінің грамматикасында да қайталанады.
Н.П. Дыренкова үшін оралым да, бағыныңқы сөйлемдер де бір мәнде қолданылады. Бұған себеп-аталаған автор жалпы бағыныңқы деген ұғымды оборот деп атайды. Осыдан келіп біздің ұғымымыздағы оралымды сөйлемдер жоқ болып шығады да, олар бағыныңқылармен бірдей қарастырылатын болады. Қысқасы Н.П. Дыренкова бағыныңқы сөзін оборот деген терминмен алмастырады. Бұл, әрине, сабақтас құрмалас сөйлем мәселесін одан сайын шиеленістіреді. Автордың оборот сөзін бағыныңқының орнында жұмсайтындығы оның мына бір сөзінен айқындалады: Сложное предложение является особым сочетанием двух или нескольких предложений. Одно из таких предложений - главное или законченное предложение, другое или другие, если их несколько - развитые или развернутые члены предложения или обороты [4, 286].
Сөйтіп, профессор Н.П. Дыренкованың қолдануындағы обороттық ұғым көбінесе сабақтас құрмалас сөйлем мәселелерін қамтып отырады.
Сөйлем ішіндегі атқаратын қызметіне қарағанда, оборотты конструкциялар да бағыныңқы, тәуелді сипатта болады, өйткені бұлар да негізгі сөйлем, негізгі ойға қатысты айтылады. Алайдағы олардағы бағыныңқылық қасиет сөйлемдік дәрежеде болмай, жартылай предикативті сипатта қалып қояды. Жартылай деп отырғанымыз - толық сөйлемдік құрылысы жоқ, бас мүшелердің бірі (бастауышы) болмайтын сөйлемшелер ғана. Бұл ретте әсіресе көсемшелі оралымдардың құрылысы осылайша келеді. Сондықтан да жалпы бағыныңқы деген ұғымды негіз етіп, екеуін де (оралым, бағыныңқы сөйлем) бір дәрежеде қарастыруға болмайды. Оралымдар мен бағыныңқы сөйлемдердің арсындағы жақындық белгі мен айырмашылықты профессор Ғ.А. Абдурахманов дұрыс көрсетеді: Причастные и деепричастные обороты носят те же смысловые функции, что и придаточные предложения. Но, в отличие от придаточных предложений, они не являются сомостоятельной предикативной единицей, так как в своем составе особого подлежащего и сказуемого. Указанные конструкций можно было бы называть полупредикативными единицами, так как в них обнаруживается сопутствующее сообщение, дополняющее, уточняющее основное содержание предложения [5, 44].
Бұл айтылған жайлар обороттар мен бағыныңқылардың бір еместігін тағы да байқата түседі. Олай болса, алғашқысын арнайы зерттеу - басқа да көптеген синтаксистік категориялардың мазмұнын аша түсуге септігін тигізеді. Сабақтас құрмалас сөйлемдер мен обороттарды өзара ажырата қарастыру үшін соңғысын жеке бөліп алудың қажеттігін А.И. Абражеев те өз кезегінде айтқан еді [6, 12-13].
Тюркологияда оралымдар мен бағыныңқы сөйлемдерді саралай қараушылық Н. К. Дмитриев ілімінен басталады. Егер проффессор Н.П. Дыренкова есімше, көсемшелі конструкциялармен келген сөйлемдердің барлығын да бағыныңқылардың қатарында қарастырса, профессор Н.К. Дмитриев оларды өзара саралай баяндайды. Атап айтсақ, жеке өз алдына бастауышпен келгендерін бағыныңқының ауыспалы түрі десе, өзгелерін (бастауышсыз келгендерін) оборотты жай сөйлем деп қарайды. Оралымды сөйлемдерге осындай меже ұсыну, әрине, оларды бағыныңқы сөйлемдерден ажырата қарауға мүмкіндік туғызады. Н.К. Дмитриев есімше, көсемшелі конструкциялардың әр уақытта да бағыныңқы бола бермей, жай сөйлем қатарында да оборот ретінде танылатындығын айтады [7, 192].
Синтаксистік оралымға байланысты проффессор Н.К. Дмитриевтің іліміндегі кемшілік әсіресе - ған тұлғалы есімше конструкцияларымен байланысыты келеді. Мұндай конструкциялардың өзіндік бастауышы болса, оларды әр уақытта бағыныңқы сөйлем қатарында таниды. Осыдан келіп, сөйлем баяндауышының қалайша берілуіне, қай тұлғалары қандай сөйлемдерді жасауға бейім келетіндері ескеріліп жатпайды. Ал есімше оралымды сөйлемдерде бұл жайт өте қажет-ақ.
Профессор А.П. Поцелуевский өз еңбегінде біз әңгіме етіп отырған конструкцияны потенциялды сөйлем деп атайды [8, 154].
Профессор А.А. Юлдашев башқұрт, татар тілдерінде оралымды сөйлемдердің орын алатындығын көрсетеді: В речи большое место занимают простые повествовательные предложения, осложненные оборотами с потенциальной предикатвностью: Окшамағас алманым. ... Килгәндә курзем [9, 188-189].
Қырқыншы жылдардың өзінде-ақ профессор С.А. Аманжолов осындай конструкциялардың ерекше құбылыс (шумақталу) ретінде тілімізден орын алатындығын ескерткен болатын [2, 134].
Оралым дегеніміз - сөйлемдік дәрежеге жетпеген, негізгі сөйлемнің мазмұн желісін айқындаушы әр түрлі амалдық түсініктеме ретіндегі синтаксистік конструкция. Осы турасында профессор І.К. Кеңесбаев былай деп жазады: Казахский литературный язык советской эпохи давал богатейший материял для иследования сложной синтаксической конструкции: появились новые типы синтаксических оборотов, не говоря уже о расширении функций членов предложения [38, 531].
Синтаксистік оралым - қазақ тілінің синтаксисінде де жеке грамматикалық категория болып табылады. Мұндай категорияның орын алуына оның өзіндік қызметі себеп болады. Ондай қызмет синтаксистік оралымдардың негізгі сөйлемде хабарланған оқиғаға, әрекеттің мазмұн желісін әр түрлі жақтардан айқындау, толықтыру қасиетіне негізделеді. Оралымды сөйлемдерді осылайша бағыныңқы компоненттен ажыратып алсақ, жалпы сабақтас құрмалас мәселелерін нақтылай айқындай түсуге мүмкіндік туады. Сонымен қатар оралымның өзіндік ерекшеліктері мен сөйлем ішіндегі қызметі де саралана түседі. Бұл айтылғаннан, әрине, бұлардың арасындағы байланыстылық сипат жойылмаса керек. Қайта әрқайсысын сөз еткенімізде, біреуі арқылы екіншісінің мазмұнын ашып отырамыз.
Оралымды конструкцияны өз алдына жеке сөз етпестен бұрын, тюркологиялық еңбектерде орын алған осы жайындағы түсінік, көзқарастарға қайта ораламыз. Өйткені осы жайында орын алған пікір, ұсыныстарды бір жерге жинақтап алмайынша, жалпы оралымды сөйлемдердің табиғатын терең түсінуге болмайды.
Тіліміздегі есімшелі және көсемшелі шумақтар жайында осы күнге дейін әр түрлі көзқарастар орын алып келеді. Мұндайдың орын алуына бұрынғы зерттеу еңбектерінің өзіндік әсері болды. Сөз болып отырған синтаксистік оралымдар жайындағы түсінік, көзқарастарды өзара топшылап саралай алғанда, үш түрлі ілімнің төңірегінде жинақтауға болады. Осылар арқылы күрделенеген жай сөйлемнің қатарында талдап отырған синтаксистік оралымды конструкцияларға деген барлау, түсінік көзқарастар біршама болса да ашыла түсе ме деп ойлаймыз.
Оралым-бағыныңқы сөйлем деп танушы пікірлер. Мұндай көзқарасты қолдаушылар есімше және көсемшелі оралымдарды бағыныңқы сөйлемнің екінші бір түрі деп қарайды. Бұл ретте кейбіреулері (профессор Н.К. Дмитриев, доцент С. Жиенбаев) олардың өзіндік арнайы бастауышы болсын десе, енді қайсыбіреулері (профессор Н.П. Дыренкова) оның әрдайым да болуын міндетті деп санамайды. Сондықтан да осы ілімнің өзі осындай айырым белгісімен іштей ажыратылып тұрады. Алайда оралым жайындағы екеуінде де түйісетін арна біреу-ақ, ол - мұндай конструкциялардың бағыныңқы деп танылуы.
Есімшелі және көсемшелі оралымдар жайында совет дәуірінде ең алғашқы пікір айтқан адамдардың бірі Н.К. Дмитриев болды. Автор өзінің құмық және башқұрт тілдерінің грамматикаларында әдеттегі бағыныңқы сөйлемдерден басқа оның екінші бір - ауыспалы түрі де (переходной тип) болатындығын көрсетеді. Онысы - есімшелі, көсемшелі шумақтар. Мұндай оралымды сөйлемдердің алғашқы тобында кейінгісінен бөлек өзіндік бастауышы мен баяндауыштар жіктік жалғауында тұрмаса да (бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы жіктік жалғауында тұруы, - профессор Н.К. Дмитриевше, ең басты критерий), бұларды профессор Н.К. Дмитриев бағыныңқының бір түрінен санайды.
Профессор Н.К. Дмитриев есімшелі және көсемшелі оборотты бағыныңқыларға мына іспеттес құрылыстағы сөйлемдерді жатқызады: балалары куп булган әсәләргә пособие бирелә. Мин килгендә һине өйзә таба алманым. Мин мәктәптән сыккас, кар яуа башланды [7, 247].
Бұл мысалдардан байқалатындай, автор сөйлемнің алғашқы бөлшегінің өзіндік бастауышқа ие болып, есімше және көсемше тұлғаларында келсе, ондайларды бағыныңқылардың екінші түрі - оборотты сөйлемдер деп қарайды. Сонда мұндайлардың қатарына қазіргі кейбір түркі тілдерінде танылып жүрген жай сөйлемдер де, құрмалас сөйлемдер де кіріп кетеді. Мәселен, жоғарыда келтірілген сөйлемдердің алғашқысын қараңыз: балалары куп болған әсәләргә пособие биреле. Бұл тектес сөйлемдер азербайжан, қырғыз, қазақ тілдерінде жай сөйлем деп танылса, башқұрт, өзбек тілдерінде құрмаласқа жатқызылады.
Профессор Н.Т.Сауранбаев біздің синтаксистік оралымды күрделенген жай сөйлем деп отырғанымызды бірде сыйыспалы сабақтас құрмалас , бірде қайырмалы сабақтас құрмалас деп түсіндіреді. Бұлардың қайсысы болса да ортақ бастауышты жай сөйлемдердің құрылысын береді. Автордың бір сөйлемді өзара екіге ажыратып қарауы ондағы бастауыш сөзінің орын тәртібімен байланысып жатыр. Егер бастауыш осындай сөйлемнің басында қолданылса (Есілбай колхоздың жұмысына жаны ашыған болып, ылғи ақыл айтып келе жатыр - Ғ. Мүсірепов), оны сыйыспалы сабақтас, ал ол екінші жіктің басында келсе (Колхоздың жұмысына жаны ашыған болып, Есілбай ылғи ақыл айтып келе жатыр), оны қайырмалы сабақтас деп қарайды [8, 48-53 бб .].
Сабақтас құрмаласты оборотты (үйірлі) сөйлемдер жайында қазақ тіл білімінде ең алғашқы зерттушілердің бірі - доцент С.Жиенбаев болды. Оның осы турасындағы алғашқы барлауы 1935 жылдың өзінде-ақ жарық көріп еді [9, 7-8]. Бұл кісі де бағыныңқы сөйлемдерді жалпы екі топқа бөліп жіктеді: нақтылы бағыныңқылар (баяндауышы шартты раймен келгендері - шартты және қарсылықты бағынықы сөйлемдер) және үйірлі мүшелер (баяндауышы есімше, көсемшемен келгендері). Автордың үйірлі мүшелер деп отырғаны - бағыныңқы сөйлемнің екінші бір түрі. Сонда, доцент С. Жиенбаевша, мына тектес сөйлемдер бір дәрежеде сабақтас құрмаластың қатарында қарастырылады: Райхан әйелдер оқып жатқан курсқа кірді (С. Мұқанов). Бұл - сансыз елді өзіне бағындырған, айбатынан ай жасырынған Темір. Жүрегі орнына түсіп жайланғанша, Асқар Сағитпен Ботакөз мәнін сұрамады. Тағы да солай тістей ма деп, Ботакөз ұмтылған қаздан қаша жөнелді [10, 21-25].
Бұл сөйлемдер грамматикалық жаратылысы мен субъект-предикаттық қатынасатардың көріну тәсілдеріне қарай біркелкі емес. Алғашқы екі сөйлем күрделенген жай сөйлемнің оралымды түрін танытса, соңғы екеуі - сабақтас құрмаласатың қатарынан танылады. Жалпы түркі тілдеріндегі сабақтас пен оралымды сөйлемдердің ара-қатынасындағы байланыстылық осы тәріздес конструкциялардың бойынан шығып жатады.
Сөйтіп, жоғарыда сөз болған логикалық бастауышты есімшелі конструкциялары аталған зерттеушілер бағыныңқы сөйлем қатарында талданиды. Сөйлемнің бағыныңқы ретінде қарастырылуында осындай айырым бастауыш меже тұтылады. Негізінде, ол сырттай қарағанда, бастауыш тәріздес көрініп тұрғанмен де, өзіне қатысты сөздермен анықтауыштық топ құрайды. Сондықтан да тап осындай жерлерде олардың баяндауыш сөздерінің қалайша берілуіне барынша назар аударғанымыз жөн.
Қазақ тілі синтаксисінде үйірлі мүшелер жайында сөз болғанда көбінесе оның бастауышпен жұмсалатыны айтылады. Ал құрамында бастауыш жоқ оралымдар (бұлар да үйірлі мүшедей бір-ақ сұрауға жауап береді, өзара іштей талданылады) онша елене қоймайды. Асылында, әдеби тілімізде мұндай конструкциялардың бастауышсыз келген түрі жиі ұшырасады. Олай болса, есімшелі оралым дегенімізде, оның құрамында бастауыш сөзінің жұмсалатынын да, жұмсалмайтынын да түсінетін боламыз. Оралым болу үшін онда арнайы бастауыш сөзінің қолданылуы шарт емес, негізгі бөлшектегі грамматикалық бастауышты айқындауда есімше сөзінің өзіне басқа мүшелерді топтап қайырып тұруы жеткілікті. Сонда мұндай оралымды тізбектер айтылу барысында сөйлемнің бастауышымен жымдасып кетеді де, барлығы түйдектелген түрде бір-ақ жік құрап тұрады. Сөйлемнің келесі (екінші) бөлшегі дауыс екпінін өзіне түсіріп тұрған аралықтағы бастауыш сөзі арқылы байланысқа түседі де, әрі қарай жалғаса айтыла береді. Оралымдардың бойында болатын мұндай құбылыс мына тәріздес сөйлемдерден айқын байқалады.
Осындай астыртын егеспен басталған іс бүгін жоғарыда айтылған өзгеше мінездерге сайған-ды. Үй ішінде үндемей отырған Есбол осындай жайларды топшылаумен болды (М. Әуезов). Москвадан шыққан поезбен Қорған қаласына кеп түскен Турова Қорғаннан Пресногоровкаға автомашинамен келген екен. Аяқты басқан сайын қауіп күткен біз амалсыздан жүре бердік (С. Мұқанов).
Міне, мұндағы қарамен берілген бөлшектер шумақталған тізбек құрап, негізгі сөйлемнің бастауыштарын әр жақтан айқындап тұр. Ал осындай құрылыста келген оралымның құрамында бастауышты сөз болса, бәрібір мұндай конструкция да осындай қасиетте болады. Өйткені бастауышты оборот жеке өз алдына сөйлем құрамай, негізгі ойдың грамматикалық субъектісінің мазмұнын ашуға бағыштала айтылды. Басқаша айтқанда, оралым - негізгі сөйлем бастауышының түініктемесі.
Сонымен, жоғарыдағы тәріздес сөйлемдердің алғашқы жігінде бастауыш болсын, болмасын, олар күрделенген жай сөйлемнің үйірлі тобын құрайды. Мұндай топ былай сырт қарағанда сөйлем тәріздес көрінгенмен, ол өзіндік дербестігінен айырылған, екінші бөліктің негізгі ойымен жымдаса айтылып, соған сіңісіп кеткен шоғырлы тізбектің моделін құрайды. Есімшелі оралымда бастауыш пен баяндауыштың да бола беруі мүмкін. Алайда мұндағы бас мүшелер жеке сөйлем құрауға қатысты болмай, тек үйірлі мүшелі топтың басын біріктіруде көмекші элемент ретінде ғана қызмет атқарады. Сондықтан да үйірлі мүшелі сөйлемнің негізгі грамматикалық бастауышы екінші жіктен орын алады. Мұның өзі алғашқы жіктегі сөйлем мүшелерінің қатынасуымен пайда болған обороттар негізгі діңгек - бастауыштың төңірегіне топталып, тек қана соған байланысты айтылған күрделі бір-ақ мүшенің қызметін атқаратындығын дәлелдей түседі.
Құрамында бастауышы бар есімшелі оралымды бағыныңқы сөйлем деп танушылар оларды кейінгі бөлшекпен байланысты түрде қарамай, өз алдына оқшау, жеке алып түсіндіреді. Соның салдарынан құрамында талдауға болатын сөйлем мүшелері болғандықтан да обороттар бағыныңқы сөйлем болып шыға келеді. Алайда мұндай конструкцияда келген сөйлемдерді бұлайша талдау - синтаксистің ғылыми жүйесіне негізделмей, тұлғалық ұқсастықтың сырттай көрінісіне бой ұру болып табылады.
Есімшемен келген үйірлі мүшелі тізбектің бағыныңқы сөйлем бола алмауындағы екінші себеп - олардағы баяндауыш әрдайым атау тұлғасында тұрады да, келесі топтағы сөздердің алғашқысымен (бастауышымен) жымдасып кетеді, сондықтан да айтылу барысында олар өздерінен кейінгі сөзбен бірге оқшауланып жікке бөлінеді: Баласы жақсы оқыған Балжан мектептен көңілді қайтты. Ал сабақтас құрмаластың бағыныңқы компонентінің баяндауышы еш уақытта жалаң есімшенің атау тұлғасында келмейді, мұндай есімше көмекші сөздермен тіркесе айтылады не болмаса белгілі бір септік жалғауларында тұрады: барған кезде, барған соң, барғанда, барғанмен т.б.
Олай болса, профессор Н.К. Дмитриев келтірілген балалары куп болған әсәләргә пособие биреле тәріздес сөйлемдер бағыныңқының ауыспалы түрі деп танылмай, есімшелі оралымды күрделенген сөйлем деп қаралғаны жөн.
Оралым - жай сөйлем деп танушы пікірлер. Бұл пікірдегі адамдар тіліміздегі оралымдарды жоғарыдағы авторлардай құрмалас деп танымай, жай сөйлемдердің қатарына жатқызады. Олардың айтуынша, обороттардың құрамында бастауыш болсын, болмасын - бәрібір олар құрмалас сөйлем бола алмайды.
Оралымды конструкцияларды жай сөйлемнің қатарында танушылық ең алдымен профессор Н.А. Баскаков, Б.А. Серебренников, Г.Д. Санжеев, Т.А. Бертагаев, М.Ш. Ширалиев т.б. еңбектерінен орын алды. Бұл ғалымдардың мұндай пікірге келулеріне олардың бағыныңқы сөйлемнің тек қана verbum finitum (жақ жалғауы арқылы қиыса байланысу) жолымен ғана жасала алады деген көзқарастары себеп болады. Соның салдарынан есімше, көсемше арқылы жасалған бағыныңқы сөйлемдер аталған ғалымдар тарапынан сабақтас құрмалас деп танылмай, жай сөйлем төңірегінде оборот ретінде түсіндіріледі. Олардың пікірі бойынша: verbum finitumға түскендері - бағыныңқы сөйлем, бұған жауап бере алмағандары - жай сөйлем. Алайда осы принципті негізге алатын болсақ, тіліміздегі есімше және көсемше арқылы жасалатын бағыныңқы сөйлемдерді теріске шығаратын боламыз. Өйткені бағыныңқы сөйлемдерді жасауда шартты рай тұлғасымен қатар есімше, көсемше формалары да елеулі қызмет атқарады [1, 85-86].
Проф. Г.Д. Санжеев оралымды сөйлемдерде бастауыштың болуын әрдайым да міндетті деп санамайды. Автордың айтуынша, осындай сөйлемнің құрамында бастауыштың болуы да, болмауы да ықтимал. Осыған лайық, ол бастауышы барын толық оборотты, бастауышы жоған толымсыз оборотты сөйлем деп таниды [10, 65].
Құрамында бастауышы бар не жоқтығына қарамай, барлық есімшелі, көсемелі конструкциялар бұл ғалымдардың тарапынан жай сөйлемге жатқызылады.
Оралымды конструкцияларды саралай талдаушы пікірлер. Сөйлемдегі жеке сөздердің есімше, көсемшелердің төңірегінде жинақталуы осындай конструкцияны әрдайым да бірыңғай түрде не оралымды, не болмаса сабақтас құрмалас сөйлем ретінде таныта бермейді. Бұл жағдай есімше, көсемше сөздерінің қалайша қолдану заңдылықтарымен тығыз байланысып жатады. Әсіресе есімшелердің қай септік жалғауында тұруы немесе шылау мәніндегі көмекші сөздермен тіркесе жұмсалуы шешуші рөл атқарады. Осындай заңдылықтарға орай оралымды сөйлемдердің бірінен предикаттық қатынас орын алса, енді біреулерінен бұл қасиет табылмайды. Алғашқы жағдайда олар сабақтас құрмаласты жасауға қатынасса, соңғысында бірыңғай мүшелі жай сөйлм яки күрделенген оралымды конструкцияларды жасауға қатынасады. Бұл жайттар сыртқы құрылыстары бірдей сөйлемдерді бір категориялық топтың аясында қарастыруға болмайтындығын дәлелдейді. Олай болса, осындай есімше, көсемше арқылы жасалған сөйлемдердің барлығын тепе-тең дәрежеде бірдей қарамай әрқайсысының өзіндік мәні мен қызметтеріне сай жекелей саралап отыруымыз қажет. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің ара-жігі сонда ғана дұрыс ажыратылады. Есімше, көсемшелі сөйлемдерді бұлайша саралай топтаушылардың қатарына проф. Қ.Қ. Сартбаев, Ғ.А. Абдурахманов, қазақ ғалымдарынан С.А.Аманжолов, М.Б. Балақаевтарды жатқызуға болады. Бұл аталған ғалымдар -ған формантты есімше тұлғасында келген сөйлемдерді олардың құрамында бастауыштың бар я жоқтығында қарай сараламай, предикаттық қатынастың ыңғайына қарай жіктейді. Осы тұрғыдан алғанда, оралымның да, бағыныңқы сөйлемнің де бойында бастауыштың бола беруі мүмкін. Сондықтан да тап осындай жерлерде арнайы бастауышты бағыныңқы сөйлемнің жалпы белгісі ретінде ғана қарау қажет [11, 101] . Оралым мен бағыныңқы сөйлемдердегі бастауыштыңтардың көріну сипаты бірдей емес. Алғашқысында ол тек сырттай ғана талданыла алатын сөйлем мүшелерінің қатарында, ал құрылымдық қасиеті жағынан бір бүтін болып тұтасып кеткен үйірлі топтың шоғырын құрауға қатынасса, кейінгісінде сөйлемдегі негізгі ойдың иесі ретінде өзіндік нақтылы бастауыштың қызметінде жұмсалады. Олай болса, сөйлем ішінде талдауға келетін бастауыш сөзі оралым мен бағыныңқы сөйлемдерді бір-бірінен ажыратуда критерий бола алмайды. Сондықтан да сөйлемнің бұл түрлерін өзара ажыратуда көбінесе олардың баяндауыш тұлғалары негізге алынады. Баяндауыштық бір тұлғалар бағыныңқы сөйлемді жасауға бейім келсе, енді қайсыбірлері мұндай қасиетке ие бола алмайды. Бұл жайында әсіресе проф. Қ.Қ.Сартбаевтың пікірі назар аударарлықтай. Ғалым есімшелердің ішінен кеңістік қатынаста жұмсалатындары бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы бола алады десе, өзгелерін оралымның құрамды бөлшегі қатарында қарайды.
Сонымен обороттық ілім жайындағы осы үшінші топтағы адамдар сөйлемдерді өзара саралай, баяндауыш тұлғасының қалайша берілуін басшылыққа алады. Алайда осы мәселе төңірегінде бұлардың көзқарастары да кейде ішінара үйлесіп жатпайды. Мәселен, көпшілік ғалымдар оралымды сөйлемнің жасалуындағы негізгі амал ретінде -ған формантты есімшенің атау түрін көрсетсе, қайсыбірлері (Ғ.А. Абдурахманов) мұны сабақтас сөйлемнің көрсеткіші деп қарайды. Сондай-ақ оралымды сөйлемдердегі есімше сөздерінің ілік, табыс септік жалғауларында келулері де көпшілігімен мақұлданылса, барыс септігінде жұмсалған түрі жайында әр түрлі пікір байқалады. Атап айтсақ, проф. М.Б. Балақаев мұндай түрмен (барыс септікте) келгендерді жай сөйлем деп қараса, проф. С.А.Аманжолов - құрмалас сөйлем деп түсіндіреді [12, 45].
Осы тәріздес бір тұлғалас сөйлемдерді дұрыс талдай білуде осы үшінші жолдың (дифференциялды әдіс) тиімді екендігі байқалады. Өйткені бұл жолы есімшелі сөздердің атрибуттық, объектілік және динамикалық қызметтерін бір дәрежеде қарастырмай, әрқайсысын өз орнында, өз мәнінде алып саралайды. Осыдан келіп, есімшелі конструкциялардың бірі жай сөйлем ретінде танылса, екіншілері құрмалас сөйлемге жатқызылады. Қазіргі қазақ тіл білімі зерттеулерінде есімше сөздерінің атау түрінде, ілік, барыс, табыс септіктерде келген түрі үйірлі мүше ретінде жай сөйлем деп танылуда.
Мына екі бағандағы сөйлемдерді салыстырыңыз:

1.Магазиннің тұсынан өте бергенде, терезеден жайнап тұрған нәрсені көрді (Б.Майлин).
Олар осылай кеңесіп отырғанда, машина Торғай жарты аралының босағасына кіре берді (С. Мұқанов).

2. Тұрғынбай Жиреншеге ыза болғандықтан, Абылғазымен ақылдасайын деп отырған жерінен тиылып қалды (М. Әуезов).
Қастарында көлденең кісілер болғандықтан, Оспан Абайға айтам деген оқшау сөзін бастаған жоқ (М. Әуезов).

Баяндауыштық тұлғаларын салыстырғанда, әрбір бағанадағы сөйлемдер құрылысы жағынан біркелкі болып келген. Екеуінде де есімшелі баяндауыш бір тұлғамен берілген. Тек екеуіндегі айырмашылық - сөйлем құрамында бастауыштың болу, болмауы. Алғашқы бағанадағы сөйлемде айтылған ой бір ғана грамматикалық субъектінің төңірегінде топтасқан (бірінші сөйлемдегі грамматикалық бастауыш - ол сөзі де, екіншісінде - Тұрғынбай). Соған орай қалған сөйлем мүшелері осы бас мүшелерге (бастауыш, баяндауыш) қатысты айтылған. Сөйлемде хабарланған оқиға желісінің осындай бір ғана грамматикалық субъектінің төңірегіне жинақталуы оның жай сөйлем екендігін айқындай түседі. Ал енді екінші бағандағы сөйлемдерді қараңыз. Бағыныңқы бөлшектің баяндауыштары сол жақ бағандағы сөйлемдермен бірдей болғанымен, мұндағы әрбір компонент өз алдына арнайы бастауыштарға ие болып тұр. Соған орай әр компонент сөйлем дәрежесінде болып, бір бүтін құрмаластың қарамағына кірген. Олай болса, сөйлем бойындағы оқиға мазмұнының осындай екі не одан да көп субъектінің төңірегінде шоғырланған түрін құрмаламас сөйлем деп тануымыз керек. Осындай критерийді басшылыққа алғандықтан да бұл сөйлемдердің сол жақтағысын есімшелі оралым, оң жақтағысын сабақтас құрмалас сөйлем деп танитын боламыз [1, 92-93].
Сонымен, қазақ тіліндегі оралымды сөйлемдер жайындағы біздің топшылауымыз мынаны аңғартады. Қазақ тіліндегі оралымды сөйлемдерді жалпы екі үлкен топқа жіктеуге болады: бірі - қабыспалы оралымдар да, екіншісі - жанаспалы оралымдар. Екеуі де жай сөйлемнің күрделенген түрінің қатарынан танылады.
Қ. Есенов оралымдарды екіге бөліп қарастырады: Қабыспалы және жанаспалы оралымдар.
Қабыспалы оралымдар деп отырғанымыз - тіліміздегі бұрыннан танылған үйірлі мүшелі сөйлемдер. Бұлардың қабыспалы оралым боп аталуына басты себеп - осындай конструкция өзінен кейінгі бөлшекті жікпен тығыз жымдасып кетеді де, соның негізгі объектілі сөзіне меңгеріліп сіңісе айтылады. Мұндай сөйлемдер көбінесе -ған формантты есімшенің қатынасуы арқылы жасалып отырады. Сондықтан да осындай жасалу жолымен тығыз жымдаса қабыса айтылу қасиетін басшылыққа ала отырып, бұл түрдегі сөйлемді есімше қабыспалы оралым деп те атауға болады.Бұған жоғарыда талданған мына тәріздес сөйлемдер жатады:

Баласы жақсы оқыған Асан бүгін көңілді отыр. Мұндай сөйлемдердің моделін ықшамдап берсек, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тіліндегі күрделі сөздер емлесі
Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің ара қатынасы
Жай сөйлемнің күрделену жолдары
Мақал-мәтелдердегі аналитикалық байланысудың көріністері
Абай қара сөздерінің сөйлем құрылымы
Есімше тұлғаларыy барлық тіл деңгейлері тұрғысынан қарастыру
Көсемшенің тұлғалары
Жүсіпбек Аймауытовтың "Ақбілек" романындағы құрмалас сөйлемдер
Көсемшелердің күрделі етістік жасауы
Баяндауыштың жасалу жолдары жайында
Пәндер