Евро. Ақша-несие саясаты



Этиологиясы:
Миокардиттер балалар арасында жиі кездеседі. Олар негізгі науқастың, көбінесе инфекцияға байланысты аурулардың асқынуы ретінде пайда болады. Миокардиттің ауыр, ауыр емес түрлері де оның пайда болу себебіне тікелей байланысты. миокард ауруы, оның негізінде өліттенумен жəне/немесе миоциттердің дегенерациясымен қабынулық инфильтрация жатыр, ол клиникалық көріністердің ең аздан фатальдыға дейін кең спектрмен көрінеді.

Таралу жиілігі:
Сәби кезіндегі миокардиттер көбіне вирус, энтеровирустар, саңырауқұлақтар және микоплазмамен байланысты. 5-6 жастағы балалардағы миокардиттердің шығу себебі микробтармен, әсіресе стрептококк инфекциясымен ұштасады. Сиректеу болса да, дәнекер тінінің жүйелік науқастарында, тағам мен дәрі-дәрмектерге шығатын аллергияда кездесетін миокардиттер де бар. Соңғы жылдары миокардит тұқым қуудағы бейімділікпен байланысты екені анықталады.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Евро
Европалық экономикалық және валюталық қауымдастықтың пайда болуы және оның ортақ бір валютаға (евро) негізделуі қазіргі уақытта ең масштабты жобалардың бірі болып табылады.
Ортақ валютаны енгізу мақсаты 1992 жылы Европлық қауымдастық құру туралы Маастрих келісімінде бекітіліп қойылған болатын. Көп жылдық дайындықтардан кейін 1999 жылы 1-қаңтарда аталған жоба іске асып, әлемде мүлдем жаңа валюта өмірге келді.
1) Евроның қысқаша тарихы.
Европалық валюталық жуйе құру идеясы екі батыс европалық атақты саясаткерлері - батыс герман канцлері Гельмут Шмидт пен Франция президенті Валери Жискар д' Эстенге тиесілі.
Шмидт- Жискар д' Эстен инициативасын алғаш рет басқа ЕО-тың елбасыларына 1978 жылы сәуір де Копенгагенде болған кездесуде жариялады. Үш айдан соң, яғни шілде айында аталған жоба бремен саммитінде қолдау тапты. Ал 1978 жылы желтоқсанда ЕО-тың толық 9 мүше-мемлекеттердің 8-і Ортақ Европалық валюта жүйесін құру туралы келісімге келді (Ұлыбритания бұл келісімді қолдамады).
Осылайша бұл келісім өз күшіне 1979 жылы 13-наурызда енді. Ал ортақ Европалық валюталық бірлік ЭКЮ деп аталды (ECU-european currency unit ). Алайда Италия мен Франция бірнеше рет өз валюталарын девольвацияға ұшыратып, сонымен қатар 80 жылдардың басында Франция бірнеше рет ортақ валюталық жүйеден шығып кету қаупін төндірді. Сонымен қатар экю барлық Европа елдеріне бірдей жағымды, әрі пайдалы болмады. Сол себепті 1988 жылы ақпанда ФРГ сыртқы істер министрі Г.Д.Геншер Европалық валюталық кеңістік пен Европалық Орталық банк құру туралы мемарандум жарилады. Бұл жоспарды сол кездегі ЕО комиссиясының төрағасы Ж. Делор ойланбастан қолдады. Ал кейінірек аталған жоба Делор жоспар болып авторын өзгертті. (Шын мәнінде авторы Г.Д.Гнешер)
Делор ЕО-тың үйлестірілген экономикасын және валюталық саясатын жүргізу, Европалық Орталық Банк құру және ортақ Европалық авлютағ өтуді жоспарлады.
Осы жоспар Европалық валюталық Одақтың интеллектуалды негізі ретінде 1989 жылы 26-маусымда Мадридте болған келісімде қабылданды, ал оны негізгі идеялары 1992 жылы Маастрих келісімінде бекітілді.
Бұл жоспарды келесі этаптар бойынша іске асыруды көздеді:
- Бірінші: (1990 ж. 1-шілде - 1993 ж.31-желтоқсан)
ЕО шеңберінде капитал қозғалысын толығымен ырықтандыру (либерализация), ортақ ішкі рынок құруды аяқтау , басты макроэкономикалық көрсеткіштерді жақындату
- Екінші: (1994 ж. 1-қаңтар - 1998 ж. 31-желтоқсан )
Европалық валюталық институт құру, валюталық одақ құруға институционалдық , заңдық және әкімшілік база дайындау. Экономикалық валюталық жүйеге қатысушыларды іріктеу, Европалық Орталық банктің жұмысының басталуына байланысты арнайы заңдар қабылдау, ортақ Европалық валюта тиындарын чеканкалауды бастау
- Үшінші: (1999 ж. 1-қаңтар - 2002 ж. 30-маусым)
Ортақ европалық валюта енгізу, алғашында қолма-қол ақшасыз (электронды түрде), ал 2002 жылдан бастап ұлттық валютасымен параллель қолданысқа түседі.

Ақша-несие саясаты елдегі макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуге және экономикалық өсу үшін қолайлы жағдайлар жасуға бағытталған мемлекеттің экономикалық саясатының маңызды құрамдас бөлімдерінің бірі болып табылады. Ақша-несие саясаты - бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін реттеу мақсатында мемлекеттің ақша-несие саласында қолданатын өзара байланысты шаралар жиынтығы.
Мемлекет өндірістік салаға тікелей әсер ете алмайды, ол кәсіпкерлік шешімдерге тек жанама реттеу арқылы әсер етеді. Сондықтан ақша-несие саясаты мемлекеттің өндіріске әсер етуінің тиімді әрі икемді әдісі болып табылады. Ақша-несие саясатының мақсаты - ұлттық шаруашылықтың тұрақты дамуы мен тепе-теңдікте болуын қамтамасыз ету.
Ақша-несие саясатының негізгі субъектісі - Орталық банк (Ұлттық Банк). Ол үкіметтік институт болмағанымен оның нұсқауларын орындайды. Алайда Ұлттық Банктің мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы рөлі мен маңызына көңіл аударатын болсақ, ол өз алдына дербес ұйым болып табылады. Сондықтан оның өздігінен шешім қабылдауға толық құқы бар.
Ұлттық банктің міндеттері екі бағытта атқарылады.
:: Валюта жүиесінің бірқалыпты тұрақты дамуын қамтамасыз ету.
:: Мемлекеттің мүддесін қамтамасыз ету үшін жеке коммерциялық банктердің несие қызметіне әсер ету.
Мемлекеттің ақша-несие саясатының мақсаттары:
өндіріс көлемін өсіру;
толық жұмысбастылық;
инфляцияны төмендету.
Мемлекеттің ақша-несие саясатының құралдары:
1. Ашық нарықтағы операциялар. Ұлттық банктың ашық нарықта ақша массасының көлемін реттеу мақсатында мемлекеттің құнды қағаздарын сатуы және сатып алуы. Мұның мағынасы: Ұлттық банк ақша эмиссиясын тоқтату және банктердің несиелік мүмкіншіліктерін шектеу мақсатында, нарықта құнды қағаздарды сатып, бұл қағаздарды сатып алған банктердің резервтік шоттарынан белгілі бір соманы есептен шығару. Керісінше, ақша шығаруын және несиелерді беруді ынталандыру үшін Ұлттық банк құнды қағаздарды өзіне қайта сатып алып, оның құнын банктердің резервтік шотына аударады.
2. Резервтік норманы өзгерту - ақша-несиені реттеуде қолданатын өте қатаң құрал. Ұлттық банк барлық банк мекемелердің міндетті резервті нормасын бір мезгілде өзгерту арқылы әрбір банктің резервінің көлеміне тікелей әсер ете алады. Міндетті резервтер - бұл әрбір коммерциялық банктер салымдардың бір бөлігін міндетті түрде сақтау қоры ретінде мемлекеттің Ұлттық банкте ұстауы қажет.
3. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Депозиттік операциялардың теориялық негіздері
Банктің бухгалтерлік балансының құрылымын талдау
Әлемдік экономикадағы евроның жағдайы
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердің депозиттік операцияларын талдау
ГФР мен Қазақстан Республикасы арасындағы экономикалық қатынастар
Қазақстандағы депозиттік нарықтың дамуын коммерциялық банктің депозиттік қызметі негізінде талдау
Валютасы ауысқан мемлекеттер ұлттық валюта атаулары
БАНК ДЕПОЗИТТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Коммерциялық банктердің пассивтік операциялары жайлы
Евро аймағы
Пәндер