Электрондық пошта



Қазіргі кезде электрондық пошта кеңінен қолданылып келе жатыр. Оны қалай пайдалануға болады?
Поштаның не екенін білеміз. Ол, кем дегенде, екі абонентке мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін кәдімгі байланыс құралы. Мұнда мәлімет алмасу жүзеге асуы үшін адресі көрсетілген хат жазылып, оны пошта жәшігіне салу керек. Одан хат пошта бөліміне жетеді. Егер адрес жалпы қабылданған тәртіппен дұрыс көрсетілсе, біраз уақыт өткен соң, поштальон оны алушының пошта жәшігіне салып кетеді. Сонан кейін абонент хатты ашып окиды - міне осылай мәлімет алмасу жүзеге асады. Ал электрондық пошта ше?
Электрондық поштаның ең елеулі ерекшелігі - оның жылдамдығы. Бірақ оның көпшілік біле бермейтін басқа да ерекшеліктері бар. Электрондық поштаның жылдамдығы телефонмен бірдей, бірақ мұнда екі жақтағы абоненттердің бір сәтте болуы қажет емес. Оған қоса мүнда хабарламаның көшірмесі жазбаша түрде жеткізілетіндіктен, оны сақтап қоюға, бірден бірнеше абонентке беруге немесе ары қарай тағы да басқаларға жеткізуге болады. Электрондық поштаның хаттан да басқа сурет, бейнелік мәлімет, дыбыс, программа т.с.с. ақпарат түрлерін де тасымалдай алатынын айту керек.
Осылардің бәрі де жер шарының кез келген нүктесіне бірнеше минут ішінде міндетті түрде жылдам жеткізілетінін ашып айту керек.
30.1. Электрондық поштаның жұмыс істеу принциптері
Электрондық пошта жүйесі үш бөліктен тұрады:
- қолданушы агенті - әрбір тұтынушыға мәліметтерді оқуға және жаңасын құрастыруға мүмкіндік береді;
- тасымалдау агенті - мәліметтерді бір компьютерден екінші компьютерге жеткізеді;
- жеткізу агенті - мәліметтерді оны алушының пошта жәшігіне салып кетеді.
Қолданушы агенті - тутынушыларга мәліметтерді оқуга және жіберілетін пошталық хабарларды қурастыруга мүмкіндік беретін программалар жиыны. Мундай агенттерге Windows жуйесіндегі Microsoft outlook, The Bat,, UNIX жуйесіндегі Mail программалары жатады.
Осындай программалардың ең алғашқы тобына AT&T фирмасы жасап шығарған /bin/mail программасы жатады. Қазірде мұндай программалардың

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА
Қазіргі кезде электрондық пошта кеңінен қолданылып келе жатыр. Оны
қалай пайдалануға болады?
Поштаның не екенін білеміз. Ол, кем дегенде, екі абонентке мәлімет
алмасуға мүмкіндік беретін кәдімгі байланыс құралы. Мұнда мәлімет алмасу
жүзеге асуы үшін адресі көрсетілген хат жазылып, оны пошта жәшігіне салу
керек. Одан хат пошта бөліміне жетеді. Егер адрес жалпы қабылданған
тәртіппен дұрыс көрсетілсе, біраз уақыт өткен соң, поштальон оны алушының
пошта жәшігіне салып кетеді. Сонан кейін абонент хатты ашып окиды - міне
осылай мәлімет алмасу жүзеге асады. Ал электрондық пошта ше?
Электрондық поштаның ең елеулі ерекшелігі - оның жылдамдығы. Бірақ
оның көпшілік біле бермейтін басқа да ерекшеліктері бар. Электрондық
поштаның жылдамдығы телефонмен бірдей, бірақ мұнда екі жақтағы
абоненттердің бір сәтте болуы қажет емес. Оған қоса мүнда хабарламаның
көшірмесі жазбаша түрде жеткізілетіндіктен, оны сақтап қоюға, бірден
бірнеше абонентке беруге немесе ары қарай тағы да басқаларға жеткізуге
болады. Электрондық поштаның хаттан да басқа сурет, бейнелік мәлімет,
дыбыс, программа т.с.с. ақпарат түрлерін де тасымалдай алатынын айту керек.
Осылардің бәрі де жер шарының кез келген нүктесіне бірнеше минут
ішінде міндетті түрде жылдам жеткізілетінін ашып айту керек.
30.1. Электрондық поштаның жұмыс істеу принциптері
Электрондық пошта жүйесі үш бөліктен тұрады:
- қолданушы агенті - әрбір тұтынушыға мәліметтерді оқуға және жаңасын
құрастыруға мүмкіндік береді;
- тасымалдау агенті - мәліметтерді бір компьютерден екінші
компьютерге жеткізеді;
- жеткізу агенті - мәліметтерді оны алушының пошта жәшігіне салып
кетеді.
Қолданушы агенті - тутынушыларга мәліметтерді оқуга және жіберілетін
пошталық хабарларды қурастыруга мүмкіндік беретін программалар жиыны.
Мундай агенттерге Windows жуйесіндегі Microsoft outlook, The Bat,, UNIX
жуйесіндегі Mail программалары жатады.
Осындай программалардың ең алғашқы тобына AT&T фирмасы жасап шығарған
binmail программасы жатады. Қазірде мұндай программалардың бірнешеуі бар.
Олардан өзге графикалық интерфейсі бар қолданушы агенттері де бар. Пошталық
мәліметтерге мультимедиа объектілерін қосуды анықтайтын MIME (Multipurpose
Internet Mail Extensions) -Интернеттегі электрондыц поштаның көп мақсатты
кецейтілулері атты стандарт та жасалған. Осы стандартты көптеген қолданушы
агенттері сүйемелдеп жұмыс жасап келеді.
Тасымалдау агенттері - поштаны қолданушы агенттерден қабылдап алып,
оны алушылардың адрестерін анықтап, мәліметтерді ары қарай тасымалдау
мақсатында басқа компьютерлерге жеткізуді қамтамасыз ететін программалар
жиыны. Бұлар басқа тасымалдау агенттерінен келіп түскен мәліметтерді де
қабылдап алады. Тасымалдау агенттері RFC821 бойынша анықталған SMTP (Simple
Mail Transport Protocol - поштаны тасымалдаудың қарапайым протоколы)
протоколы негізінде жұмыс істейді.
UNIX операциялык жүйссі үшін бірнеше тасымалдау агенттері (MMDF,
zmailer, small, upas, т.б.) жасалған, солардың ішіндегі ең кең таралғаны,
әрі қуаттысы - sendmail.
Sendmail программасы - тасымалдау агенті, ол қолданушы агенті мен
жеткізу агенті арасындағы дәнекер болып табылады. Ал Интернет үшін ол
жеткізу агентінің де рөлін атқарады. Sendmail программасы мынадай міндеттер
атқарады:
- қолданушы теріп даярлаған мәліметтерді басқару;
- алушылар адрестерін талдау;
- қажетті жеткізу немесе тасымалдау агентін таңдау;
- адрестерді жеткізу агентіне түсінікті түрге түрлендіру;
- тақырыптарды қайта форматтау;
- түрлендірілген мәліметті жеткізу агентіне жөнелту. Оған қоса,
Sendmail программасы қате туралы мәлімет қалыптастырып, алушыға жетпеген
мәліметтерді иесіне қайтарады.
Жеткізу агенттері - поштаны тасымалдау агенттерінен қабылдап алып, оны
тиісті пайдаланушыларға жеткізетін программалар тобы. Пошта нақты тұлғаға,
таратылу тізімдеріне, файлға, программаға, т.с.с. жеткізілуі мүмкін.
Мәлімет алушылардың әрбір тобына (типіне) қызме ететін жеке агент - mail
бар, ол -жергілікті компьютер пайдаланушыларға арналған жеткізу агенті.
Spop - поштаны қабылдау үшін UUCP (UNIX to UNIX Coby) немесе POP (Post
Office Protocol) протоколдарын пайдаланатын қашықтағы компьютерлерге
арналған жеткізу агенті
binmail программасы - жергілікті компьютер пайдаланушыларға арналған
жеткізу агенті, ал uux, spop және fetchmail - UUCP немесе POP, IMAP
қызметтерін пайдаланатын қашықтағы компьютерлерге арналған жеткізу агенті.
binsh программасы - файлға немесе программаға бағытталған поштаға
арналған жеткізу агенті.
Электрондық пошта жүйесіндегі адрестер
Электрондық пошта адрестерінің екі түрі бар: пошта жіберілетін бағытқа
тәуелді және ол бағыттан тәуелсіз.
Алғашқы адресті, яғни бағытқа тәуелді тәсілді пайдаланғанда,
жіберілген хабар алушыға жетуі үшін жөнелтуші пошта өтетін аралық
станцияларды білуі тиіс. Ал бағыттан тәуелсіз адресте тек алушы адресі ғана
көрсетіледі. Мысалы, UUCP-адрестер бағытқа тәуелді, ал Intеrnet-адрестер
әдетте бағытқа тәуелді болмайды.
Internet жүйесіндегі электрондық пошта адресі мынадай форматпен
жазылады:
тұтынушы@машина, мұндағы @ таңбасы тұтынушы атын машина атауынан бөліп
түрады. Бүл адрес поштаны машина компьютеріндегі түтынушы пошта жәшігіне
жеткізеді.
Электрондық пошта адресінің мысалы: intkaz@ok.kz
Мүндағы intkaz - абонент идентификаторы. @ таңбасының
оң жағында сөз домен деп аталады, ол тікелей абоненттің орналасқан
тұрағын анықтайды. Доменнің қүрамындағы сөздер нүктемен бөлінеді.
Доменнің ең оң жак шетіндегі екі әріптен тұратын соз мәлімет баратын елдің
коды болып табылады, ол - ең жоғарғы деңгейдегі домен.
Мемлекеттердің коды халықаралық ISO стандарты бойынша бекітіледі. Адрестегі
kz - Қазақстан Республикасынын коды. Кейде жоғарғы деңгейдегі домен ретінде
желі атауы да көрсетілуі мүмкін. Мысалы, АҚШ-та жоғары оқу орындарын немесе
мемлекеттік мекемелерді біріктіретін желілер бар, сондықтан жоғарғы домен
ретінде мынадай қысқарған сөздер қолданылады: edu - Educational
institutions (мысалы, cs.berkeley.edu), gov - Government institutions,
т.с.с.
Келесі ішкі (томенгі деңгей) домен - мысалда ok - жоғарғы деңгей
доменінің ішіндегі нақты атау болып табылады. Жеке домен атауларынан
қүралған жиын - ok.kz - екінші деңгейдегі домен деп аталады. Ол жоғарғы
доменде бекітілген ережелерге сай анықталады.
Пошталық қосалқы аттар
Қосалқы аттар (псевдонимдер) жүйе администраторына немесе жеке
түтынушыларға поштаны қайталап адрестеуге мүмкіндік береді. Оларды тарату
тізімдерін (оларда бірнеше алушылар тұрады) бергенде, компьютерлер
арасында мәлімет алмасқанда және кейбір тұтынушыларға екі-үш ат арқылы
хабарласу үшін пайдалануға болады. Қосалқы аттар:
- қолданушы агентінің конфигурациялық файлында;
қосалқы аттардың жалпы жүйелік etcaliases файлында;
- қайта бағыттауға арналған ~.forward файлында анықталады.
Алдымен электрондық пошта жүйесі қосалқы аттарды қолданушы агентінің
конфигурация файлынан іздейді, онан кейін aliases файлынан, соңында қайта
бағыттауға арналган қолданушы файлынан іздейді.
Төменде aliases файлында анықталған бірнеше қосалқы аттар мысалдары
келтірілген:
nemeth: evi
evi: evi@mailhub
authors: evi,garth,scott,trent
Бірінші жолда nemeth атына келіп түскен поштаны evi атты тұтынушыға
беру керектігі көрсетілген. Екіншіде - evi атына келген барлық поштаны
mailhub атты машинаға жіберу туралы жазылған. Соңғы жолда authors-қа
жіберілген поштаны evi, garth, scott және trent атты түтынушыларға қатар
беру керектігі көрсетілген. Ішкі рекурсиялық адрестеу де есепке алыналы,
сондықтан nemeth-ке арналған пошта evi@mailhub адресіне де жіберіледі.
Қосалқы аттар тұтынушылар тізімінен басқа:
- адрестер тізімі бар файлды;
- мәліметтер қосылатын файлды;
- хабарламалар енгізілуге тиіс команданы да анықтай алады.

Электрондық почтамен жұмыс істеуге арналған танымал программалар
Microsoft Exchange, Internet Mail немесе Outlook Express
Windows жүйесі шыққан соң MS Mail программасы осы операциялық жүйемен
бірге шыққан MS Exchange программасымен алмастырылды, (олар бір-біріне өте
үқсас болды, бірақ Exchange басқа мүмкіншіліктерімен қатар Интернет
жүйесімен жүмыс істеуге жақсы икемделген болатын). Ал Microsoft Office 97
жүйесі шыққан соң, жаңа толықтырылған Outlook электрондық почта программасы
кең тарала бастады. Outlook программасының пайдалануға өте ықшам, әрі
ыңғайлы Outlook Express деп аталған нұсқасы Microsoft компаниясының
Internet Explorer 5.0 программасының қүрамына кіргізіліп, сонымен бірге
таратыла бастады. Outlook Express программасы тек электрондық пошта
мәліметтері мен жаңалықтарды жылдам өңдеуге арналған еді, ал Outlook
программасы — жүмыс кестесін жасайтын, басқалармен қарым-қатынас жасауды,
т.с.с. ұйымдастыратын кешенді программа болатын.
Internet Mail (ол көбінесе желіге арналған Microsoft Internet News
программасымен бірге таратылып, Internet Explorer 3.0 қүрамына кіреді)
программасы Интернетпен жүмыс істеуге бағытталған Microsoft компаниясының
алғашқы программасы болып табылады. Кейіннен Internet Explorer 4.0
программасы орнатылғанда, ол Outlook Express программасымен алмастырылды.
Microsoft компаниясының Интернет жүйесіне бағытталған жаңа электрондык
пошта программаларын мына Web-түйіннен табуға болады: http:
www.microsoft.cornie немесе http:www.microsoft.com іе intlru
Outlook Express программасы Интернеттегі, жергілікті желідегі және MSN
жүйесіндегі поштамен жұмыс істей береді. Оны іске косу үшін жүмыс
столындағы Outlook Express белгішесін екі шерту керек, сонда экранға екі
бөлігі бар терезе шығады. Сол жақта түтынушыға қажет программа элементтері
- оның ішінде Inbox бумасы көрсетілген. Оң жак бөлікте сол буманың ішкі
мазмүны берілген (бірақ тізімдердің жоғарғы жағындағы Inbox (Входящие)
батырмасын шертіп, басқа буманы иаңдап алып, мазмүнды өзгертуге болады).
Outlook Express программасында хат жөнелту үшін ComposelONew Mail
Message (Сообщение=Создать) (Ctrl+N) командасын орындау қажет, нәтижесінде
экранға жаңа хабарлама даярлау терезесі шығады. Адресті енгізіп Tab
пернесін басамыз да, мәлімет енгізу аймағына ауысып, ксректі мәтін терілген
моң, Send (Отправить) батырмасын шертеміз.
Келіп түскен хабарламалар бумасынан біреуін оқу үшін сол мәліметте
тышқанды екі шерту жеткілікті. Хатқа жауап жазу үшін Compose=Reply
(Сообщение=0тветить автору) (Ctrl+R) командасын орындау керек. Сонда
автоматты түрде жаңа хабарлама даярлау терезесі ашылады да, алушы адресі
орнына келіп түскен хат иесінің адресі жазылады. Қалған іс-әрекеттер
мәліметті жөнелту операциясымен бірдей орындалады.
Келген хабарламаны оқыған соң, Mail=Reply to Author (немесе Ctfl+R)
командасын орындап бірден жауап дайындауға болады. Егер ары қарай жауап
жазуды доғарғыңыз келсе, оны сақтамай-ақ терёзені жауып тастау керек.
Егер осы хат көшірмесін алған барық тұтынушыларға тегіс жауап
жібергіңіз келсе, Ctrl+R ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электрондық поштаның ерекшеліктері
Электрондық почта: түрлері мен қызметі
Әлеуметтік желілер
Серверлерге қатынау хаттамасы
Электрондық почта. Mail бағдарламасының мәтіндік интерфейсі
Электрондық пошта туралы
Домендер жайлы
Компьютерлік желілер. Желілік қосымшаларды қолдану
Компьютерлік желілер, интернет, электрондық пошта
Электрондық поштаның жұмыс істеу принциптері
Пәндер