Балалардағы қант диабеті


Балалардағы қант диабеті
Мазмұыны:
- Балалардағы қант диабетінің даму себептері,
- ,
- асқынулары,
- қант ,
- гипо және диабеттік комалар кезінде көмек көрсету;
- Инсулин дозасын есептеу, балалардағы инсулинмен емдеу ерекшеліктері.
Қант диабеті-асқазан асты безінің (ұйқы) бетта-клеткаларының инсулинді аз мөлшерде шығаруымен және осы себепті барлық зат алмасу түрлерінің, айрықша қант алмасуының бұзылуымен сипатталатын ауру.
Қанда инсулин аз болғанда ұлпалар қантты сіңіре алмайды, сондықтан қант мөлшері өседі, яғни гипергликемия дамиды. Қалыпты жағдайда қандағы қант мөлшері ашқарынға- 3, 5-5, 5 ммоль/л. Қандағы қант мөлшерінің өсуі оның организмнен зәрмен шығуына себепкер болады-глюкозурия.
Қант диабеті ерте заманнан белгілі болған: 18 ғасырда бұл науқастардың зәрінің тәтті болатындығы, 19 ғасырда бұл аурудың себебі-инсулин мөлшерінің азаюы екені дәлелденген, 20 ғасырда совет ғалымы Коган-ясный қолдан инсулин дайындады. Инсулинді қолдан дайындағанға дейін ауру адамдар 3-5 жыл ғана өмір сүретін, ал қазіргі кезде 65 жылға дейін өмір сүреді.
ВОЗ-дың мәліметтері бойынша қант диабетімен ауыратындардың саны 20 миллионға жуық, олардың ішінде балалар мен жасөспірімдер 10%, яғни миллионға жуық. Қант диабетінің кең таралуы бұл ауруды әлеументтік ауруға жатқызуға және қоғамдық шараларды өткізуді талап етеді: жаппай көпшілікті жоспарлы медициналық тексеруден өткізу және қант диабетіне бейімді континентті зерттеу, қант диабетімен аыратын адамдарды диспансерлік бақылауға алу, оларды инсулин препаратымен тегін қамтамасыз ету, осы науқастарға арнайы тамақ түрлерін шығару, санитарлық-ағарту жұмыстарын кеңінен жүргізу.
Қант диабетінің себептері:
Тұқым қуалаушылық-65 пайызға дейін.
Балалардағы вирусты инфекциялардың асқынулары-қызылша, желшешек, тұмау, мысқыл т. б.
Тамаққа қанттар мен майларды көп пайдалану.
Стресстік ситуациялар.
Клиникалық айқындалуы: 3 негізгі клиникалық симптоммен сипатталады:
Полидипсия-шөлдеу.
Полиурия-кіші дәретке жиі отыру.
Полифагия-кенеттен тәбеттің ашылуы.
Бала тамақты жақсы ішкенімен азады.
Баланың терісі құрғақ, дуылдап қышиды.
Қан тамырларында ерте склероздық процесстер пайда болады:
А) Бас миының қан тамырларының склероздануынан бала ұмытшақ, тез шаршағыш болады.
Б) Көздің қан тамырларының склероздануынан алысттан көрушіліктің нашалуы дамиды.
В) Бүйректе-созылмалы бүйрек жетіспеушілігі дамиды.
Г) Жүректе-жүрек соғу дыбысы нашар естіледі, шекарасы ұлғайады, шу пайда болады.
Д) теріде-екі бетінің ұшы қызарады.
Е) зат алмасуының бұзылуынан-бала организмінің төзімділігі нашарлайды, сондықтан бұл балаларда терінің іріңді аурулары, өкпе қабынуы, жұқпалы аурулар жиі кездеседі.
Қант диабетінің балалардағы ерекшелігі:
Ауру қатты екпінді басталады.
Балаларда аурудың жеңіл түрі кездеспейді.
Асқынуға бейімді.
Бұл қауіпті асқынулар- гипергликемиялық және гипогликемиялық комалар. Бұл комалар жедел жәрдемді қажет етеді.
Гипергликемиялық кома
Себептері: 1. Инсулин дозасының кем болуы.
2. Майлы және тәтті тамақты мөлшерден көп жеу.
Осы себептердің әсерінен зат алмасуының барлық түрі бұзылады, организмде шала толтыққан улы заттар жиналып уланады.
Айқындалуы: Гипергликемиялық кома біртіндеп басталады, шөлдейді, зәрінің мөлшері көбейеді, баланың тәбеті төмендейді, ұйқышылдық пайда болады, терісі және шырышты қабаттары құрғап, аузынан ацетон иісі шығады, дем алысы шуылдаған, бала есінен айрылады.
Жедел жәрдем:
Көк тамырға 100-300 мл ас тұзының физиологиялық ерітіндісіне қосып 0, 1 ед/кг салмағына есебімен үздіксіз етіп инсулин құю.
Асқазанды 5% сода ерітіндісімен жуу.
4% сода ерітіндісімен тазалағыш клизма қою.
Рингер, ас тұзының физиологиялық ерітіндісін, 5% глюкоза ерітінділерін көк тамырға тамшылатып 2-3 литрге дейін құю (токсиндерді шығару мақсатында) . Бұл ерітінділермен бірге кокарбоксилаза, вит С құйылады. Тамшылатып сұйықтықтар құйып жатқан кезде баланы грелкамен жылытып, минералды суларды, жемістер компоттарын 10 минут сайын 1-2 шай қасықтан беріп отыру керек.
3-4 сағаттан кейін бала жеңіл қорытылатын тамақтармен тамақтандырылады: айран, жеміс-жидек шырындары, пюрелер.
Баланың сөткелік зәрін және биохимиялық анализге көк тамырдан қанын қантқа тексеру.
Гипогликемиялық кома.
Себептері: 1. Тамақпен организмге қанттардың кем түсуі.
2. Организмге инсулинді шамадан көп енгізу.
Айқындалуы: Гипогликемиялық кома кенет басталады, аузынан ацетон иісі шықпайды, терісі боз, дымқыл, демалысы жиі үстірт, баланың денесі құрысып-тырысады, тез есінен танады.
Жедел жәрдем.
Егер бала есінде болса оған бірнеше кесек қант, бал, тәтті шай, кәмпит беріледі.
Егер бала ессіз болса көк тамырына үздіксіз етіп 20-50 мл 40% глюкоза ерітіндісі құйылады.
Терісінің астына 0, 1-1, 0 мл 10% кофейн ерітіндісі егіледі.
Дымқылданған оттегі беріледі.
Бала есін жиған соң тамақтандырылады.
Қант диабетінің емделуі.
Емдеудің мақсаты-бұзылған зат алмасуын реттеу
. Негізгі ем-диетотерапия және тиісті режимді сақтау. Балалардың тамағы құнды болып, майларсыз, оңай қорытылатын, қанттары аз болуы керек. Тамақты күніне 5-6 рет ішкен дұрыс. Ауру баланың рационында ет, жұмыртқа, балық, қаймақ, қанты аз көкөністер болуы керек (капуста, қияр, помидор, шалғам /редиска/, мүкжидек /клюква/, тәтті болгар бұрышы. Балалардың организмі өсіп келе жатқандықтан ақуыз мөлшері азайтылмайды. Кәмпит, қант, варенье, бал, торт мүлдем беруге болмайды. Біздің өнеркәсібіміз қант диабетімен ауыратындарға арнайы тамақтар шығарады: нан, шұжық, варенье, кәмпит, вафли құрамында қанттың орныны сорбит, ксилит қолданылған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz