Толстаухов көтерілісі


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Қазақстан және шет елдер тарихы кафедрасы

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

тақырыбы: ТОЛСТАУХОВ КӨТЕРІЛІСІ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . . 3

1 ЗЫРЯН ЖӘНЕ ӨСКЕМЕН АУДАНЫ Ф. Д. ТОЛСТОУХОВ БАСТАҒАН ШАРУАЛАР КӨТЕРІЛІСІ ҚАРСАҢЫНДА . . 8

1. 1Ірі бай және кулак шаруашылықтарын тәркілеу (конфискация) . . . 8

1. 2 Көтеріліс себептері . . . 14

1. 3 1920-31 жылдардағы Бұқтырма өлкесі . . . 19

2 Ф. Д. ТОЛСТОУХОВ БАСТАҒАН ШАРУАЛАР КӨТЕРІЛІСІ . . . …32

2. 1 Көтеріліс барысы . . . 32

2. 2 Көтерілістің жеңілуі және салдарлары . . . 43

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 46

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 48

КІРІСПЕ

Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет болғаннан бері, шындық толыққанды мағынада айтыла бастады. Егер осыған дейін бұйрықшыл, әміршіл-әкімшіл социализм, бюрократтық жүйе жағдайында біздің өмір сүріп, еңбек еткенімізді, яғни шындықты жартыкеш, екіұшты ғана айта алғанымызды ескерсек, тарихымыздағы "ақтандақтарға" деген халықтың қазіргі ерен ынтасын түсінуге болады.

Бірақ, сонау 20-жылдардың соңынан бастап, сталинизм орнықтырған қатал да қатыгез тәртіп тарихшы ғаламдарымыз бен қоғамтанушыларымызға ақиқатты ашық және ашып айтуға ешбір мүмкіндік бермей келеді. Тарихтың қасіретті беттерін жарыққа шығаруға талаптанғандардың тұмсығы тасқа тіреліп, тарихтың шыңғырған шындығы мүлде құпия архив қойнауында ғана қатталып, жарық дүниені көре алмай қалған заман еді ол заман.

Рас, жоғарыдағыдай себептермен тарихымыз біржақты, негізінен әміршіл-әкімшіл коммунистік құрылыс тарихын марапаттау, оған көпшілік қойып көтермелеу тұрғысынан жазылды. Бірақ, бүған тарихшылар кінәлі емес, оған кінәлі - сыңар езу коммунистік идеологияның тарихымызға көпе-көрнеу өктемдік жасауы, оған тізесін батырып, жаныштап бар даусымен сөйлеуге мүмкіндік бермеуі.

Бітіру жұмысының өзектілігі. Бұнда Қазақстан тарихындағы қайгылы да, күрделі кезеңі қарастырылады. Бұл кезең: күштеп ұйымдастыру, тәркілеу нәтижесінде шаруалардың шыдамы шегіне жетті, ақырында ол бұқаралық қарулы көтеріліске әкелді. Шаруалар көтерілістерінің өрті Қазақстан территориясының көп бөлігін қамтыды. 1929-31 жылдары 372 көтеріліс болды, оларға 80 мыңга жуық адам қатысты.

Тарихшы - зерттеушілердің арасында, Ф. Д. Толстоухов бастаған көтеріліске біржақты баға беру кең тарады, "кулак бүлігі", "кулактық бандитизм", "қарулы кулактық контрреволюция" және т. б.

Осындай әділетсіз баға және көзқарастардың біржақтылығы, Ф. Д. Толстоухов бастаған көтеріліс Қазақстан тарихында аса шиеленіскен және күрделі екендігін бекіте түседі.

Бұл бітіру жұмысы аймақтық зерттеу, оның объектісі. Өскемен және Зырян аудандарындағы Ф. Д. Толстоухов бастаған шаруалар көтерілісі.

Хронологиялық шектері. 1928-1931 жылдары тарих датаның төменгі шегі, Қазақстанда ірі шаруаларды және байларды тәркілеудің бастауымен байланысты. Жоғарғы шегі: Ф. Д. Толстоухов көтерілісінің жеңілуі және өзінің қаза болуымен байланысты.

Зерттеудің территориялық шегі. Өскемен, Зырян және Самар аудандары.

Бітіру жұмысының тақырыбының алынуының негізгі себептері . қарастырылып отырған оқиғаның біржақты және көмескі зерттелінуі, туған өлке тарихына жеке қызығушылығым және ең бастысы тарихшы тұрғысынан ғылыми қызығушылығым.

Бітіру жұмысының мақсаттары:

- Зерттеу тақырыбын толық және шынайы ашып көрсету;

- Сол кездегі болған оқиғаларға, бұрын берілген бағаларды сараптай отырып, лайықты баға беру;

- Шаруалардың көтеріліске шығу себептерін тарихи фактілер арқылы көрсету;

- Ф. Д. Толстоухов бастаған шаруалар көтерілісісінің, сол жылдары, Қазақстанның басқа аймақтарында болған халық наразылықтарына үқсастықтары мен айырмашылықтарын дәлелдеу.

Бітіру жұмысының міндеті. Бұл мәселеге байланысты архивтердегі барлық құпия құжаттарды жарыққа шығару, ондай оқиғаға жаңа, объективті, ғылыми баға беру, оны ұлттық санасы оянып, ұлттық намысы қозып келе жатқан халқымыздың рухани кажетіне жарату.

Бітіру жұмысы екі бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлімде аудан тұрғындарының көтеріліске шығуына әсер еткен себептер, көтеріліс қарсаңындағы жалпы ахуал баяндалады.

1920-30 жылдары Бұқтырма өлкесіне, Зырян ауданына жалпы сипаттама: оның географиялық орналасуы және табиғи - климаттық жағдайы, тұргындардың әлеуметтік құрамы және экономикалық дамуы.

Көтеріліске дайындық барысы толық қарастырылған.

Кулақтарға, орташа шаруаларға зорлық-зомбылық тарихи деректермен дәлелденіп көрсетілген.

Екінші бөлімде көтерілістің жүру барысы баяндалған. Көтерілістің басталуы, көтерілісшілердің қимылы, жазалаушы отрядтардың, көтерілісшілермен келіссөз жүргізбестен, оларды қаталдықпен басып-жаншуы. Ф. Д. Толстоуховтың Қытайға қашуы. Оның Зырян ауданына қайтып оралған кезде өлтірілуі. Бұл көтерілістің салдарлары жан-жақты ашылып көрсетілген.

Бітіру жұмысының тақырыбына арналған әдебиеттер саны өте аз.

Жалпы тарихи зерттеулерден, жерлесіміз А. Кратенко еңбегіне назар аударуға болады. Ол көтерілісті көзімен көрген адамдардың естеліктерін келтіреді. Астық дайындау, тәркілеу, зорлық - зомбылықтарын ресми мәліметтермен дәлелдеп көрсетеді.

Сонымен қатар, белгілі тарихшы Т. Омарбековтың еңбегін айрықша көрсетуге болады. Архив деректері бойынша көтерілістің барысын және себептерін ашып көрсетті. Көтерілістің қозғаушы күші мен сипатына анықтама берді. Күштеп ұжымдастыру мен тәркілеудің ауыр зардаптарын көрсетті.

Көтеріліске шаруалардың (ауқатты шаруалар) әділетті наразылығы деген лайықты баға берді.

Г. Ф. Дахшлейгер, К. Нұрпейісов еңбектерінен Қазақстанда ұжымдастыру қалай жүргізілгені туралы мәліметтер берілген. Бұл зерттеушілер колхоз құрылысының дамуын, статистикалық мәліметтер бойынша қарастырды. Мұнда қанша кулак-бай шаруашылықтары жойылды, қанша сомадағы мүлкі, мал басы тәркіленді, осының бәрі цифр тілімен айқын көрсетілген. Шаруа бас көтерулеріне, олар антиколхоздық, контрреволюциялық көтеріліс деп баға берді.

А. Изотовтың еңбегінде Ф. Д. Толстоухов есімі кездеседі. Нақты мәліметтер мұнда көп емес. Онда, жераударылған эсер Ф. Д. Толстоухов он жыл бойы Зырян ауданының Пихтовый ключ селосында мұғалім болғаны баяндалады. "Солнечная" пролетарлық коммуна тарихын жаза отырып, автор Ф. Д. Толстоухов тарихи тұлғасына назар аударды, себебі: оның шаруа мәселесін шешуде, эсерлік көзқарасын большевиктік А. Климкевич және К. Михалкович көзқарасымен салыстырады.

Әсерлердің идеалы - аграрлық-шаруа мемлекеті, онда жалдамалы еңбек болмайды. "Осының арқасында, - деп жазды А. Изотов - Толстоухов патша жандармдар қудалауына ұшырады, Сібірге жер аударылды" - Ф. Д. Толстоухов, деревняның қозғаушы күші ауқатты шаруалар деп есептеді. А. Изотовтың бұл еңбегінде эсер Ф. Д. Толстоуховтың көзқарасы толық берілген.

Мынандай жергілікті мерзімді басылымдарда, "Семь дней", "Рудный Алтай", "Заря Востока", "Алтайский строитель", жергілікті өлкетанушылар: М. Мусин, А. И. Дроздов, С. Д. Ханников, С. Комов, В. Никифоров, А. Кратенко мақалалары жарияланды. Бұларда негізінен көтеріліс барысы жазылған. Ф. Д. Толстоуховтың жеке басына тоқталады. Әсіресе, Меңғали Мусиннің мақаласын айрықша айтуға болады. Ол көтерілістің қарсаңын, басталуын және барысын толық, әдеби тілмен жазған.

Көтерілістің куәгерлері А. И. Дроздов, С. Д. Ханников естеліктері де қызығушылық тудырады.

Республикалық мерзімді басылымдарда: "Ақиқат", "Егемен Қазақстан", "Қазақ тарихы", "Арай", "Қазақ әдебиеті", "Қазақстан коммунисі" және т. б. Т. Омарбековтың, М. Қозыбаевтың, т. б. тарихшылардың статьялары басылған. Онда жалпы Қазақстандағы тәркілеу мен ұжымдастыру жүргізілу барысы көрсетілген.

Бітіру жұмысын жазу барысында архив құжаттарын табу өте қиын болды. Мұның себебі: көп құжаттар ҮҚК (Ұлттық Қауіпсіздік комитеті) архив қорларында "құпия" белгісімен сақтаулы.

Бірақ, соған қарамастан, Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік архивтен тарихи құжаттар табылды.

141-қор, 1-т., 5191-істе 1930-жылы жазаланған шаруашылықтар саны көрсетілген.

Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік архивінің Зыряндағы бөлімшесінен, сол жылдардағы оқиғаларды көз алдымызға көрсететін кұжаттар табылды. 277-қордан, 1 - тізбе, 349 -іс бойынша өлкенің 1920ж. кейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуы мен саяси жағдайы туралы құжаттар алынды.

Бітіру жұмысының іс жүзіндегі маңызы: тарихымызға әлі күнге дейін зерттелмей келген осы "ақтандақты" зерттеу, одан тарихи тағылымдар алу кейінгі ұрпаққа қажет.

1 ЗЫРЯН ЖӘНЕ ӨСКЕМЕН АУДАНЫ Ф. Д. ТОЛСТОУХОВ

БАСТАҒАН ШАРУАЛАР КӨТЕРІЛІСІ ҚАРСАҢЫНДА

  1. Ірі бай және кулак шаруашылықтарын тәркілеу (конфискация)

1927 жылы қараша айында Қазақстан Партиясының VI конференциясы байларды экспроприациялау туралы мәселені талқылап, "ірі байлардың малы мен құрал-сайманның бір бөлігін тартып алуға жол беруге" болады, мұның өзі "ауылды орташыландырып, оның өңдіргіш күштерін дамытуына және пролетариаттың ауылдағы еңбекші бұқарамен одан бүрыңғыдан да нығайта түсіруге" жеткізуі тиіс деп санады.

1927 жылы желтоқсан айында ірі байлардың шаруашылықтарын тәркілеу туралы заң жобасын әзірлеу үшін комиссия құрылды. Ол қазақ өлкелік комитетінің бюросында қаралып, нақтылына түскеннен кейін оны БК(б) П Орталық комитет пен Бүкілодақтың Орталық Атқару комитеті мақұлдады. 1928 жылы 15 тамызда өлкелік комитет науқанға тікелей басшылық ету үшін комиссия құрды.

27 тамызда республиканың Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесінің мәжілісінде "байлардың шаруашылықтарын тәркілеу туралы" қаулы қабылданды. Республика округтерінде тіркелеуді жүргізу жөніндегі уәкілдер тағайындалды. Науқан қортындылары туралы деректі материалдарға қарағанда, іс жүзінде 696 шаруашылық тәркіленіп, олардың 619-ы өздері тұратын округтен тыс жерлерге және аударылған. Олардан 145 мың мал (ірі караға шыққанда) экспроприацияланған. 114 мыңға шуық мал колхоздар (29 мың, яғни 26 %) мың кедей-батырақ қожалықтары (85 мың, ягни 74 %) арасында қайта бөлісіне түскен. Малдан басқа 633 киіз үй, 475 үй, 44 қамба, басқа да 534 қора-қопсы, 108 соқы, 113 тырма, 248 пішен шапқыш, 1367 арба т. т. экспроприацияланған. Келесі, 1928-1929 салық төлеу жылы, салық негізі елеулі түрде өспесе де, 1927-1928 жылмен салыстырғанда салық ауыртпалығы 98, 8% артты.

Егер 1927-1928 жылы 9, 6% ауқатты-кулак шаруашылықтары ауыл шаруашылық салығы жалпы сомасының 57, 3% өтесе, 1928-1929 жылы - 76, 2% өтеді, салық салу нормасының күрт өсуі әсерінен шаруашылықтардың едәуір бөлінгенде, сол жылдардагы терминологияны қолдансақ, "кулактар өздігінен тәркіленді" немесе қалаға кетіп немесе табыс көздері мен қызмет формаларын өзгертіп, шаруашылықтың азат болды.

Ұжымдастырудың төтенше сипаты кулактар мен байларды жоюдың мемлекеттік бағытын жүзеге асыру ауқымында өрістеген шараларда ерекше күшпен көрінді. Жергілікті органдарга жіберген деревняларда жойылатын кулак шаруашылықтарының үлес салмағы шаруашылықтың жалпы көлемінде қарағанда 3-5% аспау керектігі айтылған. Бірақ көптеген аудандарда кулактардың саны бұған жетпей калды. Сондықтан, кулакқа жатқызу саны барлық жерде жаппай ең жоғары шекті деңгейге "көтерілді". Мұндай "жетістікке" жетудің сырын түсіндіру оп-оңай: нағыз қанаушы элементтермен қоса дәулетті және орта шаруалар да кулакқа жатқызылды. 1930-1931 жылдары "кулактың жер аударуға" жіберілген Қазақстан шаруаларының саны толық емес деректер бойынша 6765 адамға жеткені мәлім.

Бұған қосымша болған тағы бір нәрсе, жаңа экономикалық саясат жылдарында бай мен кулакқа шаруалардың қандай әлеуметтік топтары жатады? - деген нақты сұраққа жоғарғы кеңес өкіметі органдарының айқын жауап бере алмай, бұл мәселенің өз шешімін таппай келуі еді [12, 8] . Бай - кулактарды қожалылықтарының белгілерін анықтау мәселесі алғаш ССРО ОАК мен ХКК 1929 жылы 20 ақпандағы "Еңбек туралы заңдар кодексін кулактар шаруашылықтарында колдану тәртібі туралы" және ССРО ХКК 2000 жылдың 21 мамырындагы "Еңбек туралы зандар кодексі қолдануға тиісті кулактар шаруашылықтарының белгілері туралы" қаулыларында алғаш рет айтылды. Осы екі қаулының негізінде ҚАССР ХКК 1929 жылының 10 қазанда соңғысына аттас каулы қабылдады. Бұл заңдар бойынша Қазақстанда бай-кулактар қожалығына төмендегідей белгілері бар шаруашылықтар жатқызылады:

а) жеке ауыл шаруашылығы салықтары салынса;

б) жалдамалы еңбек үздіксіз пайдаланылса;

в) диірмендері, майшайқағыш, жарма тартатын машиналары немесе тары ақтайтын диірмені және тағы басқа кәсіпорындары барлар;

г) Мүшелері саудамен, алыпсатарлықпен, дәлдалдық сауда-саттықпен және тағы басқа еңбексіз табыс табу мен айналысса, соның ішінде дінге қызмет етсе.

Осы белгілердің бірі байқалған кез келген шаруа шаруашылығы, бірыңғай ауыл шаруашылығы салығын салған кезде ондағы жан басына шаққандағы табыс 300 сомнан, ал әр шаруашылыққа бөлгендегі - 1500 сомнан асатын болса бай-кулак шаруашылығына жатқызылды.

Осылайша аталған заңдар шын мәнінде меншігінде мал-мүлкі бар кез келген шаруа шаруашылығын бай-кулакқа жатқызып айыптауға негіз қалап берді. Шаруалардың әлеуметтік құрамынан кулакты ерекше жау тап ретінде бөліп алып көрсету - И. Сталиннің осы жылдары ұстанған нақты мақсаты міне осындай. [23, 27] БК(б) П ОК мен орталық бақылау комиссиясың пленумында 1929 ж. сәуірде сөйленген сөзінде ол: "Кедей-жұмысшы табының тірігі, орташа-одағы, кулак - тап дұшпаны" [13, 43], деген тезисті ұсынса, ол өзінің осы жылғы 27 желтоқсанда марксист аграршылар конференциясында сөйлеген сөзінде кулактарға ашық шабуыл жасауға шақырып, бұл "дегеніміз - кулактарды қирату және оларды тап ретінде жою деген сөз" екенін атап көрсетті [13, 184 б. ] . Сөйтіп И. Сталин осылайша кеңес үкіметі басшылығының "соңғы уақытта кулактардың қанаушылық тенденцияларын тежеу саясатын кулактарды тап ретінде жою саясатына" көшкенін алғаш рет айқын мәлімдеді [13, 186 б. ] .

Кулактарды тап ретінде жоюға байланысты нақты шараларды белгілеу үшін БК(б) П ОК 1930 жылы 15 қаңтарда В. М. Молотов басқарған арнайы комиссия ұйымдастырды [4, 206 б. ] .

1930 жылы 30 қаңтарда БК(б) П саяси бюросының "Жаппай колликтивтендіру аудандарындағы кулактар қаулысы жарық көрді және ол дәл осы күні телеграф арқылы барлық жергілікті партия ұйымдарына жіберілді" [5, 54 б. ] .

Бұл қаулыда жаппай ұжымдастыру аудандарында арендаға, жалдамалы еңбекті пайдалануға тиым салынды, кулактардың мал-мүлкін кәпескелеуге рұқсат берілді.

Кулактар үш топқа бөлініп жазаланатын болды. Алғ, яғни контрреволюциялық актив тұтқындалып сотқа берілуі, ал ірі кулактар жаппай ұжымдастыру аудандарынан солтүстікке немесе алыс аудандарға жер аударылуы және соңгы топ - қалған кулактар отбасылары өздерінің аудандарында колхоздар бөлген жаңа жерлерге қоныстандырылуы тиіс болып белгіленеді.

Қаулылар басқа да мемлекеттік органдардың әсіресе сот жазалау органдарының ерекше белсенділігін туғызады. Олар өз кезегінде өздерінің округтік, аудандық органдарына бай-кулактарды жоюға байланысты жаппай жедел тапсырмалар бере бастады. Назар аударар нәрсе, сот - жазалау органдарының жергілікті жерлерге жөнелтілген жабық нұсқаулары өздерінің шектен тыс қаталдығымен, кейде тіптен адамгершілік қасиеттерден жұрдайлығымен ерекшеленді.

Мысалы, ССРО Заң халқалы Н. Янсеннің өзі қол қойған, барлық өлкелік, облыстық прокурорларға және автономиялық республикалардың Заң халкомдарына 1930 жылы З ақпанда жолданған көлемді нұсқауда кулактардың бірінші категориясын - "контрреволюцияшыл кулак белсенділерін оларды концлагерге қамау арқылы жедел жою" ұсынылса, ол қастандық актілерін ұйымдастырушыларға контрреволюциялық бас көтерулер мен көтерілісшілер ұйымдарына дем берушілерге ату жазасын қолдану ұсынады [27, 12 б. ] .

Кулактарды жазалау колхоз мүшелерінің жалпы жиналысында, батырақтар мен кедейлер жиналыстарында жүзеге асырылатыны атап көрсетіле тұрса да, кулактардың бірінші категориясына қарсы шаралар өзіне өлкелік партия комитеті өкілі мен өлкелік прокурор мүше ОГПУ жанындағы Ерекше мәжіліс сеніп тапсырған құқтар негізінде ПП ОГПУ арқылы жүргізілетін болды.

Жасырын нұсқау прокурорға қарсылық білдіру құқын аса абайлап пайдалануды ұсынып, мұның өз шаруалардың кедейлер мен орташалар бөлігінің мүддесін білдірсе ғана мүмкін екендігін ескертті. Яғни, жазалауға ұшыраған шаруалардың ауқатты бөлігі өзінің конституциясында белгіленген азаматтық құқтарын пайдалану мүмкіндігінен айрылды.

Осы жабық нұсқауда концлагерге айдалған кулактар отбасыларының өздері бұрын мекендеген жерлерде қалдырулары мүмкін екендігі де айтылды. Бірақ оларды құдалаудан қорғау туралы ешқандай да шаралар белгіленген жоқ. Яғни, бай кулак отбасы мүшелері алдында ешқандай кінәлары болмаса да қорғансыз калдырылды.

Ал енді кулактардың мал-мүлкін кәмпескелеуді міндетті түрде ауылдық кеңес төрағасы және колхоздың, батырақ-кедейлер тобының және батырақ комитеттерінің өкілдерінің қатысуымен аудандық атқару комитетінің ерекше уәкілі жүргізуі тиіс болды. Кәмпескеленуге 500 сомнан жоғары қарай барлық қаражат жатты. Кәмпескеленген дүние колхоздың бөлінбес қорына берілетін болды.

Кулактарға өз беттерінше көшуге, мал - мүліктерін сатуға тиым салынды.

Қазақстанның өлкелік прокуратурасы 1930 ж. 25 наурызда өзінің жергілікті жерлердегі прокуратура органдарына жолдаған жабық нұсқау хатында "кулактарды кәмпескелеудің жергілікті жерлерде партия мен үкіметтің 1930ж. 1 ақпандағы нұсқауларын көпе - көрнеу бұрмалау түріне ие болып бара жатқанын ескертті. Бай - кулактар ғана емес, агрономдар, дәрігерлер, орманшылар, мектеп қызметкерлері де кулакқа жатқызылып, кәмпескелене бастады" [28, 14 б. ] .

Кулакқа жатқызу идеологиясы кейіннен шаруаларды бұрын - соңды болып көрмеген кең көлемде жазалауға ұласқанын айту керек. Мәселен, 1932ж. 7 тамызда "Мемлекеттік кәсіпорындардың, колхоздар мен кооперативтердің мүмкін қорғау және қоғамдық (социалистік) меншікті нығайту туралы" Заң қабылданды. Заңда ату жазасы, ал жеңілдікті жағдайда мүмкін тәркілеп, 10 жыл түрмегс қамау жазасы көзделді. Конституцияга қарсы осы норма колданылған алғашқы жылдың өзінде Қазақстанда 33345 адам сотталды.

КСРО Халық Комиссарлары кеңесі жанындағы мемлекеттік біріккен саяси басқарма ПП-сының органдары 5 жыл ішінде, яғни 1929-1933 жылдары Қазақ АКСР-інде, толық емес деректерге карағанда, 9805 - і қарап, 22933 адам жөнінде шешім қабылдады, соның ішінде 3386 адам - ату жазасына, 13151 адам 3 жылдан 10 жыл мерзімге дейін тұтқын лагерьлерінде ұстау жазасына кесілді.

Асыра сілтеулер ОГПУ жанында жұмыс істейтін үштіктер жұмысында да аз болған жоқ. Сондықтан да бұған РСФСР Заң Халкомы Н. Янсеннің өзі және ОГпу прокуроры орынбасары Ланда бірнеше рет назар аударып, жергілікті жерлерде орын алған олқылықтарды жөндеу туралы арнайы нұсқау хаттар жолдауға мәжбүр болды. Олардың 1930ж. 3 сәуірдегі осындай нұсқауында ОГПУ үштіктері концлагерге қамауға үкім шығарғандар арасында "орташалардың тіптен кедейлердің жоғарғы процентін байқалғаны" атап көрсетіліп, бұл істе абай болу қажеттілігі ескертілді, сондай-ақ "қаулыларды қайта қарау және қамалғандарды мерзімінен бұрын босату" ұсынылды [29, 15б. ] .

Келесі, 1930 жылы 8 мамырда жергілікті жерлерге жөнелтілген нұсқау-хатта жоғарыда аталған кісілер ПП ОГПУ үштіктер жұмысында орын алган және тексеру барысында ашылған кемшіліктерді тіптен нақтырақ көрсетті. Бұлардың кейбірі төмендегідей.

Кеңес өкіметіне қарсы насихат жүргізді (ҚК 58-10 тармагы) деген бір ғана іс бойынша бірнеше адамды соттау әдетке айналған;

Олардың контрреволюциялық топтар немесе ұйымдар кұрғанын дәлелдейтін мәліметтер жоқ болса да олар ҚК 58-11 тармағымен айыпталған;

Оның үстіне бұлардың бәріне дәлел жеткіліксіз бола тұрса да әлеуметтік қорғаудың жоғарғы шарасы (ату) қолданылған (сонда, 25-П) .

Кулактарды тап ретінде жою науқанында асыра сілтеушілер эжуалаған И. Сталин сонымен қатар кулактарға қарсы күшейте түсуді талап етті. "Кулак - Совет өкіметінің қас жауы", - деген өзінің белгілі тезисін берік басшылыққа алған ол, "бұдан былай ол бүйірлерге, қанішерлерге шыдаудың қажеттілігі жоқ", - дей келе кулактарды жою саясатын большевиктерден "табандылықпен, дәйектілікпен жүргізуді" талап етті [13, 244-245 б. ] .

И. Сталиннің осы нұсқауын орындауға немқүрайлы қарағандар жергілікті жерлерде жаппай жазаланды. Мысалы, Балқашин, Ертіс, Баянауыл, Атбасар, Социалистік, Преснегорков аудандарының прокурорлары "кулактар, байлар және ауқаттылар элементтерін" сот және әкімшілік жолмен жазаға тартпағандары үшін республика заң халкомының және прокуратурасының шешімімен баспа сөзде ашық сынға алынып, жазаланды [30, 65 б. ] .

Мұндай бағыт түрмелер мен концлагерлердің бай-кулак ретінде айыпталғандарға лық толуына алып келді. Қазақстанда қамаудағылар саны 22000 адамға жетті.

1. 2 Көтеріліс себептері

Күштеп коллективтендіру бағытының бірінші кезекте ауқатты шаруалар тарапынан ашық қарсылыққа кездесетінін 1929 жылы тәжірибесі нақты көрсетіп берді. Дәл осы жылы бүкіл КСРО-да кеңес үкіметіне қарсы 1300 бұқаралық шаруалар көтерілістері болды. КСРО-ның 5 аудандарында (Орта Еділ, Социалистік Кавказ, Орал, Сібір, Орта Азия) .

2 мыңнан астам кеңес өкіметінің өкілдері мен қызметкерлеріне қарсы қастандық әрекеттер жасалды [4, 206 б. ] .

Шаруалардың әсіресе олардың ауқатты бөлігінің кеңес үкіметіне назары екенін Қазақстандағы жағдай да дәлелдей түсті. Бір жылдың ішінде ғана Қазақстанда кеңес өкіметі мен большевиктік партия белсенділеріне қарсы 143 қастандық жасау актілері, 54 бұқаралық бас көтерулер (бандиттік бас көтерулерді және ауа көшулерді шығарып тастағанда), 17 рет колхоз және совхоз мүліктерін әдейі өртеу орын алған [31] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарқара көтерілісі
Тәуелсіздік жолындағы күрес
Ұлт азаттық көтерілісі жылдарындағы өлең, жырлар
Желтоқсан оқиғасының тарихтағы орны
Арал өңірі қазақтарының ХIX ғасырдағы хиуа хандығымен рассйге қарсы ұлт-азытық күресі
Арал өңірі қазақтарының ХIX ғасырдағы Хиуа хандығымен Ресейге қарсы ұлт-азаттық күресі
Қазақ халқының Ұлт-азаттық көтерілістері туралы
Ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың көлеңкелі жақтары
ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы ұлт-азаттық қозғалыс белестері
Алматыдағы 1986 ж. Желтоқсан көтерілісі: себебі, сипаты, салдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz