Қазақ тіліндегі сыпайылық семантикасы



Жұмыстың тақырыбы: Қазақ тіліндегі сыпайылық семантикасы
Жұмыстың көлемі: 80 бет
Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Диссертациялық жұмыстың бірінші бөлімінде «сыпайылық» ұғымының діни-философиялық, қоғамдық мәні мен маңызы айтылады.Сол арқылы «сыпайылық» ұғымының «ақиқат» белгілері танылған. «Сыпайылықтың» адам болмысына сай, жаратылысынан табиғи қасиеті бар құбылыс екендігіне тоқталынған. Екінші бөлімінде «сыпайылық» категориясы функционалды грамматиканың ғылыми-теориялық негіздерінің аясында қарастырылған. Онда функционалды грамматиканың әлеуеті, басымдылығы және «сыпайылық» категориясын жан-жақты талдап түсінудегі маңызының терең екендігі көрсетілген. Магистрлік жұмыстың үшінші бөлімі бойынша, «Сыпайылық» категориясы «өріс» пен «функцияның» қарапайым әрі күрделі біртұтас семантикалық бірлігіндегі түрлі ситуацияға құрылған лексика-семантикалық микроөрістердің жиынтығынан тұрады. Оларды: 1) «Өтіну» жағдаятында сыпайылық семантикасын беретін тілдік құралдар; 2) «Кешірім сұрау» жағдаятындағы сыпайылық семантикасының берілу жолдары; 3) «Алғыс айту» жағдаятындағы сыпайылық семантикасының сипаты; 4) сыпайылық категориясының «келісу» фунционалды-семантикалық өрісі деген топтарға бөлініп жіктелінген. Әр жағдаяттағы «Сыпайылық» категориясының берілу жолдарына үңіліп, нақты мысалдармен дәлелденген.
Қазіргі таңда белгілі бір саланың тілдік ұғымдарын функционалды-семантикалық өріс арқылы зерттеп-зерделеу ісі ең нәтижелі әдіс болып табылады. Функционалды семантикалық өріс функционалды грамматиканың негізгі категориясы ретінде қызмет етеді. Функционалды грамматика дәстүрлі грамматикадан «мағынадан формаға бағытталған зерттеу парадигмасының қарастырылатындығы» жағынан ажыратылып тұрады. Антропоөзектік бағыт бойынша барлық ғылымның бастауы – адам. Кез-келген тілдік ұғым саналы ойлау мен тілдік әрекеттің жемісі болғандықтан, біз атап танитын қоршаған орта құбылыстары алдымен таным мен сөйлеу әрекетінен туындайды. Сөйлеу кезінде сөздің қоғамдық қызметі ғана емес, оның сол сөзді сөйлеуге дейінгі функциясы маңызды.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Осындай бастамаларды көтерген қазақ тіл білімінің қазіргі зерттеу бағытының басты нысаны – сөйлеу және сөйлеу кезіндегі динамикалық күйдегі тілдік бірліктер. Қазақ тіл біліміндегі сыпайылық категориясы ғылыми айналым жүйесіне еніп жатқан тіл салалары аз емес. Өйткені сөйлеу – адам табиғатының, танымының, психологиясының күрделі де сан-салалы қырларын анықтауға мүмкіндік беретін әмбебап құрал болғандықтан, ол – тілдік құрал, ол – танымдық құрал, ол – қарым-қатынас құралы ретінде қалыптасқан. Сыпайылықтың осыған дейінгі ғылыми әдебиеттерде қолданылып кең тараған теориясы сөз әдебі мен сыпайылықтың ара-жігін дәл баса айтып көрсетпеген, ғылыми тұрғыдан зерттеп-зерделеп бір жүйеге түсірмеген. Осындай таласты мәселелерге тоқала отырып, «сыпайылық» категориясын тілдік тұрғыдан қарастырған ғалымдар азшылықты

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Жұмыстың тақырыбы: Қазақ тіліндегі сыпайылық семантикасы
Жұмыстың көлемі: 80 бет
Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Диссертациялық жұмыстың бірінші бөлімінде сыпайылық ұғымының діни-философиялық, қоғамдық мәні мен маңызы айтылады. Сол арқылы сыпайылық ұғымының ақиқат белгілері танылған. Сыпайылықтың адам болмысына сай, жаратылысынан табиғи қасиеті бар құбылыс екендігіне тоқталынған. Екінші бөлімінде сыпайылық категориясы функционалды грамматиканың ғылыми-теориялық негіздерінің аясында қарастырылған. Онда функционалды грамматиканың әлеуеті, басымдылығы және сыпайылық категориясын жан-жақты талдап түсінудегі маңызының терең екендігі көрсетілген. Магистрлік жұмыстың үшінші бөлімі бойынша, Сыпайылық категориясы өріс пен функцияның қарапайым әрі күрделі біртұтас семантикалық бірлігіндегі түрлі ситуацияға құрылған лексика-семантикалық микроөрістердің жиынтығынан тұрады. Оларды: 1) Өтіну жағдаятында сыпайылық семантикасын беретін тілдік құралдар; 2) Кешірім сұрау жағдаятындағы сыпайылық семантикасының берілу жолдары; 3) Алғыс айту жағдаятындағы сыпайылық семантикасының сипаты; 4) сыпайылық категориясының келісу фунционалды-семантикалық өрісі деген топтарға бөлініп жіктелінген. Әр жағдаяттағы Сыпайылық категориясының берілу жолдарына үңіліп, нақты мысалдармен дәлелденген.
Қазіргі таңда белгілі бір саланың тілдік ұғымдарын функционалды-семантикалық өріс арқылы зерттеп-зерделеу ісі ең нәтижелі әдіс болып табылады. Функционалды семантикалық өріс функционалды грамматиканың негізгі категориясы ретінде қызмет етеді. Функционалды грамматика дәстүрлі грамматикадан мағынадан формаға бағытталған зерттеу парадигмасының қарастырылатындығы жағынан ажыратылып тұрады. Антропоөзектік бағыт бойынша барлық ғылымның бастауы - адам. Кез-келген тілдік ұғым саналы ойлау мен тілдік әрекеттің жемісі болғандықтан, біз атап танитын қоршаған орта құбылыстары алдымен таным мен сөйлеу әрекетінен туындайды. Сөйлеу кезінде сөздің қоғамдық қызметі ғана емес, оның сол сөзді сөйлеуге дейінгі функциясы маңызды.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Осындай бастамаларды көтерген қазақ тіл білімінің қазіргі зерттеу бағытының басты нысаны - сөйлеу және сөйлеу кезіндегі динамикалық күйдегі тілдік бірліктер. Қазақ тіл біліміндегі сыпайылық категориясы ғылыми айналым жүйесіне еніп жатқан тіл салалары аз емес. Өйткені сөйлеу - адам табиғатының, танымының, психологиясының күрделі де сан-салалы қырларын анықтауға мүмкіндік беретін әмбебап құрал болғандықтан, ол - тілдік құрал, ол - танымдық құрал, ол - қарым-қатынас құралы ретінде қалыптасқан. Сыпайылықтың осыған дейінгі ғылыми әдебиеттерде қолданылып кең тараған теориясы сөз әдебі мен сыпайылықтың ара-жігін дәл баса айтып көрсетпеген, ғылыми тұрғыдан зерттеп-зерделеп бір жүйеге түсірмеген. Осындай таласты мәселелерге тоқала отырып, сыпайылық категориясын тілдік тұрғыдан қарастырған ғалымдар азшылықты құрайды. Әсіресе, сыпайылықты категория деп қабылдау соңғы жылдары тек ресей, шетел ғалымдарының еңбектерінде ғана жазылып келді. Қазіргі таңда қазақ тіл білімінде сыпайылықты фунционалды грамматиканың нысаны ретінде зерделеуді қолдап жүрген зерттеушілер бар және олар өте аз. Дегенмен, осындай бастамаларды ескере отырып, функционалды грамматиканың ғылыми-теориялық негіздерін пайдаланып, сыпайылық өрісінің берілуі, функционалды-семантикалық өрістегі сыпайылықтың кездесу жағдайлары, т. б. әлі де зертеуді қажет ететін өзекті мәселе екендігі даусыз.
Зерттеудің нысаны. Сыпайылық категориясы, сөз этикеті, сөйлеу әрекеті, функционалды грамматика, функционалды-семантикалық өріс, жағдаят тілдік теориялары жұмыстың зерттелінетін негізгі теориялары болып табылады.
Зерттеудің пәні. Функционалды грамматика, қазіргі қазақ грамматикасы, дінтану, жалпы тіл білімі т. б. ғылым салалары өзара байланысады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Қазіргі қазақ тіліндегі сыпайылық семантикасын функционалды грамматиканың нысаны ретінде қарастырып, функционалды-грамматикалық өріс бойындағы семантикасын анықтау. Ол үшін орындалатын басты міндеттер төмендегідей:
- Сыпайылық ұғымының мәдени-әлеуметтік, қоғамдық-саяси мәселелеріне шолу;
- Сыпайылық ұғымының діни-философиялық белгілеріне тоқталу;
- Сыпайылық құбылысының лингвистикалық болмысын анықтау;
- Сыпайылық пен сөз этикетінің ара-қатынасын, байланысын анықтау;
- Сыпайылық категориясын функционалды грамматиканың нысаны ретінде қарастыру;
- Сыпайылық категориясын функционалды-семантикалық өрісінде талдау;
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: диссертациялық жұмыста қазақ тіл біліміндегі сыпайылық семантикасы функционалды грамматиканың нысаны ретінде қарастырылып, оған ғылыми-теориялық тұжырымдар жасалынды.
Зерттеу әдістері. Магистрлік диссертацияда төмендегідей зерттеу әдістері қолданылды: сипаттамалы (сипаттау), баяндау әдісі, салыстырмалы, стилистикалық талдау әдісі.
Зерттеу жұмысының теориялық мәні. Диссертация материалдары мен қорытындылары қазақ әдеби тілінің жаңа зерттеу үлгісі ретінде қазақ стилистикасының, функционалды стилистиканың түрлерінің және концепциялардың арасындағы сабақтастықты баяндауда үлкен орын алады. Қазақ тіл біліміндегі функционалды стилистика туралы ғылыми ой-пікірлерді толықтырады. Сонымен қатар, ғылыми ізденістің нәтижелерін анторпоөзектік бағыттағы зерттеулердің басқа үлгілерін зерттеу барысында да пайдалануға болады.
Жұмыстың тәжірибелік құндылығы. Зерттеу нәтижелерін, ғылыми тұжырымдарын жоғары оқу орындарында Қазіргі қазақ грамматикасы, Қазіргі қаза синтаксисі, Функционалды грамматика пәндерін оқытуда пайдалануға болады. Сонымен қатар, арнайы курстарда, арнайы семинарларда, оқулық, оқу құралдарын жазуда, сөздіктерді жасауда пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
1) функционалды грамматика адресанттың сөйлеу әрекетін, прагматикасын, әлеуметтік статусы мен қоғамдық ортасын жан-жақты зерттеп, тәжірибелік зерттеу нәтижесін шығаруға көмектесетін ғылым.
2) функционалды-семантикалық өріс бойындағы сыпайылық семантикасы көпаспектілі, күрделі ұғым.
Зерттеу жұмысының дереккөздері. Жұмысты жазу барысында қазақ ауызекі сөйлеу тілінен, әдеби тілінен, көркем әдебиет стилінен, публицистика материалдарынан алынған тілдік бірліктер, мақал-мәтелдер мен фразеологизмдер, қазақ классикалық әдебиеті мен қазіргі әдебиет өкілдері шығармаларынан дәйектеме сөйлемдер алынды. Белгілі зерттеуші, професссор Р. Әмірдің, Д. А. Әлкебаеваның, Б. Шалабайдың ғылыми оқулықтары диссертациялық жұмыстың ғылыми-теориялық негізін құрайды.
Зерттеу жұмысының жариялануы және сыннан өтуі: Диссертацияның негізгі мәселелері бойынша екі рет есеп түріндегі баяндама жасалды: бірінші және екінші жартыжылдықтағы есеп бойынша; Осы уақыт аралығында диссертация тақырыбы бойынша 3 ғылыми мақала жарық көрді. Зерттеу жұмысының мазмұны мен тұжырымдары бекітілген басылымда (ҚазҰПУ Хабаршысы) мақала түрінде жарияланды. Жалпы магистрлік диссертация Қазақ ұлттық университетінің қазақ тіл білімі кафедрасында қорғауға дейінгі қорғау мәжілісінде талқыланып, мақұлданды.
Жұмыстың құрылымы. Диссертация реферат, анықтама (глоссарий), кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 СЫПАЙЫЛЫҚ - САНАЛЫНЫҢ САПАСЫ

0.1 Сыпайылықтың діни-философиялық белгілері
Халықтық психология - адамдардың қоғамдық және жеке тәрбиесінен, өмірдегі пайымдауларынан туындайтын қарапайым психологиялық білімдерінің жүйесі. Халқымыздың ұлттық психологиясының өзегі имандылық пен адамгершілігінің басты белгісі, оның ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық санасының практикалық көрінісі. Әрине Тауына қарай аңы, заманына қарай заңы, Әр елдің салты басқа, иті қара қасқа дегендей, әлеуметтік өзіндік ерекшеліктері болғандығы белгілі. ...Өз ұлтын сүйген адам өз ұлтының бақыты үшін өз бақытын құрбан қылады, - дейді Мағжан Жұмабаев.
Қазақ мәдениетінің мәніндегі діни сананың мазмұны исламнан бастау алады. Діни сана ислам құндылықтарын ақпараттық сұрыптау рөлін атқарады. Діни сана - ұлттың болымысы, табиғаты, ерекшелігі. Ұлттың мәдени қабаттарына ұңіліп қарасаңыз, бұған көзіңіз жетеді. Ең басты мәдениет қабаты тіл десек, осы тіл арқылы исламның ақпараттың, дүниетанымдық, ділдік, психологиялық, эстетикалық, этикалық ұғымдары, түсініктері, тұжырымдары, анықтамалары орныққан.
Адамдармен жақсы қарым-қатынаста болу, сыпайылық - ислам дінінң құндылығы. Адамзат баласы қоғам ішінде өмір сүргеннен кейін өзара тығыз қарым-қатнаста болуы және сыпайылықпен, құрметпен өзара байланыстарда диалог құрып көпірлер орнатуы бейбіт өмірдің негізгі кепілі болса керек. Қоғамда өзара түсіністік пен диалогтың негізі де осыдан бастау алары анық. Сондықтан да болар ардақты Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде: Мүмин жақсы қарым-қатнас жасай отырып өзі де осыған лайықты болады. Жақсы қарым-қатнас жасамаған немесе жасалмаған мүминде қайыр жоқ. Адамдардың қайырлысы басқаларына қайырлы болғаны!, - деген.
Жалпы ислам дінінде әдептілік, сыпайылық, адамгершілік, әділдік, кешірімшілдік, тазалық деген рухани дүниелер көбіне көп көркем мінез айналасында қарастырылады.
Хасан әл-Басри: Көркем мінез - жылы жүзді болу, кең пейілділік таныту және жәбір көрсетуден сақтану, - деп айтқан. Шаһ Кирманий бұл хақында: Көркем мінез - басқаға жәбір көрсетпеу және машақатқа төзе білу, - деген [2, 26]. Ал әл-Уасити: Көркем мінез - қуанышта да, азалы күнде де халықты риза ету, - деп анықтама берген [3, 104].
Бірде Сәһл ибн Тустариден көркем мінез хақында сұрайды. Сонда ол: Көркем мінездің ең төменгі дәрежесі, қиындыққа төзе білу, сый-сыяпаттан бас тарту, залымға мейірімді болу және оған жаны ашып, Аллаһтан оның жарылқауын сұрау, - деп жауап берген. Сондай-ақ ол тағы бір сөзінде: Ризық үшін қорқып, ақиқатты бұрмаламау. Барлық жағдайда ақиқатқа сену және оны орындау. Өзі мен ақиқаттың арасында және өзі мен адамдар қатынасында оған бойұсыну, опасыздық қылмау, - деген [3, 210].
Расында да мінез дегеніміз, адам бойына тұрақты орныққан қайнар көз. Бұдан адамның барлық іс-әрекеті бастау алады, яғни пенденің барлық әрекеті осы қайнар көзге байланысты. Адамның табиғи мінезіне келсек, бұларға адам болмысындағы адамгершілік, жақсылық жасауды жақсы көру, ізгілікті ұнату сияқты т.б. қасиеттер жатады. Адам баласы дүниеге келгенде ақ парақ сияқты таза күйде туылады. Кейін сәбидің ата-анасы, қоғам, қоршаған орта оған әсер етіп, оның келешектегі болмыс-мінезіне ықпал жасайды.
Ислам ғалымдары бір ауыздан: Егер сол қайнар көзден шыққан әрекет ақылға да, шариғатқа да лайық, мақтаулы амалдардан болса, онда мінездің көркем болғаны. Ал енді бұл амалдар жиіркенішті болса, онда мінез-құлық жаман саналады. Мұндай мінез мұсылман үшін жат саналмақ деген пікірді ұстанады. Аллаһ Тағала Құранда көркем-мінездің артықшылығын және ондай мінезге ие болған адамның мәртебесі жайында көп айтқан. Мысалы:
(Мұхаммед (с.ғ.с.) оларға Аллаһтың мейірімі бойынша, жұмсақ сыңай байқаттың. Егер тұрпайы, қатал жүректі болсаң еді, әрине олар маңайыңнан тарқап кетер еді... (Әли Имран: 159).
Пайғамбарлар өз үмбеттеріне келіп, оларды иманға шақырған. Олардың басты мақсаты - адамның жан дүниесімен жұмыс жасау. Олар өз ұстанымдарын адам жанының түпкі тамырына байлаған. Сол себепті осы ұстанымдар адам табиғатынан үстем келіп, олар пайғамбарларға ерді. Ал пайғамбарлар түзу жол көрсетті. Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.): Діннің жартысы - көркем мінез, - деген.
Исламдағы көркем мінездің маңыздылығын төмендегі сахабалар мен ислам ғалымдарының айтқан сөздері бұдан әрі тереңдете түседі:
Омар ибн Хаттаб (Аллаһ оған разы болсын): Адамдардың арасында көркем мінезді тарқатыңдар, соған сәйкес амал жасауды үйретіңдер, - деген.
Анас ибн Мәлик (Аллаһ оған разы болсын): Расында пенделердің арасында күні-түні Аллаһқа құлшылық қылмаса да өзінің көркем мінезімен жаннаттың ең жоғарғы дәрежесіне жететіндері бар. (Сол сияқты) өзінің жаман мінезінің арқасында жаһаннамның ең түбіне түсетіндері бар, - деп айтқан.
Яхиа ибн Муғаз (Аллаһ оны рахым етсін): Көркем мінез - жаман амалдар көп болса да зиянын тигізе алмайтын жақсылық. Жаман мінез - ізгі амалдар көп болғанымен пайдасын тигізе алмайтын жамандық, - деген.
Әл-Фузайл (Аллаһ оны рахым етсін): Аллаһқа күні-түні құлшылық қылатын бірақ, мінезі жаман адаммен жолсерік болғанша, күнәһәр бірақ, мінезі көркем пендемен бірге болғаным жақсырақ, - деген.
Әл-Хасан (Аллаһ оны рахым етсін): Кімнің мінезі жаман болса, өзін азапқа салғаны, - деп ойын қортындылаған.
Имам Ғазалидің пікірінше, дүниедегі барлық нәрсені жаратқан Аллаһ. Алайда, Оны зұлымдыққа қатысты айыптамау қажет. Себебі зұлымдық дегеніміз басқаның билігіне қол салу. Ал Аллаһ өзгенің емес, Өзінің жаратқан әлемінде. Сондықтан Оның қандай да бір әрекеті зұлымдық саналмайды. Аллаһтың жаратқан күллі нәрсесі, жақсылық, себебі Ол оны жаратты. Тіпті зұлымдықтың адам мақсатына кесірі тисе де Оған қатысты айыптауға болмайды. Зұлым - адам әрекетінің жемісі, өйткені адам жақсылық пен жамандық арасын таңдау еркіне ие. Алайда, соның салдарын таңдауға құқығы жоқ. Адам осы ықтияр мен ерікті басшылыққа алып, бойындағы мінезді тәрбиелеуге құдіретті деп нық сенді [4, 9].
Қазақтың рухани дүниесінің көрнекті өкілі, бойында біздің ұлтымыздың асыл қасиеттері көрініс тапқан, қазақтың тұрмыс-салт, ұлттық ерекшеліктері айқындалған - Абайдың да зерттеген негізгі мәселелерінің бірі - көркем мінез. Ақынның этикалық және эстетикалық тұжырымдамасын діни-этикалық десек болады: ...сондықтан да осы проблемалармен айналысқан, пікір айтқан адамдарды біз бүгінгі күні діни ойшылдар деп жүрміз. Олай болса, Абай да діни ойшыл (философ) [5, 69].
Абай адамның мінез-құлқы туралы толғана келіп, бұл мәселеде қанағатсыздыққа ұрындырмайтын мөлшер шамадан асып кетпеу керектігін өсиет етеді: Әрбір жақсы нәрсенің өлшемі бар, өлшемнен асса - жарамайды. Өлшемін білмек - бір үлкен керек іс... Ішпек, жемек, кимек, күлмек, көңіл көтермек, құшпақ, сүймек, мал жимақ, мансап іздемек, айлалы болмақ, алданбастық - бұл нәрселердің бәрінің өлшемі бар. Ал сол өлшемнің шамасын қалай анықтауға болады? Абайдың пікірінше оның таразысы - ұяттылық пен арлылық. Осы сезім бар жерде адам қанағатшылдық пен кісіліктің тізгінінен айырылмақ емес деген ойға жүгінеді. Ислам адамды осындай ізгі қасиеттерге шақырады. Пайғамбар (с.ғ.с.) Ұят - тек жақсылық әкеледі және Ұят - иманнан, - деп айтқан.
Ойымызды сабақтай түссек, күнделікті күйбең тірлікпен жүріп, Ислам айтқан көркем мінезділікке аса көңіл бөле бермейміз. Аллаһтың ақиқат жолына, имандылыққа шақыру тек имамның, мешіт қызметшілерінің атқаратын міндеті емес. Бәлкім, иман мен инабаттылықтың таралуы үшін ең әуелі пайғамбар (с.ғ.с.) көрсеткен ұлық мінез әр мұсылманның амалында, ахлағында көрініс табуы қажет. Аллаһ пайғамбардың қылығын басқаларға үлгі етіп, жұмсақ мінезді болуға шақырды. Дөрекілік пен қаталдықтың, тасжүректілік пен қатыгездіктің мұсылмандық үшін жат екенін көрсетеді. Себебі жұмсақтық, адамға сақилықты, ибалылық пен сабырлықты, кешірімшілдік пен қанағатшылдықты және Жаратушыдан қорқу мен ибалылықты, сондай-ақ, басқаға жәрдем беруге әзір тұру, жылы сөйлеу мен ынсапшылдық мінездерінің жемісін береді. Бұл өз кезегінде полиэтносты мемлекетіміздегі өзара түсінісу мен рухани келісімді нығайтуға, әлеуметтік-діни және мәдени үйлесімділікті арттыруға ықпалын тигізері сөзсіз.
Жалпы көркем мінездің, яғни сыпайылықтың мән-мағынасын күнделікті өмірде адамардың бір-бірімен амандасу, алғыс айту, кешірім сұрау сынды қарапайым қимылдарынан да байқауымызға болады. Амандасу, кешірім сұрау, рахмет айтуды - сыпайылықтың діни-философиялық аспектісі ретінде жеке-жеке қаратырыпы көрсек мұны түсіну қиынға соқпас. Мысалы, ислам діні философиясында сәлемдесудің де әр түрлі формалары болады:
Ассалаумағалейкум арабша Ассаламу алейкум - Сізге Құдайдың тыныштығы болсын деген мағынаны білдіреді. Демек мұсылманшылықта сәлем берудің негізі - тілек, екі мүмін кездескен жерде бір-біріне тәңірдің тыныштығын тілеп, дұға етеді. Мұсылмандардың сәлемдесу формуласы Құран аяттарымен және Пайғамбар (с.а.с.) хадистерімен бекітілген. Жаратқан Ие бмұсылмандарға бір-бірінің үйіне барғанда жақсылап амандасуларын бұйырады. Есендеспей кірмеуді ескертелі:
Алла Тағала былай дейді: Уа, иман келтіргендер! Өздеріңнен үйлеріңнен басқа үйлерге қашан үйренісіп, иелеріне сәлем бермейінше кірмеңдер. Солай еткендерің өздеріңе жақсы, бәлкім үгіт аласыңдар(Нұр сүресі, 27-аят)[]. Сондай-ақ ардақты аяттарда сәлем берген адамға сәлем қайтаруудың маңыздылығы айтылады:
Алла Тағала былай дейді: және егер сендерге сәлем берілсе, одан да жақсы сәлем беріңдер не солай қайтарыңдар. Шындығында, Алла әрбір нәрсені есептеуші(Ниса сүресі, 86-аят)[].
Мұсылманша амандасудың түп-төркіні атамыз Адамнан басталған. Хақ Тағала әу баста оған осылай сәлемдесуді үйреткен.
Алланың Елшісі(с.а.с.) былай дейді: Даңықты да ұлық Алла Адам атаны алпыс шындық бейнесінде жаратты. Жаратып болған соң оған: Ана отырған топыраққа барда, сәлем бер. Бұл сенің және ұрпақтарыңның сәлемдесуі, - дейді. Ол жеорде бір топ періштелер отырған болатын адам ата оларға барып: Ассаламу алейкум! - деп амандасады. Олар: Ассаламу алейкум уа рахматуллаһ! - деп, рахматуллаһ сөзін қосып жауап береді (Ахмет риуаят еткен).
Сондай-ақ, екі адам емен-жарқын амандасса, іштегі көңіл кірі, бір-біріне деген көңіл реніші кетеді. Сонымен бірге оларға Жаратқан Ие де разы болып, күнә-қателіктерін де кешіреді. Шариғатта шынайы сәлемдесудің осындай қырлары бар.
Барадан (р.а) жеткен риуаятта Алланың Елшісі (с.а.с). Қандай да бір екі мұсылман бір-бірімен кездескенде қол беріп амандасса, олардың күнә-қателіктері кешіріледі деген (Әбу Дәуіт риуаят еткен).
Әбу Аййуб әл-Ансариден (р.а.) жеткен риуаятта Алла Елшісі (с.а.с.) былай дейді: Ешбір мұсылманға бауырымен үш күннен артық араздасуына, екеуі кездескенде бір-бірінен бет бұруына болмайды. Олардың ең ізгісі - алғаш сәлем бергені (Бұхари, Мүсілім риуаят еткен).
Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта бірде Пайғампар (с.а.с.): Жаным қолында болғанымен ант етейін, жәннатқа қашан иман келтіргендеріңше кірмейсіңдер, ал қаша бір-біріңді жақсы көрмейінші толық иман келтірмейсіңдер. Сендерге соны нығайтатын нәрсені айтайынн ба? Өз араларыңда сәлемді таратыңдар (яғни, бір-біріңе сәлем беріңдер), - деген.(Мүсілім риуаят еткен).
Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғампар (с.а.с.): Кіші үлкенге, жүргінші отырған адамға, азшылық көпшілікке сәлем береді - деген.
Алғыс айту да әдетте исламда сыпайылықтың бір белгісі болып табылады. Қандайда бір өзіңе жасалынған жақсылық үшін басқаларға адамның тәрбиелілігінің бір белгісі болфп табылады. Қазақ халқы қайырымдылықтың қадіріне жете білген халық. Жақсылық жасаған жанға лайықты алғысын айта білген жұрт. Алғыс айтудың бірнеше формалары бар. қазірде кең тарағаны рахмет деп айту. Бұл сөздің түп-төркіні Сізге Алланың рахымы жаусын! деген тіркес. Уақыт өтке келе қысқаша нұсқасы қалыптасқан. Ұлтымыздың бұрынғы мұраларына зер салсақ, көпшілік арасында қайыр қылған жанға Құдай жарылқасын, Алла алдыңнан жарылқасын, Жолыңды ашсын деген сияқты ізгі тілектерді жаудыратынын көреміз. Алғыс алған арымас, қарғыс алған жарымас, Алғыс алған жігіттің аты бәйгіден келеді, Баталы құл жарымас, батасыз құл арымас деген алғыс адам адамның жаман болмайтынын білдіретін мақал-мәтелдер де бар.
Зер салып қарасақ, сонау салихалы сипаттың негізі асыл дінімізде жатқандығын аңғарамыз. Хадистерде бір-біріне алғыс білдіру шынайы мұсылман белгісі екендігі аяндалады.
Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбар (с.а.с.) Адамдарға алғыс білдірмейтін адам Аллаға шүкір етіп жарытпайды, - деген. Алғыс айтудың түрлі формалары бар. қазақта Құдайдан қайтсын, Құдай жарылқасын деген алғыс түрлері бар. пайғамбарымыз (с.а.с.) үмбетіне осылай айтуды бұйырған.
Усәма ибн Зейдтен (р.а.) жеткен риуаятта Алла Елшісі (с.а.с.): Кімге бір жақсылып жасалып, жақсылық жасаған жанға: Алла қайырлы сауап берсін! деп айтса, алғыс, мақтауын жеткізген болып саналады, - деген. Сонымен қатар кешірім сұрау - бұл ислам дінінде үлкен мәні бар іс. Пайғамбарымыз (с.а.с.) араздасқан екі адамның қайсысы бірінші болып кешірім сұраса сол жаннаттық дейді. Жалпы Құдайға құлшылық ету, жасаған күнәлары үшін кешірім сұрау ислам дінінің басты қағидаларының бірі болып табылады. Кешірімділік - адам бойындағы жақсы қасиет, пенде біткенге құрметпен, ізгілік тұрғыдан қарау. Адамгершілік, имандылық сияқты гуманистік ұғымдарға мәндес категория. Адамның оқыс істері мен қоғамға зиянды іс-әрекет жасағаны анықталғанда, оған адами тұрғыдан кеңшілік жасап, залалды істерінің мән-жайын түсіндіру, гуманистік қамқорлық жасау, кеңшілік көрсету - Кешірімділік болып табылады.. Күнделікті тұрмыс-тіршілікте қателесіп, іс-әрекеттерінде жіберген жағымсыз қылықтары үшін де адамға Кешірімділік жасалып, оған дұрыс жөн-жосық көрсетіледі. Айыбын мойнына алған, қатесін дұрыс сезініп, оған өкініш білдіретін адамға да Кешірімділік жасалады. Кешірім сұрау - әрбір адамның өзі жіберген қатесін ой-санасымен сезініп мойындауы оның мінезіндегі ерлігі мен батылдығын білдіреді. Кешірімділік - қоғамдағы азаматтардың болашағына сенім артып, оның саналы түрде тәлім-тәрбие алуына қамқорлық көрсетудің көрінісі.
Сөз этикетінің өз алдына дербес бір саласы - қоштасу. Оны дербес сала дейтініміз - оның өзіндік мақсаты, арнайы жұмсалатын тілдік таңбалары, қолданылатын тұрақты орны бар. Қоштасудың да түрлері өте көп. Мәселен, Сау болыңыз, Хош, Көріскенше күн жақсы, Хош болыңыз т.б. Бұларды балаларға тиісті жерінде лайығымен қолдануға үйрету әдептілік әліппесі болып табылады. Себебі қоштасу түрлерінің қолданылуында өзіндік жүйе, қалыптасқан дәстүрлі тәртіп бар. Бала кетер алдында қоштасып, әдеп сақтауға тиіс.
Қаратпаларға байланысты сөздерді жергілікті жерде қолданылу, белгілі бір аймаққа таралуына қарай зерттеу де қызғылықты әрі тілдік, әрі тарихтық деректер берері сөзсіз. Кейбір сөздер диалектолог ғалымдардың ғылыми жазбаларына түскенімен, олар тілдің этикеттік формуласы ретінде түсіндіріліп, талданған емес. Қоштасу формуласы табан астында болмайды, яғни бүлдіршіндерге тек қоштасу сөздерін ғана емес, қоштасуға дайындық сөздерін де үйреткен жөн. Олар, атап айтқанда, Уақыт болып қалыпты-ау, Амал жоқ қайтар уақыт таяды, Уақытыңызды алмайын, Осымен болайық қыстырма сөздері. Яғни, қалыпты қоштасу сөздерінің құрылымы тұтастай алғанда формуладан - негізгі актіден және дайындық актіден тұрады. Міне, осындай қарым-қатынастарды балаға үйрету арқылы сөз әдебін қалыптастыруға болады.
Қазақ мәдениетіндегі ислам құндылықтар жүйесінің әдеп категориясы. Адамдардың дағдыланған құндылықтары мен әрекеттері бір-бірімен тығыз байланысты. Осыған байланысты адамдардың қуанған, ренжіген сәттерін негізге ала отырып, олардың құндылығы жайында сөз қозғауды жөн көріп отырмыз.
Адам баласы биологиялық болымысы жағынан жануарлармен ұқсас келеді. Ал жан-жануарлардан рухани болымысымен ерекшеленеді. Адамзат осы рухани байлығының арқасында өзіне тән мәнді, мағыналы бір әлемде өсір сүреді. Адамның биологиялық және рухани болымысна негізделген құндылық жүйелері адам баласының ішкі әлемінен өзіне лайық орын тауып, оның мінез-құлқына, жүріс-тұрысына ықпалын тигізеді. Сондықтан адамдар жануарлардан тек биологиялық қоздырғыштарымен ерекшеленіп қана қоймай, ең жоғары дәрежеде сана-сезімдері арқылы қалыптастырған мағыналы әлеміне сүйене отырып әрекет етеді.
Құндылық жүйесінің қалыптастырған адамның мәнділік әлемі мен жүріс-тұрысы арасындағы айырмашылығы, кісінің үш түрлі мінез-құлқы арқылы байқалады:
1 кісінің жеке басына қатысты мінез-құлқы;
2 кісінің басқалармен қарым-қатынасында байқалатын мінез-құлқы;
3 кісінің болымысынан қалыптасқан мінез құлқы;
Адамның жеке басына қатысты мінез-құлқын басқаратын биологиялық немесе рухани болымысы. Бұл жерде мәселеге құндылық жүиесі тұрғысынан қарағанда, биологиялық негізі құндылықтар мен адамның рухани болымысы басыты назарға алынады. Рухани құндылықтарды орындауды өзіне міндет етіп қойған кісі, алдымен негізгі құндылықтарды мұқтаждықтармен қанағаттандырады, содан кейін өзі үшін ең маңызды болып табылатын рухани құндылықтарға бағытталады. Қарапайым шарттардың өзінде негізгі құндылықтарды құндылық ретінде мойындамайтын кездері де болады. Экономикалық ахуалы тұрақты, күнделікті тұрмысқа қажеттіліктерін жеңіл жолмен қамтамасыз ете алатын бір кісінің, білім нәрімен сусындау, парасатты болу, жақсы өнер адамы болу, атаққа бөлену сияқты негізгі рухани құндылықтарға қол жеткізу мүмкіндігі, мүмкіндігі шектеулі, экономикалық жағдайы төмен адаммен салыстырған да әлде қайда жоғары. Іс, жұмыс, ақша табу рухани құндылықтардың қалыптасуына демеу болатын құралы құндылықтары болып табылады. Экономикалық жағдайы төмен адамның сана сезімі көбінесе негізгі құндылықтардың орындалуына кері әсерін тигізеді. Рухан құндылықтарды жоғары құндылық ретінде қабылдағанмен, негізгі құндылықтан асып шыға алмағандықтан, оларды жүзеге асыра алмайды. Негізгі құндылықтарды өмірдің мәні деп санайтын адам, экономикалық жағдайдың өте жоғары болғанына қарамастан, рухани құндылықтарға аз көңілбөлгендіктен, биологиялық болымысы арқылы лаззат алғанымен тең болады. Ақша, жұмыс, экономикалық жағдайды көтеру осының бәрі физиологиялық ләззатты сезінуге арналған құрал құндылықтары сияқты көрінеді. Әдептік, кәсіби, ғылыми, экономикалық, құқықтық, дінии, өнер т.б. құндылықтарды бойына сіңірген бір адамның мінез-құлқы, жүріс-тұрысы да осы құндылықтарға бағыныштылығымен бағаланады. Бұндай адам әдептік құндылықтарға тәуелді болғані үшін кәсіби құндылықтарды бойына сіңруде күш жұмсайды, шынымен бұл жолды құндылық деп тани білсеғылымның соңына түседі, құқыққа зиян келтірмеуге тырысады, өнерге мән береді, сенім артқан дінін сақтау жолында тер төгеді.
Ислам құндылықтары - мәдени антропологиялық феномен ретінде талдап көрелік. Құрандағы құндылықтар жүйесінің негіздеріне - Алла, Алла Тағаланың өзіндік сипаттары, Алла Тағала тарапынан келетін құндылық сипатындағы жеке ерекшеліктер, Құранда Алла тарапынан түсірілетін құндылықтар, Алла Тағаланың адам баласынан қалайтын нәрселері, Адамның жеке дауапкершілігі, Ахирет, Адам өмірі жатқызылады.
Құрандағы құндылықтар жүйесі көлденең құндылықтар болып, олар өз алдына әс-әрекет құндылықтары ретінде жүрекке қатысты құндылықтар, ақыл-есіне негізделген құндылықтар, сену, тәубә, Алланы еске түсіру және оған жалбарыну, Аллаға сенім арту жатқызылса, деректі іс-әрекет құндылықтары салауат, амал ету, табыну, ал уәжділік және мақсат құндылықтарына Аллаға шүкір айту, азаптан құтылып мәңгілік бақытқа бөлену, Алла ризалығына бөлену жатқызылады. Сонымен бірне, тік құндылықтар жүйесіне адамдарға көрсетілген мақсат тұрғысынан құндылықтардың иерархиясы, Алланың адамның бойына мақсат тұрғысынан жүзеге асуды қалайтын құндылықтар иерархиясы және қайғылы әрекеттерге қатысты құндылықтар иерархиясы жатады.
Жаһандану дәуірінде басты мақсат исламның ғылыми толық жолдарын, әл-Фараби, Ибн Сина секілді ислам ғұламалары ұсынған ғылым жолдарын қайта жаңғырту керек. Қазіргі табиғат ғылым табыстарын ислами негізде қортып қабылдау керек.
Ислам барық діндерді құрыметтейді. Жаһандану дәуірінде ислам өркениеті әлемдік экономика, саясат және мәдени өмір салаларына реформалық-өркениеттік үлгілер ұсына алатындығы оның күш-қуатын көрсетеді.

1. 2 Сыпайылықтың қазіргі мәдени-әлеуметтік, қоғамдық-саяси ерекшеліктері
Адам есейген сайын оның айналасындағы орта ұлғайып, кеңейе береді. Күнделікті өмір адамдар арасындағы сан-салалы байланыстар мен қарым-қатынасқа түсуі барысында белгілі-бір амалдарды қолданады. Соның бірі - сыпайылық қарым-қатынас. Ал сыпайылықтың өзі - адам мінез-құлқына тән ізеттілік, инабаттылық, кішіпейілділік болып табылады.
Сыпайылық - философилық, этикалық ұғым, адамдардың белгілі бір ортадағы адамдардың бір-біріне деген байланысы, мейірімі, көзқарасы барысында жұмсалатын әрекеттер жиынтығы. Сыпайылық әлеуметтік-лингвистикалық құбылыс болғандықтан да, оның өзіне тән қызметі мынадай негізгі қызметтері анықталған:
1) Макрожүйе ретінде тілдің де, микрожүйе ретіндегі сыпайылықтың да атқаратын қызметі бір;
2) Сыпайылықтың арнаулы функцияларының бірі - мәдениеттілікті білдіру функциясы;
3) Сыпайылықтың арнаулы функцияларының бірі - реттеуіш қызметі;
4) Тілдесу тонын айқындауға сезім-күйді білдіру қызметі басты рөл атқарады.
Сыпайылықтың түп негізі жылы шырай мен кішіпейілділікте жатыр. Шынында да, ашық қабақпен, күлімсіреп берген сәлем адамның жан дүниесін жылытады. Сыпайылықтың ең басты шарты - жылы лебіз боп табылады.
Демек, сыпайылық - ізеттілік пен тәрбиенің, жылы лебіздің нышаны. Сондай-ақ, тілде адамдардың өзара қарым-қатынасын реттеп отыратын және олардың шынайылық деңгейін анықтайтын, әдепсіздік пен дөрекілікті шектейтін адам мінез-құлқына тән ізеттілік, инабаттылық, кішіпейілділік, қарапайымдылықтың, т.б. жиынтығы ретіндегі философиялық, этикалық ұғым боп саналады. Көбінесе жұртшылықтың біразы дерлік, сыпайылық дегенді коммуниканттың мәдениетті сөйлеуі деп қабылдайды. Сыпайылықтың барысында адамдар арасындағы байланыс үзілмейді.
Сыпайылық әлеуметтік-лингвистикалық құбылыс болғандықтан да, оның өзіне тән қарым-қатынастық вербалды, бейвербалды амалдары бар. Осы амалдардың қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінен, салт-дәстүрінен хабар бере алатынын ғалым, зерттеушілерімізге сүйене отырып зерттедік.
Сөз этикеті жалпы алғанда адамдар арасындағы байланыстың үзілмеуі, реттеліп отыруы, сыпайы түрде жүзеге асуы, сондай-ақ, көңіл-күйге жағымды әсер ету үшін жұмсалады. Міне, бұларды бір сөзбен айтқанда сөз этикетінің қызметі деп атауға болады.
Сөз этикеті әлеуметтік-лингвистикалық құбылыс болғандықтан да, оның өзіне тән қызметі тіл табиғатынан, тілдің функцияларынан туындайды. Ал жалпы тілдің ең басты қызметі - қарым-қатынас құралы болу және танымдық мәні, яки қоршаған ортаны танып білу, заттар мен құбылыстарды бейнелеу, шағын жүйесі ретінде қарым-қатынас, яғни коммуникативтік қызметі жан-жақты ашылады, ал танымдық қызметінде ол жетекші рөл атқармайды. Мысалы, дәстүрлі Қалың қалай?, Не жаңалық бар?, Мал-жан аман ба? сияқты қалыпты сұрақтар нақты жауапты талап етпейді. Бұл сұраулы сөйлемдер өз кезегінде айтылуға тиіс болғандықтан, айтылады да, оған тағы да дәстүрлі беріледі.
Кез-келген ұлттың, халықтың сырт көзге бірден байқалатын, мен мұндалап тұратын ерекшелігі ең алдымен этикеттен, сөз этикетінен көрінеді. Белгілі-бір халықтың, ұлттың тілін үйренуде басқа елдің алдымен сол халықтың тіліндегі сөз этикетіне ден қояды. Тіл үйренуді амандасу, рахмет айту, кешірім сұрау, комплимент айту және қоштасу сияқты сөз этикет сөздерден бастайды.
Адамдардың дидарласуына, ең алдымен, дәнекер болатын да - осылар. Туған-туысқан, жора-жолдас, тамыр-таныстармен кездескенде - амандасу, кетерде - қоштасу қаншалықты дәстүрлі әдетке айналса, біреудің қуанышына, қайғы-қасіретіне ортақтасу соншалықты табиғи. Адамның жанына жағымды, жылы сөздер оның көңіл-күйінін пернесі сияқты.
Сөйлеу әдебі сыпайылықты білдіретін қосымшалардан немесе тіркестен тұруы мүмкін. Әдетте сыпайылықты білдіретін тілдік формулалар стандартталып келіп, көбінесе қаратпа сөздер, сәлемдесу, танысу, қоштасу, құттықтау, тілек білдіру, алғыс айту, кешірім сұрау, өтініш айту, шақыру, кеңес беру, көңіл айту, жұбату, құптау, марапаттау т.б тілдік конструкцияларда жиі кездеседі. Сөйлеу әдебі кезінде қолданылатын бұл формулалар айтушы мен тыңдаушының жасы, жынысы, қоғамдағы орны, қызметіне қарай тілдің бірнеше қызметін анықтап, атқарып отырады.
Сыпайы сөйлеудегі әр түрлі сөз орамдарын, әдептілікті көрсететін тұрақты сөз тіркестерін барлық тілдерде кездестіруге болады, алайда жапон тіліндегі этикет формалары лексикалық құрамының көптігімен қоса, грамматикалық қатар түзуімен ерекшеленеді. Жапон тілінде күрделі этикет фор - мулаларын қатесіз қолдану үшін бірнеше жыл, көп тәжірибе керек. Шетелдік азаматтар қате қолданып жатса жапондықтар оларға кешіріммен қарауы мүмкін, алайда өз араларында әдептілік кодексін сақтамаған адамға өте қатал. Жапон тілінде, әдетте, сыпайылылықтың екі грамматикалық категориясын бөледі. Бірі сөйлеушінің сұхбаттасушыға, екіншісі әңгіме болып отырған тұлғаларға қарым-қатынасын білдіреді. (семантикалық субъект жәненемесе іс-әрекет объектісі). В.М. Алпатов оларды тиісінше адрессивті және гоноративті категориялар ретінде айқындайды [12, 35]. Гоноратив категориясында формалардың үш тобын бөлуге болады: гоноративті (сыйластық), депрециативті (биязы) және бейтарап. Гоноративті формалар сыйластық қарым-қатынастың мелиоративтік типіне жатқызылады, онда коммуникативті мән берілген лексема сыйластық қарым-қатынастың объектісін асқақтатады. Депрециативті формалар сыйластық қарым-қатынастың пейоративті типін - сөйлеушінің өзін-өзі төмендетуін білдіреді. Бейтарап формалар гоноративті емес те, депрециативті емес те болып табылады - олар сөйлеушінің семантикалық субъектігесөйлеу объектісіне сыйластық қарым-қатынасы туралы ешқандай ақпаратты бермейді. Гоноративті және депрециативті формалар бір уақытта қатар келмейтіні байқалады.
Жапон тілінде адрессивті және гоноративті формалардың жоғары-тең-төмен және өзім-өзге деген мәнін сипаттайтын дифференциалды белгілерін бөледі. Олар сөйлеушінің сұхбаттасушыға (адрессив) немесе әңгіме болып отырған тұлғаға (гоноратив) қарым-қатынасын айқындайды. Әлеуметтік-тұлғалық қарым-қатынастар мәнге ие болады, бұл ретте аталған тұлғаны өзім немесе өзге ретінде бағалауға әңгімелесу жағдаятына басқа да тұлғалардың қатысуы едәуір ықпал етуі мүмкін.
Адрессивті формалар жоғары бөтен немесе тең бөтен ретінде қарастырылатын тұлғалармен әңгімеде міндетті түрде қолданылады. Адрессивті емес формалар, әдетте, сұхбаттасушыларға қатысты тең өзіміз немесе төмен өзіміз ретінде пайдаланылады. Адрессивті де, адрессивті емес те формалар сөйлеушіге қатысты төмен бөтен немесе жоғары өзіміз болып табылатын тұлғалармен әңгімелесуде кездеседі. Сыпайылық деңгейін таңдауды айқындайтын белгілер кейде өзара қарама- қайшылыққа ұшырайды да, жопандық, осылайша, сөйлеу тілінде үнемі олардың басымдығы туралы мәселені шешеді. Жапон ауызекі тілінде сөйлеуші бір ғана сұхбаттасушыға қатысты адрессивті және адрессивті емес мәндегі сөз формаларын қолданған кезде, сөйлеуде адрессивті және адрессивті емес формалар қолданылуының тұрақсыздығы адрессив категориясы формаларының ерекшелігі болып табылады. Гоноративті (сыпайылық) формалары сыйлы тұлғалардың (сөйлеушінің көзқарасы бойынша) іс-әрекеттерінің сипаттамасын беру үшін пайдаланылады. Демек, гоноративті формалар екінші немесе үшінші тұлға - іс-әрекеттің немесе жай-күйдің семантикалық субъектісі болмайтын сөйлемдерде қолданылмайды. Егер үшінші тұлға субъекті болып табылса, гоноративті және бейтарап формалар арасында таңдау болғанда, сөйлеушінің аталған субъектіге қарым-қатынасы ғана емес, сонымен қатар, соңғы мен сұхбаттасушы арасындағы қарым-қатынастар да ықпал етеді. Гоноративті формалар тең өзіміз ретінде қарастырылатын тұлғалар туралы сөйлеуде пайдаланылмайды (осылайша, аталған формаларды өзі туралы (тең өзіміз) сөйлеуде қолдану мүмкін емес). Гоноратив категориясы жоғары өзіміз ретінде қарастырылатын тұлғалар туралы сөйлеуде де, тіпті сұхбаттасушы іс-әрекет субъектісі болып табылғанда да үнемі көріне бермейді. Бөтен субъектінің іс-әрекеттерін сипаттау кезінде гоноративті формалар жоғары және тең белгілерге, бейтарап - төмен белгіге сәйкес келеді.
Жоғарыда атап өтілгендей, жапон тілінде сыпайы сөз формаларын пайдалана отырып әңгімелесу үшін, басты қиындық аталған жағдаят үшін сыпайылық деңгейін таңдау болып табылады. Сөйлеуші жапон қоғамындағы этикеттік қарым-қатынастардың ерекшеліктері туралы білуі тиіс. Көптеген зерттеушілер сыпайылық формаларын таңдау кезінде міндетті түрде ескерілетін факторлардың түпкілікті жинағын көрсетуге тырысады. Алайда, жалпы ережелермен қатар, жеке-субъективті фактор үлкен рөл атқарады және сыпайы сөз формаларын өзекті таңдау мәселелері бойынша, әдетте, ақпарат берушілер арасында бірыңғай пікір жоқ. Жұмыс беруші мен қызметші, сатушы мен сатып алушы, мұғалім мен студент, бастық пен қызметкер және т.б. арасындағы қарым-қатынастарда, әдетте, кімнің дәрежесі жоғары, сол өзі сөйлеген кезде бейтарап не сыпайы форманы пайдаланады; сұхбаттасушы тек қана сыпайы орамдарды пайдалануы тиіс. Сатушы мен сатып алушы арасындағы әңгімелесу жапондықтармен ішкі түйсігінде әлеуметтік драмалық іс-әрекет ретінде түсініледі, онда біріншісі мырзаның, екіншісі қызметшінің рөлін атқарады, бұл сатып алушы сатушы тарапынан сыпайылыққа толы қарата айтылған сөзге мүлде назар аудармаған жағдаятта вербалды мәнге ие болады. Бір-бірімен таныс емес адамдардың әңгімелесуінде көп жағдайда сыпайы сөйлеу пайдаланылады. Сыпайы орнықты сөйлеу танысу кезінде, сондай-ақ жапон қоғамында әлеуметтік жағдайы жоғары бағаланатын адамдарға қатысты қарым-қатыныста қолданылады.
Бастық пен оның қарамағындағы адамның қарым-қатынасы:
:: Қай басшының болмасын жұмыс стилі туралы оның қолданатын тәсілдері мен әдістерінің жиынтығына, іске деген ыңғайына, адамдарға, әсіресе, қарамағындағы қызметкерлерге деген қарым-қатынасы бойынша бағалайды.
:: Әрқашан да қарамағындағы қызметкерлер үшін бастықтың оң үлгі-өнегесі қажет. Егер бастық беделді және сыйлы болса, оған ұқсауға, оның жұмыс әдістерін, мінез-құлық әдеттерін, сөйлеу ырғағын өзіне қабылдауға тырысады.
:: Қарамағындағы қызметкер бастықтың тарапынан ілтипат пен сыйластықты сезінуі қажет. Егер қарамағындағы қызметкердің пікірі қате болса, оны дәлелді және әдептілікпен айту қажет.
:: Қарамағындағы қызметкерге жолдастарының, әсіресе, бөгде адамдардың алдында ұрсуға болмайды. Жасалған теріс қылыққа байланысты қарамағындағы қызметкерге кез-келген ескерту оның ар-намысына тигізбей жеткізілуі керек.
:: Басшы қарамағындағы қызметкерлерімен қарым-қатынаста өзін бірқалыпты ұстауы қажет, кез-келген жағдайда сабырлылығын жоймауы тиіс. Объективті және әділ болуы керек, біржақтылыққа жол бермеуі және өзін сыпайы және әдепті ұстауы қажет.
Телефонмен қалай сыпайы сөйлесу ережелері:
:: Алдымен сыпайы болу тиіс, және мүмкіндігінше қысқаша әрі нақтылықты сақтау керек. Телефон бойынша тек келісіп алып, ал кездескенде сөйлесуге болады.
:: Қоңырауды естігенде, тұтқаны алуға асық, ал алло дегеннен кейін, сәлемдесуге жауап беру керек;
:: Егер сені телефонға үйдегі біреуді шақыруды сұраса, сенің - бұл кім?, ол саған неге керек? - деген құмарлығын дөрекі болады. Хабарласып тұрған, қажет болғанның бәрін, өзі айтады. Ал сұрап тұрғаны, үйде болмаған жағдайда, бірдене табыс ету керек па деп, көңіл бөлгенін, ол сен жақтан орынды және ізгілікті болады.
:: Егер сенің қолың бос болмаса, онда кешірім сұрап, қайта хабарласатыныңды айу керек;
:: Телефон нөмірін жаттап алу бойынша, егер оны дұрыс жаттап алғанына сенімді болмасан, теріп алма. Ал егер қателескен болсан, ешбір жағдайда, сұрастырма, қайда түскенінді және бұл қай телефон нөмірі деп. Ғафу етем, мен қателесіппін, деп айтып тұтқаны қойған абзал;
:: Әнгіме бастағанда, сәлем бер сосын өзінді таныстыр;
:: Егер сен сұрасан, өз қоңырауымен сен оны жұмыстан алаңдатқан жоқсын ба және қазір сенімен сөйлесе алады ма деп, онда сен дұрыс істедің.
:: Телефон әнгімесі - ол белгілі бір дәрежеде күтпеген визит. Сенің қоңырауын біреу үшін бірінші немесе соңғы болуы мүмкін. Сондықтан тәрбиелі адамдар ешқашан телефон әнгімелерімен қиянат етпейді, тек қажеттілік бойынша хабарласады.

1 СӨЗ ӘДЕБІ - ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ ЭТИКАЛЫҚ ҰҒЫМ

2.1 Сөйлеу мәдениетінің қолдану аясы
Сөйлеу мәдениеті дегеніміз - ең алдымен, ауызша және жазбаша әдеби тіл өлшемдерін, яғни айтылу ережелерін, екпін, сөз саптау, грамматикалық және стильдік ерекшеліктерін, сонымен қатар тілдің барлық мәнерлі амал-тәсілдерін айтылған ойдың мазмұнына сай қарым-қатынас процесі барысында қолдана алу әрекеті. Тіл білімінің мамандары сөйлеу мәдениетінің негізгі критерийлері ретінде нақтылық, жүйелілік, айқындылық, туралық, тіл тазалығы сияқты нормативті белгілері анықтауда. Яғни, логикалық үйлесімділік, тіл табайлығы, грамматикалық конструкциялардың алуандылығы, көркем әдеби мәнерлілік сияқты сөйлеу шебершілілігіне тән бірліктерді сөйлеу әрекеттерінде үйлестіру коммуниканттардың алдыларына қойған коммуникативтік мақсаттарға жетуінде орасан зор нәтижелер береді.
Д. Әлкебаева өз зерттеуінде былай дейді: Сөйлеу мәдениеті - көп мағыналы ұғымдардың бірі. Оның ең негізгі мігдеттерінінің бірі болып әдеби тіл ережелері мен өлшемдерін қорғау, этикалық нормалаларды ұстану, белгілі бір сөйлеу түріне байланысты тілдік амалдарды таңдау т.б. іс-әрекеттер саналады. Қаншалықты таң қалдарарлық жағдай болса да оның себебі жаңа демократиялық сөз бостандығы мен жариялылықта. Адамзат баласының табиғат - Анамен өзара байланысы және өзара қатынасы мәселелерімен қатар сөйлеу жағдайындағы экологиялық проблемалар бүгінгі күні өзектілердің бірі болып отыра негізгі факторлардың бірі ретінде арнайы лексикасы, сөзжасам құралдарые ерекше пайдаланумен сипатталатын және стилистикалық тұрғыдан төмендетілген жаргондарды қолдану, қарым-қатынас барысында мәнерлі әдіс-тәсілдерді қолданбай сөздік қорды тарылту, жалпы, тілдік нормаларды бұзу. Кез-келге тілде өтетін қарым-қатынас процесі, демек, коммуникация дегеніміз - байланыс түрі, екі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жіктеу есімдіктерінің зерттелуі
Табу мен эвфемизмнің қазақ тіл білімінде зерттелуі
Ұлттық руханилықты ерекшелейтін паремиялардың лингвомәдени көрінісі
Қазіргі қазақ тіліндегі сыпайы қарым-қатынастың вербалды және бейвербальды амалдары және олардың зерттелу жайы
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ СЫПАЙЫ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАС АМАЛДАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Академик Шора Сарыбаев және одағай жөніндегі зерттеулер
Жіктеу есімдіктері және жақ ұғымы
Одағай - сөз табы
Жапондықтардық сөйлеу мәдениетінің ұлттық ерекшеліктері
БАҚ материалдарындағы эвфемизмдер
Пәндер