Қысқа мерзімді міндеттемелер есебі, iшкi аудиті мен талдауы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Мирас Строй LTD » ЖШС
Жирентаева Г. Б.
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЕСЕБІ, IШКI АУДИТІ МЕН ТАЛДАУЫ
050508 - «Есеп және аудит» мамандығы бойынша
Алматы, 2012
МАЗМҰНЫ
1. 1 Қысқа мерзімді міндеттемелердің экономикалық мәні және мазмұны . . .
1. 2 Ұйымның қысқаша экономикалық сипаттамасы . . .
1. 3 Зерттеу обьектісінде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру . . .
7
10
14
КІРІСПЕ
Қазіргі кездегі кез келген кәсіпорындар мен ұйымдар тартылған капиталды қолданады, бұл капитал бухгалтерлік есепте міндеттемелер деп аталады. Міндеттемелердің туындауы жұмыс барысында пайда болады, ол жабдықтаушылар мен мердігерлер алдындағы қарыз болуы мүмкін, шикізаттар мен материалдарды сатып алғанда, саудадағы жеткізу қызметінде, бір сөзбен айтқанда басқа ұйымның алдындағы қарызы. Одан басқа бюджетке төленетін салықтар және кәсіпорындағы қызметкерлер алдындағы еңбек ақы міндеттемелері туындайды.
Елбасы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты өз жолдауында атап өткендей, Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында, өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, бәсекеге қабілетті және ашық нарық экономикасы бола алады. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кірудің бірінші басымдығы әлемдік экономикаға ойдағыдай кірігуі болып табылады. Осыған байланысты мемлекетті дамыту процесінде бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін бара - бар дамыту ерекше өзектілікке айналады, өйткені бухгалтерлік есепке алудың, қаржылық есеп берудің және аудиттің мақсаты басқару шешімдерін қабылдау үшін мүдделі пайдаланушыларды экономикалық ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.
Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шет елдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай - ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан ұйымдар көптеп кездеседі. Осы айтылған міндеттемелер есебі бухгалтерлік есептегі ең негізгі, яғни қай саладағы болмасын кәсіпорындардың көкейкесті мәселелері екендігі өзекті мәселе деуге болады.
Кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша жеткізушілермен, мердігерлермен, инвесторлармен, кредиторлармен, қызметкерлермен және мемлекетпен уақытында есеп айырысуы, оның төлем қабілетінің жоғары екендігін білдіреді. Ағымдағы міндеттемелерді жабу мүмкіндігінің жоғары болуы кредиторлардың қызуғышылығын арттырады, ұйымның зиян шегу ықтималдылығын азайтады. Сондықтан кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттеме есебін дұрыс ұйымдастыру мен оның талдауы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені төлем қабілеттілігінің жоғары болуы кәсіпорынға деген серіктестер мен клиенттердің оң көз-қарасын қалыптастырады.
Кәсіпорын міндеттемелерді реттеу үшін әр түрлі әдістерді жүзеге асыруы мүмкін:
- ақша қаражаттарын төлеу;
- басқа да активтерді аудару;
- қызмет көрстеу;
- міндеттемені басқамен ауыстыру;
кейбір жағдайларда одан бас тарту, және т. б. Қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайы кәсіпорынның сенімді болуын, тұрақтылығын және келешекте үздіксіз жұмыс істеуін үнемі талап етеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - «Мирас - Строй LTD» ЖШС қаржылық жағдайымен танысу, ұйымның материалдары негізінде қысқа мерзімді міндеттемелердің бухгалтерлік есебін ұйымдастыруды, ішкі аудитін талдауды зерттеу және оның жетілдіру жолдарын анықтау болып табылады.
Дипломдық жұмыстың басты міндеттеріне мыналар жатады:
- міндеттемелердің мәнін және мазмұнын ашу;
- кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы мен есеп саясатын білу;
- жабдықтушылармен және мердігерлермен есеп айырысу есебін;
- еңбек ақы бойынша міндеттемелер есебін ашып көрсету;
- кәсіпорындағы міндеттемелерді талдау;
- кәсіпорындағы міндеттемелердің ішкі аудитін қарастыру;
- міндеттемелер есебі және аудитінің жетілдіру жолдарын қарастыру.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі «Мирас Строй LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып табылады, оның негізгі қызмет түрі- құрылыс - монтаж жұмыстары.
Қойылған мақсатқа сай келесі міндеттерді шешу керек:
- қысқа мерзімді міндеттемелердің теориялық аспектілерін ашу;
- «Мирас Строй LTD» ЖШС есеп саясатына және технико -экономикалық жағдайына сипаттама беру;
- ұйымның жеткізушілермен, мердігерлермен, бюджетпен, қызметкерлермен, банкпен есеп айырысуын көрсету және бірнеше жыл бойынша талдау жүргізу;
- қысқа мерзімді міндеттемелерді талдаудың міндеттерін және ақпараттар көздерін ашып көрсету.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі болып табылатын «Мирас Строй LTD» ЖШС 2004 жылы заңды тұлға ретінде құрылды. Ұйымның негізгі атқаратын қызметі: құрылыс-монтаж жұмыстары, жобалық жұмыстар, табиғи монополия саласымен байланысы жоқ жол құрылысы, өндірістік және тұрғын үй ғимараттарын салу, полимерлі және композитті материалдардан құрылысқа қажетті құрал-жабдықтарды өндіру, және ҚР заңдарымен тыйым салынбаған басқа да қызмет түрлері болып табылады.
Дипломдық жұмыс үш бөлімнен тұрады:
Бірінші бөлімде қысқа мерзімді міндеттемелер есебінің теориялық негіздері және ұйымның сипаттамасы қарастырылған. Оның ішінде қысқа мерзімді міндеттемелердің экономикалық мәні, ұйымның экономикалық сипаттамасы, экономикалық жағдайын талдау, бухгалтерлік есепті ұйымдастыру ашып көрсетілген.
Екінші бөлімде «Мирас Строй LTD» ЖШС қысқа мерзімді міндеттемелер есебін ұйымдастыру жайлы қарастырылған. Онда қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер, салық міндеттемесі, және кредиторлық міндеттемелер көрсетілген.
Ал үшінші бөлім қысқа мерзімді міндеттемелердің ішкі аудиті мен талдауы, аудиттің мақсаты мен ақпарат көздері, қысқа мерзімді міндеттемелер аудитінің жетілдіру жолдарын ашып көрсетуге арналған.
Жұмыста «Мирас Строй LTD» ЖШС қысқа мерзімді міндеттемелер есебі және осы міндеттемелер бойынша бірнеше жылға динамикалық талдау жүргізілген. Сонымен қатар әр түрлі схемалар, диаграммалар, кестелер пайдаланылған.
Дипломдық жұмысты жазу барысында келесідей ақпарат көздері пайдаланылды: Қаржылық есептің халықаралық стандарттары, тақырып аясында жазылған арнайы әдебиеттер мен мерзімдік баспа материалдары, интернет көзінің мәліметтері, «МирасСтрой LTD» ЖШС қаржылық есептілігі, бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспары, есеп саясаты және т. б. мәліметтер.
1 ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Қысқа мерзімді міндеттемелердің экономикалық мәні және мазмұны
Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің шаруашылық қызметі барысында меншікті капиталдарымен қатар басқа қатыстырылған (тартылған) капиталдарды да қолданады. Бұл қатыстырылған капитал бухгалтерлік есепте міндеттемелер деп аталады. Кез келген өндіріспен айналысатын ұйым сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен материалдар алғаны үшін жабдықтаушы-мердігерлердің алдында қарыз болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де немесе саудамен де айналыспайтын кәсіпорындардың өзі қарамағында жұмыс істейтін жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың істеген еңбегі үшін, сондай-ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында міндетемесі болуы мүмкін. Осы айтылған міндеттемелер есебі бухгалтерлік есептегі ең негізгі, яғни қай саладағы болмасын кәсіпорындардың көкейкесті мәселелері екендігі сөзсіз.
Міндеттеме өткен кезең оқиғасынан пайда болған ұйымның берешегі. Бұл берешекті реттеу (жою) экономикалық пайдасы мол ресурстар (ақшалай қаражаттар) ағынына әкеп соғады.
Міндеттеме ағымдық (операциялық кезеңдерде немесе есептелетін күннен 12 айдың ішінде өтеледі) және ұзақ мерзімді (төлеу мерзімі бір жылдан көп) болып жіктеледі.
Он екі ай аралығында өтеуге жататын міндеттемелер қысқа мерзімді ретінде тіпті төмендегі жағдайлар орын алғанда ажыратылады:
- міндеттемелерді орындаудың алғашқы мерзімі он екі айдан асса;
- міндеттемені қайта қаржыландыру немесе төлем жүргізу кестесін өзгерту туралы келісім баланс күнінен соң және шығарылымның қаржылық есептемесі бекітілгенге дейін жасалады [2] .
Орындалу мерзіміне байланысты міндеттемелер:
- қысқа мерзімді;
- ұзақ мерзімді;
- кәсіпорынның қалыпты операциялық кезеңінің барысында оған ақы төлеу көзделсе;
- ол баланс күнінен кейін он екі айдың ішінде орындалуға тиіс болса;
- сауда операциялары үшін ұсталып қалса;
- ұйымның баланс күнінен соң, кем дегенде он екі ай аралығында өтеу мерзімінің ұзартылуына құқығы жоқ міндеттемелер.
Кейбір қысқа мерзімді міндеттемелер мысалы, жеткізушілер мен мердігерлерге несиелік қарыз, есептелген шығындар (еңбек ақы немесе өзге де операциялық шығындар) кәдімгі операциялық айналым аясында қолданылатын айналым капиталының бір бөлігі болып табылады. Мұндай баптар баланс күнінен соң, он екі айдан артық мерзімде тіпті өтеуге жатса да, қысқа мерзімді міндеттемелер ретінде ажыратылады. Активтер мен міндеттемелерді ажырату үшін бір кәдімгі операциялық кезең қолданылады. Сауда операциялары үшін ұсталатын қаржылық міндеттемелер, банк овердрафтары, сондай ақ ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелердің қысқа мерзімді құрамдас бөлігі, есептелген дивиденттер, салықтар, пайда мен басқа да несиелік қарыз қысқа мерзімді міндеттемелерге мысал болуы мүмкін.
Қарыз талап ету бойынша төлеуге жататын ұзақ мерзімді займ шарты бойынша міндеттеме бұзылған жағдайда, төмендегідей ажыратылады.
Қысқа мерзімді егер қарыз алушы баланс күнінен кейін және қаржылық есептеме жариялануға рұқсат берілмес бұрын қарыздың төленуін талап етпеуге келіссе.
Ұзақ мерзімді егер қарыз алушы баланс күніне дейінгі аралықта баланс күнінен соң, кем дегенде он екі айдан соң аяқталатын мерзімін ұзартудың жеңілдіктегі кезеңін ұсынуға келіссе, ол қарыздың дереу өтелуін талап ете алмайды, ал ұйым міндеттемені қалпына келтіре алмайды [3] .
Міндеттемелер есебінің ұйымдастырудың міндеттері:
1) ҚР нормативтік базасына сәйкес міндеттемелер есебін зерттеу;
2) Шартта көзделген жабдықтаушылармен есеп айырысу формаларын тексеру және бақылау;
3) Кредиторлармен мерзімге сәйкес есеп-айырысуын сараптау;
4) Кредиторлық берешектің қысқарту жолдарын анықтау және жетілдіру жолдарын іздестіру;
Кредиторлық берешектің сарапталу міндеттері:
- қарыздың динамикасын бақылау;
- белгілі бір іс - әрекеттен туындаған қарыздың көлемін анықтау;
- есеп - айырысу формаларының ерекшеліктері бойынша;
- қаржылық есеп-айырысу тәртіптерінің бұзылуына байланысты.
Төленуге тиісті шоттар - төлем шоттары жеткізушілермен есеп айырысу шоттары. Олар кәдімгі қызмет барысында туындайтын сауда міндеттемелерінде қолданылады.
Төлем туралы белгілер банктегі есептік және өзге шоттар бойынша көшірмелердің негізінде жасалады. Айдың соңында қорытындыларды есептеп, сальдо шығарады.
Төлем вексельдері - вексельдердің негізгі көзі болып, таурлар мен қызметтер үшін банк қарыздары мен төлемдер табылады. Вексельдер қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз етілмеген кепіл болуы мүмкін. Вексель пайыздық не болмаса пайызсыз болу мүмкін. Пайыздық ставка вексель сомасынан бөлек белгіленген. Пайызсыз вексельде пайыз дисконтты орнату арқылы алдын ала төленеді. Ол жерде қазіргі ставка не болмаса пайыздық табыс деп аталатын пайыз нормасы жанама түрде көрініс табады. Қарыз міндеттемелері бойынша кезендік пайыз сомасы бұл:
Негізгі сома х Пайыздық ставка х Уақыт = Пайыз сомасы. (1)
Белгіленген пайыздық ставка - бұл қарыз құжатында белгіленген пайыз нормасы. Белгіленген пайыз нормасы қарыздың негізгі сомасы ретінде төленетін пайыздық төлемдердің сомасын белгілейді. Банк несиелері. Несиелер коммерциялық, келісім шарттық негізде, жедел, қайтарымды, төлемді шарттармен ұсынылады.
Қысқа мерзімді несиелер ең көп дегенде он екі айға ұсынылады.
Жекелеген жағдайларда өндірістік айналым спецификасына байланысты ұзағырақ мерзімге, бірақ екі жылдан аспайтын мерзімге берілуі мүмкін.
Банк пен ұйымның несиелік қарым-қатынасының негізгі болып, әрбір ұзақ мерзімді несие берілетін шара бойынша жасалатын несие шарты табылады.
Салық төлемінің есептелу және төленуінің негізгі нормативі болып, ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексі (Салық кодексі) табылады.
Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиісті қосылған құн салығы сатылған тауарлар үшін есептелген қосылған құн салығының сомасы мен алынған тауарлар жұмыстар, қызмет көрсетулер/ үшін төленуге тиісті қосылған құн салығының сомасы арасында айырма ретінде айқындалады.
Кәсіпорынның сатылып алынған тауарлар үшін төленуге тиісті қосылған құн салығы бойынша ақпараттарының есебі 1420 «Қосылған құн салығы» шотында жүргізіледі. Бұл шоттың дебеті бойынша сатып алынған материалдық құндылықтар, сырт кәсіпорындардың орындаған жұмысы, көрсеткен қызметі үшін акцептелген шоттар бойынша қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі.
Кәсіпорынның өзі сатып-өткізген тауарлар /жұмыстар, қызметтер/ бойынша есептелінген қосылған құн салығы бойынша ақпараттар 3130 «Қосылған құн салығы» шотында жүргізіледі.
ҚҚС. Есеп беру кезенінің аяғында 1420 «Қосылған құн салығы» шотының дебеті бойынша көрсетілген құн салығының сомасы осы шоттың кредитінен 3130 «Қосылған құн салығы» шотының дебеті көшіріледі.
Жалдық міндеттемелердің есебі 3390 «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» деп аталатын шотта жүргізіледі. Бұл шотта негізінен пассивті есеп айырысу шоты болып табылады. Шоттың кредиті бойынша жалға алушы ұйымның негізгі құрал-жабдықтарды ұзақ мерзімге жалға алғаны үшін жалға беруші кәсіпорынға қарызы көрініс табады. Ал «Жабдық міндеттеме» деп аталатын шоттың дебиті бойынша негізгі құралдарды жалға беруші кәсіпорынға жалдық міндеттеме бойынша қарыздың төленуі көрсетіледі. Бұл шотта талдамалық есеп әрбір жалдық міндеттеме бойынша бөлек жүргізіледі.
Алынған аванстар бойынша есеп айырысу. Аванс - ақшалай міндеттеме есебіне алдын-ала төленген сома. Аванстың төленуі келісім шарттың жасалғанын растай алмайтын, бірақ алдын-ала төленген сома бірнеше функцияларды орындайды, олар:
- белгілі бір мөлшерде келісім шарт міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етеді.
- міндеттеменің бар екендігін растайды.
- жалпы төлем соманың белгілі бір мөлшері болғандықтан аванс төлемдік қызмет атқарады.
1. 2 Ұйымның қысқаша экономикалық сипаттамасы
ЖШС «МирасСтройLTD» 2004 жылы 28-ші қыркүйекте заңды тұлға ретінде құрылды. Серіктестікке 600900543831 салық төлеушінің нөмірі берілді. ЖШС Алматы қаласы, Алмалы ауданы бойынша Салық Басқармасында қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркелген.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Алматы қаласы, Алмалы ауданы бойынша Салық Басқармасында қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркелген, сериясы 6001 №0007943.
Серіктестікке 600900543831 салық төлеушінің нөмірі берілді.
Ұйымның негізгі атқаратын қызметтері:
- құрылыс - монтаж жұмыстары;
- жобалық жұмыстар;
- табиғи монополия саласымен байланысы жоқ жол құрылысы;
- өндірістік және тұрғын-үй ғимараттарын салу;
- полимерлі және композитті материалдардан құрылысқа қажетті құрал-жабдықтарды өндіру;
- коммерциялық және делдалдық қызмет;
- сауда-саттық;
- өндірістік-кәсіпкерлік қызмет;
- халық тұтынатын тауарларды өндіру және өткізу;
- ҚР заңдарымен тыйым салынбаған басқа да қызмет түрлері.
- «Мирас Строй LTD» ЖШС өз қызметінің мақсаты ретінде Қазақстан Республикасының және серіктестікке қатысушылардың мүдделерін қорғай отырып шаруашылық, кәсіпкерлік қызметтерді біріктіре жүзеге асыруды қабылдады. Серіктестік мақсатына сай мынадай қызмет түрлерімен айналыса алады:
- тұрғын үй ғимараттарының күрделі құрылысы және жөндеу;
- құрылыс-монтаж жұмыстары;
- Қазақстан Республикасының заңдармен тыйым салынбаған басқа да қызметтер.
- «Мирас Строй LTD» серіктестігі заңды тұлға болып табылады, өзінің жеке балансы, банк мекемелерінде, өзге де несие-қаржы мекемелерінде шоттары, дөңгелек мөрі, фирмалық бланкісі, эмблемасы бар. Серіктестіктің құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдары, Жарғы және серіктестік қатысушыларының шешімдеріне сәйкес белгіленеді.
- «Мирас Строй LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Жарғыға сәйкес жарғы капиталы 1 теңгені құрайды. Жарғы капиталы серіктестік мемлекеттік тіркеуге өтініш жазғанға дейін қалыптастырылды.
Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестіктің жарғылық капиталы 100 000, 00 теңгені құрайды.
ЖШС-те жеке балансы бар, ағымдағы теңгемен және шетел валютамен банктік шоты бар, өз меншікті аты-жөнімен екі тілде мөрі бар.
Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестіктің органдары:
- жоғарғы орган - құрылтайшы, оның шешімдері жазбаша түрде рәсімделеді.
- атқарушы орган - директор, құрылтайшының шешімдерін жүзеге асыратын және соған жауапты тұлға.
«Мирас Строй LTD» ЖШС негізгі экономикалық көрсеткіштерін талдау. Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау -серіктестіктің барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін көрсетеді.
Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді. Активтердің өсуі серіктестіктің болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.
Активтерді талдай отырып ең алдымен ұйымның өндірістік қуатын анықтау қажет. Өндірістік қуатты анықтаудың 2 әдістемесі бар: 1-әдістемесі бойынша өндірістік қуат ұйымның негізгі құралдарының, өндірістік қорларының, аяқталмаған өндірісінің құндарының қосындысы ретінде анықталады; 2-әдістеме бойынша жоғарыда аталған баптарға орнатылуға тиісті жабдықтар құны мен аяқталмаған күрделі салымдар құны қосылады.
Өндірістік қуат ұйымның материалдық-техникалық базасын және даму жағдайын сипаттайды. өндірістік қуат мәні 0, 5 тең немесе үлкен болуы керек [5] . Кәсіпорындағы еңбек өнімділігі келесі формуламен есептеледі.
ЕӨ ═ түсім / жұмыскерлердің саны (2)
ЕӨ 2009 ═ 37 049, 57 / 20 ═ 1852, 47
ЕӨ 2010 ═ 113 648, 58 / 43 ═ 2 643
Кәсіпорынның қор қайтарымдылық көрсеткіші кәсіпорынның негізгі қорлардың әрбір теңгесіне шаққандағы орындалған жұмыс көлемін кәсіпорынның негізгі қорлардың орташа жылдық бағасына бөлу арқылы анықталады:
ҚҚ ═ Түсім / ҰМА (3)
ҚҚ 2009 ═ 37 049, 57 / 730, 22 ═ 50, 73
ҚҚ 2010 ═ 113 648, 58 / 2 197, 51 ═ 51, 71
Қор қайтарымдылығын көбейтудің ең басты шарты - еңбек өнімділігінің өсу қарқынын қормен қорлану көрсеткіштерінің өсу қарқынынан арттыру
Кесте 1 - Ұйымның технико - экономикалық көрсеткіштері
Ескертпе. «Мирас Строй LTD» ЖШС мәліметтері негізінде автормен құрастырылған.
Сатудан түскен табыс есепті жылы 113648, 58 мың тг құраған, өткен жылға қарағанда 76599, 01 мың тг, 206, 7% көбейген, яғни 2 есе өскен. Сатудан түскен кіріс үлесінде әкімшілік шығыстар 3 есеге, өнімді сату бойынша шығыстар 12, 3 есе көбейген. Еңбек өнімділігі көрсеткішінің мәні есепті жылы әрбір жұмыскер әкелетін түсім сомасын көрсетеді, яғни 2009 жылы әрбір жұмыскер 1852, 47 мың теңге әкелсе 2010 жылы 2 643 мың теңге болды, 2010 жылмен салыстырғанда еңбек өнімділігі +790, 53 мың тг немесе 42, 7% өсті. 2009 жылдың қор қайтарымы нәтижесі бойынша негізгі құраладар құнының әрбір бір теңгесіне келетін алынған табыс 50, 73 мың теңге болса, 2010 жылы бұл көрсеткіш 51, 71 мың теңгені құрады, яғни 1 жыл ішінде негізгі құралдар құнынан түскен табыс сомасы + 0, 98 мың теңгеге өсті.
«Мирас Строй LTD» ЖШС табыстылық көрсеткіштерін талдау қаржылық есептіліктің 2 нысаны бойынша ұйымның қаржы - шаруашылық қызметінің есепті кезеңдегі нәтижесі бойынша анықталады. Нәтиже пайда болса, бұл ұйымның есепті кезеңдегі меншікті капиталының өсімін көрсетеді (2 - кесте) .
Пайда - кәсіпкердің әр бір салынған капиталына сәйкес келетін алынған табыс сомасы болып табылады [14] .
Кесте 2-«Мирас Строй LTD» ЖШС табыстылық көрсеткіштері
Ескертпе. «Мирас Строй LTD» ЖШС мәліметтері негізінде автормен құрастырылған.
2 нысан бойынша анықталатын негізгі көрсеткіш жиынтық пайда:
ЖП = Сатудан алынған табыс - сатылған өнімнің өзіндік құны (4)
ЖП 2008= 113 977, 49 - 100 765, 75 =13 220, 74
ЖП 2009= 37 049, 57 - 27 083, 17 = 9 966, 40
ЖП 2010= 113 648, 58 - 17 303, 71= 96 344, 87
Бұл көрсеткіш серіктестіктің аралық пайдасын сипаттайтын аналитикалық көрсеткіш болып табылады.
Кәсіпорынның тиімділігін анықтауға бағытталған жалпы табыс коэффициентін есептеуге болады:
К ЖТ ═ ЖП / САТ (5)
ЖП - жалпы пайда;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz