Ислам философиясы және Әл-Ғазали


Мазмұны
Кіріспе . . . 3-6
І. Ислам философиясы және Әл-Ғазали
1. 1 Әл-Ғазалидің дүниеге келуі және қысқаша өмір-баяны . . . 7-13
1. 2 Әл-Ғазалидің өзге мұсылман философтарынан
ерекшелігі және оларды сынға алу мәселесі . . . 13-20
ІІ . Әл-Ғазалидің діни-философиялық көзқарасы
2. 1 Әл-Ғазалидің скептицизмнің арқасында діни ақиқатты тануы . . . 21-28
ІІІ Қорытынды . . . 29
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 40
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Әлем жұртшылығына белгілі Әбу Хамид Әл-Ғазали бүкіл Ислам әлеміне танымал болғаны құсап батыс философиясына да өзінің еңбектері арқылы кеңінен тамыл екені мәлім. Меніңше дін ғылымына деген сұраныс арта бастаған өлкемізде ислам философиясының соның ішінде Әл-Ғазалидің діни философиялық көзқарастарын тану, оның арап, түркі тілдеріндегі шығармаларын мейлінше аудару ләзім. Сонымен қатар Әл-Ғазалидің заманымен ілгергі ислам философиясының даму деңгейін, сондай-ақ, Әл-Ғазалидің Мұсылман Аристотизммен Жаңаплатоншыл философиялық мектептерге деген сыни позициясын анықтау жұмыстың өзекті арқауы болып отыр.
Иә, бай тарихы бар Ислам мәдениетінің өркендеген сонау ҮІІІ-ХІІІ ғасырлар әлем тарихының ғибратты терең тарауларын қамтиды. Ислам мәдениетінің адамзат үшін әкелгені шаш етектен. Оған мысалды алыстан іздеудің қажеті жоқ. Қарапайым Ислам тарихына көз жүгірткен адам Исламның адамзатты надандықтың қою қараңғылығынан құтқарып алып, бақыттың таңын аттырып, адамшылықтың асыл мұраттарын көрсеткеніне куә болады. Солардың бірі Мұсылман философтары. Олар бүкіл Шығыспен Батысқа адами асыл мұраттардың жаршысы болған. Айталық, Әл-Фараби, Ибн Сина сынды данышпандардың Ежелгі Грециядағы ұмыт қалған философиялық дүниелерді тарих қойнауынан аршып алып, оларға жаңаша өң беріп түсініктемелер жазғаны жаһан тарихына мағлұм.
Cондай-ақ, Әл-Фарабимен Ибн Синаның жасап кеткен шындық іздеу жолын жалықпай сын елегінен өткізген, шынайы сыни көзқарасқа ие мұсылман философтардың да болғанын білеміз. Солардың ең басында Исламның «төл құжаты» деген атқа ие болып, атағы жаһанға жайылған Ислам ойшылы Әбу Хамид Мұхаммед б. Мұхаммед Әл-Ғазали келеді.
Әл-Ғазалидің Ислам философиясының дамуына қосқан үлесі қандай болса, сопылық ғылымының да белгілі бір жүйеге келіп, қалыптасуына еңбегі сондай сіңген. Әһлі-Сүннәт ғалымдарының көпшілігі сопылыққа айтарлықтай көңіл бөлмегеніне қарамастан, Әл-Ғазалидің сопылықты қолдауы, әрине сопылық ғылымының Исламға жат емес екендігін көрсетеді. Сопылық ғылымы оның еңбегі арқасында жаңа дәуірге қайта келді Сөйтіп, сопылық ғылымы Ислам мәдениетінде ресми бір мәртебеге ие болды.
Әл-Ғазалидің Кәләм ғылымындағы алар орнына қысқаша тоқталар болсам. Оның өмір сүрген ХІ. ХІІ. ғғ. кәләм тарихындағы өте маңызды кезең болатын. Бұл дәуірде кәләм ғылымында орын алған пікір-таластар кәләмның ғылыми әдістемесінің қалыптасуына негіз болды. Атақты ұстазы Харамайн Әл-Жүвәйни, ең алғаш болып логика әдісін кәләм ғылымына енгізді. Кейіннен Әл-Ғазали логиканы кәләм ғылымының бір бөлігі деп, Ұстазы әл-Жүвәйнидің логикадағы бастаған еңбегін әрі қарай дамытты. Сонымен қатар, логикада кемшіліктің болмағандығын, бұрынғы өткен кәләмшылардың түрлі жолдарымен логика әдісін қолдағандарын айтқан. Иә, Әл-Ғазали кәләм ғылымына жетік болатын. Ол, бұл салада бір қатар еңбектер жазды. Соның ішінде «Ихиа Ғұлумуддин» нің /Дін ғылымының жандануы/ кейбір бөлімдерінде және басқа кітаптарында кәләм ғылымына қатысты ойлары кеңінен айтылған. Философтың кәләм тарихындағы ең үлкен ерекшелігі методологиялық жаңалықтар енгізуі болып табылады. Ол, жалпы кәләм ғылымын үйрену керектігін айтумен қатар, оның қатерлі тұстарын да ескертіп кеткен. Оның ойынша, фықых, тәпсір ғылымдары азық болса, кәләм ғылымы дәрі сияқты. Ал, азықтың зиянынан қорқуға болмайды. Бірақ та дәрінің адам денесінің кейбір ағзаларына зиян келтіруінен сақтану керектігін еске салады.
Әл-Ғазалидің философиясы-күдікшілдік философиясы ретінде танылып, күдіктен арылу арқылы иманға қол жеткізуімен мәлім болған. Ол, Бағдаттағы Низамия медресесінде сабақ беріп жүріп, бос уақытында философиямен айналысты. Соның нәтижесінде, небәрі екі жыл ішінде философия ғылымын меңгерді.
Әл-Ғазали философтарды үш топқа бөлген:
- Дехриун: (Материалистер) «Бұлар, әлем бұрыннан бар, оны ешкім жаратқан жоқ және ешқашан жоқ болмақ емес, уақыт пен материя мәңгі. Олар табиғат заңымен әрекет етеді, » - дейді. Бұларға материялист - десек болады.
- Табиғиун: (Табиғатшылар) Бір құдыретке сенеді. Бірақ, жанның бар екендігін қабылдамаған. Жанның мәңгілік екенін қабылдамай, ақырет сенімін жоққа шығарады.
- Иләһиун: (Теологтар) Ғазали. Бұл топқа Платон, Аристотель сияқты грек философтарын жатқызады.
Философияның атақты тұлғалары Платон, Аристотель және солардың соңынан ерген Әл-Кинди, Әл-Фараби, Ибн Сина сынды Ислам фиософтарының ұстанымдарына ғылыми түрде сын таққан Әл-Ғазали екендігі жалпыға белгілі. Әл-Ғазалидің бұндай іске баруының бірден бір себебі, философтардың Исламның наным-сеніміне, Құран мен хадиске теріс көзқарастар айтуы болып саналады. Әл-Ғазалидің «Адасудан арылу» атты еңбегінде, өзінен бұрынғы философияны сынға алғандар бұл істі жетік білмеген дейді. Демек, философияны жақсы меңгермеген кәләмшылардың философтарға таққан сындарының айтарлықтай нәтиже бермеуі де осыдан болар. Шын мәнісінде философияға тағылған бұл сындарда ғылыми негізге сүйенгеннен гөрі қаралау мен кінәмшілдік басым деп ойлаймын.
Философияны екі жыл ішінде меңгерген Әл-Ғазали, оны сынға ала отырып «Тәхәфатул фәләсифә» (философияны терістеу) атты еңбек жазды. Алайда, бұл еңбектен бұрын философияның мақсатын оның міндетін анықтайтын, «Мәқасидул Фәләсифә» (философияның мақсаты) атты үлкен еңбек жазған болатын. Әсілінде, оның таққан сыны өзінен бұрынғы, немесе кейінгі сыншылдарда кездеспейтін, өзіндік ерекше үлгіде жасалып, анағұрлым ой-санаға жатық болды. Әл-Ғазалиден кейін философияға сын таққандардың арасында одан озғандары болмаған. Сондықтан да Оның «Тәхәфатул фәләсифә» атты еңбегі ерекше бағаланды. Бұл еңбек, ғасырлар бойы биік тұғырдан түспей, күнімізге жетті Аталмыш еңбекте, Әл-Ғазали, философтарды терістеу барысында көзқарастарын жиырма бір бапта тізбектеген.
Әл-Ғазалидің Батыс пәлсапасына ықпалы жайында нақты дәйектер мол екенін айтуға болады. Әсіресе орта ғасыр Латын дүниясында Ибн Рушдтің немесе астарлы атпен мәлім болған Ибн Синаның ізбасарлары сияқты, Әл-Ғазалидың соңынан ерген Ғазалишілдер бар. Оның пікірлерінің көпшілігі (Терістеуді терісту) еңбегінің авторы Ибн Рушдтің дәнекерлігімен Батысқа жетті. Ибн Рушд, Әл-Ғазалиге қарсы, «Қарсылыққа қарсылық» деген еңбек жазған. Ол, бүкіл Европа елдеріне тарап зор әсер етті, деп жазады атақты Фарабитанушы А. Машани. Бұған дәлел ретінде бір қатар өрнек келтірейік. Мысалы: Наполидың патшасы Robert d Anjjouдың бұйрығымен Calonymos ben Calonymos 1328 жылы Ибн Рушдтың «Тахафатут тахафа»(Терістеуді терістеу) атты еңбегін Ибрани тіліне аударды. Арада аз уақыт өтісімен сол жан ұядан шыққан Calоnymos ben Tordos осы еңбекті Латын тіліне аударып шықты. Сөйтіп, Латын дүниясы Әл-Ғазалидың «Тахафатул Фәласифа» атты еңбегімен осылайша танысты. 1486 жылы дүниеден өткен Bar Hiya Levi ben Lsaac «Тахафатул Фәләсифа» еңбегін Ибрани тіліне аударды. Қазір бұл аудармалардың біреуі Голландияда, екеуі Парижде және біреуі Италияда сақталып күнімізге жеткен. Сонымен қатар Әл-Ғазалидің атақты «Мақасидул фәләсифа» атты еңбегі ХІІ ғасырда Dominik Gundissаlviдің басшылығымен Латын тіліне аударылып, «Logika et philosohuicaina al Gazzalis» деген атпен 1506-шы жылы басылған. Бұл еңбек кейінірек Ибрани тіліне аударылған. Орта ғасырдағы Батыс ойшылдарының көпшілігіне Әл-Ғазали таныс тұлға. Ең алғаш Dante Aliqieri бастап Орта ғасырда еңбек жазған батыстың елуге жақын ойшылы Әл-Ғазалидың көзқарасынан сусындап, өз еңбектерінде оның атын тілге тиек еткен. Сондықтан да Әл-Ғазалидің Батыс философиясына үлкен ықпалы болғандығын еркін айта аламыз.
Жоғарыда айтқанымыздай, Әл-Ғазали философтарды сынға алғанда философияның негізгі саласы логика ғылымына өте көңіл бөлген. Ол ақылмен нақылға бірдей жүгініп, Исламның ортасын ұстанған. Сондай-ақ, Фарабидің логикасына өзінше өң беріп, логиканы Ислам сенімдерін қорғаудың бірден-бір құралына айналдырды. Әл-Ғазали бұндай құндылықты Әһлі-Сүннәт сенімін сақтау үшін болсын, немесе қарсыластарынан басым түсу үшін болсын қолдан шығармақ емес. Ол, логиканың арқасында кәләмшылар мен философтар арасындағы ғылыми пікір-таласта, жеңісті Әһли-Сүннәт кәләмшыларының қанжығасына ілді. Осылайша, Ол, исламда этика философиясының негізін қалады.
Зерттеудің мақсат-міндеті: Жұмысқа кірісер алдында мына жайларды ескерген болатынмын. Әрқандай істің өзіне тән өлшемімен безбені, мақсаты мен мұраты болатынын білеміз. Өлшеусіз өнер, мақсатсыз жұмыс оңбайды. Сондықтан осы жұмысты жазуда белгілі бір өлшемдердің, қағида мақсаттардың болатынын ескерсек;
- Әл-Ғазалидің діни философиялық көзқарасын, философиялық, этикалық, педогогикалық тұрғыдан талдау;
- Әл-Ғазали мұсылман фиолософы болғандықтан оның фиолософиясын Ислами тұрғыдан қарастыру;
- Әл-Ғазалидің Исламның ойшылдық тарихындағы орнын, оның логика ғылымына, кәләм ғылымына, философияға, сопылыққа, этикаға қосқан үлесін анықтау арқылы көрсету;
- Қолданған әдебиеттердің көпшілігін Әл-Ғазалидің өз қаламынан туған негізгі еңбектер болу;
- Әл-Ғазалидің санғасыр өтседе өзектілігін жоймаған еңбектеріндегі көзқарасын көрсету. Жалпы философия әлеміне әкелген жаңалықтарын философиялық-этикалық тұрғыдан талдау және оны қарастыру;
- Қысқаша айтар болсақ Әл-Ғазали сан-саланы меңгерген жан-жақты философ. Сондықтан оны қай жағынан қарастырсақ та таусылмайтын теңіз сияқты. Мен өзіме, осы магистрлік жұмысым барысында Әл-Ғазалидің философияға, кәләм ғылымына, этикаға, логикаға қосқан үлесін қарастыра отырып, оның өзінен бұрынғы мұсылман философтарға деген діни философиялық сыни позициясын көрсетуді және осылайша оның Ислам философиясындағы алар орнын анықтауды мақсатқып қойдым.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Әл-Ғазалидің әлем философиясына және ислам философиясына қосқан жаңалықтарын ғылыми тұрғыдан көрсету.
Зерттеудің құрылымы: Зерттеудің әдеттегідей кіріспеден, бірінші тарау үш бөлімнен, екінші тарау үш бөлімнен және қорытынды пайдаланған әдебиеттер тізімінен құралағн.
І. Ислам философиясы және Әл-Ғазали.
1. 1. Әл-Ғазалидің дүниеге келуі және қысқаша өмір-баяны
Әл-Ғазали, хижри 450\милади 1059 жылдарында Хорасанның Туси уәләятында дүниеге келіп, 505\жылдарда туған жерінде дүние салған. Ол 1085\473 жылында Тус қаласының бір топ жастарымен Нишапур қаласына барып Низамия медресесіне оқуға қабылданады. Ол жерде атақты кәләмшы Имам Харамайн Әл-Жүвайниден сабақ алады. Ұстазы дүние салғаннан кейін, 1092/485 Селжұқ Сұлтаны Мәлікшахтың данышпан уәзірі Низамул Мүліктің қасына барып, оның қадағалауындағы фықых (Ислам құқығы) кәләм (Ислам теологиясы) ғылымдарының ғылыми пікірталасына қатысады. Бұл жер ғылымға, өнерге құмар Низамул Мүліктің небір дүлділдерімен, ғылымның қаймағын қалқып ішкен ғұламалардың бас қосатын, ғылымның ордасы болатын.
Әл-Ғазали Низамия медресесінде ұстаз, қазіргі тілмен айтсақ мәртебелі ректор секілді абыройлы қызметтер атқарды. Ол, көптеген ғылым саласын терең меңгерген жоғары ғылыми дәрежеге лайық, халықтың мақтанар бір туар тұлғасы. Ғұмыры қысқа болғанымен де Ибн Сина сияқты артында философия, астраномия, ислам шариғатына қатысты жүздеген еңбек қалдырған ірі тұлға. Оған ғалымдығымен қоса Ислам дініне сіңірген ерен еңбегі үшін “Хужжатул Ислам” (Ислам айғағы) деген әділ бағасы берілген.
Әл-Ғазалидің Ислам философиясының дамуына қосқан үлесі қандай болса, сопылық ғылымының да белгілі бір жүйеге келіп, қалыптасуына еңбегі сондай сіңген. Әһлі-Сүннәт ғалымдарының көпшілігі сопылыққа айтарлықтай көңіл бөлмегеніне қарамастан, Әл-Ғазалидің сопылықты қолдауы, әрине сопылық ғылымының Исламға жат емес екендігін көрсетеді. Сопылық ғылымы оның еңбегі арқасында жаңа дәуірге қайта келді Сөйтіп, сопылық ғылымы Ислам мәдениетінде ресми бір мәртебеге ие болды.
Әл-Ғазалидің Кәләм ғылымындағы алар орнына қысқаша тоқталар болсам. Оның өмір сүрген ХІ. ХІІ. ғғ. кәләм тарихындағы өте маңызды кезең болатын. Бұл дәуірде кәләм ғылымында орын алған пікір-таластар кәләмның ғылыми әдістемесінің қалыптасуына негіз болды. Атақты ұстазы Харамайн Әл-Жүвәйни, ең алғаш болып логика әдісін кәләм ғылымына енгізді. Кейіннен Әл-Ғазали логиканы кәләм ғылымының бір бөлігі деп, Ұстазы әл-Жүвәйнидің логикадағы бастаған еңбегін әрі қарай дамытты. Сонымен қатар, логикада кемшіліктің болмағандығын, бұрынғы өткен кәләмшылардың түрлі жолдарымен логика әдісін қолдағандарын айтқан. Иә, Әл-Ғазали кәләм ғылымына жетік болатын. Ол, бұл салада бір қатар еңбектер жазды. Соның ішінде «Ихиа Ғұлумуддин» нің /Дін ғылымының жандануы/ кейбір бөлімдерінде және басқа кітаптарында кәләм ғылымына қатысты ойлары кеңінен айтылған. Философтың кәләм тарихындағы ең үлкен ерекшелігі методологиялық жаңалықтар енгізуі болып табылады. Ол, жалпы кәләм ғылымын үйрену керектігін айтумен қатар, оның қатерлі тұстарын да ескертіп кеткен. Оның ойынша, фықых, тәпсір ғылымдары азық болса, кәләм ғылымы дәрі сияқты. Ал, азықтың зиянынан қорқуға болмайды. Бірақ та дәрінің адам денесінің кейбір ағзаларына зиян келтіруінен сақтану керектігін еске салады.
Әл-Ғазалидің философиясы-күдікшілдік философиясы ретінде танылып, күдіктен арылу арқылы иманға қол жеткізуімен мәлім болған. Ол, Бағдаттағы Низамия медресесінде сабақ беріп жүріп, бос уақытында философиямен айналысты. Соның нәтижесінде, небәрі екі жыл ішінде философия ғылымын меңгерді.
Әл-Ғазали философтарды үш топқа бөлген:
- Дехриун: (Материалистер) «Бұлар, әлем бұрыннан бар, оны ешкім жаратқан жоқ және ешқашан жоқ болмақ емес, уақыт пен материя мәңгі. Олар табиғат заңымен әрекет етеді, » - дейді. Бұларға материялист - десек болады.
- Табиғиун: (Табиғатшылар) Бір құдыретке сенеді. Бірақ, жанның бар екендігін қабылдамаған. Жанның мәңгілік екенін қабылдамай, ақырет сенімін жоққа шығарады.
- Иләһиун: (Теологтар) Ғазали. Бұл топқа Платон, Аристотель сияқты грек философтарын жатқызады.
Философияның атақты тұлғалары Платон, Аристотель және солардың соңынан ерген Әл-Кинди, Әл-Фараби, Ибн Сина сынды Ислам фиософтарының ұстанымдарына ғылыми түрде сын таққан Әл-Ғазали екендігі жалпыға белгілі. Әл-Ғазалидің бұндай іске баруының бірден бір себебі, философтардың Исламның наным-сеніміне, Құран мен хадиске теріс көзқарастар айтуы болып саналады. Әл-Ғазалидің «Адасудан арылу» атты еңбегінде, өзінен бұрынғы философияны сынға алғандар бұл істі жетік білмеген дейді. Демек, философияны жақсы меңгермеген кәләмшылардың философтарға таққан сындарының айтарлықтай нәтиже бермеуі де осыдан болар. Шын мәнісінде философияға тағылған бұл сындарда ғылыми негізге сүйенгеннен гөрі қаралау мен кінәмшілдік басым деп ойлаймын.
Философияны екі жыл ішінде меңгерген Әл-Ғазали, оны сынға ала отырып «Тәхәфатул фәләсифә» (философияны терістеу) атты еңбек жазды. Алайда, бұл еңбектен бұрын философияның мақсатын оның міндетін анықтайтын, «Мәқасидул Фәләсифә» (философияның мақсаты) атты үлкен еңбек жазған болатын. Әсілінде, оның таққан сыны өзінен бұрынғы, немесе кейінгі сыншылдарда кездеспейтін, өзіндік ерекше үлгіде жасалып, анағұрлым ой-санаға жатық болды. Әл-Ғазалиден кейін философияға сын таққандардың арасында одан озғандары болмаған. Сондықтан да Оның «Тәхәфатул фәләсифә» атты еңбегі ерекше бағаланды. Бұл еңбек, ғасырлар бойы биік тұғырдан түспей, күнімізге жетті Аталмыш еңбекте, Әл-Ғазали, философтарды терістеу барысында көзқарастарын жиырма бір бапта тізбектеген.
Әл-Ғазалидің Батыс пәлсапасына ықпалы жайында нақты дәйектер мол екенін айтуға болады. Әсіресе орта ғасыр Латын дүниясында Ибн Рушдтің немесе астарлы атпен мәлім болған Ибн Синаның ізбасарлары сияқты, Әл-Ғазалидың соңынан ерген Ғазалишілдер бар. Оның пікірлерінің көпшілігі (Терістеуді терісту) еңбегінің авторы Ибн Рушдтің дәнекерлігімен Батысқа жетті. Ибн Рушд, Әл-Ғазалиге қарсы, «Қарсылыққа қарсылық» деген еңбек жазған. Ол, бүкіл Европа елдеріне тарап зор әсер етті, деп жазады атақты Фарабитанушы А. Машани. Бұған дәлел ретінде бір қатар өрнек келтірейік. Мысалы: Наполидың патшасы Robert d Anjjouдың бұйрығымен Calonymos ben Calonymos 1328 жылы Ибн Рушдтың «Тахафатут тахафа»(Терістеуді терістеу) атты еңбегін Ибрани тіліне аударды. Арада аз уақыт өтісімен сол жан ұядан шыққан Calоnymos ben Tordos осы еңбекті Латын тіліне аударып шықты. Сөйтіп, Латын дүниясы Әл-Ғазалидың «Тахафатул Фәласифа» атты еңбегімен осылайша танысты. 1486 жылы дүниеден өткен Bar Hiya Levi ben Lsaac «Тахафатул Фәләсифа» еңбегін Ибрани тіліне аударды. Қазір бұл аудармалардың біреуі Голландияда, екеуі Парижде және біреуі Италияда сақталып күнімізге жеткен. Сонымен қатар Әл-Ғазалидің атақты «Мақасидул фәләсифа» атты еңбегі ХІІ ғасырда Dominik Gundissаlviдің басшылығымен Латын тіліне аударылып, «Logika et philosohuicaina al Gazzalis» деген атпен 1506-шы жылы басылған. Бұл еңбек кейінірек Ибрани тіліне аударылған. Орта ғасырдағы Батыс ойшылдарының көпшілігіне Әл-Ғазали таныс тұлға. Ең алғаш Dante Aliqieri бастап Орта ғасырда еңбек жазған батыстың елуге жақын ойшылы Әл-Ғазалидың көзқарасынан сусындап, өз еңбектерінде оның атын тілге тиек еткен. Сондықтан да Әл-Ғазалидің Батыс философиясына үлкен ықпалы болғандығын еркін айта аламыз.
Жоғарыда айтқанымыздай, Әл-Ғазали философтарды сынға алғанда философияның негізгі саласы логика ғылымына өте көңіл бөлген. Ол ақылмен нақылға бірдей жүгініп, Исламның ортасын ұстанған. Сондай-ақ, Фарабидің логикасына өзінше өң беріп, логиканы Ислам сенімдерін қорғаудың бірден-бір құралына айналдырды. Әл-Ғазали бұндай құндылықты Әһлі-Сүннәт сенімін сақтау үшін болсын, немесе қарсыластарынан басым түсу үшін болсын қолдан шығармақ емес. Ол, логиканың арқасында кәләмшылар мен философтар арасындағы ғылыми пікір-таласта, жеңісті Әһли-Сүннәт кәләмшыларының қанжығасына ілді. Осылайша, Ол, исламда этика философиясының негізін қалады.
Ислам тарихында, Мұхаммед пайғамбар дүние салғаннан кейін саяси-әлеуметтік жағдайлардың нәтижесінде көптеген мәселелер туындады. Осы проблемалардың анық-қанығына жету мақсатында мұсылмандар Құран мен хадистерден жауаптар іздей бастайды. Сондай-ақ, сол кездегі ислам жеңістерінің арқасында бөтен елдердің мәдениетімен, дүниетанымымен бетпе-бет келуі секілді мәселелер жиналып келіп, исламда философияның немесе ақылшылдық секілді түсініктердің пайда болуына негіз болды.
Тіпті, сонау пайғамбардың заманында Құран мен хадистердегі тарихи жағдайларға, рухтың мәнісі, хашир(қайта тірілу) мен ахирет күніне, Аллаһтың барлығы мен бірлігіне, тіпті қаза-қадар(тағдыр) сияқты мәселелерге деген барынша қызығушылық танытқанын байқауға болады.
Алайда, енді бірлігі бекіп, аяққа тұрып келе жатқан мұсылман қоғамының ара-жігінің бөлінбеуі үшін Мұхаммед пайғамбар(с. ғ) Құран аяттарын орынсыз жорамалдауға, талас-тартысқа тиым салды.
Сондай-ақ, халифа Османның өлтірілуінен кейін халифалық үшін болған саяси таластарда, «жамал», «сыффын» секілді соғыстардағы мұсылмандардың бір-біріне қол жұмсаған қаралы оқиғалардан кейін, Исламды жаңа қабылдаған өлкелердегі христиан немесе басқа дін өкілдерімен болған пікір таластарда, сондай-ақ, исламды жаңа қабыл еткен кісілердің жаңа діндегі мәселелерді үйренгенге дейін, сонымен қатар, ҮІІ-ғасырда ислам қоғамында белең алған діни-саяси толқулар арқасында әртүрлі пікірлер жанданды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz