Жас кезеңдері


Тақырыбы:Жас кезеңдері
Жоспары:
- Жас кезеннің анықталуы
- Д. Б Эльконин бойынша жас кезеңінің бөлінуі
- Жас кезенге байланысты ұғымдар
Жас кезеңдері негізі даму заңдылықтарымен анықталады. Отандық психологтар бала дамуының әрқайсының өзіндік ерекшелігін, кезеңнің әлеуметтік даму жағдайы және жетекші іс-әрекет түсініктерімен анықтайды.
Әлеуметтік даму жағдайы Л. С. Выготскиймен анықталған. «Дамудың ішкі процестері мен сыртқы жағдай үйлесімділігі, ол әр жас кезеңіне тән және сол жас кезеңіне тең психикалық даму динамикасымен шарттасады және жаңа сапалық өзіндік психологиялық жаңалық, яғни соңында байланысты».
Жетекші әрекет түсінігі А. Н. Леонтьев еңбектерінде ашылған. Әрбір жас кезіне сәйкес іс-әрекет түрі сәйкес келеді, ол баланың жеке басының дамуына және қалыптасуына, рның танымдық мүмкіндіктеріне әсер етеді.
Психологиялық - педагогикалық ғылымның тереңдетіліп дамуына байланысты, жас кезеңдері де зеттелуде. Бұған Д. Б. Элькониннің еңбектері дәлел бола алады.
Д. Б. Элькониннің жас кезеңдері мына кестеде көрсетіледі:
- Нәрестелік жас туғаннан кейін -1 жас. жетекші әрекеті -эмоциональды қарым-қатынас. Бұл жастағы маңызды жаңалық (жетістік) қарым-қатынасқа деген қажеттілік басқа адаммен.
- Сәбилік кезең 1-3 жас. Жетекші әрекеті - заттық әрекет. Жетістік сөйлеудің дамуы және көрнекі әрекеттік ойлаудың дамуы.
- Мектептегі жасқа дейінгі кезең-3-7 жас. Жетекші әрекеті - рольдік ойын. Жетістігі -қоғамдық маңызы, қоғам бағалы іс-әрекетке ұмтылу.
- Бастауыш сынып оқушысы-7-14 жас. Жетекші әрекеті - оқу. өз процесінде ес қалыптасады., сыртқы әлемнің заттарын меңгереді. Бұл жастың жетістігі болып психикалық құбылыстардың ырықтылығы, ішкі әрекет жоспары, рефлекция алынады.
- Жеткіншілік жас 11-15 жас. Жетекші әрекеті қоғамда пайдалы іс-әрекет жүйесіндегі қарым-қатынас (оқу, қоғамдық -ұйымдастыру, еңбек т. б. ) бұл процесте жеткіншек әртүрлі жағдайдағы қарым қатынас дағдыларын меңгереді. Маңызды жетістіктері болып өзін-өзі бағалаудың қалып, қоршаған адам. Сын көзбен қарау «ересек болуға ұмтылу және ұжым өмірінің нормаларына бағына білу іскерлігі мен дербестігінің қалыптасуы.
- Балғын жастық шақ 15-17 жас. Жетекші әрекет - кәсіптік оқу, жетістігі: оқу процесінде дүниетанымы, кәсіби қызығушылығын, өзіндік санасы, арман, мұраты қалыптасады.
Бұл классификация жас кезеңдерінің өзгеру механизмін ашуға, диалетикалық материалистік ілгеріге сүйене отырып дамудың қозғаушы күштерінің, яғни жаңа қажеттіліктер мен (оларды бұрынғыша) ескі мүмкіндіктерді қанағаттандыру арасындағы қайшылықтар күресін түсінуше мүмкіндік береді.
Жас кезеңдері (Д. Б. Эльконин бойынша) .
Мұнда, жас - нақты психикалық дамудың уақытпен шектелген сатысы. Ол физиологиялық және психикалық өзгерістер заңдылықтарының жиынтығы мен жалпы адамның жеке даму айырмашылықтарымен байланысты еместігімен сипатталады. Жас психологиялық ерекшеліктерінің нақты тарихи жағдайларымен шарттасқан бұлар тұқым қуалаушылық әрекет ерекшелігі индивидуалдылықтың қарым - қатынасы.
Дамудың қозғаушы күштері - жеке бас өз өмірінде ішкі қайшылықтардың әсері негізінде дамиды. Олар жеке бастың қоршаған ортамен байланысына оның жетістіктерімен сәтсіздіктеріне қоғаммен индивидтің тепе - теңдігінің бұзылуына байланысты. Дамушы жеке бас жаңаша өмір сүру жағдайына қоғамдық маңызды әрекетке қарай ұмтылады. Осы мақсатты жүзеге асыруда өз дамуының жаңа қайнар көздерін табады.
Дамудың әлеуметтік жағдайы - әр жас кезеннің өзіне ғана тән және сол кезендегі психикалық дамуға әсер ететін сыртқы жағдай. Әр жастағы баланның өмірі, олардың өздеріне өмір мазмұнына толы. Қоршаған адамдармен өзара қарым - қатынасы белгілі бір жас кезендегі жетекші әрекет. Сонымен қатар әр жас кезенде бала орындайтын белгілі бір міндеттер және бала орындауға тиісті міндеттер болады.
Дағдарыс - Бір жастан екінші жас кезеніңе өту кезінде психикада өзгеріс болып даму секірмелі сипатта болады. Дамудың жас дағдарыстары кейбір жалпы ерекшеліктермен сипатталады.
Жетекші әрекет - адамдардың белгілі бір жас кезеңдерде пайда болатын және қалыптасатын негізгі психикалық жетістіктерді анықтайтын әрекет.
Жетістіктер - белгілі бір жас кезеңде ғана пайда болатын, сол кезеңді басқа кезеңдерден ажыратуға көмектесетінің психикалық процесстермен жеке бастағы сапалы өзгерістер.
Жас кезеңдер негізгі даму заңдылықтарымен анықталады. Нәрестелік кезеңде, нәресте анасынан бөлініп басқа жағдайға түседі, бала үшін бұл бөтен жағдайға бейімделуге тұқым қуалаушылық арқылы бекітілген механизмдер көмектеседі. Бала өмірінің бір айының соныңда І шартты рефлекстер п. б. Есту анализаторы бала өмірінің екі - үш аптасында пайда болады, қатты дыбыс М: жабылған есік бала қимылын тоқтатуға әкеледі, ол үндемейді. Кейінірек 3 - 4 аптада баланың бұл реакциясы адам дауысына п. б. Бала ашық затқа көз тоқтатып қарайды.
Нәрестелік кезең өмірі бала үшін әлсіз және үлкендердің көмегін қажет етеді. Бала өмірге келгеннен кейін анасынан дене жағынан оқшаланғанмен, бірақ оған биологиялық жағынан тәуелді, байланысты. Бала өте қарқынды өседі оның бойы өмірінің І жылында 1, 5 есеге өссе, ал салмағы 2 есе артады.
Баланың дене дамуындағы негізгі өзгешеліктер баланың танымдық процессіне әсерін тигізеді. Әсіресе бұл қабылдаудың дамуынан байқалады және қол қимылдарының дамуымен анықталады. Нәрестелік кезеннің алғашқы этаптарында байқалған көру бұл әрі қарай жетіле түседі. Балалар өз қабылдауында көбінесе өз назарларын тек сызықтардан гөрі қисық, ирек сызықтарға аударып тез қабылдайды. Баланың қимылы мен әрекеті өте күрделі және бір - бірімен байланысты. Бұл қимылдармен әрекеттер қабылдаудың тұтастығымен байланысты. Бала қолының қимылдауы бұл затқа бағытталуы. Баланың танымдық дамуы ес механизмдерінің қалыптасуына жол ашады, ол қарапайым ес процессінің түрлерінен тұрады. Нәрестелік кезеңде бала жаңа әсерлерді бейнелермен салыстырады, егер балаларға жаңа қуыршақты көрсетсеңіз, ол біраз уақыт оған қарайды. Келесі күні бала қуыршақты таниды. Өмірінің І жылының сонында бала үлкендердің сөзінің 10 - 20 сөзін түсінеді және оны өз сөзінде бірнеше рет қайталайды үлкендердің сөздерінің арасында өз сөзінің ішіндегі мағынасы жағынан және айтылуы жағынан ұқсас сөздерді бала бірнешерет қайталайды. Алғашқы сөздердің пайда болуына байланысты баланың психикалық дамуында жаңа этап басталады.
Нәрестелік кезеңнен сәбилік кезеңге өту арасындағы өтпелі кезеңді әдетте бір жастағылардың дағдарыстары деп атайды.
Барлық дағдарыстардың түрі сияқты бұл дербестікпен және аффектілі реакциялардың көрінуімен байланысты. Балада аффектінің көрініс беруі үлкендердің баланы түсінбеуінен оның сөзіне жауап қайтарылмауынан, ым - ишараны түсінбеуінен және оның тілегін орындамауына байланысты баланың жүруіне немесе үйдің ішінде белсенді еңбектеуіне байланысты оның заттармен әрекет жасау шеңбері ұлғаяды. Өтпелі кезеңнің маңызды жаңалығы, баланың өзіндік сөйлеуі, мұны Л. С Выготский автономдық деп атайды. Атономды сөйлеудің бір ерекшелігі оның сөздерінің арасындағы байланыстың әр түрлілігі. Сөйлемнің сөздері бір - бірімен байланыссыз және олар бір - біріне үстеу түрінде ауысады. Балалардың автономды сөйлеуі фонетикалық және семантикалық жағынан үлкендердің сөйлеуінен айырмашылығы болғанымен, бірақта баланың қасында үнемі болатын үлкендер үшін бұл сөздердің мағынасы өте маңызды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz