«Қараарна мұнай кен орындарының топырағының ауыр металдармен ластануы»


Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Бектібаев Қайсар Дарханұлы

ҚАРААРНА МҰНАЙ КЕН ОРЫНДАРЫНЫҢ ТОПЫРАҒЫНЫҢ АУЫР МЕТАЛДАРМЕН ЛАСТАНУЫ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В060800-«Экология» мамандығы

Алматы, 2015

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

«Қорғауға жіберілді»

«___»«» 2015 ж.

Кафедра меңгерушісі

г. ғ. к., доцент Базарбаева Т. А

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы «ҚАРААРНА МҰНАЙ КЕН ОРЫНДАРЫНЫҢ ТОПЫРАҒЫНЫҢ АУЫР МЕТАЛДАРМЕН ЛАСТАНУЫ»

5В060800-«Экология» мамандығы

Орындаған

4-курс студенті Бектібаев Қ. Д

Ғылыми жетекші

б. ғ. к., оқытушы Мұқанова Г. А.

Норма бақылаушы

б. ғ. к., оқытушы Маматаева А. Т.

Алматы, 2015

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

ШРМ - Шекті рауалды мөлшер

МЕМСТ - мемлекеттік стандарт

К-1 - кескін-1

г/см - грамм сантиметр кубқа

% - пайыз

м² - шаршы метр

мг/кг - миллиграмм килограмға

мг-экв - миллиграмм-эквивалент

см - сантиметр

га - гектар

ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

КҚК - Каспий Құбыржелілік Консорциумы

АГАЖ -автоматтандырылған геоақпараттық жүйе

ТҮЙІНДЕМЕ

Дипломдық жұмыс 53 беттен, 5 кестеден, 5 суреттен және де 45 пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кілт сөздер: мұнаймен ластану, ауыр металдар, топырақтың экологиялық қызметі, трансформация, деградация, шөлейттену, экологиялық тұрақтылық, топырақтың қорғаныс қабілеті, токсиканттар, антропогендік қысым.

Жұмыстың мақсаты: Қараарна мұнай кен орнының мұнаймен ластанған топырағындағы ауыр металдар құрамын зерттеп, оның экологиялық жағдайларын анықтау.

Жұмыстың міндеттері: топырақтың мұнай өнімдерімен ластануын анықтап, оның физика - химиялық жағдайын зерттеу.

Зерттеу нысаны және әдістері: . Қараарна мұнай кен орнының топырақтары, сулары. Зерттеу жұмысы далалық, зертханалық, стационарлық, кешенді әдістер негізінде жүргізілді.

Алынған нәтижелер: Мұнай мен ластанған топырақтың құрамындағы зиянды заттар анықталып, оларға жан-жақты экологиялық тұрғыда сараптама жасалды.

Тәжірибелік маңызы: зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерді мұнай және мұнайлы химия өнеркәсіп салаларының орналасқан жерлеріндегі топырақтың экологиялық жағдайын анықтау кезінде қолдануға болады.

РЕФЕРАТ

Дипломная работа состоит из 53 страниц, содержит 5 рисунков, 5 таблиц а также из 45 списка использованных литературных источников.

Ключевые слова: загрязнение нефтью, тяжелые металлы , экологические функций почвы, трансформация, деградация, опустынивание, защитный слой почвы, токсиканты, антропогенные давление.

Цель работы: Исследование тяжелых металлов в загрязненных почвах нефтяного месторождения Караарна, а также определение их экологического состояния.

Задачи работы: определение загрязнения нефтяными продуктами почвенного покрова, а также исследование их физико - химического состояния.

Обьект и методы исследования: . Почвы и воды района Караарнинского нефтяного месторождения. Методами исследования являются: полевой, лабораторный, стационарный, комплексный.

Полученные результаты: были выявлены вредные загрязняющие вещества в составе почвенного покрова, а также были даны их комлексные экологические описания.

Практические значение: результаты исследования можно применять для выявления экологического состояния почвенного покрова в районах расположения нефтяных и нефтехимических предприятий.

ABSTRACT

Thesis consists of 53 pages, includes 5 figures, tables, figures and a list of used 45 literature sources.

Keywords: Oil pollution, heavy metals, ecological functions of the soil, transformation, degradation, desertification, the prodective layers of soil, toxicants, anthropogenic pressure.

The purpose : A study of heavy metals in contaminated soils oilfield Karaarna and the definition of their ecological status.

Work tasks: Definition of pollution of soil with petroleum products, as well as the study of their physical and chemical state.

Objects and methods of research: Soil and water district Karaarna oilfield. The methods of research are: field, laboratory, fixed and integrated.

Results: They identified harmful contaminants in the composition of the soil cover and were given their complex ecological descriptions.

Practical value: The results of the study can be used to identify the ecological state of soil in the vicinity of the oil and petrochemical industries.

Мазмұны

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
:
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР: КІРІСПЕ
: 8
:
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР: НЕГІЗГІ БӨЛІМ
: 9
: 1.
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР: әдебиетке шолу
: 9
: 1. 1
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР: Қараарна кен орнының топырағының және мұнайдың зерттелу тарихы
: 9
: 1. 2
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР: Ауыр металдардың маусымдық құбылымдарының ерекшеліктер
: 12
: 1. 3
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР: Қарарна кен орнының қазіргі заманғы экологиялық жағдайы
: 13
: 2.
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР: Қара Арна Мұнай кен орнының табиғатының ерекшеліктері және топырақ жамылғысы
: 17
: 2. 1
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР: Қараарна мұнай кен орнының географиялық орналасу орны мен ерекшеліктері
: 17
: 2. 2
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР: Жер бедерлері мен геологиялық құрылымдары
: 19
: 3.
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР: Зерттеу нысаны және әдістері
: 29
: 3. 1
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР: Зерттеу нысаны
: 29
: 3. 2
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР: Зерттеу әдістері
: 33
: 4.
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР: тәжірибелік бөлім
: 35
: 4. 1
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР: Қарарна кен орнының топырағының физикалық, физика - химиялық, құрамы
: 35
: 4. 2
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР: Қарарна кен орнының топырағындағы ауыр металдармен ластануы
: 40
: 4. 3
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР: Ауыр металдардың қоршаған ортадағы жинақталуы мен оның табиғатқа әсерін бағалау
: 46
:
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР: ҚОРЫТЫНДЫ
: 49
:
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
: 50

КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі: Қараарна мұнай кен орнының топырақтары ауыр металдармен ластанған. Топырақтардың ауыр металдармен ластануы күрделі экологиялық мәселелер туындатады. Сондықтан, топырақтың ауыр металдармен ластану деңгейін және олардың қоршаған орта мен адамзатқа тигізетін салдарын анықтау үлкен мәселелердің бірі.

Қазақстан өнеркәсібі дамуының басты бағыты - кен байлықтарымызды игеру, оның ішінде айрықша басымдылық мұнай мен газға берілген. Пайдасы мен бірге мұнай және газ өндірудің қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерлері де аз емес. Мұнай өндіру, тасымалдау және өңдеу көлемдерінің үздіксіз дамуынан Қараарна кен орыны және тағы басқа мұнай газ кен орындарын игеретін Атырау облысының экологиялық жағдайының нашарлауы белең алуда. Жерге төгілген мұнай қалдықтары мен алаулы оттықтар төңірегіндегі топырақты барынша ластауда, ол өз кезегінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне ғана емес, адамдардың денсаулығына да үлкен қауіп төндіруде.

Мұнай-газ өндіруді баю мен пайда табу көзі ретінде қарамай, шамалы табысқа бола оларды жыртқыштықпен жұмсап, табиғи ортаны адамдар мен барлық тіршілік үшін зиянды қалдықтармен ластауға болмайтынына бүгінде көз жетті.

Осыған орай, соңғы жылдары Республикамызда, жақын және алыс шетелдерде қоршаған ортаны қорғау мәселесіне көп көңіл бөлінуде. Казіргі кезде шектен тыс ластанған аймақтардың жағдайын бақылау, қоршаған орта сапасына баға беру, келешегіне болжам жасау және табиғатты қорғау шараларын жүзеге асыру маңызды мәселелердің бірі болып отыр.

Сонымен қатар, қазір күн тәртібінде Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру мәселесі тұр. Ол үшін Қазақстанның энергия ресурстарын әлемдік нарыққа жеткізу, мұнай-газ кешендерін осы заманғы инженерлік және бағдарламалық қамтамасыз етумен қатар, халықаралық стандарттарға сай қоршаған ортаны қорғау қажет. Демек, мұнай-газ өндірудің табиғи ортаға тигізетін зиянды әсерлерін азайту, бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Топырақтың антропогендік деградациясына ықпал етіп отырған ең негізгі факторлардың бірі - техногендік бұзылулар екені мәлім. Техногендік әсер-ықпалдың салдарынан топырақ қабаты тұтастай немесе жартылай жойылады. Ал топырақтың ауыр металдармен ластануы табиғи ресурстарды тиімді пайдаланбаудың салдарынан туындап отыр. Сондай-ақ, мұнай-газ өндіру ісін ұтымсыз жүргізудің кесірінен де топырақ қабаты ауыр металдармен ластанатыны белгілі.

Жұмыстың мақсаты: Қараарна мұнай кен орнының мұнаймен ластанған топырағындағы ауыр металдар құрамын зерттеп, топырақтың экологиялық жағдайларын анықтау.

Міндеті: зерттеу нысанының топырағына мұнай мен ластанудың әсерін анықтап, топырақтың физика химиялық жағдайын зерттеу.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. әдебиетке шолу

1. 1 Қараарна кен орнының топырағының және мұнайдың зерттелу тарихы

Атырау өңіріндегі Жайық пен Жем аралығында көлкіген мұнай кені бар екені ерте заманнан белгілі болған. Тіпті сол кездің өзінде−ақ жергілікті көшпенді қазақтар жер бетіне шығып жатқан қимайды, мұнайды сүзіп алып, тері ауруларын емдеуге қолданған. Бірақ қазақтар бұл үлкен қазынаның жер бетіне шығып жатқан шеті ғана екенін білген жоқ. XVIIIғ. мен XIX ғасырдың алғашқы жартысында Жайық пен Жем өңірінде жер қойнауын зерттеушілердің пайда болғаны белгілі [1] .

Көптеген ғалымдар Атыраудың географиялық және топографиялық құрылымына, су қорлары мен кен байлықтарына қысқаша геологиялық сипаттама берді. зерттеушілердің осы алғашқы деректерінің ғылым үшін пайдасы зор болды.

Атырау өңірін алғашқы зерттеушілердің бірі - Н. А. Северцов. Ол 1860 жылы «Горный» журналына қазіргі Доссор маңы туралы есебін жариялайды. Онда «Бұл жердің мұнайы су бетіне қалқып шығып жатады екен» - деп жазады. Біздің осы өлкемізде 1874 жылы инженер Д. В. Кирпичников келіп, бірнеше кен орындары жайлы пікір қалдырды. Мысалы, әлгі Доссор кені жайлы мынадай тұжырым жасады: «Бұл жерде мол мұнай қоры бар екендігіне күмән жоқ. Бірақ тұщы суы тапшы, қатынас жолы қиын, тұрғын халқы, шабатын шөбі жоқ. Бұл байлықты пайдалану өте қиынға соғады» [1] .

Ол тұста бұл аса мәнді болжамға ешкім назар аудара қоймайды. Бұдан кейін де Атырауға бірнеше этнограф ғалымдар мен экспедициялар келеді. 1899 жылдың қараша айында Атырау облысы, Жылыой ауданына қарасты Қарашүңгіл алаңындағы №7 ұңғымадан мұнай фонтаны атқылап, тәулігіне 20 тоннадай өнім берді. Бұл бүгіндері дүние жүзіне мәлім болған Қазақстан мұнайының алғашқы тамшылары еді. Қарашүңгіл мұнай фонтаны туралы хабар Ресей және шетел кәсіпкерлерін дүр сілкіндіріп, Ембі-Каспий аймағында мұнай қорын іздестіру жұмыстарын кең көлемде жүргізуге мәжбүр етті.

Осындай күрт бетбұрыстың нәтижесінде атақты Нобельдің мұнай өндірістік ұйымы өмірге келді. Осы ұйымға қарайтын жұмысшылар Доссор, Мақат, Ескене өңірін терең бұрғылауды қолға алды. Ең сәтті қазылғаны Доссордағы №3 ұңғыма болды. 1911 жылы 225 метр тереңдіктен юра қабатынан мұнай фонтаны атқылады. Ол 20-25 метр биіктікке 30 сағат бойы атқылап тұрды. 16, 7 мың тонна мұнай шықты, тәулігіне 13360 тонна өндірілді.

Бұл Қарашүңгілден кейінгі мол мұнай қорының ашылғандығын бүкіл әлемге паш етті. Қарашүңгіл және Доссор мұнай фонтанынан кейін Қазақстан мұнай өндірісі тарихы басталды [2] .

Мақат - Атыраудың үшінші мұнайлы перзенті. Ол 1915 жылы ашылды. Бірақ екі кеніш тағылық жағдайында пайдаланылды. Кен орындарының геологиялық құрылымы, оны нендей тәсілмен өндірудің тиімділігі жайлы мәлімет жетіспеді. Тек фонтан атқызуға сеніп бұрғыланды. Бір қабаттың мұнайы түгел алынбастан екіншісін бұрғылауға ұмтылысты. Қабаттар мерзімінен бұрын жарамсыз болып, су алып, газданды. Оған мысал 1911 жылы Доссорда 16, 7 мың тонна мұнай өндірілсе, бар болғаны 3 жылдың ішінде ол 17 есеге, яғни 272, 746 тоннаға жетті [3] .

Жас үкімет жаңа кен орындарын игеруге, бұрғылау, құрал - жабдықтарын тасымалдау, азық - түлік, құрылыс материалдарын жеткізу мақсатында жаңа тас жоы және темір жол қатынастарын қажет етті. 1925 жылы үкіметтің арнаулы қаулысы бойынша Гурьев пен Доссор арасында 93 км табанды темір жол төселді. 1927 жылы іске қосылған бұл жолмен жылына 120 мың тонна жүк тасылды. Бұл тек мұнайлы Ембінің емес, бүкіл қазақ елінің дамуына үлкен әсер етті.

Осыған орай гравиметрия, электрокаротаж сияқты геофизикалық әдістер Атырау өңірінде тұңғыш рет игеріліп, тым жақсы нәтижелерге қол жетті. Енді мұнайлы Ембінің Доссор, Мақат сияқты көне кен орындарының қатарын жаңа кеніштер толтыра бастайды. Ескене 1934, Байшанас 1935, Қошағыл 1935, Сағыз 1938, Құлсары 1939 сияқты жаңа кен орындар іске қосылды [4] .

1959 - 1969 жж арасында Терістік Каспий ойпаттарында оншақты мұнай газ кен орындары (Прорва, Ақтөбе, Қараарна, Терістік, Тереңөзек, Шығыс - Құлсары, Мартыши, Камышитовый, Таңатар, т. б. ) ашылды. Бұл кен орындарын төтенше барлау, өндірістік игеру жұмыстарын басқару жөнінде геолог Маташев Мажиттің еңбегі аса зор деп айтуға болады. Осы маманнның енгізуімен құлсарыдағы XXI-XXII пермотриас горизонттарын жаңа әдіспен игеру арқасында көптеген қосымша мұнай өндірілді.

Жаңа кеніштердің қатарға қосылуы мұнай өнімін еселей арттырды. Атырау мұнайын еліміздің шығысына кідіртпей жөнелту үшін 1936 жылы Каспий - Орск мұнай құбыры іске қосылды. Кезінде Гурьев - Қосшағыл су құбырының іске қосылуы үлкен оқиға болды. Еліміздің орталық облыстарына тікелей шығу үшін Гурьев - Қандыағаш кең табанды темір жолының өмірге келуі де маңызды болды. Сол бір қиын қыстау кезінде мұнай өндіру кәсіпшіліктерінде талай - талай рекордтар жасалып, небір озық технологиялар енгізіле бастады [5] .

Сондай ұтымды шаралар: сұйықтықты жеделдетіп сору, қосымша арттыру арқылы мұнай көзін көзеу, аз өнім беретін қабатты атқылау, бірнеше мұнай қабатынан бір ұңғымамен өнім алу, пайдалануға қалған ұңғымалардан мұнайды қауғалап алу және т. б. әрекеттер қолданылады. Осындай ішкі мүмкіншіліктерді пайдалану арқылы 200 мың тонна қосымша мұнай алынды.

Олар берілген нүктелерді аз шығынмен, шапшаңдатылған тәсіл қолданып, қазу жолдарын тартты. Ал осындай тиімді әдістің өмірге келіп, қызмет етуіне мұрындық болған Гурьевтегі орталық зерттеу ғылыми лабораториясының бас геологы П. Я. Авров болатын.

Сондай ізденістердің арқасында «Бермағамбетов качалкасы», «Бермағамбетов гидробуры» секілді құрылғылар дүниеге келді. Бұл тапқырлық мыңдаған мемлекет қаржысын үнемдеп қана қоймай, мұнай өндірісі үшін жабдық жасайтын зауыттардан келетін қондырғыларға деген сұранысты қанағаттандырып отыруға жол ашты.

Соғыстан кейінгі бесжылдықтар кезінде Қазақстан мұнайшылары күйкі тіршіліктен шығып, күш - жігерін, өндіріс қуатын арттыруға арнады. Ұлы Отан сонғысы тұсында төрт кәсіпшілік өндіріске қосылса да, соғыс аяғына таман шығарылатын сұйық отынның көлемі төмендеп кетті, 1945 жылғы өндірілген мұнай, 1943 жылөғы өндірілген мұнайға қарағанда 20 пайыз кем болды [6] .

Алайда, бұл Қазақстан мұнайының азайғанынан емес еді. Осы аймақ игеріле басталғаннан бергі 40 жылдың ішінде айқын болғандай 1, 5 мың кен құрылымының 32 ғана барлаудан өткен еді. Соның 20 - нан мұнай белгілері байқалса, 12 - нен ғана отын өдіріліп тұрды. Жер қойнауындағы тұнып жатқан мол байлықтың кең көлемде игерілмеудің басты себебі - табиғаттың қаталдығынан еді.

Ал ХХ ғасырдың 60-80-ші жылдары мұнай кен орындарын игеруге зор қызығушылықтар арта түсті, мұнай өнеркәсібінің дамуына біршама жағдайлар жасалынды, көліктік инфрақұрылымның құрылуына бастама болды. Осы аралықтарда мұнай құбырлары құрылымы бір бағытта дамыды. Қазақстандағы барлық труба құбырлары өзара байланыспады. Бұл әрине кеңес билігінің Қазақстанды тек шикізат базасына айналдыру саясатының айқын көрінісі еді, тіпті мұнай өңдеу зауыттары да елімізден тыс жерде салынды [4, 7-9 бб. ] .

Нарықтық экономикадағы мұнайгаз кешеніне қатысты мәселелерге осы іспен тікелей байланысы бар Н. К. Надировтің, А. Атшыбаевтың туындылары арналған . Көптеген зерттеушілерді қызықтыратын мұнай қорына бай Каспий аймағы еді. Ол туралы М. Т. Лаумулин еңбегі, А. К. Нұршаның кандидаттық диссертация ізденісінің негізгі объектісі болды. Ақтөбе мұнайының кешегісі мен бүгіні туралы деректер жинаған З. Б. Байдосов бастаған авторлық ұжымның зерттеуі және «СНПС - Ақтөбемұнайгаз» АҚ қызметін зерттеуге көп көңіл бөлген тарихшы Г. І. Көбенованың 2008 жылы Ақтөбе облысының мұнайгаз кешенінің дамуына арналып толық көлемде зерттелген монографиясы жарық көрді. Ал Батыс Қазақстан өңірінің материалдары негізінде Л. С. Серікованың 1985-2000 жылдар шеңберіндегі Қазақстан мұнайгаз кешенінің дамуына жазылған диссертациясы қорғалды [5-6] .

ХХ ғасырдың соңы ХХІ ғасырдың басында Қазақстан көмірсутек қоры мол алпауыт мемлекеттер қатарына еніп, әлемдік энергетикалық сауданың қалыптасуы мен жағдайына өзіндік ықпал ете бастады. Қазақстандық супер-алпауыттар - Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған кен орындарының байлығы, Каспийден бастау алатын ірі мұнай тасымалдау бағыттарының келешектегі мүмкіншіліктері, Атырау-Самара, Каспий Құбыржелілік Консорциумы (КҚК) құбырларының салыну барысы, оларға белсене ат салысқан шетелдік ірі мұнайгаз корпорациялары мен басқа елдердің ұстанымдарына кең көлемде сараптама жүргізіліп, саяси тұрғыда жазылған А. Абишевтің, В. А. Гусейновтың еңбектерін атап өтуге болады[17] .

1. 2 Ауыр металдардың маусымдық құбылымдарының ерекшеліктері

«Қараарна» мұнай кен орындарының топырақ қабатына тигізетін экологиялық әсері бұл облысымыздағы экологиялық жағдайдың біріне жатады. Топырақтағы химиялық элементтердің көбею себебі, бұл өндіріс орындарында және полигонды жерлерде жұмыс жүргізу кезінде табиғатқа немқұрайлы қарағандықтан, болады [10] .

Зерттеу кезінде қарағанымыздай, мұнай өндіру алаңы мен ауылдың таза жерлерінің топырағын салыстырып қарағанда, өндірістік жерлерде ауыр металдардың жоғары екені, бірақ ШРМ аспағандығы анықталды.

Сынаманы қарау үшін атомды абсорбциялы спектрофотометриялық құралы қолданылды. Сынама өндірістік аймақтардан және жергілікті халық тұратын таза алаңдардан алынды. Бұл зерттеулердің қорытындысы алынған топырақтың құрамында ауыр металдар болғаны мен шамадан аспағандығы байқалды. Олардың өсімдіктер, жануарлар және адам денсаулығына кері әсер ететіндігі белгілі [15] .

Атырау облысы бойынша 1, 3 млн га жер техногендік мұнаймен ластануға ұшыраған, ластанған топырақтың қалыңдығы кей жерлерде 10 м-ге дейін жетеді. 1 млрд куб м. ілеспе сулар жер бетіне төгілген. Сондықтан мұнаймен ластанған жердерді тазалау негізгі шаралардың бірі болып табылады. Атырау облысының топырақ жамылғысы өте күрделі. Облыс территориясының биоклиматтық зонасы екіге бөлінеді. Шөл дала және дала. Топырақ зонасы ашық қоңыр, қою және сұр қою болып келеді. Бұнда ең үлкен алаңды сор құм алып жатыр. Атырау аймағының экологиялық жағдайын топырақ құрамындағы химиялық элементтерге қарағанда адам төзгісіз жағдайда деп қарастыруға болады. Әсіресе, төменгі жағдайдағы аймаққа ШРМ есебімен қорғасын, бор, фосфор, хром, цинк, сурьма, темір, скандийі көп мөлшерде кездесетін қала орталығының топырақ қабатын айтуға болады. Бұл, әрине, адам денсаулығына зиян антропогендік және техногенді фактор болып табылады [16] .

Ауыр металдар ең қауіпті ластағыштар қатарына жатады. Оларды әр түрлі ортадан бақылаған жөн. Ауыр метал термині лас заттардың ең кең тобына жатады. Әр түрлі ғылыми және қолданбалы жұмыстарының иелері осы ұғымның мағынасын әр түрлі талқылайды. Осыған байланысты ауыр металдарға жататын элементтердің саны, кең көлемде өзгереді. Көпсанды пікірлер пайдаланылады: атом массасы, тығыздығы, улылығы, табиғатта таралуы. Экологиялық бақылау және қоршаған ортаның ластануы туралы жұмыстарда күні бүгінге дейін ауыр металдарға Д. И. Менделеев периодтық жүйесінен атомдық массасы 50 бірліктен жоғары 40 металл жатқызды. Менделеевтің таблицасында адам өміріне қауіпті элементтерге қорғасын, кадмий және сынап жатады. Бұл элементтердің қоршаған ортаның ластанғыш элемент ретінде деңгейі жоғары элемент екені белгілі [20] .

Біз білгендей, тұрғындардың денсаулығы қоршаған ортаның жағдайымен тікелей байланысты және бағынышты .

Олардың өсімдіктер, жануарлар және адам денсаулығына кері әсер ететіндігі анықталды. Топырақтағы ауыр металдар алдымен адамдар денсаулығына әсерін тигізіп, нәтижесінде адамдардың денсаулығы бұзылып, түрлі ауруларға шалдығады.

Шын мәнінде табиғатты қорғау оны болашақ ұрпаққа табиғи өз қалпында жеткізу, шағын адамдардың, аздаған топтардың ісі ғана емес, бұл бүкіл бұқара жұртшылықтың төл ісіне айналдыруды қажет етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнай - газды аймақтардың техногендік ландшафтары
Топырақтың ауыр металдармен ластануы
Ұзынағаш өзен аңғары топырағының ауыр металдармен ластануы
Алматы қаласының физикалық-географиялық орны
Топырақ экологиясы туралы
Урбанизацияланған аймақтардың қоршаған ортасының жағдайына әртүрлі химиялық заттардың қауіптілігі мен әсерінің сипаттамасы
Ауыр металдардың топыраққа әсері
Ауыр металдардың топырақ қасиеттеріне әсері
Кентау қаласы қоршаған ортасының экологиялық жағдайы
Оңтүстік Қазақстан өңірінің ірі қалаларының геоэкологиялық жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz