Кітапқа қойылатын техникалық талаптар



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
І тарау
Кітапқа қойылатын техникалық талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6

1.1. Кітап безені ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.2. Кітаптың полиграфиялық сапасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
1.3. Кітаптың мәтіндік сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
ІІ тарау
Кітапқа қойылатын көркемдік талаптар
2.1. Кітаптың мазмұндық болмысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.2. Кітаптың тілдік.стильдік табиғаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
2.3. Кітаптың пунктуациялық сауаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31

Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
Кітап - адамзат тарихының сан ғасырлық ақыл-ой, парасатының, жеткен жетістіктері мен ашқан жаңалықтарының, барлық көрген-білген, көңілге түйген жақсы-жаман іс-әрекеттерінің жиынтық үлгісі. Кешегі тарих бүгінге тасқа басылып, осы кітап арқылы жетті, бүгінгі болашаққа тағы да осы кітап бетінде жол тартпақ. Ендеше, адамзатты рухани сусындататын, қараңғының көзін ашып, білмегенге жөн сілтейтін кітап қандай болуы керек? Жиырма бірінші ғасыр сыйлаған жетістіктері бар құндылықтар өзіне дейінгі кітаптардан несімен ерекшеленбек?
1. Әшімбаев С. Парасатқа құштарлық. Алматы, 1985.-
2. Бердібаев Р. Қазақ совет әдебиетінің қалыптасуы. Алматы, 1971.
3. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. Алматы, 1996.
4. Ысмайылов Е. Сын мен шығарма. Алматы, 1960.
5. Ысқақұлы Д. Сын өнері. Алматы, 2001.
6. Әдебиеттану. Терминдер сөздігі. Алматы, 1998.
7. Омарова Б. Қазіргі полиграфиялық технологиялар. Алматы, 2011

Пән: Полиграфия
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультеті, Баспа ісі және редакциялау кафедрасының 4 курс студенті Төлебаева Мөлдірдің Қазіргі кітап сыны атты бітіру жұмысына

С А Р А П Ш Ы П І К І Р І

Төлебаева Мөлдірдің Қазіргі кітап сыны атты ғылыми жұмысында кітап әлеміне қатысты ең өзекті мәселелер жан-жақты сөз болған. Кітаптың ішкі мазмұны, көркемдігі, безендірілуі, ішкі-сыртқы сапасы, ең бастысы, грамматикалық және техникалық қателері жіпке тізгендей жеке-жеке сараланған, талданған. Мәселен, соңғы уақытта сергек сын мен биік талаптың жоқтығынан, жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кеткен сапасыз кітаптардың ішкі мазмұны көзіқарақты оқырманды теріс айналдыратыны шындық. Рухани құндылықты емес, материалдық табысты қуған жеке баспалардан шыққан сапасы сын көтермейтін кітаптардағы түрлі қателерді, тіпті, балаларға арналған суретті кітапшалардың безендірілуі сын көтермейтіні өткір дәлелдермен жақсы айтылған. Яғни, аталған ғылыми жұмыспен танысқаннан кейін ізденуші өз ойын дәйекті дерек көздерін пайдалана отырып, нақты жеткізе алатынын, зерттеу обьектісі туралы көп мәлімет жинағанын, тынбай ізденгенін бірден байқауға болады. Ең бастысы, ізденуші бұған дейін талқыға түспеген, таптаурын болмаған тың тақырыпқа батыл қадам жасаған.
Сондықтан, бұл жұмысты дер кезінде әрі өте сәтті орындалған ғылыми еңбек деп есептеймін.

Қазығұрт
баспасының бас директоры,
филология ғылымдарының кандидаты Т. Көпбаев

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультеті, Баспа ісі және редакциялау кафедрасының 4 курс студенті Төлебаева Мөлдірдің Қазіргі кітап сыны атты бітіру жұмысына жетекші

П І К І Р І

Қазіргі кітап сыны атты бітіру жұмысы ең алдымен өзінің сонылығымен қуантады. Дәл осы тақырып бұған дейін зерделеніп, зерттелген емес. Оның үстіне, өнер салаларында сыни көзқарас, талғампаздық таным ертерек қолға алынып, бұл күнде бір ізге түскен болса, кітап сыны, яғни, кітаптың көркемдік, техникалық артықшылықтары мен кемшіліктері сараланған ғылыми зерттеулер әлі жазылған жоқ. Осы тұрғыдан келгенде жас талап ізденушінің, яғни ғылым саласына жаңа қадам басқан маманның тың тақырыпқа қорықпай баруы көңілді демеп, болашағынан зор үміт күттіреді. Ізденуші тақырыпты ашу үшін жан-жақты зерттеу мен тиісті дерек көздерін табуда айтарлықтай еңбектенген. Ең бастысы, тыңнан түрен салған тосын дүние өзінің жаңа айқындама, анықтама, тұжырымдамаларымен қызықтырады.
Қорыта айтқанда, ізденуші өз міндетін үлкен жауапкершілікпен атқарып шыққан. Қазіргі кітап сыны атты еңбек жаңарымдық ізденіспен жазылған дипломдық жұмыс екендігі даусыз.

Ғылыми жұмыстың жетекшісі,
филология ғылымдарының кандидаты, доцент Медеубек С.М

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
І тарау
Кітапқа қойылатын техникалық талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6

1.1. Кітап безені ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.2. Кітаптың полиграфиялық сапасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 11
1.3. Кітаптың мәтіндік сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..16
ІІ тарау
Кітапқа қойылатын көркемдік талаптар
2.1. Кітаптың мазмұндық болмысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.2. Кітаптың тілдік-стильдік табиғаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
2.3. Кітаптың пунктуациялық сауаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 28

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31

Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33

Кіріспе
Кітап - адамзат тарихының сан ғасырлық ақыл-ой, парасатының, жеткен жетістіктері мен ашқан жаңалықтарының, барлық көрген-білген, көңілге түйген жақсы-жаман іс-әрекеттерінің жиынтық үлгісі. Кешегі тарих бүгінге тасқа басылып, осы кітап арқылы жетті, бүгінгі болашаққа тағы да осы кітап бетінде жол тартпақ. Ендеше, адамзатты рухани сусындататын, қараңғының көзін ашып, білмегенге жөн сілтейтін кітап қандай болуы керек? Жиырма бірінші ғасыр сыйлаған жетістіктері бар құндылықтар өзіне дейінгі кітаптардан несімен ерекшеленбек?
Міне, Қазіргі кітап сыны атты ғылыми жұмыста біз осы сауалдарға жан-жақты жауап іздеп көруге тырыстық. Сонымен, қазіргі кітап сынын сөз еткенде кітапқа қойылар екі басты талапты өзімізге нысана етіп алдық. Оның біріншісі - кітапқа қойылар техникалық талаптар болса, екіншісі - көркемдік талаптар болмақ. Техникалық талаптарды Кітап безені, Кітаптың полиграфиялық сапасы және Кітаптың мәтіндік сипаты атты үш тақырыпшаға бөліп қарастырдық. Ал, көркемдік талапты Кітаптың мазмұндық болмысы, Кітаптың тілдік-стилдік табиғаты және Кітаптың пунктуациялық сауаты деген тақырыпшаларға жіктедік.
Осы тақырыпшалар ішінде алғашқы кітаптардың шығу тарихы, олардың ішкі-сыртқы безендірілуі, ерекшеліктері, сатылап даму жолынан бастап, осы күнге дейінгі қол жеткізген жетістіктері мен кемшіліктері сөз болды.
Енді зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасына, өзектілігіне, міндеті мен мақсаттарына және зерттелу дәрежесіне тоқтала кетсек.
Зерттеу нысаны: Кітаптың толық безені, полиграфиялық сапасы, мәтіндік сипаты, кітаптың мазмұндық болмысы, тілдік-стилдік табиғаты, пунктуациялық сауаты.
Тақырыптың өзектілігі: Жаһандану кезеңі мен жаңалықтар тасқынына ілесу үшін техникалық және көркемдік сапасы озық кітап шығара білу, заман көшінен қалмай соңғы жетістіктерді тиімді пайдалана білу - дәл қазіргі қоғам үшін өте өзекті мәселе. Сондықтан қазіргі кітап сынын сөз ету, сапаға, кітапқа қойылар талаптарға тоқталу, бар мен жоқты дер кезінде ашып көрсете білу - тақырыптың өзектілігіне дәлел бола алады деп сенеміз.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері: Зерттеу жұмысында сипаттама жасау, тілдік-стилдік талаптар, мазмұндық болмысты ашу тәсілдері қолданылды.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті: Ғылыми жұмыстың басты мақсаты кітаптың арғы-бергі тарихын зерттей, зерделей отырып, оның қазіргі қоғамда алатын орнын айқындау. Кітаптың көркемдік, техникалық сапасының жоғары болуы - ол елдің мәдениеті мен талғамының да биік екенінен хабар беретінін дәлелдеу.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І тарау
КІТАПҚА ҚОЙЫЛАТЫН ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР
Тақырыпқа дендеп енбес бұрын кітаптың адам өмірінде алар орнына тоқталып өтейік. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл - ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың кейінгіге қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік - дейді Ғабит Мүсірепов.
Кітапты таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді қажетіңе жарата білу - әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Бірақ, қазіргі таңда кітап оқу үрдісі бұзылды. Кітап маған тақтан да қымбат, - деген Шекспир сөзінен құн кетті. Оған бір себеп - теле-радио, интернет сияқты заман талабына сай озық технологиялардың кітапты екінші орынға ысырып тастауы болса, екінші себеп - кеңес дәуірінен кейін қайта түзілген қоғамда рухани азық жинау емес, нәпақа табу, отбасын асырау, күнелту алдыңғы орынға шығып кетті.
Міне, дәл осы тұста кітапқа қатысты туындаған бірнеше нақты мәселелерге арнайы тоқталып өтуге болады. Олар: баспалардың нарыққа оңай бейімделе алмауы, қаржылай қиындықтар, кітап тиражының күрт төмендеуі, жаңа ашылған жеке баспалардағы жауапкершіліктің жоқтығынан сапасыз кітаптардың көптеп шығуы, көркемдік кеңес немесе арнайы бақылау орындары болмағандықтан қаржысы бар әркімнің кітап шығаруға деген ұмтылысы, грамматикалық, техникалық қателіктерге жол беру, т.б. Осы аталған олқылықтардың бәрі де оқырман қауымның кітаптан қол үзуіне, тіпті, қол сілтеуіне себепкер болатын жайттар еді.
Сөзіміз жалаң болмас үшін бүгінгі кітаптар төңірегіндегі мәселелермен тікелей бетпе бет келіп жүрген көзіқарақты мамандардың пікірін білген едік. Атап айтар бір жайт, кітаптың ішкі мазмұнына, безендірілуіне, сапасына, қателеріне жауапты әр сала қызметкерлерінің бұл пікірі тек дипломдық жұмысқа ғана арқау болған жоқ. Бұқаралық ақпарат құралдарында арнайы Қазіргі кітап сыны деген тақырыппен жарық көрді. Мәселен, республикалық Қазақ әдебиеті апталығында, Қазақ радиосында көпшілік талқысына түсті. Міне, осы пікірталаста да әңгіменің негізгі өзегі қайтсек мазмұнды, мұқабасы көз тартар, қағазы сапалы, техникалық және грамматикалық қателерден ада қазақ кітабын шығара аламыз деген мәселелер болды. Енді осы пікірталастың газетте жарық көрген қысқаша нұсқасын назарларыңызға ұсынсақ:
Қазіргі кітап сыны

Қазіргі кітаптардың сапасына көңіліңіз тола ма? Кітаптың ішкі мазмұнына, көркемдігіне, мұқабасына, безендірілуіне, әріп қателеріне назар аударасыз ба? Оқырман кәдімгі кітаптарды электронды кітаптарға алмастырады дегенге келісесіз бе? Мен дипломдық жұмысымда осы сауалдарға жауап іздедім. Яғни, Қазіргі кітап сыны деген тақырыпта кітапқа қойылатын барлық талаптарды, қазіргі баспа ісіндегі жетісітіктер мен кемшіліктерді, қаламгерлердің әдебиетке деген жауапкершілігін, сыншылар пікірін қамтуға тырыстым. Кәсіби мамандардың пікірін білдім. Сіз де өз ойыңызды айтыңыз!
Темірғали Көпбаев - Қазығұрт баспасының директоры
Қазір елімізде кітап шығару ісі өндірістік сала ретінде қалыптасып келеді. Ең қиын кезең - 90 жылдардың ортасы мен екінші жартысы болды. Себебі, ол кезде халықтың әл-ауқаты төмендеп кетті. Нарыққа өткен соң қарны ашқан халық ең әуелі кітаптан үнемдеді, руханият мәселесі екінші орында қалды. Өтпелі кезең өтіп, әлеуметтік мәселелер шешіле бастағанда қайтадан кітапқа, мәдениетке бетбұрыс жасала бастады. Дегенмен, кітаптан үнемдеп үйреніп қалған халық сол әдетін әлі де қойған жоқ. Бұрынғымен салыстырғанда кітап сатып алу өте төмен деңгейде. 80 жылдары Алматыда және басқа да қалаларда көптеген кітапханалар, кітап дүкендері болды. Сол жерлерге студенттер, ғалымдар, тіпті қарапайым кісілер жиі бас сұғатын. Барлығы кітапқұмар еді. Халықты тығырыққа тіреген нарықтық кезеңде кітапханалар жекешеленіп кетті. Жеке кітап дүкендерінің иелері кітап бизнесінен пайда таппаған соң онымен айналысуды қойды. Кеңестік кезеңнен келе жатқан ірі баспалардың өзі бағытынан айнып, қолға ілінген нәрсені шығара бастады. Бұған жеке баспалар қосылды. Олар жоспарлы түрде талап пен талғаммен жұмыс істеуден гөрі күн көру қамында жүрді. Өйткені, олардың нақты бағдарламалары, жоспары болған жоқ, сондай-ақ кітап мазмұндық, тақырыптық жағынан бір жүйеге түскен жоқ.
Ал, соңғы 5-6 жылда кітап сапасына, безендірілуі мен мазмұнына қайтадан көңіл бөліне бастады. Өйткені, нарықтың өз заңдылығы бар. Нарыққа, бәсекеге ілесе алмағандар сұраныстан шығып қалады. Қоғам өзгерген сайын адам өзгереді, адам өзгерген сайын талғам да өзгереді. Өскелең талғам мен талап кітаптың да сапалы шығуына әсер етеді.
Елдің әл-ауқаты жақсарған соң мемлекет мәдени бағдарламаларды қолға алды. Кітап жүйесіне, тақырыбына, мазмұнына мән беріп, рухани қажеттілікті өтейтін әдебиеттер шығара бастады. Дегенмен сапасы төмен, мазмұндық жағынан оқырманға титтей де пайдасы жоқ кітаптар да азаяр емес. Ал, баспахана мәселесіне келетін болсақ, Қазақстанда полиграфия саласы әлі жүйелі жолға түскен жоқ. Себебі, бізде соңғы жылдарға дейін полиграфист-маман дайындайтын жоғары оқу орындары болған жоқ. Тек Мәскеуден, Санк-Петербордан оқып келген мамандар еңбек етіп жүр. Өз мамандарымыз жеткіліксіз. Және баспагер, полиграфист, редактор дайындайтын оқу орындары саусақпен санарлық. Сондықтан біздің баспа ісі, полиграфия саласы, Ресеймен, Қытаймен салыстыруға келмейді. Оларда кітаптар әрі арзан, әрі сапалы. Бізде сапасы төмен, бірақ бағасы қымбат. Оның басты себебі, бізде қағаз комбинаттары жоқ, қағаз өндіріп шығармаймыз. Қағазды шетелден сатып аламыз. Ол бізге жеткенше үш-төрт есе қымбаттап кетеді. Қағаз қымбат болған соң кітап та қымбат. Ол аз болса кітапты саудаға ұсынған кітап нүктелері түк істемей отырып, 35 пайыз үстеме баға қосады. Сөйтіп, оқырманға жеткенше баға шарықтап кетеді. Сондықтан ең әуелі елде қағаз өндіру ісін жолға қою керек. Кітап шығару ісіне қолданылатын полиграфиялық жабдықтар сақадай-сай болса, құрама бөлшектері өз елімізде шықса, кітап сапасы жақсарып, бағасы төмендер еді. Қазір көптеген баспаханаларда кітапты желімдеу, бүктеу, тігу, беттеу сияқты жұмыстар қолмен жасалып жатыр. Цехтарда жазғы-қысқы температураға сәйкес технологиялық талаптар ескерілмеген. Сондықтан басу машиналары тез бұзылады, қателіктер жіберіледі. Яғни, кітап сапасы да басу машиналарына байланысты. Кітаптың безендірілуі, сапалы болуы баспа мамандарының білік деңгейіне де байланысты.
Бізде шыққан кітаптар сапалы болғанымен оқырманға ыңғайланып жасалмайды. Көп авторлар кітабының ақ қағазбен шыққанын, мұқабасының қатты, түбі тігілгенін қалайды. Ал қағаз неғұрлым қалың болған сайын ауыр, оқуға ыңғайсыз болатынын ескермейді. Мысалы, Ресейде 100-200 мың данамен шыққан бестселлердің, ең өтімді кітаптардың көбі газеттік қағаздармен шығады, ірі әріптермен басылады. Жеңіл әрі оқуға ыңғайлы, арзан болады. Сондықтан кітапты неғұрлым ыңғайлы етіп шығару керек.
Тақырыптық жағына келетін болсақ, қазір ірі баспалар өз бағытын тапты. Бірі тарихты зерттеу, зерделеумен айналысса, енді бірі көркем әдебиетті, бірі көп томдықтарды шығарып жатыр. Кейбірі тек суретті кітапшалар шығаруға бейімделді. Жалпы, баспа өндірісінде сапа біртіндеп жақсарып келе жатыр. Қазір елімізде 300-ден аса баспа бар екен. Бірақ кітап таралымы өте аз. Сондықтан, ең өтімді деген кітапты таңдап шығару, тарату қолға алынуы тиіс.

Әлия Бөпежанова - сыншы
Қазіргі кітаптар көңілден шыға ма? Бұл әлеуметтік зерттеуді талап етеді. Бірақ зерттеліп жатқаны да шамалы, өйткені кітап өте көп шығады. Жеке баспалар көбейді. Бұл өте жақсы, бірақ деңгейдің түсіп бара жатқаны алаңдатады. Өйткені, қазіргі кітаптарда қате өте көп. Себебі, баспаларда кәсіби мамандар аз.
Ал, кітап неге оқылмайды? Кітапты тауар десек, оның маркетингтік, тарату және жарнамалық жұмыстары жүргізілуі керек. Бізде кітап шығару ісі мұндай жолға қойылмаған. Сондықтан кітап шығарудың мемлекеттік концепциясын өзгерту керек. Кітаптың көркемделуі, безендірілуі бұл да үлкен мәселе. Кітап оқырманға жетпейді. Қай кітап қалай шығып жатқаны зерттелмейді, маркетинг өз деңгейінде жүргізілмейді. Мәселен, баспа тұрақты зерттеу жасап отыруы қажет. Арнайы қызметкерлер, арнайы агенттіктер жұмыс істеуі керек. Өнім жақсы болуы үшін көп мамандар қажет. Қысқасы, кітап саудасына мол инвестиция салу қажет. Яғни, интеллектуалдық және қаржылық капитал болуы тиіс. Интеллектуалдық капитал қашан болады, яғни қаржылық капитал болғанда. Бұл үлкен механизм. Сондықтан кітап шығарудағы мемлекеттік саясатты түбегейлі өзгерту керек.

Бауыржан Жақып - Қазақ энциклопедиясының бас директоры
Қазір баспа саласы, кітап басу ісі дамып, баспалардың саны ғана емес, сапасы да артып келеді.
Бірақ, кітапқа қойылар талап толық сақталмай отыр. Бұрын әрбір кітап екшеуден өтіп, кіші редактор, аға редактор, бас редактор, одан кейін директор тексеретін. Қазір нарық заңдылығына байланысты баспалар шағын ұжымдарға айналды. Кітап шығаруға ұмтылған жекеменшік баспалар, жеке адамдар көбейді. Соның салдарынан біздің атымызға кір келіп жатады.
Кітап сыны жоқтың қасы. Көбіне жаңа шыққан кітаптарды мақтау, мадақтау басым. Кемшіліктері айтылмайды. Яғни, кітап сыны өз деңгейінде емес. Ал оның полиграфиялық безендірілуі, дизайны туралы сын айту мүлдем жоқ. Себебі, ондай мамандар бізде өте сирек. Дәл қазір дизайн, полиграфия саласын меңгерген мамандар баспа ісіне ауадай қажет. Бұрын газет беттерінде Кітап сыны деген арнайы айдарлар болатын. Шыққан кітаптардың жақсы-жаманын көрсетіп отыратын. Қазір Кітап жаршысы деген қазақ тілінде айына бір рет шығатын газет бар. Онда қай кезде, қандай баспадан, қандай кітаптар шыққаны жөнінде жарнамалық деректер ғана беріледі. Осыдан басқа насихат аз. Ал, Ресейде кітапты тақырыптық жағынан да, мазмұны жөнінде де жарнамалау, тарату мәселесі бір жолға қойылған. Кітаптардың кемшіл тұстары да ашық көрсетіліп жатады.
Бізге қазақ теледидарында, қазақ радиосында, қазақ баспасөзінде осы кітап сынын жолға қою керек. Жалпы, қазір кітапқа деген көзқарас өзгерді. Соңғы кезде бар назар интернетке ауды. Мәселен, жастар кітаптан емес, интернеттен бір шығарманың электронды қысқаша түсініктемесін оқи салуы мүмкін. Ал, біз әлемдік әдебиет жауһарларын кітап күйінде оқып сіңірдік. Одан біз ұтылдық деп ойламаймын. Біздің толқынның рухани байлығы сол.
Қысқасы, кітап сыны, әсіресе, әдеби сын болуы керек. Әдеби сын оқырман талғамын өсіріп, қаламгерлерді сұрыптаса, кітап сыны баспагерлердің сапалы кітап шығаруына ықпал етер еді.

Асқар Алтай - сыншы
Қазір кез келген адам кітап шығаратын болды. Ал, Кеңес заманында цензура бар еді. Белгілі бір сыни көзқараспен қарап, іріктейтін. Кез келген адамның жазғанын шығара бермейтін. Қазір демократиялық қоғам. Мұның да өз кемшілігі мен артықшылығы бар. Өкінішке қарай, жазушылыққа еш қатысы жоқ біреулер кітап шығарып жатыр. Бұл оқырманның талғамын бұзады. Мұның алдын алу үшін баспа басшылары мен редакторлары сауатты әрі талапшыл болуы керек.
Көркем әдебиетке келетін болсақ, бізге бүгінгі күннің проблемасын көсемсөздік тұрғыдан емес, көркемдік тұрғыдан жаңа формада жеткізе алатын, терең философиялық ойларға толы кітаптар керек. Өкінішке қарай, ондай әдебиеттер аз. Ал барын талдап-таразылайтын әдеби сын жоқ. Сынға келген жас буын жоқ. Соның кесірінен шөп те өлең, шөңге де өлең болып, кез келген дүниені көркем шығарма деп қабылдау басымдыққа айналып кетті.

Дәрмен Смайыл -
Дәл қазір қазақ тілінде шығып жатқан электронды кітап жоқ деуге болады. Барлығы қағаздық басылыммен шыққан кітаптардың электронды нұсқасы. Сондықтан электронды кітаптардың әзірге кәдімгі кітаптармен бәсекеге түсетін шамасы жоқ.
Ал, кітаптың жалпы сынына келетін болсақ, сын тек мазмұнды ғана емес, кітапқа қойылатын барлық талаптарды қамтуы тиіс. Мәселен, кітаптың мұқабасы, ішкі-сыртқы сапасы, халықаралық стандарттарға сәйкестігі, безендірілуі, қателері, бәрі-бәрі назарда болуы шарт.
Баспа ісін дамытуда біз жаңа мамандықтардың қыр-сырына үңіле алмай отырмыз. Өйткені, қазір баспаларда екі-үш-ақ адам жұмыс істейді. Біз баспа ісін, кітап дизайнын дамытамыз десек, бұған дейін болған үш редактор: әдеби редактор, көркемдеуші және техникалық редакторларды қайта орнына келтіруіміз керек. Кітап жарнамасын арттыру үшін маркетинг саясаты мен менеджмент саясатын жүргізетін мамандар аса қажет. Олар қоғам талап еткен сұранысты зерттеумен айналысады. Яғни кітапқа тауар ретінде қарау керек. Өйткені, ол рухани азық қана емес, кәдімгі тауар. Сондықтан баспа ісіне бизнес көзі ретінде қарау қажет, сонда ғана біз нарыққа бейімделеміз. Ол үшін бізде пиар технологтар, маркетинг саясатын жүргізетіндер, менеджмент мамандар аса қажет.

Кәдірбек Құныпияұлы Ан-Арыс баспасының директоры
Қазір кітаптың сапасы, басылуы осыдан он-жиырма жыл бұрынғымен салыстырғанда айтарлықтай өсті. Өйткені, қағаздың, кітап басатын техникалардың сапасы артты. Бәрі компьютерленді. Кітапты басу, өңдеу, оқырман қолына әдемі тауар ретінде жеткізу жақсарды.
Ал, кемшілігіне келсек, әр баспа қаржысын үнемдеу үшін көп адам алмауға тырысады. Мәселен, корректор алмай тек редактор ғана алады. Ол корректордың, әрі редактордың жұмысын атқарады. Осыдан келіп кітап сапасы төмендейді. Себебі, корректор қолжазбаны оқығанда мазмұнына емес, грамматикалық қателері мен пунктуациялық қателерге назар аударуы қажет. Ал, редактор мазмұнына назар аударады, автормен келіспейтін тұстары болса бірігіп ретке келтіреді. Содан кейін аға редактордың қолына тиеді. Осылай үш рет оқылымнан өтпеген соң қате міндетті түрде кетеді. Сол күйі оқырман қолына тиіп, оларды адастырады.
Ендігі бір мәселе - жастардың кітап оқымауы. Барлығы интернет қарайды, компьютермен жұмыс істейді. Тіпті, енді бес-он жылда электронды кітаптар баспа кітаптарын ығыстырып шығарады деген пікір бар. Бұл мүлде негізсіз, бос әңгіме. Еш уақытта электронды дүние тасқа басылған рухани әлемді ығыстырып шығара алмайды. Компьютер басқа жастанып, бетін қайырып қойып оқитын кітап емес қой. Сондықтан ол еш уақытта кітапты алмастыра алмайды.

Мадина Омарова - жазушы
Қазіргі кітаптардың сапасы өте төмен. Сауатты адамға қазіргі кейбір кітаптарды оқу өте қиын. Оның мазмұнына, оның тереңіне үңіліп, түбіне еніп кетудің орнына көз сүрінген қателерді көріп, ол кітапты оқуға деген ықылас жойылады. Ал, көптеген жеке баспалар бұған мән бермейді. Грамматикасы, орфографиясы автордың өз еншісінде қалады. Біздің қазіргі кітап шығару ісінде осындай үлкен олқылықтар орын алып жатыр.

Сағатбек Медеубекұлы - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспа ісі және БАҚ безені кафедрасының меңгерушісі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде Баспа ісі және БАҚ безені кафедрасы бар. Мұнда іздену, ғылыми зерттеу жүргізу және оны өндіріспен ұштастыру жолға қойылған. Кітаптану, редакторлық, баспагерлік, шығармашылық және теориялық ізденіс негіздері осыннан бастау алады. Ал, кітап сынына келсек, сын түзелмей, мін түзелмейді. Тек әр кітаптың сапасына, мазмұнына көңіл аудару үшін білікті, танымы терең маман керек. Олар кітап шығару ісіне қатысты барлық талаптарды білуі тиіс. Мәселен, әдебиеттің өз сыны бар, өнердің сан саласында да өзіндік сын бар. Сондықтан, кітап шығаруды да кәсіп емес өнер деп қабылдайық. Өйткені ол автордың, безендірушінің және редактордың шығармашылық ізденісі тоғысқан үлкен бір туынды. Ол оқырманның қолына тигенде оны қуантатын, эстетикалық ләззат сыйлайтын және мазмұны пішініне сай құнды дүние болуы керек. Ал ол үшін тек әдеби сын аз болады, полиграфиялық таным деңгейі мен баспагерлік өлшем керек. Кітапқа қойылатын талаптар, өлшемдер, қағаздан бастап, әріптердің орналасуы, терілуі мен құрылымына дейін, қысқасы, оқырман қолына тигенге дейінгі аралыққа байыпты баға беру және соны үнемі қадағалап отыру қажет. Яғни кітапты сынағанда, тек қана ішкі мазмұнын ғана сынамау керек, онда ол әдебиетті сынаған болып есептеледі. Ал, кітаптың өтуі, кітаптың жетуі, шығуы, дизайны, сапасы, оқырманға үлкен ләззат сыйлауы баспагерлік-полиграфиялық талғам мен талапқа байланысты. Кітап сыны дегенде осының бәрін ескеру керек.
Мөлдір Төлебай, ҚазҰУ-дың 4-курс студенті

Бұқаралық ақпарат құралдарында көтерілген мәселе диплом тақырыбын ашудың бір қыры болса, екінші қыры, интернет беттерінде талқыға түскен өзекті мәселелер. Біз бұған үшінші тарауда арнайы тоқталатын боламыз. Ал, қазір о бастағы полиграфия ісіне қайтып оралсақ.
Интеллектуалдық білімнің қайнар көзі - кітап болғандықтан
Қазақстандағы кітап нарығына тоқталмау орынсыз болар. Өйткені, елімізде әлі күнге дейін мемлекеттік тілдегі кітап басылымы ақсап жатыр. Оның бір себебі: кітап саудасы айтарлықтай дербестікке жете қойған жоқ. Екіншіден, біз әлі де рухани қажеттілікті қанағаттандыруда Ресейге тосқауыл қоя алмай келеміз. Түрлі саланы қамтитын кітаптарды айтпағанның өзінде, күніне көрші елден сандаған газет-журналдар келетіні, ең бастысы, олар көтеретін мәселелер қазақ елінің түсінік-танымына, ұстанымына сай ма, кері ақпараттар бар ма? Ол да сүзгіден өтіп жатқан жоқ.
Енді қазақ тіліндегі кітаптардың сапасы қандай? Онда интелектуалдық ой-қазына қаншалықты көрініс тапқан? Немесе ішкі-сыртқы безендірілуі, мазмұны сын көтере ме? деген сұрақтарға өзімізше жауап іздеп көрейік.
Біріншіден, басқа тілдерден аударылған қазіргі ғылыми немесе көркем дүниелердің басым бөлігі сын көтермейді. Яғни, қазіргі таңда ғылыми кітаптардың қазақ тіліне тәржімалану мәселесі сапалылық пен үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Қазақ тіліндегі ғылыми әдебиеттердің жеткіліксіздігі салдарынан, еліміздің жоғары оқу орындарындағы мемлекеттік тілде білім алушылар - 30-40 пайыздай ғана. Бұл мәселенің айтылғанына жылдар асты, нақты шешімі әлі де табыла қойған жоқ.
Мәселен, Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде түркі тілдес халықтардың ішінде татар тіліндегі кітаптардан кейін қазақ тіліндегі кітаптар саны мен көлемі жағынан екінші орын алған. Бұл кітаптар, негізінен, Қазан, Ташкент, Петербург, Уфа, Астрахань баспаханаларынан шыққан. Қазақ тіліндегі ең алғашқы басылым 1831 жылы Қазақ халқына хабарлама деген атпен Қазан университеті баспаханасынан жарық көрді. 1862 жылы көптің қолына тиген Ер Тарғын эпосының таралымы 33 800 данаға жеткен еді. Кезінде таралымы 57 800 дана болған Біржан мен Сара айтысы да халыққа кең тараған.
Қысқасы, кітап - адамзат тарихындағы тұңғыш бұқаралық ақпарат құралы. Оның шығуы, дамуы жазу мәдениетімізбен тығыз байланысты. Арғысы тас кітаптан, одан соң орама кітаптан негізі қаланған рухани қазына ХІІІ ғасырдан кейін ғана қағаз бетіне түсе бастады. Сол дәуірдегі біздің алғашқы қолжазбалар - әл-Фарабидің, М.Қашқаридің шығармалары.

1.1. КІТАП БЕЗЕНІ
Баспагердің негізгі міндеті - сапалы туындыны жақсы етіп жарыққа шығару. Оның ішкі мазмұны мен сыртқы безендірілуі бірін-бірі толықтырып тұруы тиіс. Жасыратыны жоқ, қазіргі баспагерге кітаптың ішкі дүниесінен гөрі мұқабасының әдемілігі, қағазының жылтырлығы маңыздырақ. Өйткені, кітап дүкендерінде де сырты, қағазының сапасы жоғары кітаптар бірден көз тартады. Бірақ, берері мол, яғни, іші мен сырты үйлесім тауып тұрған құндылыққа не жетсін! Қалай дегенмен де, баспалар арасында бәсекелестік тумай, сапалы дүние күту мәнсіз.
Кітапты безендіру ерекшеліктері
Кітап безендіру ісінің шебері әрі танымал суретші Фаворский: "Кітап деген ұғымды бір жағынан, әдеби шығарманы оқитын техникалық құрал деп түсіну керек" деген екен.
Бүкіл адамзат тарихында небір керемет кітаптар жазылған. Сол кітаптардың ғасырлар бойы атқарып келген функциясы тым қарапайым, Ол - бір адамның қазыналы ойын, білімін, сезімін екінші бір адамға жеткізу. Бірақ сонша қарапайым қызмет бола тұра оның қажеттілігі күннен күнге артып отыр және оның тірлік бар жерде арта беретіні - аксиома. Кітап арқылы біздің эрамызға дейінгі адамдардың қалай тірлік етіп, не оқығандарын, не армандап, өмірден не тоқығандарын біле аламыз. Бұл ретте басылымның ішкі мазмұнымен бірге оның безендірілу ісі де өте зор маңызға ие. Себебі, біз артта қалған ғасырдың тіршілік көрінісін кітаптың мазмұны арқылы білсек, ал, оны жете түсініп, суретін көз алдымызға алып келу процесіне безендіру ісі жауапты. Кітапты немесе басқа да басылымды безендіру дегеніміз - оған өзіндік келісті пішін беру. Бұл - суретші мен әдеби және техникалық редактордың сонымен қоса полиграфистер еңбектерінің ортақ жемісі. Сондықтан қандай да бір авторлық қолжазба дайын кітапқа айналмас бұрын ол екі сатыдан: әдеби және полиграфиялық өңдеуден өтеді. Әрбір кітап әртүрлі аудиторияға арналған. Ең бастысы, кімге арналған болса да оқуға ыңғайлы болуы тиіс. Кітапты баспас бұрын редакторлар осыны ескереді. Оқырман еш қиындықсыз басылымды пайдалану үшін безендіруде кітаптың көлемі, оның жазылуы, шрифтары, сондай-ақ графикалық элементтері өзара үйлесім тауып тұруы керек. Мәселен, осы саланың жетік білгірі Әбілфайыз Ыдырысов жалпы басылымды безендіру ісіне мынандай басты талаптар қояды: Біріншіден - мазмұнды айқындап беру, екіншіден - оқушылардың назарын өзіне аудару, үшіншіден - оқушылардың кітап материалдарын толық түсінуіне ықпал жасау.
Кез келген кітапта безендіру ісі жетекші роль атқарады. Өйткені, кітапта жазылған дүниені оқып білу бір әсер қалдырса, екінші бір әсерді оқушы суреттер арқылы алуы тиіс. Кітаптың көркемделу жағынан сапалы басылуы еліміздегі баспа ісінің қаншалықты деңгейде екендігін де айғақтап береді. Мәселен, тарихы арыдан бастау алатын, тәжірибесі мол, көнеден келе жатқан баспалар тоқырау кезінде шатқаяқтап кеткенімен, бұл күнде соңғы технологиялармен жабдықталып, көштен қалмай, аяғынан тұрды. Қатарға кейін қосылғанымен, заман талабына тез бейімделіп, нарық заңын жылдам байыптаған жаңа баспалар да елімізде аз емес. Міне, осындай баспалардан жарық көретін еңбектердің ішкі мазмұны да, жалпы безендірілуі де талапқа сай болмақ. Атын атап, түсін түстемесек те, осындай баспалардың өнімдері халықаралық кітап көрмелеріне жиі қатысатыны, жоғары бағаға қол жеткізіп жүргені жасырын емес. Әсіресе, өнімді иллюстрациялауда баспалар қазіргі технология жетістігінің арқасында компьютердің озық бағдарламаларын ұтымды пайдалана білген.
"Иллюстрация" деген сөздің өзі латынның "illustrares" деген ұғымынан туындаған. Яғни, "түсіндіру", "көрнекті етіп бейнелеп беру" деген мағына береді. Суреттер, біріншіден, мәтінде дәнекер, көмекші, толықтырушы, екіншіден, мазмұндық, жеке туындылық роль атқарады. Баспа өнімін безендіру ісінде қолданылатын көркемдеу құралы - суреттер үлкен екі салалы болып келеді. Біріншісі - қолсуреттер. Бұл суретшінің бейне, оқиға көрінісін, құбылыстарды, болмысты өз қолымен түрлі сызық, түртіктер, бояулар арқылы бейнелеп "жазуы". Суреттің екіншісі саласы - фотосуреттер. Бұлар фотосуретшінің бейнені, құбылыстарды жарықпен "жазуы". Суреттердің қай саласына болмасын тән нәрсе - көрсету. С.Ф.Добкиннің айтуынша, әдеби және полиграфиялық безендірудің арқасында кітаптың мазмұнын толық ашып бере аласың. Ал, кітаптың әдемі әрі сапалы болып шығуы безендірудің ішкі және сыртқы элементтеріне байланысты. Безендіруде әдеби және полиграфиялық безендірулер бір-біріне қайшы болмауы тиіс. Олар бірін-бір толықтырады.
И.Ф.Бельчиков иллюстрацияға мынандай талаптар қояды:
1. Кітап иллюстрациясының басқа да кескіндеме өнерінен ерекшеленетін тұсы ол толығымен шығарманың мәтініне тәуелді болады. Иллюстрацияның тақырыбы шығарманың идеясынан, сюжетінен, кейіпкердің көңіл-күйінен асып кете алмайды.
2. Кітапта қажет деген иллюстрация қолданылады. Иллюстрация мәтінде қиын ұғым кездескен кезде ғана толықтауыш ретінде қолданылуы керек. Ал, бей-береттілік оқырманды жаңылыстырады.
3. Иллюстрация бағытталған аудиториясына түсінікті, анық болуы қажет.
4. Иллюстрацияның орындалуы кітаптың идеясының тұтастығын қамтасмасыз етуі тиіс.
5. Иллюстрация қағидалары кескіндеме өнерінің қағидаларынан еш ауытқымауы керек.
Мысалы, "Алматыкітап" баспасынан жарық көрген Тазша бала кітабының безендірілуі өнімнің өтімділігіне негізгі кепілдік болып тұр. Басылымның 40 беті түгелдей суреттерден тұрады. Тазша бала - аңыз кейіпкері. Бүлдіршіндер оны қоршаған әлемнің бәрі одан анағұрлым үлкен екенін суреттерден байқап, ертегі әлеміндегі кейіпкерлермен бірге қиялдап, бірге қуанып отырады. Тазша жер бетін түгел аралап, үнемі тоқтаусыз жол сапарда болады. Кітаптың әрбір беті арқылы кейіпкердің жүрген жолдары жалғаса береді. Жол жөнекей таулар мен жазық дала, құмды шөлге кез болады. Қазан-қазан ет қайнатқан әжелер, жолаушыны бір тостақ қымызбен күтіп алуға киіз үйден шыққан бойжеткен, төбеде отырған данагөй қарттың суреттері арқылы безендірушілер көшпелі қазақ жерін айқын көрсете, таныта білген. Безендіруші осының бәрін саясаттық, өнерлік, шығармашылық тұрғыдан атқаруы қажет. Мазмұн мен оның бас тақырыбы арасында, мазмұн мен сурет клишесі арасында, сызықтар мен ашық орындар арасында үйлестік жатуы керек.
Иллюстрациялық әдеби шығармаларда, ғылыми-зерттеу еңбектерде және монографияларда иллюстрация бірінші орында тұрады. Ондағы мәтіннің жүгін иллюстрация көтереді. Сюжеттегі нәзік детальдарды шешуге көмектеседі. Немесе кейіпкердің қалыптасқан жағдайға қарай өзгеріп отыратын мінез-құлқын жеткізуде автордың айтпай кеткен дүниелерін иллюстрация ғана жеткізіп бере алады. Мектеп алды оқулықтарда, партреттік суреттерде, түрлі альбомдарда, атластарда иллюстрация негізгі мазмұнға айналады. Сол арқылы оқырман өмірді, әлемді таниды. Осы тұста "Алматыкітап" баспасынан үш тілде жарық көрген Ермек Өтетілеуұлының балаларға арналған кітаптарын және "Қауіпсіздік шаралары" сериясымен шыққан балалар әдебиеттерін мысал етуге болады. Аталған кітаптар балаларға арналғанымен оларды безендіру, иллюстрация қолдану үлкен маңызға ие. Мәселен, кітап сыртында үстіне ұлттық киім киген өнерлі бала өзінен екі есе үлкен қобызды қолына алып, аса ынтызарлықпен тартып отыр. Суреттің астына еш түсініктеме бермесе де, сурет қазақтың музыка аспаптарының ішінен қобызды қадір тұтатынын, баланың қолындағы қобыз сонау ата-бабамыздан қалған жәдігер екенінен сыр шертеді. Сондай-ақ Жыл он екі ай кітабының сыртқы және ішкі безендірілуінде де ерекше ұлттық сипат бар. Басына сәукеле киген бойжеткен бұрымын он екіге бөліп, жарасымды өрген де иығына түсіріп қойған. Балалар бұл суретке қызыға тұрып, қазақ қыздарының бұрымды келетінін зерделеріне сақтап қалады, ойланады. Осы тектес кітаптар қатарына Ісмерлер атты еңбекті де кіргізуге болады. Балалар бұл кітап арқылы түрлі қол еңбегімен таныса алады.

1.2. КІТАПТЫҢ ПОЛИГРАФИЯЛЫҚ САПАСЫ

Полиграфия - гректің polys - көп, grapho - жазамын деген сөзінен шыққан. Полиграфиялық өнімдер - түпнұсқа түрлеріне кітапшалау, түптеу және өңдеу түрлеріне, мерзімділік ерекшеліктеріне, қолдану уақытына, басылымның пішіні мен көлеміне және қолданылу жағдайына қарай топталады. Баспа-полиграфиялық өнімдердің ішіндегі кітаптар жайлы толығырақ қарастырсақ, олар мазмұнына, оқырмандарына, қолданылу ерекшеліктеріне, пайдалану мерзіміне, безендірілуіне, кітап элементтерінің құрамына, таралымына және өзіне тән белгілі бір белгі-ерекшеліктеріне қарай бірнеше топқа бөлінеді.
Баспа қызметкерлері кітаптарды түрлеріне қарай сұрыптап (классификациялап), титулдық беттің кері бетіне әмбебап ондық сұрыптау белгісін (УДК) және кітапхана библиографиялық сұрыптамасын (ББК) қоюға міндетті. Осы индекстердің көрсеткіштеріне қарай кітаптарды дүкендер мен кітапханаларда жүйелеп, реттеп қояды. Бұл оқырмандарға қажетті кітаптарды іздеп табуды жеңілдетеді.
Әлемдік статистика бойынша басылымдар кітап және кітапшалар (4-48 беттен тұратын, полиграфистер жұмсақ мұқабалы басылымдарды кітапша деп атай береді) болып бөлінеді. Басылымдар бір томды, екі және көп томды болып бөлінеді. Басылым көлеміне қарай (400 беттен 800 бетке дейін бекіту әдісіне және қағаз қалыңдығына қарай) томдарға бөлінеді. Себебі тым қалың және үлкен пішімді кітаптарды оқу өте ыңғайсыз болады. Әрине басылымның неғұрлым кіші, әрі кітап бетінің сыйымдылығы аз болған сайын кітап көп томды бола береді.
Басылымдар полиграфиялық даярлау әдістеріне қарай терілген және репродуцияланған болып бөлінеді. Репродуцияланған басылымдар репринтті (басу қалыбын дайындау үшін басылым беттерін сурет арқылы шығарады) және факсимилді (тарихи құнды кітаптарды барынша сол қалпында шығару) Бұл басылымдардың ұқсастығы тек суретімен ғана емес, сол құнды басылымның қағазына да ұқсас, пішімі де сондай, түптеу қабында дәл қалпында қалдырады. Репринтпен тек қана аса құнды, оқырманға сол қалпында ғана қымбат, қайта дайындауы өте күрделі басылымдарды ғана шығарған дұрыс. Себебі дайындалуы оңай екен деп, шығара салған репринттердің зияны көп. Мысалы, бұрын кеткен қателері түзетілмейді, қағаз шығыны көп кетеді, әріптердегі ақаулардан басылымның сапасы төмендейді. Көркемдік безендірілуі мен полиграфиялық даярлануына қарай жоғары көркемделген кітаптарды атап көрсетуге болады. Аса сапалы кітаптардың макеттері де ерекше даярланады. Басылым қағазының сапасы өте жоғары келеді. Құрылымы арнайы элементтерден тұрады. Мысалы, арасына лиясе салынады, футлярмен қаптаулы, супер мұқабалар кигізілуі мүмкін. Кейбір жағдайларда әртүрлі немесе сирек басу әдістері, кейде арнайы дайындалған әріптер қолданылады.
Картонды мұқабамен түптелген кітап өнімдері құрылымы жағынан кітапшаға қарағанда күрделі және оларды дайындап шығару көп еңбек күшін талап етеді.
Картонды мұқаба дайындау қажетті картон түрлерін, түптеу материалдарын, әртүрлі сорттағы қағаздарды түптеу жіптерін, синтетикалық және табиғи желімдерді, пластмасалық үлбірлерді (пленкаларды) т.с.с көптеген полиграфиялық материалдарды қолдануды қажет етеді. Картонмен түптелген мұқабалардың құрылымдары да, оларды дайындау технологиялары да әртүрлі болады.
Түптеу мұқабасының үстіңгі және астыңғы жағына кітаптың бумасын шаң-тозаңнан сақтауға және эстетикалық сәндеуге арналған каптал деп аталатын, түрлі-түсті жиегі жұмырланған маталық лента таспалары, буманың бірінші және соңғы парақтарына қалыңдау арнайы форзац қағазынан жасалған - форзацтары желімденеді.
Кітапшалар құрылымы жағынан картонмен түптелген мұқабалы кітаптармен салыстырғанда әлдеқайда қарапайым болып келеді. Кітапшалардың құрылымы қарапайым болғандықтан оларды дайындау жұмыстары оңай әрі көп. Қосымша жұмыс уақытын талап етпейді.
Баспаға келіп түскен баспа-полиграфия өнімдердің әрқайсысына белгілі бір құрылымды таңдай білу аса маңызды жұмыстардың бірі. Әрине, тапсырыс берушінің талаптарын, мемлекеттік стандарт талаптарын сақтай отырып, басылымның көлеміне, таралымына, қолдану аясы мен пайдалану жағдайларын ескеру керек. Қазіргі заманғы баспа-полиграфиялық нарық талаптарының ең маңыздысы - экономикалық ұтымдылықтарды зерттеу қажет. Осы себептерден көптеген басылымдар материалдық және еңбек шығындарын неғұрлым азайту мақсатында кітапшалық құрылымды болып дайындалады.
Қысқасы, кітаптың көркемдік безендірілуі дегеніміз болашақ кітап қолжазбасын біртұтас композициямен көркемдеу және полиграфиялық құралдармен кітап мазмұнын қайта жасап шығару. Бұл - қолжазбаның түпнұсқаға айналып, кітап болып шыққанға дейінгі аралықты қамтитын процесс. Ол осы ерешеліктерімен идеялық-тақырыптық негізде автор ойының аясынан шықпай, өзіне тән техникалық сипатта жасалып, оқырман ортасына жол тартып, үлкен әсерлі құбылыс туғыза алады. Кітаптың ішкі мазмұны ғана емес, сыртқы безендірілуі сол кітаптың мән-мағынасын оқырманға жеткізе алатындай үйлесімді сипатта болуы керек. Ол үшін алдыға мынадай талаптар қойылады:
көркем және полиграфиялық құралдар арқылы кітаптың мазмұнын, табиғатын жан-жақты ашып, оқырманның түсінуіне барынша кеңірек жол ашу;
кітапты оқып, пайдалануға қолайлы ету, оқуға жағдай туғызу;
мұқабасын қатты, жоғары сапалы ету;
көркемдік деңгейін, әдемілігін арттыру;
Баспадағы жұмыста техникалық редактор ең алғаш қолжазбаны гранкалық терімнен өткізеді. Бұл жағдайда А4 форматы пайдаланылады. Негізінен форматта пробельдермен қоса санағанда 58-60 белгі, ал, жол 28-30 болуы керек. Гранкалық терімде бұл стандарт кішірейтіліп, мәтіннің екі жағынан, астынан және үстінен көп мөлшерде жол қалады. Себебі, бұл орынға мәтіннің корректорлық түзетулерімен, корректорлық белгілер орналасады. Кітапты безендіру ісі үш кезеңнен тұрады:
1. Графикалық безендіру;
2. Кеңістікті компазициялық;
3. Техникалық материалдық;
Бірінші топқа әртүрлі қаріптер, иллюстрация: арнамент, сызу және т.б. баспалық формалар жатады. Екінші топқа кітап элементтерінің мөлшерлерін орналастырудың барлық түрі кіреді. Мысалы: басылым форматы, мәтін алаңы, алаңша, сөздер мен сөйлемдердің орналасуы. Кітап беттеріндегі тақырыптарды, кестелерді, суреттерді орналастыру ісі жатады. Үшінші топқа кітап шығаруда қолданылатын заттар: қағаз, картон, мата, бояу т.б. таңдау процесі жатады.
Баспахана өнімі ретінде кітап екі блоктан тұрады:
1. Кітап блогы
2. Кітап блок қабы
Кітап блогы дегеніміз ол - титулдан бастап соңғы бетке дейінгі мәтін. Кітап блогының қабын техникалық безендіруге келетін болсақ, ол былай бөлінеді: Кітап блогының алғашқы қабының бірінші бетінде шығарманың аты, автордың аты-жөні жазылуы тиіс. Ал, корешокта да осы мәліметтер беріледі. Бірақ, кітап тігінен тұрғанда оқуға ыңғайлы болу үшін өзгеше беріледі. Кітап богының қабын безендіруде үйлесімділік үлкен роль атқарады. Кітап блогы мен блок қабын қабыстырып ұстап тұратын бетті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кітапхана ісін жоспарлау аймақтық кітапхана
Кітап форматы мен терім алаңы
Экологиялық қылмыс
ХХ ғасырдағы қазақ баспасөзіндегі кітап сыны және жарнамасы
Рецензияны журналистика жанры ретінде қарастыру
КӨМЕКШІ МЕКТЕПТЕ СЫНЫПТАН ТЫС ОҚУДА БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Кітапхана білім жүйесі
Аңшылық өнімдерін өңдеу
Мектепке дейінгі білім беру мен оқытудың мемлекеттік стандартына сай балаларды шағын орталық топтарында тәрбиелеу мен оқыту
Оқу,өндірістік және диплом алдындағы тәжірибе есебі
Пәндер