Өнеркәсіптік кәсіпорындардың бәсеке қәбілеттілігін арттыр


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 82 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны.

Кіріспе. . . 2

I. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың бәсеке қәбілеттілігін арттырудың теориялық мәселелері

1. 1Кондитер кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың қазіргі кезеңдегі тәсілдері………. . . . 4

1. 2Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторлар. . . . 11

1. 3Кондитерлік кәсіпорындарының бәсекеге икемділігін

бағалау ерекшеліктері. . …19

II. «ИП Пашаева» кондитер цехының техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдау.

2. 1 «ИП Пашаева» кондитер фабрикасының экономикалық көрсеткіштерін талдау . . . 36

2. 2 Қазақстан Республикасындағы кондитер нарығының бәсекелестік қәбілеттілігінің нарықтық экономикадағы алатын орны. . . . 50

III-бөлім Нарықтық экономикада «ИП Пашаева» кондитер цехының бәсекелестік қәбілеттін арттыру жолдары.

3. 1«ИП Пашаева» кондитер цехының бәсекелестік қәбілеттін арттыруда өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық параметрлерін жақсарту . . . …. 67

3. 2 «ИП Пашаева» кондитер цехының бәсекелестікті жоғарылату мақсатында өнім ассортиментін кеңейту және өндірістік қуаттылықты пайдалануды жетілдіру . . . . …. . 78

Қорытынды . . . . . …. 82

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. . …84

Кіріспе.

Қазақстан Республикасы экономикалық даму кезеңінің жаңа белесіне аяқ басты. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішлі экономикалық мұмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан ары жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда. Мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қалыптастырудың негізгі бағыты ішкі өндірісті өркендету екені белгілі. Бұл тұрғыда, өнім өндеудің түпкі кезеңіне дейінгі жұмыстарды қамтитын өндірістік кәсіпорындарға деген жауапкершілік те ұлғая түспек. Осы тектес кәсіпорындардың қатарына тамақ өнеркәсібіндегі кондитерлік өнімдерді өңдеумен айналысатын өндіріс орындарын жатқызуға болады. Аталған саланың ел экономикасындағы маңызы оның ішкі азық-түлік қәуіпсіздік сақтауда, мемлекеттің экспорттық мүмкіндіктерін ұлғайтуда, және олардың сыртқы өндірушілерге тәуелділігін төмендетуге, бәсекеге қәбілетті өнімдер шығару арқылы мемлекеттің нарықтағы беделін арттыруға көрініс табады. Мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қалыптастырудың негізгі бағыты ішкі өндірісті өркендету екені белгілі. Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының негізгі міндеттері: ғылыми көлемді және жоғары технологиялық экспортты өндірістердің құрылуына жағдай жасау; жоғары құнды кызмет көрсету мен тауарлар пайдасына сай елдің экспортты деңгейін диверсификациялау инновациялык үрдістермен бірігіп, әлемдік шаруашылық жүйесіне интеграциялау.

Қазіргі заманғы кәсіпорындар өздерінің бәсеке бағытын нығайту үшін әлемдік нарықтың жоғарылап келе жатқан талаптары, тұтынушылық сұраныстың дифференциялануы, инновациялық айналымдардың азаю қажеттілігі және өндіріске ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізу мәселелерімен бетпе-бет кездесуде.

Әйтсе де, ғаламдық даму үдерімінің қазіргі кезеңінде колда бар жетістіктерге канағаттану жеткіліксіз. Тынымсыз ізденіс пен нәтижелі іс-әрекетті арқау еткен әлемдік нарык өндірушілері барынша жаңа нарықтарды игеруге, ондағы тұтынушыларды жаулауға белсене кірісуде. Нарықтың бұл қатал шарты отандық өнім өндірушілердің бәсекелік кауқарын нығайтуды, кәсіпорындардың бәсекелік қыспақтарға төтеп берерлік қабілетін арттыруды, ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысы жоғары өнім өндіруге тиімді әсері бар тетіктерді айқындауды кажет етеді. Бұл жағдай Республика Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай: «Экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің барынша жоғары қарқынына қол жеткізу - негізгі міндетіміз болып қала береді.

Біз бұған өз экономикамыздың бәсекелік қабілетін арттыру арқылы, . . . қол жеткіземіз».

Диплом жұмысының теориялық және әдістемелік негізін кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, монографиялары, оқулыктары мен оқу құралдары, мерзімді баспасөздегі мәліметтер мен ақпатраттар, сондай-ақ арнайы заңдар, заңнамалық кұжаттар, нормативтік-құқықтық актілер мен Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің бұйрықтары, қаулылары мен жарлықтары, ҚР-сы статистикалық агенттігінің мәліметтері жылдық есептемелік кұжаттары құрайды.

Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, үш бөлімен, қорытынды мен пайдалынылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Диплом жұмысының кіріспесінде тақырыптың өзектілігі, мақсаты, зерттеу объектісі, теориялык және әдістемелік негізі қарастырылган.

Бірінші бөлімінде кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінін теориялык жақтары, қазіргі нарыктық экономикадағы орны қарастырылған.

Ал, екінші бөлімінде «ИП Пашаева» кондитер цехының қызметіне өндірістік-шаруашылық және сол кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі бойынша талдау жасалады. Яғни, сол кәсіпорын қаншалықты бәсекеге кабілетті екендігі және қаржылық жағдайы талданады.

Үшінші бөлімінде нарықтық жағдайындағы өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізу жолдарына арналған тәжірейбелік ұсыныстар қарастырылған.

I. ӨНЕРКӘСІПТІК КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

  1. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігінарт­тырудың қазіргі кезеңдегі тәсілдері

Бәсеке негізгі ұғымдардың арасында ең танымал әрі іргелі эконо­микалық санат болып табылады. Бәсекемен ұйымның бәсекелік жайғасымы, бәсекелестік стратегиясы мен ұйымның бәсекеге қабілеттілігі сияқты ұғымдар тығыз байланысты. Осы ұғымдардың арасында белгілі себеп-салдары бар өзара байланыс орнаған. Ұйымның нарық жағдайындағы бәсекелестік теориясы мен практикасы осы ұғымдардың жиынтығына сүйенеді. [6]

Меркантилистерден бастап монополияға қарсы саясат саласындағы қазіргі заңнама ережелерінде дәстүрлі нарық экономикалы мемлекеттер нарықтың белгіленген бәсекелі ортасын қамтамасыз ете отырып, оны реттеуге тырысады. Ең басынан бастап бәсекеге нарықты реттеуші ғана емес, сонымен бірге ынталандырушы функция да берілген болатын. Басқаша айтқанда бәсеке өндірісті және тауар массасының сапасын дамыту, жетілдіру факторы ретінде қарастырылды.

Бәсеке деген ұғымды сан қырынан қарастыруға болады, сондықтан ол әр түрлі мағынада қолданылады. Классикалық саяси экономиканың негізін қалаушылар бәсекені нарықтың міндетті атрибуты деп білді. Мәселен, А. Смит бәсекені нарықтық тепе-теңдікті, тиімділікті, нарықтық экономиканың барабарлығы мен серпінділігін автоматты түрде қамтамасыз ететін нарықтың «жасырын қолымен» салыстырады [7] . Д. Риккардоның ойынша бәсеке тауар өндіруге ықпал етеді. Дж. С. Милльдің пікірінше бәсеке «бағаны, еңбекақыны, рентаны жалғыз өзі реттейді, сондай-ақ реттеудің ережелерін белгілейтін заң» болып табылады. Сөйтіп, экономист-классиктер кемеліне жеткен бәсекеге ерекше назар аударған [7-8] . Неоклассикалық мектептің өкілдері классикалық бәсеке теориясын дамыта келе кемеліне жетпеген бәсекенің моделін жасады. А. Маршалл [9] бәсекенің және шекті пайдалылық пен шекті өнімділік заңдарын қолданудың көмегімен нарықта тепе-теңдіктің өздігінен орнау механизмін толықтырады. Ф. Найт [10] бәсекені бәсекелес бірлік көп және олар тәуелсіз болатын жағдай ретінде қарастырды. Ол сондай-ақ бәсеке - жеке тұлғалардың басқа жеке тұлғалармен іскерлік қатынаста болып, ұсынылған шарттардың ішінен ең жақсысын таңдау бостандығы деп атап өтті. И. Шумпетер, бәсекені экономикалық өсу жағынан қарастыра отырып, бәсеке ескінің жаңа тауарлармен, технологиялармен, қажеттілікті қамтамасыз ету көздерімен, ұйымдардың түрлерімен бақталастығы деген пікірді ұсынды [8-10] .

Бәсекені ғылыми зерттеудің дербес санаты ретінде ерекшелеген Вильфредо Паретоны бәсеке сияқты қажетті атрибуты бар нарықтық экономиканың идеологы деп санауға болады. Ол нарықты жақтай отырып, нарықты мінсіз жағынан, яғни нарыққа еркін кіріп, шыға алатын көп тәуелсіз сатушылар мен сатып алушылар жұмыс істейтін таза бәсекелі нарық ретінде қарастырды. Тек осы жағдайда ғана жеке мүддеге, жеке бас пайдасына ынталандыратын күшті энергия сақталады.

Сондықтан бәсеке экономикадағы ең басты реттеуші элемент болып табылады. Бәсеке неғұрлым қарқынды болса, тұтынушыға солғұрлым жақсы. Осыдан Парето принципі ретінде белгілі, яғни нарықта жұмыс істейтін тұлға өзіне пайда таба отырып, нарыққа басқа қатысушылардың пайдасын азайтпаған жағдайда ғана қоғамның барлық мүшелері пайда табады деген принцип туындайды. Басқаша айтқанда, егер қоғамның барлық мүшелері жеңіске жетсе қоғам байиды және бір топ адам пайда тапқанда басқа топтардың пайдасы осының салдарынан азайса, бұл жағдайда байлық молаймайды.

Сөйтіп, XX ғасырдың ортасында кемелденген (таза) бәсеке, монополиялық, олигополиялық бәсеке және таза монополия деп аталатын төрт модельде көрініс тапқан бәсекенің мәні мен оны негізгі жылжытушы күш жөніндегі жалпы түсінік қалыптасты.

1990-шы жылдары бәсекенің мүлдем басқа анықтамасына негізделген теориялық тұжырымдамалар пайда болды. Бұған шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір мақсатқа жету жолындағы күресте олардың мүдделерінің бетпе-бет келуін білдіретін экономикалық құбылыс ретіндегі бәсеке мәнінің өзгеруі себеп болды.

Бұрын тұрақты болған салалар күрт өзгеріп, жаңа өнімнің пайда болуына орай бірігіп, қайта құрылады, ал фирманың келешектегі дамуы бүгінгі күннің өлшемімен емес алдағы уақыттың нарықтағы жетістіктеріне байланысты болады. Г. Хэмел мен К. К. Прахалад бұл жағдайды интеллектуалдық көшбасшылық деп атады [11] .

Бәсеке ұғымының дамуына ресейлік және қазақстандық ғалымдар айтарлықтай үлес қосты [12-20] . Бұған Қазақстанда шаруашылық жүргізу жағдайларының түбегейлі өзгеруі мен оның әлемдік интеграциялық процестерге қатысуы себеп болды.

Бәсекемен бәсеке пайда болып дамитын жерде пайда болатын бәсекелестік артықшылықтар тығыз байланысты. Бәсекелестік артықшылықтар ұйымның экономикалық көрсеткіштерімен (қосымша пайда, жоғары пайдалылық, нарық үлесі, сату көлемі) өлшеуге болатын қызметінің техникалық, ұйымдастыру саласындағы бәсекелестерге үстемдік жасау арқылы білінеді. Бизнес практикасында бәсекелестік артықшылықтар кәсіпкерлік қызметтің басты мақсаты әрі оның тиімділігінің көрсеткіші болып табылады.

Бәсекелестік артықшылықтың негізін Д. Рикардо қалады, ол XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында саудада балама шығынды аз жұмсап өнім шығаратын елдер артықшылық алады деген идеяға негізделген салыстырмалы шығындар тұжырымдамасын қалыптастырды. XX ғасырдың басында швед экономистері Э. Хекшер мен Б. Олин Д. Рикардоның идеясын дамытып, факторлық артықшылық теориясын ұсынды. Осы теорияға сәйкес өндірістің артық факторлары тиімді пайдаланылатын тауарларды экспорттайтын және өндірістің тапшы факторлары бар тауарларды импорттайтын ел артықшылыққа ие болады [21] .

Соңғы ондаған жылдарда әлемдік экономиканың дамуы классикалық теорияларды қайта қарауды қажет етті. 1990-шы жылдары бәсекелестік артықшылық теориясын әзірлеген [5, 75-80 б. ], сондай-ақ ұйымның ішкі де, әлемдік нарықтағы бәсекелестік артықшылығы елде қалыптасқан жағдайға байланысты екенін тұжырымдаған М. Портердің зерттеулерінің маңызы зор. М. Портердің пікірінше, осы жағдайларға факторлық жағдайлар; сұраныс жағдайы; стратегия, фирмалардың құрылымы мен бақталастығы; салалас және қолдайтын салалардың даму деңгейі жатады. Бәсекелестік артықшылыққа өнімнің өзіндік құнын төмендетіп, тауарларды жоғары деңгейде әртараптандырып немесе нарықты орынды сегменттеу арқылы қол жеткізуге болады. Г. Л. Азоев осы тізімге ұйымның бәсекелестік артықшылықты қалыптастыру талаптарына жаңалық енгізуді, нарықтың қажеттілігіне жылдам ден қоюды қосты [22] .

Нәтижесінде бәсекелестік артықшылықтың барлық көздерін сыртқы және ішкі көздерге бөліп [23], ұйымның бәсекелестік артықшылықтарының түрлері мен олардың пайда болу көздерінің түрлерін салыстыруға болады (1-кесте) .

1-кесте - Ұйымның бәсекелестік артықшылықтарының түрлерін пайда болу көзіне байланысты жіктеу

Сыртқы көздер
Сыртқы көздер: 1
2
Сыртқы көздер: Ұйымның бәсекелестік артықшылығының түрі
Ұйымның бәсекелестік артықшылығының көздері
Сыртқы көздер: 1. Экономикалық фактор­ларға негізделген бәсеке­лестік артықшылықтар
Нарықтардың жалпы экономикалық ахуалы; үкіметтің инвестиция көлемі, талданатын тауарлық саладағы кредиттік, салық және кеден ставкалары саласындағы ынталандырушы саясаты, сұранысты ынталандыратын объективтік факторлар.
Сыртқы көздер: 2. Нормативтік-құқықтық ак­тілерге негізделген бәсеке­лестік артықшылықтар
Өңірге немесе жекелеген кәсіпорындарға билік және басқару органдары берген жеңілдіктер мен өзге де артықшылықтар, тауарларды әкімшілік-аумақтық құрылым шектерінен тыс кедергісіз әкелу-әкету мүмкіндігі, интеллектуалдық меншікке айрықша құқық.
Сыртқы көздер: 5. Саланың ғылыми-техни­калық дамуына байланысты бәсекелестік артықшылықтар
Саладағы қолданбалы ғылымның, технология мен техниканың жоғары даму деңгейі.
Сыртқы көздер: 6. Географиялық факторлар-­ ға негізделген бәсекелестік артықшылықтар
Нарықтың географиялық шекарасын (жергілікті, өңірлік, ұлттық, әлемдік) экономикалық жағынан жеңу мүмкіндігі, кәсіпорындардың тиімді географиялық орналасуы.
Сыртқы көздер: 1-кестенің жалғасы
Сыртқы көздер: 7. Демографиялық фактор-ларға негізделген бәсеке-лестік артықшылықтар
Нарықтың мақсатты бөлігіндегі демографиялық өзгерістер және олар ұсынатын өнімнің көлемі мен сұраныс құрылымына оң ықпал ету, халықтың мақсатты тобының сан жағынан ұлғаюы, халықтың көшіп-қонуының жынысы мен жас құрамының өзгеруі, сондай-ақ білім мен кәсіби деңгейінің өзгеруі.
Сыртқы көздер: 8. Құқықтан тыс сипаттағы бәсекелестік артықшылық­тар
Арам бәсекелестік; республикалық және жергілікті билік органдарының өз міндеттерін нашар орындауы, бюрократизм, істерді қараумен байланысты жөнсіз әуре-сарсаң, парақорлық, сыбайлас жемқорлық, қылмыстық іс-әрекеттер.
Сыртқы көздер: Ішкі көздер
Сыртқы көздер: 1. Ішкі экономикалық фак­торларға негізделген бәсеке­лестік артықшылықтар
Ауқымның әсері; тәжірибенің әсері; кәсіпорынның экономикалық әлеуеті; қаржыландыру көздерін іздестіру және оны тиімді пайдалану мүмкіндігі.
Сыртқы көздер: 2. Технологиялық сипаттағы бәсекелестік артықшылықтар
Тауар шығаруда пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың арнайы техникалық сипаттамалары, шикізат пен материалдардың технологиялық ерек­шеліктері; өнімнің техникалық параметрлері.
Сыртқы көздер: 3. Құрылымдық сипаттағы бәсекелестік артықшылықтар
Компанияда өндіріс пен сату процесі интеграциясының жоғары деңгейі, нарықтың бос сегменттерін жылдам басып алу.
Сыртқы көздер: 4. Логистикалық сипаттағы бәсекелестік артықшылықтар
Кәсіпорында өнім шығару және клиентке қызмет көрсету уақытын қысқартуға, ресурс үнемдеу про­цесінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін логистикалық тұжырымдамалар енгізу.
Сыртқы көздер: Ескерту-[22]

Қазақстан экономикасының дамуының қазіргі кезеңінде ресурстардың сиректігі мен тұтынушының қолында бар ақпараттың шектеулі болуына байланысты бәсекелестік артықшылыққа жету қиындап келеді. Бизнестегі жағдайдың жылдам өзгеруіне орай ұйым қалыптастырып іске асыратын бәсекелестік артықшылық ұзақ уақыт бойы сақталмайды.

Қазіргі кезеңде ұйымның негізгі ресурсына технология, маркетинг және стратегия ғана емес, адам мен оның білімі де айналып отыр. Адамдардың экономикалық психологиясы мен тиісті мінез-құлқына жермен, капиталмен және еңбекпен қатар өндірістің төртінші факторына, яғни өте маңызды экономикалық ресурсқа айналған экономикалық ақпараттың күшейіп келе жатқан ықпалы арқылы қалыптасады. С. Долговтың пікірінше [24] бұған келесі жағдайлар себеп болды:

1) қазіргі уақытта шығармашылықпен айналысатын адам мен ізденіске толы ең негізгі экономикалық, өндіруші ресурс болып табылады;

2) адамның тауарды, қызметті және материалдық емес құндылықтарды тұтынушы ретіндегі экономикалық функциясының маңызы күннен-күнге арта бастады.

Бәсекелестік артықшылықтардың сатыластығының деңгейі әр түрлі және олар кәсіпкерліктің әр түрлі объектілері мен субъектілеріне (тауарға, кәсіпорынға, салаға, жалпы экономикаға) жатады, олар баға және баға емес факторларға негізделуі, сондай-ақ орта мерзімді және қысқа мерзімді, тұрақты және тұрақсыз және бәсекелестерге еліктеуі мүмкін.

Бүгінгі күні бәсекеге қабілеттілік ұғымы өнеркәсіпте, экономика мен кәсіпкерлікте кең қолданылады. Мемлекеттердің, кәсіпорындардың, өнімдер мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігі - бұл негізінде тұтынушылардың артықшылығы қалыптасатын көрсеткіштер жиынтығымен анықталатын кешенді қасиет [25] . М. Портердің пікірінше, бәсекеге қабілеттілік деп ресурстарды тиімді басқару мүмкіндігін түсінген орынды [5], демек, ресурс үнемдеу бәсекеге қабілеттіліктің маңызды факторы болып табылады.

Бәсекеге қабілеттілік бәсекелік артықшылықтардың барын белгілейтін нәтиже болып табылады, тауар, кәсіпорын, сала, экономика қолданылатын объектіге байланысты оны әрқалай түсіндіруге болады. Сөйтіп, бәсекеге қабілеттілік - бұл экономика мен кәсіпкерлік объектісінің немесе субъектісінің жеке қасиетерінен құралатын кешенді қасиет. Бәсекеге қабілеттілікті бағалау үшін кешенді көрсеткіш немесе тиісті жекелеген көрсеткіштер жиынтығын пайдалануға болады.

Бәсекеге қабілеттіліктің кешенді ұғымының кейбір жекелеген құрамдастарын қарастырайық.

Тауардың бәсекеге қабілеттілігі оның нарықта ұсынылған осындай тауарлармен салыстырғанда сатып алушылардың сұранысына толығырақ жауап беру қабілетін білдіреді. Ол бір жағынан, бәсекелестік артықшылықпен, яғни тауардың сапасымен, оның техникалық деңгейімен, тұтынушылық қасиеттерімен, тауарды «дәл мерзімінде» жеткізумен, ал екінші жағынан, тауарды сатушылар белгілейтін бағамен және тауарды пайдалану құнымен байланысты болады. Сонымен бірге, бәсекеге қабілеттілікке кепілді және кепілді мерзімнен кейінгі қызмет көрсету, жарнама, тауарды өндірушінің беделі, нарықтағы жағдай де, сұраныстың ауытқуы да ықпал етеді. Тауардың бәсекеге қабілеттілігінің жоғары деңгейі оны өндірудің орындылығы мен тиімді сату мүмкіндігін растайды.

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі - бұл бәсекелі нарық жағдайында меншікті және қарызға алынған ресурстарды тиімді пайдалану мүмкіндігі [26] . Кәсіпорын бәсекеге қабілетті болу үшін ол бәсекеге қабілетті тауар өндіріп, оны сатуы тиіс. Толығырақ айтқанда, бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету үшін бүкіл өндірістік-шаруашылық циклдегі жүйелі жұмыста, өндіріс, басқару, қаржы, маркетинг және т. б. салаларда бәсекелестік артықшылыққа жету қажет.

Саланың бәсекеге қабілеттілігі тұтынушылардың нақты тобының талаптарын қанағаттандыратын жоғары сапалы өнім жасау, өндіру және оны сату үшін техникалық, экономикалық және ұйымдастыру жағдайларының болуымен анықталады. Сала бәсекеге қабілетті болу үшін шетелдегі осындай салалармен салыстырғанда оның бәсекелестік артықшылықтары болуы, яғни саланың құрылымы ұтымды, саланың басқа кәсіпорындарын өзінің деңгейіне дейін тартатын жоғары бәсекелес көшбасшы фирмалардың тобы, ретке келтірілген тәжірибелік-конструкторлық және озық өндірістік-технологиялық база, дамыған салалы инфрақұрылым, сала ішінде, сонымен бірге елдегі және одан тысқарыдағы басқа салалармен ғылыми-техникалық, өндірістік, материалдық-техникалық және коммерциялық ынтымақтастық жасасатын оралымды жүйе, сондай-ақ өнімді тиімді бөлетін жүйе жұмыс істеуге тиіс. Саланың бәсекеге қабілеттілік деңгейіне кәсіпорынның бәсекелестік артықшылықтарына құрамдастардың да, сонымен бірге олар өзара іс-әрекет жасайтын жүйелердің есебінен де жетуге болады.

Ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігі - бұл өте күрделі ұғым. Бір жағынан, ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігі бәсекелес шетелдік тауарлар мен қызметтерге ішкі де, сондай-ақ сыртқы нарықта ойдағыдай төтеп беретін сатылатын тауарлар мен қызметтердегі экономикалық, ғылыми-техникалық, өндірістік, басқарушылық, маркетингтік және өзге де мүмкіндіктердің шоғырлануымен анықталады, екінші жағынан, экономиканың бәсекеге қабілеттілігі - бұл елдің мемлекеттік және қоғамдық құрылым жүйесінің, қоғамның қоғамдық өмірінің барлық қырларын саяси-құқықтық ұйымдастыру мен реттеудің артықшылығы, мемлекеттің ұлттық экономиканың тұрақты, серпінді дамуын қамтамасыз етуі, сондай-ақ қоғам мүшелерінің осымен байланысты әлемдік стандарттарға сәйкес материалдық әл-ауқаты.

Қазақстан үшін біздің мемлекетіміздің 2005 жылдан бастап Дүниежүзілік экономикалық форумда ғаламдық бәсекеге қабілеттілігі бағаланатыны айрықша маңызды факт болып табылады. [2]

Бәсекеге қабілеттілік проблемасы әлемнің барлық мемлекеттерін алаңдатады: елдің бәсекеге қабілеттілігі елдің әлемдік нарықтағы жағдайын талдап қорытатын әрі сипаттайтын көрсеткіш. Экономикасы әлсіз елдің бәсекеге қабілеттілігінің деңгейі жоғары болмайды.

2015 жылға дейін Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен экономиканың жаңа деңгейіне жетуі біршама күрделі процесс. Осы процесті бәсекеге қабілеттілікті бағалауды үйренбей, оны өлшейтін көрсеткіштерді білмей басқаруға болмайды. Әлемдік практикада ұлттық экономиканың дамуын бағалаудың әр түрлі әдістемелері қолданылады. Қазақстан сол немесе басқа әдістемені таңдағанда нақты әдіске басымдық бермейді. Басқаша айтқанда, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың ұлттық әдістемесін қалыптастыру үшін қолданылатын әдістемелердің интеграциясын қамтамасыз ету қажет.

Сондықтан Қазақстанның 2008 жылы Халықаралық менеджментті дамыту институтының (IMD) рейтингіне қатысуы айтулы әрі дер кезінде орын алған оқиға болды.

IMD рейтингі Дүниежүзілік экономикалық форумның беделінен төмен емес. Рейтинг 1989 жылдан бастап өткізіліп келеді және әлеуметтік-экономикалық реформалар тиімді жүргізілетін әлемнің ең дамушы елдерін қамтиды.

IMD рейтингі әрбір көрсеткіштің стандартталған мағынасы алынғаннан кейін олардың әрқайсысы бойынша елдердің рейтингтері, яғни елдердің рейтингтері, елдердің бәсекеге қабілеттілік бойынша қорытынды рейтингі, елдердің өндіріс (қарапайым саладан бастап жоғары технологиялық өндіріске дейін) орналастыру үшін тартымдылығы бойынша рейтингі біріктірілген факторлар мен қосымша факторлар бойынша құрылады және бәсекеге қабілеттілік модельденеді.

Қазақстан IMD нәтижесі бойынша, «Әлемдік бәсекеге қабілеттілік жөніндегі жылнамаға (ӘБЖ) 2008» сәйкес әлемнің 56 бәсекеге қабілетті елі ішінен 39-орын алды. Қазақстан экономикалық қызмет факторы бойынша 50 орында, үкіметтің тиімділігі бойынша - 24, бизнестің тиімділігі бойынша - 31, инфрақұрылым бойынша - 46-орында.

Қазақстан Республикасының қызметі халықаралық және ұлттық көздерден алынған статистикалық деректердің 2/3-не негізделген 331 көрсеткіш бойынша талданды. Осы статистика бәсекеге қабілеттіліктің деңгейін бұдан да дұрыс анықтау үшін қазақстандық бизнес-қауымдастықтарға жолданған ӘБЖ анкеталарының деректерімен толықтырылды [3] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік қызмет түрлері
Қазақстанның сыртқы экономикалық байланысы
Негізгі қорларды пайдалану тиімділігі және оны арттыру жолдары
Негізгі қорларды бағалау әдістері
Аумақтық экономикалық жүйелердің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату (оңтүстік Қазақстан облысы мысалында)
Тауардың бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын факторлар
Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін жетілдіру жолдары
Қазақстан Республикасында кәсіпорындардың бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық–экономикалық механизмін қалыптастыру жолдары
Ұйымның бәсекеге қабілеттілігін талдау мен бағалаудың негізгі әдістемелік тәсілдемелері
Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz