Қызамық вирусы


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

1. Этиологиясы.

2. Эпидемиологиясы.

3. Патогенезі.

4. Клиникасы.

5. Негізгі емі.

6. Алдын алу шаралары.

7. Пайдаланылған әдебиеттер.

Қызамық вирусы

Қызамық немесе Жәншау (лат. rubeola) - А тобының стрептококк (лат. Streptococcus pyogenes) арқылы тарайтын тез (жедел) жұғатын жұқпалы ауру.

Қызамықпен ересек адамдардан гөрі балалар (әсіресе 2 - 10 жас аралығында) жиі ауырады. Ауру науқас адамнан сау адамға жөтелгенде, сөйлегенде, түшкіру кезінде қақырық, түкірік шашырағанда жұғады. Сондай-ақ, науқас баланың ойыншығы, ыдыс-аяғы, т. б. арқылы да таралады. Қызамықпен бір рет ауырған адам екінші рет ауырмайды. Қызамықпен бұрын ауырмаған жүкті әйелдер сақтануы керек (әсіресе, алғашқы 3 айда), жұқтырған жағдайда құрсақтағы нәрестенің өміріне зиян келуі, не әйел түсік тастауы мүмкін.

http://anamenbala.kz/wp-content/uploads/2011/07/masern.png

Қызамық (латынша: rubrum - красный - қызыл) - қысқа мерзімді дене қызбасымен, майда-дақты экзантемамен (бөртпе шығумен), генерализацияланған лимфоаденопатиямен және жүкті әйелдерде ұрықтың зақымдануымен сипатталатын вирустық жедел жұқпалы ауру.

Таксономиясы. Тұқымдастығы : Togaviridae

Туыстастығы : Rubivirus.

Морфологиясы. Жетілген вириондар сфера пішінді, диаметрі 60-70 нм. Геномы (+) РНҚ -ның сегменттелмеген молекуласынан тұрады. Суперкапсидінің липидті қабықшасының құрамында тікенекше тәрізді Е 1 және Е 2 гликопротеидтер бар (жасушамен жанасқанда рецептор қызметін атқарады) . Капсидінің симметриясы куб типті болады.

Антигендері. Қызамық вирусының екі антигені бар: 1) ішкі антигені - нуклеокапсидтік, КБР -мен анықталады; 2) сыртқы, суперкапсидтік антиген, БР, ГАТР -мен анықталады. Серотипі - біреу.

Төзімділігі. Қызамық вирусы эфирдің, детергенттердің әсеріне сезімтал. Сыртқы ортада тұрақты емес. Қайнатқанда вирус 2 - минутта белсенділігін жояды. Төменгі температурада мұздатқанда өзінің белсенділігін жылдар бойы сақтайды. Органикалық еріткіштердің, УК-сәуленің, күн сәулесінің, хлорқұрамды ерітінділердің және формалиннің әсерінен тез бұзылып жойылады.

Эпидемиологиясы. Инфекция көзі (резервуары) - клиникалық белгілері айқын немесе симптомсыз жұқтырған адамдар. Вирус ауалы-тамшылы, транспланцентарлы (анасынан ұрыққа) жолмен, және де инфицирленген заттармен жанасқанда жұғады. Қызамықпен негізінде 1-ден 7 жасқа дейінгі балалар ауырады, ересектер сирек жағдайда бұл ауруға шалдығуы мүмкін. Бөртпе шыққаннан бастап 7 күнге дейін науқас балалардың және де қызамықтың туыла біткен түрімен дүниеге келген нәрестелердің (сыртқы ортаға 2 жыл бойы вирус бөліп шығарады) инфекция жұқтыру қауіптілігі сақталады. Вирус организмнен сыртқы ортаға мұрын -жұтқыншақ секретімен, несеп және нәжіс (инфицирленгеннен соң 7-8 күннен кейін) арқылы бөлініп шығады.

Патогенезі және клиникалық көрінісі. Вирус жұққаннан кейін мойын, желке және құлақ бездерінің артқы лимфатүйіндерінің жасушаларына енеді; сол жерде вирустың біріншілік репродукциялануы басталады. Бездер үлкейе бастайды және пальпациялау кезінде ауырсыну болады. Сонан соң вирус лимфаға, қанға өтеді де вирусемия дамиды. Бөртпе пайда болған кезден бастап вирусемия тоқтайды.

Ауру дене қызбасының дамуымен, бөртпе шығумен, жоғарғы тыныс алу жолдарының зақымдануымен, буындарының және бұлшықеттерінің ауыруымен сипатталады.

Тыныс алу жолдары зақымданғанда жасырын кезеңі 11-23 тәулікке созылады, продромальдық кезеңі - бірнеше сағаттан 1-2 тәулікке дейін ауытқиды. Ауруға тән сипатты белгілері: ашық алқызыл түсті дақты - папулалы бөртпелер (әсіресе аяқ-қолдың жазғыш беткейінде, арқасында және бөксесінде) шығу. Бөртпе шығудың алдында лимфа түйіндері (әдетте мойын және желке бездерінде) үлкейеді. Асқынулар сирек болады (отит, бронхопневмония, полиневриттер байқалады) . Ең ауыр асқынуларға - қызамықтық энцефалиттер және энцефаломиелиттер (ересектерде) жатады. Зақымдану өте ауыр түрде өтіп, 20-50% жағдайларда өліммен аяқталады. Плацента арқылы жұғу ұрықтың жапырақшаларының бәрінде зақымдану туғызады. Нәрестелерде салмағының аз болып туылуы, тромбоцитопениялық пурпура, гепатоспленомегалия, пневмония т. б. жиі байқалады. Құрсақішілік инфицирленген кезде 50% жағдайда ұрықта катаракта, жүрек кемістігі, микроцефалия (ақыл-есінің дамуы бұзылуымен) және саңыраулық (глухота) дамиды.

Жүктіліктің І-триместрінде ұрықтың вируспен инфицирленуі өте қауіпті. Жүктіліктің алғашқы 2 айында жұқтыру патологиялар пайда болуды 60-80%-ға арттырады. Бұл кезде көптеген кеміс -ақаулықтар дамиды, ал кейінірек жұққанда -асқынулар 20-30% құрайды (кемістіктер көбінесе жеке-даралы болады, түсік тастау да жиірек байқалады) . Ауру барысында жасушалық типтегі екіншілік иммунды тапшылық дамиды.

Қызамық вирусының персистенциялануы (туа біткен қызамықтан кейін немесе балалық шақта ауырғаннан кейінгі жағдайларда) адамдарда екінші онжылдықтар мерзімінде прогрессивті қызамықтық панэнцефалит (ПҚПЭ) дамуы ықтимал.

ПҚПЭ -вирустық баяу инфекция, ОЖЖ -ның ақыл-естік және қозғалтқыштық функциясының кешенді прогрессивті бұзылыстарымен сипатталады, және де өлімге әкеледі.

Қызамық вирусы панкреатит, қалқанша бездің дисфункциясын, ақыл -есінің өзгеруін және т. б. ауруларды дамытуға себепкер болуы ықтимал.

Иммунитеті. Аурудан айыққаннан кейін тұрақты (гуморальды) иммунитет қалыптасады. Антигемагглютининдер және вирус бейтараптаушы антиденелер өмір бақи сақталады, ал комплемент байланыстырушы антиденелер организмде бірнеше ай бойы айналымда болады, сондықтан оларды анықтау қызамыққа жақын арада шалдыққанын көрсетеді. Вирус бейтараптаушы антиденелер және антигемагглютиндер титрінің жоғарғы дәрежеде болуы макроорганизмнің қабылдамаушылық көрсеткіші болып табылады. Қоздырғыш интерферон синтезделуін басып тастағанда қызамық вирусы организмде ұзақ уақыт бойы айналымда болады. Бұл кезде қан сарысуында вирусспецификалық иммундыглобулиндер (анасынан плацента арқылы өткен) анықталады. Туыла біткен қызамықтан кейінгі иммунитеттің тұрақтылығы төмен, өйткені ол ұрықтың иммундық жүйесінің жетілмеген жағдайында қалыптасады.

Микробиологиялық диагноз қою. Зерттелетін заттар: қан, мұрын-жұтқыншақ шайындысы, ликвор, ұрық тіндерінен алынған сынамалар. Вирусты бөліп алу (индикациялау) : ауыспалы жасуша дақылдарына (Vero, Hela т. б. ) жұқтыру

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалардағы жұқпалы аурулар. Иммунды алдын алу
Экзантеманың белгілері
Екіншілік иммундық тапшылық жағдайлар
Қызамық инфекциясының жүктілікке әсер етуі
Вакцинация
Вирустар. Вирустардың морфологиясы және биохимиясы
Жасуша рецепторлары
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу. Вакцина дайындау принциптері. Адьюванттар, иммуномодуляторлар. Құтырық, аусыл, шмалленберг, блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу
ДНҚ және РНҚ вирустар
Балалар жұқпалы ауруларына кіріспе
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz