Отбасы құқығы жайлы



1. Отбасы құқығы, ұғымы негіздері мен принциптері.
2. Неке және отбасы ұғымы. Отбасылық қатынастар ұғымы
3. Туыстық және туысқандардың түрлері
4. Отбасының түрлері. Толық және толық емес отбасы
5. Неке мен отбасын қорғау
6. Пайдаланған әдебиеттер.
Отбасы құқығы некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың басқада нысандарына орай, пайда болатын яғни отбасы қатынастарын, өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарды, яғни отбасы қатынастарын реттейтін құқық саласы болып табылады. Отбасы құқығының пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар өзіндік (мүлітік емес) немесе мүліктік болуы мүмкін. Мүліктік және өзіндік құқықтың басқа да саларының бірінші кезекте азаматтық құқықты реттейтін пәнін құруды мүмкін. Бірақ, аталған қатынастардың басымдығы, бір жағынан, азаматтық құқықта, екінші жағынан, отбасы құқығында бірдей емес. Азаматтық құқықтың негізгі міндеті мүліктік қатынастарды реттеу болып табылады. Ол өзіндік қатынастарды, олар мүліктік қатынастардан туындайтын болса, немесе қандай да болмасын өзіндік қатынастарды реттеу туралы арнайы нұсқау болса ғана реттейді. Бұған керісінше өзіндік қатынастарды реттеу отбасы құқығының негізгі міндеті болып табылады. Отбасы құқығының пәніне кіретін мүліктік қатынастар жеке адамның құқықтары мен міндетттеріне байланысты болады. Отбасы құқығының азаматтық құқықтан айырмашылығы да, міне, осында жатыр.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы
2. Оспанов К.И. Құқық негіздері Алматы Жеті Жарғы 2007ж.
3. Г.Сапарғалиев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Алматы Жеті Жарғы 1996ж.
4. Баққұлов С. Құқық негіздері Алматы 2004ж.
5. Н.О. Дулатбеков, С.К. Амандыкова, А.В. Турлаев. Қазақстан Республикасының құқық негіздері. Астана 2000ж.
6. ҚР Азаматық іс жүргізу кодексі.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
1. Отбасы құқығы, ұғымы негіздері мен принциптері.
2. Неке және отбасы ұғымы. Отбасылық қатынастар ұғымы
3. Туыстық және туысқандардың түрлері
4. Отбасының түрлері. Толық және толық емес отбасы
5. Неке мен отбасын қорғау
6. Пайдаланған әдебиеттер.

Отбасы құқығы.

Отбасы құқығы, ұғымы негіздері мен принциптері.

Отбасы құқығы некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың басқада нысандарына орай, пайда болатын яғни отбасы қатынастарын, өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарды, яғни отбасы қатынастарын реттейтін құқық саласы болып табылады. Отбасы құқығының пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар өзіндік (мүлітік емес) немесе мүліктік болуы мүмкін. Мүліктік және өзіндік құқықтың басқа да саларының бірінші кезекте азаматтық құқықты реттейтін пәнін құруды мүмкін. Бірақ, аталған қатынастардың басымдығы, бір жағынан, азаматтық құқықта, екінші жағынан, отбасы құқығында бірдей емес. Азаматтық құқықтың негізгі міндеті мүліктік қатынастарды реттеу болып табылады. Ол өзіндік қатынастарды, олар мүліктік қатынастардан туындайтын болса, немесе қандай да болмасын өзіндік қатынастарды реттеу туралы арнайы нұсқау болса ғана реттейді. Бұған керісінше өзіндік қатынастарды реттеу отбасы құқығының негізгі міндеті болып табылады. Отбасы құқығының пәніне кіретін мүліктік қатынастар жеке адамның құқықтары мен міндетттеріне байланысты болады. Отбасы құқығының азаматтық құқықтан айырмашылығы да, міне, осында жатыр.
Сонымен бірге жеке қатынастардың артықшылығы жөнінде қозғағанда мынаны ескерген жөн: бұл қатынастардың барлығы бірден құқықтық реттеуге жатпайды. Профессор О.С. Иофоде атап көрсеткенде, жеке отбасы қатынастырына жататын заңды тұрғыда нормалаудың обьектік мүмкіндіктері белгісі бір дәрәжеде шектеулі болады да, сырттан бақылаудың ырқынына шығып кетеді.
Сондай-ақ олардың бір-біріне деген жеке сенім сипатында неке отбасы қатынастарнының ерекшелігі болып табылады. Мәселен, бала асырап алу, бала асырап алушы мен асырап алунышының арасында өзара сенім қатынастары орныққан жағдайда ғана өз мақсатына жетеді.
Бұл ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың, қорғаншылар мен қамқоршылардың және қамқорлыққа алынғандардың арасындағы қатынасқа да тән нәрсе. Отбасылық қатынасқа қатысушылардың өзара қарым-қатынасында жеке сенім болмаған жағдайда немесе оны жоғалтқан жағдайда мұндай қатынастарды неке және отбасы туралы заң нормаларымен құқықтық реттеу тиімсіз немесе тиімділігі шамалы болады.
Отбасы құқығын зертттеуші кеңес ғалымы Е.Н. Вороженкин, өзіндік сенімге ие бола алмаған отбасылық қатынастарды жасанды деп есептеу керек. Көп жағдайда мұндай қатынастар тоқталуы тиіс немесе ол басқа жолымен реттелді деп жазды.
Неке және отбасы ұғымы. Отбасылық қатынастар ұғымы.

Заңдык мағынасында отбасы дегеніміз -- бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзгеде нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүлікке катысты емес жекебастың құқықтарымен байланыскан адамдар тобы. Отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы отбасылық құқық деп аталады. Отбасы-неке қатынасын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" Заңы болып табылады.

Неке -- отбасын құрудың негізгі болып табылады. Ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын кұру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толык келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты -- неке деп түсінуіміз кажет.

Егер неке тіркелмесе де, бірак еркек пен әйел бірге тұрып, балаларын тәрбиелеумен айналысып жатса, мұны да отбасы деп айтуға болады.Егер кәмелетке толған балалары ата-анасымен бірге тұрып, оларға қамқорлык жасап, материалдык көмек көрсетсе -- бұл да отбасы. Егер кәмелетке толған ағалары мен қарындастары ата-анасыз бірге тұрып, бір-біріне қамқорлық жасайтын болса -- бұл да отбасы.

Адамдар арасында некеден, туыстықтан, бала асырап алудан, отбасына тәрбиелеу үшін бала алудан туындайтын қатынастар отбасылық қатынастар деп аталады. Бірақ отбасындағы қатынастардың бәрі бірдей құқық жөнімен реттеле бермейді. Отбасындағы қатынастар, негізінен, адамгершілік, игілік-өнегелік нормалары негізінде реттеледі. Бұл өзара кұрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық және имандылық қолдаудың көрінісі. Отбасылык өмір қалыбы, көбінесе ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға сүйенеді (үлкендерді қадірлеу, отбасын қамтамасыз ету оның басшысы ретінде толықтай ер адамға жүктеледі, туысқандарды қадірлеп, құрметтеу).

Отбасының ішкі мәселелері отбасы мүшелерінің өзара келісімі бойынша шешіледі. Егер ол мәселелер кәмелетке толмағандардың мүдделеріне қатысты болса, оны шешуге балалар да қатыстырылады. Құқықтық нормаларга араласу отбасылық қатынастар бұзылганда қажет. Жеке басындық қатынастармен салыстырғанда отбасылық мүліктік қатынастар құқық арқылы егжей-тегжейлі реттеледі, өйткені бұл қатынастардың объектісі материалдық игілік болып табылады. Отбасылық құқық азаматтық құқықпен тығыз байланысты. Мәселен, отбасылык құқықпен реттелмеген отбасы мүшелерінің арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды реттеуге азаматтық заңнама қолданылады, өйткені ол отбасылык-некелік қатынастардың мәніне қайшы келмейді.

Туыстық және туысқандардың түрлері.

Отбасылық құқық тек шартты түрде ғана отбасылық деп атауға болатын өзге де қатынастарды реттейді. Мәселен, немерелері мен әжелерінің арасындығы қатынастар; өздерінің отбасын құрып, бөлек тұратын кемелетке толған ағалары мен қарындастарының арасындағы қатынастар. Бұл көрсетілген қатынастардың негізіне көбінесе туыстық жатады, сондыктан да мұндай қатынастарды туыстық қатынастар деп атау керек. Туыстық дегенде бір негізден немесе ортақ бір атадан тарайтын қандас адамдардың байланысы түсініледі. Туыстықтың екі тармағы болады: тікелей және жанама туыстық. Тікелей туыстық адамдардың бір негізден тарайтындығына негізделеді. Туыстық жоғары және төменгі тармаққа ажыратылады. Туыстықтың жоғары тармағы ұрпақтан арғы атаға қарай тарайды (әкеге, шешеге, атаға, атаның атасына және т.б.), төменгі тармак -- арғы атадан ұрпақтарына карай тарайды (балаға, немереге, шөбереге және т.б.).

Жанама тармақ адамдардың бір атадан тарауына негізделген. Мысалы, бір атадан тарайтын немере ағалары мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасылық қарым-қатынастар
Тұрғын үйді жалдау шарты
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Отбасы құқығы бойынша неке түсінігі
Жанұяның әлеуметтік - философиялық сипаты
Жалға алушы кәмелетке толғкан отбасы мүшелерінің келісімімен кез келген уақытта жалдау шартын бұзуға құқылы
Жеке пәтерлерде пәтерлерді жалға беру
Отбасы құқығының мақсаты мен қағидалары
Азаматтардың іс-әрекет қабілеттілігін шектеу жөніндегі істерді қараудың процессуалдық ерекшеліктері. Іс-әрекет қабілетінің шектелуі және оны орындау туралы сот шешімі
Азаматтардың құқықтық қабілеті және азаматтардың құқықтық субъектілігі
Пәндер