Білім сапасының мониторингі


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе3
І-Тарау. Студенттер үлгерімінің берілгендер қорын дайындаудың теориялық негіздері
1. 1 Берілгендер қоры және берілгендер қорының басқару жүйесі (БҚБЖ) . . .
1. 1. 1 Берілгендер қоры туралы түсінік және берілгендер қорының басқару жүйесі (БҚБЖ) . . .
1. 1. 2 Берілгендер қорының түрлері . . .
1. 2 Білім сапасының мониторингі. Мониторинг жүйесі . . .
- Білімді бағалауда статистикалық әдістердің қолданылуы . . .
- Кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамалары. ……….
- Математикалық күтім (орта) . .
- Дисперциялық анализ мақсаты. ….
- MS SQL БҚБЖ-де клиент-сервер технологиясында берілгендер қорын құру . . . Клиент-серверлік берілгендер қоры. . MS SQL тілі туралы түсінік және оның архитектурасы. . Delphi-де ADO технологиясы бойынша берілгендер қорымен байланысты ұйымдастыру . . .
ІІ-Тарау. Delphi 7 программалау ортасында студенттер үлгерімінің базасын дайындау және монитроинг жүйесіне сипаттама
- Есептің қойылымы. . …….
2. 1 Программа формаларына сипаттама.
2. 2 Студенттер үлгерімінің мониторинг көрсеткіштері. . ……. .
Қорытынды. .
Қолданылған әдебиеттер
ҚОСЫМША
Кіріспе
Берілгендер қоры - ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Бірақ қазіргі кезде берілгендер қорын басқару жүйелері өздерінің құрылымдарына тек мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар олардың тұтынушыларынмен және басқа да ақпараттық -программалық кешендермен қарым-қатынасының әдістерін қамтиды. Берілгендер қорын басқары жүйесі дегеніміз - жаңа мәліметтер қорын құруға, оны мәліметтермен толтықтыруға, оның мазмұнын редакциялауға, оларды реттеуге, безендіруге және баспа құрылғыларына шығаруға және байланыс арналарына жөнелтуге программалық құралдар кешені. Берілгендер қорын басқару жүйесі - мәліметтер қорын құрады және сұранысты өңдейді өздерінің мүмкіншіліктерімен ерекшеленетін және бір-бірімен бәсекелесетін берілгендер қорын басқару жүйелері: Paradox, dBase, Microsoft Access, FoxPro, Oracle, InterBase, SyBase, Microsoft SQL Server және тағы басқа. Берілгендер қорының бірнеше түрлері бар. Атап айтсақ автономды, файл-серверлі, клиент-сервер, көпдеңгейлі болып бөлінеді. Егер үлкен берілгендер қорымен жұмыс істегенде көп уақытты алады және программамен жұмыс істеу қиынға соғады. Бұндай кезде клиент-серверлік берілгендер қоры тиімді. Сервер - мәліметтердің сақталуына жауап береді және қолданушының сұранысын (SQL) өңдейтін программа. Сервер қашықта орналасуы мүмкін, сонымен қатар клиенті бар компьютерде орналасуы мүмкін. Клиент - бұл мәліметтерге кіру үшін серверге қосылатын кез келген программа. Осы берілгендер қорымен жұмыс істеу үшін берілгендер қорының файлы мен оған кіру үшін драйвер керек болса, ал қазір берілгендер қорымен жұмыс істеу үшін драйвер мен сервердің программасы керек. Сервер берілгендердің тұтас болуын қамтамасыз етеді, мәліметтерге доступтың ортақ болуын ұйымдастырады( бір қолданушының өзгертулері басқа қолданушыларға көрінеді), қауіпсіздік жүйеін құруға мүмкіндік береді және сервер деңгейінде мәліметтерге доступты қолданушы құқығын көрсетеді. Берілгендер қорымен жұмысты ұйымдастыратын арнайы тілді қолдану арқылы шешіледі. Бұндай тілдердің бірі сұраныстың құрылымды тілі SQL (Structured Query Language) . SQL тілі өзінің командалар жиынтығынан тұрады.
Қазақстанда бүгінгі күнде білім сапасын бағалаудың жүйесі тек қалыптасуда. Жоғары білім беру сапасын бакалаврларды, мамандар мен магистрларды дайындаудың «ережесіне сәйкестігі» арқылы түсіндіріледі, ал ереже - талап етілетін білім мен дағды деңгейлері - ең алдымен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік білім стандарттары мен ЖОО-ғы мамандық паспорттарына тіркелінген. Бұл жерде ереже түсінігі абсолютті емес және тіркелінген емес екендігін атап өткен жөн. «Ереже сапасын» субъективті түсініктерден арылту және анықтау үшін үнемі тұрақты жұмыс жүргізілуде.
Білім сапасы - көп өлшемді түсүнік. Мұнда білім сапасы туралы емес, білім беру жүйесінің түрлі жақтарының сапасы туралы айтылуы тиіс (кадр әлеуеттілігі, әдістемелік , оқу-тәрбие үрдісі, материалдық-техникалық база, бітірушілердің қорытынды дайындығы т. б. )
Дипломдық жұмыстың мақсаты - студенттердің үлгерімдерінің мониторинг көрсеткіштерін MS SQL server базасында құру.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
- Мәліметтер қорын басқару жүйелерімен танысу;
- Білімді бағалауда статистикалық әдістердің қолданылуын зерттеу;
- Дисперсиялық талдауды - білімді бағалауда статистикалық әдістер құралы ретінде пайдалануды үйрену;
- Білім сапасының мониторингі және оны анықтау жолдарын білу;
- MS SQL server мүмкіндіктерін зеттеу;
- Delphi 7 программалау ортасының ADODB компоненттер сериясының мүмкіндіктерін зерттеп, базамен байланыстыруға қолдану;
- Студенттердің үлгерімінің құжаттарын жинақтау, талдау жасау;
- Студенттердің үлгерімін базаға енгізу программасын дайындау;
- Мәліметтер қорынан сұраныстар, есептер құратын программа дайындау;
- Программа нәтижелерін статистикалық әдістермен талдау жасау.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден, қосымшалардан тұрады.
І-Тарау. Студенттер үлгерімінің берілгендер қорын дайындаудың теориялық негіздері
1. 1. 1 Берілгендер қоры және берілгендер қорының басқару жүйесі (БҚБЖ)
Үлкен көлемдегі берілгендерді манипуляциялаған кезде, берілгендер қорын қолдану қажеттілігі пайда болады. Берілгендер қоры ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Бірақ қазіргі кезде берілгендер қорын басқару жүйелері өздерінің құрылымдарына тек мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар олардың тұтынушыларынмен және басқа да ақпараттық -программалық кешендермен қарым-қатынасының әдістерін қамтиды. Берілгендер қорын басқары жүйесі дегеніміз жаңа мәліметтер қорын құруға, оны мәліметтермен толтықтыруға, оның мазмұнын редакциялауға, оларды реттеуге, безендіруге және баспа құрылғыларына шығаруға және байланыс арналарына жөнелтуге программалық құралдар кешені. Берілгендер қорын құрғанда информциялардың бір -бірімен қарама-қайшы болмауы керек, сондықтан бірінші кілтті қолданамыз. Бірінші кілт --- информациялардың бірегей болуын қамтамасыз етеді. Берілгендер қорын басқару жүйесі - мәліметтер қорын құрады және сұранысты өңдейді өздерінің мүмкіншіліктерімен ерекшеленетін және бір-бірімен бәсекелесетін берілгендер қорын басқару жүйелері: Paradox, dBase, Microsoft Access, FoxPro, Oracle, InterBase, SyBase, Microsoft SQL Server және тағы басқа. Олар әртүрлі ұйымдастырылған және берілгендер қоры сақтайды. Мысалы: Paradox және dBase-те әр таблицаға жеке файл қолданылады. Бұл жағдайда берілгендер қорындағы кесте файл сақталынатын каталог. Microsoft Access және InterBase-те бірнеше файлдар бір файл түрінде сақталынады. Бұл жағдайда берілгендер қоры --- файл аты. Клиент-сервер түріндегі жүйеге SyBase және Microsoft SQL серверлері жеке компьютерде мәліметтерді сақтайды және клиентпен арнайы тіл арқылы (SQL) байланысады. Берілгендер қорының қасиеттері әртүрлі болғандықтан, егер ол қосымшаға (приложения) каталогтарды, файлдарды, серверлерді көрсететін болсақ, онда онымен жұмыс істеу қиынға соғады. Бұл проблеманы шешу үшін берілгендер қорының псевдонимі қолданылады. Псевдоним (alias) - берілгендер қорына кіруді қамтамасыз етеді. Бұл псевдонимді берілгендер қорын құрғанда бір реет хабарлайды. Берілгендер қорының администраторының информациясының псевдонинімен сәйкес келсе жеткілікті.
1. 1. 2 Берілгендер қорының түрлері.
Әртүрлі мақсат үшін әртүрлі берілгендер қорының моделін қолдану орынды, қандайда бір коллективтің қызметкерлері туралы берілгендер қорын және қандайда банктің барлық аймақтарды филиалдары туралы берілгендер қорын әртүрлі етіп құру керек. Қай берілгендер қорына қандай қосымшасы (приложения) сәйкес келетінін анықтау процесі масштабтау деп аталады.
Берілгендер қоры төрт модельге бөлінеді:
- Автономды
- Файл-серверлі
- Клиент-сервер
- Көпдеңгейлі бөлінуі
Автономды берілгендер қоры.
Автономды берілгендер қоры қарапайым берілгендер қоры болып табылады. Олар өздерінің мәліметтерін жеке компьютерде орнатылған жергілікті файлдық жүйеде сақтайды; басқару жүйесі және берілгендер қорының машинасы рұқсат ала алады. Мұнда желі қолданылмайды. Сондықтан автономды берілгендер қорымен жұмыс істейтіндерге екі адам бірдей уақытта бір жазбаны өзгерту сияқты паралельді доступпен жұмыс істеу проблемасы шықпайды. Автономды берілгендер қоры көптеген қолданушыларды таратылатын қосымшаларды (приложениялар ) дамытуға пайдалы, олар жеке берілгендер қорын қолдайды. Мысалы, шағын офистің документациясын өңдеу, шағын мекеменің кадр құрамын, шағын бухгалтерияға бухгалтерлік құжаттар үшін қосымшалары. Әр қолданушы өзінің жеке мәліметтерін өзінің компьютерінде манипулйциялайды. Қолданушыға басқа қолданушының мәліметтеріне рұқсат алу қажет емес.
Файлдық-серверлі берілгендер қоры.
Файл-серверлік берілгендер қорының автономды берілгендер қорынан ерекшелілігі, бірнеше клиенттерге желі арқылы кіруіне мүмкіндік береді. Мысалы, үлкен мекеменің берілгендер қорына жеке бөлімшенің администраторы кіре алатындай (мұндай жағдайда әрбір администратор өзінің бөлімшесі тиісті мәліметтерді көре алатындай етуге болады) . Берілгендер қоры жалғыз экземпляр түрінде файл-сервер желісінде сақталынады. Әрбір клиентке жұмцс істеу үшін мәліметтердің көшірмесін құрады. Бұл жерде проблема туындайды. Бір информацияға бірдей уақытта бірнеше қолданушы кіру керек болады. Файл-серверлік берілгендер қорының кемшіліктерінің бірі желінің өнімді емсе жүктелуінде.
1. 2 Білім сапасының мониторингі. Мониторинг жүйесі
Мемлекеттік білім беру жүйесі білім сапасы мониторингін өңдейтін керекті қор құрады. Білім сапасының мониторингі - бұл аудандық және аймақтық (мектептерді қоса) және ұлттық білім беру аспектілері бойынша жүйелік және әрдайымғы берілгендер жиынтығының процедурасы.
Білім сапасының мониторингі жүйесінің негізі болып мына элементтер саналады:
- Стандартты құру және операциялық: стандартты анықтау; стандарттың жетістігіне пікір айтуға болатындай шарттар құру;
- Берілгендерді түсіру және бағалау: берілгендерді түсіру; нәтиже бағасы;
Іс- әрекет: стандартқа сәйкес қабылданған шараларды бағалау нәтижесі.
Мектеп және ЖОО мониторингінде негізгі орынды педагогикалық бағалау үлкен рөл атқарады. Педагогикалық бағалау екі негізгі функциямен орындалады:
- Байланыстық
- Себептік
Педагогикалық бағалаудың себептік функциясы оқушыға әсер ететін: оқушыға өзінің білімімен қол жеткізген жетістік деңгейі және белгілі нәтижелердің индикаторы ретінде шығады. Педагогикалық бақылаудың себептік функциясы оқушыға әсер ететін: оқушыға өзін бағалауға жол беруде оның мінезіне, білім алу кезіндегі әрекетіне, білім алу процесінде барлық қатысушылармен қарым - қатынас жасау жүйесімен байланысты. Осының әсерінен психикалық екпін тежеледі не үдетіледі, интеллект құрылымында сапалы жаңа өңделу жүреді.
Бағаның дәл, әділ және объективті болғаны міндетті. С. Е. Шишов пен В. А. Кальнейдің «Мектептегі білім сапасының мониторингі» еңбектерінде қателердің мына түрлерін көрсетеді: “Бағалаудың негізгі типтік субъективті қателеріне кеңпейілділік, орталық беталыс т. б қателерді жатқызады ”
“Кеңпейілділік” бағасы мұғалімнің жоғарлатып қойған бағасынан көрінеді.
“Орталық беталыс” бағасы мұғалімдердің мәжбүрлі баға қоюда көрінеді. Мысалы: бес не екі қоймау.
“Логикалық” қателер түрлі психологиялық құрамы мен мінездемелік бағалардың сәйкестігінде көрінеді.
Мониторинг жүйесі білім беру процесін әрдайым қадағалауға мүмкіндік береді. Соңғы мониторингтің нәтижесі білім беру процесінің негізгі мақсаттарымен байланысты: әр оқушыға өзі бейім және танымдық қызығушылығын дамытатын мүмкіндіктерін қамтамасыз ету. Мониторингтің бастапқы және соңғы нәтижелері мына критерилер болуы керек: оқығандық, жалпы оқу шеберлігі, танымдық қызығушылық, оқу стилі, есте сақтау, сөйлеу, ойлану.
Мониторингті өткізудің негізгі көріністерінің бірі білім сапасын көрсету болып табылады. Кез келген бақылау сонымен қатар диагностикалық болып табылады және аналитикалық кесікті ұйғарады. Баға - оқу пәндері бойынша жинақталған талаптар болып саналады. Тек қорытынды баға ғана емес, оқуға ынталандыру қызығушылығы мен үлгерім деңгейін диагностикалайтын құрал болатын аралық бағалар да болуы тиіс. Аралық бақылау оқушыны қорытынды бақылауға психологиялық тұрғыдан дайындайды. Оқу процесінде қатысушылар бағалар арқылы өздерінің іс - әрекеттерінің сапасын және нәтижесін алады. Баға оқу процесінің тиімді бағыттаушы механизмі болуы үшін мұғалім оқушыларға қойған бағасын қалай қабылдайтынын білу керек. Мұғалім мен оқушы білім беру процесінің субъектісі болғандықтан, олар оқу процесіне және оның сапалы көрсеткішіне әсер етеді.
Комплекстті мониторинг - ұйымдастырылған және оқу әдістемесін қоса берілуін қамтамасыз ететін керекті элемент. Профильді оқытуда бағалау сапасы білім беру процесіндегі үш қатысушының өзара тиімді қарым - қатынастарын анықтайтын жүйе болып есептеледі: Білім беру орталығы «Мектеп университеті» - білім беру мекемесі - қатысушылар.
Мониторинг бағыты:
- Мектептің, профильді оқытуға дайындығы;
- Мектептің, университет пәндерінің жоспары бойынша қатысушылардың академиялық үлгерімі;
- білім беру мекемесіндегі мектеп университетін ұсынатын оқу материалының сапасы;
- жоғары сыныптағылардың өз тағдырын өздері анықтайтын деңгей;
- мектеп университеті қамтамасыз ететін квалификацияны жоғарлату курсындағы мұғалімнің оқыту сапасы;
Информатика және ақпаратық технологияның дамуы жаңа білім беру ортасын қалыптастыруға үлкен үлес қосуда. Академиялық үлгерім мониторингі қатысушылардың информациялық технологияларды оқытудағы жетістіктерін бағалауға мүмкіндік береді.
Білім беру мекемесінің мектептік университеті ұсынатын оқу материалдарының сапа мониторингін жүргізу алдымен білім беру орталығына керек.
Сонымен комплекстті мониторинг бізге мектеп университетінің білім беру жұмысының нәтижесін жоғары дәреже сенімділігімен бағалауға мүмкіндік береді. .
1. 2. 1 Білімді бағалауда статистикалық әдістердің қолданылуы.
Қазақстан білім саясатының негізгі міндеті - білімді, оның іргелілігін сақтап және отандық білім жүйесін қазіргі жаңа жағдайға сәйкес өзгерте (модернизациялай) отырып, жеке адамның, қоғамның, мемлекеттің актульды және перспективті қажеттілігі ретінде қамтамасыз ету.
Қазақстанда бүгінгі күнде білім сапасын бағалаудың жүйесі тек қалыптасуда. Жоғары білім беру сапасын бакалаврларды, мамандар мен магистрларды дайындаудың «ережесіне сәйкестігі» арқылы түсіндіріледі, ал ереже - талап етілетін білім мен дағды деңгейлері - ең алдымен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік білім стандарттары мен ЖОО-ғы мамандық паспорттарына тіркелінген. Бұл жерде ереже түсінігі абсолютті емес және тіркелінген емес екендігін атап өткен жөн. «Ереже сапасын» субъективті түсініктерден арылту және анықтау үшін үнемі тұрақты жұмыс жүргізілуде.
Білім сапасы - көп өлшемді түсүнік. Мұнда білім сапасы туралы емес, білім беру жүйесінің түрлі жақтарының сапасы туралы айтылуы тиіс (кадр әлеуеттілігі, әдістемелік , оқу-тәрбие үрдісі, материалдық-техникалық база, бітірушілердің қорытынды дайындығы т. б. )
Білім сапасын басқарудағы мәселелерді ЖОО-да автоматтандырылғае оқу сапасын талдайтын жүйені міндетті түрде қалыптастыруды қажет етеді. Бұл жүйе тек бір немесе екі пән бойынша емес, бүкіл оқу курсында немесе оқу жылындағы барлық пәндер бойынша бірнеше топтардың емтихан сессисы кезіндегі сапа мониторингін қамтиды.
Қ. А. Ясауи атындағы Халқаралық қазақ-түрік университеті Шымкент институтында зерттелініп отырған оқу процесінің сапасын талдау әдістемелеріне негілделген. Сондықтан да процесс элементтері немесе функцияның процесс құрастырушылары деп қарастыруға болады. Оқу процесінің объектісі ретінде жеке студентті немесе топ студенттерін алуға болады. Студенттер білім алу барысында процесс элементтерімен әрекеттеседі, яғни лекция тыңдайды, практикалық тапсырмаларды, курстық жобаларды және т. б. орындайды.
Процесс элементтерімен студенттердің әрекеттесуінің қорытындысында білім деңгейі жоғарылайды.
Сапа жүйесінің негізгі талаптарының біріне сапа параметрлерін, яғни студенттің білім деңгейін өлшеу жатады. Дәстүрлі түрде білім баға немесе баллмен өлшенеді. Студенттің үлгерім бағасының классикалық схемасы бақылау жұмысы, аралық бақылау, курстық жұмыстарды қорғау, сессияда сынақ және емтихан тапсыруына негізделген.
Салыстырмалы сипатта ЖОО-ның деңгейін көрсете отырып, аталған ЖОО-ның даму перспективасынның жобаларын анықтап белгілеу. Сонымен қатар Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент институтында “бақылау апталығында” жүргізілетін аралық бақылау үлгерім деңгейі де алынады.
Оқу процесінің тұрақсыздығын тудыратын себептерге төмендегілерді айтуға болады: пәнді оқытудың төмен сапасы, рейтингті бақылаудың жаңылыс әдістемесі, оқытушының студенттің білім бағалауының объективті еместігі, студенттердің оқу процесінің оқу -аяқталғанда сессия кезіндегі студенттердің қорытынды аттестациялануының бағаларынан байқалады.
Емтихан сессиясының қорытындысы бойынша оқу процесінің білім сапасы туралы мәселені шешуді төмендегіше қалыптастыруға болады.
мамандығының
курсында оқитын студенттердің
тобындағы
ші семестрінің реляциондық қатынасы
схемасы бойынша
сипатталады, мұндағы
тобындағы студенттердің сынақ кітапшасының нөмері,
ші сессиядағы пәннің аттетациялық қорытындысы,
. Міндетті түрде
көп мүшелілігін салу қажет, мұндағы
-оқу процесінде тұрақтылық ауытқыған пән аты.
Қойылған мәселені шешу
бақылау карталарын, гистограмманы пән бойынша бөлу мен төмендегі интерпретацияда құруға алып келеді (1 сурет) .
Оқу процесіндегі білім сапасын бағалаудың алгоритмі. (1 сурет)
Бір студенттік топтың тапсырған сессия қорытындысының нәтижесін қарастырайық (1 кесте) .
Бұл жерде білімді бағалаудың 50 балдық (ұпайлық) жүйесі қолданылады; мұндағы жоғары балл-54, ал қанағаттанарлықсыз балл-24. Үлгерімнің анализі, ең алдымен, құрылған бақылау картасының негізінде жасалынады. Бақылау картасын құру үшін бір пән бойынша тапсырған емтихан қорытындысы іріктелініп, сұрыпталынып алынды деп есептейміз. Бір топ түрлі емтихагдарды тапсырғандықтан, іріктеу көлемі тұрақты болады.
1-кесте
Экология
Шет тілі
Турк тілі
Информатика
Педагогика
Психология
Орыс тілі
Элем мат.
Ең алдымен сандық белгілері бойынша бақылау картасы жасалынады. Бақылау
және
карталары үшін көрсеткіштік есептеу алгоритмдерін қарастырайық.
I.
картасын жасау.
1. Әр іріктеу үшін
(пәннің орта балы) орта мәнін есептеу.
мұндағы n-топтардың көлемі (топтағы студенттің саны), i=1, …, k., мұндағы k-іпіктеу саны (тапсырылған пәндердің саны)
2.
процесінің орта сызығын есептеу.
3.
орта мәнінің орта квадраттық ауытқуын есептеу.
4.
карта үшін реттеудің кордината шегін есептеу.
5. S-карта үшін реттеудің координата шегін есептеу.
Мұндағы
і-ші іріктеу шегіндегі орта квадраттық ауытқу. B4, B3-іріктеу шамасы мен тәуекелділік ықтималдығына тәуелді коэффиценттер.
II
картасын құру.
1. Әр іріктеу үшін
орта мәнін есептеу.
2. әр іріктеу үшін
аумағын есептеу.
3.
процесінің орта сызығын есептеу.
4. орта аумақты есептеу.
5.
карта үшін реттеудің кордината шегін есептеу.
6.
картасы үшін реттеудің координата шегін есептеу.
Мұндағы A2, D3, D4 - іріктеу шамасы тәуелді коэффиценттер.
Кесте 2.
Экология
Шет тілі
Турк тілі
Информатика
Педагогика
Психология
Орыс тілі
Элем мат.
1 кестеде жоғарыдағы көрсетілген алгоритмдерге есептелінген барлық қажетті берілгендер келтірілген. Есептеудің қорытындысы бойынша бақылау карталары (сурет 1, сурет 2) салынған.
Бақылау карталарын талдау көрсетіп тұрғандай, оқу үрдісін аталған топта есептелінген бақылау шегінде бір шама тұрақты жүреді.
Сессия бойынша орташа баллдың өзгеруі.
Сурет 2. Х бақылау картасы.
Сурет 3. S-бақылау картасы
Қарастырылған сессия үшін сандық берілері бойынша бақылау картасын құруғада болады. Іріктеу көлемі тұрақты болғандықтан, пр-картаны салу тиімдірек. Жіберілген ақау ретінде студенттің қанағаттанарлықсыз бағасы қарастырылады. Пр-картаның салу алгоритмі төмендегі түрде болады:
- әр іріктеудегі ақау санын анықтау.
- іріктеудегі ақаудың орташа мәнін анықтаумұндағы k-іріктеу саны.
- Ақау бөлігін анықтау
- реттеудің шегін анықтау:
бақылау картасын салу үшін барлық есептеу параметрлері 3 кесте мен 3 суретте көрсетілген. әрі алынған жағдайда ШТК 0-ге тең
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz