Абай өнегесі
Қандай бір өнер иесі болса да оның үлгі-өнеге алған тәлімдік мектебі болары белгілі. Тамырын тереңге тартып, кемелденуіне ықпал етер бастау-бұлағы болмақ. Ақыт ортасынан оқшау өскен ақын емес, талап-талантының ұшталып-шындалуына әсер еткен өнер көздерінің бірі-халықтың ғасырлар бойы жасаған халық әдебиеті мен өзінің алдындағы ақын-жыраулар поэзиясы болса, екіншісі-ұлы ақын Абай болды. Әсіресе Ақыт өмірінің соңғы кездерінде Абайға ерекше ден қояды. Өйткені ХХ ғасырдың басын ала Абай мұрасының сымбат-сәні мен терең мәні қазақ еліне ғана тарап қоймай, шекара шебінен асып, ата жұрттан алыстағы ағайындардың да үлгі-өнегесіне айналғанды. Біріншіден, Абай шығармалары қалың қауымға рухани нәр берсе, екіншіден, ақындықты мұрат еткен талапкерлердің адастырмас темірқазығы болды. Соның бірі-Ақыт Үлімжіұлы.
Ақыт ұлы ақынның өлең-өрнегінен көп үйренеді. Әсіресе алпысты аралаған шағында жазған елу бес өлеңнен тұратын «Ғақылиялық үндеулер » атты өлеңдер топтамасы бұған дәлел. Ақыт өзінің осы шығармалары туралы «... марқұм Абай Құнанбай қажы ұлының кітабынан өрнек алып, осы ғақылиялық, нақылдық үндеулер кітабын жаздым. Шіркін, Абай адамның жуырда есіне түспейтін сөздерді тауып, соны өрнектеген екен.
Мен де сондай есіме түсе қалған сөздерді кіргіздім. Сондай-ақ Абай өлеңдерінің үзіндісін басына алып, күрделі лебіздерін шештім» -деп түсінік береді.
Ең алдымен Ақыт Абайдың, рухани әлемін дұрыс танып, оның ақындық құдіретін жоғары бағалаған.

Зұфар Сейітжанұлы
профессор
Абай өнегесі
Қандай бір өнер иесі болса да оның үлгі-өнеге алған тәлімдік мектебі болары белгілі. Тамырын тереңге тартып, кемелденуіне ықпал етер бастау-бұлағы болмақ. Ақыт ортасынан оқшау өскен ақын емес, талап-талантының ұшталып-шындалуына әсер еткен өнер көздерінің бірі-халықтың ғасырлар бойы жасаған халық әдебиеті мен өзінің алдындағы ақын-жыраулар поэзиясы болса, екіншісі-ұлы ақын Абай болды. Әсіресе Ақыт өмірінің соңғы кездерінде Абайға ерекше ден қояды. Өйткені ХХ ғасырдың басын ала Абай мұрасының сымбат-сәні мен терең мәні қазақ еліне ғана тарап қоймай, шекара шебінен асып, ата жұрттан алыстағы ағайындардың да үлгі-өнегесіне айналғанды. Біріншіден, Абай шығармалары қалың қауымға рухани нәр берсе, екіншіден, ақындықты мұрат еткен талапкерлердің адастырмас темірқазығы болды. Соның бірі-Ақыт Үлімжіұлы.
Ақыт ұлы ақынның өлең-өрнегінен көп үйренеді. Әсіресе алпысты аралаған шағында жазған елу бес өлеңнен тұратын Ғақылиялық үндеулер атты өлеңдер топтамасы бұған дәлел. Ақыт өзінің осы шығармалары туралы ... марқұм Абай Құнанбай қажы ұлының кітабынан өрнек алып, осы ғақылиялық, нақылдық үндеулер кітабын жаздым. Шіркін, Абай адамның жуырда есіне түспейтін сөздерді тауып, соны өрнектеген екен.
Мен де сондай есіме түсе қалған сөздерді кіргіздім. Сондай-ақ Абай өлеңдерінің үзіндісін басына алып, күрделі лебіздерін шештім -деп түсінік береді.
Ең алдымен Ақыт Абайдың, рухани әлемін дұрыс танып, оның ақындық құдіретін жоғары бағалаған.
Ақындар бізден бұрын өткен талай,
Әсіресе, Құнанбай баласы Абай.
Солардай өткір сөзді таппасам да
Ойымды жеткізейін құрай-жамай,-
деп, кішіпейілділік көрсете сөйлеп, Абайды ауызға алуы жай емес.Абайдың даналығын, тереңдігін жете түсінгендіктен оны қадір тұтады, өнеге алады. Ақыттың Ғақылиялық үндеулер топтамасы Абай сынды ойшылдан үлгі-өрнек алуы нәтижесінде, екіншіден, ақыл-ойының әбден кемелденіп, қоғамдық сана-салтты, өмір-тіршілікті жан-жақты пайымдай отырып жазған шығармасы. Сондықтан бұл топтамалары Ақыт шығармашылығының биік белесі тәрізді туындылар. Бұл өлеңдерінде Абай әсері анық сезіліп тұрады. Абайдың көптеген өлең жолдарын сол қалпында пайдаланып та отырған. Абай үлгісі Ақыт өлеңдерінің сыртқы формасы (буын, бунақ, тармақ, ұйқас) яғни техникалық жағынан да аңғарылып тұрады. Он бес және он жетінші тақта сөздерін Абайдың Сегіз аяғының үлгісімен жазса, басқа тақта сөздерінде Абайдың тәлім-тағылымы бой көрсетіп, ой түйіндері жалғастық табады.
Абай Бір дәурен кемді күнге - бозбалалық атты өлеңінде әр нәрсенің өз уақыты болатынын ескертіп, жастық шақты пайдалы іспен дұрыс өткізу керектігін айтады. Екі келмес ғұмырды еһе-еһемен еліріп - жеңіл-желпі өткізіп алудан сақтандырады. Ешкімнен тектеу-тыйым көрмеген санасыз шалдуардың түбінде бір өкінішке өртенері хақ. Абай:
Басында әке айтпаса ақыл-жарлық,
Ағайын табылмаса ой саларлық.
Қалжыңбассып өткізген қайран дәурен.
Түбінде тартқызбай ма ол бір зарлық, -
десе, Ақыт:
Басында атасы айтпас тиімді ақыл,
Терісін ағайыны десе мақұл.
Сандырақтап жығылып, тұрып-жүріп,
Жаңа басқан баладай апыл-тапыл.
Бір зарлылық артында тарттырмай
Қайран өмір қалжыңмен өтсе ғапыл,-
дейді. Екі ақынның ойы да бес күндік майдан - өмірден опық жемеу. Адамды аздыратын ыртаң мен жыртаңға алданып қалмау. Ұстаз бен шәкірт ойы бір арнаға құйғандай, мазмұн-мақсат сабақтастығы бірден-ақ байқалады. Абай көп нәрсеге қырсығын тигізіп жүрген кеселді пысықтарды шеней келіп:
Күшік, иттей үйріп тұр,
Кісіден кеммін демейді, -
деп - кейістік танытса, Ақыт:
Күшік иттей шәуілдеп,
Алды-артыңды орайды,-
дейді. Абай өлеңінен ешкімнен кем емеспін деп кердең қаққан кесірді көргендей болсақ, Ақыт өлеңінен оңтайы келсе омақа асыруды мақсат етер залымдарды көргендей боламыз.
Абай заманында патша әкімшілігінің ел ішіндегі сойыл соғыр ұсақ әкімдерінің іс-әрекеті қазақ даласында алауыздықтың отын жағып, күңкіл-күбірді көбейтті. Шен - шекпен үшін талас-тартысқа түсіп, пәле-жала етек алды, тіпті халықтың психологиясы өзгере бастады. Осындай тұста кеселді пысыққа кейіген Абай:
Бір сөз үшін жау болып,
Бір күн үшін дос болып.
Жүз құбылған салт шақты,-
деген болатын. Ал Ақыт күні үшін ғана дос болып, бір тойғанға қош болатын опасыздардың сиқын ашады.
Бір күн көңілін таппасаң,
Қазір тұрар өш болып.
Бұл-қысқа күнде қырық құбылғандардың қылығы. Осы өлең жолдарындағы Абай әсері, ешқандай дәлелдеуді қажет етпесе керек. Мұндай ұқсастыққа мысалдарды тағы да тізбектеп келтіруге болар еді. Алайда осының өзінен-ақ, Абай ықпалын байқауға болады. Ақыттың топтамалары тікелей Абай шығармаларынан өрнек алып, ден қоюдан туған. Демек, Абай, Ақыттың эстетикалық танымының кеңеюіне әсер еткен. Ақынның Ғақылиялық үндеулері Абайдың қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек, Қыран бүркіт не алмайды салса баптап, Қалың елім, қазағым, қайран жұртым , Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да, Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат, Сабырсыз арсыз, еріншек, Мәз болады болысың, Бойы бұлғаң т.б. сияқты өлеңдеріндегі оймен үндестік тауып, ортақ арна тартқандай болады.
Бір ескеретін жай Ақыт Абайға жалаң еліктеп оның көлеңкесінде қалып қоймаған. Абаймен рухани үндес болған. Ақыт заманы алға тартқан көкейкесті жайларды Абайға сүйене отырып өз санасында қайта қорытып, өзінше түйіндеу жасап отырған. Алтыншы тақта сөзде былай дейді:
Ынсап, ақыл, ар-ұят бір бастағы,
Бәрі түгел біреуге тұрмастағы.
Бұл төртеуі біреуде жиылған жан
Келісімсіз еш мінез қылмастағы.
Ақын атаған төрт қасиет бүкіл адамгершіліктің ажары деуге болады. Ол осы қасиеттерді жастардың басынан табылса дейді. Егер әр уақыт ар-ұятты ойлап, әр нәрсеге аранын ашпай, ынсап етіп ақылмен шешпесе, онда ол адамның азамат атанып, алысқа бара қоюы қиын. Бұл кез-келген адамның аттап өтуіне болмайтын кісілік белгілері десе де болады. Абай танымының таяныш-тұғыры бүкіл тіршілікпен астасып жатқан адамгершілік немесе кісілік қалып болса, оны Ақыт та ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz