Электронды құжаталмасу жүйесі


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:
КІРІСПЕ
Бұл дипломдық жобада техникалық қызмет көрсетуге арналған электронды құжаталмасу жүйесі жобаланды. Жұмыстың мақсаты - клиент-серверлік технологиясын қолдана отырып, пайдаланушыларға техникалық қызмет көрсетуге арналған информациялық жүйе жобалау.
Бұл бағдарламалық шешім техникалық қызмет көрсетуге арналған мәлімдемелер жасауда, қолдау қызметiне түскен мәлiмдемелердiң орталықтандырылған тiзiлiмін жүргiзу, мәлiмдемелердiң орындалуын бақылау, техникалық қолдау қызметінiң жұмыс сапасын жоғарылату, қолданушылардан түскен мәлiмдемелердің бақылауына және өңдеуiне уақытты үнемдеу және автоматтандыруға арналған.
Электронды құжаталмасу жүйесін жобалауда қолданылған бағдарламалық қамтамалар: PHP, HTML, CSS, JavaScript, Jquery UI. Мәліметтер қоры MySQL-жүйесінде жасалады.
«Тіршілік қауіпсіздігі» бөлімінде өндірістік жарықтандыру, яғни жасанды және табиғи жарықтандыру жүйесі есептелінді.
Экономикалық бөлімде бағдарламалық қамтаманың жүзеге асырылуына қажетті өзіндік құн және жобаның 20 % рентабельділік деңгейіндегі бірлік бағасы есептелінді.
Ұйымдарда қалыптасқан құжаттармен жұмыс істеу формалары мен әдістері дәстүрлі іс жүргізу және басқарманы құжаттамамен қамсыздандыру шегінде қазіргі шарттарға жауап бермейді. Қоғамның ғаламдық информатизациясы, жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияның кең таралуы, нарықтық механизмнің және қазіргі менеджменттің енгізілуі ақпарат рөлінің әлеуметтік-экономикалық үдерістерде ұлғаюына және оны маңызды стратегиялық ресурс ретінде қарастыруға әкеліп соқты. Соған байланысты ұйымдарда құжаттармен жұмыс істеудің жаңа тәсілі - электронды құжаталмасу. Енгізіліп жатқан электронды құжаталмасудың басты артықшылығы - ұйым жұмысының тиімділігін арттыру.
1 БӨЛІМ. АҚПАРАТТЫҚ ҚАМСЫЗДАНДЫРУДЫ ЭЛЕКТРОНДЫ ҚҰЖАТАЛМАСУ ЖҮЙЕСІНЕ ЕНГІЗУ ӘДІСТЕРІ
Қазіргі күні құжаттар басқарудың әмбебап құралы ретінде бөлімшелер мен жеке қызметкерлер арасында өзара байланысты қамтамасыз етеді. Бірақ қызмет көлемі өсе бастағанда мынадай қарама-қайшылық туындауы мүмкін: құжаттармен жұмыс істеу көптеген ресурстарды қажет етеді және бүкіл мекеме жұмысын бәсеңдетеді.
Қағаз түріндегі құжат айналымының кемшіліктері:
- құжаттарды іздеуге көп уақыттың кететіндігі;
- құжатты өмірлік циклының барлық кезеңдерінде оның қозғалысын бақылап отыру қиындығы;
- құжаттарды дайындау және оларды байланыстыру уақытының ұзақтығы;
- егер бір құжатпен бірнеше қолданушы жұмыс жасап отырған болса, онда құжат айналымын ұйымдастырудың қиындығы;
- есеп берулер мен журналдар алудың мүмкін болмауы немесе қиындығы.
Осылайша, дәстүрлі құжат айналымының нәтижелілігі төмен болып табылады. Бұл кемшіліктердің барлығы электронды құжат айналымы жүйесін ендіру барысында жойылады.
Мәселені шешу жолдарының бірі арнайы программалық қамсыздандыру - электронды құжат айналымы жүйесін қолдану болып табылады.
ЭҚАЖ міндеттері мен функциялардың тізбесі:
- кіріс хат-хабарды тіркеу;
- шығыс хат-хабарды тіркеу;
- ұйымның ішкі ұйымдастыру-басшылық ететін құжаттарын тіркеу;
- азаматтардың хаттары мен өтініштерін тіркеу;
- электрондық құжаттардың жобаларын құру;
1. 1 сурет - Кіріс құжаттарының электронды түрге айналуы.
Электронды құжат айналымын құрудың нәтижелілігі қолданушылар арасында өзара байланыс орнататын ыңғайлы интерфейстің болуы. Бұған обьектілерді сипаттау принциптерін қолдану арқылы және олармен орындалатын операциялар арқылы қол жеткізуге болады. Ақпарат кіріс құжатынан экрандық форма арқылы компьютерге енгізіледі. Оның компоненттері сол құжаттардың метаақпараттарына және қолданушылар туралы метаақпаратқа байланысты экрандық формаға сәйкес келеді.
Жалпы жағдайда экрандық форма - метаақпаратқа сәйкес обьект және субьект туралы электронды құжатқа салынатын сұлба. Электронды құжат айналымында қолданылатын экрандық форма компоненттері нақты қолданушының идентификаторы, паролі және рұқсат алу құқығы.
1. 2 сурет - Субьект мәліметтерін электронды өңдеудің сызбасы.
Келтірілген сызбаның кейбір блоктарын түсіндіре кетсек, виртуалды автоматтандырылған жұмыс орны құжаттарды электронды өңдеудің ең перспективті нұсқасы.
1. 3 сурет - Электронды құжат айналымы жүйесін құрудың принципиалды сызбасы.
Электронды құжат айналымы жүйесінің механизмінің баптауы автоматты түрде орындалады және априорлы анықтама, атрибуттар түріндегі метаақпарат (скаляр, жіберілім, тасымалдау), құжат жағдайының модельдері (бастапқы, құрылған, орындалған, өшірілген), олармен орындалатын операциялар тізімін ұсынады.
ЭҚАЖ жобалауға мүмкіндік беретін алгоритмдер мына талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
- Қосу, редактілеу, өшіру және әр түрлі типті және әр түрлі өлшемдегі мәліметтермен жұмыс жасау мүмкіндігі.
- ЭҚАЖ-не беру арқылы орындалатын сол ақпараттық басқа ақпараттық жүйелермен бірге жұмыс істей алу мүмкіндігі.
- ЭҚАЖ-де типтік бизнес-процестерді құру есебінен әрбір ақпараттық жүйенің ішкі қолданбалы процестерінің бірігу мүмкіндігі.
- Құжаттарды басқару мүмкіндігі (құру, редактілеу, құжаттарды өшіру, құжаттармен жұмыс істеу тарихын енгізу, құжаттар арасына сілтеме орнату, метамәліметтердің бөліктерін толтыруды автоматтандыру, мәліметтерге бірге ену мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету, құжаттар версияларын басқару, ішкі ақпараттық жүйелерде орналасқан құжаттарға сілтеме беру мүмкіндігі) .
- Маршрутизация мүмкіндігі (қатты және динамикалық маршрутизацияны қолдау, құжаттармен және есептермен жұмыс істейтін қолданушылардың ағымдағы қызметінің мониторингі, құжаттардың ағымдағы жай-күйін бақылау, периодтық құжаттарды автоматты түрде жасау) .
- Ақпаратты сақтау және беру қауіпсіздігі (аутентификация, авториазация, ЭҚАЖ обьектілеріне ену құқықтарын шектеу, т. б. ) .
Электронды құжат айналымы жүйесін қолданудағы мақсат автоматтандырылған жүйеде құжаттарды тасымалдау функциясы арқылы қағаз түріндегі құжат айналымы көлемін азайту болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін алдымен ақпаратты автоматтандырылған өңдеу және керісінше, адам оқитын формаға келтіру мәселелерін шешіп алу қажет. Сондықтан «Электронды құжат айналымы жүйесін» программасын жобалауда негізгі назар осы мәселені жалпы және нәтижелі шешу мәселесіне аударылды.
Қойма (Storage) . Ең алғашқы мәселе деректердің ішкі қоймасын ұйымдастыру болып табылады. Ақпаратты бейнелеуді анықтау үшін жоғарыда қарастырылған екі форманың бірін көрсету жеткілікті; әрбір нақты деректер жиыны әртүрлі машина оқитын және көптеген адам оқитын формалары болуы мүмкін. Кез келген жағдайда ішкі бейнелеулер екеуден кем болмайтындықтан, құжат айналымы жүйесінің ең қажетті элементі ақпараттың ішкі қоймасы болып табылады.
Деректер қоймасы келесі функционалдылықты қамтамасыз етуі қажет:
- деректердің барлық құрылымдарын тез қарап шығу және оның ішкі көпмүшеліктерін алу мүмкіндігі;
- жұмыс сеанстары арасында тез сақтау және қалпына келтіру мүмкінліктері;
- транзакцияларды қолдау;
- ақпаратты жүктеу және қарап шығу интерфейстерін қолдау.
Жүктеу модулі (Loader) . Қойманы контрагенттерден түсетін деректермен толтыруды қамтамасыз ету үшін жүктеу модулін ұйымдастыру қажет. Жүктеу модулі контрагенттер мен қойманың жүктеу интерфейсі арасындағы буфер болып табылады.
Жүктеу модулі:
- ішкі деректер көзінен белгілі бір форматтағы деректерді қабылдайды;
- қоймадан формат сипаттамасын қабылдайды;
- жүктеу параметрлерін қабылдайды (қоймаға қандай деректер бөлігін және қалай орналастыруға болатыны туралы қызметтік ақпарат сақтайды) ;
- форматқа сәйкес келіп түскен деректерге талдау жүргізеді және мәндер ағынына айналдырады;
- жүктеу параметрлеріне сәйкес деректер ағынын шектейді (өзгертеді) ;
- нәтиже шығаратын мәндер ағынын қоймаға жүктеу интерфейсі арқылы бағыттайды.
Сақтау модулі (Saver) . Cақтау модулі қоймада сақталған ішкі бейнелеу бойынша сыртқы бейнелеуді құру мәселесін шешеді. Осылайша, оның функциясы жүктеу модуліне қарама-қарсы болып табылады. Сақтау модулі қойманы қарап шығу интерфейсі мен деректердің ішкі қолданушылары арасындағы буфер болып табылады.
Сақтау модулі мына мәселелерді шешеді:
- қоймадан белгілі бір деректерді сақтау үшін контрагенттен тапсырма алу;
- осы тапсырманы қарап шығу интерфейсінің командалар жүйесіне айналдыру;
- қойманы қарап шығу және контрагент сұранысы бойынша деректер ағынын, сондай-ақ осы контрагенттердің өңдеуіне қажет сұраныс берілген деректерді бейнелеу үшін керек метаақпараттарды алу;
- контрагент қабылдайтын файл форматы түрінде (егер контрагент - автоматтандырылған жүйе болса) немесе адам оқитын форматта (егер контрагент - адам болса) қоймадан алынған метаақпаратты қолдана отырып деректер ағынын ұсыну.
Тексеру модулі (Checker) . Қоймада жүйедегі ақпараттар мен метаақпараттар ішкі форматта сақталады, және біз сыртқы дүниемен ақпаратты жүктеу және сақтау модульдері арқылы өзара әрекеттесе аламыз. Осы процестер барысында қоймадағы деректер үнемі өзгеріске ұшырап отырады. Сондықтан электронды құжат айналымы жүйесінде тексеру модулі жұмыс істейді, ол жүйедегі сыртқы талаптардың (шектеулердің) сәйкестілігіне жауап береді. Егер қойма сыртқы талаптарға сәйкес келмесе, ондағы ақпараттар ішкі талаптарға қарама-қайшы және мәнсіз болып табылады.
Жоғарыда қарастырылған мәселелерді ескере отырып, қойма күйі шектеулері қанағаттандырылмауы да мүмкін, егер де деректерді жүктеу кезеңінде кіріс ақпараттары ағынын форматтық бақылау орындалса. Тексеру модулі осы мәселені шешу үшін арналған.
Жоғарыда сипатталған сыртқы интерфейстің 4 модулі - бұлар логикалық макрокомпоненттер, тәжірибеде олардың ішкі құрылымы өте күрделі болып келеді. Логикалық деңгейде, электронды құжат айналымы жүйесінің қатысушысының осы модульдермен жасайтын жұмысы және ақпаратты сақтауы келесі шектеулер арқылы жүзеге асырылады:
- қолданушы деректерді жүктеу модуліне бере алады, сондай-ақ осы деректердің қоймаға жүктелуі шарттарын көрсетіп, ақпараттың қоймаға жүктелу процесін басқарып және жүктеу нәтижесі туралы хаттама алып отыра алады;
- қолданушы қоймадағы сақталған деректер мазмұнын, олардың жұмыс сеанстары арасында қайта сақталып отыратындығын біледі;
- қолданушы қойма күйін тексеру процесін басқара алады және тексеру нәтижесі туралы хаттама ала алады;
- қолданушы сақтау модулін басқара алады, деректердің сақталу шарттары мен деректерді қабылдау шарттарын бере алады;
- негізінен, қолданушы-адам деректерді визуальды қолданушы интерфейсі арқылы өзіне жүктей алады.
Пайда болу және ақпаратты өңдеу модульдерінің өзара және құжат айналымы жүйесінің қолданушысымен қатынасын төмендегі сызба арқылы көрсетуге болады.
1. 4 сурет - Электронды құжат айналымы программалық кешенінде ақпаратты өңдеу модульдерін байланыстыру.
Электронды құжат айналымы жүйесі жоғары деңгейдегі программалық жүйе болып табылады, сондықтан мақсатқа жету барысында кездесетін кез келген қиындық барысында стандартты операциялық жүйелерді, стандартты өңдеу орталарын, кең тараған деректер қорын басқару жүйелерін және деректерді сақтау құрылымдарын, т. б. қолдануға болады.
Тәжірибеде жиі кездесетін ақпарат түрлері ішінде хронологиялық деректер құрылымының маңызы зор. Бұл деректер құрылымы деректерді өзгерту барысында ескі ақпарат жоғалып кетпейді, тек белгілі бір күйге ауысатын ақпаратты сақтау және өңдеу жүйелерін құру кезінде қолданылады.
2 БӨЛІМ. ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУГЕ АРНАЛҒАН ЭЛЕКТРОНДЫ ҚҰЖАТАЛМАСУ ЖҮЙЕСІН ЖОБАЛАУДА ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДІС-ТӘСІЛДЕР
2. 1 Техникалық қызмет көрсетуге арналған жүйенің құрылымы мен мазмұны
Техникалық қызмет көрсетуге арналған электронды құжаталмасу жүйесі - клиент-серверлік технологиясын қолдана отырып, пайдаланушыларға техникалық қызмет көрсетуге арналған информациялық жүйе болып табылады.
Бұл бағдарламалық шешім техникалық қызмет көрсетуге арналған мәлімдемелер жасауда, қолдау қызметiне түскен мәлiмдемелердiң орталықтандырылған тiзiлiмін жүргiзу, мәлiмдемелердiң орындалуын бақылау, техникалық қолдау қызметінiң жұмыс сапасын жоғарылату, қолданушылардан түскен мәлiмдемелердің бақылауына және өңдеуiне уақытты үнемдеу және автоматтандыруға арналған.
Электронды құжаталмасу жүйесін жобалауда қолданылған бағдарламалық қамтамалар: PHP, HTML, CSS, JavaScript. Мәліметтер қоры MySQL-жүйесінде жасалады.
2. 2 Программалық қамтама ортасын талдау негіздемесі
2. 2. 1 HTML тілінің негіздері
Егер өзіңізге арналған немесе сiз туралы мәлiмет сақтайтын Web бет құрғыңыз келсе, сiз HTML (Hypertext Markup Language - гипертекстiк белгiлеу тiлi) тiлiн үйренуіңiз керек. HTML - бұл беттiң құрылымын суреттеу тiлi. Ол сiзге қарапайым мәтiн алып, оны абзац, тақырып, тiзiм және басқа да құрылымы бойынша форматтауға мүмкiндiк бередi. Онымен қоса, HTML сiздiң оқырмандарыңыз бiр құжаттан екiншi құжатқа оңай аттап өте алулары үшiн, сiзге байланысты беттерге сiлтемелер құруға мүмiндiк бередi. HTML SGML-ға негiзделген (standart Genere Lized Markup Language - жалпы белгiлеу стандартты тiлi) . Нақтырақ айтсақ, HTML бґл SGML құжатты типiнiң анықтауышы, немесе SGML қағидасының өзiндiк қосымшасы. Сiз HTML құжаттарын ақпараттық жүктеменi сақтайтын форматалмаған текстiң iшiндегi HTML тэгi (tags) арқылы құрасыз. HTML тэгтерi-бұл “азырақ” (<) белгiсiнен басталып, “көбiрек”(>) белгiсiмен аяқталатын символдар тiзбегi. Web браузерлер HTML-ды синтаксистiк тексерген кезде үш қағидаға сүйенедi:
- пробел және басқа да “көрiнбейтiн символдарға” назар аудармайды;
- форматтау тэгтерi кiшi немесе үлкен (бас) әрiптерiмен жазылуы мүмкiн;
- форматтау тэгтерiнiң көпшiлiгi сыңарларымен бiрге жазылады.
Кейбiр ерекше тэгтердi ескермесек, HTML форматтау тегтерiнiң барлығын да сыңар тегтерi бар. Ашатын тег берiлген эффектi активтендiрсе, жабатын тег оны өшiредi. Тег сыңарларын көбiнесе контейнер деп те атайды. Себебi, олар қосып - өшiретiн эффект мәтiнде сол екi тэгтiң арасында ғана пайда болады. Мысалы, мәтiнiң қатары толық әрiпен жазылуы керектiгiн көрсететiн болсақ, былай жазамыз:
<В> Бұл қатар толық қарiппен жазылады. </В>.
Жабатын тегтiң iшiнде орналасқан мәтiн «керi қисық сызық» символымен шамаланады. Бұл қағидаға бағынбайтын тэгтер <ВASE> (негiзгi мәлiмет), <ВR> (қатар соңы), <НR> (горизанталь сызық) және IMG (бейне) . Бұл тегтер жалғыз қолданылады.
HTML -ге тiкелей қатысы болмаса да, HTML құжаттарының өте маңызды бөлiгi болып URL адрестерi есептеледi. Ол әр түрлi тэгтерде кең көлемде қолданылады. Негiзi, URL World Wide Neb-тiге құжаттың адресi болып есептеледi. URL - дың құрылымы жер шарының кез−келген белiгiнде орналасқан бiрге жұмыс iстейтiн. Web - сервердiң кез-келген типiндегi кез-келген құжаттардың ықшамды идентификациялау тәсiлi мүмкiндiгiн бередi. Ақпараттар серверiнiң хаттамасын ескермесек, URL-дың жалпы формуласы келесi:
Хаттама:// Сервер_аты: порт/файл-аты
HTML−құжатын белгiлеу үшiн бiз <HTML> және </HTML> тэгтерiн қолданамыз. Бұл тегтер өзiнде HTML -дың барлық тэгтерiн және құжаттың ақпараттық құрамын қамтиды. <HTML> құжаттардың бiрiншi қатарында, ал <HTML> тэгi құжаттың соңғы қатарында орналасуы керек. Бґл тегтер олардың арасында орналасқан барлық символдардың HTML-коды екенiн бiлдiредi. Құжаттың тақырыбы <HTML> тегiнен кейiн жазылып, </HEAD> тегiмен аяқталады. Сiз ақпарат тақырыбына көп мөлшерде символдар енгiзе алсаңыз да, оның құрамында екi заттың болуы мiндеттi: құжат аты және оның URL-ы.
Сiз құжаттыңызға ат берген кезде, оны <TITLE> және </TITLE> тэгтерiнiң арасына орналастыра аласыз. Құжат аты Интернет Explarer 3 тақырыб қатарында және журнал (History) және избранные страницы (Faourites) тiзiмдерiнде пайда болады. Сiз құжат атына сол құжатты толық түсiндiретiндей етiп таңдауыңыз керек. Бiрақ ол 40 символдан аспауы керек. Сiз <BASE HREF= “базовый_URL”> тегiнде URL негiздiк адресiн көрсетесiз. Ол құжаттың абсолют URL-iне теңестiрiледi. Сiз құжат тақырыбын жазып болған соң оның денесiн құруды бастайсыз. HTML құжатының денесi ақпаратты сақтайтын толық мәтiнде және мәтiндi форматтауға арналған барлық HTML тегтерiн қамтиды. Құжат денесi тақырыбтан соң басталып, <BODY> және </BODY> тэгтерiмен шектеледi. Құжат денесi келесi түрде көрiнiс табады:
<HTML>
<HEAD>
<TITLE> бұл жерде құжат аты орналасады </TITLE>
<BASE HREF= «негiздiк_URL»>
</HEAD>
<BODY>
</BODY>
</HTML>
Жаңа абзац бастау және оны аяқтау үшiн <Р> және </Р> тэгтерi қолданылады. HTML спецификациясын байланысты <Р> ALIGN атрибутын қолдайды. Ол абзацтың iшiнде мәтiндi туырлауға мүмкiндiк бередi. Абзацтар бас қатармен бөлiнедi. Бас қатар тастамай жаңа абзацты бастау үшiн <ВR>(қатар соңы) тэгiқ олданлыда. Мысалы:
<TITLE> өлең жолдары </TITLE>
<Р>
You can tell it , s Spring with all of the rain we , re getting.
It makes me to recite the rhyme.
<!-Вы можете сказать, что уже весна, поскольку идет такой сильный дождь. Поэтому я хочу процитировать стихи−−>
</Р>
<Р>
Rain, rain <Br>
Go away <Br>
Come again <Br>
Another day <Br>
HTML - тақырыб стилiнiң алты түрiн қолдайды. Мәтiндi қандай да бiр стильде азу үшiн оны <Hn> және </Hn> тэгтерiнiң арасына орналастыру керек. Олар былай жазылады.
<H1> Heading style 1 </H1>
<H2> Heading style 2 </H2>
<H3> Heading style 3 </H3>
<H4> Heading style 4 </H4>
<H5> Heading style 5 </H5>
<H6> Heading style 6 </H6>
HTML төрт физикалық стильдi қолдайды. Физикалық стиль - бұл курсив немесе толықтық сияқты қарiптiң атрибуттары. Олар келесi де көрсетiлген.
HTML тiлiнiң физикалық стилi
Стиль тег
Толық шрифт <B> . . . </B>
Курсив <I> . . . </I>
Астын сызу <U></U>
Машинопись (фиксталген ен) <TT> . . . </TT>
HTML логикалық стиль олар ерекшеленгенген мәтiннiң мағынасын анықтайды. Олардың қарiп атрибуттарына қатысы жоқ болғандықтан, олар әр браузерде әр−түрлi көрiнiс табуы мүмкiн. Логикалық стильдер келесi кестеде көрсетiлген.
HTML логикалық стилi
Стиль аты ТЭГ Бейнеленуi
Дәйектелген абзац <BLOCKQUOTE> Оңнан және солдан шегініс
Дәйексөз <CITE> Курсив
Код <CODE> Фикстік ені бар қаріп
Анықтама <DFN> Толық қаріп
Эмораза, ерекшелеу <EM> Курсив Пернетақта <SAMP> Фикстік ені бар қаріп Ерекшелеу <STRONG> Толық қаріп Ауыспалы <VAR> Курсив Адрес <АDDRES> Курсив Мысалы, мына HTML кода көп логикалық сильдi қолданады: <H1>Logical STYLES < /H1> According to <CITE> the Handbook of Federal Tellecomunicattions
Regulatieons </CITE>:<Br>
<BLOCKQUOTE>
All access providers <STRONG> must</STRONG> turnish their clients wieth prompt and accurate invoices. Changes on invoices <STRONG> must </STRONG> show date of the chage, duration of connect time/ and the rate charged per minute.
</BLOCKQUOTE>
Failure to comply with this statute may result in <EM> lagre tines </EM>.
<P>
For mor intermation, send e-mail to <ADRESS> info @ telecom. net </ADRESS>
<PRE> және </PRE> тэгтердiң аралығында орналасқан мәтiн форматталған деп есептелiп, қарiптердiң енi ерекшеленiп жазылады. Бұл мәтiнде барлық символдардың енi бiрдей болып жазылатындықтан, ол мәтiнде туырлауды жеңiлдетедi.
HTML тiзiмдерi сiздiң құжатыңыздағы ақпараттарды қызықты етiп көрсетуге мүмкiндiк бередi. Олар келесi кестеде көрсетiлген.
HTML тiзiмдерi кестесi Тип тiзiмi тегi элемент тегiНөмiрленген <OL> . . . </OL> <LI> . . . </LI>
Таңбаланған <UL> . . . </UL> <LI> . . . </LI>
Баяндау тiзiмi <DL> . . . </DL> <DD> . . . </DD><ДТ> . . . </DT>
Меню <MENU> . . . </MENU> <LI> . . . </LI>
Директория <DIR> . . . </DIR> <LI> . . . </LI>
Келесi HTML кодында тiзiмге мысал келтiрiлген:
<html>
<H2> Unordered Lists -маркированный список </Н2>
<UL>Bulleted LIST items </LI>
<LI>!-элементы маркированного списка−−</LI>
<LI>LIST items are indented </LI>
<LI>!-элементы имеют отступ−− <LI>
</UL>
<H2>Ordered LISTS− нумерованный список </H2>
<OL>
<LI>Numbered List items </LI>
<LI>−−элементы нумерованного списка−−</LI>
<LI>List items are intented </LI>
<LI>элементы имеют отступ </LI>
</ОL>
<Н2>Dicsrihtion Lists−список списанной </Н2>
<DL>
<DТ>First tern </DT>
<DD> derscribtion of pist tern </DD>
<DD> !-Описания первого термина−−</DD>
<DТ>Segond term </DТ>
<DТ>!-Второй термин−−</DТ>
<DD>Describtion of second term −</DD>
<DD>− описание второго термина−−</DD>
</DL>
</html>
HTML сiзге арнайы символдарды қолдану мүмкiндiгiн бередi. «Көбiрек» (>), «азырај» (<) және тырнақша (“) символдары HTML−дың форматты тегтерiнде қолданылатындықтан, оларды экранға шығару үшiн белiгiлi бiр тiзiмде орналастыру керек. Ол тiзiмдерде амперсант белгiсi (&) қолданылады.
Оны да экранға шығару үшiн белгiлi бiр тiзiмде орналастыру керек. Арнайы символдардың тiзiмi келесi кестеде көрсетiлген.
Резервтелген HTML символдары үшiн арнайы символдар тiзiмi Тiзiмi көрiнiс мәнi< < азырақ
> > көбiрек
& & амперсант
&guot; “ Тырнақша
Осы HTML символдарын қолдану арқылы бiз қарапайым Web беттi құра аламыз. Web беттi көркемiрек ету үшiн HTML -дың басқа да көптеген тэгтерiн үйрену қажет. Оларды қолдану арқылы бiз Web−бетке графика және кестенi кiрiстiре аламыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz