Жөндеу және тазалау жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік


Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ЖӨНДЕУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК

Жөндеу және тазалау жұмыстарының жалпы сипаттамасы

Химиялық, мұнай химиялық және мұнай өңдеуші зауыттарда қауіпсіз жөндеу жөндеу жұмыстарын жүргізу кезіндегі тәртіп жағдайы РҚ заңының «Қауіпті өнеркәсіптік объектінің өндірістік қауіпсіздігі» [9] . талаптарына сәйкес өңделінеді. Ол жұмыс істейтін өндірістер мен ұйымдардағы негізгі өндірістік фондтардың /қондырғылар, құбырлар, өндірістік ғимараттар/ ретін, сонымен қатар жөндеу жұмысы кезіндегі жауапты адамды белгілейді.

Жөндеу жұмыстарын жүргізу реті ережелермен, нормалармен және қондырғының жоспарлы-ескертпе жөндеу жұмыстарының жүйелерімен, жөндеу жұмыстарын жүргізудің техникалық жағдайларымен, өрт пен газға қауіпті жұмыстардың нұсқауларымен анықталынады.

Жөндеу жұмыстары - құрылыстық, монтаждық және реттегіш жұмыстармен қатар қондырғыны техникалық диагностикалау жұмыстарының қайта қалпына келтіретін кешендік жұмыстар.

Техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарының жетекші құжаты «Химиялық өнеркәсіптегі өндірістік қондырғыларды жөндеу мен техникалық қызмет көрсету жүйелері». Оған ұйымдарды және техникалық қызмет көрсету ретін, сонымен қатар эксплуатацияның нақты жағдайындағы қондырғының жөндеу жұмыстарының кешендік жағдайлары мен нормалары кіреді.

Жүйенің ең негізгі тапсырмасы қондырғының жұмыс істеу қабілетін ұстап тұру және істен щығуын болдырмау, яғни қондырғының қауіпсіз және апатсыз жағдайын жасау.

Жүйенің негізіне техникалық қызмет көрсету мен жоспарлы-ескертпе жұмыстары енгізілген.

Техникалық қызмет көрсету. Техникалық қызмет көрсету дегеніміз жөндей жұмыстар жүргізу аралығындағы қондырғының жұмыс істеу қабілетін ұстап тұруды айтамыз. Оған қондырғының дұрыс эксплуатациясы және техникалық эксплуатация ережесін қадағалаудағы күнделікті сапалық бақылау кіреді. Техникалық қызмет көрсетуге эксплуатациялық күтім мен қондырғының ұсақ жөндеу жұмыстары кіреді.

Эксплуатациялық күтім - бұл тазалау, әр уақытта сыртқы тексеріс жүргізу, бұзылуды анықтау, мықтылайтын бөлшектер мен байланыстырғыштардың жағдайын бақылау, жерлестіру жағдайларын тексеру жұмыстары.

Қондырғының ұсақ жөндеу жұмыстары - бұл ұсақ ақауларды жою, мықтылайтын бөлшектерді тарту, жиі реттеу, қорғағыштар мен төсеніштерді алмастыру, изоляцияның жалпы жағдайын тексеру және тағы басқа жұмыстар.

Жоспарлы-ескертпелі жөндеу жұмыстары. Химиялық өндірісте жөндеудің осы түрі екі әдіспен жүзеге асырылады. агрегаттың өндірістік қуатын немесе технологиялық сызықты анықтауда негізінен жоспарлы-периодты жөндеу әдістерін қолданады, бұл жерде жөндеу жұмыстары алдын-ала жоспарланған белгілі бір агрегат-(машино-) сағатпен өңделген ретімен анықталынады. Қосалқы қондырғыға тексеруден кейінгіжөндеу әдіс қолданылады, ол тексеруден алынған мәліметтерге сүйеніп жүргізіледі. Техникалық тексеріс кезінде талап етілетін жөндеудің сипатын, орындалу мерзімін, көлемін және алмастыратын бөлшекті анықтайды. Номенклатура мен техникалық тексерістің жиілігін өнеркәсіп өзі анықтайды.

Бұзылу ерекшеліктеріне және қондырғының құралмалы бөлшектерінің ескіру дәрежесіне, сонымен қатар жөндеу жұмыстарының еңбек сиымдылығына сәйкес жөндеудің екі түрі - кезекті және капиталды жүзеге асырылады.

Кезекті жөндеу - қондырғының еңбекке қабілеттілігіне кепіл беретін эксплуатация процесінде орындалатын жөндеудің жоспарлы түрі. Кезекті жөндеу процесінде төмендегі жұмыстар жүзеге асырылады: техникалық қызмет көрсету, жылдам ескіретін бөлшектер мен қондырғының жеке бөліктерін қайта қалпына келтіру немесе алмастыру және оларды реттеу, футерді және коррозияға қарсы беттерді жөндеу, сальниктер мен төсеніштерді алмастыру, мықтылықты тексеру және тағы басқалар.

Капиталды жөндну - бұзылғанды қайта қалпына келтіру және қондырғы ресурстарын толығымен қайта қалпына келтіру және оларды реттеу. Осылай капиталды жөндеу қондырғы эксплуатациясының қауіпсіздігін қамтиды және жақсартады. Капиталды жөндеуге төмендегілер жатады: кезекті жөндеу, барлық ескірген бөліктер мен жиналмалы бірліктерді алмастыру және қалпына келтіру, изоляцияны толығымен немесе бөлшектеп алмастыру, футеровка, орау, қондырғыны түрлендіру, жарылыстан қорғану жүйелерін тексеру және тағы басқалар.

Жөндеу жұмыстарын дайындау, ұйымдастыру және жүргізу.

Жөндеу жұмыстары басталғанға дейін тапсырыс беруші дайындық жұмыстарының жоспарын құруға, алмастыруға қажетті желілер бөлшектерді дайындауды ұйымдастыруға, ақаулық тізімге сәйкес қажетті қондырғыларды, арматураны, артық бөлшектерді, түтіктер мен материалдарды табуға міндетті.

Жөндеу жұмысы басталғанға дейін тапсырыс алуші СНиП «Құрылыстағы техника қауіпсіздігі» және ГОСТ және өте күрделі мен өте қиын еңбектердің желілік графиктерінің талаптарына сәйкес өндірістік жұмыстың проектісін өңдейді.

Өндірістік жұмыстың проектісі жөнделетін өндірістің жетекшісімен, қажет болған жағдайда бас механикпен, бас энергетикпен және надзор және өндірістік ғимаратты жөндеуші (бас архитектормен) қызметкерімен келісіледі.

Жұмыс істеп тұрған өндірісте немесе жұмыс істеп тұрған өнеркәсіп территориясында жөндеу жұмыстары жүргізілгенде техника қауіпсіздігі бойынша өндіріс сипаты мен жоспарланған жұмысқа сәйкес келетін ережелер мен нормаларды және нұсқауларды қадағалайды.

Дайындық жұмыстарының мөлшері мен көлемі, оларды орындау реті мен қауіпсіздік шараларын объект жетекшісі анықтайды. Ол қондырғыларды жөндеуге дайындауға және жіберуге сәйкес квалификациясы мен тәжірбиесі бар адамды жауапты етіп тағайындайды.

Жөндеу жұмыстарының мөлшері мен көлемін, сонымен қатар қауіпсіздікті қамтитын техникалық және ұжымдық ұйымдарды тапсырыс беруші мен тапсырыс алушы қызметкерлерінің жетекшілері анықтайды.

Жөндеу, сонымен қатар апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізгенде тапсырыс беруші көрсетілген жұмыстың өндірістегі жазбаша рұқсаты болып табылатын екі экземплярда наряд-допуск жазады.

Наряд-допуск жөнделетін қондырғыны көрсетіпбелгілі көлемде, берілген аумақта күнде бекітілетін жөндеу жұмыстарының коммуникациялары мен арматуралары негізінде дайындалады. Жөндеу жұмысы біткеннен кейін наряд-допукіге арыз алушының тікелей жетекшісі, сонымен қатар кезек басшысы, механик немесе жұмысты қабылдайтын цех жетекшісі қол қояды.

Өрт жұмыстарына наряд-допуск жеке жазылады.

Дайындалу жұмыстарының жоспарына барлық жөндеу жұмыстарының реттілігі, келісілмейтін жөндеу операцияларының тізімі анықталынады.

Өрт жұмыстарын оңай тұтанатын және жанғыш материалдар бар құралдар, қондырғылар және түтіктерді ажыратуы кезінде жұмыс істеуге болмайды. Өрт жұмыстары коррозияға қарсы беті оңай тұтанатын еріткіштермен және лактармен келісілмейді.

Ылғал бөлетін бетон, штукатур және басқа жұмыстарды сумен немесе су ерітінділерімен оңай тұтанатын сілтілік және сілтілік-жер металдары, кейбір метал карбидтері және басқа заттармен бір уақытта жұмыс істеуді жоспарлауға болмайды.

Қондырғы бетін құм ағынымен өңдеу жұмыстарын құрылыс жұмыстарымен бірге жүргізуге болмайды, себебі түзілетін шаң-тозаң қолайсыз жұмыс орнын жасайды сол себепті құм ағынымен өңдеу жұмыстарын жалпы жөндеу жұмыстарымен қатар жүргізбейді.

Жөндеу жұмыстарын жүргізгендегі маңызды қауіпсіздік факторы биікте жұмыс істейтін қызметкерлердің орнын алмастыру болып табылады. Жөндеу жұмыстарын бір вертикалдың бойында жүргізуге болмайды, себебі қандайда бір гайка, метал қиындысы төмендегі қызметкерлерге ауыр жарақат тудыруы мүмкін. Қажет болған жағдайда қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтитын қорғаныс құралдарымен ғана рұқсат беріледі.

Газға қауіпті жұмыстарды жүргізу кезіндегі қауіпсіздік

Газға қауіпті жұмыстарға жұмыс аумағында улы, жарылысқа қауіпті және өртке қауіпті заттар бөлініп адам ағзасын улайтын, сонымен қатар ауадағы оттегінің мөлшері 20 % аз болатын жұмыстарды айтады.

Жарылысқа қауіпті газдар мен мұнай өнімдерінің булары жиналатын орындар: мұнай өнімдерін соратын сорғыш станциясы, оларды сақтайтын резервуарлар, төкпелі және құймалы эстакадалар (әсіресе мұнай өнімдерін төккенде және құйғанда), қондырғылар орналасқан немесе мұнай өнімдері немесе газ коммуникациялары өтетін изоляцияланған және желденбейтін ғимараттар, технологиялық құдықтар, науада орналасқан құбырлар, өндірістік канализация құдықтары.

Өртке қауіпті газдар және мұнай өнімдерінің булары апаттық жағдайда немесе технологиялық режимды бұзғанда мұнай өнімдерінің тамшылау салдарынан және олардың буларының нығыздалмаған люктерден, қақпақтардан және реттегіш пен қорғағыш арматуралардан ақаулық салдарынан мұнай өнімдерінің булану салдарынан жиналуы мүмкін.

Газға қауіпті орындар мен жұмыстарды өнеркәсіптің бас инженері бөлінетін улы мен газға қауіпті заттарды көрсетіп бекітеді. Газға қауіпті жерлерге плакаттар мен ескертпелі белгілер ілінеді.

Ғимарат ауасындағы жанғыш газдар мен оңай тұтанатын булардың концентрациясын газоанализатор анықтайды. Орны мен ауадағы үлгіні алу периодтығын өнеркәсіптің бас инженері анықтайды.

Газға қауіпті жұмысты жүргізу кезіндегі қауіпсіздікті қамтуға өнеркәсіптің бас инженері (директор) жауапты және оның міндеті: қауіпсіздік талаптарын орындайтын жұмыстарды ұйымдастыру; газға қауіпті жұмыстарды қысқарту үшін барлық шараларын жүзеге асыру (механизация, герметизация және автоматизацияны қолдану) ; оқу-дайындық сабақтарын газға қауіпті жұмыстарды жүргізу әдістерімен өткізу; газға қауіпті жұмыстарды жүргізу мен дайындау үшін жауаптыларды анықтау; жеке қорғау, қызметкерлердің құрамын және жұмыс тәртібін анықтау (қорғаныс аумағындағы мерзім ұзақтығы және жұмыс үзілісі, ауадағы үлгіні алу периодтығы) .

Газға қауіпті жұмысты наряд-допуск құрылғаннан кейін, өнеркәсіптің қауіпсіздік шаралары көрсетліген, бас инженер қол қойғаннан кейін ғана рұқсат беріледі. Наряд-допуск жұмыстың көлемі бітетін барлық мерзімге беріледі. Егер жұмыс аяқталмаса, бірақ сол кезде жұмыстың жүру сапасы төменделмесе және сипаты өзгермесе, онда наряд-допуск мерзімі жазбаша түрде ұзартылады.

Газға қауіпті жұмыстарды орындау кезінде арнайы оқытылған қызметкерлер алынады, олар алғашқы медициналық қызмет көрсетуді, жаралыны құтқаруды және дем алу ағзаларын қорғайтын жерде жұмыс істей алатын, сонымен қатар жұмыс істейтін жердегі заттардың қасиеттерін біледі.

Газға қауіпті жұмыстарға барлық дайындық жұмыстары біткеннен кейін және нұсқаулардан өткеннен кейін өрт күзетінің келісімімен жіберіледі.

Газға қауіпті жұмыс жүргізілетін жерлер қауіпсіздікті қамтамасыз ететін өрт сөндіргіштермен және жеке қорғаныс қондырғыларынмен жабдықталуы керек.

Газға қауіпті жұмыстар тек күндіз ғана (апаттық жағдайлардан басқасы) жүзеге асырылуы керек. Түнгі уақытта немесе жергілікті жарықтандыру кернеулігі 12 В аспайтын жарылыстан қорғанатын аккумуляторлы фонарьмен жарықтандырады, оны жағып өшіру жарылысқа қауіпсіз жерде орнатады.

Өнеркәсіптегі газға қауіпті жұмыстарды ұйымдастыру техника қауіпсіздігі мен еңбек қорғау қызметкерлері жүзеге асырады.

Газға қауіпті жұмыстарды жүргізу алдындағы техника қауіпсіздігінің талаптары. Газға қауіпті жұмыстарды жүргізу алдында объектіні дайындау үшін (қондырғы, коммуникация және тағы сондайлар) допуск-нарядта көрсетілген кешенді дайындық жұмыстарын жүргізу қажет. Ол дегеніміз улы мен газға қауіпті өнімдерді жою, оларды технологиялық жүйелерге түсірмеу керек, сонымен қатар ұшқын көздерін жою.

Газға қауіпті жұмыстарды жүргізетін орындарды қоршайды және «Өртке қауіпті!», «Газға қауіпті!», «Темекі шегуге болмайды!» деген жазулары бар плакаттар ілінеді.

Газға қауіпті жұмыстың жауапты адамы дайындық жұмысының аяқталғанын өзі тікелей тексереді, қызметкерлерді қауіпсіздік шараларының нұсқауларын естеріне түсіреді, жеке қорғаныс қүұралдарын қолдану ыңғайын тексереді, алғашқы жәрдем көрсету әдістерін қайталатады. Жүргізілген нұсқаулар бойынша қызметкерлер наряд-допускіге қол қояды.

Дайындық жұмыстарын жүргізудегі жауапты адам дайындық жұмысы біткеннен кейін ауаны анализді. Ауаның анализ нәтижесі анықтама түрінде белгілі формада толтырылады.

Қондырғыны жөндеуге беру реті. Жұмыс орны, өту жолы, тасымал қондырғысы, материалдар дайындықтан кейін жөндеуге жіберіледі. Бұл іспен кезекшілік басшысы немесе шебер жетекшілігімен эксплуатациялық персонал айналысады.

Ең алдымен технологиялық регламентті ұстап тұрып, коммуникациядан өшіріп қондырғыны немесе барлық технологиялық тізбекті сөндіреді. Өндіріс жағдайына тәуелді қысымды атмосфералық қысымға дейін, ал температураны сыртқы температураға дейін түсіреді, қондырғыдан шикізатты, реакцияөнімін, жылу тасымалдағыштарды, хладагенттер мен басқа заттарды алып тастайды, содан кейін қондырғыны шаң мен қалдықтардан тазалайды, залалсыздандырады, азот немесе инертті газбен, бумен немесе ауамен үрлейді, сумен шаяды, желдетеді және арнайы тығынмен жүйені ажыратаді . Қондырғыны жөндеуге дайындағанда қондырғының және жан-жағындағы ауаны периодты түрде анализдейді.

Тазалау жұмысы кезіндегі қауіпсіздік шаралары. Тазалау жұмыстары зиянды, көп еңбекті және қауіпті. Қондырғыдағы қалдық тұнбасын болдырмау технологиялық процестерді рационалдау жолдарымен немесе қондырғы құрылымын өзгерту арқылы мүмкіндігі шектелген. Сол себепті қондырғыларды тазалағанда қол еңбегін максималды түрде келесілерді ендіре отырып азайтуға тырысады:

  • Гидромеханикалық - қалдықпен шаңды қысым арқылы су ағынын жіберіп тазалау;
  • Физика-химиялық - қондырғыны ашпайтындай етіп арнайы таңдалынып алынған еріткіштің циркуляциясы;
  • Қондырғыны ашпай ауа ағынында қалдықты жандыру;
  • Механикалық - әртүрлі қондырғылар мен механизмдердің көмегімен тұнбаларды ұнтақтау.

Құбырларді тазалау кезінде арнайы қауіпсіздік шараларын қолданады, себебі горизонталды аумақтардан және беті төмен аумақтардан сұйықтық өздігінен қиын ағады немесе ақпайды, оларды инертті газбен немесе бумен, кейде ауамен үрлейді. Егер үрленген зат түтіктен еркін өткен жағдайда түтік тазаланды деп саналады. Фланцтарды үзу алдында келесі қауіпсіздік шараларды ұстану керек: противогаз маскасын кию, мойынды арнайы киімнің жағасымен жабу керек, арнайы киімнің жеңін ұзарту керек. Осы қарапайым ережелерді сақтамаған кезде ауыр жарақатқа әкеліп соғады.

Жөнделетін қондырғы мен материалдық пен қосалқы құбырларді ажыратқанда фланц арасындағы құбырға тығын (заглушка) орнатады. Қондырғыларды вентильмен, задвижкамен және кранмен үзу сенімді емес, себебі олар жеткілікті нығыздықты бермейді, сонымен қатар олар кездейсоқ ашық болуы мүмкін сол кезде қондырғыда улы және өртке қауіпті зат жиналуы мүмкін.

Тығын құйрығы қызы түспен боялады және тығынның нөмірі жазылады. Әрбір тығынның орнату немесе алу арнайы журналға тіркеледі.

Тығынды орнату және алу қауіпті операция болып табылады, оны газ құтқару қызметінің қызметкерлері немесе солардың қатысында орындайды.

Жөндеу жұмыстары кезінде қауіпсіздікті қамту үшін барлық қондырғыларды, машиналарды және механизмдерді сөндірген сенімді.

Жабық қондырғылар мен ыдыстарда жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары.

Қондырғы ішіндегі, цистернадағы, газгольдердегі, құдықтардағы, коллекторда және басқада жабық ыдыстардағы жұмыстар өте қауіпті болып таблады. Жабық көлемдерде кездейсоқ улы немесе жарылғыш газдар мен булар жиналуы мүмкін. Жарықтандыру жеткіліксіз немесе естілмегендіктен қызметкерлердің эвакуациясы өте қиын. Сол себепті жабық кеңістікте жұмыс істеу мұқияттылықты талап етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күнтізбелік суару жоспары
«Атамекен ЖШС» ЗАВ – 20 механикаландырылған астық токтағы технологиялық машиналарға техникалық қызмет көрсету түрі және жөндеуді ұйымдастыра отырып машиналардың заңдық талапарына сәйкес жобалау
ТҚК және автомобиль жөндеу
Майқайын кен орны жағдайында жер асты кенішінің электрлі механикалық бөлімінің жобасын жасау
Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiн пайдалану кезiнде еңбек қорғау және қауiпсiздiк техникасының ережелерi
Суару жүйесіндегі жөндеу жұмыстары
Көмір қабаттарының сипаттамасы
Ағымдағы жер асты жөндеудің жобасы
Жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және құрастыру
Автокөліктің қысқаша сипаттамалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz