«компания капиталының құрылымын оңтайландыру»


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 134 бет
Таңдаулыға:   

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті

«Қаржы» кафедрасы

Шаймолдаева Акерке Талгатовна

«Компания капиталының құрылымын оңтайландыру»

6М050900, Қаржы

ДИССЕРТАЦИЯ

«Экономика және бизнес» магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған

Ғылыми жетекші: э. ғ. к., профессор

Ілиясов Қадыр Қалиұлы

Алматы, 2013

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер . . . 3

Анықтамалар, белгілеулер мен қысқартулар . 4

Кіріспе . . 5

1. Кәсіпорын капиталының құрылымының теориялық негіздері

1. 1 Кәсіпорын капиталының түсінігі және жіктелуі8

1. 2 Капитал құрылымын қалыптастырушы факторлар мен басқару бағыттары . . . 20

1. 3 Капитал бағасының және капитал құрылымының өзара байланысы . . . 30

2. «KEGOC» AҚ-ның капитал құрылымын талдау

2. 1 «KEGOC» AҚ-ның қызметіне қаржы-экономикалық сипаттама . . . 40

2. 2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау . . . 50

2. 3 Кәсіпорын капиталының құрылымын және оны қолдану тиімділігін талдау . . . 68

3. Кәсіпорында капиталдың оңтайлы құрылымын құру мәселелері

3. 1 «KEGOC» AҚ-ның капитал құрылымын жетілдіру жолдары . . . 80 3. 2 «KEGOC» AҚ-ның капитал құрылымын оңтайландыру . . . 90

3. 3 Капитал құрылымын оңтайландырудың шетелдік тәжірибесі100

Қорытынды . . . 110

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 113

Қосымшалар . . . 116

Нормативтік сілтемелер

Бұл диссертацияда келесі стандарттарға сілтемелер қолданылған :

  • «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28-ақпанның, № 234 - III Заңы;
  • «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-ІІ Заңы;
  • «KEGOC» АҚ 2025 жылға дейінгі кезеңге арналған ұзақ мерзімді даму стратегиясы;
  • СТ KEGOC 00-101-07 Ұйым стандарты. Құжаттаманы басқару;
  • СТ KEGOC 00-509-10 Ұйым стандарты. «KEGOC» АҚ-да жоспарлауды басқару;
  • Е KEGOC 00-315-10 «KEGOC» АҚ-ның Даму жоспары мен бюджетін әзірлеу, келісу, бекіту, түзету, оларды орындау және орындалуын мониторингілеу ережесі;
  • Н KEGOC 00-201-09 Сезгіштікке талдау жүргізу әдістемесі.

Анықтамалар, белгілеулер мен қысқартулар

Осы диссертацияны жазуда мына қысқартулар қолданылды:

- «KEGOC» АҚ - «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамы;

  • ҚҚС- қосылған құн салығы;
  • ТМҚ-тауарлы-материалдық қорлар;
  • ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достатығы;
  • ЕБҰ - еншілес бағынышты ұйымдар;
  • БЭЖ - бiртұтас электр энергетикалық жүйесi;
  • ҰЭТ- Ұлттық электр торабы;
  • БЭК - Бүкіләлемдік энергетикалық кеңістік;
  • ЕурАзЭҚ - Еуразия экономикалық қауымдастығы.

Осы диссертацияны жазуда мына анықтамалар қолданылды:

Капитал (capital) - кəсіпкерлік қызметті жүргізу үшін ең алдымен өндіріс пен коммерциялық қызметті ұйымдастыру жəне жүзеге асыру үшін қажет қаражат жиынтығы. Капиталдың үш қызметтік түрі бар: ақшалай, өндірістік, тауарлық. Капитал бір түрден екінші түрге көшіп жəне бұрынғы қалпына қайтып келетін үдерістегі қозғалыс капиталдың айналымы деп аталады.

Капитал құрылымы (capital structure, gearing) - компанияны қаржыландырудың меншік жəне несиелік қаражаты үлесінің ара қатынасы. Капитал құрылымына қаржыландыру əдісі мен оларды бағалау бойынша капиталдың үш құрамдас бөлігі кіреді. : қарапайым акциялар мен жинақталған пайда түріндегі меншік капитал, айрықша акцияларды сату есебінен тартылған ақша сомасы, ұзақмерзімді банк несиесі мен облигация шығару түріндегі несие капиталы.

Қаржылық леверидж (financial leverage) - ұзақмерзімді пассивтердің мөлшері мен құрылымын өзгерту арқылы фирманың пайдасына əсер ету мүмкіндігі. Ол пайыздар мен салықтар төленгенге дейінгі таза пайда мен кіріс мөлшері арасындағы өзара байланысты сипаттайды. Қаржылық леверидж əдетте акцияға деген күтілетін кірісті арттырады. Бірақ сонымен қатар қарыз-активке қатысты акциялар мен облигациялар тəуекелі өсетіндіктен фирманың құнды қағаздар тəуекелі дəрежесі де өседі. Сондықтан қарыз бойынша пайыз мөлшерлемесі, акционерлік капитал бойынша пайданың талап етілетін нормасы да осылай болады. Тұрақты міндетті шығындармен келетін төлем пайыздарының сомасы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым таза пайда аз бола түседі.

Капитал құны (cost of capital) - капитал нарығынан тартылған ресурстар мөлшерін пайдаланғаны үшін төленетін, мөлшері пайызбен есептелінетін қаражаттардың жалпы сомасы.

Капитал бағасы - негізінде капиталдың «өзіндік құнын» білдіреді. Капитал бағасы абсолютті көрсеткіш, ақша бірлігімен өлшенеді.

Кіріспе Тақырыбымның өзектілігі. Еліміз “Қазақстан - 2030” стратегиясында ұзақ мерзімді мақсат ретінде нарықтық экономиканың өркендеуіне негізделген экономикалық өсу, денсаулықты сақтау мен білім беру, халықтың әл-ауқаты мен жағдайын көтеру салаларын дамытуды алдына қойған. Президентіміз Н. Ә. Назарбаев 2012 жылы Қазақстан халқына арналған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» деген Жолдауында «Қазақстан әлемдік тауарлар, еңбек ресурстары, қызметтер, капитал, осы заманғы идеялар мен технологиялар нарығының шын мәнінде ажырағысыз да серпінді бөлігіне айналуы үшін бірнеше міндеттерді шешуге тиіспіз. Осы міндеттердің бірі - экономиканың тұрлаулы дамуын жай қамтамасыз етіп, ұстап тұру емес, оның өсуін басқару. Экономиканың тұрақты дамуы бізге реформалардың әлеуметтік бағытталығын күшейтуге мүмкіндік береді» - деп атады.

Елімізде қабылданған экономикалық реформалар қаржылық және өндірістік қатынастар құрылымының түбегейлі өзгеруіне алып келді. Кәсіпорындардың дербестігі жоғарылап, олардың заң алдындағы және экономикалық жауапкершілігі артты. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы тұрақтылығының, дербестігінің маңыздылығы жоғарлады. Бұл кәсіпорынның капиталын және оларды құру көздерін тиімді пайдалануды талап етеді.

Капитал кәсіпорынды құру мен дамытудың негізгі экономикалық базасы, себебі ол кәсіпорын активтеріне инвестицияланған материалдық, материалдық емес және ақшалай қаражаттардың жалпы құнын сипаттайды. Өндіріс барысында қызмет етуі арқылы капитал кәсіпорын иелерінің, сондай-ақ басшыларының, жұмысшыларының және де мемлекеттің мүдделерін қамтамасыз етеді. Осылайша ол кәсіпорынды басқарудың негізгі объектісі, ал оны барынша ұтымды қолдану қаржы менеджментінің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

«Капитал» ұғымы экономиканы зерттеушілердің санасына уақыт өте тереңінен сіңіп келеді. Бұл ұғымды зерттеу шаруашылық субъектінің тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін өте маңызды. Капитал өнімдер мен қызметтерді өндіру үшін қажетті ресурс. Өзінің кең мағынасында капитал дегеніміз табыс алып келетін ақша қаражаттары мен мүлік деп қорытынды жасауға болады.

Капиталдың әрбір элементі табыс алуға септігін тигізуі керек, ал жекелеген түрлері тауар өндірісінің активтері болып табылады.

Жоғарыда айтылғанның барлығы кәсіпорынның капитал құрылымын оңтайландырудың қажеттілігін және өзектілігін тағы да растайды. Кәсіпорынның капиталын оңтайландыру, оның кәсіпорынның өндірістік қызметімен үйлесуі мәселелеріне А. Ковалев, В. Привалов, В. И. Макарьева, И. Зелинченко, Р. Карагедов, Г. Лоусон, М. Лычагин, М. Миллер, Н. Мироносецкий, В. Перламутров, М. Портер, М. Солопенко, Л. Соколовский, П. Темников, В. Титов, К. Томкинск, Дж. Уэстон, Д. Фрэйзер, А. Шеремет, Е. Негашев, Дж. Форрестер, А. Хакс, Р, Хингинс, С. Хэйли, Э. Хэлферт, Л. Эми т. б. зерттеушілердің еңбектерінің нәтижелері қарастырылды.

Кәсіпорынның капитал құрылымын оңтайландырудың әдіснамасы, сонымен қатар оның әртүрлі айрықша жағдайларда қолданылуының ерекшеліктері Ф. Блэк, Дж. Бреннап, А. Дамодаран, М. Гордон, Т. Гранди, Р. Каплан, Т. Кеплэнд, К. Дүйсембаев, А. К. Тұргұлова, С. С. Арыстанбаева, Р. Ә. Әмірханов, К. Саттарова т. б. еңбектеріне негізделген, бұл ғалымдардың зерттеулерінің нәтижесі бүгінгі күні кәсіпорынның төлем қабілеттілігін басқару әдістемесінің негізін құрайды. Аталған ғалымдардың осы зерттелетін проблемаға қосатын үлесін жоғары бағалай отырып, алынған нәтижелердің нақтылығын жоққа шығармай, кәсіпорынның капитал құрылымын оңтайландырудың бірегей, үйлесімді, қарама-қайшы емес әдіснамасының зерттеме үдерісінде есепке алынады.

Зерттеудің мақсаты мен міндеті . Кәсіпорындардың капитал құрылымын оңтайландырудың теориялық және әдістемелік негіздеріне сүйене отырып, оңтайлы капитал құрылымын қалыптастыру жолдарын іздестіру болып табылады. Диccертациялық жұмыстың алға қойылған мақсатына жету үшін келесідей міндеттерді шешу көзделеді.

  • Кәсіпорын капиталының теориялық негіздерін қарастыру;
  • Кәсіпорын капиталының құрылымын және оны қолдану тиімділігін талдау талдау әдістемелерін игеру;
  • капиталдың оңтайлы құрылымын қалыптастырудың қазіргі таңдағы мәселелері мен оларды жетілдіру жолдарын қарастыру;
  • «KEGOC» AҚ-ның капитал құрылымын оңтайландыру мәселелері

Зерттеу объектісі. «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» АҚ

Зерттеу пәні. Кәсіпорынның капитал құрылымын оңтайландыру мәселелері жөніндегі қаржылық қатынастар.

Зерттеудің теориялық-әдістемелік негіздері. Отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектеріндегі материалдар, заңнамалық актілер, үкімет қаулылары, корпорацияның қызмет етуінің тиімділігін арттыру бойынша ғылыми-практикалық конференциялардың материалдары, кәсіпорынның қаржылық есеп берулері, кәсіпорынның ішкі ақпараты болып табылады.

Зерттеудің ақпараттық базасы диссертациялық жұмыста талдаудың экономикалық-математикалық және статистикалық әдістері, жүйелі тәсілді, сыни талдау мен синтез әдістері, сапалық және сандық талдаулардың бірлігі, зерттеудің арнайы экономикалық, сараптамалық әдістерін қолдануды қарастыратын ұстанымдар қолданылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы кәсіпорынның капитал құрылымын оңтайландыру жөніндегі түрлі авторлардың көзқарастары қарастырылады;

- кәсіпорынның қаржылық жағдайын салыстырмалы көрсеткіштер арқылы талдау жүргізіледі;

- Кәсіпорын капиталының құрылымын және оны қолдану тиімділігін талдау;

- кәсіпорынның «KEGOC» AҚ-ның капитал құрылымын оңтайландыру жолдары ұсынылады

Диссертациялық жұмыстың құрылымы : Бұл диссертациялық жұмыстың құрылымы титулдық бет, мазмұны, нормативтік сілтемелер, анықтамалар, белгілеулер мен қысқартулар, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

Негізгі бөлім үш бөлімнен құралады. Жұмыстың бірінші бөлімде кәсіпорын капиталының құрылымының теориялық негіздері қарастырылған. Екінші бөлімінде «KEGOC» АҚ-ның қызметіне қаржы-экономикалық сипаттама беріледі, қаржылық жағдайды сипаттайтын негізгі көрсеткіштер талданған. Соның ішінде кәсіпорынның жылдық балансы, пайдасы мен шығындары, рентабелділігі, қаржылық тұрақтылық коэффиценттері мен өтімділік көрсеткіштері, төлем қабілеттілігі анықталған. Талдау барысында капитал құрылымының өзгерісі қандай себептерге байланысты екендігі қарастырылған. Үшінші бөлімде екінші бөлімде пайда болған негізгі мәселелерді шешу жолдары ұсынылған. Сонымен қатар бұл бөлімде кәсіпорынның капитал құрылымын оңтайландыруды жетілдіру мәселесі қарастырылғанған.

Жұмыстың практикалық маңыздылығы және апробациясы - мұндағы зерттеу нәтижелері мен қорытындылары кәсіпорындардың оңтайлы капитал құрылымын қалыптастыру мәселелерін шешу барысында қолданыла алады.

Диссертациялық жұмыстың тақырыбы бойынша жалпы көлемі 3 б. т. болатын 2 мақала жас ғалымдар мен магистранттардың ғылыми-практикалық конференциясында жарияланды

1. Кәсіпорын капиталының құрылымының теориялық негіздері

1. 1 Кәсіпорын капиталының түсінігі және жіктелуі

Кәсіпорынның өндірістік үдерісті дамытуға бағытталған қаржы ресурстары оның ақшалай нысанындағы капиталы болып табылады. Қаржы ресурстары кәсіпорынның жалпы қаражаттарының жиынтығы, ал капитал - осы қаражаттардың өндіріс барысына салынған бөлігі. Осыдан келе, кәсіпорын капиталы дегеніміз - кәсіпорынның өндірістік айналымына салынған және де осы айналымнан табыстар алып келетін ақша қаражаттары болып табылады.

Қаржы ресурстары және капитал арасындағы негізгі айырмашылық - кәсіпорынның қалыптасқан қаржы ресурстары оның капиталынан көп немесе тең болады. Қаржы ресурстары мен капиталдың тең болуы кәсіпорынның барлық қаржы ресурстары өндіріске инвестицияланғанын, сонымен қатар оның ешқандай қаржылық міндеттемелерінің жоқтығын білдіреді. Сәйкесінше, егер қаржы ресурстары капитал көлемінен үлкен болса, онда кәсіпорынның тартылған қаражаттары өндіріс барысында толығымен қолданылмай жатқандығының куәсі болады. [1]

Капитал табиғи және еңбек ресурстары сияқты өндірістің факторы болып табылады. Капитал деп келешек игілікті өндіруді молайту үшін пайдаланатын қазіргі бар игілікті айтуға болады. Капитал латын сөзінен басты мүлік ұғымын білдіреді. Ол пайда табу мақсатындағы өндіріске авансыланған құн. Бір жағынан, капитал ұғымында акционерлік капитал сомасын, эмиссиялық пайда мен бөлінбеген табысты түсіндірсе; екінші жағынан - капитал ұғымында барлық ұзақ мерзімді құрал көздерін айтады.

«Капитал» терминiнiң түсiнiгi мен мағынасын экономика ғылымдарының барлық iрi мектептері, бағыттарының өкiлдерi түсiндiруге тырысты. Капитал теориясының қалыптасуының ұзақ тарихы бар.

Жалпы, капитал - бұл өндiрiске ресурс ретінде қолданылатын материалдық және ақшалай түрдегi интелектуалдық құралдар. Капитал ұғымына экономистер түрлі анықтама бередi.

Шетелдік әдебиеттерде капитал түсінігінде барлық қаржы көздері түсіндіріледі. А. Смит капиталды зат не болмаса ақшаның жинақталған қоры деп сипаттайды, ал Д. Рикардо оны өндiрiс құралы ретiнде қарастырады: «ертедегi адамның қолындағы таяғы, тасы оған қазiргi машина мен зауыт сияқты капитал элементi болып көрiнедi» дейдi.

Капиталдың мәнін толыққанды етіп К. Маркс ашқан. К. Маркс өзiнiң алдындағыларына қарағанда капиталды әлеуметтiк сипаттағы категория ретiнде түсiндiредi. Ол «капитал - бұл қосымша құнды тудыратын, өз-өзiнен «өсетiн құн» дейдi. Өсу құны ол тек ғана жалдамалы жұмысшылар деп есептеледi. Сондықтан Маркс капиталды ең алдымен қоғамның әр түрлi қабаттары арасындағы белгiлi қарым-қатынас, соның iшiнде жалдамалы жұмысшылар мен капиталистер арасындағы деп қарастырады.

К. Маркс былай деп жазған: сырттай капитал түрлі формада өндіріс құрал-жабдығында (тұрақты капитал), адамдар (өзгермелі капитал), ақшалай капитал (ақша капиталы) болып келеді. К. Маркс осыдан соң капиталды күрделі ұғым деп санаған. Барлық аталған материалдық игіліктер өз бетінше капитал болмайды, олар капиталға айнала алады, егер иегерлері оларды құнды еселеу үшін немесе қосымша құнды жасауға қолданылса.

Өзінің негізгі еңбегі «Капиталда» К. Маркс капиталдың бірқатар анықтамасын берген. Бұл бекер емес. "Капиталдың" бірінші томында, капитал - бұл құн, бұл өзін-өзі өсіретін құн деп жазылған. "Капиталдың" екінші томында: "капитал бұл қозғалыс" екенін дәлелдеген. Капиталдың мәні толыққанды "Капиталдың" үшінші томында ашылған. Онда капиталды заттар жиынтығы (өндіріс кұрал-жабдығы) ретінде қарастыруды жоққа шығарып, капитал - бұл зат еместігін , ол адамдар арасындағы белгілі коғамдық катынастар екенін жазған. [2]

Америкалық экономист Ирвинг Фишердiң (1867-1947) айтуы бойынша, капитал табыс ағымына айналатын қызмет ағымын тудырады. Қандай да бiр капиталдың қызметi қаншалықты жоғары бағаланған сайын, ол соншалықты табыс алып келеді. Сондықтан капитал деңгейiн алынған табыс деңгейi негiзiнде бағалау керек.

“Капитал” терминін сонымен қатар ұйым активтерінің сипаттамасы ретінде қарастырады, яғни оларда негізгі (ұзақ мерзімді активтер, соның ішінде аяқталмаған өндіріс) және айналымдағы (ұйымның барлық айналымдағы құралдары) капитал деп бөледі. Бұл қаржыгерлер арасында кең тараған.

Қаржылық менеджментте бойынша кәсіпорынның капиталы, оның активінің құрылуында инвестицияланған, материалдық, материалдық емес, ақшалай формадағы қордың жалпы құнын сипаттайды.

Кәсіпорын капиталының экономикалық мағынасын қарастыра отырып, оған мынандай сипаттама береді:

- кәсіпорынның капиталы өндірістің негізгі факторы;

  • капитал табыс әкелетін кәсіпорынның қаржылық ресурстарын сипаттайды;

- капитал меншік иелерінің қаржылық жағдайын құрудың негізгі көздері болып есептеледі;

- кәсіпорынның капиталы, оның нарықтық құнының өлшемі;

  • кәсіпорындағы капиталдың динамикасы оның шаруашылық қызыметіндегі тиімділік деңгейінің маңызды өлшеуіші болып табылады. [3]

Корпоративтік қаржы көзқарасынан қарастырғанда капитал корпорация мен басқа да шаруашылық жүргізуші субъектісінің арасында оны қалыптастыру мен пайдалануда туындайтын ақшалай (қаржы) қатынасын білдіреді. Осындай ақша қарым-қатынасы заңды тұлға ретіндегі корпорация (акционерлік қоғам) және оның акционерлері (инвестор), кредитор, жеткізуші, өнім (қызмет) сатып алушы, қор нарығына мемлекеттік қатысушы және мемлекет арасында пайда болады. Кәсіпорынның жалпы капиталы деп оның қолындағы барлық қаржы ресурстарының түрлерін қарастырады. Сондықтан кәсіпорын капиталын түрлі белгілері бойынша жіктеу керек. Капитал түрлерінің жіктемесі келесі 1-кестеде берілген.

Кесте 1 − Капитал түрлерінің жіктемесі

Кәсіпорын меншігіне байланысты

Меншікті капитал

Қарыз капиталы

Кәсіпорын меншігіне байланысты: Қолдану мақсатына қарай
Меншікті капиталҚарыз капиталы:

Өндірістік капитал

Ссудалық капитал

Кәсіпорын меншігіне байланысты: Инвестициялау нысанына байланысты
Меншікті капиталҚарыз капиталы:

Қаржылық нысандағы капитал

Материалдық нысандағы капитал

Материалдық емес нысандағы капитал

Кәсіпорын меншігіне байланысты: Инвестициялау объектісіне байланысты
Меншікті капиталҚарыз капиталы:

Негізгі капитал

Айналым капиталы

Кәсіпорын меншігіне байланысты: Айналым үрдісіндегі нысаны
Меншікті капиталҚарыз капиталы:

Ақшалай нысандағы капитал

Материалдық нысандағы капитал

Тауарлық нысандағы капитал

Кәсіпорын меншігіне байланысты: Меншік нысанына байланысты
Меншікті капиталҚарыз капиталы:

Жеке капитал

Мемлекеттік капитал

Аралас капитал

Кәсіпорын меншігіне байланысты: Ұйымдастырушылық-құқық нысанына байланысты
Меншікті капиталҚарыз капиталы:

Акционерлік капитал

Пайлық капитал

Жеке капитал

Кәсіпорын меншігіне байланысты: Меншік иелерінің қолдану сипатына қарай
Меншікті капиталҚарыз капиталы:

Қолданыстағы капитал

Әрекетсіз капитал

Кәсіпорын меншігіне байланысты: Тарту көздеріне қарай
Меншікті капиталҚарыз капиталы:

Ұлттық (отандық) капитал

Шетелдік капитал

Кәсіпорын меншігіне байланысты: Ескертпе: [2]

Меншік формасына қарай меншікті және қарыз капиталға бөліп көрсетеді. Меншікті капитал - бұл кәсіпорынның құрылу барысында қалыптасқан бастапқы капиталы мен қызмет етуі барысында ішкі қаржы ресурстарының есебінен қалыптасқан және оның жеке меншігінде қалатын қаражаттары болып табылады. Меншікті капитал құрамына жарғылық капиталын, резервтік капиталды, түрлі қорларды, бөлінбеген табысты жатқызуға болады. Меншікті капиталдың негізгі элементтерінің мінездемесі 2-кестеде берілген.

Жарғылық капитал компанияның қызмет атқаруына қаржылық негіз болып табылады. Акциялар шығару арқылы жарғылық капиталды құрудың мақсаты - компанияның қызмет етуіне қаражат жинау және өмірлік цикл шегінде үздіксіз қаржыландыру.

“Акционерлік қоғам туралы” ҚР заңына сәйкес акционерлік қоғамның жарғылық капиталының көлемі оның құрылтайшылық құжаттарында “акциялардың жиынтық номиналдық құны бойынша құрылтайшыларға тиісті болып тіркеледі”.

Кесте 2 − Меншікті капиталдың негізгі элементтерінің мінездемесі

Негізгі элементтер
Құрамдас
Қаржыландыру көздері
Қолдану бағыты
Негізгі элементтер: Жарғылық капитал
Құрамдас: Жай және артықшылықты акция шығару негізінде тартылатын капитал
Қаржыландыру көздері: Акция эмиссиясы
Қолдану бағыты: Ұйымның негізгі қызметін қамтамасыз ету
Негізгі элементтер: Қосымша капитал
Құрамдас: Еңгізілген қосымша капитал
Қаржыландыру көздері:

Эмиссиялық табыс;

Қайтарымсыз негіздегі құндылықтар

Қолдану бағыты: Жарғылық капиталды өсіруге. шығыстарды жабуға, пайданы иеленушілер арасында орналастыруға жұмсау
Негізгі элементтер: Қайта бағалаудан капитал
Құрамдас: Активтерді артық бағалау
Негізгі элементтер: Жинақталған капитал
Құрамдас: Пайда
Негізгі элементтер: Резервтік капитал
Құрамдас: Міндетті немесе ерікті түрде құрылатын капитал
Қаржыландыру көздері: Пайда
Қолдану бағыты:

Шығыстарды, шығындарды жабу

Облигацияларды жабу

Акцияларды қайта рып, сатып алу

Негізгі элементтер: Бөлінбеген пайда
Құрамдас: -
Қаржыландыру көздері: Пайда
Қолдану бағыты: Ұйымның негізгі қызметін жүзеге асыру
Негізгі элементтер: Ескертпе: [3]

Меншікті капитал келесідей жағымды ерекшеліктермен сипатталады:

  • Тартудың ыңғайлылығы, яғни меншікті капиталды ұлғайтуға байланысты шешімдер өзге шаруашылық субьектілердің келісімінсіз ұйымның меншік иелері мен басқарушылары арасында қабылданады.
  • Барлық қызмет түрінде пайданы қолдану, яғни оны қолдану барысында барлық нысандағы ссудалық пайыздарды төлеу қажет емес.
  • Ұзақ мерзімде кәсіпорынның дамуында қаржылық тұрақтылықты, оның төлем қабілеттілігін қазмтамасыз ету және сәйкесінше банкроттық болу қаупін төмендету.

Сонымен қатар меншікті капитал жағымсыз ерекшеліктерге де ие:

  • Тарту көлемінің шектеулілігі, рынок коньюктурасының жағымды кезінде кәсіпорынның операциялық және инвестициялық жағдайларды кеңейтудің мүмкіндігінің болмауы.
  • Капиталды қалыптастырудың басқа альтернативті заемдық көздермен салыстырғандағы жоғарғы құны.
  • Заемдық қаржылық ресурстарды қызықтыру арқылы меншікті капиталдың рентабельділігінің, өсім коэффициентінің қолданылмаған мүмкіндіктері.

Айта келе, тек өзінің меншікті капиталын қолданатын кәсіпорын ең жоғары қаржылық тұрақтылықты болып саналады, бірақ өзінің даму темпін шектейді және салынған капиталдан түскен пайданың қаржылық мүмкіндіктерін қолдана алмайды. [4]

Қарыз капиталы - бұл кәсіпорынның өндіріс барысына орналастырылған қаражаттарының сырттан тартылған түрлерін айтамыз. Қарыз капиталдың құрамына өндірісті қаржыландыру үшін қайтарымды негізде тартылған ақша қаражаттары және басқа да құндылықтар кіреді. Капиталдың барлық нысандары белгіленген мерзімде қайтаруды талап ететін кәсіпорынның міндеттемелері болып табылады. Қарыз капиталының қайнар көздерi келесідей:

- Рантьелердiң капиталы, бұл кәсiпкерлiк қызметпен айналыспай пайызға өмiр сүретiн адамдардың капиталдары;

  • Көпшiлiктiң жинақтары; кәсiпкерлiк қызмет бағытын өзгерткен адамдардың капиталдары; бюджетке аударымдар.

- Кәсiпорынның бос капиталы; тауарлық несие түрiнде бiр кәсiпорынның екiншiге көшiп отыратын капиталы;

- Банкнота немесе бағалы қағаздар эмиссиялау нәтижесiнде пайда болған капиталдар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Капитал құрылымын оңтайландыру
Компания капиталы
Кәсіпорынның меншік капиталын оңтайландыруын бағалуы
Компания капиталының құрылымы мен құны
Компанияның қарыз капиталын басқару
Капитал құрылымы
Кәсіпорын капиталы
Меншікті капиталдың маңызы, орындайтын функциялары мен құру тәртібі
Компанияның меншікті капиталы: құрамы, құру технологиясы мен көздері
Компанияның капиталын қалыптастырудың негізгі қағидалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz