Тұлғаның акцентуациялық мінез бітісі, оның суицидтік жүріс-тұрысқа қатері


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 114 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

Жалпы және этникалық психология кафедрасы

МАГИСТІРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ

Тұлғаның акцентуациялық мінез бітісі, оның суицидтік

жүріс-тұрысқа қатері

.

Орындаған

магистрант, 2 курс Кудушева Н. А. "" 2013 ж.

Ғылыми жетекші

Психол. ғ. докторы,

Профессор:. ___ Тоқсанбаева Н. Қ "" 2013 ж. .

Қорғауға жіберілді:

Жалпы және этникалық

психология кафедраcының

меңгерушісі,

психол. ғ. к., доцент Қалымбетова Э. К. "" 2013 ж.

Алматы, 2013

Түйін

Жұмыс тақырыбы: « Тұлғаның акцентуациялық мінез бітісі, оның жүріс-тұрысқа қатері »

Жұмыстың мақсаты: Жасөспірімдердің кейбір акцентуациялық мінез бітісінің басым көрінуі өз өзіне қол жұмсаудағы себептердің бірі болатындығын нақтылау. Акцентуациялық мінез бітісі, оның суицидтік жүріс-тұрысқа қатері динамикасының ерекшелегін эмпирикалық зерттеу.

Зерттеу міндеттері:

1. Акцентуациялық мінез бітісі мен суицид мәселесіне қатысты және оның философиялық, психологиялық, медициналық әдебиеттерде қарастырылу жай-күйіне ғылыми талдау.

2. Суицид және акцентуациялы мінезге қатысты әдебиеттерді сараптау және оның ерекшеліктері жайындағы мәліметтерді топтастыру, талдау, оның өлшемдері мен көрсеткіштерін айқындау.

3. Мінез акцентуациясы мен суицид мәселесіне қатысты маңыздылығын көрсететін әдістемелерді таңдау, модификациялау.

4. Жасөспірімдердің акцентуациялық мінез құлқына эмпирикалық зерттеу жүргізу және алынған нәтижелерге талдау жасау.

Зерттеу нысаны (объектісі) : Тұлғаның акцентуациялық мінез бітіс ерекшеліктері

Зерттеу пәні: Тұлғаның акцентуациялық мінез бітістерін жасерекшелік психологиясы және қалыптасуына байланысты әлеуметтік психология, түзету психологиясы зерттеледі.

Зерттеудің негізгі жорамалы: егер тұлғаның акцентуациялық мінез

бітісітерімен мектепте, отбасында үнемі ағартушылық, психологиялық

жұмыстар жүргізілсе, яғни алдын - алу жұмыстары тиімді болса, онда

суицидтік жүріс-тұрысқа қатері ерекшеліктерін болдырмаудың алдын алуға

болады.

Зерттеуде қолданылған әдістемелер мен әдістер

1. Мінездің акцентуацияларын зерттеу сұрақнамасы. (К. Леонгард)

2. Тұлғаның жүйелік-мінездік қатынастарының экспресс-диагностикасы

3. В. А. Жмуровтың дифференциалды диагностикасының (ажыратып тексерудің) әдістемесі

4. Реактивті және тұлғалық мазасыздықтың деңгейін анықтау әдістемесі

(Ч. Д. Спилбергер - Ю. Л. Ханин)

5. Филипстің мектеп мазасыздығын диагностикалау әдістемесі.

Қосымша социометрия, әңгімелесу және сұрақтама жүргізілді.

Жалпы беттер саны : 107

Кестелер саны : 8

Суреттер саны : 10

Графиктер саны: 3

Пайдаланылған әдебиеттер саны : 89

Қосымша: 4

Резюме

Тема исследования: Влияние акцентуации характера личности на суицидальное поведение.

Цель работы: Обоснование того, что некоторые черты акцентуации характера у подростков могут быть причиной их суицидального поведения. Эмпирическое исследование особенностей динамики влияния акцентуации характера личности на суицидальное поведение.

Задачи исследования:

  1. Осуществить научный анализ философской, психологической и медицинской литературы по п проблемам акцпентуации характера и суицидального поведения.
  2. Сбор материалов и анализ особенностей суицидального поведения и акцпентуации характера, определение их литературы по суициду и акцентуации характера, определение их параметров и показателей.
  3. Отбор и модификация методик по исследованию существенных признаков акцпентуации характера и суицидального поведения.
  4. Проведение эмпирического исследования по исследованию акцентуации характера у подростков, обработка и анализ результатов исследования.

Объект исследования: особенности акцентуации черт характера личности.

Предмет исследования: проведено социально-психологическое исследование и психокоррекционная работа акцентуации характера личности в связи с возрастными особенностями их развития.

Основная гипотеза исследования: если регулярно проводить просвещенческую, психологическую работу в школе и в семье с личностями, имеющими акцентуацию черт характера, то есть эффективно проводить психопрофилактическую работу то можно предотвратить риск суицидального поведения.

Методы и методики использованные в исследовании

1. Опросник исследования акцентуаций характера (К. Леонгард) 2. Экспресс диагностика системно - характерологических отношений личности. 3. Методика дифференциальной диагностики В. А. Жмурова (сравнительный анализ) . 4. Методика определения уровня реактивной и личностной тревожности (Ч. Д. Спилбергер, Ю. Л. Ханин) . 5. Методика Филипса диагностика школьной тревожности. Дополнительно была проведена социометрия, беседа и анкетирование.

Всего объем страниц : 107

Количество таблицы : 8

Количество рисунки : 10

Количество графики: 3

Количество используемых источников: 89

Приложение: 4

Summary

Research topic: Impact of character accentuation of personality on suicidal behavior.

Objective: The rationale that some traits of character accentuation in adolescents may be the cause of their suicidal behavior. Empirical Study of the features of the dynamics of character accentuation effect of personality on suicidal behavior.

Research objectives:

1. Carry out a scientific analysis of the philosophical, psychological and medical literature on the problems of n aktspentuatsii nature and suicidal behavior.

2. Collection of materials and analysis features of suicidal behavior and aktspentuatsii character, determination of the literature on suicide and accentuation of character.

3. Selection and modification techniques for the study of the essential features aktspentuatsii nature and suicidal behavior, to determine the influence of the formative experiment.

4. Empirical research on the study of character accentuation in adolescents, processing and analysis of the study results.

Object of study: features accentuation of personality traits.

Subject of research: conducted socio-psychological research and psycho-correctional work accentuation of character of the individual in relation to the age characteristics of their development.

The main hypothesis of the research: if regular Enlightenment, psychological work at school and at home with the personalities that have accentuation of character traits, that is, to effectively carry out the work psychoprophylactic you can prevent the risk of suicidal behavior.

Methods and techniques used in the study

  1. Questionnaire survey character accentuations (K. Leongard)
  2. Rapid tests of character systemic relationship between the individual technique of differential diagnosis V. A. Zhmurova (benchmarking)
  3. Method of determining the level of reactive and personal anxiety (Ch. D. Spilberger, Yu. L. Hanin)
  4. Methodology Phillips diagnostics school anxiety
  5. Additionally was held sociometry, conversation and questioning.

Work volume : 107 pages

Tables : 8

List of used sources : 89

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ: . . . 7

1. СУИЦИДТІК ЖҮРІС - ТҰРЫС МӘСЕЛЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-

ӘДІСНАМАЛЫҚ ТҰРҒЫДА ЗЕРТТЕЛІНУІ . . . 13

1. 1 Суицид мәселесінің шет ел және отандық ғылымдардағы жай күйі . . . 13

1. 2. Суицидалды жүріс-тұрыстың эпидемиологиялық аспектілері . . . 21

1. 3 Жасөспірім кезеңіндегі акцентуациялық мінез ерекшеліктері және суицидтік жүріс- тұрыспен байланысы . . . 27

Теориялық бөлім бойынша тұжырым . . . 41

2. ТҰЛҒАНЫҢ АКЦЕНТУАЦИЯЛЫҚ МІНЕЗ БІТІСІ, ОНЫҢ СУИЦИДТІК ЖҮРІС - ТҰРЫСҚА ҚАТЕРІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ . . . 43

2. 1 Зерттеудің мақсаты, міндеттері, объектісі . . . 43

2. 2. Тұлғаның акцентуациялық мінез бітісі, оның суицидтік жүріс - тұрысқа

қатерін эксперименттік зерттеудің мазмұндалуы және әдістемелердің талдануы мен қолдану барысы . . . 51

2. 3. Жасөпірімдердің акцентуациялық мінез бітісі және суицидтік жүріс-тұрысқа қатерін зерттеу мәліметтерін сандық өңдеу мен сапалық талдау.

2. 4. Жасөспірімдердің акцентуациялық мінез бітісі суицид жағдайына

бейімділіктің алдын-алу және психотүзету жұмыстары . . . 71

Эксперименттік зерттеу бойынша тұжырым . . . 87

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 88

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 89

ҚОСЫМША . . . 94

АНЫҚТАМАЛАР

Мінез акцентуациясы - бұл оның нормасының шеткі варианттары, бұл жерде мінездің жеке белгілері қатты күшейген жекелеген мінез сипаттары ерекше күшейіп байқалған және дамыған мінез ерекшелігі

Интропунитивті реакциялар - аутоагрессия жолымен аффектінің байқалуы.

Аутоагрессия деген - өзіне зиян келтіру, өз-өзін өлімге итеру.

Экстропунитивті реакциялар - сыртқы агрессия түрінде байқалады. Мысалы, ренжіткендерге тарпа бас салу. Бұл реакциялар гипертимді, лабильді, эпилептоидті акцентуацияларға тән.

Импунитивті реакциялар- тұрақсыз және шизоидті акцентуацияда кездеседі.

Демонстративті реакциялар - «спектакль» ойнау сияқты, яғни өзін-өзі өлтіру сияқты көрініс көрсетеді және т. б.

Суицид- (ағылшын тіліндегі «suіcіde» сөзінен шыққан, өзіне-өзі қол жұмсау) - бұл мақсатқа бағытталған өз бетімен өмірден кету, саналы түрде жоспарланып, іске асатын адамның өзіне-өзі қол жұмсау әрекеті.

Суицидті жүріс-тұрыс - тұлғаның маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыру жолында кездесетін кедергілерге қарсылық көрсетуге қабілетсіздіктің нәтижесінде туындайтын әрекет

Суицид әрекеті дегеніміз - саналы түрде өз өмірін қандайда бір жолдармен қиюға бағытталған, бірақ соны өліммен аяқталмаған іс -әрекет. Өз өмірін қиюға немесе басқа мақсатқа бағытталған әрекет қайтымды немесе қайтымсыз болуы мүмкін.

Аяқталған суицид деп - тұлғаның өлімге әкеліп соққан әрекетін айтамыз.

Суицидалдық ниет -түпкі ойға ерік компоненті қосылған кезде шығады, яғни, шешім сыртқы мінез -құлық әрекетіне көшуге дайын болу кезеңі

Жасөспірімдік кезең -психикалық дамудың спецификалық қиын кезеңі, ол жасөспірім үшін ғана емес, сонымен қатар ересек адам үшін де қиын

Антивитальды күйлер - өмірдің қиындықтарына деген шағымдар

Пассивті суицидті ойлар - өзінің өлімі туралы фантазиялар

Суицидті толғаулар - өзін-өзі өлтіру жоспарын құру

Пресуицид -күшті және созылмалы, суицид алдындағы әрекеттер.

Депрессия - (лат. depressio - көңілсіздік, жабыраңқылық) - жабығу, торығу, күйзелу секілді ұғымдарына балама ұғым. Депрессия - көпке созылмайтын, бірақ созылып кетсе невроз немесе психоздың бастауына айналатын түнілу мен пессимизм арқылы бейнеленетін көніл-күи жағдайы.

КІРІСПЕ

Зерттеу өзектілігі. Қазақстан Республикасында қазіргі таңда жүріп жатқан әлеуметтік, экономикалық, мәдени өзгерістер жас ұрпақ өмірінің барлық жақтарын әлеуметтендіру үрдісіне ықпал етеді. Бұл мәселеге байланысты елбасымыз Н. Назарбаев: « . . . жаңа жағдайларға сай біздің бәрімізді алаңдататын мәселе - білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани және әлеуметтік-адамгершілік мүмкіндігі мол тұлғаны қалыптастыру болып табылады» - деп атап көрсетті. [1, 7 б. ]

Суицидтік жүріс-тұрыс әлеуметтік мөлшерді бұзушы ретінде көрініп, қазіргі кезде жалпы алаңдатушылық туғызып отырған философ, психологтар, әлеуметтанушылар, дәрігерлер, құқық қорғаушы бөлімдері және т. б мамандардың назарында тұрған өткір мәселе болып отыр. Жасөспірімдер арасында суицидке баруға бейім балалар қатары көптеп көрінуде. Дәл осы кезеңде акцентуациялық мінез бітісінің суицидтік жүріс тұрысқа қатері қаншалықты екендігі бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болуда. Осыған байланысты жасөспірімдердің акцентуациялық мінез бітісінің көрінісі өз - өзіне қол жұмсаудағы себептердің бірі болатындығын нақтылау қажеттілігі туындауда. Жастар арасында суицидке бару жолының себептерін түсіндірген ғалымдар А. А. Лопатин, А. Н. Корнетов, И. Г. Дорохова, Т. Б. Дмитриева, Б. С. Положий, С. Ю. Циркин, В. Ф. Войцех, К. Помро, М. Делорм, S. Hаrt-Hester, P. Smіth P, D . Wаssermаn және т. б болды. Суицид мәселелерін И. С. Кон, Ф. Райс, Е. М. Вроно, Н. А. Ратинова сынды ғалымдар зерттеген. Аса үлкен үлес қосқан, көптеген еңбектерін арнаған А. Г. Амбрумова болды. А. Г. Абрумованың, Е. М. Врононың, А. В. Боенконың, А. Л. Галиннің, Ц. П. Короленконың, Н. В. Конанчуктың, В. А. Тихоненконың, С. Сафуановтың және тағы басқа да ғалымдардың еңбектерінде жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті әрекеттің психологиялық детерминанттары зерттелген, яғни олардың зерттеулері әрекеттің аталған түріне бейім тұлғаның жеке-психологиялық ерекшеліктерін анықтауға арналған [2, 16 б. ] .

Бүкіл әлемдік Денсаулықты сақтау Ұйымы мәліметтері бойынша бүгінде Қазақстан әлем деңгейінде суицид саны бойынша үшінші орынды алады екен, бұл жасөспірімдер арасындағы 15-19 жас, Ресейден кейін . Егер де әлем деңгейінде әр 40 секунд сайын бір өзін-өзі өлтіру болса, ал Қазақстанда әр сағат сайын бір адам өмірмен қоштасады екен.

Кейінгі жылдары біздің елімізде қазіргі саяси жағдайлар мәселелеріне арналған көптеген ғылыми конференциялар өтіліп жатыр. Солардың ішінде жасөспірімдік және жеткіншектік шақтағы аутодеструктивті мінез-құлық, оларды превентивті түзету жолдары мен болашағы, суицидтік жүріс-тұрыстың алдын-алу шаралары т. б өткір мәселелерді қарастыратын конференциялар қатарыда көрінуде. Алайда, өзіне-өзі қол жұмсау мәселесі әлі де зерттеу қажеттілігін көрсетуде. Суицидалдық жүріс-тұрыс әр түрлі ғылым салаларының негізгі бір аспектілерінде оқып-танылуда - медициналық, социологиялық, философиялық, криминалогиялық, сонымен қатар психологиялық.

Біршама жылдар бойы өзіне-өзі қол жұмсау мәселесі, негізінде медициналық тұрғыда қарастырылады, оның себебі өзіне-өзі қол жұмсауды психиканың бұзылуы себебі байланысты деп түсіндірілуде болды. Бұл тұрғыда шет елдік зерттеулерден отандық және кеңес психология мектептерінің суицид және суицидалдық жүріс-тұрысты зерттеулерінің қалыс қалғандығы байқалынады. Бірақ, өкінішке орай қаншалықты зерттеулер жүргізілініп жатса да суицидтік жүріс-тұрысқа бейім жеткіншектердің, жалпы өмірден өз еркімен өтіп жатқандардың өмірін сақтап қала алмай жатқандығы тағы байқалынады. Керісінше, әлемде күннен-күнге өзіне-өзі қол жұмсау көрінісі ұшқындап бара жатыр. Қазіргі таңдағы суицидалогиялық зерттеулер өзіне-өзі қол жұмсаушылардың 20-30 пайызы психикалық патологиядағы жандар болса, ал қалғандары кәдімгі сап-сау адамдар болып табылатынын дәлелдейді. [3, 8 б. ]

Батыс зерттеушілерінің психоаналитикалық бағытқа негізделген суицидалдық жұмыстарында (суицид-өз-өзіне бағытталған агрессияның актісі), суицидалдық жүріс-тұрыстың жауластыққа бағытталуы тұлға бітісімен корреляциясы жүргізілді [4, 56 б. ] Мұнда сондай-ақ, суицид қорғансыздықтың ізі ретінде (А. Покорни, Г. Копмен, 1976), әлеуметтік шектелген ретінде (Л. Анжель, М. Толичани, М. Шокэ, Н. Куртякис, 1978), өз-өзіне жиіркенішті қарау ретінде (Р. Мейер, И. Осборн, 1992) деп қарастырған жұмыстар қатары да орын алды.

Қазіргі психологиялық зерттеулер адамдардың өмірде кездесетін қиыншылықтарды өзіне-өзі қол жұмсаумен шешуге бейім тұратындығын, әрі бұл мәселе генетикамен байланысты екендігін айқындайды. Біздің елімізде алғаш рет өзіне-өзі қол жұмсау мәселесіне қатысты 1999 ждылы Қарақұлова. З. Ш., «Суицидал мінез-құлықты жеке адамның отбасылық тәрбие жүйесіне байланыстылығын зерттеу» ( ғылыми жетекшісі - психология ғылымдарының докторы, профессор С. М. Жақыпов) тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. Диссертациялық зерттеудің негізі болып Қазақстан, Ресей және кеңестік психологтардың суицидалды мінез-құлқының дәрігерлік және әлеуметтік тұжырымдамалары, атап айтқанда Б. Г. Ананьев, Л. И. Божович, Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн, К. А. Абульханова-Славская, С. М. Жақыпов, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн, В. К. Шабельниковтердің қоғамның тіршілік әрекетіне тұлғаның ендірілуін зерттеудегі функционалды-әрекеттік тәсілі, суицидал мінез-құлықты және оның пайда болуының себептерін түсіндіруде А. Г. Амбрумова, Л. И. Постовалова, В. П. Тихоненко және т. б зерттеулері саналды. З. Ш. Қарақұлованың зерттеуінде суициденттер отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері көрсетіліп, оның жасөспірім жүріс-тұрысыныа әсері анықталған. Суициденттің ақыл-парасатының, құндылықтарының ерекшеліктерін эксперименттік тұрғыдан зерттеген [5, 27 б. ] .

Балалардың өмірден кетуі - бұл БӘРІМІЗ үшін ең қауіпті сигнал! Кәмелетке жасы тола қоймаған балалардың суицидалдық әрекеттерге баруы, көп жағдайларда өмірге деген осындай қатынастарының көрініс беру- бұл жаңа көкейтесті және бәрімізді алаңдататын маңызды мәселенің бірі емес бірегейі.

Суицид (ағылшын тіліндегі «suіcіde» сөзінен шыққан, өзіне-өзі қол жұмсау) - бұл мақсатқа бағытталған өз бетімен өмірден кету, саналы түрде жоспарланып, іске асатын адамның өзіне-өзі қол жұмсау әрекеті. Суицидті жүріс-тұрыс - тұлғаның маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыру жолында кездесетін кедергілерге қарсылық көрсетуге қабілетсіздіктің нәтижесінде туындайтын әрекет. Күшті эмоционалды дағдарыс қарқынды сипат алған кезде тұлға жағдайдан шығатын жолды дұрыс таба алмайды. Ол үшін өмір маңызын жояды. Суицидті жүріс-тұрыс ауқымды ұғым. Оның құрамына суицид әрекетімен қатар өліммен аяқталмаған суицидті талпыныстар, өзіне-өзі қол жұмсауға даярлықты білдіретін пікірлер, ойлар, ниеттер енеді. Бұл барлық мәдениетке тән құбылыс. Қазіргі таңда суицид дүние жүзінде өлімнің басты себебінің бірі ретінде қарастырылады. Өзін-өзі өлтірудің себептері әр түрлі. Көп жағдайда өзін-өзі өлтіруге себеп болатын нәрсе өмір жағдайының шынайы қиындылығы және өмір оңалмайды деп есептеу.

Суицид термині итальян психологы Г. Дэзен 1947 жылы енгізіп, оны “өзін-өзі өлтіруге әрекет ету” - деп түсіндіреді. Қазіргі кезде Суицидалогия деп аталатын үлкен бір ғылыми бағыт бар, ол социология, психология, медицина, демография, психиатрия тоғысында пайда болып осындай әрекетке баратын тұлғалардың ерекшелігін, әрекетін, себептерін зерттеуге тырысты.

Суицидалды жүріс-тұрыс- адамның саналы түрде өзін-өзі өлтіргісі келетін тұлғаның мінез-құлқының бір түрі деп есептеді. Қазіргі қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму дәрежесінде адамның суицидтік көріністерін зерттеу және профилактикалық шараларды жасау мақсатында суицидтік тәуекелдің факторларын анықтау үшін суицидтік жүріс-тұрыстың мотивтерін, жағдайларын және себептеріне терең жан-жақты ғылыми негізде әлеуметтік- педагогикалық, психологиялық талдау жасап, жинақтау аса өзекті болып отыр.

Сондықтан да саяси тұрақсыздық және әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайларында жалпы адамдар арасындағы әлеуметтік-психологиялық атмосфераның ерекшеліктерін ескере отырып, суицидалды адамдармен әлеуметтік-профилактикалық және әлеуметтік-терапевтік іс-шараларды ұйымдастыру туралы жауапкершіліктерді арттыруда. Адамдардың осындай психикалық күйіне әлеуметтік әсер етулердің елеулі екендігі туралы өзін-өзі өлтірумен аяқталған көрсеткіштер бойынша пікір айтуға болады. Соңғы жылдары өзін-өзі өлтірулердің күн санап таралғандығы, бүкіл әлемдік қауымдастық үшін маңызды әлеуметтік және қоғамдық мәселенің өзектілігін көрсетіп отыр.

Зерттеу мақсаты: Жасөспірімдердің кейбір акцентуациялық мінез бітісінің басым көрінуі өз өзіне қол жұмсаудағы себептердің бірі болатындығын нақтылау. Акцентуациялық мінез бітісі, оның суицидтік жүріс-тұрысқа қатері динамикасының ерекшелегін эмпирикалық зерттеу. Соның негізінде жасөспірімдердің кейбір акцентуациялық мінез бітісінің қалыптасуын тежеп, суицидтік жүріс-тұрыстың алдын алу.

Зерттеу міндеттері:

1. Акцентуациялық мінез бітісі мен суицид мәселесіне қатысты және оның философиялық, психологиялық, медициналық әдебиеттерде қарастырылу жай-күйіне ғылыми талдау.

2. Суицид және акцентуациялы мінезге қатысты әдебиеттерді сараптау және оның ерекшеліктері жайындағы мәліметтерді топтастыру, талдау, оның өлшемдері мен көрсеткіштерін айқындау.

3. Мінез акцентуациясы мен суицид мәселесіне қатысты маңыздылығын көрсететін әдістемелерді таңдау, модификациялау және қалыптастырушы эксперименттің әсер ететіндігін анықтау.

4. Жасөспірімдердің акцентуациялық мінез құлқына эмпирикалық зерттеу жүргізу және алынған нәтижелерге талдау жасау;

Зерттеу нысаны (объектісі) : Тұлғаның акцентуациялық мінез бітіс ерекшеліктері

Зерттеу пәні: Тұлғаның акцентуациялық мінез бітістерін жасерекшелік психологиясы және қалыптасуына байланысты әлеуметтік психология, түзету психологиясы зерттеледі.

Зерттеудің негізгі жорамалы: егер тұлғаның акцентуациялық мінез

бітісітерімен мектепте, отбасында үнемі ағартушылық, психологиялық

жұмыстар жүргізілсе, яғни алдын - алу жұмыстары тиімді болса, онда

суицидтік жүріс-тұрысқа қатері ерекшеліктерін болдырмаудың алдын алуға

болады.

Негізгі жорамал төменгі жанама жорамалдармен нақтыланады:

бірінші жеке болжам: егер тұлғаның акцентуациялық мінез

бітісітерімен арнайы ұйымдастырылған түзету және диагностикалық

жұмыстар жүргізілсе, онда жасөспірімдердің мінез-құлықты тәрбиесіне игі

әсер етуге болады.

екінші жеке болжам: егер тұлғаның жоғары өмірлік белсенділігін,

қозғыш акцентуациясын, зерттелушінің эмоционалдық өмірінің тереңдігін,

педантизмге бейімділігін, көңіл - күйдің өзгермелілігін, жүріс - тұрыстың

тұрақсыздығын, шаршағандық деңгейін, демонстративті жүріс - тұрысын,

жоғарғы уайымдықты анықтап отырса, онда суицидтік жүріс-тұрысқа

қатердің алдын алып отыруға болады.

үшінші жеке болжам: егер суицид әрекеті дегеніміз- саналы түрде өз

өмірін қандайда бір жолдармен қиюға бағытталған іс -әрекет болса, онда оны

арнайы ұйымдастырылған эмпирикалық - психологиялық зерттеулердің

нәтижесінде алдын алып отыруға болады.

Зерттеуде қолданылған әдістемелер мен әдістер. Тұлғаның

акцентуациялық мінез бітісі, оның суицидтік жүріс-тұрысқа қатері зерттеу

арқылы философиялық, психологиялық, социологиялық, педагогикалық

және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау; оқу-

әдістемелік құралдар, бағдарламалар, озат психологтардың тәжірибесі,

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүріс - тұрыстың бұзылуы
Мінез акцентуациясы
Суицидтік мінез-құлықтың өзіндік психологиялық ерекшеліктерін анықтау
Зерттеу пәні жасөспірімдердің мінез акцентуациясы
Жасөспірімдер бойында құқықтық сананың қалыптасу ерекшеліктерін зерттеу
Девиантты мінез - құлықтың пайда болу себептері
Мектеп оқушылары арасында суицид жасау қаупін алдын-алудың педагогикалық негіздері
Жасөспірімдердің мінез акцентуациясы мен қасиетінің даму ерекшеліктері
Мектеп оқушыларының мінез - құлық қасиеттерінің психологиялық ерекшеліктері
Девианттық-мінез құлықтың салдарының виктимдішлігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz