Тасқын сулармен күрес



Кіріcпе
7
1 Өндіріcтің жұмыc aймaғының қaуіпcіздігі
8
1.1 Дүние жүзіндегі тасқын сулармен күрес
8
1.2. Оңтүстік Қазақстандағы Сырдария өзенінің тасқын суы бар аймақтарына шолу
12
1.3 Тасқын су кезіндегі адамдардың іс.әрекеті және хабарландыру
17
2 Зерттеу ныcaндaры және әдіcтері
3 Зерттеу нәтижелері және олaрды тaлдaу

Қорытынды

Пaйдaлaнылғaн әдебиеттер

Қоcымшa
Тақырыптың өзектілігі.Кейінгі 10 жылдың ішінде ғана республикамызда субасудың салдарынан 10 мың адам қаза болып, 1,5 миллион адам зардап шекті, жалпы шығыны АҚШ долларымен 300 миллиард құрады. Сырдария өзені арнасының жіберу қабілетінің шектеулілігінен 1991 жылдан бастап артық су¬лар Арнасай сағасына үнемі жі¬беріліп тұрды. Ол 2004 жылы толып кетуіне байланысты, Өзбекстан су төгін¬ді¬лерін реттеу мақсатында 2004 жылы Арнасайда екі қоршау құ-рылыстары (бөгеттері) салын¬ды. Сол уақыттан бері Шардара су қоймасынан Арнасай көлдері жү¬йесіне суды төгу көлемі су қой¬масын пайдалану қағидаларымен бекітілген секундына 2160 текше метрден секундына 600-700 текше метрге дейін шектелді.
1. Т.Т. Сарсембеков, А.Н. Нурышев, А.Е. Қожақов, М.О. Оспанов. Использование иохрана трансграничных рек в странах Центральной Азии. Алматы: Атамұра, 2004. 272 с.
2. Қазақстандағы ПРООН, №UNDPKAZ07 "Водные ресурсы Казахстана в новом тысячелетие". Алматы, 2004. 132 с.
3. В.А. Смоляр, Б.В. Буров, Т.Т. Махмутов, Д.А. Қасымбеков. "Водные ресурсыКазахстана". Алматы: НИЦ «Ғылым», 2002. 595 с.
4. ТЭО "Строительство Коксарайского водохранилища на реке Сырдарья". Алматы: Казгипроводхоз, 2000 г.
5. Пути решения проблемы рек Сырдарья и Арала. /Вест. НАНРК. 2005.
6. Программа бассейна Аральского моря(Казахстан, Кыргызская Республика, Таджикистан, Туркменистан и Узбекистан). ГЭФ: Основной отчет – 1998 г.

Түйіндеме

Мaгиcтрлік диccертaция 62 беттен, 8 кеcтеден, 24 cуреттен, 50 әдебиеттер тізімінен тұрaды.
Кілт сөздер: СУ ТАСҚЫНЫ, СУ ТАСҚЫНЫН БОЛЖАУ, СУ ҚОЙМАСЫ, ҒАЛАМДЫҚ ЖЫЛЫНУ
Зертеу жұмыстары ҚР ІІМ ТЖК Қазселден - қорғау ММ-де жүргізілді.
Сырдария өзенінен жоғары орналасқан су қоймаларындағы су көлемі қыс-көктем айларында жоғарылап, шілде-тамыз айларында өзендегі су деңгейі түсіп каналдарға су көлемі жетіспей су тапшылығы орын алады.
Сырдария өзенінің тасқын су болу себептері анықталып, су қоймалары мен бөгеттерінің, бақылау реттеуіш құралдарының құрылысы бақыланды. Тасқын су болу қауіптілігін төмендету жолдары қарастырылып, өзен арнасында кездесетін мәселелерді жақсарту жұмыстары ұсынылды.

Резюме
Магистерская диссертация состоит из 62 страниц, 8 таблиц, 24 рисунков, 50 литературного списка.
Ключевые слова: ПАВОДКА, ПРОГНОЗИРОВАТЬ ПОТОК ВОДЫ, ВОДОХРАНИЛИЩЕ, ГЛОБАЛЬНЫЕ ПОТЕПЛЕНИЕ
Исследовательская работа проходила в ГУ Казселезащита КЧС МВД РК.
В водохранилищах находящейся на верхней реке Сырдарьи зимой и весной объем воды повышается, в июле и августе уровень воды в реке снижается и это отражается нехваткой воды в каналах. Выявилась причины разлива реки в Сырдарье, наблюдалось работа водохранилищ, водоемов и структура контролирующих инструментов. Рассматривалась снижение опасности разлива воды, предоставлено улучшение работы каналов реки и решение их проблем.

Resume
Master dissertation consists of 62 pages, 8 tables, 24 pictures, 50 literary list.
Keywords: FLOOD, TO FORECAST OF WATER, STORAGE POOL, GLOBAL WAMING
The research work was held at the GI "KazSeleZashshita" MOE RK.
In the reservoir located on the top of the Syr Darya river in the winter and spring of the water volume increases, in July and August, the water level in the river is reduced and this is reflected in the lack of water in the canals. Identify the causes of the spill in the Syr Darya River, observed the work of reservoirs, ponds and structure of regulatory instruments. It is considering reducing the risk of water spill, provided improvement of river channels and the solution of their problems.

Мaзмұны

Кіріcпе

7
1
Өндіріcтің жұмыc aймaғының қaуіпcіздігі

8
1.1
Дүние жүзіндегі тасқын сулармен күрес

8
1.2.
Оңтүстік Қазақстандағы Сырдария өзенінің тасқын суы бар аймақтарына шолу

12
1.3
Тасқын су кезіндегі адамдардың іс-әрекеті және хабарландыру

17
2
Зерттеу ныcaндaры және әдіcтері

3
Зерттеу нәтижелері және олaрды тaлдaу

Қорытынды

Пaйдaлaнылғaн әдебиеттер

Қоcымшa

Нормaтивтік cілтемелер

1. Қазақстан Республикасының Су кодексі
2. Қазақстан Республикасының Жер кодексі
3. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі
4. Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу ережесiн бекiту туралы
5. Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгілеу ережесi

Aнықтaмaлaр

Су тасқыны - бұл қардың еруі, жауын-шашын, суды желмен айдаған және кептелу кезінде өзендердегі, көлдер мен теңіздердегі су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде жерді айтарлықтай су басу.

Су қоймасы - суды тоқтатуға, жинақтауға және сақтауға арналған, өзендер алаптарында түзілген, су тірегіш ғимараттармен бекемделген, едәуір сыйымдылықтағы жасанды су қоймалары.

Аралас бекеттер - рейкалық және қадалық бекеттерден үйлестіруден туындаған.

Ағыс - сұйықтықтың жылжып орын ауыстыруы, нәтижедегі су өтімін белгіленген көлденең қималар арқылы немесе қималардың бір бөлігі арқылы тасымалдаушы су массаларының орын алмастыруы.

Ағыс жылдамдығының өзен арнасында таралуы - ағыстағы су бөлшектерінің белгілі бір уақыт мөлшерінде жүріп өткен жолы, ол су бір секуңдта жүріп өтетін үзындық өлшемі метрмен (мс) өлшенеді.

Белгілер мен қыcқaртылғaн cөздер

ҚР ІІМ ТЖК Қазселден - қорғау ММ - Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрлігі Төтенше Жағдайлар Комитеті Қазселденқорғау мемлекеттік мекемесі
АҚШ - Америка құрама штаты
ТМД - Тәуелсіз мемлекеттер достығы
СЭС - Су электр станциясы
СДӨЖ- су деңгейін өзі жазушы
САРСАТС - Сырдария арнасын реттеу Солтүстік Арал теңізін сақтау

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Кейінгі 10 жылдың ішінде ғана республикамызда субасудың салдарынан 10 мың адам қаза болып, 1,5 миллион адам зардап шекті, жалпы шығыны АҚШ долларымен 300 миллиард құрады. Сырдария өзені арнасының жіберу қабілетінің шектеулілігінен 1991 жылдан бастап артық су - лар Арнасай сағасына үнемі жі - беріліп тұрды. Ол 2004 жылы толып кетуіне байланысты, Өзбекстан су төгін - ді - лерін реттеу мақсатында 2004 жылы Арнасайда екі қоршау құ - рылыстары (бөгеттері) салын - ды. Сол уақыттан бері Шардара су қоймасынан Арнасай көлдері жү - йесіне суды төгу көлемі су қой - масын пайдалану қағидаларымен бекітілген секундына 2160 текше метрден секундына 600-700 текше метрге дейін шектелді.
Сырдария өзенінің алабы егістік алқаптарын жасанды суғарумен айналысатын, ылғалға тапшы аумақта орналасқан. Өзен алабындағы негізгі суды тұтынушы - жыл сайын суға деген сұранысы көбейіп келе жатқан суармалы егін шаруашылығы. Сонымен қатар, суға деген сұраныс өнеркәсіп, қызмет көрсету және балық шаруашылықтары жағынан да туындап отыр. Осыған байланысты Шардара су қоймасына, Қазалы су торабына жиналған суларды осы шаруашылыққа пайдалану қажет.
Сырдария өзенінің ұзындығына байланысты қыста оның жоғары беті Қазақстанға қарағанда едәуір қоңыржай белдеуде болады. Сондықтан, егер қыста көптеген өзендер қатып қалатын болса, Сырдария өзенінің жоғарғы ағысында мұздан босап, өзінің төменгі ағысында әсіресе, Қызылорда облысында су тасуына әкеп соғады. Су тасуы табиғи себептермен немесе қар еру және ағыстың жоғарғы жағында орналасқан су қоймаларына тасталған қалдықтар әсерінен болуы мүмкін. Мұзды бөгеттер ағындарды ұстап тұрады, нәтижесінде су жайылма бойымен ағып төгіледі. Мұндай жағдай әсіресе, 2004 - 2005 жылдардың қысында қатты байқалды. Сондықтан қажеттілігіне қа - рай және қолданыстағы қағида - ларға қарамастан Оңтүс - тік Қазақстан және Қызылорда облыстарындағы жекелеген елді мекендерді су басу мәселесі осы уақытқа дейін шешімін таппаған.
Өңірлердегі су тасқыны ахуа - лын дер кезінде бағалау үшін ау - мақтарды аэрошолу ұшулары жүр - - гізіледі. Шардара су қойма - сы - нан Сырдарияның төменгі саға - сына дейінгі учаскелерде ҚР ІІМ ТЖК Қазселден - қорғау ММ-нің 15 уақытша және жылжымалы гидробекеттері ұйым - дастырылды, жарылыс жұмыс - та - рын жүргізу және Сырдария өзені - нің арнасын мұздан тазарту бо - йын - ша ұсы - ным - дар беріліп, шаралар жүзеге асырылды. Бұл шаралар су тасқынын толығымен жойған жоқ.
Сырдария өзенін зерттеуші мамандар мен экологтарды алаңдатып отырған тағы бір мәселе Сырдария ұлтанының топырағы қалыңдап, өзен арнасының тайыздана бастауы. Бұл жағдай әсіресе мұз еріп, жоғарыдан төменгі арнаға көп су жіберілетін көктем айларында жақын қоныстанған елге көп қиындықтар әкелуде. Сырдария ұлтанының тайыздануынан арнаның су өткізгіштік қасиеті төмендеп, соның салдарынан жыл сайын су тасқыны орын алуда. Сырдария су өткізгіштік қабілетін арттыру үшін арнаны көмілген топырақтан өзен арнасын қыста мұзасты ағысы арқылы тазартуды қажет етеді. Жаз мезгілінде арнасының кеңіп, одан өтетін су мөлшерінің аздығынан ағыстың жылдамдығы да баяулайды. Әлсіз ұлтанындағы құмды шайып, оны ілгері ағызып әкетуге шамасы жетпейді. Ал, қыста Сырдария ұлтаны мен қалың ұстасқан мұздың арасында кернелген судың ағысы күшейіп , өзен асты батпағын шайып әкету мүмкіндігі, тиісінше арнаның су өткізу қабілеті де артады. Арал теңізінің су деңгейін жоғарылату үшін су тоспаларының санын көбейтіп, арналарын кеңейту қажет.
Жұмыcытың мaқcaты: Сырдария өзенінің тасқын суынан тұрғындар мен нысандарды қауіпсіздендіру алынды.
Жұмыстың міндеттері:
1. Сырдария өзенінің тасқын су болу аймақтары және оның себептерін зерттеу
2. Сырдария өзенінің тасқын суынан қорғау бөгеттерінің және су қоймаларының күйін зерттеу
3. Сырдария өзенінің тасқын суынан халықты, нысандарды қауіпсіздендіретін шаралар:
* Су қоймалары мен бөгеттерге автоматты жүйе
* Жағаны нығайтқыш,имараттар мен бақылау реттеуіштер құрылысы
* Су басқан территориядан суды бұру
* Арнаны тазарту.Арнаны түзейтін және түбін тереңдететін жұмыстар
Зерттеу нысандары: ҚР ІІМ ТЖК Қазселден - қорғау ММ
Зерттеу жұмысы бойынша 1 публикация жарияланды: 2) Қызылорда облысындағы Сырдария өзенінің су қоймалары жағдайы және су тасқынынан тұрғындар мен нысандарды қауіпсіздендіру (Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, ҚазҰУ Хабаршысы, География сериясы,. № 1 , Алматы Қазақ университеті 2015, - );

1 Әдеби шолу
3.1. Дүние жүзіндегі тасқын сулармен күрес

Табиғи апаттардың ішіндегі ең қауіптісі, ең залалдысы - тасқын су. Жер шарының кез келген аймағында болып тұратын бұл құбылыс тарихтан мәлім. Айтып келмейтін табиғат апаттарына қарсы тұру, оның алдын алу тұрғысында адамзат баласы ғасырлар бойы зардап шегіп келеді. Тасқын суға төтеп беру мүмкін болмай тұр. Тасқын су көбіне көп біздің еркімізден тыс әсерден орын алып жатады. Оның тіпті бір тамшы су табылмайтын Сахара шөлінде де бірнеше рет адамдардың өмірін қиғаны тарих жылнамасында жазулы.
Бұл апаттан ең көп тауқымет тартқан ел ретінде бірінші кезекте Қытайды айтуға болады. Ондағы Хуанхэ мен Янцзы өзендері қытайды халқын асырап қана қоймай, ара-тұра ажал құштырып та жатады. Осы екі қанды су миллиондаған адамның өмірін қиды. Мәселен, 1332 жылы Хуанхэ өзені арнасына сыймай тасып, жан-жағын жайпап өтті. Адамзат тарихындағы ең бір алапат тасқын су миллиондаған жанның өмірін қиды. Оның әсерінен елді оба ауруы жайлап, қаза болғандардың саны 7 миллионнан асып кетті. 1887 жылы да Хуанхэ өзенітағы да тасыды. Ол кезде 11 қала мен 300 ауылды су алып кетті, шамамен 900 мың адамның өмірі қиылды. Кейінірек осы саланы зерттеуші мамандар бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын айтып, кісі шығыны 2 миллион мен 6 миллионның аралығында болуы ықтимал екенін алға тартты.
Қытайдағы аса бір үлкен тасқын 1938 жылдың маусымында тіркелді. Жапон әскерінің шабуылынан қорғану үшін Қытай басшылығы Хуанхэдегі бөгеттердің бірін бұзуға мәжбүр болды. Соның салдарынан өзен арнасын өзгертіп, жапондар елді басып ала алмады. Бірақ су тасқынынан 500 мыңға жуық тұрғын көз жұмды. [1]
Тибеттен бастау алатын Янцзы өзені де тасқын суымен дүние жүзіне белгілі. 6 300 шақырымды қамитын Ұзын өзен толассыз, жауған жауынның салдарынан 1911 жылы тасып, 200 мың адамның өмірін қиды. Жауынды маусымда нысандар мен тұрғындарды мемлекет бірнеше су қоймасын тұрғызуды іске асырды . Бірақ тасқын судың әсері әлі де байқалуда. 1981 жылы шілде айында үш күн қатарынан жауған жаңбыр Янцзыны арнасынан шығарып жіберді. Қатты ағыс әсерінен елді-мекендерді түгелдей су басты, 100 мың адам қаза тапты. 28 мыңнан астам адамның мәйіттері табылмады. Қауіпсіздікті күшейту мақсатында Қытай мемлекеті 2009 жылы Янцзы өзеніне арнап үшінші бөгеттің құрылысын аяқтады. [2,3]
Қытайдағы су тасқынынан келетін негізгі қауіп Хуанхэ мен Янцыға тиесілі болса, АҚШ-та Миссисипи өзені де тасқын суымен қауіпті. 1927 жылы қатты тасқын су болды. 11 штатын қамтыған су тасқынынан 246 адам қаза болған, ел экономикасын 400 миллион доллар шығынға алып келді. Кейбір дерек көздері сол кездегі тасқын судан тіпті 500 мыңға жуық тұрғынның көз жұмғанын келтіреді.
Экономикасы қарқынды дамыған АҚШ халықтың қауіпсіздігі мақсатында Миссисипидін қауіптілігіне қаржыны бөліп, көптеген бөгеттер салды. Осыған сәкес тасқын су әсерінен шығын азайды. Бірақ 1993 жылы ол тоқтаусыз жауған жаңбырдың әсерінен қайта тасыды. 500 адам суға батып кетті, Сент-Чарльздан 7 мыңға жуық адам басқа жаққа көшірілді. [4]
Ал АҚШ-тың Колорадо 1976 жылдың 31 шілдесінде ұзындығы 125 шақырымды құрайтын, тереңдігі бар болғаны 45 сантиметрге жететін Биг-Томсон тоған суы тасып кетті. Арнасына сыймай, 9 метрге дейін көтерілген оның күшті ағысы айналасын түгел әсер етті. Тасқыннан 139 адам қайтыс болса, 600-ге жуығы із-түзсіз жоғалды.
Су апатынан ұдайы жапа шегіп келе жатқан елдердің бірі - Үндістан. Өткен ғасырдағы ең ірі тасқындардың бірі 1970 жылы осы елде тіркелді. Бес бірдей мемлекеттің аумағын қамтитын Ганга атырауында жаңбыр құйып, тасқын су байқалды. Тасқын су 20 мың шақырымдық жерге жайылып, ондаған қала мен жүздеген ауыл тасқынның астында қалды. Деректерге сәйкес, бұл тасқынның әсесірінен 1,5 миллион адам қаза тапты. Тұрғындар ауызсу алатын құдықтар тегістей жойылып кеткендіктен, кейінірек ел ішін түрлі аурулар жайлап, адам шығыны ұлғайды. Аштықтан көз жұмғандардың қатары да мол болды. [5,7]
1978 жылы да Үндістанның солтүстігіндегі өзендер арнасынан асып, 1,3 миллион адам суға кетті. Әлемдік жеті кереметтің бірі - Тәж-Махалдың біраз бөлігін су басты. Осындай апаттар жиі орын алып тұратынына қарамастан, Ганганың бойында 145 миллионнан астам адам мекендейді. Жалпы, бұл елде жылына бірнеше мәрте су тасқыны тіркеліп, миллиондаған адамдар үйсіз-жайсыз қалып жатады.
Тасқын судың туу себебінекөп жағдайда жер сілкінісі мен су астындағы жанартаулардың атқылаулары жатады. Ғалымдардың зерттеулері бойынша, мұхит жағалауындағы жер сілкінісінің әсерінен жағаға қарай аса биік емес, бірақ жылдамдығы реактивті ұшақтікіне тең (сағатына 800 - 1500 шақырым) толқындар бағыт алады. Бұларға цунами деген атау берілген. Тарихшылар жазба деректерге сүйене отырып, соңғы 2500 жылдың ішінде 355 цунами тіркелген және оның 308-і Тынық мұхитына тиесілі. Қазір жылына орта есеппен екі-үш цунами өтіп тұрады. Олар көбінесе Камчатка, Куриль және Гавай аралдарына, сондай-ақ Жапонияға қауіп төндіріп келеді. Оның әсіресе жапондарға қатысы мол. 1896 жылы тіркелген цунами Жапонияға үлкен қасірет әкелді. Елдің солтүстік-шығысында ұзындығы 300 шақырымдық толқындар пайда болып, олардың биіктігі 3-тен 25 метрге дейін жеткен. Осы табиғат апаты 27 мың адамның ажалына себепкер болды. 10 мыңдаған тұрғын үй жердің бетінен жойылып кетті. [6]
Адам баласы әліге дейін су апаттарына қарсы неше түрлі тиімді амалдар ойлап табуға тырысуда. Көптеген елдерде мұхит бетіндегі өзгерістерді мұқият қадағалайтын сейсмикалық стансалар жұмыс істейді. Сондай-ақ теңіз зерттеушілер дыбыстық бақылау тетіктерін де ойлап тапқан. Бұл салада, әсіресе жапондар мен америкалықтар табысты еңбектенуде. АҚШ-та Софар деп аталатын гидроакустикалық жүйе қолданылады. Ол сулы аймақтарда апаттарды тез уақытта және қай аймақта екенін дәл анықтайды.
Су тасқынының алдын алу үшін әлемде көптеген бөгеттер салынды. Өзені көп мемлекеттерде су көлемін азайту үшін тауларды құлатып, үгітіп жатқан оқиғалар да бар. Ғалымдар су астында қалалар тұрғызуға да болатынын дәлелдеуге ұмтылуда. Жер аз болып саналатын Жапония осы жұмысты атқарып жатыр. Өткен ғасырдың ортасында неміс сәулетшісі Гермен Зергель жер бетіндегі су қоймаларының көлемін қолдан азайту қажеттігін айтты. Ол Жерорта теңізін құрғату үшін Гибралтар және Босфор бұғаздарына бөгет салуды ұсынды. Зергельдің пікірінше, теңіздің қалған бөлігі күннің қызуымен- буға айналып, Францияның аумағынан сәл үлкен құрғақ аумақ пайда болады. Бірақ оның бұл ұсынысы әлі күнге дейін іске аспады. Міне, адам мен табиғат апаттары арасындағы күрес тоқтаусыз жалғасуда. Бірақ соған қарамастан, апаттар мен одан зардап шеккендер саны азая қоймады. Әсіресе, ол адамдардың өздерінің қателігінен орын алвп жатуы мүмкін. [8]
ХXI ғасырда адамзат үшін басты мәселесі су және су ресурстары болып табылады. Шындығында, бұл көпшілік мойындаған апаттың түрі. Соңғы 50 жылда планетамыздағы халық саны 4 есе өсті, жақында халық саны 10 миллиардқа жетеді және одан әрі өсе түсетіндігі белгілі.
Бірақ Жер шарындағы су қорлары азаймаса көбеймейтіндігі анық. Біраз жерлерде тасқын су байқалса, су мөлшері кейбір аймақтарда азайып келеді. Себебі, өркениеттің өсуімен бірге біздің суға деген сұранысымыз да еселеп арта түседі. Мысалы, 1 тонна қағаз алу үшін 250 тонна су, болат өндіруге 150 тонна су, синтетикалық талшық алу үшін мыңдаған тонна су, ал ірі жылу станцияларының агрегаттарын салқындатуға 1,5 текше км (бір өзен деуге болады) су жұмсалады. Ауыл шаруашылығында одан да көп су көлемі қолданылады. Ары қарай да судың қолданылуын тізбектеп айта беруге болады.
ЮНЕСКО ұйымының ресми құжаттары да осылай ақпарат берді: су - өмір мен өлімнің мәселесі..., су қорларының кемуі алаңдатарлық міндет..., су ресурстары азайып барады.... Сонымен қатар тұщы сумен қамтамасыз ету - ең негізгі сұрақ..., алдымыздағы 50 жылда су тапшылығы немесе су нысандарының ластануы планетамыздың әрбір тұрғынына қатысты болады... деген т.с.с. мәтіндер кездеседі. [9]
Еліміздің су ресурстарын 1 шаршы шақырым ауданға шаққандағы көрсеткіш ТМД елдерінен әлдеқайда төмен. Құм басып жатқан Түркіменстанның өзінде Қарақұм каналы салынғаннан кейін бұл көрсеткіш бойынша мүлдем артта қалып отырмыз. Сондықтан еліміздің су қауіпсіздігі шараларын бүгіннен бастап нығайту керек.
Экологиялық жағдай да адамзаттың маңызды проблемаларының бірі. Ал аймақтың экологиялық жағдайы су ресурстарына тікелей байланысты болып келеді. Әлемде ластанған сулардың 70 пайызы су нысандарына (өзендерге, көлдерге, су бөгендеріне, теңіздерге, қайта құйылады. Өзендер өздігінен тазалану қабілетіне ие, бірақ белгілі бір ластану шегіне дейін ғана. Көп жағдайда ластану мөлшері бұл шектен бірнеше есе асып түседі. Сондай-ақ жылулық ластану деген түсінік бар. Судың темпераратурасы өскен сайын суда оттегінің ерігіштігі төмендейді. Оттегі суда жүріп жатқан тіршілікке қажетті болуымен қатар, әртүрлі суды ластайтын заттарды тотықтырады және ыдыратады. Бүгінгі кезеңде су көздерін мұндай жылумен ластап отырған нысандар - өнеркәсіптер және тұрмыстық қолданыстан шыққан сулар.
Су қауіпсіздігінің екінші жағы бар. Яғни, су нысандарының, өзендер мен су қоймаларының қандай қауіп-қатерді бойына жасырып отыратыны белгісіз. Мысалы, өткен жылғы Амур өзеніндегі су тасуын алайық. Шілденің аяғында басталған жаңбыр тамыз айы бойы күнде дерлік жауды. Соның нәтижесінде өзен жайылмасы (өзенге жақын орналасқан ойық аудан) 4-5 м тереңдікте суға толды, су өзен бойымен 30-50 шақырымға жайылды. Қаншама елді мекендерді, жолдарды, егістік алқапты су алып кетті, адам өміріне қауіп төндірді. Немесе осыдан екі-үш жыл бұрын су тасуынан апаттық жағдай орын алған Жайық өзені еліміздің экономикасына біршама зиян келтіргенін айтуға болады. Ал, 2010 жылғы Қызылағаш ауылын судың шайып кетуі елдің көпке дейін есінде сақталады. [10]
Соңғы жылдары осындай төтенше құбылыстар планетамызда жиілеп кетті. Су тасқындары және көктемгі қар мен жаңбыр суынан судың тасуы бұрынғыға қарағанда қауіптірек байқалуда. Себебі, біріншіден бұл жағдай климаттың өзгеруімен түсіндіріледі, екіншіден, Жер бетінде халық саны өсіп келеді, соған байланысты су нысандарына жақын қоныстанамыз (су нысандарының бірнеше жылда қайталанып отыратын деңгейлерінің экстремальді мәндерін ескермелді. Яғни, әр жыл сайын Жер бетінде жүздеген жаңа су бөгендері салынады, әрине олар адамзаттың өмір сүруі үшін аса қажет. Бірақ көптеген гидротехникалық ғимараттар қажетті сапада салынбайды немесе көбісінің әбден тозығы жеткен, ал оларды уақтылы жөндеуге немқұрайды қаралады.
Су нысандары, су ресурстарымен байланысты тізбектей қарау керек, сондықтан олардың қандай дәрежелі қауіптілігін алдын-ала білу үшін өзендер, көлдердің және су бөгендерінің ерекшеліктерін жақсы білуге болады. Мысалы, орта ғасырда Ұлы моңғолдар Үндістанда жаңа астана салған. Қаланы 14 жыл тұрғызған, сол уақыттың көрнекті қаласына айналдырмақ болды. Бірақ , адамдар 1 жыл ғана тұрақтады. Себебі, қажетті су мөлшерін есептей алмағн, қаланы сумен қамтамсыз ету мәселесін шеше алмаған, қаланың маңында су көздері болмаған. Тағы бір мысал, Египеттегі құрғақ арнада (вади) салынған белгілі бір бөгет бірінші су тасқынынан соң шайылып кеткен. Қазірдің өзінде 20 пайыздай бөгеттегі апаттар гидрологиялық есептеулердің дұрыс жүргізілмегендігінен болып отыр. [11]
Суды, су нысандарын, су қорларын және су мәселесін Гидрология ғылымы зерттейді. Гидролог-практиктер өзендер мен көлдерде үздіксіз тұрақты бақылаулар жүргізеді. Гидролог-ғалымдар су нысандарының тәрібін басқаратын гидрологиялық процестерді қарастыруда. Ал жобалаушылар суды қолдану мақсаттарына қарай әртүрлі гидротехникалық ғимараттарды жобалауда күрделі гидрологиялық есептеулерді қолданады. Кез келген көпір, жол астынан (үстінен) өткізілетін құбырлар, электр желілерінің бағаналары, қорғаныс дамбалар - барлығы гидрологиялық есептеулерді қажет етеді.
Елбасының өткен жылғы Жолдауындағы басым міндеттердің ішінде елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету және ауылшаруашылық егіс алқаптарын суару проблемаларын шешу тұрғанын ескерте кеткен жөн.
Қазіргі кезде бұл бағытта көптеген жұмыстар жасалуда. Өзендер мен көлдерде бақылау жүргізу пункттері үздіксіз өсіп келеді. Орасан зор гидротехникалық құрылыстар жобалануда. Су бағытында жұмыс істейтін ғалымдар ізденістерін жандандыруда, мысалы, былтыр бірқатар ғылыми мекемелердің ғалымдары мен мамандары теңдесі жоқ ғылыми жұмыс атқарды: Қазақстанның су проблемаларына және ол проблемаларды шешу жолдарына арналған 30 томдық монография жарық көрді.
Келешекте осы басталған жұмыстарды жалғастырып, еліміздің су қауіпсіздігі мәселелерін шеше алатын білікті жас гидролог-мамандарды дайындау кезек күттірмейтін шаруа болып отыр.

3.2. Оңтүстік Қазақстандағы Сырдария өзенінің тасқын суы бар аймақтарына шолу

Сырдария Орта Азиядағы ірі өзен Қарадария мен нарын өзендерінен Ферғана қазан шұңқырының шығыс бөлігіндегі қосылған жерінен бастау алып, Арал теңізіне құяды. Ұзындығы Нарын өзенінен 2212 км, Қарадариядан 3019 км, су жинау алқабы 219 мың км2 . Жоғары бөлігіндегі суы Ферғана аңғарындағы егінді суғаруға көбірек пайдаланылады, сондықтан, көптеген салаларының суы басты арнаға жетпейді. Басты салалары: сол жағынан - Исфайрам, Шахимардан, Сох, Исфара, Қожабақырған, Ақсу; оң жағынан - патшаата, Қасансай, Гавасай. [12]
Арал теңізі алабы сирек шөл зонасында орналасқан. Қазақстан аумағы арқылы тек Сырдария өзені ағып өтеді. Сырдария өзені Қазақстан жерінен тыс Орталық Тянь - Шань тауларынан басталады. Жоғарғы ағысында бірнеше сала келіп, құяды, олар республика жерінде Арыс және Келес өзендері. Өзеннің жалпы ұзындығы 2212 км, оның 1400 км Қазақстан жерінде құмды аңғармен ағып өтеді. [13]
Сырдария ағысын реттеуші Шардара СЭС бөгенінен кейін өзен Қызылқұм өңіріне енеді. Мұнда арнасы көп өзгеріп отырады, кейде бірнеше тармақтарға бөлінеді. Қызылордадан төменгі ең үлкен тармағымен ағынның жартысына жуығы өтеді. Осы тармақпен 70 мың гектар жер суарылады. Бұл тұста өзен аңғары көлді және батпақты келеді. Өзен арнасының төменгі бөлігі аллювий шөгінділерінен түзілген көтеріңкі жерді кесіп өтеді. Жазда су молайғанда тасқындар жиі болып тұрады. Сырдария көбіне қар, аз мөлшерде мұздық және жаңбыр суымен қоректенеді. Орташа жылдық су шығыны Ферғана аңғарына шыққан тұста 566 м3 сек, Қазалы қаласының маңында 466 м3 сек, сағасында, 430 м3 сек. Суы өте лайлы. Ағынмен келген жыныстан мөлшері жылына Қазалы қаласының тұсында 21 млн. тоннаға, сағасында 12 млн. тоннаға жетеді. Сырдарияның төменгі бөлігі желтоқсанды қатып, наурызда мұзы ериді.. Ферғана қазан шұңқырында өзеннің тек кейбір бөлігі қатады.
Оңтүстік Қазақстан облыстарының, Қызылорда жерін түгел, Өзбекстанның біраз жерін қамтиды. Ауданы 200 мың км2 . Сулы қабаттарының маңыздылары жоғарғы бордың құмдары мен тастарында. Бұлардың қалыңдығы 200 - 250 м. Ортасын бөлігінде 650 - 700 м. су ағыны шығыстан батысқа беттеген. 1000 - 1200 м. Тереңдікке дейін бұрғыланған скважиналардан арыны күшті су жер бетінен 10 - 30 м - ге көтеріледі. Тәуліктің өнімі 2500 - 4000 м 3 , минералдылығы 1 л г - дей, тек Арал теңізі маңында 1,5 - 3,0 г л. Су қоры 300 м 3 сек. Алаптың ортаңғы бөлігінде жоғары температуралары (80 0) және минералды сулар бар. Бұлар - Сарыағаш санаторийінде Манкент, Түркістан қалалары маңындағы шипалы су. [14]
Сырдария өзенінің ұзындығына байланысты қыста оның жоғары беті Қазақстанға қарағанда едәуір қоңыржай белдеуде болады. Сондықтан, егер қыста көптеген өзендер қатып қалатын болса, сырдария өзенінің жоғарғы ағысында мұздан босап, өзінің төменгі ағысында әсіресе, Қызылорда облысында су тасуына әкеп соғады. Су тасуы табиғи себептермен немесе қар еру және ағыстың жоғарғы жағында орналасқан су қоймаларына тасталған қалдықтар әсерінен болуы мүмкін. Мұзды бөгеттер ағындарды ұстап тұрады, нәтижесінде су жайылма бойымен ағып төгіледі. Мұндай жағдай әсіресе, 2004 - 2005 жылдардың қысында қатты байқалды.
Сырдария өзенінің алабы егістік алқаптарын жасанды суғарумен айналысатын, ылғалға тапшы аумақта орналасқан. Өзен алабындағы негізгі суды тұтынушы - жыл сайын суға деген сұранысы көбейіп келе жатқан суармлы егін шаруашылығы. Сонымен қатар, суға деген сұраныс өнеркәсіп, қызмет көрсету және балық шаруашылықтары жағынан да туындап отыр. Осыған байланысты төмендегі кестеде көрсетілген Арал - Сырдария алабының су шаруашылығы басқармасының (СШБ) 2004 жылғы зерттеулері бойынша алынған көрсеткіштерін мысалға алуға болады.
Сырдария өзенінің су деңгейіне гидрометриялық бақылау жасау Қазақстанда 1910 - 1913 жылдары төрт гидропосттан басталды: Төманарық, Қызылорда, Қараөзек, Қазалы. Қазіргі уақытта 8 тірек гидропосттар жұмыс істейді: Чиназ - Көкбұлақ, Шардара су қоймасы, Көктөбе, Төменарық, Тасбөгет, Қараөзек, Қазалы және Қаратерең. [15]
Сырдария өзені алабының су ресурстары көлемі жағынан 38,6 км3 (жылдық табиғи ағыс 90 пайыз, қамтамасыз етілуі 28,км3 ) жылдық мөлшермен есептеледі. 1982 жылы алапта Сырдария өзенінен суды беруді таратуды лимиттеу енгізілді. Сырдария өзені алабында күрделі жағдай қалыптасты. Бұл аймақтағы су шаруашылығы жағдайының күшеюі соңғы жылдары тұрғындарды, өнеркәсіптерді және ауыл шаруашылығын таза сумен қамтамасыз етуді қиындата түсті. Сырдария өзенін коллекторлы - дренажды және ағысты сулармен ластау аймақтың экологиялық жағдайын нашарлата отырып, адамдар денсаулығына және өмір сүрудің санитарлы жағдайына кері әсер етті. Сырдария өзені алабынан орташа есеппен әр түрлі қажеттіліктер үшін жылына 12 мың млн. м 3 су алынады, оның ішінде 9600 млн.м 3 суармалы егіске жұмсалады. Сонымен қатар суармалы егіс шамамен 2 300 - 3391 млн.м[3] коллекторлы - дренажды суды қосады. Оның ішінде жылына 980 млн.м[3] су тікелей Сырдария өзені алабына келіп құйылады. Қалған бөлігі табиғи еңіс жерлерге ағып кетеді немесе көп жағдайда, қайта суғаруға пайдаланады.

Сурет 1- Сырдария өзенінің тасқын суы бар аймақтарының Қазақстан картасынан көрінісі

Еліміздегі Шардара су қоймасына дейін Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мемлекеттері арқылы өтетін Сырдария өзенінің бойында ондаған су қоймалары мен су тоспалары орналасқан.
Сондықтан Шардара су қоймасына секундына қанша текше метр су құйылатыны аталған мемлекеттердің дарияның суын қай мақсатта, қаншалықты пайдаланатынына тікелей тәуелді болмақ.
Мысалы: 1961 - 1975 жылдары Шардара су қоймасынан төменгі арнаға жылына 16 км3 су тасталса, 1975 - 1987 жылдар аралығында бұл көрсеткіш жылына 8 км3 ге дейін төмендеген. Бұның себебі біріншіден, 1974 - 1987 жылдар аралығында байқалған аймақтағы табиғи су тапшылығы болса, екіншіден, суармалы егістік көлемінің артуына байланысты Сырдарияның жоғарғы ағысында су қоймалары мен су тоспаларының көптеп салына бастауы. Өзен суы қалыпты жағдайда тұрған 1961 жылы дария бойында Қайраққұм су қоймасы ғана болса, 1961 - 1973 жылдар аралығында Шарбақ, Андижан, 1974 - 1987 жылдары Тоқтағұл су қоймасы іске қосылған. Осының салдарынан Сырдарияның төменгі ағысында су тапшылығы сезіліп, Арал теңізінің тартыла бастағаны байқалды. Тіпті, Қазалы, Арал аудандарында ондаған шағын көлдер мен арналар құрғап қалған. Дария деңгейінің күрт төмен түсуі шаруашылығы негізінен суды көп қажет ететін дақыл күріш өсірумен байланысты Қызылорда облысына көп қиыншылықтар туғызды. Осы кезеңде халық санының көбеюіне байланысты ауылшаруашылығы өнімдеріне сұраныс артып, суармалы егіс көлемін арттыру мәселесі туындады. Егіс алқаптарын су мен қамтамасыз ету үшін дария деңгейін көтеріп, жаңа арналар қазу қажет болды. Осы мақсатта 1963 - 1970 жылдары Қызылорда , Қазалы су тоспалары салынып, іске қосылды. Соның нәтижесінде дария деңгейі біршама көтеріліп, маңайдағы үлкенді - кішілі көлдер суға толып, шабындық алқаптарға су шыға бастады.
Секундына 1400 м 3 су өткізетін Қазалы су торабынан оң жаға, сол жаға, Ақсай, Басықара арналары қазылып, Өтебас, Ақкөл, Томай т.б көлдер қайта толды. Дария деңгейі төмендеп кеткен жылдары сиреп қалған тоғайлар қайта жанданып, селдіреп қалған ну қамыстар жайқалып бой көтере бастады. Қамыс, тоғайды мекендейтін аң - құс қайта оралып, жайылма сулар өзеннен жоғары өрлеген балықтардың уылдырық шашуына қолайлы жағдай туғызды. [5,16]
Бірақ, күрішке үздіксіз су берілетін жаз маусымында төмен қарай мардымсыз су жіберілгендіктен Арал теңізіне құятын судың көлемі айтарлықтай азайып, теңіздің құрғап қалу қаупі туындады. Дарияның теңізге құяр тұсындағы көлдер құрғап, суы тартылған теңіз табанынан ұшқан тұз мыңдаған шақырымға дейін тарады. Арал мен оған көршілес елді мекендер экологиялық апат аймағына айналды.
Көксарай су реттегішінің құрылысына 2008-2009 жылдары 150-ден аса құрылыс ұйымы тартылып, 7 500-ден астам адам жұмыс істеді. Құрылыс жұмыстарына негізінен жергілікті халық тартылды. Осылайша дағдарыс жылдарында басталған осынау ауқымды құрылыс алаңы өңірдегі әлеуметтік мәселелердің оң шешімін табуына көмектесті. Халық жұмыспен қамтылды, экономикалық ахуал жақсара түсті. Құрылысшылар алып кешен құрылысының негізгі бөлігін екі жылдың ішінде салып үлгерді. Қыста су тасқынынан, ал жазда құрғақшылықтан қорғайтын кешен құрылысына мемлекеттен 50 млрд теңге қаржы бөлінді.
2010 жылғы 18 наурызда Президенттің қатысуымен Көксарай су реттегіш құрылысы бірінші кезегінің стратегиялық маңызды нысан ретінде іске қосылу рәсімі өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Оңтүстік облыстарды су тасқынынан қорғау мақсатындағы Көкорай су қоймасының құрылысы 2014 жылы желтоқсан айында аяқталды. Екі жарым жылдаалып шлюз бен арналар және 45 км жерді алып жатқан бөгет -- жалпы нысан соңғы сынақтан өтті. Бірінші кезегінің пайдалануға берілуімен Көксарай су реттегішінде 1 млрд текше метр су жиналса, биыл жыл басында ол толық жобалық қуатында - 3,0 млрд текше метр су жинайтын көлемде жоспарға сәйкес уақытында іске қосылды. Көксарай су реттегішінің ең басты маңызы - Шардараны арнасынан шығып кетуден сақтайды. Демек адамдар өміріне қауіп-қатер төнбейді, Сырдария жағасындағы елді мекендердің қауіпсіздігі толығымен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар енді қыс-көктем жиып алған тасқын су жазда суармалы шаруашылықты өңірдің қажетiне жаратылады. 2010-2011 жылдардағы су тасқыны кезіндегі су қоймасында жинақталған ағынның көлемі 2,2 млрд текше метрді құрады. Көктем мен жаз айларында Көксарайда тұрған судың артығын Сырдария арнасына және Кіші Аралды толтыру үшін жіберіп, Шардара суын кейiн пайдалану мүмкіндігі туды. Бұл күрiш өсіретін облыстардың суландыру жүйелерiн қамтамасыз етуге және балықтың көбейуiне оң ықпал етеді дейді мамандар. Су реттегішінің бір пайдасы осындай. Сондай-ақ мамандардың айтуынша Көксарай су қоймасының бір артықшылығы бар. Қазақстан жоғарғы шектерде Қырғызстан және Өзбекстаннан Арнасай су қоймасына артық су жiберу үшiн суды демпингтi кiшiрейту үшiн сұраныс жасады. Он жыл бұрын 30 миллиард текше метр тұщы су сонда жiберілген. Ендi су Қазақстанда қалатын болады. [17]
Жер шарында су мәселесі алдыңғы кезекке шығып отырған қазіргі күні барлық мемлекеттер үшін өз халқын тұрақты сумен қамтамасыз ету - ең өзекті ұлттық қауіпсіздік мәселелерінің санатында қарастырылуда. Біздің елімізде де сумен қамтамасыз ету ел басшылығы тарапынан бірінші кезекте көңіл бөлініп отырған мәселенің бірі болып табылды. Бұл мәселенің өзектілігі еліміздегі бар су ресурстарының шектеулілігімен, су қорының ел аумағында әркелкі бөлінуімен, қазіргі даму кезеңіне сай орын алған елеулі өзгерістермен, трансшекаралық өзендер суларының жоғары деңгейде ластануымен сипатталады. Сала мамандары мен сарапшылардың пікіріне қарағанда, келешекте көрші мемлекеттер аумақтарынан шекаралық өзендер ағысының қысқаруы, сондай-ақ климаттық жағдайлардың өзгеруі жергілікті өзен-су ағыстарының азаюына әкеледі. Осының салдарынан елімізде сумен қамтамасыз етуге байланысты қиыншылықтар туындауы мүмкін. Бұл өз кезегінде қай елдің болмасын әлеуметтік-экономикалық дамуына және экологиялық қауіпсіздігіне елеулі қауіп төндіреді. Сондықтан елімізді сумен тұрақты қамтамасыз ету мақсатындағы іс-шаралардың басында экономиканың аса маңызды су шаруашылығы саласын түбегейлі реформалау ісі тұр. Осы тұрғыдан алғанда, Көксарай су қоймасын салу арқылы Қазақстан Сырдария бассейнінің жанындағы өзен ағысын реттеу ең өзекті мәселе.
Сырдария сужинағышының орташа биіктігі Амудариядан əлдеқайда төмен, соның нəтижесінде мəңгі қарлар мен мұздар бұл жерде аз дамыған. Сырдария бассейннің барлық ірі өзендері (Нарын, Қарадария, Шыршық жəне Сырдарияның өзі) қорегін қар мен мұздықтардан алады. Олардағы судың көп мөлшерде жұмсалуы əсіресе маусым айларында байқалады.
Арал-Сырдария бассейнінің ауданы 345 мың км2 жерді алып жатыр жəне ол екі акімшілік облысты қамтиды. Олар: Оңтүстік Қазақстан жəне Қызылорда облыстары. Бассейн маңындағы халықтың саны 2,6 млн-ға жуық ( жалпы Республика халқының 17 %), оның ішінде қала тұрғындары 1,2 млн адам (46 % бассейін бойынша) жəне ауыл халқы 1,4 млн адам (54 %). [18]
Бассейннің негізін Сырдария өзені құрайды. Нарын бастауынан 3019 км жер. Өзен Қазақстан территориясы бойынша Шардара су қоймасынан Арал теңізіне дейін 1627 км-ге созылып жатыр. Соның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында - 346 км, Қызылорда облысында - 1281 км-ге созылған.
Арал-Сырдария су шаруашылық бассейнінде су қорларының сулылығы орта болған жылдары 17,92 км3жыл, ал су аз жылдары 14,24 км3жыл бағаланады. Мұндағы ағынның міндетті шығыны 5,82 км3жыл-мен бағаланады. 2,8 км3жыл көлемдегі ағын су өзен арналарының жəне су қоймалардағы судың беткі қабаттарының булануына, сондай-ақ өзен арналарының фильтрациясына жұмсалады. Арал теңізінің деңгейін көтеруге бағытталған экологиялық бос ағызу 3,1 км3жыл құрайды. Сулылығы орта болатын жылдарда қолдануға арналған су қорлары 12,02 км3 - ді, ал 20 жылда бір қайталанатын құрғақшылық жылдары олар 9,3 км3жылды құрайды.
Арал-Сырдария бассейні, су шаруашылығының қиын жағдайымен сипатталады. Əсіресе Сырдарияның төменгі аймағында өзеннің шынайы тоқтауы жəне өзен суының ластануының жоғарылауы табиғи ортаның Арал аймағындағы қоныс жағдайының төмендеуіне əкеледі. Өзен атырауы өзінің су басқару қабілетін толық жоғалтты. Шөлді аймаққа айналу процесі 2 млн га жерді қамтыды. Сырдарияға коллекторлы-дренаждық сулардың, елді мекендердің, өндіріс пен ауылшаруашылығының ағынды суларының Сырдария өзеніне келіп құйылуы, судың химиялық, бактериялық лайлануына əрі елді мекендердегі халықтың ауруға шалдығуына əкеп соғады. Аймақтағы су проблемасын шешудің басты қиыншылығы - жер үсті су қорларының толығымен ауылшаруашылығында қолданылуы. [19]
Біздің мемлекет көршілес Ресей, Қырғызстан, Тəжікстан жəне Өзбекстан сияқты мемлекеттермен суды бөлу туралы көптеген сауалдарды шешу мақсатында үлкен жұмыс атқаруда. Қытаймен бұрын болмаған дипломатиялық жетістіктерге жеттік. Екіжақтың бірлесуімен трансшекаралық өзендерді қорғау жəне оларды қолдану комиссиясы құрылды. Барлық трансшекаралық мемлекеттермен мұндай келісім жасалғанымен, трансшекаралық су қорларын басқару туралы көптеген шешілмеген сауалдар бар
Солардың бірі - Сырдария өзен бассейні. Жоғарыда айтылғандарға дəлел ретінде 2003 - 2005 жылдары Қырғыз энергетиктері электроэнергияны өндіру үшін Тоқтағұл су қоймасына 750 м3сек жоғарылатылған бос ағызулар түсіргендігін айтып кетуге болады. Сырдария өзен бассейнінің су деңгейінің жоғары болуы - Шардара су қоймасына келетін су мөлшерінің артуына жəне су қоймасының уақытынан бұрын толуына алып келді. [20]
Қазақстан территориясындағы Сырдария өзенінің ірі салалары - Арыс болып табылады. Сонымен қатар, Қаратау жотасының оңтүстік- батыс беткейінен ағып түсетін майда өзендер.
Сырдария өзен бассейндерінің ауданы бастауынан Төмен-Арық теміржол бекетіне дейін 21900 км2-ді құрайды. Ағын қалыптасқан аймақта (бассейннің таулы бөлігінде) негізгі қоректену көзі - мезгілдік қар жамылғысының еріген сулары болып табылады. Оның аз бөлігі "мəңгілік қар", мұз жəне жаңбыр сулары.
Сырдария өзен бассейннің су қорлары орта есеппен алғанда 37,9 км2 құрайды. Ағынның 70 %-ын құрайтын негізгі көлемі бассейннің жоғарғы жағында Ферғана жазықтығынан шығарға дейінгі жерде қалыптасқан. Шардара су қоймасынан жоғары орналасқан оң жақ жағалау салаларының ағыны Қазақстанға келетін жалпы су қорларының 21 - 23 % құрайды. Арыс өзенінің жəне Қаратау жотасынан ағып жатқан басқа да өзен ағындарының Қазақстан жеріндегі еншісі 9 - 7 %.
Өз бастауын Нарын және Қарадария ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жайылманың топырақ жамылғысы
Шабындықтар мен жайылымдарда суару тәсілдерін пайдалану
Риддер қаласының жерлерін аймақтарға бөлу
Ертіс өзені алабы бойынша соңғы жылдардағы мәліметтер негізінде су тасқындарының хроникасы
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ГИДРОТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ Ғарыштық мониторингІ үшін қолжетімді параметрлер тізімін анықтау
Жайылма аллювиальді - шалғынды топырақтардың жіктелуі
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар
Сырдария өзенінің гидроэкологиялық жағдайы
Жер суару және суландыру үшін пайдалынылатын су көздерінің түрлері және суарудың топыраққа тигізетін ықпалы
Су тасқыны кезінде қорғану іс-шаралар ұйымдастыру және жүргізу
Пәндер