Қызылша


Жоспары:
1. Этиологиясы.
2. Эпидемиологиясы.
3. Патогенезі.
4. Клиникасы.
5. Негізгі емі.
6. Алдын алу шаралары.
7. Пайдаланылған әдебиеттер.
Қызылша - аурудың жалпы жағдайынан бұзылуымен, жоғарғы тыныс жолдарының қабынуымен және денеге теңбіл, терінің үстіне көтеріліп бөртпе шығуымен сипатталатын жедел жұқпалы ауру.
Қоздырғышы: фильтрленуші вирус. Бұл вирус қоршаған ортада төзімсіз, бірақ өте ұшпа, яғни вирус ауамен тез және алысқа тарайды.
Эпидемиология:
Ауру көзі-ауру адам, қызылша әсіресе бастапқы және бөртіп шыққан алғашқы күндерінде мейлінше жұққыш болып келеді. Бөртіп шыққаннан 4 күн өткен соң науқас қауыпты емес.
таралу жолы -ауа -сілекей жолы. Қызылшамен ауырған кезде пайда болатын жөтел мен түшкіру инфекцияның таралуына себеп болады. қызылшамен ауырған адаммен бір бөлмеде және қасындағы бөлмелерде болу балаларға жұғу қаупін төндіреді.
Сезімталдық балаллар жас шамасына қарамастан қызылшамен ауырғыш келеді, әсіресе 1-8 жас аралығындағы балалар.
Маусымдылық - қыс, көктем айлары.
Иммунитет -тұрақты.
Клиникалық белгілері: Қызылшаның 4 кезеңі бар
Жасырын кезең
Катаральды кезең
Бөртпе шығу кезеңі
Реконвалесценттік кезең
Жасырын кезең 9-10 күнге созылады, ал егілген балада 21 күнге дейін болады.
Катаральды бастапқы кезең 3-5 күнге созылады. Баланың дене қызуы 38-390С-ға дейін көтеріледі, катаральдық белгілер пайда болады: мұрнынан су ағады, жөтел, түшкіру, коньюктивит, көз қарығу болады.
Осы кезде қызылшаға ғана тән Бельский-Филатов-Коплик белгісі пайда болады: ауыздың сілекейлі қабығында, азу тістерінің тұсында ұнтақ жарма тәріздес ұсақ ақ дақтар пайда болады, олар 2-3 күнге дейін сақталады.
Мұнымен қатар жұмсақ таңдайдың сілекейлі қабығында қызғылт дақтар -энантэма пайда болады. ауырған баланың беті қабырынқы, көзі қызарып, жасаураған, қабақтары ісіңкі, көзі қарығулы, мұрнынан су ағып тұрады.
Бөртпе шығу кезеңі. Аурудың дене қызуы 39-400С дейін көтеріліп, көңіл күйі бұзылып, бас ауырғаны ұлғайып, тәбеті төмендейді, ұйқысы бұзылады, ен жар көңілді. Аурудың денесіне этаппен бөртпе шығады.
Бірінші күні ауырған баланың бетіне, құлақтың сыртына, мойнына, терінің үстіне көтеріліп теңбіл бөртпе шығады.
Екінші күні денесіне шығып, кейбір бөртпелер қосылып ұлғайяды.
Үшінші күні бөртпе қолдарына, аяқтарына тарайды. Бөртпе шығып болғаннан кейін аурудың дене қызуы төмендеп жалпы жағдайы жақсара бастайды.
Реконвалесценттік кезең - бөртпе шыққандағы кезекпен жоғалады да орнында қоңыр дақ қалады. Аурудың клиникалық көріністерінін жойылуы баланың толық айығып кеткендігін білдірмейді, оның организмі әр алуан микробтарға қарсы тұра алмайды.
Қызылшаның 3 түрі бар: жеңіл, орташа, ауыр түрі.
Асқынуы: пневмония, ларингит, бронхит, энцефалит
Емдеу:
1. Баланы оңашалау, ауырған балалар көбіне үйінде емделеді. Ауруханада қызылшаның тек қана ауыр түрі және ауруды оңашалауға мүмкіншілік болмаған жағдайда ғана жатқызылады.
2. Ауырған баланың жатқан жерін таза ұстап, желдетіп тұру керек. Балаға гигиеналық күтім өткізу: беті-қолын уақытылы жуу, көзін, мұрнын тазалау, еріндерін майлау, аузын шайдыру.
3. Тамақ баланың жасына сай болып, витаминдерге бай болуы керек.
4. Витаминдер комплексі
5. Симптоматикалық ем
Профилактикасы: Арнайы профилактика -бала 12 айға толған кезде қызылша вакцинасы 0, 5 мл. бұлшық етке еңгізеді. Ревакцинациясы 6-7 жасында.
Ауру ошағында эпидемиологияға қарсы жүргізілетін шаралар:
Ауырған баланы 5 күнге оңашалау
СЭС-ке № 58 формамен хабар беру
Ауру баламен қарым-қатынаста болған балаларға 21 күн карантин тағайындалады: күнделікті бақылау, балаларды басқа топқа аударуға, бұл топқа жаңа бала қабылдауға болмайды. Есіктердің саңлауларын екі жағынан қос қабаттап желімдеу.
Асқынуы.
Асқыну көбінесе 5 жасқа дейінгі балаларда немесе 20-дан асқан ересектерде болады. Кең таралған түбі - құлақ ортасының қабынуы (отит), бронхопневмония, мойын лимфа түйіндерінің қабынуы, ларингит, энцефалит. Өкінішке орай, асқынулар болып тұрады, сондықтан да ауруды қатаң медициналық бақылау керек, учаскелік дәрігер пациентті күніне бірнеше рет қарау керек. Қызылшаға деген секем туа сала, дереу дәрігерге қаралу қажет. Бұл тек қана диагноз қою мен емдеу үшін ғана емес, ауырған адамның ұжымында, айналасында эпидемияға қарсы шаралар жүргізу үшін өте маңызды.
Алдын алу.
Қызылшаның алдын алуда тиімді де сенімді шаралардың бірі - егілу. Қызылшадан егілу сақтану иммунитетін қалыптастырады. Бірінші екпе бала 1 жаста, екінші екпе бала 6 жаста болғанда жүргізіледі. Екпе 15 жыл бойы тұрақты, сақтау тиімділігін қамтамасыз етеді.
Қызылша пайда болса, ауырған адам болған инфекция ошағында, ұжымда эпидемияға қарсы шаралар жүргізіледі. Инфекция ошағында күн сайын аурумен қарым-қатынаста болған адамдарды тексеріп, термометрия жүргізеді. Жұқтырған адамдар болса дереу оқшаулайды. Қызылша, қызамыққа және шошқа мойынға (ҚҚП) қарсы екпе бұл аурулардан сақтайды! Қызылшаға қарсы вакцинаны ойлап шығару - бұл медицина ғылымының үлкен жеңісі.
Вакциналар
Қазіргі таңда қызылша ауруымен күрес және алдын алу, осы аурудың асқынуынан сақтану ол-вакцинация екенін ұмытпаған жөн. Қызылшадан вакцинация арқылы қорғануға болады. Қызылша, қызамыққа және шошқа мойынға (ҚҚП) қарсы екпе бұл аурулардан сақтайды! Туберкулез, лимфома, лейкоз ауруларымен ауырған найқастарға, жүкті әйелдерге, сонымен қатар ИТВ жұқпалы дертін жұқтырғандарға тірі вакцинация жүргізілмейді. ҚҚП екпесі қауіпсіз. ҚҚП екпесін алған адамдардың көпшілігінде қолайсыз жағдайлар байқалмайды. Өте сирек кездесетін егуден кейінгі қолайсыз жағдайлар дене қызуының көтерілуімен ғана шектелуі мүмкін, ал денеде бөртпе пайда болып немесе құлақ айналасындағы және сілекей бездерінің ісінуі одан да сирек кездеседі. Бұл қолайсыз жағдайлар егуден кейін 7-12 күн ішінде жойылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz