Ұсыныстың шамасы,сұраныс заңы



I. КІРІСПЕ
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Ұсыныстың шамасы,сұраныс заңы
2.2 Ұсыныс факторлары
2.3 Ұсыныстың баға бойынша икемділігі
III.ҚОРЫТЫНДЫ
IV ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан - 2030» Бағдарламасында Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуында тұрақты экономикалық өсуге, халықтың өмір сүру деңгейін, әл - ауқат жағдайын көтеруге, жоғары индустриалды қоғамды қалыптастыруға қол жеткізу мақсаттары көрсетілген. Жоғары индустриалды қоғам жаңа технологиялармен, өмір сүрудің жоғары деңгейімен және сапасымен, халықтың әлеуметтік топтары арасындағы қайшылықтартардың жеңілдеуімен сипатталады.
1.Бимендиева Л.А. «Экономикалық өсу – ұлттық экономиканың қызмет етуінің нәтижесі ретінде» Хабаршы журналы № 6, 2004 ж.
2.Бердалиев К.Б «Қазақстан экономикасын басқару негіздері», Алматы – 2001

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
I. КІРІСПЕ
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Ұсыныстың шамасы,сұраныс заңы
2.2 Ұсыныс факторлары
2.3 Ұсыныстың баға бойынша икемділігі
III.ҚОРЫТЫНДЫ
IV ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан - 2030 Бағдарламасында Қазақстан Республикасының әлеуметтік - экономикалық дамуында тұрақты экономикалық өсуге, халықтың өмір сүру деңгейін, әл - ауқат жағдайын көтеруге, жоғары индустриалды қоғамды қалыптастыруға қол жеткізу мақсаттары көрсетілген. Жоғары индустриалды қоғам жаңа технологиялармен, өмір сүрудің жоғары деңгейімен және сапасымен, халықтың әлеуметтік топтары арасындағы қайшылықтартардың жеңілдеуімен сипатталады. Сондай - ақ, меншік қатынастары, экономикалық өсудің әлеуметтік және экономикалық факторлары арасындағы арақатынас өзгереді, адам капиталыныңғ рөлі жоғарлайды. Бағдарламада көрсетілгендей жоғары индустриалды сатыға өту үшін ұзақ мерзімді экономикалық дамуды қамтамасыз ету қажет. Экономикалық өсудің негізгі мақсаты болып халықтың материалдық әл - ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады. Тауар өндірісі жағдайында рыноктық байланыстар экономикалық қатынастардың барлық жүйесін және барлық субъектілерін қамтиды. Рыноктың құрамына өз жұмыс күшін сатушы кәсіпкерлер де, еңбеккерлер де, соңғы тұтынушылар да, қарыз капиталының және бағалы қағаздардың иелері де т.б. кіреді. Қазіргі рыноктық экономика рыноктардың бүгінгі бір жүйесі - тауар мен қызметтер, жұмыс күші, қарыз капиталдарының, бағалы қағаздардығң, валюталық рынок және басқалары. Қандай рынок болса да, оның нақты түріне байланыссыз, үш негізгі элементке: бағаға, сұраныс пен ұсынысқа, бәсекеге негізделеді. Сұраныс пен ұсыныс бүкіл нарықтық экономикалық жүйенің ырғақты жұмыс жасауын көрсететін басты тұтқа. Нарық, өндірушілер мен тұтынушыларды өзара байланыстыратын ерекше нысан ретінде өндіріс пен тұтыну арасындағы тепе-теңдікті қажет етеді. Бұл теңдік сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкестік түрінде көрінеді. Сұраныс пен ұсыныс - нарықтың қарапайым элементтері. Ал , нарықтық экономикада кез - келген экономикалық процес " Нарықтық " болып табылатындықтан, өзіндік кез - келгені мамыры " нарық " екі сона болып әрекет өтетіндіктен барлық процестер мен қызмет салалары арқылы сипатталып категориясы,- сұраным мен " ұсынымның " өзара қарым - қатынасы ретінде көрсетіле алады. Нарықтық экономиканың мәні тауарды арзанға өндіру (сатып алу) ж2не оларды қымбат бағаға сатуда жатыр,міне экономикалық теорияның негізіне сатып алушылар мен сатушылардың ( сұраныс пен ұсынымның ) қарым - қатынасы осы. Біз нарықты талдауды сұранымнан бастаймыз. Өйткені сұраныс - нарықтық экономиканың әр адамға да жақын әрі түсінікті саласы: ұсынымға бәрі де қатыса бермейді, ал, сұранысқа барлығы да қатысады. Сатылатын тауар біртектес стандартты және тауардың әр данасы бірдей бағамен сатылалы деп жорамалдаймыз. Тауардың бағасын жеке адам белгілей алмайды, ол (баға) нарықтағы сатушылар мен сатып алушылардың өзара бәсекеге түсуі нәтижесінде тағайындалады. Бәсеке жағдайында бағаның қалыптасу механизмін түсіну үшін сұраныс және ұсынысқа негізгі талдау жүргіземіз. Бұл талдау кезінде сатылатын және сатып алынатын тауарлардың көлемі мен бағаларынын арасындағы байланысқа көп көңіл бөлеміз, сонымен қатар тауарлардың бағасы мен қөлеміне басқа да факторлардың қалай әсер ететінін қарастырамыз. Алғаш рет Сұраныс және Ұсынысты Адам Смит 1776 жылы жарық көрген Халық байлықтарының табиғаты мен себептерін зерттеу кітабында Көрінбейтін қол атты категориялық ұғымы ретінде қарастырып зерттеген. Сұраныс және Ұсыныс мәселелері Нарықтық тепе-теңдікті анықтайтын факторлар болатынын Альфред Маршалл өзінің 1890 жылы шыққан Саяси экономия принциптері жұмысында принципті негіздегі шешімін тапты. Сұраныс және Ұсыныстың еркін өзгеруі нәтижесінде Ұлттық зкономикамыздың нарықтық жүйесі тепе-тендігін анықтай аламыз. Сұраныс, Ұсыныс және Нарықтық тепе-теңдік құбылыстарын оқып үйренулері, зерттеулері қоғамның дамуы барысындағы Не өндірілуі керек? Қалай өндірілуі керек? Кімге өндірілуі керек? сұрақтарының жауаптарын бере алады. Рыноктағы тепе - теңдікті орнататын қандай экономикалық құралдар екенін көруге болады. Біріншіден, бұл бағалар. Салыстырмалы бағалардың өзгеруі өндірушіге өндіріс көлемін өзгерту қажеттігін анықтау технологиясын таңдауға әсерін тигізеді. Бағалар ақыр соңында табыстардың берілген бір деңгейінде өнімді кімдер тұтынатын да алдын ала анықтайды. Екіншіден, бұл сұраныс пен ұсыныс. Сұраныс төлем мүмкіндігі бар қажеттілік, яғни тұтынушылардың керекті тауарларға төлей алатын ақша солмасы. Ұсыныс дегеніміз берілген бағада сатуға арналған тауардың саны. Сұраныс пен ұсыныстың арақатынасының өзгеруі бағаның құн төңірегіндегі тербелуін тудырады. Осы тербеулер арқылы сұраныс пен ұсыныстың тепе - теңдігін, ал түбінде өндіріс пен тұтынудың теп - теңдігін қамтамасыз ететін деңгей қалыптасады. Үшіншіден, бұл бәсеке. Әрбір кәсіпкердің мақсаты пайданы барынша ұлғайту, сондықтан да, шаруашылық қызметінің көлемін ұлғайту. Ал бұның өзі өндірістің аса қолайлы жағдайлары үшін кәсіпкерлердің өзара күресіне әкеліп соғады да, олар бір біріне деген қатынасы қарсыластар немесе бәсекелестер ретінде көрінеді. Егер қандайда бір тауардың ұсыныс сұранысынан көп болса, онда сатушылардың арасындағы бәсекелік күрес күшейеді. Олардың әрқайсысы өз тауарын сату үшін бағасын төмендетуге жиі барады, ал ол өз кезегінде осы тауарды өндіруді азайтады. Егер сұраныс ұсыныстан көп болса, онда бір - бірімен бәсекеге сатып алушылар түседі. Тапшы тауарды алу мүмкіндігіне ие болу үшін, әрбір сатып алушы өз қарсыласына қарағанда жоғары баға ұсынуға тырысады. Баға өседі, ол осы тауарға ұсынысты ұлғайтады. Жоғарыда көрсетілген жұмыс мақсатына байланысты міндеттері анықтылды: - сұраныстың шамасы мен сұраныс заңын; - сұраныс пен ұсыныс факторларын анықтау; - сұраныс икемділігі мен түрлерін зерттеу; - ұсыныстың шамасы, сұраныс заңын - ұсыныстың баға бойынша икемділігін қарастыру; - сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттесуін; - нарықтағы епе-теңсіздік жағдайлар т.б. зерттеу барысында тақырыптың мәнін ашу. Кіріспе, үш бөлім, сегіз бөлімше, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

2.1 Ұсыныстың шамасы, сұраныс заңы Ұсыныс дегеніміз - сатушылардың рынокқа тауарларды сату үшін ұсынудағы талабы мен қабілеттілігі. Ұсынысқа баға және бағадан тыс факторлар әсер етеді. Ұсыныс заңы -ұсыныс шамасының баға деңгейіне тікелей тәуелділігі: баға жоғарылаған сайын, рыноктағы ұсыныс шамасы ұлғаяды. Ұсыныстың қисық сызығы - ұсыныс заңының графикалық бейнеленуі. Бағадан тыс факторлар ұсынысты өзгертеді де, ұсыныстың қисық сызығы оң жаққа (өскен жағдайда), сол жаққа (төмендегенде) ығыстырылады. Ұсыныс - тауардың бағасы мен сатушылардың белгілі бір уақыт аралығында сатқысы келетін заттарының көлемі арасындағы байланысты айтамыз. Ұсыныс заңы төмендегідей тұжырымды негіздейді: тауардың бағасы қымбаттаған сайын сатушылардың сату ынтасы арта түседі. Ұсыныс тарапынан рынокта қалыптасушы жағдайды қарастырсақ, ұсыныс шамасының бағаға тәуелділігі тікелей екенін байқау оңай, баға жоғары болған сайын, сатушылар ұсынуға дайын тауарлар саны көп болады (басқа жағдайлары тең кезде). Мысалы, бағасы 20 теңге болғанда өндірушілер X игілігінің тек 2 бірлігін, баға 30 теңге болғанда төрт бірлікті, 50 теңге бағада алты X игілігі бірлігін сатуға келіседі. Жалпы түрі: Оs=f(Р) Ондағы: Оs - ұсыныс шамасы (suррlу); Р - баға. Баға мен ұсынылған өнім саны арасындағы тіке байланыс ұсыныс заңы деп аталады. Өндірілген игіліктер санының баға деңгейіне тәуелді болуын графикалық түрде көрсетуге болады (2-сызбада көрсетілген) Қосымша 2. Ұсыныс қисығы тауарды нарыққа шығаруға итермелейтін бағадан басқа факторлар тұраққты деген жағдайда қарастырылады. Бұл жағдайда тауарды бағасы өзгеруіне байланысты ұсыныс көлемі өзгереді және бұл өзгеріс ұсыныс қисығының бойында болады. Ұсыныстың өзгеруі - ұсыныс қисығының тауардың бағасынан басқа фактордлар әсер еткендегі толық өзгеруі немес жылжуы. Ұсыныс қисығы {sиpplу сиrvе) - өндірушілердің дәл осы уақытта түрлі бағамен сатқысы келетін экономикалық игілік санын көрсететін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сұраныс факторлары
Сұранысқа әсер ететін факторлар
Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті
Сұраныс пен ұсыныс
Сұраныс және ұсыныс икемділігі
Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері жайында
Ұсыныс және оның факторлары
Ұсыныс және сұраныс заңы
Ұсыныс қисық сызығының пішіні
Ұсыныстың баға емес факторлардың әсерінен өзгеруі
Пәндер