Ағылшын тілін оқытудың мақсаты мен міндеттері, мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3.4
1 бөлім. Ағылшын тілін оқыту мақсаттары мен міндеттері, мазмұны
1.1. Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тіліне оқытудың
басты ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5.8
1.2. Ағылшын тілін оқытудың формалары мен әдістері ... ... ... ... ... .9.11
2 бөлім. Жас ерекшелігі түрлі топтарда шет тілін оқытудың мазмұны
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудың әдістемелік жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12.14
2.2. Мектепке дейінгі жастағы балаларға жас ерекшелігі түрлі топтарда жүргізілетін жұмыстың түрлері мен формалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15.26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27.28
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29

Ағылшын тілін ерте оқыту бүкіл әлемдік көп денгейлі тілде және мәдениетке деген қызығушылықты туғызу үшін тамаша мүмкіндіктер жасайды, коммуникативтік тіл ерекшілігін дамытуға ыкпал етеді, баланың ойлауына, танымына және есте сақтауына жайлы әсерін тигізеді. Бірақ мектеп жасына дейінгі балаларға тән шыдамсыздық, назар аударудағы тұрақсыздық, тез қажу, шаршағыштық сияқты кейбір теріс қылықтарын ескере отырып, ағылшын тілін ойын түрде өткізу керек. Қазіргі кезде алдында туған өзекті мәселе бұл жанжақты дамыған, көп тілді меңгерген шығармашылық тұлға қалыптастыру.Баланы ағылшын тілінде қарым-қатынас жасап, сөйлеуге ерте жастан бастап үйрету қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі. Балаларға жас ерекшіліктеріне сай тілді менгертіп, басқа халықтың мәдениеттерін әрі дүниежүзі мәдениетіне жол ашуға мүмкіндік береді. Сондықтан да бүгінгі өскелең уақыт талабына сай білім беруді одан әрі жетілдіру мәселесі толассыз, үздіксіз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері анық.Балабақшада берілген барлық білімнің бастамасы әрі жан- жақты дамыту түпкі негізінен қалайтын орын. Сондықтан да, балалардын ой өрісін үздіксіз дамыту үшін сабақты ойын арқылы өткізудің маңызы зор. Дыбыстарды дұрыс айту, үйрету үшін артикулясына айрықша көңіл бөлеміз тілдің, еріннің, тістің, жақтын атқаратын қызметін көрсетіп түсіндіру қажет. Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тіліне, дыбыстарды дұрыс дыбыстауға үйрету. Ағылшын тілі сабағында балалардын коммуникативтік, танымдық және басқада белсенділіктерін арттыру, баланың еркіндігімен, өзін-өзі шығармашылық тұрғысына көрсетуге деген қабілеттілігін дамыту жолдарында баса назар аударуымыз қажет.
Мектепке дейінгі педагогиканың теориялық және практикалық мақсаты біреу, ол — жас ұрпақты жан жақты тәрбиелеу, ой өрісін, сана-сезімін кеңейте отырып, өмірге қажетті білім-дағдыларға үйрету.

1. Нұрғаева Г. Ойын сабақ // Бастауыш мектеп, 2001, №7. -Б. 40-46 б.
2. Витлин Ж.Л. Эволюция методов обучения иностранному языку в XX веке /Ж.Л. Витлин // Иностр. языки в школе. - 2001. - № 2.- С. 23-29 б.
3. Зимняя И.А., Сахарова Т.Е. Проектная методика обучения английскому языку / И.А. Зимняя, Т.Е. Сахарова // Иностр. языки в школе. – 1991. – № 3. – С. 9-15 ст.
4. Мектептегі шет тілі журнал №1 ( 31)қаңтар-ақпан 2008 ж.10-11 б.
5. Құлжанова.Н. Ойын мақсатын талдау және ойын мәні// Қазақстан мектебі.- 2001.- №1.б.74.
6. Ахметов Н. К., Хайдаров Н. Ж. Игра как процесс обучения. - А. Знание. 1985. 48 с.
7. Қасенова. Д. А. Шетел тілін оқыту әдістемесінде коммуникативтік біліктілікті қалыптастырудың артықшылықтары мен принциптері. Республикалық әдістемелік-педагогикалық журнал «Мектептегі шет тілі»- №1/ 2010 ж. 15 б.
8. Конышева А. В. Английский для малышей, Минск, 2004 ж.
9. Коти Т.Ю. Английская азбука, М., 1997 г. 16 с.
10. Вронская И. В. Английский язык в детском саду. Спб., 2001 г. 25 с.
11. Биболетова М.З. и др. “Enjoy English-1”, Обнинск: Титул, 2005 г. 2 с.
12. Журнал «Иностранные языки в школе» 2011 г. 30 с.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
Ф-Е-056.1
Курстық жұмыс
Пәні: Ағылшын тілі әдістемесі
Тақырыбы: Ағылшын тілін оқытудың мақсаты мен міндеттері, мазмұны. Жас ерекшелігі түрлі топтарда шет тілін оқытудың мазмұны.
Мамандығы:
Тобы:
Орындаған:
Жетекші:
Курстық жұмыс қорғауға жіберілсін
2015-2016 оқу жылы
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-4
1 бөлім. Ағылшын тілін оқыту мақсаттары мен міндеттері, мазмұны
1.1. Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тіліне оқытудың
басты ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5-8
1.2. Ағылшын тілін оқытудың формалары мен әдістері ... ... ... ... ... .9-11
2 бөлім. Жас ерекшелігі түрлі топтарда шет тілін оқытудың мазмұны
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудың әдістемелік жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12-14
2.2. Мектепке дейінгі жастағы балаларға жас ерекшелігі түрлі топтарда жүргізілетін жұмыстың түрлері мен формалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..15-26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27-28
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
КІРІСПЕ
Ағылшын тілін ерте оқыту бүкіл әлемдік көп денгейлі тілде және мәдениетке деген қызығушылықты туғызу үшін тамаша мүмкіндіктер жасайды, коммуникативтік тіл ерекшілігін дамытуға ыкпал етеді, баланың ойлауына, танымына және есте сақтауына жайлы әсерін тигізеді. Бірақ мектеп жасына дейінгі балаларға тән шыдамсыздық, назар аударудағы тұрақсыздық, тез қажу, шаршағыштық сияқты кейбір теріс қылықтарын ескере отырып, ағылшын тілін ойын түрде өткізу керек. Қазіргі кезде алдында туған өзекті мәселе бұл жан жақты дамыған, көп тілді меңгерген шығармашылық тұлға қалыптастыру. Баланы ағылшын тілінде қарым-қатынас жасап, сөйлеуге ерте жастан бастап үйрету қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі. Балаларға жас ерекшіліктеріне сай тілді менгертіп, басқа халықтың мәдениеттерін әрі дүниежүзі мәдениетіне жол ашуға мүмкіндік береді. Сондықтан да бүгінгі өскелең уақыт талабына сай білім беруді одан әрі жетілдіру мәселесі толассыз, үздіксіз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері анық.Балабақшада берілген барлық білімнің бастамасы әрі жан- жақты дамыту түпкі негізінен қалайтын орын. Сондықтан да, балалардын ой өрісін үздіксіз дамыту үшін сабақты ойын арқылы өткізудің маңызы зор. Дыбыстарды дұрыс айту, үйрету үшін артикулясына айрықша көңіл бөлеміз тілдің, еріннің, тістің, жақтын атқаратын қызметін көрсетіп түсіндіру қажет. Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тіліне, дыбыстарды дұрыс дыбыстауға үйрету. Ағылшын тілі сабағында балалардын коммуникативтік, танымдық және басқада белсенділіктерін арттыру, баланың еркіндігімен, өзін-өзі шығармашылық тұрғысына көрсетуге деген қабілеттілігін дамыту жолдарында баса назар аударуымыз қажет.
Мектепке дейінгі педагогиканың теориялық және практикалық мақсаты біреу, ол -- жас ұрпақты жан жақты тәрбиелеу, ой өрісін, сана-сезімін кеңейте отырып, өмірге қажетті білім-дағдыларға үйрету. Сол себепті қазақ педагогикасы және Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасында сәбидің тілін дамыту, ауызекі дұрыс, мәдинетті сөйлеуге үйрету, үйренгенін күнделікті өмірде пайдалана білуге бағыттап отыру ісіне назар аударады. Өйткені баланың айналадағы өмірді танып, білудегі басты жәрдемшісі -- тіл. Ал тілдің дамуы оның сана сезімінің, ой өрісінің жетіле түсуіне негіз болады.
Сөйлеу тілі мен сөздік қоры молая бастаған сайын, бала айналадағы адамдармен, өзі қатарлас балалармен белсенді қарым-қатынас жасайды. Өмірде кездесетін түрлі іс-әрекет жайын білуге құмарта түседі. Өзі түсінген түрлі жайттар туралы әңгімелейтін болады.
Баланың айналадағы дүниеден алған әсерін әрі қарай кеңейте отырып, бір арнаға түсіру балабақшада арнайы өтетін сабақ, ойын, еңбек процестерінде тәрбиешінің басшылығымен іске асады. Балаға бағдарламалық материал негізінде білім беруге баса назар аудару керек.
Зерттеудің мақсаты: балаларды ерте жастан шет тілін оқытуға деген тұрақты қызығушылықты қалыптастыру, осының негізінде баланың интеллектуалдық дамуына жағдай жасау.
Зерттеу міндеттері:
* ағылшын тілін оқытуда ынта деңгейін көтеру;
* мектепке дейінгі балалардың білімін тереңдету;
* балаларды сөйлеу қабілетін дамыту;
Зерттеу объектісі: Мектепке дейінгі балаларға ағылшын тілін оқыту мен жас ерекшелігі түрлі топтарда ағылшын тілін оқыту жолдары.
Зерттеу пәні: Ағылшын тілі әдістемесі.
Курстық жұмыстың зерттеу әдістері:
Ағылшын тілі әдістемелік нұсқаулықтарды зерттеу, бақылау, әдебиеттерді зерттеу, педагогикалық-психологиялық тәжірибе.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімнен тұрады.

басты ерекшеліктері
Шет тілін оқыту жан-жақты дамыған, үйлесімді тұлғаның қалыптасуына өте зор ықпалын тигізуі тиіс. Бұл ең алдымен балалардың бойныда шығармашылық тәуелсіздікті, белсенділік қабілетінің, орындалып жатқан әрекетке деген оң көзқарас тәрбиесін қалыптастыру болып табылады.
Жүйелі және мақсатты ағылшын тілін оқыту ережеге сай мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балаларға білім беру үрдісінің егізгі формасы болып табылатын сынып сабақтарында жүргізіледі.
Мектепке дейінгі жаста ойын әрекеті жетекші әрекет екенін ескере отырып, балалар өзінің жеткен нәтижесін ертерек көру үшін сабақ көбіне сөйлеу қабілетін дамытуға бағытталған ойын формасында өткізіледі. Ойын тілді әр жаста тез меңгеруге өте жақсы жағдай жасайды әрі көмектеседі, бірақ мектепке дейінгі жаста ол өте пайдалы. Бұл жаста ойын жоғары буынға жақындау және зерттеу жолы болып есептеледі.
Балалармен жұмыс тәжірибесінде шет тілін оқытуға бақытталған әртүрлі ойындар кеңінен қолданылады: ережеге негізделген ойындар, рөлдік, білім тереңдету ойындар, лингвистикалық ойындардың әртүрлі нұсқалары. Сабақтар ойын атмосферасының басынан бастап аяғына дейін сақталып қалуына бағытталып құралады.
Сабақты тәрбиеші ойын барысында ережені ұстанып, балаларды ойынға көбірек тартып, шығармашылық қабілетін танытса, соншалықты сабақ сәтті өтеді. Балалардың ойын әрекетінің әсерінен жауапкершілік және байсалдылық қасиетінен айырылып қалады деп қорқудың қажеті жоқ. Бала ойдан шығарылған әлемді кәдімгі өмірдегі болмыстан өте жақсы ажырата алады және де ойын барысында үйренгенін нақты әрекет жасау кезінде байқатады.
Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тілі сабағында жалпы тақырыппен байланыстыру мақсатты болып есептеледі. Мысалы, балалар Мики Маустың туған күніне келеді және сабақтың соңына дейін сол туған күн иесімен ойнайды немесе кішкене тышқан Джерриге көмектесу үшін бірнеше тапсырмалар жасайды. Осындай жолмен тіл оқыту мақсаты 5-6 жасар баланың өмір сүретін әлемімен байланысып сай келіп тұрады. Бұл таза қызығушылық, жаңаны білу және өзінің қатарлас достарымен ойнауға деген құштарлық сезімге толы ертегі, қызықты әңгімелер мен өлеңдердің әлемі. Егерде тақырыптық бірлік бірнеше сабаққа созылса, балалардың әрекетін міндетті түрде түрлендіру керек, жиірек жұмыстың түрін өзгерту қажет, оларды динамикалық паузалармен, қозғалыс элементтері бар ойындармен көңілін аулау керек, өйткені балалар бірсарынды сабақтардан шаршап кетуі мүмкін. Бірақ соның өзінде мұғалім сабақтың әр элементі оның міндеттерін орындау қажет болуын, қозғалыс немесе ойын негізгі мақсатқа айналмауын қадағалауы тиіс.
Шетел тілін оқытудың басты мақсаты - оқытушыларға шетел тілінде қарым-қатынас жасауды базалық деңгейде игерту. Осыған сәйкес оқыту мазмұнына қарапайым коммуникативтік біліктілікті, қажетті жағдайда ауызша және жазбаша (сөз, тыңдап түсіну, оқу, жазу) өзара мәдени қарым-қатынас процессінде қолдана алу қабілеттілігі мен дайындығын қалыптастыруды қамтамсыз ететін тілдік, сөздік, әлеуметтік-мәдени білім, білік дағдылар енеді. Осы мақсатқа сай оқыту міндеттері екі үлкен бағыт бойынша белгіленеді. Танымдық бағыт бойынша:
:: Баланың лингвистикалық дүниетанымын қалыптастыру;
:: Тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсіндіру: (Қазіргі уақыт талабына сай шетел тілінің пән ретінде қажеттілігі күннен-күнге артып отыр.Ол қоғамның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және жалпы мәдени алға басуында қозғаушы фактор болуда.)
:: Баланың тілін дамыту, тілдік шығармашылық қабілеттерін жетілдіру;
:: Сөз мәдениетін таныту;
:: Пікірталас мәдениетін жетілдіру;
:: Сөйлеу түрін, сөйлеу тәсілін меңгерту;
:: Балалардың логикалық ойлауының бір ізді болуын қалыптастыру;
Коммуникативтік, практикалық бағыт бойынша:
:: Балаларға тіл нормаларын меңгерту;
:: Тілдік сауаттылығын арттыру;
:: Балалардың тілдік - эстетикалық талғамдарын қалыптастыру;
:: Этикет нормаларына сай тіл мәдениетін жетілдіру;
:: Сөйлеу әрекетіне қажетті заңдылықтар мен талаптарды меңгерту;
:: Шығармашылық қабілеттерін дамыту;
:: Қарым-қатынас талаптарына сай іскерліктерде қолдана білу;
:: Пікірталас түрлеріне сай сөз қолдану біліктілігін қалыптастыру;
Бұл міндеттердің жүзеге асырылуы тілдік білімнің (мұның қай - қайсысы да тіл арқылы баланың логикалық ойлауын дамытуға, қарым-қатынастық дағдыларын жетілдіруге, сөз әрекетінің түрлеріне) қатынасты машықтануына әсерін тигізеді.
Қазіргі кезде ағылшын тілімен компьютер, телекоммуникациялық құралдарды меңгеруді уақыттың өзі талап етеді, тіпті кейінгі жылдары олардың рөлі арта түсуде. Компьютерлік оқыту бағдарламаларының қай қайсы болмасын өз мазмұнынан грамматикалық жұмыс жүргізуді тыс қалдырмайды, белгілі бір грамматикалық құрылымның жұмыстарын қамтиды.
Компьютердің білім беру құралы ретінде кең таралуының негізгі алғы шарттарын ғалымдар төмендегідей саралайды:
1. Компьютер шексіз ақпарат әлемінде енуге және ақпаратты жүйелі түрде талдап, сараптауға мүмкіндік береді. Ақпаратты алудағы жоғары жылдамдық адамның ақпараттық мәдениетінің үнемі өсуіне жағдай жасайды.
2. Компьютер адамның зерттеу-танымдық әрекетінің әмбебап құралы ретінде ерекшелінеді.
3. Өзге құралдардан компьютердің ерекшелігі - оның қатысымдық құрал бола білуі. Яғни, білімгер, ол арқылы қатысымның барлық түрлерін жүзеге асыра алады. Бұл - мәтіндерді оқу, сұхбат жасау, жазу, тыңдау әрекеттері. Тіл үйренуде бұл мүмкіншіліктер ең маңызды болмақ.
4. Құрал білімгерлерге өз әрекеттерінің нәтижесін айқын көрсете алады. Білім алуда дұрыс шешім жасай білуге деген балалардың өзіндік тәсілін, стратегиясын қалыптастырады.
5. Компьютердің көмегімен жаттығулардың кешенді түрлерін аз уақытта орындау мүмкіншілігі туындайды.
Ағылшын тілі сабағында компьютерді қолдану мәтіндер мен ақпаратты білуге жол ашады. Тіпті нашар оқитын балалардың өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді.
1.2. Ағылшын тілін оқытудың формалары мен әдістері
Шетелдік және отандық ғалымдар мен педагогтардың зерттеулері мен жетістіктері балалардың шет тілін меңгеру мен әлемді тану мүмкіндіктері өте жоғары екенін көрсетеді. Мектепке дейінгі жас тіл меңгеруге әсіресе қажетті жас деп есептеледі. Бұл жерде осы жаста білім беруді интенсивті түрде өткізудің қажеттілігі туындайды.
Балаларды шет тіліне оқытуға бағытталғын жұмыс негізінен оқыту мақсаттарының кешенді жүзеге асыруының принциптерінен шығады, яғни оқыту үрдісі балалардың сөйлеу (лексика) қабілетін меңгерумен қатар, тілдік біліктіліктеріне (диалогтық және монологтық сәйлеу, тыңдау) бағытталған.
Фонетиканы оқытудың ағылшын тілін оқытудың бастапқы кезеңінде ең негізгі орын алатынын ескере отырып, мұғалімдер өздерінінің еңбектерінде фонетикалық әдісті белсенді қолдануы тиіс. Балаларды дұрыс айту жаттығулары шаршатпауы үшін және де сабақтың көңілді әрі қызықты өтуі үшін фонетикалық жаттығулар ойын түрінде қолданылады.
Балалардың үлкендердің артынан лингвистикалық және елтанушылық құндылыққа толы ағылшын жаңылтпаштарын, мақал-мәтелдерін қайталау балалалға ағылшын тіліндегі сөйлемдердің дұрыс интонациясын меңгеруге мүмкіндік береді.
Жаңа сөздер енгізгенде 5-6 жастағы балалардың психофизиологиялық ерекшеліктеріне аса зор мән беру керек. Бұл жаста балалардың сөйлеуі сезім мүшелерінің заңдылықтарына бағынады.
Бұндай қабылдаудың негізгі ерекшелігі балалардың бір жағынан зат, әрекет немесе құбылыстың аталуы маңызды болуы, екінші жағынан ол заттардың атауларының мүлде маңызды болмауы болып есептеледі. Берілген материалды қабылдау кезінде балалар оның берілуіне, эмоционалық сапасына үлкен мән береді.
Ашық, түрлі-түсті көрнекілік кіші жастағы балаларды оқытудағы таптырмас көмекші болып есептеледі. Жаңа сөзді суретпен немесе әсем көрнекіліктермен байланыстыра отырып түсіндірсе, оны белгілі бір іс-әрекетте қолданылып көртілсе бала өте тез меңгеріп кетеді.
Белгілі бір тақырыпқа байланысты сөйлеу қабілетін қалыптастыруда әртүрлі таратуға арналған материалдарды, ойыншақ жиһаз, ыдыс-аяқ, киім, яғни балалардың барлық ойнағанда жақсы көретін заттарын пайдалану үлкен көмегін тигізеді. Баланың сөйлеуін белсендету үшін оқытудың басында ойыншықтар мен бірнеше нұсқадағы заттар бейнеленген суреттері болуы тиіс. Мысалы, сары, қызыл, көгілдір түсті шарлар немесе кішкене және үлкен күшік. Сонымен қатар, жаңа және ерекше ойыншықтар мен суреттер сабаққа жаңашыл элемент енгізеді және әдеттегіден өзгеше жағдай жасайды.
Жаңашылдық принципы балаларды шет тіліне оқытудағы жетекші принцип ретінде сабақтың сюжетті-композициялық құрылымын түрлендіруге мүмкіндік береді.
Ойыншықтар мен суреттерді көбірек пайдалану арқылы балаларда қиялы және байланыстырушылық еске сақтау қабілеті дамиды, ал қарым-қатынас жасау міндеттерін нақты қою және оларды шешуді ұйымдастыру логикалық сөйлеу есте сақтауының дамуына өз септігін тигізеді.
Бұл мектепке дейінгі жастағы балалардың ұзақ уақыттық есте сақтау қабілеті өте жақсы қалыптасқандықтан болады. Олардың бар оқыған-білгендері жадтарында сақталады. Бірақ олардың жедел сақтау қабілеті нашар дамыған.
Бала берілген материалды көп мөлшерде миына бекіте отырып сақтауға деген қабілетке ие. Бірақ бұл материал бала үшін меңгеруге өте маңызды рөлде ғана болса, сонымен қатар үлкен қызығушылығын оятса ғана болады. Берілген материалды жете меңгерудің ең жеңіл жолы ойын әрекеті болып есептеледі.
Сөзсіз балаларға ағылшын тілін оқытуда ойын әрекетінің орны өте зор. Ағылшын тілінің білім мен тәрбие беру үрдісіне енуі ең қарапайым ойын формаларында жүзеге асырылады: дидактикалық ойындар, драматизациялық ойындар, әуен және қозғалысқа негізделген ойындар.
Оқытудың бастапқы этапында ерекше рөлді балаларда пәнге деген қызығушылықты қалыптастыруда бұл мәселелердің шешімін әртүрлі ағылшын тіліндегі ойындар арқылы табуға тырысу қажет.
Ағылшын тілін оқытуда ерекше орынды драматизациялық ойындарға беруге болады. Драматизациялық ойындарды жүзеге асыруда ағылшын фольклорының танымал ертегілері, мультфильмдері, тақпақтар болып табылады. Мысалы: The three little pigs, The turnips, Little mouse, Old MacDonald және т.б. Бұл қойылымдар балаларға бұрынна белгілі лексикадан, сөз тіркестерінен құралады.
Әлемдік тәжірибе драматизациялық ойындардың дайындалмаған сөйлеу қабілетінің дамуына тигізетін әсерінің зор екендігін көрсетіп отыр. Драматизациялық ойындар мектепке дейінгі балалардың тілдік компетенттілігінің жоғарыдауына септігін тигізеді, тілді тезірек сезінуге көмектеседі, оқылатын тілдің әдебиетімен, ағылшын тілінде сөйлейтін елдердің мәдениетімен танысуға өз үлесін қосады.
Сабақ тәжірибесінде кең қолданысты дәстүрлі халықтық ағылшын ойындары алады.
Халықтық ойындар арқылы ағылшын тілін оқытуда балаларды ағылшын тілінде сөйлейтін халықтардың мәдени құндылықтарына, сөйлеу мәдениетінің дамуына тарту жүзеге асырылады. Бұл ағылшын тілін жетік меңгеруге үлкен септігін тигізеді.
Балалар диалогтық және монологтық сөйлеу қабілетін қалыптастыруға зор мүмкіндіктер алады. Халықтық ойындарға халықтың өзі әрқашан тақпақтар мен ертегілерді енгізіп отырған.
"Hands up-hands down", "Nick and Andy", "Mouse and Cat" т.б қимылды сияқты ойын түрлері, олардың қарапайым мазмұнымен, балаларға жеңіл қозғалыстарымен баланың ойын әрекетіне тартылуын оятады, көңіл-күйін көтеріп, достарымен қарым-қатынасқа дайындығын айқындайды.

2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудың әдістемелік жолдары
Үйрету іс-әрекетін ұйымдастырудың жетекші түрі - топпен жұмыс істеу болып табылады. Топтардың толымдылығы - 8-12 адамнан артық болмау керек. Шет тілін дамыту бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері 4-5 жастағы балаларға - аптасына 1 рет, ұзақтығы 20-25 минуттан, ал 5-6 жастағы балаларға - аптасына 2 рет, ұзақтығы 25-30 минуттан жүргізіледі. Шет тілін дамыту бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері барысында алынған білім барлық режимдік кезеңдердің үдерісінде күнделікті: сәлемдесу, киіндіріп шешіндіру, тамақ ішу, ұйқыға дайындық, ойындар мен серуендер барысында бекітіледі.
Әдістемелік құралдың педагогикалық пайдалылығы - мектеп жасына дейінгі балаларға шет тілін үйрету көптілді тұлғаның негізін қалыптастырудағы алдын-ала маңызды кезеңдерінің бірі ретінде қарастырылуында болып табылады. Тілдердің үштұғырлығы әдістемелік құралының мазмұны негізінде балалардың үйреніп жатқан тілдерінде сөздердің, дыбыстардың, сөйлемдердің дұрыс айтылуы қалыптасады, сөздік қоры жинақталады, ана тіліндегі және басқа тілдегі сөзді түсіну мен қабылдау және жеңіл диалог құруға қатысу біліктері қалыптасады.
Әдістемелік құралдың педагогикалық маңыздылығы мектеп жасына дейінгі балалардың заманауи қоғамдағы жалпы қолданылатын тілдердің негізін меңгерумен шарттастырылады. Тек қана ана тілі емес, сонымен қатар ұлтаралық қарым-қатынастағы шет тілдерінің ауыз екі сөйлеу тілін меңгеру тұлғаның зияткерлік, эмоционалдық және адамгершілік дамуымен тығыз байланысты.
Тілдік дағдыларды дамытудың негізгі мазмұны мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу мен оқыту әдістемелік құралының Қатынас білім беру саласында анықталады. Қатынас білім беру саласының мақсаты - үйретілетін тілдердің ауызша және ауызша емес құралдармен қоршаған ортадағы адамдармен қарым-қатынас жасауға қабілетті мектеп жасына дейінгі көптілді тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері бойынша қойылатын негізгі талаптар: жалпы уақыттың 5 - 10 минуты үш тілде жүргізілетін жалпы дамытушы лексикалық түрлерге (сергіту кезеңдері, санамақтар, дидактикалық ойындар, тілдік және фонетикалық дайындықтарға, тақпақтар мен ұйқастырмаларға) бөлінеді.
Балаларға ағылшын үйрету әдістемесі
Ағылшын тілін үйрету әдістемесін таңдау барысында қай жастағы балаларға арнап әзірленгендігін ескеру қажет.
Ойын әдістемесі балаларды да, тәрбиешілерді де қызықтырады. Ол қарапайымдылығымен тиімді. Оқытушы тілді үйрету және жетілдіру бойынша сабақты ойын түрінде жүргізеді. Әдістеменің құндылығы - ол бір жастан бастап бейімді, әдістеменің көмегімен ауызекі тілді, дұрыс айтылуды, орфографияны, грамматиканы және т.б. дамытады.
Зайцевтің әдістемесі үш жастан бастап 6(7) жасқа дейінгі балаларға арналған. Ендігі кезекте оны ағылшын тілін үйрету үшін бейімдеп, лайықтады. Зайцевтің белгілі текшелерінде ағылшын алфавитінің де әріптері пайда болды.
Глен Доманның әдістемесі сәбилерге арналған. Бұл әдістемеде баланың көру арқылы есте сақтауы қатыстырылған, атаулары жазылған суреттер есте сақталады және оқуға үйрету үдерісін одан әрі жеңілдетуге көмектеседі, карточкаларын қолдан жасауға болады. Глен Доман өз кітаптарында айқын әрі нақты құраллар береді. Карточкалар жұмысты сәбилермен ғана емес, сонымен қатар, ересектеу, тіпті мектепалды жастағы балалармен де қолдануға болады.
Жобалау әдістемесі 4-5 жастағы балаларға арналған. Тілді үйретуші сабақтар жүйесі үшін тақырып таңдайды, берілген тақырып бойынша қызықты бір нәрсе білуде балаларға көмектесетін әртүрлі іс-әрекет түрлерін ұсынады. Балалар дербес орындауы үшін тапсырмалар алады (немесе ата-аналарының көмегімен). Қорытынды сабақтың уақыты келгенде балалар жобаның тақырыбына ауқымды шығармашылық жұмыстарымен келеді.
Аралас әдістеме - бұл жерде таңдауы бойынша түрлі әдістемелерді құрастыруға болады. Мысалы, ойындар ойнау, тақпақтар мен әндер жаттау, жобаларды әзірлеу және т.б. Әдістеменің құндылығы - әртүрлілігінде. Түрлі іс-әрекетті ұсына отырып, баланы қызықтыру жеңілірек.
Барлық мектеп жасына дейінгі кезеңде тілді үйрету әдістемелері ата-аналарға үйде өз баласымен дербес айналысуға көмектеседі.
2.2. Мектепке дейінгі жастағы балаларға жас ерекшелігі түрлі топтарда жүргізлетін жұмыстың түрлері мен формалары
Заттық-дамытушы орта тілдік кеңістікке ену үшін:
- таспа, диск және басқа да тасымалдағыштарда музыкалық аудио материалды;
- сөздік, үстел үстіндегі баспа ойындары, құралдар, кітаптарды;
- жағдайға байланысты, рөлдік, лексикалық мазмұны бар сахналандырылған ойындарды;
- ертегілерді сахналау, тақпақтарды мәнерлеп оқуда балалар өздерінің жетістіктерін көрсете алатын ертеңгіліктер мен мерекелер пайдаланылады.
Мектепке дейінгі оқыту тұжырымдамасының негізін қалайтын кезеңдер оқытудың әдістемелерін, тәсілдерін, үлгілері мен құралдарының спектрін кеңінен қолдануға әкеледі. Бұл ретте балалардың жеке, сонымен қатар, олардың жалпы мәдени дамуы мен микро әлеуметтік ортасы - отбасының ерекшеліктері ескеріледі.
Негізгі тәсілдері:
а) балаларға таныс емес тілде үлкендердің тіліне еліктеуі;
б) көру, есту және әсем бейнелерді құру. Нәтижесінде, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде оқытудың ауызша емес құралдарының басымдылығы (суреттер, заттардың графикалық бейнелері мен сөйлемдердің құрылымдары, музыка);
в) оқу-дидактикалық ойындарды қолдану;
г) жұмбақтар;
д) өз ойын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz