Туристік қызметтегі сақтандыру түрлері, мәні және мақсаты
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Туристік қызметтегі сақтандырудың теориялық негіздері
1.1 Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметінің тарихы және оларды мемлекеттік реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Туристік қызметтегі сақтандыру түрлері және мақсаттары ... ... ... ... ... ... ..8
1.3 Туристерді жеке сақтандыру қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.4 Шетел мемлекеттерінде туристік қызметті сақтандыру қызметін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2. Қазақстан Республикасындағы туристік қызметті сақтандыру компанияларының түрлері және атқаратын қызметтері
2.1 Туристік қызметті сақтандыру компаниясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.2 Қазақстан Республикасындағы туристік қызметті сақтандыру компанияларының түрлері және атқаратын қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.3 «AMANAT INSURANCE» СК» АҚ сақтандыру компаниясының туристік қызметті сақтандыру қызметін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
3 БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.2 Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеуді жетілдірудің жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2012 жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауы аясында Елбасы еліміздің басты мақсаттары мен басымдықтарын ай¬қындап берген болатын. Жолдау ая¬сындағы ұзақ мерзімді басым¬дық¬¬тардың бірі Қазақстан аза¬маттарының ден¬саулығы, білімі және әл-ауқаты болып табылады[1].
Әлеуметтік қамсыздандыруды рефор¬малау, өнімді жұмыспен қамту және халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға көмектесу Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауы аясындағы мем¬лекеттің әлеуметтік-эко-но¬микалық маңызды бағыт¬тарының бірі.
Сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына[2] негізделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен [3]және өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Сақтандырудың осы түрінің мақсаты қызметкердің еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келуі мүмкін жағдайда қызметкердің мүліктік мүддесін қорғауды сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру арқылы қамтамасыз ету болып табылады [5].
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Сақтандыру жүйесін құру, реттеу мәселелері, сақтандыру ісін жүргізу, сақтандыру құқығы жөнінде де көптеген ғалымдардың еңбектері, мысалы Қазақстандық ғалым-оқымыстылар мен практикалық мамандардың, ТМД елдерінің ғалымдарының, яғни С.С. Сартаев, М.К. Сулейменов, Ю.Г, Басин, А.И. Худяков, С.М. Найманбаев, К.К. Жүйріков, И.М. Назарчук, Г.В. Ким, С.С. Сатубалдиндердің және Ресей Федерациясының - А.Л. Алякринский, В.В. Шахов, В.Р. Идельсон, Н.Я. Шиминова, Л.А. Орланюк-Малицкая, Л.И. Рейтман, Ю.Фогельсондердің еңбектерін ерекше атап өтуге болады.
Сонымен, сақтандыру өндірістік қатынастардың аса қажетті элементі болып табылады және ол әрқашанда өндіріс барысында туындайтын шығындар мен залалардың орнын толтыруға, қалпына келтіруге байланысты болады.
Осы мәселелерге байланысты Қазақстанда туристік қызметті сақтандыру мәселесін зерттеу жұмыстары жоқтың қасы. Сондықтан курстық зерттеу тақырыбын «Туристік қызметтегі сақтандыру түрлері, мәні және мақсаты» деп таңдауыма себеп болды.
Менің ойымша: біріншіден, мемлекет тарапынан көзделген шаралардың сипаты мен көлеміне қарамастан, сақтандыру туристік ұйымдардың түрлі мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар көбейіп барады, соның салдарынан көптеген туристік мақсатпен жүрген азаматтар жапа шегуде.
Екіншіден, туристік қызметті сақтандыру механизмін қазіргі жағдайда пайдалану елдегі кәсіпкерлік қызметті жедел дамытуды, Қазақстан экономикасының негізгі саласының ерекшеліктерін, оның климаты мен географиялық орналасуын, экологиясының деңгейін ескере отырып, өндіріс технологиясын жетілдіруді қамтамасыз етеді.

1. ҚР Конституциясы
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы және Ерекше бөлімдері). /Алматы: ЮРИСТ, 2002.-309бет.
3. Құлпыбаев С, Баязитова Ш., Баязитова А. Қаржы теориясы. Оқу құралы—Алматы: Мерей, 2001.— 176 бет.
4. Шеденов Ө. Жалпы экономикалық теория, Алматы.- 2003.- 115 б.
5. 1991 жылғы мамырдың 7-сінде Қазақ КСР Министрлер Кабинеті қабылдаған "Қазақ КСР мемлекеттік сақтандыру Басқармасын «Қазақ СССР Мемлекеттік коммерциялық сақтандыру компаниясы етіп қайтадан кұру туралы" қаулысы
7. ҚР Қаржы Министрлігінің 2009-2010 жж. статистикасы
6. Әкежанов Д.Қ. ҚР – дағы сақтандыру қызметі және оның механизмдері//Алматы 2009.- 7 б.
8. Сман Б.Ө. ҚР – дағы сақтандыру құқықтық қатынастарын мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыру//Алматы, 2002. -21 б.
9. Қазақстан Республикасында сақтандыру қызметін ұйымдастырудың басымды бағыттары // ҚазЭУ хабаршысы. – 2009. – № 4. – 25-30 бб.
10. Қазақстан Республикасы "Сақтандыру қызметі туралы" Заңы
11. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісінің сақтандыру қадағалауы Департаменті туралы Ереже".
12. Шахов В.В. Страхование: Учебник для ВУЗов.-М.:Страховой полис. ЮНИТИ,1997 г- 115 с.
13.Басаков М.И. Страховое дело в вопросах и ответах. Учебное пособие. Ростов-на-дону «Феникс».1999г-255 с
14. Жуйриков К. Страхование: теория, практика, зарубежный опыт. Учебник. /Алматы:2000г-277 с.
15.Сманов Б. «Сақтандыру- экономикалық маңызы және қазақстанда қалыптасып даму кезеңдері» Алматы 2000 ж.- 233 б.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Туристік қызметтегі сақтандырудың теориялық негіздері
1.1 Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметінің тарихы және оларды
мемлекеттік
реттеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Туристік қызметтегі сақтандыру түрлері және
мақсаттары ... ... ... ... ... ... . .8
3. Туристерді жеке сақтандыру
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.4 Шетел мемлекеттерінде туристік қызметті сақтандыру қызметін
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2. Қазақстан Республикасындағы туристік қызметті сақтандыру компанияларының
түрлері және атқаратын қызметтері
2.1 Туристік қызметті сақтандыру
компаниясы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 15
2.2 Қазақстан Республикасындағы туристік қызметті сақтандыру
компанияларының түрлері және атқаратын
қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .18
2.3 AMANAT INSURANCE СК АҚ сақтандыру компаниясының туристік қызметті
сақтандыру қызметін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
3 БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІН ДАМЫТУ ЖӘНЕ
ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.2 Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеуді
жетілдірудің жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 30
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...34
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Назарбаевтың 2012 жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауы аясында Елбасы
еліміздің басты мақсаттары мен басымдықтарын айқындап берген болатын.
Жолдау аясындағы ұзақ мерзімді басымдықтардың бірі Қазақстан азаматтарының
денсаулығы, білімі және әл-ауқаты болып табылады[1].
Әлеуметтік қамсыздандыруды реформалау, өнімді жұмыспен қамту және
халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға көмектесу Мемлекет басшысының жыл
сайынғы Жолдауы аясындағы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық маңызды
бағыттарының бірі.
Сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңдар Қазақстан
Республикасының Конституциясына[2] негізделедi және Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексінен [3]және өзге де нормативтік құқықтық
актілерінен тұрады.
Сақтандырудың осы түрінің мақсаты қызметкердің еңбек (қызмет)
мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келуі мүмкін
жағдайда қызметкердің мүліктік мүддесін қорғауды сақтандыру төлемдерін
жүзеге асыру арқылы қамтамасыз ету болып табылады [5].
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Сақтандыру жүйесін құру, реттеу
мәселелері, сақтандыру ісін жүргізу, сақтандыру құқығы жөнінде де көптеген
ғалымдардың еңбектері, мысалы Қазақстандық ғалым-оқымыстылар мен
практикалық мамандардың, ТМД елдерінің ғалымдарының, яғни С.С. Сартаев,
М.К. Сулейменов, Ю.Г, Басин, А.И. Худяков, С.М. Найманбаев, К.К. Жүйріков,
И.М. Назарчук, Г.В. Ким, С.С. Сатубалдиндердің және Ресей Федерациясының -
А.Л. Алякринский, В.В. Шахов, В.Р. Идельсон, Н.Я. Шиминова, Л.А. Орланюк-
Малицкая, Л.И. Рейтман, Ю.Фогельсондердің еңбектерін ерекше атап өтуге
болады.
Сонымен, сақтандыру өндірістік қатынастардың аса қажетті элементі болып
табылады және ол әрқашанда өндіріс барысында туындайтын шығындар мен
залалардың орнын толтыруға, қалпына келтіруге байланысты болады.
Осы мәселелерге байланысты Қазақстанда туристік қызметті сақтандыру
мәселесін зерттеу жұмыстары жоқтың қасы. Сондықтан курстық зерттеу
тақырыбын Туристік қызметтегі сақтандыру түрлері, мәні және мақсаты деп
таңдауыма себеп болды.
Менің ойымша: біріншіден, мемлекет тарапынан көзделген шаралардың
сипаты мен көлеміне қарамастан, сақтандыру туристік ұйымдардың түрлі
мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде табиғи және техногендік
сипаттағы төтенше жағдайлар көбейіп барады, соның салдарынан көптеген
туристік мақсатпен жүрген азаматтар жапа шегуде.
Екіншіден, туристік қызметті сақтандыру механизмін қазіргі жағдайда
пайдалану елдегі кәсіпкерлік қызметті жедел дамытуды, Қазақстан
экономикасының негізгі саласының ерекшеліктерін, оның климаты мен
географиялық орналасуын, экологиясының деңгейін ескере отырып, өндіріс
технологиясын жетілдіруді қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасында туристік қызметті сақтандырудың негізгі
мақсаты - туристердің мүддесін қорғаудың нақты құралы бола алатын
толыққанды, орнықты жұмыс істейтін ұлттық сақтық рыногін қалыптастыру.
Курстық жұмыстың мақсаты. ҚР - дағы туристік қызметті сақтандыру
қызметін ұйымдастыру мен оны мемлекеттік реттеуді талдау жасау негізінде
оны арттыру жолдарын ұсыну, срнымен бірге түрлерін, мақсаттарын анықтау.
Қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін келесі міндеттер қойылды және
шешілді:
- сақтандыру және сақтандыру қызметінің мәнін ашу;
- туристік қызметті сақтандыру қызметін ұйымдастыру нысандары мен
түрлерін қарастыру;
- туристік қызметті сақтандыру ұйымының көрсететін сақтандыру қызметіне
талдау жасау;
- туристік қызметті сақтандыру қызметін ұйымдастыру мен оны мемлекеттік
реттеуді қамтамасыз етудің шетелдік тәжірибесін қарастыра отырып, отандық
сақтандыру қызметін ұйымдастырудың кейбір жолдарын ұсыну.
Ақпараттық база ретінде Қазақстан Республикасының Конститутциясы,
Қазақстан Республикасының Президентінің 2010- 2012 жылдардағы Қазақстан
халқына арналған Жолдаулары, Қазақстан-2030 стратегиясы, ҚР Туристік
қызмет туралы Заңы, Қазақстан Республикасының Президентінің Нұсқаулары,
Қазақстан Республикасының сақтандыру саласындағы нормативтік-құқықтық
актілері, Сақтандыру рыногын реттеу және сақтандыру қызметін қадағалау
жөнiндегi мемлекеттік уәкілетті органның ресми мәлімдемелері, AMANAT
INSURANCE СК АҚ Сақтандыру компаниясының қаржылық есептерінің мәліметтері
пайдаланылды.
Зерттеу пәні ҚР – дағы туристік қызметті сақтандыру қызметін
ұйымдастыру мен оның жүзеге асыруды қамтамасыз ету жағдайы.
Зерттеу объектісі болып ҚР – дағы AMANAT INSURANCE СК АҚ сақтандыру
компаниясының сақтандыру қызметі табылады.
Курстық жұмыстың әдістемелік негізі. Бұл жұмысты жазу барысында
Жуйриков К.К , Гвозденко А.А., Маянлаева Г.И. Воробьева С.М, Сембеков А.К.
және т.б. ғалымдардың еңбектері әдістемелік арқау ретінде көрініс тапты.
Сонымен бірге, Ө.Б.Сманның ҚР сақтандыру құқықтық қатынастарын мемлекеттік
реттеудің тиімділігін арттыру, Қ.Д.Әкежановтың ҚР – дағы сақтандыру
қызметі және оның механизмдері, Ө.Ж.Үстенованың Туризм маркетингі т.б.
ғылыми еңбектері қолданылды.
Курстық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш маңызды
бөлімдерден, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және
қосымшалардан құралады.
1. Туристік қызметтегі сақтандырудың теориялық негіздері

мемлекеттік реттеу
Сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдар
Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi[1] және Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексiнен, осы Заң мен Қазақстан
Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады[2].
Сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдармен тiкелей
реттелген қатынастарды қоспағанда, сақтандырудан туындайтын және өзге де
заң актiлерiнiң қолданылатын аясына жататын қатынастар осы актiлермен
реттеледi.
Сақтандыру – қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын
бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру сферасы адам өмрінің,
өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды.
Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп – бұл өндіріс пен адам өмірінің
қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру,
азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап
отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің,
олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық – заттай
босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да
кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте
резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.
Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін
қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық
және ұжымдық қорғау болып табылады[3, 176 б.].
Елімізде сақтандыруды дамытудың негізгі мақсаты – мемлекеттің,
азаматтардың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүддесін қорғаудың
нақты құралы бола алатын толыққанды, орнықты жұмыс істейтін ұлттық сақтық
рыногын қалыптастыру.
Қазақстанның сақтандыру заңдарының негізін қалыптастыру жұмыстары
алғашқы рет Қазан революциясынан кейінгі 1921-1925 жылдар аралығында қызу
қолға алынған болатын. Қазақстанның (ол кезде Қырғыз КСР) аумақтық-
құрылымдық және мәдени-тұрмыстық ерекшеліктері мен басқа да құбылыстары,
алғашқы нормативтік актіні қабылдау кезінде ескеріліп, негізге алынған еді.
Сонымен, шешуші қадам 1921 жылғы қазаның 6-сындағы ХКК "Мемлекеттік мүлікті
сақтандыру туралы" декретіне орай, Қазақстан аумағында 1921 жылдың
желтоқсанының 14-інде Қырғыз КСР ХКК "Мемлекеттік мүлікті сақтандыру туралы
Ережені" бекіткен кезде жасалды[4, 115 б.].
1929-1930 жылдары Қазақстанда ерікті сақтандыру түрлерін қысқартуға
орай міндетті сақтандыру аясы айтарлықтай кеңейген болатын. 1930 жылы
маусымның 26-сындағы Қазақ АКСР ХКК қаулысымен бұрын ерікті сақтандырылатын
мемлекеттік қәсіпорындардың, колхоздар мен кооперативтердің (тұтыну
кооперативпен басқасы) мүліктері енді міндетті сақтандырылатын болды.
1931 жылғы ақпанның 3-інде КСРО ОАК мен ХКК "Мемлекеттік сақтандырудағы
өзгерістер туралы" каулы қабылдаған.
1968 жылғы сәуірдің 30-ында қабылдаған "Жұмысшылар мен қызметкерлердің
жеке басты сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жарналарын ақшасыз есеп
айырысу жолымен төлеуі туралы" КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысына
орай сақтандыру қоғамдық қатынастарына өте қажетті әрі тиімді элемент
енгізілгенін ерекше атап өтуге тиіспіз. 1969, 1971, 1973, 1975, 1976, 1977,
1980, 1984 жылдары қоғамның әр түрлі аялары мен жан-жақты түрлі нысанда
жүзеге асырылған міндетті және ерікті мемлекеттік сақтандыру үлкен
жетістіктерге жеткен болатын.
1991 жылғы мамырдың 7-сінде Қазақ КСР Министрлер Кабинеті қабылдаған
"Қазақ КСР мемлекеттік сақтандыру Басқармасын Қазақ СССР Мемлекеттік
коммерциялық сақтандыру компаниясы етіп қайтадан кұру туралы" қаулысында
көптеген өзекті мәселелер нарықтық қатынастар тұрғысынан кайтадан қаралып,
оларды шешу жолдары мен тәсілдері айқындалған және басқа міндеттер
белгіленген, сондай-ақ осы компанияның жарғысы бекітілген болатын. [5]
Қазақстандағы сақтандыру ісін өркениетті арнаға түсіру үшін атсалысқан
мемлекеттік сақтандыру қатынастарын нарық талаптарына сай реттеуді көздеп
1992 жылғы шілденің 3-інде қабылданған "Қазақстан Республикасындағы
сақтандыру туралы" Заңы егеменді еліміздің сақтандыру жүйесін
реформалаудың, оны шын мәнісінде экономикалық-құқықтық тұрғыдан негіздеп
қайта құрудың бастамасы болды.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасындағы сақтандыру заңдарының
құрамында мына келесідей нормативтік-құқықтық актілер топтастырылған:
Қазақстан Республикасы "Сақтандыру қызметі туралы" Заңы, Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексі (жалпы және ерекше бөлімі), "Қазақстан
Республикасының кейбір заң актілеріне сақтандыру ісі және сақтандыру
қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңы,
Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулыларымен бекітілген:
"Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық жауапкершілігін міндетті
сақгандыру туралы Ереже", "Судьяларды және олардың мүлкін міндетті
мемлекеттік сақтандырудың, оларға медициналық қызмет көрсетеу мен
санаторлық - курорттық емдеудің тәртібі мен шарттары туралы Ереже", "Жекеше
нотариустардың азаматтық - құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру
туралы Ереже", "Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық -құқықтық
жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Ереже", "Қазақстан
Республиксының аумағындағы сақгандыру қызметін лицензиялау туралы Ереже",
"Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жолаушыларды және жүктерді
тасымалдауды лицензиялау туралы тәртіп", "Ауыл шаруашылығы өндірісін
міндетті сақгандыруды жүргізудің тәртібі мен шарттары туралы Ереже" және
т.б. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің Басқармасының мына
келесідей Ережелер мен нұсқаулықтарды: "Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкісінің сақтандыру қадағалауы Департаменті туралы Ереже".
Қазақстан Республикасының Сақтандыру туралы Заңы қабылданған жылы
сақтандыру іс қызметін мемлекеттік реттеу жүйесі енгізілді, яғни сақтандыру
ұйымының капитализациясына талаптар күшейтілді, олардың сақтандырудан басқа
кәсіпкерлік түрімен айналысуына тыйым салынды, жекеленген
келісімшарттардағы жауапкершіліктің барынша жоғары көрсеткіші енгізілді.
Бірақ бұған қарамай, сақтандыру компанияларының саны өсе берді және 1999 –
жылға қарай олардың саны 71-ге жетті.
Бірақ осы үрдіспен қатар, сақтандырушылардың саны қысқарды.
Капитализация дәрежесіне, қаржылық тұрақтылығына және төлем қабілеттілігіне
деген талаптардың күшеюі бірден бірнеше ондаған сақтандыру компанияларының
жабылуына әкелді. 2004-жылы нарықта 34 сақтандыру компаниясы қалды.
Сақтандыру қызметі өркениетті қоғамның ажырамас бөлігі болып табылады.
Осыған орай, оның даму стратегиясы республиканың жалпыэкономикалық дамуының
стратегиялық міндеттерімен тығыз байланыста болуы шарт. Сақтандыру жүйесін
реттеуді ұйымдастырудың жетілдірілмегендігі, осы сектор дамуының
мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру механизмдерінің жоқтығы – осы
аталғандар сақтандыру қызметін дамыту қиыншылықтарының көзі болып табылады.
Сақтандыру қызметі – бұл қаржылық тұрақтылықты және төлемқабілеттілікті
қамтамасыз ету мақсатында қаржы рыногында пайда алу үшін қордың уақытша бос
қаражаттарын пайдалану және дәстүрлі мәміле аясында сақтандыру оқиғаларының
туындауы себебінен болған зияндарды қайтару жағдайында, заңды тұлға
тарапынан кәсіпорындардың, ұйымдардың, азаматтардың салымдарын (сақтандыру
сыйлықақылары) мәміле есебінен төлеу бойынша сақтандыру қорын құруға
негізделген кәсіпкерліктің ерекше түрін көрсететін сақтандыру қызметінің
қатысушылары арасындағы ерекше тұйықталған қатынастар жиынтығы[6, 7 б.].
Экономикалық категория ретінде сақтандыру – сақтандырушы мен сақтанушы
арасындағы экономикалық қатынастардың жиынтығы, яғни мүліктің бір бөлігі
сақтандыру сыйақысы ретінде (ақшалай немесе натуралды үлгіде) бір
субъектіден екінші субъектіге сақтандыру төлемі түрінде сақтандыру оқиғасы
туындаған кезде қайтарым жағдайына беріледі. Осыған орай, ұлттық
сақтандыру қызметін дамыту стратегиясын әзірлеу барысында обьективті және
субьективті түрде келесі талаптар ескерілуі тиіс болды:
- сақтандыру қызметі дамуының ұйымдық тұжырымдамасын әзірлеу;
- бағалаудың сапалық және сандық өлшемдерінің жүйесін анықтау және даму
бағыттарын таңдау мен негіздеу;
- Қазақстан - 2030 елдің ұзақмерзімді стратегиясы дамуының негізгі
сатыларына сәйкес келетін сақтандыру қызметі рыногының даму стратегияларын,
олардың мақсаттары мен міндеттерін әзірлеу;
- ұлттық және халықаралық рыноктағы өз орнын нығайту және бәсекелік
артықшылықтарын қамтамасыз етуді жүзеге асыратын сақтандыру жүйесі дамуының
стратегиялық бағдарламалары мен жобаларын стратегиялық маңызды бағыттар мен
салаларға бағыттай отырып әзірлеу;
- әлемдік стандарттарға сай келетін сақтандыру қызметінің даму
процестерін реттеу механизмдері жүйесін жасау.
Жаңадан енгізілген жаңалықтардың бірі көлік құралдары иелерінің
азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша деректер
базасын құру болып табылады. Көрсетілген деректер базасын құру тарифтерді
(апат тарихы, машина жүргізу стажы) реттеу үшін статистиканы жинақтау,
көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге
асыратын сақтандырушылардан жəне сақтандыру есептерін алу жəне (немесе)
ақпаратты ұсыну туралы шарттардың негізінде өзге тұлғалардан ақпаратты
жинау арқылы көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін
міндетті сақтандыру саласында алаяқтық фактілерін болдырмау жəне алдын алу
қажеттілігімен негізделеді [8, 21 б.].
Сақтандыру компанияларының қызметі белгісіздікке негізделетінін назарға
ала отырып, сақтандыру компаниясына оның ағымдағы және күтілетін болашақ
қаржылық жағдайын көрсететін мүмкін болатын жағдайларды ескеру керек.
Осыған орай бүгінгі күні сақтандыру ұйымдарының тәуекелділікті басқару
жүйесін құру мәселесі өзекті болып табылады.
Сонымен, қорыта келе мынадай ұсыныстар жасауға тура келді:
- келешек сақтандыру қызметінің жұмысын тез әрі жедел жүргізуде
сақтандыру компанияларының автоматтандырылған басқару жүйесін енгізу;
- жоғарғы білікті мамандар дайындау және оларды қайта дайындаудан
өткізу үшін өте мықты білім беру базасын құру (сақтандыру компанияның
менеджері, агенттер, брокерлер, актуарийлер, сэджастерлер, т.б.);
- сақтандыру қызметін дамытудың жаңа қағидаларына көшу.
1.2 Туристік қызметтегі сақтандыру түрлері және мақсаттары
Қазақстан Республикасының туроператордың және турагенттiң азаматтық-
құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы заңы

құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы заңы Қазақстан
Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексiнен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де
нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда

құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы заңында көзделгеннен
өзге ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Мiндеттi сақтандыру объектiсi
Туристiк қызмет көрсетумен байланысты туристiң мүлiктiк жәненемесе
өзге де мүдделерiне келтiрiлген зиянды оның өтеуi мiндетiмен байланысты
туроператордың жәненемесе турагенттiң мүлiктiк мүддесi туроператордың және
турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың объектiсi болып
табылады.
Туроператордың және турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың
мақсаты мен негiзгi принциптерi
Туроператор мен турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың
мақсаты туроператордың жәненемесе турагенттiң туристiк қызмет көрсету
кезiнде туристтiң мүлiктiк немесе өзге де мүдделерiн қорғауды қамтамасыз
ету болып табылады.

негiзгi принциптерi мыналар болып табылады:
1) осы Заңмен белгiленген көлемде және тәртiпте туристiң мүлiктiк
немесе өзге де мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету;
2) туристiк қызмет көрсетуге арналған шарт бойынша туроператордың
және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру
шарты бойынша тараптардың өздерiнiң мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз
ету болып табылады.
Туроператор мен турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру
жүйесiне мемлекеттiк бақылау және қадағалау
Сақтандыру ұйымдарының қызметiне мемлекеттiк қадағалауды сақтандыру
рыногын реттеу және сақтандыру қызметiн қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi
мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, соның
iшiнде бiрлескен негiзде жүзеге асырады.
Туроператор мен турагенттiң осы Заңның туроператордың және
турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мiндеттi түрде
жасасуына қатысты бөлiгiндегi талаптарды орындауына бақылау жасау және осы
талапты бұзған туроператор мен турагентке шара қолдану Қазақстан
Республикасының заңнамасымен белгiленген өзiнiң құзыретi шегiнде туризм
саласындағы уәкiлеттi органға жүктеледi.
Сақтандыру сомасының, сақтандыру сыйлығының мөлшерi және оны төлеу
тәртiбi
Туроператор мен турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру бойынша
сақтандыру сомасы мөлшерi он мың айлық есептiк көрсеткiштен кем болмауы
тиiс.
Тураператор мен турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру бойынша
сақтандыру сыйлығының мөлшерi тараптардың келiсiмi бойынша белгiленедi,
бiрақ сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру сомасының 1%-нен аспауы
тиiс.
Сақтандыру сыйлығын төлеудiң мерзiмi мен тәртiбi туроператор мен
турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартымен белгiленедi.
Туроператор мен турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты
және оны жасау тәртiбi

сақтандырушы мен сақтанушының арасында жасалатын шарттың негiзiнде жүзеге
асырылады. Туроператор мен турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру
шарты туристiк қызмет көрсетумен байланысты сақтандырушы мен сақтанушы
арасында мүлiктiк немесе өзге де мүдделерiне зиян келтiрiлуi мүмкiн
туристiң пайдасына жасалған келiсiм болып табылады.
Сақтанушы сақтандырушыны таңдауға ерiктi. Сақтандырушының сақтанушыға
туроператор мен турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын
жасаудан бас тартуға құқығы жоқ.

бойынша сақтанушы сақтандыру сыйлығын төлеуге, ал сақтандырушы сақтандыру
жағдайы туындаған кезде туроператор мен турагенттiң жауапкершiлiгiн
мiндеттi сақтандыру шартында көзделген тәртiп пен мөлшерде туристiң
келтiрiлген моральдық зиян мен жiберiп алған пайданың орнын толтырумен
байланысты талаптарын қоспағанда, пайда алушыға сақтандыру төлемiн осы
заңның талаптарын есепке ала отырып жасауға мiндеттенедi.
Туроператор мен турагент туроператор мен турагенттiң жауапкершiлiгiн
мiндеттi сақтандыру шартын жасау туралы өтiнiш жасаған кезде, сақтандырушы
олардан бұрынғы жасалған туроператор мен турагенттiң жауапкершiлiгiн
мiндеттi сақтандыру шарттары туралы толық мәлiметтердiң тапсыруын талап
етуге құқылы.
Туроператор мен турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын
жасау сақтандырушының сақтанушыға Қазақстан Республикасының сақтандыру
қызметi туралы заңнамасының талаптарына сәйкес ресiмделген сақтандыру
полисiн берумен куәландырылады.

мiндеттi сақтандырудың осы түрi (сыныбы) бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге
асыруға құқылы лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары iске асырады.

жасалмайынша туроператордың жәненемесе турагенттiң қызметiне жол
берiлмейдi.

шартының мерзiмi және қолданылу аумағы

сақтанушы сақтандыру сыйлығын төлеген сәттен бастап, мiндеттi сақтандыру
шарты күшiне енедi және оның алғашқы сақтандыру жарнасының мерзiмi
ұзартылып төленгеннен бастап, тараптар үшiн мiндеттi саналады.
Туроператорлар мен турагенттердiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру
шарты оның күшiне енген күнiнен бастап он екi ай мерзiмге жасалады.
Сақтандыруды қорғаудың қолдану мерзiмi туроператор мен турагенттiң
жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылу мерзiмiне тура
келедi.

қолдану аумағы туристiк бағыттың (турдың) өтетiн аумағы болып табылады.
1.3 Туристерді жеке сақтандыру қызметі
Жеке сақтандыру деп сақтанушылардың өмірлері, денсаулықтары және еңбек
қабілеттеріне байланысты мүдделерін қорғау бойынша сақтандыру қызметтерін
көрсету кезіндегі сақтандырушы мен сақтанушы арасындағы қатынасты айтамыз.
Туристерді жеке сақтандыру бойынша сақтандырушылар жеке де, заңды да
тұлғалар болса, ал сақтанушы тек турист болады. Жеке сақтандыру әрқашан
тұлғамен (адаммен) байланысты болады. Мысалы, туристік фирма (заңды тұлға)
сақтанушылар ретінде жұмысшыларын өзінің қаржысы есебінен жеке сақтандыруды
жүзеге асырады. Сақтанушы туристер ретінде 16 жастағы балалардан 80 жасқа
дейінгі адамдар бола алады. Әрбір адам өзінің тұлғасымен байланысты
мүдделерін қорғауға құқығы бар. Жеке сақтандыруды мүліктік мүддені қорғау
ретінде қарастыруға болады.
Туристерді жеке сақтандыру мазмұны жағынан мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру мен әлеуметтік қамтамасыз етудің қосымша бір түрі болып
табылады. Сондықтан да, сақтандыру төлемі басқа сақтандыру келісім-шарттары
бойынша есептелгенсомаға байланыссыз сақтанушыға немесе үшінші тұлғаға
төленеді.
Туристердің жеке сақтандыру келісім-шарты бойынша сақтандыру сомасы
сақтандырушымен келісілген кез-келген мөлшерде бекітіледі.
Сақтандыру жағдайы келісім-шартта көрсетілген жағдайларға, сақтандыру
шарттары мен ережелеріне сай келсе, сақтандыру төлемі төленеді.
Туристерді сақтандыру оқиғаларына туристік жолдамада көрсетілген
орындар да ғана болған сәтсіз жағдайлар (улану, жарақаттану т.б.), кенеттен
туристің ауырып қалуы, қаза болуы жатады.
Туристердің жеке сақтандыруындағы сақтандыру оқиғалары қатарына ұзақ
уақыттан келе жатқан, жұқпалы, рецидивті (жүрек-қан тамырлары,
онкологиялық, туберкулез, тіспротездік және басқа да) аурулар жатпайды.
Біздің елімізде туристерді сақтандыру ерікті іс болғандықтан, турист
туристердің сақтандыруымен айналысатын кез-келген сақтандыру компаниясынан
сақтандыру полисін ала алады. Турист келісім-шартқа отырар алдында ол
сақтандырудың шарттарымен міндетті түрде танысуы қажет, қандай сақтандыру
оқиғалары бойынша сақтандыру жүргізілетінін де білуі шарт. Турист
көрсетілген шарттарды толық немесе мүлдем орындамаса, онда сақтандырушы
сақтандыру сомасын төлемеуі мүмкін.
Туристердің жеке сақтандыру шарттарында сақтандыру жауапкершілігі
таралмайтын санкциялар да көрсетіледі. Мысалы, ауырған, апатты жағдайлар
және өлімі кезіндегі санкцияларға туристің әдейі істеген істері (ішімдік,
немесе наркотик қолдануы, төбелестерге, митингтерге, көтерілістерге
қатысуы, өзін-өзі атуы немесе өлтіруі) жатады.
Шетелге шығатын туристің жеке сақтандыруы, әдетте, ерікті медициналық
сақтандыру ретінде болады. Ол шетелде болған қауіпті жағдайлардан алған
дене жарақаттары, кенеттен болған аурулардан сақтандырады. Медициналық
сақтандырудың келісім-шарты саяхат кезінде адамның толық саулылығын,
ешқандай дене жарақатын алмаудыжәне ұзақ уақытты рецептивті ауруларға
шалдықпауын қарастырады.
Мысалы: Шетелге сапарға баруды жоспарлағанда біз шетелге шығушы
азаматтарды сақтандыру полисін алуға кеңес береміз. Полистің бар болуы
сапар кезінде күтпеген медициналық шығындардың төленуіне немесе оқыс
жағдайлардан сақтануға кепіл болады.
Компания Казкоммерц-Полис сақтандыру компаниясының агенті болып
табылады, ол CLASS АSSISTANCE сақтандыру компаниясымен бірге шетелге шығушы
туристерді сақтандыруды жүзеге асырады. Казкоммерц-Полис сақтандыру
компаниясы 1996 жылдан бастап туристерді сақтандырумен айналып келеді.
Шетелге шығушыларды сақтандыру бағалары қызмет көрсетудің осы
саласындағы көп жылдық тәжірибесінің арқасында қаладағы ең үздік
фирмалардың бірі. Саяхатшыларды сақтандырдың ақырғы бағасы сапардың
ұзақтығы, сақтандыру шығынының сомасы, туристің жасына, қосымша
тәуекелдердің болуы сияқты көптеген факторларға байланысты.
Полис категориясына байланысты ұсынылатын сервистік қызмет түрлерін
көрсетеді:
- Standart-travel категориясы өз ішінде шұғыл медициналық көмек
(соның ішінде, ауруды басатын шара арқылы табиғи тісті емдеу,
стационарлық ем жасау);
- медициналық тасымал
- шұғыл медициналық көмек (соның ішінде, ауруды басатын шара арқылы
табиғи тісті емдеу, стационарлық ем жасау
- саяхатшыларды өз елдеріне қайтару қызметтерін қамтиды.

ұйымдастыру
Шет елдерде туристік қызметті сақтандыру нарығын ұйымдастырудың
келесідей принциптері қалыптасқан:
- Капиталды шоғырландыру, ірі сақтандыру монополияларын құру.
- Халықаралық қайта сақтандыру пулдарын, халық-аралық сақтандыру (қайта
сақтандыру) компанияларын құру, халықаралық қайта сақтандыру келісімдерін^
жасау арқылы сақтандыру нарығын интернационалдандыру. Еуропада, мысалға,
Еуропалық сақтандыру комитеті бар, бүгінгі күнде оның құрамына 30 мемле-кет
кіреді. ЕСК-нің түпкі мақсаты біртұтас Еуропалық сақтандыру нарығын құру
болып табылады.
Біртұтас Еуропалық туристік қызметті сақтандыру комитеті болжайды:
- Еуропалық Қауымдастықтың барлық елдерін қамтитын біртұтас сақтандыру
нарығын қалыптастыруды аяқтау;
- бүкіл Еуропа бойынша сақтандыру компанияларын жэне олардың
филиалдарын ашуға ерік беру, сондай-ақ сақтандыру қызметтерін ұсыну;
- стандартты заңнамалық ережелер кешенін енгізу: сақтандыру ережелері,
директивалары, үсыныстары мен кеңестері және т.б.
Азияда Экономикалық әріптестік Ұйымының шеңберінде (Иран, Пакистан,
Түркия, Қазақстан, Орталық Азия мемлекеттері) халықаралық қайта сақтандыру
компаниясы құрылған (мүше болу үшін бастапқы жарна - 50 000 АҚШ доллары.
• Сақтандыру капиталын банктік жэне өнеркэсіптік капиталмен біріктіру.
Сақтандыру компанияларының басшылары банктердің жэне кэсіпорындардың Ди-
ректорлар Кеңесінің мәжілістерінде жетекші рөл атқарады.
• Сақтандыру қызметін қатаң түрде бақылаудан (мысалға, Германияда)
мейлінше либералды (ерікті) бағытталған (Ұлыбритания) бағытталған жаппай
мемлекеттік бақылау.
• Мүліктік және жеке сақтандыру, қайта сақтандыру бойынша сақтандыру
компанияларын мамандандыру.
АҚШ туристік қызметті сақтандыру ерекшеліктері
АҚШ сақтандыру нарығына тән сипаттар. АҚШ- тың үлесіне бүкіл элемдегі
сақтандыру нарығының 50%-ы келеді, елде 10000-нан астам сақтандыру
компаниялары бар, солардың ішіндегі 8000 компания мүліктік сақтандырумен
айналысады, ал олардың жалпы активтері шамамен 2 трлн. долларды құрайды.
Әрбір штаттың өзінің дербес сақтандыру заңнамасы және сақтандыруды
мемлекеттік қадағалау қызметі бар.
АҚШ-та сақтандыру компанияларының екі типі кездеседі:
- Акционерлік ұйымдар және Өзара сақтандыру ұйымдары. Мемлекеттік
сақтандыру ұйымдары жоқ.
АҚШ-та жеке және медициналық сақтандыру кеңінен тараған және кеңінен
тармақталған брокерлік компаниялар жүйесі бар.
Сақтандыру компанияларының негізгі табыс көзі-сақтандыру резервтерін
экономиканың түрлі салаларына инвестициялау.
Ірі кәсіпорындардың Директорлар кеңесінің 30%-дан астам орнын
сақтандыру компаниялары алады.
Сақтандыру компаниялары зейнетақы қорларының активтерін басқаруға
белсенді араласып отырады.
Ұлыбританияда туристік қызметті сақтандыру нарығын ұйымдастырудың
ерекшеліктері
Лондонда әлемдік туристік қызметті сақтандыру институттарының штаб-
пәтері орналасқан: 700-ден астам ұлттық сақтандырушыларды және 150
шетелдіктерді біріктіретін Ллойд корпорациясы, Лондондық сақтандырушылар
институты, дипломдалған сақтандырушылар институты және т.б., сондай-ақ
әлемдегі барлық беделді компаниялардың өкілеттіктері орналасқан.
АҚЖ туристік қызметті сақтандырудың негізгі түрлері міндетті формада
өткізіледі (көлік иелерінің, жүк және жолаушылар тасымалдаушыларының,
жануарлар иелерінің, кәсіби жауапкершіліктер).
Сақтандыру компаниялары негізінен мүліктік және жеке сақтандыруға
мамандандырылған, брокерлік компаниялар желісі дамыған (барлық
келісімдердің шамамен 50%-ы брокердің араласуымен жасалады).
Германиядағы туристік қызметті сақтандыру ерекшеліктері
Германияда әлемдегі ірі қайта сақтандыру компаниясы (Мюнхен-РЕ) жэне
Альянс-Холдинг сақтандыру концерні орналасқан.
• Сақтандыру капиталы негізінен банктік капиталмен бірігеді.
• Германияда тасымалдаушылардың жэне көлік ие-лерінің жауапкершілігін
сақтандыру бойынша элем-дегі ең ірі сақтандыру сомалары бекітілген - бір
сақ-тандыру жағдайына 60 млн. АҚШ долларына дейін төленеді.
Қытай мен Жапониядағы туристік қызметті сақтандыру ерекшеліктері
Қытайда мемлекеттік Қытай халық сақтандыру компаниясы жетекші рөл
атқарады (элемдегі ең ірі компаниялардың бірі). Сақтандыру қызметін
қадагалау бойынша ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz