Шыңғыс Айтматовтың «Борынды бекет» романындағы мәңгүрттену процесі


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   

Тема: « Шыңғыс Айтматовтың «Борынды бекет» романындағы мәңгүрттену процесі»

Мазмұны:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

І. Тарау.

Мифологиялық кеңістік

ІІ. Тарау

Әдеби реалды кеңістік

ІІІ. Тарау.

Ғылыми -фантастикалық кеңістік.

ІІІ. Қорытынды.

ІV. Әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Ш. Айтматовтың шығармалары ғана емес, оның шығармашылық өмірі де кейінгі ұрпақ үшін үлгі-өнеге. Жазушының шығармасының тарихы тақырып табудан басталады. Тақырып табу ерекшелігі, оның жолдары, себеп-салдары қаламгер табиғатына, жазушы дүниетанымына байланысты анықталады. Сондықтан суреткердің өмір жолы мен шығармашылығын тығыз бірлікте қарастырудың мәні жоғары. Автор бала кезінде өмірді жарқын, ырысты жағынан көрген болса, соғыс кезінде оның қатал шындықтарын таниды. Халықтың азап пен тозаққа белшесінен малынып тұрса да жаманшылық алдында жасымай, небір қиындықтарды қыңқ демей көтеріп, хас батырша қайрат қылған қаһармандығын көріп, біледі. Осының бәрі кейінірек жазушының «Бетпе-бет», «Құс жолы», «Жәмила», «Шынарым менің, шырайлым менің» шығармаларында көрініс тапты. Оның көпшілік шығармаларында ауыл өмірі, соғыс кезіндегі және соғыстан кейінгі кезең шындықтары, қарапайым еңбек, шаруашылық адамдарының өмірі суреттелген. Ш. Айтматов ауылда өсіп, соғыстың ауыр жылдарында және одан кейінгі қиын кезеңде еңбек етті, азамат ретінде қалыптасты. Сондықтан ол шығармаларында өз өмірінің шындықтарына сүйенеді. Ш. Айтматов - өмірден өткергені мен сезініп-түйгендерінің жазушысы.

Ақын шығармашылық таңдауы - өз көкірегінде көптен сақталып, қордаланып жиналған әсерлердің негізінде жазу. Тақырып, идея, образ - бәрі де осы негізден бастау алады. Бұл жазушының шығармашылық лабораториясында біртұтас жүйе ретінде қалыптасқан. Уақыт өткен сайын қаламгер шығармашылық еңбек үстінде естелікке, өмірбаяндық шындықтарға үңіліп отырады.

Шығармаларының тууына негіз болатын материал жинаудың басқа да салалары - ғылыми ақпарат көздері, арнаулы әдебиеттер арқылы мәліметтер мен фактілер жинақтау, зерттеу, танымға деген құштарлық Ш. Айтматовтың өмір туралы білімін, өмірлік тәжірибесін өлшеусіз байытты. Адам мен қоғам, адам мен қоршаған орта туралы ұшан-теңіз білімі мен білген үстіне біле түсуге деген қызығушылық құштарлық Ш. Айтматовтың шығармаларынан да, мақалаларынан да көрінеді. Өмірді тануға деген осы қызығушылық пен құштарлық жазушының шығармашылық тұлғасын даралайтын басты ерекшеліктер қатарына жатады.

XX ғасыр әлем тарихында қарама-қайшылығы көп, идеологиялық тартысқа толы, ғаламдық проблемалары орасан мол дәуір екені белгілі. Мұндай күн әлемдегі барлық халықтың прогресшіл ойшыл суреткерлерінің еңбегінің танымдық және тағлымдық мәні өте үлкен. Осы ретте Ш. Айтматов өзінің іс-әрекетімен, шығармашылық еңбегімен әлемдік деңгейде ой тастаған, көркемдік дүниетанымымен адамзатты ойландырған, адамдыққа адамгершілік ірі қоғам және қалам қайраткері болып табылады.

Жазушының еңбегі, әдебі мен әдеті мәселелерін қарастыруда ең алдымен, жазушының шығармашылық жолға бет бұруының, өзінің осы кажеттілігін сезініп, мойындап, жазуға біржолата ден қоюшың себебін білу жеке адам үшін қызықты да, әдебиет туралы ғылым үшін маңызды. Әр жазушының әдебиетке келуінің әр түрлі жолы болады. Бірақ қалай дегенмен де, жазушы қалам ұстауына себеп - өзі көргенінен жинақталған әсерлері мен оны шынайы, шырайлы баяндауға деген ішкі сұраныс.

Жазушының шығармашылық лабораториясында сирек кездесетін құбылыс - оның өз шығармаларын туған тілінде емес, орыс тілінде жаза бастауы. Ш. Айтматов 1965 жылға дейін қырғыз тілінде жазды, «Қош, Гүлсары» повесінен бастап орыс тілінде жазуға көшті. Қазіргі күні Ш. Айтматов билингвизмі өз алдына бөлек ғылыми зерттеу пәніне алынып отыр. Орыс тілінде жазу жазушының әлем әдебиетінің көркемдік әлеміне еркін енуіне, жазушылық шеберлік сырларына ерте қанығуына септігін тигізді.

Шығармашылық лаборатория шегінде көп ретте «шығармашылық азабы шығармашылық рахаты» ұғым-түсініктері жөнінде сауалдарға жауап таба аламыз. Ш. Айтматовқа қатысты алғанда, бұл сұраққа З. Қабдолов байқауларынан таба аламыз. Ш. Айтматов жазу жұмысы кезінде шығармашылық еңбектің «азабын» басқалардан кем тартпайды, сол азаптан арылу жолында өмір тәжірибесіне, дүниетанымына, суреткерлік нысанасына сүйенеді.

Жұмыс жасау тәртібі, шығарманы жазу алдында жоспар жасау материалдарды жүйелеу, алдын-ала дайындық, тәртіппен жазу немесе шабытпен жазу - бұлар да жазушының шығармашылық лабораториясына жат емес. Сонымен қатар, жазушының жұмыс жасауы бүгінгі күнде бірқалыпты емес, бұл оның түрлі қоғамдық, мемлекеттік қызметіне байланысты. Негізіне бірыңғай шығармашылықпен үзіліссіз айналысуды қалайды. Жазушының шығармашылық әдеті мен әдебіне байланысты нақты мәліметтер жазушының жақын қарындасы Р. Айтматованың баяндауында көрініс тапқан. Суреткердің күнделікті сағат таңғы 5-те тұрып жазатын дағдысы оның шығармашылық жұмыс тәртібінің сырын тануға көмектеседі. Таңғы тыныштық, ой мен сезімнің тұнық қалпы жазушы үшін аса маңызды.

Ш. Айтматовтың жұмыс тәртібі, әдебі мен әдеті, жазу құралы хақында ерекше қызықты, қадалып назар аударарлық дара ерекшелік көзге ұрып тұрмайды. Әйтсе де жазушының еңбекқорлығы, өмірден өткергендері мен көкейіне түйгендері жетелеуі, одан шығармашылық ой өзегінің тууы, ол ойдың авторды жазу столына алып келуі басқа жазушылардың тәжірибесінде де кездесетіні рас.

Жазушы кейіпкерлері өзінің махаббатымен, мұң шерімен, ар азабымен баурап алады, оның жан сыры ең бір маңызды әлемдей ашылады. Жазушы романдарында, повестерінде өз заманының, өз замандастарының, өзінің шындығын суреттейді, оның әрбір қаһарманында, Толғанай, Сейде, Едіге, Танабай, Бостон, Авдий, Борк, Филофей, Юнгер, тіпті Обер Кандалов, Гришан, Гаңсыкбаев, Ысмайыл, т. б. - барлық кейіпкерлерінде жазушының әр адамның бүкіл адамзат алдындағы жауапкершілігін сезіну керектігі, барлық қасірет атаулының түп-тамырын жою қажеттігі туралы ақыл-парасатқа толы ойлары, толғаныстары жатыр. Автордың философиялық ойлары мен толғаныстары, шығармашылық мұраттары образ, типтік бейне арқылы жинақталған. Жазушының «Боранды бекет» романындағы басты тұлға - Едіге. Бұл - өте күрделі образ. Автор өзінің жан-дүниесінде, жүрегінде орныққан таным-түйсікті өзінің романының бас кейіпкері Едіге бейнесі арқылы ашады. Суреткердің асыл ойларын жеткізетін кейіпкерлердің бірі - «Жан пида» романындағы Авдий. «Жан пида» романындағы осы бейне арқылы жазушы әлемдеғі ең қымбат байлық адам және оның ақыл-ойы, сол ақыл-ойды дұрыс пайдалану адам тіршілігінің мәні екенін, дін де, тіл де қай заманда болмасын өмір сүргенін, әлі де өмір сүретінін, ал Авдий Каллистратов сияқты өз халқына жанашыр, қандай қиын-қыстау жағдайында да ойы мен бойындағы жақсылық нұрын жоғалтпайтын, жамандыққа, зұлымдыққа бармайтын, мұраты биік тұлғалардың шындығын жоғары бағалайды. «Белгілі дәрежеде, Авдий - менің өзім» - дейді автор жапон жазушысы, ойшыл Дайсаку Икэдамен диалогында. Жазушы жасаған типтерде өмірдің шындық құбылыстары автордың ой-арман, мұрат-тілектерімен суреткерлік нысана тұрғысымен тұтасып, бөліп-жаруға келмейтін біртұтас көркемдік құбылыс деңгейінде көрініс тапқан. Авдий бейнесі арқылы жазушы "қазір бүкіл дүниенің құрып кету қаупі барлық адамзатты алаңдататынын, бұл апат әлдебір жақтан келмейтінін, оны адамдардың өзі жасайтынын" айтып, адамның рухани байлығын жетілдіру қажеттігін танытатын идеяны ұсынады. Авдий - адамның рухани құлдырауына қарсы тұрған, жастардың арасында орын алған немқұрайдылық, инерттілік жайын сынға алған күрескер рухтың типтік бейнесі.

Сандро - жазушының ойдан шығарған кейіпкерлерінің бірі. Осындай кейіпкерлердің қатарына «Боранды бекет» романындағы Сәбитжанды да қосуымызға болады. Бұлардың өмірде елесі бары анық. Сәбитжан бейнесі арқылы автор адамның өз еркімен және өз еркінен тыс қабылдаған мәнгүрттік жайын көрсеткен еді. Жазушының тыңнан түрен салған романы «Кассандра көшбасындағы» басты кейіпкер - Филофей. Бұл - тегі де, елі де белгісіз ғалым, интеллектуал. Филофей - болашақтың басты жауапкершілігі өздерінде болып табылатын интеллектуалдар бейнесін жинақтайтын типтік бейнесі Ш. Айтматов шығармаларында адам образдарымен егіз өрілетін көптеген жан-жануар (анималистикалық) бейнелері бар. Едіге мен Қаранар, Гүлсары мен Танабай, Ақбара мен Авдий бейнелері егіздеу тәсілінің аясында жазушының ең бір асыл ойларын тереңдете түсуде айрықша мәнді болып табылады. Ал шығармашылық лаборатория тұрғысынан сөз еткенде, анималистикалық образдар жазушының ірі психолог және табиғаттын тамаша білгірі екендігін көрсетеді. Жастайынан табиғатпен егіз өмір сүрген жазушы енбектің, тұрмыстық, өмірдің жаңа жағдайында адамның өзінің табиғи және тамаша адамдық қасиеттерінен айырылып қалмауы, жан дүниесінің жарқын, ізгілікті болып қала беруі аса маңызды екендігін суреткерлік концепция деңгейіне көтеріп суреттейді.

Жазушының «Құс жолы» повесінің кейіпкері Қасымның прототипі Тойлыбай Үсібәлиев деп тануға болады. Жазушы өзінің «Жәмила» повесі туралы бір сөзінде «мен соның комбайны туралы жаздым» деп көрсеткенмен повесте комбайнер туралы бір ауыз сөз кездеспейді, мұндай оқиға жоқ. Екіншіден, комбайнер туралы тек «Құс жолы» повесінде ғана баяндалған. Жазушы қызу егін орағы кезіндегі ел еңбегінен, көрген-ұққанынан, кейіннен аты аңызға айналғав Тойлыбай Үсібәлиевтің өз көңіліне ұялаған бейнесінен аталған повесінде кісілік келбеті өте биік типтік образ жасаған. Повесте Қасым және оның комбайншылық еңбегі ерекше қанық суреттелген. Бұл жерде жазушы өмірде өзі көріп, білген кісінің мінез-құлқын, адамгершілік байлығын өз кейіпкерінің характерін даралау барысында барынша тиімді пайдаланған.

Жазушының естелігінде соғыс жылдарындағы әйелдер жөнінде айрықша құрметпен айтылған. «Бетпе-бет», «Құс жолы». «Жамила» повестеріндегі Сейде, Толғанай, Жәмила - типтік көркем образ дәрежесінде биік жырланған. Жазушы көркем туындыларындағы әйелдер бейнесіне өзінің барлық алғысын, мақтанышын, таңданысын және оған деген аянышын бірден сыйдыруды мақсат тұтады. Аталған кейіпкерлердің де өмірде прототиптері бар. Негізінен. Ш. Айтматов өз шығармаларында бұл кейіпкерлерінің портретін даралап бермейді. Бірақ шығармадағы мінездері мен сөздерінен, іс-әрекетінен яғни ішкі дүниесі мен болмысынан Толғанайдың да, Сейде мен Жәмиланың да сыртқы кескін-келбетін, образын дәл елестете аламыз. Олардың өмірдегі түптұлғаларының фотосуреттері де осындай бейнені көрсетеді. Типтің арғы жағынан прототиптің елесі көрініп тұрады.

Жәмиланың сыртқы түр-түсін білдіретін суреттер шамалы-ақ. Оқырман Жәмиланы сүйкімді, нәзік бітімді, бірақ жігерлі адам ретінде қабылдайды. Жәмиланың өмірдегі түптұлғасының фотосуретінен де оның сопақ жүзді, сүйкімді, ұзынша бойлы, жіңішке біткен, көркем болғандығы көрінеді.

«Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет» повесінде «Владимир Сангиге деп арнайы көрсетілген. Бұл арнау жазушының өзінің қаламдас досына деген сүйіспеншілігін, құрметін ғана емес, шығарманың ой-өзегінің қайнар көзін де ашып білуге мүмкіндік береді. Шығарманың тууына негіз болатын өзгінің жанама ықпалы болсын, қандай өмірлік материал болсын - олар шығарма жүйесінде тек жазушының көркемдік ойлау процесінде саралап, жинақтай ілуі негізінде ғана өзіндік құндылыққа ие болады. Ш. Айтматов өз шығармасында мұны ғажап жүзеге асырған.

«Жамила» повесінінің алғашқы аты «Әуен» болған. Шығармаға негіз болған оқиға туралы жазушының баяндауы өте қызықты. Жазушының өз естелігі мен көркем шығармаларындағы оқиғаларды салыстырап қарасақ, осы повестегі жалпы сюжет қана емес, жекелеген оқиғалар да жазушының өмірден көрген, әсерін өз басынан өткерген шындық құыбылыстар тобынан алынғанын көреміз.

Бұл повесінде суреткер соғыс жылдарындағы қиыншылықты көрсеткісі келгені мәлім. Бидайды қаптап, траппен көтеретін қабылдау пунктіндегі жұмыстар, арбамен дән тасыған жолдар - бәрі-бәрі де жазушының жас шағында көзімен көрген, басынан өткерген жағдайлары.

Жазушының «Алғашқы мұғалім» повесінде баяндалатын оқиға Қазан төңкерісінің алғашқы кезеніндегі ауыл өмірі, ондағы жаңа өзгерістер туралы екені белгілі. Әрине, бұл кезең жазушы Ш. Айтматов өмір сүрген уақыттан әлде қайда ерте, алыс жатыр. Дегенмен, жазушының шығармашылық лабораториясына үңілсек, осы повеске арқау болған еш тәжірибесіз, еш дайындықсыз бала оқытудан, мұғалімдік қызмет атқару оқиғасының ешқандай жасандылық байқалмай, шындық өмірдегідей, сол заманның өзі келіп әңгіме айтып тұрғандай болып суреттелуінің сырларына қанығуға болады. Әйтсе де, «Алғашқы мұғалім» повесінің жазылуында да жазушының өзінің өмірбаяндық тәжірибелерінің әсерлері болған. Бірақ шығармаға арқау болған өмір материалының мезгілі басқа кезеңге ауыстырылған, соған сәйкес мазмұны да өзгертілген. Повестегі негізгі оқиға да, жекелеген оқиғалар да, нақтылы айтканда, Дүйсенді қасқырлардың қаумалап, астындағы атын жарғаны, езі зорға қашып құтылғаны, «Ерте келген тырналар» повесіндегі Сұлтанмұраттың, қасқырмен қарсы келуге дайындалу оқиғасы, кейінгі «Жан пида» романындағы Ақбөрі мен Тасшайнар өмірі, т. б. қасқырлар өміріне байланысты суреттер де жазушының шындық өмірде көргендерімен тығыз байланысты.

Суреткер барлық шығармаларының оқиғалық өзегін өз өмірінің шындықтарынан ала бермейтіні белгілі. Ш. Айтматовтың осындай өзгешелеу жолмен туған повесі - «Шынарым менің, шырайлым менің». Шығарманы талдау негізінде бұл туынды қаламгердің өмір құбылыстарының айрықша бір түрімен бетпе-бет ұшырасуынан алған әсерінен туғандығын тұжырымдаймыз. Повесте қиын асулардың азабы, шофердің, жол шеберлерінің ауыр енбегі бірлікте бейнеленген. Тянь-Шань жолы, әсіресе, Долон асуының тік және күз бұрылымдары көп. Оның қауіпті суреті жазушыға жақсы мәлім, сапарда жүріп өткен жолдары көрінісінен алынған.

«Ақ кеме» повесінің ой-өзегінің қалай пайда болғаны туралы дәл деректі жазушының баяндауларынан таба аламыз. Повестен көркем берілген табиғат суреттері автордың туған жерінің алуан түрлі көрінісінен алынған. Повесте баланың әркез өзінше сөйлесіп, сырласып, ойнап жүретін түрлі мүсіндегі тастары - жазушьшың балалық шағын өткізген жерлердің ескерткіштері. Жазушы солардың бәрін жандандырып, сезімге бөлеп суреттейді.

Ш. Айтматовтың шығармаларының әрқайсысының өзіне ғана тән жазылу тарихы бар. Бұл ерекшелік әр шығарманың тақырыбына, ой өзегіне сай анықталады. Сонымен қатар, автордың шығармаларының бәріне ортақ факторлар бap.

Бірде жазушы Мәскеуге сапарға шығады. Поезд Қызылорда аумағында жүріп келе жатқанда, радио Байқоңырдан кезекті космос кораблінің ұшырылғанын хабарлайды. Вагон терезесінен ұшы-қиыры көрінбейтін байтақ далаға көз салып, ұзақ ойға түскен жазушы санасында бір оқыс ой қылаң береді: жер шары жерден тыс тұрған бір ақыл ойдан туған космостық белдеумен құрсауланып, басқа әлемнен қол үзіп, оқшауланып қалса не болмақ? Кездейсоқ туған осы ой жазушының тынышын алады, қиялын қозғайды, бала кезінде естіген мәңгүрт туралы аңыз мына ойдың ағысында қайта жаңғырады. «Боранды бекет» романының ғақли ой-өзегі осылай пайда болады. Жазушының осы ой өзегінің толысуын жетілуіне, ықпал еткен тағы бір жайды айтқан дұрыс. 1984 жылы азған «Әлемдік тартылыс заңы» атты мақаласында жазушы Альдо Мороның қолды болуы және өлтірілуі бүкіл әлемді дүр сілкіндіргеніне, бұл трагедияның өзіне де қатты әсер еткеніне көңіл бөледі.

Жазушының шығармашылық лабораториясына тән ерекшеліктерді өмір құбылыстарын жинақтау жолындағы еңбегінің сипатымен анықталады. Болашақ шығармасының тақырыбы мен идеясы айқындалған соң, көп жазушылар өмірлік материалдар іздейді, оларды жинайды. III. Айтматов болашақ шығармасына қажетті материалдарды жалпы өмірден емес, өз өмірінің сабақтарымен салалас іздейді, содан табады. Асықпай өз өмірінің сабақтарына үңіледі, балалық шақ туралы еске алу, жеке өмірінің тәжірибелері, байқаулары, көргендері - бәрі де тақырып пен идеяның бағытына сәйкес ой елегінен жүйеге түседі, ақыры жазылар шығарманың өзегін түзеді.

Бірақ бұл да оп-оңай жүзеге асатын процесс емес. Жазушы өз шығармасын жазу үшін жазу столына отырады екен, содан соң ойына, қиялына сүйеніп жаза қояды ең асығыстық болады. Ойдағы, көңілдегі, естегі әсерлер, оқиғалар ешқайда қашпайды. Ал суреттеліп отырған оқиғалар желісінен түйінделетін идея, ой өзегі белгілі бір мәселе төңірегінде неғұрлым терең, тіпті ғылыми сипаттағы ізденістер талап етеді. Мысалы, жазушы «Боранды бекет» романында мәңгүрт тақырыбын барынша тиянақты, үлкен ыждағаттықпен зерттейді. Ойына, өмірде түйгеніне бойлайды, әдебиеттерге сүйенеді, халық әдебиетін қарайды, «Манасты сүзіп шығады. «Мәңгүрт» сөзінің шығу төркінін іздейді, «Шіре» сөзінің этимологиясын зерттейді. Ел аузындағы адыздарға құлақ түреді. Манасшы С. Қаралаевтың түсінігін тыңдайды. Әлемдегі басқа да мәліметтерді алады. Осы бағыттағы ізденістер нәтижесінде алынған мол мағлұматтар автордың шығармашылық қиялында басқа да деректермен, ұғымдармен тоғысу барысын жаңа сапаға ие болады.

«Қош, Гүлсары», «Боранды Бекет», «Кассандра таңбасы» шығармаларында оқырманға ерекше әсер қалдыратын, ғажайып суреттелген оқиғалар да, жазушы өмірбаянындағы ең ұмытылмас сәулелі сәттері де автордың шығармашылық қиялының сұрыптауынан өтіп, мардымсыз белгілерінен тазарады, ақырында көркем әдебиеттің дара ерекшеліктерін түзетін факторларға айналады. Суреткер өз туындыларында кейіпкердің ішкі сезімін, ой жарылысын, эффектісін тереңнен ашып, шынайы суреттейді.

Шығармашылық қиялдың нақтылы өмір фактілеріне сәйкес келе бермейтін, бірақ ақыл мен интуицияның көрсетуімен ашатын өз шындығы болады. «Кассандра таңбасы» романында ғалым Филофей шарананың қарсылық белгісін ғарыштан зондаж сәулелер жіберу арқылы анықтап, оған «Кассандра таңбасы» деп ат береді. Бұл XX ғасырдың ойға келсе де, ақылға сыймастай оқиғасы еді. Ш. Айтматовтың романың да, өзін де әлем жұртшылығы әртүрлі қабылдады. Бірақ, Ш. Айтматовтың романында көтерілген мәселелер, суреттелген оқиғалар сыры әр қырынан, әр түрлі деңгейде ашыла түсуде. Жасанды жолмен дүниеге бала әкелу, терроризм, расизм, спид, т. б. ұғымдары бүгінгі күні ғаламның үлкен проблемасына айналып отыр. Елбасымыз Н. Назарбаевтың еңбегінде санамаланып көрсетілген осы мәселелер Ш. Айтматовтың «Кассандра таңбасы» романында ерекше көркемдік таныммен таразыланған. Шығармашылық еңбек заңдылықтары тұрғысынан алғанда, бұл Ш. Айтматовтың суреткерлік көрегендігін, алысты бұрын болжап-бағамдай алатын шығармашылық кемеңгерлігін танытады.

«Кассандра таңбасы» романында ғалым кейіпкер өзінің тағдыры жасанды жолмен әкелген адамдарының тағдырымен ұқсас екендігін біледі. Яғни жазушы бұл романында да «теңсіздіктің қандай апат әкелетінін» бұрынғыдан кең суреттеп, мәнін тереңдетіп, адамзатқа ескерту айтып отыр. Осындай маңызды ойды көтеріп, шығарманың сюжетін құруда үлкен қызмет етіп тұрған «жасанды жолмен адам әкелу» оқиғасы - бүгінгі заман шындығымен бетпе-бет келгенде туған суреткерлік қиял нәтижесі. Сөйте тұра мұның негізінде өмірдің шындық құбылыстары жатқаны да анық. Ал өмір шындығының игерілуіндегі автордың идеясынан туындайтын басты көркемдік шешім - табиғат заңына қиянат жасамау. Шындықты игерудегі жазушылық тұрғы табиғаттың тепе-теңдігіне, үйлесіміне жасанды жолмен ықпал етуге болмайтыны тұрғы табиғаттың заңдылықтарын сақтау мен қорғау туралы ақиқаттан бастау алады.

Жазушы «Кассандра таңбасы» романында бүгінгі күннің ғылыми-техникалық, технологиялық жетістіктерін жинақтап шебер пайдалана білген. Ш. Айтматов шығармаларының көркемдік идеялық жүйесінде халық творчествосы үлгілері мен қатар этнография, археология, тарих салаларындағы материалдардың атқарар ролі жоғары. Айтматовтанушы ғалым Л. Үкібаеваның жаңа зерттеу еңбегіндегі баяндалған осы мәселенің зерттелу тарихын қарастыру нәтижесінде өз тарапымыздан өзгеше бір қорытынды жасалды. Л. Үкібаева Ш. Айтматов пен фольклор мәселесінің зерттелу тарихын екіге бөліп қарастырады да, бірінші кезең зерттеулеріндегі ілгерілеу мен кемшіліктерді көрсете отырып, екінші мезгілдегі, қазіргі уақыттағы қол жеткен табыстарды, негізгі тұжырымдарды санамалап көрсетеді.

Бірақ, қазақ ғалымы ф. ғ. д., профессор Ж. Дедебаев ерекшелік көрсетілмеген . Осы ретте Ш. Айтматов шығармашылық лабораториясында халық әдебиеті үлгілерінің атқаратын қызметі мәселесінің зерттелу жайын жаңа биікке көтеретін құнды бір әдіснамалық тұрғы қазақ әдебиеттану ғылымында негізделгенін көреміз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мифтік көркемдік қызметі
Баршаға ортақ осы тағдыр жазушының шығармашылық лабораториясында қорытылып, оның суреткерлік дүниетанымына сәйкес қайта жасалуы - күрделі процесс
Ш.Айтматов шығармашылығы
Шыңғыс Айтматовтың шығармашылығы
Толғанай - аяулы бейне
Аударма дәл аударма
Ш. Айтматов, Ә. Кекілбаев шығарлмалары
Шерхан Мұртаза – жазушы, аудармашы, қоғам қайраткері
Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» (екі кітап), «Жұлдыз көпір», «Қыл көпір», «Тамұқ» атты бес кітаптан тұратын хамса-романын әдеби тұрғыда талдау
Қазіргі қазақ әдебиеті сынының тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz