Инженерлік жүйенің құжаты


Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ИНЖЕНЕРЛІК ЖҮЙЕНІҢ ҚҰЖАТЫ

қазір облыста табиғи газ және электр энергиясы нысандарын құжаттандыру жүріп жатыр
Газетіміздің өткен санында айтылғанындай, облыс әкімінің өзінің төрағалығымен болған кезекті селекторлық кеңесте өңірдегі табиғи газ және электр энергиясы нысандарын толық құжаттандыру жайы кеңінен талқыланды. Ал, осы жұмыс неліктен қолға алынып отыр? Оның маңыздылығы қандай? Оған неге бюджеттен қомақты қаржы бөлінбекші? Аталмыш сауалдарға қазір бұл бағытта жұмыс жасап жатқан мамандармен ақылдаса отырып жауап беріп көрелікші.
Алдымен, қаржы басқармасының бастығы Бауыржан ЖАНТЕМІРОВТІҢ айтуынша, облыстық әкімдіктің биылғы 10 қыркүйекте коммуналдық меншіктегі табиғи газ бен электр энергиясы нысандарын құжаттандырып, оларды «ОблТрансГаз» коммуналдық-мемлекеттік кәсіпорны қорына беру туралы №218 арнайы қаулысы шықты. Бұл құжат өмірге текке келген жоқ.
Егер жұртшылықтың жадында болса, бұдан үш-төрт жыл бұрын қалада да, аудандарда да иесіз аталып келген электр энергиясы желілері мен қондырғылары төңірегінде дау-дамай қатты өрістеді. Мәселен, бойымен элекр тогы өтіп тұрғанымен, оның жарығын тұрғындар пайдаланып отырғанымен, сол желілерді техникалық тұрғыдан қамтитын кәсіпорын болмады. Электр энергиясын тұтынғаны үшін жұрттан төлем алғанымен, сол үзілген желіні жалғау немесе жабдықтарды жөндеу «Атырау-Жарық» акционерлік қоғамының міндетіне кірмеді. Бұл үшін монополия мекемені кінәлау да қате. Өйткені, бұл иесіз электр қондырғыларын қамту шығыны коммуналдық қызмет көрсетуші кәсіпорынның о бастағы бюджетіне енгізілмеген.
Міне, осындай оралымсыздықтың орнын толтыру мақсатында облыстық әкімдік иесіз электр энергиясы желілері мен қондырғыларын есепке алып, коммуналдық меншікке енгізген-ді. Соның нәтижесінде иесіздік атауы мүлдем жойылған болатын. Турасын айту керек, бұл шараға біраз қаражат жұмсалды. Әйтсе де, тиімді іс атқарылды.
Енді облыстық әкімдік тағы бір қажетті шаруаны қолға алды. Бұған дейін құжатсыз тұрған табиғи газ және электр энергиясы желілерін де есепке алып, әділет орындарында тіркеу керектігі туындады. Неліктен? Бұл бағытта бюджеттен қосымша қаражат шығару қандай мұқтаждықтан туындады?
Қаржы басқармасының бастығы Бауыржан ЖАНТЕМІРОВТІҢ айтуынша, заман талабына сәйкес құжатсыз бірде-бір нысан болмауы шарт. Біз құқықтық мемлекет болғандықтан, ықтимал даулардың бәрі де заңды негізде шешілуі тиіс. Демек, мемлекеттік пе, коммуналдық па немесе жекеменшік пе - барлық нысандар қажетті құжатпен қамтамасыз етілуі керек.
Одан әрі, селекторлық кеңесте облыс әкімі атап өткеніндей, мұндай шара 35-40 жылдан бері қолға алынбаған. Тіпті, осындай құжаттың қажет екендігін ешкім де ескермеген, тиісті талап ешқашан қойылмаған. Турасын айтқанда, қазір сонау кеңестік кезде жер астымен тартылған кейбір инженерлік желілердің қайсысы қай жерде жатқандығын білетін адамдар да жоқ дерлік. Кейде түрлі құрылыстардың сондай желілердің үстіне салынып кетіп жататындығы да сондықтан.
Міне, инженерлік желілерді құжаттандырып, әр нысанның техникалық құжаты мен жер телімдері актілерінің жасалу қажеттігі осындай жайдан туындады.
-Бұл шараның аса маңызды екендігін біз де жақсы ұғынып отырмыз, - дейді осы орайда облыстық мәслихаттың депутаты Ақылбек БАЙШАХАНОВ, - сондықтан, атқарушы биліктің орынды бастамасын қолдап отырмыз. Расында да, бұған дейін ешбір құжаты жасақталмаған инженерлік желілерді кімнің меншігі деп түсінуге болады? Сайып келгенде, сол нысандарды құжатсыз пайдаланудың өзі де заңсыздық қой.
-Қазақта «жер дауы» деген ұғым әуелден бар, - дейді әріптесінің сөзін қостаған Мағауия ШЫРДАБАЕВ, - демек, тегін жатқан жер жоқ. Бәрі де санаулы, бәрі де сатулы. Кезінде бұл мәселеге жете мән берілмегендіктен, қазір ара-тұра жер дауы туындап жататыны да жасырын емес. Мәселен, байқап жүрміз, жоғары кернеулі электр желісінің дәл астынан әлдекімдер үй салып алған. Оларға бұл жер телімдері қалай берілді? О баста қауіпсіздік шаралары неге сақталмады? Енді, әлгі адам өзінің жер теліміне мемлекеттік акт алған соң өз нысанын жеке меншік санайды емес пе? Тіпті, әлгі электр желісін басқа жерден тартуды талап етуі де ықтимал. Міне, осындай даулы жай туындамас үшін жергілікті атқарушы билік барлық электр энергиясы мен табиғи газ желілерін заңдастырып, төлқұжаттарын әділет департаментіне тіркеуді қолға алды. Бұған қосымша біраз қаражат шығаруға тура келсе де, депутаттар қажетті бастаманы қолдамақшы.
Міне, бюджетті нақтылауды қажет деп санаған облыстық мәслихат депутаттары осындай тұжырым жасайды. О баста депутаттардың қолдауын сезініп, бірлесіп жұмыс жасап келе жатқан атқарушы билік те жаңа істі бастап кетті. Жоғарыда айтқан қаулы негізінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Болат ДӘУКЕНОВТЕ арнайы жиналыс өтіп, тиісті құрылымдар басшыларына нақты тапсырмалар да берілді. Қазір бұл маңызды іске қала және аудандар әкімдері, энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы, жерге орналастыру мен жылжымайтын мүлікпен жұмыс бөлімдері жұмылдырылған.
Рас, селекторлық кеңесте де

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әмбебaп моделдейтін бaғдaрлaмaлaрды пaйдaлaну тиімділігі. MatCad
«Үш биік» ЖШС-ң менеджерінің АЖО жасау
Windows операциялық жүйесінің стандартты бағдарламалары. Үлкен қолданбалы бағдарламалар
Осы заманғы өндірістік ғимараттарды жобалаудың жолдармен танысу
Өндірістік – техникалық тәжірибе есебі
Графикалық мәліметтердің бейнелену негізі
Желілік көлік объектісінің жылжымайтын мүлік объектілерінің құрылымы
Жолдаудағы білім берудің бейнесі
Туристік экскурсиялық поездар маршруттары
Құрастыру сызбасы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz