Дене тәрбиесі туралы ақпарат


Жоспар:
I. Кіріспе
Дене тәрбиесі туралы қысқаша түсінік
II. Негізгі бөлім
1. Дене тәрбиесі
2. Дене шынықтыру пәнінің жалпы сипаттамасы
3. Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәні міндеті, мазмұны
4. Сабақтың мазмұны мен құрылымы
5. Сабақтың типтері
6. Сабақты өткізу әдістемесі
7. Дене шынықтыру сабақтары процесінде баланы жан-жақты тәрбиелеу:адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық еңбек, т. б тәрбиелер
8. Ауыл мектебіндегі дене тәрбиесінің дамуы
III. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
I. Кіріспе
Дене тәрбиесі теориясында әр түрлі ұғымдар, түсініктер бар: дене дамуы, дене әзірлігі, дене жетілуі, дене тәрбиесі, дене машықтығы, дене тәрбиесі білімі, дене жаттығулары, спорт, дене тәрбиесі мәдениеті т. б. қолданылатын әр түрлі құбылыстардыкөрсете отырып, олар бір-бірімен тығыз байланыста болады. Қазіргі кезде қолданылып жүрген ұғымдар қоғамның тарихи дамуының әр кезеңінде пайда болған. Олардың мазмұны дене тәрбиесі жөніндегі ғылымының және оның практика жүзінде жүзеге асырылуын дамуына қарай тереңдеп нақтыланып келеді. Адамның түсінігі тек қоғамдық практика негізінде ғана қалыптасады. Адамзат тәжірибелерінің нәтижелері тіл формасында бекіп, қоғамдық мәнге ие болады. Дене тәрбиесінің әлеуметтік жүйе және қоғамдық құбылыс есебінде дене тәрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның қызметі мен құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие талаптарына сәйкес өсіп келе жатқан ұрпақтың дене тәрбиесін қамтамасыз ету үшін керек. Дене тәрбиесі тек мектептегі дене шынықтыру сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс, мектептен де тыс денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене тәрбиесінің жүйесі жастардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, тұлға бойындағы биологиялық-психологиялық қажеттіліктердің жан-жақты жетілуіне, өмірге белсенді ұстаным мен ізгілікті қатынастарын дамытуды меңзейді. Мұндай маңызды әдістеме ғылыми және оқу пәні ретінде жетекші рөл атқаратын, дене тәрбиесі саласындағы кәсіптік бағытта болашақ мұғалімдерді дайындауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарындағы оқыту жүйесіне тікелей байланысты. Ендеше, дене тәрбиесі теориясында жиі қолданылатын ұғымдарға, түсініктерге тоқталып өтейік.
II. Негізгі бөлім
- Дене тәрбиесі - тәрбиенің құрамды бөлігі. Ол денені жетілдіруге, яғни денсаулықтың дене дамуының және дене әзірлігінің жоғары деңгейіне жетуіне бағытталған. Бұл анықтама дене тәрбиесінің салыстырмалы түрде даралық ерекшелігін көрсетеді. Ол тәрбиенің басқа түрлері - адамгершілік, эстетикалық, ақыл-ой, еңбек т. б тәрибелермен байланысты. Сондықтан да біздің елімізде дене тәрбиесінде қоғамдық тәрбие мақсатын туындайтын педагогикалық міндеттер де шешімін табады.
Дене тәрбиесі ұғымын жалпы тәрбие деген кең ұғмның бір саласы деп ұққанымыз дұрыс. «Дене тәрбиесі» атауы педагогикалық процесс. Ол тәрбиелік және білімділік міндеттерді шешуге тиіс. Дене тәрбиесінің басқа тәрбиелерден айырмашылығын айтатын болсақ біріншіден бұл процесті дене сапаларын дамытумен бірге тиімді дағды, әдет қозғалыстарын қалыптастыру арқылы дене жұмыскерлігін арттыру деп ұғынамыз. Қорытып айтқанда, «дене тәрбиесі» дегеніміз ол адам бойындағы морфофункционалдық қасиеттерді дамытатын, білімін байытып, шеберлігін, қозғалыс дағдыларын арттыру негізінде еңбек көрсеткіштерін жақсартумен бірге Отанымызды қорғауда жоғары жетістіктерге жетуге бағытталған педагогикалық процесс. «Дене тәрбиесі» ұғымының екі мағынасы болуы мүмкін. Біріншісі - дене жөніндегі білімділік, екіншісі - ден қасиеттерінің тәрбиесі.
2. Дене шынықтыру пәнінің жалпы сипаттамасы
Дене шынықтыру сабақтары - балаларға дене шынықтыру жаттығуларын жүйелі түрде үйретудің негізгі формасы. Сабақтың арнаулы міндеті барлық жастағы топтардың балаларын дұрыс қимыл қозғалысқа үйрету, дене қасиетін тәрбиелеу болып табылады. Сабақтың маңыздылығы өзара байланысты сауықтыру, білім беру, тәрбиелеу міндеттерін жүйелі түрде жүзеге асыру олардың орындалуы баланың дене күшінің дамуын, денсаулығының нығаюын, олардың дұрыс қитмыл-қозғалыс дағдыларын игеруін дене тәрбиесі мен спортқа эмоционалды-жағывмды қатынасын қалыптасрыуды, оның жеке басын жан-жақты қамтамасыз етеді.
3. Дене тәрбиесі теориясы - адам денесін жетілдіру процесін басқарудың жалпы заңдары туралы ғылым. Дене тәрбиесі теориясы дене тәрбиесі жүйесінің мақсатын, міндеттерін, қағидаларын зерттейді, тәрбиенің басқа түрлерімен-ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық еңбек еңбек тәрбиесі мен дене тәрбиесінің заңды байланысын ашып көрсетеді. Дене тәрбиесі құралдарын оқып-білуге, дене жаттығуларын үйрету қағидалары мен әдістерін ашып көрсетуге дамытуға, спорттық жаттығулардың жалпы негіздерін, денені жаттықтыру сабақтарының әр түрлі формаларын сондай - ақ дене тәрбиесі жөніндегі жұмысты жоспарлауға және есепке алуға көп көңіл бөлінеді. Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі үнемі қоғамдық практикамен біргелікте дамып келеді.
4. Сабақтың мазмұны мен құрылымы
Әрбір жастағы топтарға арналған бағдарламадан туындайтын және балалардың қимыл әрекеттерінен көрінетін дене жаттығулары сабақтың мазмұныны құрайды. Дене жаттығулары мазмұны жағынан әр алуан. Бұл орайда айқын әрі дәл міндетті бағдарламаның жүргізілу жүйелілігін сақтау, сондай -ақ балалардың жасына байланысты, жеке басының ерекшеліктерін ескеру міндетті түрде қажет. Сабақтың құрылымы және жаттығуларын жүйелі түрде қажет. Сабақтың құрылымы дене жаттықтыруларын жүйелі түрде орындауынан көрінеді. Дене шынықтыру сабақтары өзара байланысты үш бөлімнен кіріспе дайындық, негізгі және қорытынды бөлімдерден тұрады. Сабақтың әрбір бөлімі үшін барлық білім беру, тәрбиелеу және сауықтыру міндеттерінің бірдей зор маңызы бар. Көрсетілген міндеттердің орындалуы балаларға жан-жақты ықпал етуді қамтамасыз етеді. Баланың ойының ширақ жұмыс істеуіне, сезіміне, игерген дағдыларына байланысты, тапсырмаға баланың реакциясы сабақтың кез келген бөлімінен және әрекеттің бүкіл сан алуандылығынан көрінуі тиіс.
5. Сабақтың типтері
Дене шынықтыру сабақтары ойын формасында өткізілуі немесе гимнастикалық жаттығуларды және қимыл қозғалыс ойындарын ұштастыру мүмкін. Жоғарыда қарастырылған бала организмінің жұмыс істеу қабілетінің динамикасын ескертетін, сабақ құрылымы сабақтың көрсетілген типтерін жасаудың негізін құрайды және олардың жоспарын анықтайды. Ойын формасындағы сабақ кез келген жастағы топта өткізіледі, әсіресе 1-4 сынып кішкентайлар тобында өткізу тиімді болады. Олар шартты формада баланы қоршаған әлемді бейнелейтін және негізі қимылдар мен денені жалпы дамытатын жаттығғулардан құралады, ал ересектер тобында сан алуан имитациялық-бейнелі элементтерінен тұратын тұтастай мазмұндық ойын жағдайының динамикасы мен жасқа байланысты мүмкіндігін ескертетін сабақ құрылымымен сай келуі керек. Ойын формасындағы сабақ мазмұны жөнінен әр түрлі қимыл-қозғалыс ойындарыда да құрылуы мүмкін, олардағы қимыл материалдарының жүйелілігі мен сипаты нақ жоғарыдағыдай құрылымын көздейді. Бұл типтегі сабақ қимыл қозғалыс ойындарының өзара байланысты жүйелілігін және басшылықтың шығармашылық әдістемесін талап етеді
6. Сабақты өткізу әдістемесі
Сабаққа арнап дене жаттығуларын іріктеп алу негізінден жасалған жұмыс жоспарымен анықталады. Белгілі бір топтағы балалардың жасын, әрбір баланың жеке басының денсаулық жағдайын, дамуының жалпы дәрежесін балалар игерген қимыл дағдыларын, әрбір баланың жеке басының типологиялық ерекшелігін, жыл мезгілін, сабақ өткізу үшін жасалған жағдайды, сондай-ақ балалардың бұрынғы әрекеттерін есепке алуды да ескеретін перспективалық және календарлық жоспарларды негізге ала отырып, міндеттер белгіленеді және нақты дене жаттықтырулары іріктеліп алынады. Кезекті сабақтың жоспарын талдап жасауға бұрын өткен сабақтың, әсіресе соңғы сабақтың тиянақты талдауы алғы шарт болады. Балалардың сабақ кезіндегі зейіні, белсенділігі олардың эмоциялық жағдайы әр түрлі жастағы топтарда қимыл материалдарының іріктеп алынуына, тәрбиешінің қолданылатын тәсілдері мен сабақ кезінде балаларды ұйымдастырудың әртүрлі әдістері арқылы қимыл әрекеттерін үйрету, қимыл-қозғалыс ойындарын өткізу процесінде қимылға бір мезгілед тартылса, оларды тұрақты зейінділік, эмоциялық жағымды күй, тапсырмаға толық дәрежелі реакция байқалады.
7. Дене шынықтыру сабақтары процесінде баланы жан-жақты тәрбиелеу:адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық еңбек, т. б тәрбиелер
Дене шынықтыру сабағы процесінде баланың жеке басының жан-жақты үйлесімді дамуы баланың бойында адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық сезім мен қарапайым еңбек дағдыларын нысаналы түрде қалыптастыру жолымен жүзеге асырылады. Дене шынықтыру сабағының ерекшелігі, балалар орындайтын жаттығу уақыты тәртібінің дәлелдігінен көрінеді, мұның өзі жалпыға бірдей қарқынды қимыл үйлесімін, саналықты, жинақ тылықты, ерік-жігер күшін, тәртіптілікті қалыптастырады. Балалар үйренетін негізгі қимылдардағы жаттығу батылдық, табандылық, өзін-өзі билеуді және ептілік көрсетуді талап етеді. Бұл жатытғуларды орындау қорқыныш пен сенімсіздік сезімін жеңумен, ерік-жігер ширығуымен, мақсатқа жетудегі табандылықпен байланысты. Ережелі қимыл-қозғалыс ойындарында балалар ұстамдылық пен ерік-жігер, ойын жағдайының күтпеген жерден өзгеруіне тез реакция жасауды, сондай-ақ жолдастық, өзара көмек, әділеттілік, батылдық пен табандылық сезімін көрсете отырып жаттығады. Сабақта балаларыдң аталған қасиеттерді қайталануына және тәрбиешінің басшылығына қарай белсенділік көрсетуі біртіндеп күнделікті өмірге ауысады. Сабақ процесінде тәрбиеші балалардың бойында олардың адамгершілік қасиетіне лайық барлық нормалардың қалыптасуын бақылады. Ол қарапайым формада баланың өз қимыл-әрекеті мен жолдастарының әрекеттеріне қолайлы талдау жасауға, сын тұрғысында баға беруге үйретеді. Бұл орайда тәрбиешінің сөзі, балаларға ұсынылған тапсырманы тұжырымдаудың барынша айқындлығы, қимылды дұрыс орындағаны мақұлдацуы, кемшілік жөнінде ескерту жасауы, ойынды жігерлі түрде бейнелеп әңгімелеп беруі маңызды рол атқарады. Дене шынықтыру сабақтары баланың эстетикалық қабылдау қабілетін, талғамын, қоршаған өмірдің, сұлулықтың кейбір элементтерін қосуын дамытуға бағытталған эстетикалық тәрбиемен тығыз байланысты. Дене шынықтыру саласында оның ерекшелігіне байланысты эстетикалық қабылдау жоғары моральдық қасиетті, жан сұлулығын игерген, денсаулығы мықты, үйлесімді дамыған, күшті, ақ жарқын адамның бейнесінен басталады. Сырт көрінісі сымбпатты, сұлу тұлғаның әсемділігіне ең алдымен тәрбиеші сай болуы керек. Онымен тікелей күнделікті қарым-қатынас, оның өзін-өзі ұстау мәнерін, сөйлеу және қимыл мәдениетін, қайырымлыдық, кішіпейілдігін қабылдау балаларға игілікті әсер етеді, еліктеуге ынталандырады. Сабақ процесінде тәрбиешінің айтқан сөзі, балаларға үн қатуы зор тәрбиелік рол атқарады. Ойынның мазмұнын бейнелі, эмоциялы етіп әңгімелеп беру, тәрбиеші көрсеткен дене жаттығулары көрнекі үлгілері техникалық жағынан дұрыс болуы керек. Олардың асем, дәл орындалуы балалардың солай қайта жасауға қызығушылығын туғызады. Балалардың дербестігі мен шығармашылық белсенділігін, әсіресе ересектерін тобында нысаналы түрде қалыптастыру балаларды өз беттерінше жаттығуға және ойынға өзіндік ой қосуға, сондай-ақ өз ойларын ойлап үйретеді.
8. Ауыл мектебіндегі дене тәрбиесінің дамуы
Қазіргі нарық экономикасы кезеңінде Қазақстан мемлекетінің ауылдық жерлердегі мектептері, олардағы жағдай бірталай өзгерістерге ұшырады.
Ол өзерістер:
1. Ауыл мектептерінде оқушылар саны азайды. Ол көптеген адамдардың нарық экономикасына байланысты аудандық, қалалық жерлерге көшіп кетуіне, жанұядағы бұрынғы кезге қарағанда балалар саны азайғанына байланысты деп түсіндіруге болады.
2. Аз кешенді мектептер саны көбейді.
3. Компьютерлендіру заманы туды, мектептердің негізгі қаржылары электрондық жабдықтау жағына ауысты.
4. Ауылдық жерлерде компьютер, тарелкалы теледидар көбейді, балалар аз қимылдайтын, аз ойнайтын болды. Ол ауылдық жердегі оқушылар арасында қимыл тапшылығын (гиподинамия) туғыза бастады.
5. Мектеп бітірген оқушыларды қорытынды тестілеу кіргізілгелі, үлкен сыныптарда дене тәрбиесі сабақтары тестке дайындалуға арналып кетті.
Осы көрсетілген ауыл мектебіндегі жағдайлар дене тәрбиесі және спорт жұмыстарының нашарлауына әкелді. Мектептер компьютерлік жабдықтауға ауысқаны себепті спорттық құрал жабдықтау өте аз мөлшерде алынды. Кеңес кезеңіндегідей орталық қамтамасыз ету өзгертілді, Қытайдан келіп жатқан спорттық құрал - жабдықтар сапасыз ұзақ пайдалануға жарамсыз болып қалды.
Осы себептерді ескере отырып ауылдық жерлерде дене тәрбиесі және спорт жұмыстарына көп мән берілуі қажет. Ауыл мектептерінде дене тәрбиесі сабақтары бір жетілік циклде дұрыс, сабақ кестесіне күн аралатып қойылуы керек. Ауылдық жерлерде дене тәрбиесі сабақтары, күн тәртібі ішіндегі сауықтыру шаралары, спорт түрлерінен жаттықтырулар, жарыстар, саяхат, жорықтар, президенттік сынама, президенттік көпсайыс жұмыстары, спорттық мерекелер әрбір мектепте өткізілуі, жүргізілуі керек. Мектеп басшылары, орынбасарлары, сынып жетекшілері, дене тәрбиесі, бастапқы әскери дайындық мұғалімдері, ата-аналар, ауыл әкімі, шаруашылық басшылары балалардың денсаулығы, оған дене жаттығуларының маңызы туралы терең түсініп, олардың келешектері үшін жұмыс істеп, оларға қамқор бола білулері керек.
Ауыл мектептерінде сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар төмендегідей түрлерге бөлінеді:
1. Спорт түрлерінен өткізілетін жаттықтырулар (үйірмелер) . Дене тәрбиесі мұғалімдері арнайы орта және жоғарғы оқу орындарында оқыған кездерінде жаттыққан, теориясы мен әдістемесін оқыған, разрядтары бар спорт түрлерінен, мектепке жұмысқа орналасқан кездерінен бастап үйірме жұмыстарын ұйымдастырады, жаттықтырулар жүргізеді.
2. Мектептегі жаттықтырулар ұйымдастырылған спорт түрлерінен өтетін жарыстар. Спорт түрлерінен өткізілетін жарыстарға оқушылардың тұрақты айналысып жүрген спорт түрлерінің жарыстары жатады. Ол жарыстар: мектепішілік біріншілік, басқа мектептің оқушыларымен жолдастық кездесулер, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық жарыстар т. б. жарыстар.
3. Президенттік сынама сынақтарына дайындық және сынама нормаларын тапсыру шаралары. Президенттік сынама жұмысына жеке жоспар құрылып, комиссия құрамы бекітілуі керек.
4. Жазғы және қысқы Президенттік көпсайыс. Президенттік көпсайыс спорт түрінің жарыстарына дайындық және оған қатысуға барлық оқушылар ат салысуы керек. Жас ерекшелік топтарына байланысты мектепішілік жарыстарды ұтқан оқушылар ары қарай аудандық, қалалық, облыстық жарыстарға қатысады, спорттық разрядтар нормаларын орындайды.
5. Спорт түрлерінен өткізілетін жарыстар. Оқушылар арасында кең тараған жалпы мектепішілік спорт түрлері жарыстары.
6. Туристік жорықтар, саяхаттар. Спорттық жорықтар, саяхаттар жергілікті жердегі тарихи орындарға, табиғаты жақсы жерлерге, тауларға, өзен, көлдерге бару, танысу, көру мақсатында бір, екі, үш одан да көп күндерге созылып өткізілуі мүмкін. Жорық кездерінде оқушылар ұзақ қашықтыққа жүк көтеріп жүру, әртүрлі кедергілерден өту, күрке (палатка) құру, от жағу, тамақ пісіру ж. т. б. жорық дағдыларын меңгереді.
7. Денсаулық топтары. Оқушылар мен мұғалімдерге арналған, денсаулықтарын нығайту, дене қуаты дайындығы деңгейлерін жоғарылату мақсатында жүргізілетін жаттықтырулар.
8. Спорт мерекелері. Оқу жылының ортасында, аяғында спортты насихаттау, дене тәрбиесі және жұмыстарын қорытындылау, спортшыларды марапаттау, көңіл көтеру мақсатында жүргізілетін спорт кеші.
Ауылдық жерлердегі адамдар арасындағы спорттық және сауықтыру жаттықтыруларын, жарыстарын дұрыс, сапалы орындау үшін біз ауыл адамдарын мына төмендегі көрсетілген жас топтарына бөлуді ұсынамыз:
1. Жастар. Ауылдық жерлердегі жұмыс істейтін жастар құрамына: мектеп, колледж, институт, университет бітіріп, білім алған, Қазақстан қарулы күштері қатарында қызмет етіп келген, қазіргі кезеңде ауылдарда жұмыс істеп жүрген 16-29 жас аралығындағы қыздар мен жігіттер жатады.
2. Ересек жастағы адамдар. Ересек жастағы адамдардың жастарын екі кезеңге бөлдік. 1-ші кезең 30-39 жас аралығындағы адамдар, 2 -ші кезең 40-49 жас аралығындағы адамдар.
3. Орта жастағы адамдар. Бұл жастағы адамдарды ер адамдар және әйел адамдар деп екі топқа бөлдік. Ер адамдардың жастары 50 - 62, әйел адамдардың жастары 50-59 жас аралығы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz