Тәжірибелік егеуқұйрық бауырының ультрақұрылымы


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Элиманова Ж. С.

ТӘЖІРИБЕЛІК ЕГЕУҚҰЙРЫҚ БАУЫРЫНЫҢ УЛЬТРАҚҰРЫЛЫМЫ

ДИПЛОМНАЯ РАБОТА

Мамандық 060700 - «Биология»

Алматы 2013

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

: 1
КІРІСПЕ:

ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

:
: 1. 1
КІРІСПЕ:

Бауырдың нәзік құрылымды клеткаларының кейбір артықшылықтары

:
: 1. 2
КІРІСПЕ:

Физикалық жүктемелер мен тамақтану адам және жануарлар бауырына әсері

:
: 2
КІРІСПЕ:

ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛЫ МЕН ӘДІСТЕРІ

:
: 2. 1
КІРІСПЕ:

Зерттеу материалы мен әдістемесі

:
: 3
КІРІСПЕ:

ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН ОЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАУ

:
: 3. 1
КІРІСПЕ:

Қалыпты рационда және жүзу түріндегі физикалық жүктемені күнделікті алып отырған егеуқұйрық бауырларының гисто-ультрақұрылымы

:
: 3. 2
КІРІСПЕ:

Жоғары көмірсулы витаминденген диетада 30 күн жүзу жүктемесінде болған егеуқұйрық бауырының гисто- және ультрақұрылымы

:
: 3. 3
КІРІСПЕ:

Майлылығы жоғары диетада 30 күндік физикалық жүктемеден кейінгі егеуқұйрық бауырының гисто- және ультрақұрылымы

:
:
КІРІСПЕ:

ҚОРЫТЫНДЫ

:
:
КІРІСПЕ:

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

:

Реферат

«Тәжірибедегі егеуқұйрық бауырының ультрақұрылымы» тақырыбындағы бітіру жұмысы қолданылған 41 әдебиеттер көзі мен 7 суреті бар 27 беттен тұрады.

Кілттік сөздер : жоғары көмірсутектік рацион, жоғары майлылық рационы, физикалық жүктеме, гликоген, май дистрофиясы.

Зерттеу объектісі : егеуқұйрықтың бауыр клеткалары.

Зерттеу мақсаты : физикалық жүктеме мен әр түрлі тамақтану рациондарында егейқұйрық бауырының ультрақұрылымдық өзгерістерін зерттеу.

Зерттеу әдістері : электрондық-микроскоптық.

Зерттеу нәтижесі : электрондық-микроскоптық зерттеулер физикалық жүктемелер негізінде түрлі тамақтану рациондарында егеуқұйрықтың бауырында ультрақұрылымдық өзгерістерді көрсетті.

Кіріспе

Соңғы онжылдықта салауатты өмір салты сұрақтары әр түрлі қоғамның қызығушылығын жоғарылатуда. Адам және жануарлар ағзасында үнемі зат алмасу және энергия түзілу жүреді. Сонымен бірге ағзада бірқатар қорғану-бейімделу процестер өтеді. Бауырдың қорғану реакциялар кешені ағзада энергиялық процестерді құрумен қатар түрлі синтетикалық жолдарды өзгертеді.

Физикалық жүктеме мен тамақтану адамның қалыпты денсаулық жағдайына әсер ететін көптеген факторлардың бірі. Дәл осы факторлар ағзаның тұрақтығына және жоғары жұмыс қабілетіне, маңызды қызметтік жүйелер жағдайына қолдау көрсетеді. Бауыр зат алмасуда маңызды рөл атқарады және ағзада әр түрлі стрестік жүктемелер мен тағам сипатына сезімтал келеді.

Осыған байланысты зерттеудің міндеттері келесідей:

  1. Жоғары интенсивті ұзақ физикалық жүктемеде ақ егеуқұйрықтың бауыр клеткасының ультрақұрылымдық өзгерістерін зерттеу;
  2. Әр түрлі пластикалық және энергиялық құнарлы тамақтану рационы мен физикалық жүктемелердің бауыр клеткасының ультрақұрылымына бірлескен әсерін зерттеу.

1 Әдебиетке шолу

1. 1 Бауырдың нәзік құрылымды клеткаларының кейбір артықшылықтары

Адам және жануарлар бауыр клеткаларының жұқа құрылымы тек негізгі жақтарынан зерттелген. Бауыр - ағзаның ішкі ортасының қалпын сақтау, қан айналым, зат алмасу, ас қорыту процестеріне қатысатын адам және жануарлар ағзасындағы ең үлкен без [1, 2] .

Гистологиялық зерттеулер көмегімен бауырдың көпбұрышты кіші паренхима аудандары - бауыр бөліктерінен тұратыны белгілі [3] . Бауыр үйлескен және бөліктер құрылымы мүшенің қантамырлар жүйесінің құрылымына негізделген. Бауырға бауыр артериясы мен воротная көктамыры кіреді. Екі тамыр да үйлескен, сегментті, бөлікті аралық бөліктерге таралады. Дольковой аралық артерия мен көктамыр бірін бірі ораған және шектеп дольковой артерия мен көктамырды айналып өтеді. Соңғылары орталық көктамыр құрылатын орталыққа радиальды бағытта талпынатын және бауыр бөліміне енетін бауыр синустарына таралады. Соңғысы долькаға кіріп долька асты көктамырға, периферия бөлігі долька айналасындағы артериялық ұштық тарамдары бауыр синусоидасына құйылады.

Осылай синусоидада көктамыр және артерия қандары араласады. Синусоида аралығында радиалды тяжамен гепатоцит бауыр клеткалары орналасады. Олар 1-2 үлкен дөңгелек ядролы және дамыған органеллалы көп гранды формалар. Электрондық-микроскоптық зерттеулер гепатоциттің синусоидаға айналған бетінде микротүтіктер бар екенін көрсетеді. Синусоиданың қабырғасы фагоцитозға қабілетті эндотелиден құралған. Синусоида эндотелиінде базальды мембрана болмайды және қанмен гепатоцит араласқанда зат алмасуды қамтамасыз ететін қан плазмасымен толтырылған синусоидты кеңістікпен қоршалған. Екі көрші гепатоцит беткейлігінде қабырғасы жоқ өт қантамырларынан - астаушалар түзіледі. Оның рөлін гепатоциттің плазмолеммасы атқарады. Өт қантамырлардың беті тегіс емес микротүтікшелермен қапталған. Соңғысы бөлік аралық көктамыр мен артерия арасындағы бауыр триадасы құрамында орналасқан. Бауыр балкасы агриофильді волокна, липоциттер, каллогенді волокнадан тұратын синусоида айнала кеңістігі немесе Диссе кеңістігі орналасқан. Липоциттер цитоплазмада көптеген май тамшылары бар және кеңістік жылдам белгіні анықтайтын патология болып саналады.

Бауыр клеткасы - гепатоциттер жалпы бауыр клеткаларының 60% құрайды, екіядролы және полиплоидты клеткалар жиі кездеседі.

Гепатоциттер РНҚ-дан, белоктардан, гликогеннен тұрады. Соның ішінде тотығу-тотықсыздану ферменттер мен несепнәр түзуге қабілетті диксантиннесепнәр-фертменттері ерекшеленеді. Қанмен тасымалданатын заттар бауырда химиялық өзгеріске ұшырайды және қайта құрылу жүреді; дезаминдену, жаңа амин қышқылдар түзілу, қан клеткаларының маңызды белоктары мен бауыр белоктарының биосинтезі қарқынды жүреді. Бауырда глюкозадан, фруктозадан, галактозадан гликоген синтезделеді. Сонымен қатар май қышқылдары мен глицериннен майдың синтезделуі және майды глицерин мен май қышқылдарына ыдырату қабілетіне ие. Минералды заттар мен гормондар алмасуына қатысады. Қанды деполайды, қан ұюға қабілетті заттар, фибриногенді өндіреді.

Электронды микроскоптау гепатоциттерде митохондрия, Гольджи аппараты, агранулалы эндоплазмалық тор, гранулалы эндоплазмалық тор жақсы дамығанын анықтады. Гепатоциттер жоғары регенераторлық қабілетке ие [8, 9, 10] .

Гепатоциттердің айтарлықтай қызметік және ультрақұрылымдық біркелкі емес [11, 12, 13] .

Гепатоциттер қздері сияқты клеткалармен өт қылтамырлары аумағында орналасқан дисмасомалар көмегімен, сонымен бірге жай және құлп байланыстар көмегімен байланысады.

Ядролар дөңгелек формаға ие, хроматиндері біркелкі бөлінген. Ядро қабығы ядро мен цитоплазма арасындағы үнемі алмасу жүріп отыратын көптеген саңылаулар бар. Гепатоциттің цитоплазмасында гранулалы цитоплазмалық байланыс мембранасының саны өте аз болады. Гранулалы байланыс каналшалары қарама-қарсы орналасқан.

Гранулалы цитоплазмалық байланыс егеуқұйрықтың зақымдалмаған бауыры гепатоцитінің жалпы цитоплазма мөлшерінің 12, 3%-ын алады [14] .

Көп ғалымдар белоктардың басым бөлігі соның ішінде альбуминнің синтезі гранулалы цитоплазмалы байланыста өтеді деп есептейді. Гольджи кешенінің везикула мембранасында гемопектин, трансферрин, альбумин белоктары анықталған.

Агранулалы цитоплазмалы байланыс цитоплазмаға толық таралған: оның таралуы гликон жинақталған орындар мен бос рибасомалар және полисомалар.

Т. Ф. Ждаловтың мәліметтері бойынша егеуқұйрықтың зақымдалмаған гепатоцит цитоплазмасында агранулалы цитоплазмалық байланыс гранулалы цитоплазмалық байланыстан 1, 5 есе аз. Гранулалы және агранулалы цитоплазмалық байланыстардың коэффиценттік қатынасы 1, 5-1, 7 аралығында құбылмалы.

Гепатоциттердің морфометрлік талдауы егеуқұйрықтың, тышқанның және адамның цитоплзмалық байланысы цитоплазманың жарты мөлшерін құрайтытын көрсетеді. Агранулалы және гранулалы цитоплазмалық байланыс қатынасы, олардың құрылымдық өзгерістері бауырға әсер ететін әр түрлі факторларға байланысты. Цитоплазманың 0, 2-0, 8% алатын пластинкалы кешеннің пішіні бауырдың регенерация процесі гиперплазия және гипертрофия кешенін бағалауды ескере отырып клетканың әр түрлі қызметтік жағдайы кезінде өзгеруі мүмкін.

Көбінесе зақымдалмаған жануарлардың гепатоцит митохондриясын кескенде дөңгелек және сопақ формада болады. Митохондрия кристалары қысқа, анық көрінеді, бірақ көп емес. Митохондрия саны 20, 1%-ды алады. Оның біраз бөлігін алатын тыныс алу және фосфорлану жүретін конденсацияланған формаға қатыса алатын орташа тығыздықты гранулярлы матриксі бар. Жарқыраған матриксті митохондрия жиі кездеседі, әсіресе, потологиялық процесте көлемі үлкейеді. Бір гепатоцитте митохондрияның әр түрлі формаларының үйлесуін көп зерттеушілер бақылаған.

Зақымдалмаған егеуқұйрықтың митохондриясы үнемі 9, 4 тәулікте жаңарып тұрады. Клетканың 7, 5-12 %-ы гликоген, 3, 1%-ы май тамшылары, аз мөлшерде лизосомадан, пероксисомадан тұрады. Липидтердің деградациясы өт қылтамырлары жағынан жүреді.

Гепатоциттің ультрақұрылымдық ұйымы клетканың қызметік мағынасын білдіретін өз ерекшеліктері бар (гликоген, липид, белок синтезі) . Мұнымен түйіршікті және түйіршіксіз цитоплазмалық байланыстың дамуы жақсы байланысқан және оның мембраналары сыртқы митохондрия мембранасынмен түйіндес.

Бауыр қалыпты құрылымының сақталуы үшін тағамның көлемі мен сапасы сәйкес қатынасты талап етеді. Тағам калориялығы жеткілікті және витаминдер, минералды заттар мен алмаспайтын аминқышқылдары бар белоктар қоры болуы бұрыннан белгілі.

1. 2 Физикалық жүктемелер мен тамақтану адам және жануарлар бауырына әсері

Ағзаның бейімделу мүмкіндігі мен жоғары қызметтік белсенділігін қолдауда физикалық жаттығулар рөлі барлығына белгілі. Дегенмен, физикалық жүктемелер физикалық нормадан асып кетсе кейбір мүшелер жүйесінде бұзылулар, ағзаға кері әсер етеді. Тамақтану пластикалық және энергиялық қамтамасыз ету негізінде ағзаның қызметтік жағдайын бақылайтын сыртқы ортаның мағызды факторы болып табылады. Әдебиеттердегі көптеген мәліметтер тамақтанудың көлемі және белоктың, көмірсудың, витаминнің, минералды заттардың мөлшері, сапасы метаболизмді қалыптандыратын маңызды фактор.

Кешенде белоктық алмасу көрсеткішін тағамның белок жетіспеушілігін сандық және аминқышқыл құрамының сапасын бағалау арқылы зерттеу ағзада ферменттік жүйенің қызметтік жағдайы өзгеріс тудырады.

С. Я. Капланский әріптестерімен жануар бауырында диета кезінде аминқышқыл алмасудағы ферменттердің белсенділігін белок дефицитінің әсерінен тежелетінін дәлелдеді. Протеиндер мен көмірсулардың метаболизмі арасындағы тығыз байланыс ағзадағы көмірсумен қамтамасызданатын белок алмасуды қарастыруға мүмкіндік береді.

Жоғары көмірсулы тағаммен қоректенген егеуқұйрықтың бауырында бақылаумен салыстырғанда пируваттан глюкозаның түзілуі 5, 4 есе төмендегенін көрсетті.

Кері азотты балансты жануарлар ағзасында азот экскрециясы азайып, оның ретенциясы жоғарылайды.

Азоты қалыпты жағдайда және 600-700г глюкоза рационын алған егеуқұйрықты бақылау перифериялы ұлпаларда аминқышқылының босауы мен глюконеогенездің төмендеуі ұлпалық белоктар каскадының азаюымен байланысты болғанын көрсетті. Ағзаға белок жетіспегенде оңай энергиялық субстрат ретінде глюкозаның түсуі аминқышқылдың ферментативті ыдырау

процесін төмендетеді. «тамақтану кезінде белок жетіспеуі аминқышқыл катаболизмін тежеуді, ол тек белок аз түсуімен емес, көмірсудың ағзаға түсуінің жоғарылауынан болады» - С. Я. Капланский.

Ағзаның негізгі энергия көзі болып табылатын көмірсулар глюкозаның эндогенді түзілу процесінде аминқышқылдардың қатысуын төмендету арқылы белоктардың қорғалуына қабілеттілігін көрсетсе, организмде пластикалық қызметтік процестерді қамтамасыз етуде белоктарды толық қолдануға мүмкіндік жасайды.

Бұлшықет қимылының жоғарылауында қалыпты баланстағы тамақтану энергия жұмсалу мен сыртқы ортаның жағдайында тек жұмысқабілеттілікті жоғарылату қабілеттіне ғана ие емес, сондай-ақ жұмыстан кейінгі қалпына келу процесін жылдамдату және шаршаумен күресетін фактор болып табылады (31), сонымен қатар жеке компаненттердің артық немесе жетіспеуінен және рационалды емес жаттығулар мүшелер мен мүшелер жүйесін түрлі қызметтік кейде морфологиялық өзгерістерге алып келеді.

Спортшылардың көмірсуға бай тамақтануында майлы тамақтануына қарағанда жоғары жұмысқақабілеттілік көрсетеді және демалу кезеңінде қалпына келу процестері жылдам әрі тиімді өтетіндігін зерттеулер дәлелдейді. Майлы тамақтану интенсивті созылмалы жүктеме болып табылады және ол бауырда нейтралды майлардың жылдам жоғарылауынан липоид түзуші қызметін және гликогеннің қайта түзілуін төмендететін кері әсерлерімен сипатталады (32) . Тағамда көмірсулардың көптігі әсерінен Гликогеннің ұлпаларда кездесуін жоғарылатады (33) .

Спортшылардың интенсивті физикалық жүктемелері витаминдер мен микроэлементтердің қажеттілігін жоғарылатуға алып келеді (34) .

Тамақтану рационының басты талабына негізгі алмаспайтын тамақтану факторларынан (белоктар, майлар, витаминдер және минералды элементтер) тұратын баланстылық болып табылады.

Цитофлуориметрия және биохимия әдістерімен егеуқұйрықтарда гликогеннің мөлшерін зерттеу жүргізілген. Егеуқұйрықтарға СС£4 созылмалы әсері 6 ай бойында көрсетілген. Қалыпты жағдаймен салыстырғанда гепатоциттерде гликоген 2, 8 есе жоғарылауымен сипатталатын бауыр циррозын тудырады. Көмірсу мөлшері жоғары диетаны қолдану арқылы бауырдың қызметі мен құрылымының толық және жылдамырақ қалпына келуіне көмектеседі (35) .

Бауырдың май инфильтрациясы және липотропты заттар бауырдың қалыпты құрылымының сақталу үшін тамақтанудың сандық және сапалық қатынасына сәйкес болуына талап қояды. Аралас тағаммен тамақтанғанда бауырда майдың мөлшері 5% шамасында, сәйкес емес тамақтанудың әсерінен бауырда май 10-50% жоғарылайды, бұл белгілі бір уақыт аралығында қайта қалпына келмейтін бауырдың зақымдануына алып келеді (36) .

Максималды интенсивтілікті физикалық жүктеменің егеуқұйрық бауырына әсерін зерттеу барысында егеуқұйрықтың жүзу жүктемесі кезінде синусоидада эритроциттердің жиналуы, өлген гепатоциттердің фрагменттері, көптеген фагосомалы Купфер клеткалары, біріктіруші ұлпаның қабықшасы белгіленген. Гепатоциттердің ультрақұрылымы белсенді белок синтезі процесін, бос рибосомаларды, гликогеннің жоқтығын, липидтердің жиналуы мен метаболизмін анықтайды. Бұл құбылыс компенсаторлық процесс ретінде қаралады және жүзу жүктемесі барысында бұлшықеттерде 6, 5% белоу жұмсалады (37, 38) .

Тамақтану қалыпты метаболизм процесі деңгейі мен организмнің түрлі белсенді жұмысқабілеттілігін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Интенсивті бұлшықет қимылында рационға жануар текті белоктар, витаминдер және минералды заттар мөлшерін жоғарылату ұсынылады, ал май қоры жануар майы есебінен болады. Рационның калориялығы физикалық жүктемені атқарудағы энергия жұмсауға сәйкес келуі керек. Рационның негізгі тағамдық ингридиенттері тепе-теңдікті сақтауы организмнің физикалық белсенділігі жағдайы мен реадаптация кезеңінің басты талабының бірі болып табылады.

2. ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛЫ МЕН ӘДІСТЕРІ

2. 1. Зерттеу материалы мен әдістемесі

Зерттеу дене массасы 130-140 гр 15 аналық егеуқұйрықтарға жүргізілді. Зерттеу барысында барлық жануарлар жеке торларда ұсталды және ЗАО «ҚР тағамтану институтында» жасалған жартылай синтетикалық рацион қабылдап отырды. Кесте. №1

Күнделікті тамақтандыру алдында жануарлардың салмағын өлшеп отырдық. Жануарлардың декапитациясын таңғы сағат 9 және 10 аралығында жүргіздік. Микроскопиялық және электрондық-микроскопиялық объектісі - егеуқұйрық бауыры. Барлық жануарларды 3 топқа бөлдік:

  1. топ - базалық рацион алатын және бір ай бойында +18-200С суда 30 минуттық жүзу түріндегі физикалық жүктемеде болатын бақылау жануарлары.
  2. Топ - көмірсуға бай рацион алатын және бір ай бойында +18-200С суда 30 минуттық жүзу түріндегі физикалық жүктемеде болатын жануарлар.
  3. Топ - майлылығы жоғары рацион алатын және бір ай бойында +18-200С суда 30 минуттық жүзу түріндегі физикалық жүктемеде болатын жануарлар.

Тәжірибенің жүргізу мерзімі - 30 күн.

Бақылау және тәжірибелік жануарлар қосымша витаминдік және тұздық қоспалар қабылдады. Олардың тәуліктік рационы орташа 25 грамм шамасын құрады. Жануарлар декапитациясын тәжірибенің 30 тәулігінде жүргіздік.

Гистологиялық зерттеулер үшін егеуқұйрық бауырының бөлшегі 10% формалин ерітіндісінде фиксацияланды. Гистологиялық кескіндерді боядық, зерттедік, суретке түсірдік. Электрондық-микроскоптық зерттеулер үшін бауыр

ұлпасының бір бөлшегін алып, 2, 5% глютаральдегид ерітіндісінде кейін 1% осмийдің төрттотығы ерітіндісінде фиксацияладық. Жалпыға белгілі әдістеме бойынша спиртпен биоптат алдық. Жартылай жұқа кескіндер метилен көгімен, азура-2 және негізінен фуксинмен боялды. Ультражұқа кескіндерді "Reichert"ультрамикротомда дайындадық, уранилацетат пен Рейнольдс бойынша қорғасын цитратын қолдандық. Ультрмжұқа кескіндерді бақылауды және суретке түсіруді ЭВМ-100Л электрондық микроскопында жүргіздік.

КЕСТЕ №1

ТӘЖІРИБЕЛІК ДИЕТАНЫҢ ҚҰРАМЫ

Тәжірибелік

диеталар

Базалық рацион
Көмірсуға бай
Майлылығы жоғары
г
ккал
г
ккал
г
ккал
Тәжірибелікдиеталар: казеин
Базалық рацион: 210
Көмірсуға бай: 86, 1
Майлылығы жоғары: 210
86, 1
210
86, 1
Тәжірибелікдиеталар: Май: шошқа майы
Базалық рацион: 65
Көмірсуға бай: 83, 7
Майлылығы жоғары: 20
41, 8
110
125, 5
Тәжірибелікдиеталар: Өсімдік майы
Базалық рацион: 25
Көмірсуға бай:
Майлылығы жоғары:
Тәжірибелікдиеталар: Көмірсу: крахмал
Базалық рацион: 500
Көмірсуға бай: 266, 5
Майлылығы жоғары: 500
307, 5
400
225, 5
Тәжірибелікдиеталар: сахароза
Базалық рацион: 150
Көмірсуға бай:
Майлылығы жоғары: 200
150
Тәжірибелікдиеталар: Тұз қоспа
Базалық рацион: 40
Көмірсуға бай:
Майлылығы жоғары: 40
40
Тәжірибелікдиеталар: Витамин қоспа
Базалық рацион: 10
Көмірсуға бай:
Майлылығы жоғары: 10
10
Тәжірибелікдиеталар: калориялығы
Базалық рацион:
Көмірсуға бай: 4363
Майлылығы жоғары:
4354
437, 1

КЕСТЕ №2

ТӘЖІРИБЕ БАРЫСЫНДА ЕГЕУҚҰЙРЫҚТАРДЫҢ САЛМАҒЫ

ДИЕТА
БАСТАПҚЫ САЛМАҒЫ
КҮНДЕР
БАРЛЫҒЫ
10
20
30
ДИЕТА: Қалыпты рацион + физикалық жүктеме
БАСТАПҚЫ САЛМАҒЫ: 130-140гр.
КҮНДЕР: 10±5
БАРЛЫҒЫ: 15±10
25±15
170-180
ДИЕТА: Көмірсуға бай рацион + физикалық жүктеме
БАСТАПҚЫ САЛМАҒЫ: 130-140гр.
КҮНДЕР: 10±5
БАРЛЫҒЫ: 10±5
10±5
155-160
ДИЕТА: Майлылығы жоғары рацион + физикалық жүктеме
БАСТАПҚЫ САЛМАҒЫ: 130-140гр.
КҮНДЕР: 20±10
БАРЛЫҒЫ: 40±10
60±10
200-220

3. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН ОЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАУ.

З. 1. Қалыпты рационда және жүзу түріндегі физикалық жүктемені күнделікті алып отырған егеуқұйрық бауырларының гисто-ультрақұрылымы.

Тәжірибе барысында 30 тәулік қалыпты рационда және жүзу түріндегі физикалық жүктемені күнделікті алып отырған бақылау тобындағы жануарлардың дене массасы орташа 30-32% -ға өскен. Жүзу сеансынан кейін 3-5 минут бойы жануарлар қатты қозған, тынышсызданған күйде болды және бірнеше минут тағамға жоламады. Сырттай олар осы уақытта шаршаңқы көрінді.

Микроскопиялық зерттеу бойынша бауыр құрылымы бұзылмаған (сурет 1) . Гепатоциттердің көлемі ұлғайған. Цитоплазмада жеке гепатоциттер қара түсте осмиймен боялған майда және орташа май тамшылары көрсетілген. Гликоген түйіршіктері ацинус аумағына тәуелді бірқалыпты таралмаған. Клетканың ішкі де, сыртқы бірінші аумағынан көп мөлшерде құлпынай түстес үлкен түйіршіктер көрінеде. Дистрофиялық, некроздық өзгерістер анықталмаған.

Осы топтағы егеуқұйрық бауырын электрондық-микроскопиялық зерттеу дозалық физикалық жүктемеден болған келесі ультрақұрылымдық өзгерістерді көрсетті. Бауыр клеткалары ядросында белсенді хроматин-эухроматин есебі жоғарылаған. Ядрошықтар үлкен, қалыпты жағдайда түйіршікті құрылымды. Перинуклеарлық кеңістігі жіңішке. Ядрода белсенді емес және конденсацияланған хроматин жіңішке сызық бойы таралған (сурет2) . Клетканың белок синтездеуінің белсендігін көрсететін ядролық саңылаулар, сонымен қатар каналдар мен түйіршікті эндоплазмалық ретикулумның цистерн мөлшері жоғарылаған.

Физикалық жүктемеден кейінге қалыпты рациондағы Егеуқұйрық бауырының микроскопиялық құрылымы

Ж - май тамшысы; Гп - гепатоцит; Гл - гликоген. Ұлғайту 300

сурет1

Қалыпты тамақтану рационында 30 күндік жүзуден кейінгі ядро гепатоцитінің ультрақұрылымы

ЯО - гетерохроматинмен байланысқан ядро қабықшасы; ГЭР - түйіршікті эндоплазмалық ретикулум; М - митохондрия.

Ұлғайту 12500

Сурет2

Жүзіп жүрген егеуқұйрықтардың клетканың негізгі энергетикалық органоиды - митохондриясының мөлшері мен формасының алуантүрлілігімен ерекшеленді. Олардың арасында АТФ синтезінің күшейгенін көрсететін мембранааралық кеңістік пен матрикстің тығыздығына қалыпты қатынастағы қалақты митохондриялар үлесі көбейген (сурет3) . Митохондриялардың бөлігі ісінген: олардың көлемі ұлғайған, матрикс жарықтанған, кристалары қысқарған. Митохондрияның түйіршікті эндоплазмалық ретикулумның кеңейген каналдарымен тығыз байланысы және олардың ісінуі митохондрияның дезэнергизациясына алып келетін гепатоцит цитоплазмасында ауыр белок синтезін көрсетеді.

Қалыпты рациондағы 30күндік жүзуден кейінгі гепатоцит митохондриясының ультрақұрылымы

М - митохондрия; Ұлғайту 14000

Сурет3

Негізгі энергетикалық құрылымды гликоген мөлшері бауыр гепатоцитінде азайған. Жекеше май тамшылары мен липофусцин түйіршіктері кездеседі. Диссе перисинусоидты кеңістігі кеңейген және мақта тәрізді массамен толтырылған.

Егеуқұйрықтардың күнделікті жүзуі бауырда белок және көмірсу синтезін жоғарылатуымен көрсетілген бауыр клеткаларының органоидтарына құрылымдық реакцияға алып келді. Бұл морфологиялық гепатоциттердің қайта құрылуы құрылымдық-физиологиялық нормадан шықпай тәжірибедегі жануарларға стрестік физикалық әсер нәтижесінде реактивті процестерді көрсетеді. Органоидтардың құрылымдық емес өзгерістер қызметтік жүктемелер нәтижесінде бірден байқалмаған.

3. 2. Жоғары көмірсулы витаминденген диетада 30 күн жүзу жүктемесінде болған егеуқұйрық бауырының гисто- және ультрақұрылымы.

Тәжірибелік топтардағы барлық егеуқұйрықтар физикалық жүктемелерді айтарлықтай қалыпты қабылдаған.

Гистологиялық зерттеулер бойынша бауыр ұлпасының құрылымдың келбеті бұзылмаған. Үлкен көлемдегі гепатоциттер қос ядролы болып кездеседі. Цитоплазмада жеке гепатоциттер өте ұсақ май түйіршігі көрінеді (сурет4) . Әр түрлі көлем мен формаға ие гликоген түйіршіктері барлық ацинус аумақтарында гепатоциттердің көп бөлігі қарастырылады. Әсіресе, гликоген түйіршіктері ацинустың бірінші аймағында орналасқан цитоплазмадағы гепатоциттерде орналасқан. Осында қантамырлардың айналасында клеткадан тыс гликоген жиналуы байқалады. Қантамырлар кеңейгендіктен жеке эритроциттер көрінеді.

Жоғары көмірсулы диетада 30 күн жүзу жүктемесінде болған егеуқұйрық бауырының гистологиялық құрылымы

Ж-май тамшылары; Гл-гликоген; ұлғайту 300

сурет 4.

Бұл топтағы егеуқұйрықтардың бауырын электрондық-микроскопиялық зерттеу ядро қабықшасының аумағының үлкейгендігін және оның клетка ядросының белсендігін жоғарылауына алып келетіндігін көрсететін гепатоциттер үлкен ядролары жеңіл толқынды ядро қабықшасындағы сызықтарға ие екендігін көрсетті. Конденсирленген хроматин негізінен ядро қабықшасы аумағында таралған. Цитоплазмада ядроның айналасында эндоплазмада көп мөлшерде рибосомалар және нәзік фибрилярлы материалдармен көптеген тығыз түйіршікті эндоплазмалық ретикулум каналшалары орналасқан (сурет5) . Түйіршіксіз эндоплазмалық ретикулумның ұсақ везикулаларының көп мөлшері белгіленген. Тығыз және ұсақ митохондриялар полиморфтығымен сипатталған. Қалыпты жағдайда олар өте әлсіз электрондық тығыздықты матрикс пен көптеген кристтардан тұрады. Органеллалар ыдырағандағы өнімдерді және метаболизмнің кейбір өнімдерін залалсыздандыруға қатысатын пероксисомалар белгіленген. Бұл органеллалар мүшенің спецификалық емес тұрақтылығын жоғарылатуға қабілетті екендігі белгілі (36) . Гликоген түйіршіктерінің мөлшері бақылаумен салыстырғанда азайған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Егеуқұйрықтардың өкпе эпителийіне жоғары температураның әсері
Экологиялық факторлардың балықтарға әсері
Оба тектес қоздырғышы
Кадмий. кадмийдің экологиялық аспекттілері. өсімдіктерге әсері
Барсакелмес қорығындағы омыртқалылардың әртүрлілігі
Ауданымызда жиі кездесетін паразит құрттар
Қазақстанның терісі қымбат және кәсіптік аңшылықтың аңдары. Тиімді пайдалану және қорғау
Микроскоптың жалпы үлкейтуі
«Шошқаның тілме ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар»
Дератизациялық шаралар және родентицидтер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz