Фирма шығынының құрылымы және пайда



I. КІРІСПЕ
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Фирма шығынының құрылымы және пайда
2.2 Өндіріс шығындары
2.3 Пайда. Пайданың түрлері
III.ҚОРЫТЫНДЫ
IV ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Әрбір фирма өндірісті бастау үшін келешекте қанша пайда алатынын көз алдына дұрыс елестете білуі керек. Ол үшін сұраныс пен қызметті зерттеуге тиіс өндірілген өнімді қандай бағамен сатады, келешек табыспен шығынды салыстыру байланысты жұмыстарды іске асыру. Әр фирманың негізгі мақсаты пайданы көп мөлшерде табу болып табылады. Фирма тауарларды өндіру туралы шешімді, бұрынғы шығындарды талдау негізінде қабылдайды.
1. С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А. Жанайдаров. Экономикалық теория. Оқу құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. – Астана: 2002. 2. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Ө.Қ. Шеденов, Е.Н. Сағындықов, Б.А. Жүнісов, Ү.С. Байжомартов, Б.И. Комягин. /Жалпы редакциясын басқарған Ө.Қ. Шеденов – Ақтөбе, «А-Полиграфия», 2004 3. Я. Әубәкіров, К. Нәрібаев, М. Есқалиев, Е. Жатқанбаев, т.б. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. – Алматы, «Санат», 1998

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
I. КІРІСПЕ
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Фирма шығынының құрылымы және пайда
2.2 Өндіріс шығындары
2.3 Пайда. Пайданың түрлері
III.ҚОРЫТЫНДЫ
IV ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



КІРІСПЕ
Әрбір фирма өндірісті бастау үшін келешекте қанша пайда алатынын көз алдына дұрыс елестете білуі керек. Ол үшін сұраныс пен қызметті зерттеуге тиіс өндірілген өнімді қандай бағамен сатады, келешек табыспен шығынды салыстыру байланысты жұмыстарды іске асыру. Әр фирманың негізгі мақсаты пайданы көп мөлшерде табу болып табылады. Фирма тауарларды өндіру туралы шешімді, бұрынғы шығындарды талдау негізінде қабылдайды. Өндіріс шығындары деп өнімді өткізу және өндірісті ұйымдастыру мен байланысты фирманың материалдық және ақшалай шығындарын айтамыз. Өндіріс шығындарын жіктеудің әртүрлі нұсқалары бар. Олар бухгалтерлік және экономикалық шығындар. Бухгалтерлік шығындар өнімнің белгілі мөлшерін өндіру үшін жұмсалған өндіріс факторларының шығындары. Кәсіпорынның шығындары бухгалтерлік және статистикалық есеп беруде өзіндік құн формасында көрініс алады. Өзіндік құны кәсіпорынның өнімді өндіру мен өткізуге жұмсалған шығындардың ақшалай көрінісі. Өзіндік құн өнімді өндіріп, өткізудің кәсіпорындарға қаншаға түсетіндігін көрсетеді. Өндірістік шығындарды экономикалық тұрғыдан ұғыну шектеулі ресурстарды балама пайдалану мүмкіндіктерге негізделеді. Кез келген ресурстардың экономикалық шығындары балама шығындар болып табылады. Балама шығындар - ресурстарды пайдаланудың мүмкін болатын балама әдістерінің ең тиімдісін қолданғанда алуға болатын ақша сомасы. Айқын шығындарға аралық өнімдердің және өндіріс факторларының меншік иелеріне төленетін ақша төлемдері жатады. Айқын емес шығындар өндіріс иелерінің меншігіндегі ресурстарды пайдаланумен байланысты шығындар.Бухгалтерлік және экономикалық шығындарды тұрақты, өзгермелі, жалпы, орташа және шекті шығындармен толықтыру керек. Пайданы бөлу тәсілі кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандарына қарай ажыратылады. Мысалы, акционерлік қоғамның Пайдасын пайдалану жалпы жиналыстың айрықша құзырында. Акционерлік қоғамның нақ осы жалпы жиналысы есепті қаржы жылындағы Пайданы бөлу тәртібін бекітеді, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдайды, қоғамның бір жай акциясына шаққанда жыл қорытындысы бойынша төленетін дивидендтің мөлшерін бекітеді. Қоғам Пайдасының бір бөлігі ғана дивидендтер түрінде бөлінеді, әдетте, оның бір бөлігі қорлануға (сақтық капиталдың толықтырылуы үшін және өндірісті ұлғайтуға), басқа да әлеуметтік мақсаттарға жұмсалады.
2.1 Фирма шығындарының құрылымы
Тауар мен қызметті өндіру процесіндегі және өткізудегі фирманың шығындарын қарастырамыз. Ең алдымен көңіл аударатынымыз ашық және баламалы шығындар, біріншісі де, екіншісі де фирманың қызметін есепке алады. Ашыққа жататындар фирманың өндірістік факторларды пайдаланғаны үшін төленген шығындар. Өндірістің классикалық факторы болып есептелетіндер еңбек, жер (табиғи ресурс) және капитал. Фирманың барлық ашық шығыны, негізінен, өнімді өндіруге қолданған өндірістік фактордың орнын толтырады. Бұған кіретіндер еңбек ақы түрінде еңбекке төлеу, жер - жер төлемі капитал - негізгі және айналмалы қорлар шығындары. Сонымен бірге кәсіпкердің еңбегіне төленетін төлемдер өндіріс және сатуды ұйымдастыру шығындарына жатады.
Ашық шығынның барлық жиынтығы өнімнің өзіндік құны болып есептеледі. Нарықтық бағамен өзіндік құнның айырмашылығы - пайда болады.Мысалы, жер иесі рентасын төлемейді, сонымен бірге жерді өзі өңдейді, жалға беруден бас тартады және қосымша табысты алмайды, осымен байланысты қызметпен шұғылданбайды. Фабрикаға жұмыс істеуге жалданбайды, еңбек ақы алмайды. Кәсіпкер өз ақшасын өндіріске салғаннан кейін, банкке салмайды және ссудалық пайыз алмайды.Ашық шығынды және балама шығынды есептеу арқылы фирманың пайдасын толық анықтауға болады. Жиынтық табыспен және барлық шығындар арасындағы айырмашылық пен экономикалық пайданы анықтайды.
1. Тікелей және жанама шығындар. Шығынның ашық және баламалы болып бөлінуі басты мүмкіндік болып есептеледі. Сонымен қатар шығын-ның сыныптамасының тікелей және жанама түрі бар.
Тікелей шығындарға мыналар жатады: шикізат пн материалдар құны, жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысы, амортизациялық өтемдер, жал төлемі, салықтар.
Жанама шығындар - бұл тауармен байланысты емес шығындар фирмаға толық қатынасты. Бұған жататындар: әкімшілік шығындар, жалдау ақысы, аммортизациялық өтемдер, қарыз пайызы т.с.с.
2. Азаймалы қайтарым заңы.
Фирма өндіріс факторын белгілі пропорцияда пайдалануға тиіс, тұрақты және өзгермелі фактор арасындағы тұрақты фактордың бірлігіне шектен тыс өзгермелі факторды көбейтуге болмайды. Бұл кезде азаймалы қайтарым заңы әсер етеді. Оны келесі үлгіден көруге болады Өндіріс көлемінің өсуіне байланысты фирма шығынының өзгеруінің тәуелділігі.Өндіріс көлемінің өсуімен және сату өзгергенде фирманың шығыны өзгереді:
А) Бір қалыпты. Бұл жағдайда шекті шығын әр уақытта тұрақты шама және бірлік тауардың өзгермелі шығынына тең.
Б) Жеделдетілген. Бұл жағдайда шекті шығын өседі, өнімнің артуына байланысты. Бұл ахуалға байланысты азаймалы қайтарым заңымен, не болмаса материалдармен басқа фактордың қымбаттауына қарай айналым сыныптамасына жататын шығындар.
В) Баяу сатушылық. Егер фирманы сатып алу шығыны шикізатқа, материалға азайса, өнім көлемі өссе, онда шектеулі шығын қысқарады.
Осы жағдайды келесі кестеден көруге болады.Өзгермелі ресурстың бір түрінде тек жұмысшы күші өзгереді. Ол 8.2 кестеде көрсетілген.
8.2 кесте
Жұмысшы саны, адам
Өнімді шығару, ед.
Шығын, мың теңге

Еңбек ақыны төлеу
Шекті
1
0
0
-
2
5
2
0,400
3
15
3
0,100
4
35
4
0,050
5
50
5
0,0667
6
60
6
0,100
7
65
7
0,250
8
65
8
-
9
55
9
-

Біздің пайымдауымызша жұмысшы күші өзгермелі болып есептеледі. Күнделікті жағдайда фирма көп өзгерістерге тәуелді болады. Өндірісті ұлғайту үшін көп мөлшерде шикізат, материалдар, энергиялар керек. Шығынның бір бөлігі тұрақты жылдық төлем, сақтандыру жарнасы, қолданылған құрал - жабдықтардың құны. Қысқа мерзім кезінде шығынды тұрақты және өзгермеліге бөлсек, сол кезде қайтармалы өзара заңы әсер етеді.

2.3 Пайда. Пайданың түрлері
Пайда - тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатудан түскен табыстың осы тауарларды өндіру мен сатуға немесе қызмет көрсетуге жұмсалған шығыннан асып түсуі. Пайда - кәсіпорын мен кәсіпкерлердің шаруашылық қызметі қаржылық нәтижелерінің аса маңызды көрсеткіштерінің бірі. Ол шаруашылық қызметтің өнімін сатудан түскен ақшалай түсім мен өндіріс факторларының осы қызметке ақшалай жұмсалған шығындарының сомасы. Пайданың алынуын немесе оның алынбауын екі нәрсе алдын-ала айқындайды, олар: өнімді өндіру мен өткізуге (жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге) жұмсалған жалпы шығын және негізгі қызметтен тыс жұмсалған шығын. Әдетте, табыс негізгі қызметтен алынған табыс пен негізгі қызметтен тыс қызмет түрінен алынған табыс болып бөлінеді. Кәсіпорынның негізгі қызметінен алынған табыс өнімді өткізуден (жұмыстарды орындаудан, қызмет көрсетуден) түскен табыстарды, сыйақыны, дивидендті, роялтиді, жалгерлік ақыдан түскен табыстарды, т.б. қамтиды. Негізгі қызметке жатпайтын қызметтен алынған табыстарда, мысалы, негізгі құрал-жабдықты сатудан алынған табыс, бағалы қағаздарды қайта бағалаудан немесе ұзақ мерзімді активтердың баланстық құнын көбейтуден алынған табыс, т.б. қамтылады. Шығыстар (шығындар) - активтердің немесе олардың құнының азаюы не меншікті капиталды азайтатын, оны меншік иелері арасында бөлісумен байланысты емес міндеттемелердің көбеюі нысанында есепті кезең ішінде экономикалық тиімділіктердің азаюы. Шығыстар негізгі қызмет пен негізгі емес қызмет үдерісінде пайда болған шығыстарға бөлінеді. Негізгі қызмет шығыстары өнімнің (орындалатын жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) өзіндік құнын қамтиды, ал негізгі қызметке жатпайтын қызмет шығыстарына, мысалы, негізгі құрал-жабдықты өткізу нәтижесінде пайда болған шығасы, төтенше жағдайдан келтірілген залалдар, т.б. жатады. Пайда бірқатар түрлерге бөлінеді: жалпы (баланстық) Пайда деп аталатын толық Пайда, ол өнімді өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызмет көрсетуден, өткізуден тыс операциялардан алынған Пайданы (алынған және төленген айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыптары арасындағы айырма, жалға берілген мүліктен төленетін жалгерлік ақы, т.б.) және салықтар мен аударымдар төлегеннен кейін қалған таза Пайданы қамтиды. Бухгалтерлік Пайда сатудан алынған табыс пен бухгалтерлік шығындар арасындағы айырма ретінде есептеледі. Экономикалық Пайдада баламалы шығындар ескеріледі. Әдетте, эконмикалық Пайда бухгалтерлік Пайдадан кәсіпорынның өзіндік құнда ескерілмеген, кейде айырылып қалған мүмкіндіктерді қамтитын өтелмеген меншікті шығындарының шамасынан кем болып келеді. Пайда кәсіпкерлік қызметтің экономиканы ілгері бастырушы, ұдайы дамытушы ретінде ұдайы әрекет ететін уәждемесі болып табылады. Пайда алу мақсатымен кәсіпкер өндірісті шығынды азайтатындай, ресурстарды тиімді пайдаланатындай етіп ұйымдастырады, осыған орай ол өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың жетілдірілген нысандарын, өнімділігі жоғары техниканы, прогресті технологияны енгізеді. Пайда ресурстарды тартудың баламалы тәсілдері арасында олардың тиімді бөлінуіне септігін тигізетін тұтқаға айналады. Пайда алушы кәсіпкердің өзінің Пайдасын инвестиция ретінде жұмсауға мүмкіндігі болады. Қазақстанда экономикалық реформа қағидаттарының ойдағыдай енгізілуі арқасында кәсіпорындар жұмысының нәтижелілігі үздіксіз арта түсуде. Мәселен, Қазақстан Республикасында кәсіпорындар мен шаруашылық ұйымдардың табысы 1999 ж. 101508 млн. теңгеден 2002 ж. 512044 млн. теңгеге көбейді. Табыстылық, әсіресе, өнеркәсіпте арта түсіп отыр, мұнда салық салынбай тұрғандағы жиынтық табыс тиісінше 89568 млн. және 401087 млн. теңгені құрады. 2002 ж. республикада барлық кәсіпорындар мен шаруашылық ұйымдардың жиынтық Пайдасының 86,1%-ы жекеше сектордың үлесіне тиді. Пайданы бөлу тәсілі кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандарына қарай ажыратылады. Мысалы, акционерлік қоғамның Пайдасын пайдалану жалпы жиналыстың айрықша құзырында. Акционерлік қоғамның нақ осы жалпы жиналысы есепті қаржы жылындағы Пайданы бөлу тәртібін бекітеді, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдайды, қоғамның бір жай акциясына шаққанда жыл қорытындысы бойынша төленетін дивидендтің мөлшерін бекітеді. Қоғам Пайдасының бір бөлігі ғана дивидендтер түрінде бөлінеді, әдетте, оның бір бөлігі қорлануға (сақтық капиталдың толықтырылуы үшін және өндірісті ұлғайтуға), басқа да әлеуметтік мақсаттарға жұмсалады

2.2 Өндіріс шығындары
Өндіріс шығындары - бұл өнімді өндіруге кететін шығындар. Экономист пен бухгалтер оларды әртүрлі есептейді. Бухгалтер - шығындарды фирманың өндіріс факторларын сатып алуға кететін нақты шығындары ретінде анықтайды. Олар бухгалтерлік құжаттарда көрсетіліп айқын түрге ие болады. Айқын шығындар (бухгалтерлік немесе сыртқы) - бұл сырттан алынған ресурстар үшін төленетін ақшалай төлемдер. Бұған кіретіндер: жалдамалы жұмысшыларға төленетін еңбекақы, шикізаттар мен материалдарды төлеу, көліктік, қаржылық және заң қызметтері үшін төлемдер. Экономист өндіріс шығындарының құрамын ресурстарды сатып алуға кеткен айқын шығындарды ғана қосып қоймайды, сонымен қатар, фирманың өз меншігіндегі ресурстарын пайдаланумен байланысты ішкі шығындарды, яғни айқын емес шығындарды қосады. Бұлардың айқын шығындардан өзгешелігі - бұл шығындар төленбейді және бухгалтерлік есеп беруде көрсетілмейді. Айқын емес шығындар шамасы берілген ресурстарды балама нұсқада тиімдірек қолданғанда олардың әкелетін түсімімен анықталады. Бұған жататындар: кәсіпкердің меншігіндегі капиталға түсетін пайыз, жалгерлік төлемдер, кәсіпкердің өзінің менеджерлік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Виртуалдық лекция бойынша пәнің «Экономиқалық теория негіздері» мәліметтері
ӨНДІРІС ЖӘНЕ ӨНІМДІ ӨТКІЗУ ШЫҒЫНЫ
ӨНДІРІС ШЫҒЫНЫ ТЕОРИЯЛАРЫ
Маркетингiлiк жоспарлау
Өндірілген өнімнің өндірістік және толық өзіндік құнын есептеу
Кәсіпорын өнімінің өзіндік құнын анықтау
Пайда мен өндіріс шығындар теориялары
Өндіріс шығындары
Халықаралық сауда теориялары
Кәсіпорынның шығынының жалпы сипаттамасы
Пәндер