Компьютер қауіпі



1. Кіріспе Компьютер қауіпі
2. Компьютердің адам ағзасына зиянды әсері
3. Жас ұрпаққа әсері
4. Зиянды әсерлерден қорғану жолдары
5. Қорытынды.
6. Падаланған әдебиеттер.
Компьютер арқылы көптеген мәселеміз шешіліп, біраз мүмкіндіктерге ие болдық десек те, оның адам денсаулығына қаншалықты қауіп төндіретінін көпшілігіміз білеміз. Бұл қауіпті ₺ғасыр ойыншығы₺ тұрмыста көп қолданылады. Компьютерден шығатын электромагниттік сәуле адам ағзасына зиян. Бірақ барлық компьютерлер бірдей деуге болмайды. Соңғы кездегі компьютерлерге қарағанда ерте кезде шыққандары қауіптірек. Екеуінің арасында айырмашылық бар. Соңғы шыққан компьютерлердің өз құрылысына қарай үшке бөлінеді: ақ, сары және қызыл. Ақ құрылысты компьютерлер АҚШ та, Жапонияда, Батыс Еуропа елдерінде шығарылады. Олар өте сапалы және қауіпсіз. Сары құрылысты компьютерлер Гонконг, Тайван сияқты Азия елдерінде жасалынады. Қызыл құрылысты компьютерлердің өзіміздің шеберлер құрастырады. Олар зиянды сәулені көбірек бөледі.
1. Байсенова А.С.Қазақстандағы проблемаларды шешуді мамандар даярлаудың қажеттілігінің тұжырымдамасы.
2. Нұрғазина Қ.
3. Әлімқұлова Э

Жоспар
1. Кіріспе Компьютер қауіпі
2. Компьютердің адам ағзасына зиянды әсері
3. Жас ұрпаққа әсері
4. Зиянды әсерлерден қорғану жолдары
5. Қорытынды.
6. Падаланған әдебиеттер.
Кіріспе
Компьютер арқылы көптеген мәселеміз шешіліп, біраз мүмкіндіктерге ие болдық десек те, оның адам денсаулығына қаншалықты қауіп төндіретінін көпшілігіміз білеміз. Бұл қауіпті ₺ғасыр ойыншығы₺ тұрмыста көп қолданылады. Компьютерден шығатын электромагниттік сәуле адам ағзасына зиян. Бірақ барлық компьютерлер бірдей деуге болмайды. Соңғы кездегі компьютерлерге қарағанда ерте кезде шыққандары қауіптірек. Екеуінің арасында айырмашылық бар. Соңғы шыққан компьютерлердің өз құрылысына қарай үшке бөлінеді: ақ, сары және қызыл. Ақ құрылысты компьютерлер АҚШ та, Жапонияда, Батыс Еуропа елдерінде шығарылады. Олар өте сапалы және қауіпсіз. Сары құрылысты компьютерлер Гонконг, Тайван сияқты Азия елдерінде жасалынады. Қызыл құрылысты компьютерлердің өзіміздің шеберлер құрастырады. Олар зиянды сәулені көбірек бөледі.

Компьютердің адам ағзасына зиянды әсері
Техникалық дәуір адамзаттың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігі болып қалды. Әсіресе, күнделікті өмірі мен жұмысы төртбұрышты мониторға телмірумен өтетіндер үшін компьютердің маңызы да зор, одан тиер зиян да зор. Бірақ кез-келген мәселенің шешімі бар екенін ұмытпаған жөн.Компьютердің мониторындағы кескіндер адамның көзінің көру өткірлігін нашарлатады. Мұны барлығы біледі десек, артық айтқандық болмас.Компьютердің алдында телміріп, көп уақыт тапжылмай отырып, денеміздегі бұлшықеттерді қажытамыз, мойынымыз бен иығымыз талып кетеді және ең қауіптісі, омыртқамызға зиян болады.Монитор қосулы тұрған кезде оның айналасында электростатикалық өріс пайда болады. Ол айналадағы шаң-тозаңдарды адамның қолдары мен бетіне қондырады. Ал ол денсаулық үшін пайдалы болмайды. Компьютер алдында ұзақ отыру, біріншіден, адамның көзіне зиян. Өйткені, үздіксіз экранға қадалу көз жанарының көруін әлсіретіп, құлақтың есту қабілетін төмендетеді. Көз экрандағы мәтiн немесе өзге де бейнелердің әлсіз дiрiлдеулерiн тез қабылдайды. Сөйтіп көзге шамадан тыс салмақ түсіп, көру қабілетін жоғалтады. Мәселен, экрандағы түрлі түстер, тіпті әріптер мен терезелер де көзге теріс әсерін тигізеді.Осының салдарынан көз жасаурап, тез шаршайды.
Егер дер уақытда алдын алмаса, бұл түрлі көз ауруларына соқтыруы мүмкін. Адамның ұйқысы бұзылып, асқа тәбеті болмайды. Ал ұйқысы қанбаған адамның ойлау қабілеті әлсіреп, зейіні төмендейтіні белгілі. Екіншіден, адам компьютер алдында дұрыс отырмаса, сымбаты бұзылады. Бел омыртқаға көп күш түскендіктен, омыртқа қалыптасқан үлгіден өзгеріске ұшырайды. Соның салдарынан скалиоз, яғни, омыртқа ауруына шалдығуы мүмкін. Бұған қоса электрленген сәулелер саусақ ұштарына әсер етіп, қолдың буындарына зақым келтіреді. Компьютер тұрған бөлмені жиі тазалап, үстел мен компьютерді арнайы дымқыл сүрткішпен сүртіп тұрыңыз. Егер компьютердің айналасы шаң-тозаң болса да, адам денсаулығына қауіп. Компьютерді пайдаланғанда көз және дене жаттығуларын жасауды әдетке айналдырыңыз. Өйткені экраннан таралатын электр магнитті толқындар адамның денсаулығына өте зиян. Компьютер алдында жұмыс істейтін адамдардың денсаулығына әсер тигізетін негізгі факторлар:
:: ұзақ уақыт ішінде отырып жұмыс істеу жағдайы;
:: монитордың электрмагнит сәуле шығаруының әсері;
:: көздің қажуы, көруге жүктілік;
:: қол ұшы буынының артық жүктілігі;
:: ақпаратты жоғалтудағы күйзелу.
Отырып жұмыс істеу кезіндегі әсері
Адам компьютер алдында босаңсу жағдайында отырған сияқты, дегенмен бұл ағза үшін мәжбүрлі және ұнамсыз болып табылады: мойын, бастың, қолдың және иық бұлшық еттері күштенген жағдайында, осыдан омыртқаға артық жүктілік, остеохондроз, ал балаларда - сколиоз пайда болады. Отырып көп жұмыс істейтін адамдарда, орындықтың отырғышы мен дене арасында жылу жыншуы пайда болады, бұл жамбас мүшелерінде қанның тоқтауына әкеліп соғады, мұнын салдарынан - простатит және геморрой пайда болады, бұларды емдеу - ұзақ және ұнамсыз процесс. Бұдан басқа, аз қозғалыста өмір сүру жиі май басуға әкеледі.

Көзге әсері. Көз мәтіннің немесе суреттің ең ұсақ теңселуін, сонымен қатар экранның жыпылықтауын тіркейді. Көздің артық жүктелуі көрудің өткірлігін жоғалтуына әкеліп соғады. Сізбен қолданылатын бағдарламалардағы түсті, шрифтерді, терезелердің құрастыруын сәтсіз талдау, экранды дұрыс орналастырмау көруге зиян келтіреді.
Ақпаратты жоғалтудағы күйзелу.
Барлық пайдаланушылар өзінің ақпараттарының резервтік көшірмелерін жиі жасамайды. Ал вирустар ұйықтамайды және ең үздік фирмалардың винчестерлері де сынады және ең тәжірибелі бағдарламалаушы кейде керек емес батырмаға басып қалуы мүмкін... Осы күйзелістің нәтижесінде инфаркттар да пайда болған.
Қол ұшы буынының артық жүктілігі.
Қол саусақтары жастықтарының жүйке негіздері пернеге үнемі соққаннан жарылады, жансыздану, әлсіздік пайда болады, жастықтарда түршігулер жүгіреді. Бұл қол ұшының буын және байланыстырушы аппаратының бұзылуына әкеледі, ал бұдан әрі қарай қол ұшының ауыруы созылмалы болуы мүмкін.
Шаң мен лас: аллергия және ішек жұқпалы аурулары.
Компьютерде және оның маңында шаң мен лас ақырындап көптеп жиналады, алайда оларды жинау жиі қиын болады. Лас болған жерде әртүрлі микробтар, бактериялар және саңырауқұлақтар, ал шаң болған жерде шаң кенелері болады. Осының бәрі әртүрлі ауруларды тудыруы мүмкін - аллергиядан бастап кір қолдан пайда болатын ауруларға дейін.

Жас ұрпаққа әсері.
Кез келген ата-ана балаларына компьютерлік ойындарды ойнатпас бұрын оның зияны туралы да ескертуді ұмытпағаны жөн. Жалпы, шамадан тыс компьютер алдында отыру баланың ғана емес, үлкеннің де жүйкесін жұқартады екен.
Сондай-ақ қазір қалада компьютерлік клубтар жұмыс істейді. Үйдегі ойынға ата-анасы тыйым салған оқушылар бар уақытын осындай клубтарда өткізеді. Тіпті, бұл жердегі ойын үйдегі жалғыз отырып ойнаған ойыннан әлдеқайда қызық. Арнайы желі арқылы ойын қызығына түскен олар бірін-бірі жеңіп шыққанша тапжылмайды. Тіпті, ойынға белгілі бір ұтыс тігіп пайдаға кенелетіндер бар. Ал бұндай ойынқұмар баланың сабаққа құлшынысы болмайтыны анық. Бұған қоса соңғы кезде ұялы телефон арқылы mali-агент жүйесімен тілдесу оқушылардың сүйікті ісіне айналды.
Ойын баланың мінезін өзгертеді.Сонымен қатар, қазір қаланың кез келген үйінде компьютер бар. Балалардың көпшілігі бос уақытын осы көгілдір экрандағы ойынмен өткізеді. Яғни, баланың өзге дүниемен айналысуына мүмкіндігі бола бермейді. Кейде үй тірлігіне алаңдаған ата-ана баласының тыныш отырғанын тәуір көріп, компьютер мен теледидарды көруіне ешқандай шек қоймайды. Керісінше ойынның түрін әкеліп баланы қызықтыратындар бар. Бірақ уақыт өте келе олар кішкентайларының компьютерге қалай тәуелді болып қалғанын аңғармайды. Ал компьютерлік ойын кімге бол - са да қызық. Кейде үлкендердің өзі осы ойынның шырмауынан шыға алмай қалады. Психолог мамандардың айтуынша, балалар бұл ойындарға қызықса, оларды жуық арада тоқтату мүмкін емес екен.
Компьютерлік ойындардың негізгі түрі -- атыс-шабыс, төбелес. Бұл алдымен баланың мінез-құлқына әсер етеді. Өйткені ойынның бас кейіпкері болған бала үнемі ұта бермейтіні анық. Кейде жеңеді, кейде жеңіледі. Ал, ұтылған сайын оның ойынға деген құмарлығы арта түседі. Өзі сол әлемнің батыры болуға ұмтылады. Сырттағы дүниені ұмытып, қым-қиғаш соғыс алаңында немесе сатырлаған төбелестің ортасында, әйтеуір, жарыс алаңында жүреді. Бұндай кезде баланың жүйке жүйесі бұзылып, ашу-ызаға жол береді. Ұтылып қалса, көңіл күйі болмайды. Тіпті осындай кезде айналасындағы адамдардың сөзін тыңдамай, ренжісіп қалуы мүмкі. Айта кетерлік жағдай, компьютерлік ойындардардың көпшілігі атыс-шабысқа негізделгендіктен, бұндай ойынға әуес балалардың бойында мейірімділік, ізгілік қасиеттері азаяды.
Жалпы, балалардың компьютерлік ойындарға қызығушылығы 3-4 жасынан басталады. Бірақ бұндай кезде баланы компьютерге жақындатуға мүлде болмайды. Бала 7 жастан асқаннан кейін ғана аптасына бір рет және аз уақыт компьютерге үйреткеніңіз жөн. Ал, бесінші сыныптан кейін оқушының бұндай ойындарға қызығушылығы қатты байқалады. Әсіресе, осы уақытта жуас, өз ортасынан бөлек жүретін балалар компьютерлік ойындардың тұтқынына айналуы мүмкін. Олар достарымен жақын араласпағандықтан бар уақытын компьютер алдында өткізеді. Бұндай кезде оны ойыннан алыстату өте қиын. Тіпті ол ата-анасына қарсы келіп, жанжалдасуы мүмкін. Ұзақ уақыт компьютермен жұмыс істегендіктен, оның адамдармен қарым-қатынасы қиындай түседі. Мінез-құлқы өзгеріп, тез ашуланады. Көпшілікпен тіл табыса алмайды. Компьютерді қосқанша байыз таппай, ал оның алдында отырғанда уақыттың қалай өтіп кеткенін білмейді. Ойнау мүмкіндігі болмаған кезде өзін жайсыз сезініп, ашуланып, мазасызданады.
Компьютер ойнына тәуелділіктің арақ, шылым, есірткіге тәуелділік сияқты адамға денсаулығына қауіпті жақтары да бар.(Тек жас балалар емес, ересектер де тәуелділік ауруымен ауырады. Мынадай жағдай да тіркелген екен:Калифорниялық бір ер кісі Online-қызметтер үшін өзінің бар тапқан ақшасын құрбан еткен. Онысымен қоймай өзі отырған қара шаңырақты да осы интернеттің жолында рәсуә етіпті. Үй-жайсыз қалып, күнкөріс қамын жасамақ болып, ұрлық жасап жатқан жерінде ұсталып қалады. Сол кездегі әлгі бәтшәғардың айтқаны: "Мен үшін интернетте отыру үйімнің болғанынан да артығырақ. Мен интернеттен көп достар таптым. ") Мұнда адам жүйкесінің дерттілігі, қалыптан ауытқып кетуі жатыр. Тіпті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпаратты қорғау туралы
Интернеттегі ақпарат қауыпсыздығы
Қоршаған ортаның экологиялық жағдайы және қазіргі заманның аурулары
Кәсіпорынмен танысу
ССТК туралы жалпы мағлұмат
Сызбаны қағазға шығару құралдары
Компьютердің қорғаныс қабілеттерін арттыру бағдарламаларын жетілдіру
Қалыпқа келтіру. мәліметтерді сақтаудың теориялық негіздері
КИБЕРҚЫЛМЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТТЕГІ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТТЕРГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС
Microsoft excel программасы
Пәндер