Ақша оның қажеттілігі және функциялары


1. Ақша оның қажеттілігі және функциялары
Ақша - бұл барлық тауарлардың құнын өлшейтін, жалпыға барша айырықша тауар. Ақшаның объективті қажеттігі тауар өндірісі және айналысының болуына сәйкес қалыптасты. Ақша - бұл тауар айналысының кұралы және оның ізбасары. Тауар мен ақша бір-бірінен бөлінбейді, себебі ақша айналысынсыз тауар айналысының да болуы мүмкін емес. Ақша тауардан бөлініп шыққанымен де ол, айырықша тауар ретінде қала береді. Ақшаның, жалпыға бірдей балама рөлін атқару алтынға жүктеледі. Ақша - өндіріс және бөлу үдерісіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи түрде дамып келген экономикалық категория. Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш қасиетінің біртұтастығынан байқалады: жалпыға тікелей айырбасталу нысаны; айырбас құнының дербес нысаны; еңбек өлшемінің заттай нысаны. Жалпыға тікелей айырбасталу нысаны, оның кез келген материалдық бағалы затқа айырбасталатынын сипаттайды. Екіншісі тауарларды сатумен байланыссыз. Соңғы қасиеті, тауар өндіруге жұмсалған еңбектің ақша көмегімен өлшеуге болатын құнын сипаттайды. Айырбас құны - бұл бір тауардың басқа да бір тауарға белгілі сәйкестікте айырбасталу қабілетін білдіреді. Ақша функциялары:
1) құн өлшемі;
2) айналыс құралы;
3) төлем құралы;
4) қор және қазына жинау құралы;
5) дүниежүзілік ақша.
Ақша құн өлшемі ретінде. Құнның өлшем қызметі тауар өндірісі жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемі ретіндегі қабілеттілігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады. Өзінің жеке құны бар тауар ғана құн өлшемі болады. Құн өлшеу қызметі жалпы эквивалент ретіндегі ақшаның тауарға деген қатынасын көрсетеді. Бірақ тауардың бағасын анықтау үшін баға масштабы қажет. Құн өлшемі және баға масштабы ретіндегі ақша қызметтірінің арасында едәуір айырмашылық бар. Құн өлшемі - мемлекетке тәуелді емес ақшаның экономикалық қызметі болып табылады. Ол құн заңымен анықталады. Баға масштабы заңды сипатқа ие бола отырып, мемлекет билігіне тәуелді және құнды емес тауар бағасын көрсету үшін қызмет етеді.
Ақша айналыс құралы ретінде. Ақша айналыс құралы қызметінде тауарларды өткізудегі делдал болып табылады. Елімізде төлем құралдарының әр түрлері, оның ішінде төлем тапсырмасы, төлемдік талап-тапсырма және басқалары сияқты дәстүрлі төлем құралдары, сондай-ақ инновациялық төлем құралдарын қолдануға негізделген төлемдерді жүзеге асырудың аралық тәсілдері қолданылады.
Қорлану және қазына жинау құралы ретінде. Ақшаның төлем және айналыс құралы қызметтері ақшалай қорлардың құрылуын талап етеді. Ақшаның қорлануының қажеттігі Т-А-Т айналымының екі актілерге Т-А және А-Т айрылуымен байланысты. Тауар өндіріс жағдайында қорлану екі формада жүреді:
•кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу және депозиттік шоттарындағы ақшалай қаражат қалдығы түрінде ұжымдық қорлану;
• банктердегі салымдар, мемлекеттік облигациялар.
Дүниежүзілік ақша қызметі. Тауар шаруашылығының кеңеюі, шаруашылық байланыстардың интернационалдануы дүниежүзілік нарықтың пайда болуы дүниежүзілік ақшалар қызметінің пайда болуы дүниежүзілік ақшалар қызметінің пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар интернационалдық құн өлшемі, халықаралық төлем және сатып алу құралы ретінде қызмет етеді.
Бұл қызметтің толық бағалы ақшалар, ал кейіннен нағыз ақшалар атқарды. 1867 жылы Париж келісімі дүниежүзілік ақша қызметін алтынға бекітті.
2. Ақша айналымы оның құрылымы және анықтамасы.
90-жылдардың орта шеніне дейін ТМД-ға мүше елдердің басылымдарында “ақша айналымы” және “ақша айналысы” деген ұғымдарға анықтама беріліп, олар бір-бірінен дәл ажыратылды. Ақша айналымы деп тек қолма-қол ақша емес ақшаның ақшаның қозғалысын білдіретін кең ұғым айтылды. Экономиканың әр үлгісі бұл ұғымдардың мәні мен құрлымын өзгертпей кейбір ерекшеліктер енгізді. Жоспарлы - орталықтанған экономика жағдайында ақша айналымының ерекшеліктері: қолма-қол ақша да, қолма-қол емес ақша да кәсіпорындардың шығаратын өнімдерін алдын ала бөлуге қызмет атқаратын. Барлық қоғамдық өнім өндіріс құралдары және тұтыну заттары түрінде, яғни бірінші жағдайда материалды-техникалық жабдықтау жүйесі арқылы, ал екінші жағдайда қоғам мүшелерінің сәйкес мемлекеттің сауда жүйесі арқылы бөлінді; мемлекет заңмен ақша айналымын: қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақшаға бөліп, ақша айналымының қай түрі қандай бөлу жүйесіне қызмет атқаратынын белгіледі. Сөйтіп қолма-қол ақша қозғалысы халықтың ақшалай табысын бөлуді көрсетсе, ал қолма-қол емес ақша қозғалысы өндіріс құрал-жабдықтарын бөлуді көрсетті; ақша айналымы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің объектісі ретінде директивалық заңдармен реттелді; ақша айналымы біртектес мемлекеттік меншік формасына қызмет көрсетті; ақша айналымының алғашқы және қорытынды кезеңдері мемлекеттік банкте шоғырланып, мемлекеттік банк бақылау жүргізді; мемлекеттік жүйелер алдын ала өнімге баға белгілеумен және көрсетілген қызметтерге тарифтер бекітумен де шұғылданды. КСРО негізінде құрылған ТМД елдерінің нарықтық қатынастарға өту кезінде жүргізген іс-шараларын кейін ақша айналымында пайда болды. Шын мәнінде ақша айналысы - ақша айналымының тек бір бөлігі, атап айтқанда “қолма-қол ақша айналысы”. Нарықтық экономика үлгісі жағдайындағы ақша айналымына тән ерекшеліктер: ақша айналымы негізінен шаруашылықтағы нарықтық қатынастарға қызмет жасайды, ол бөлу қатынастарының тек аз ғана бөлшегін қамтиды; қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша айналымдарын заңмен ажырату жойылды; ақша айналымы мемлекеттің, коммерциялық банктердің, заңды және жеке тұлғалардың жоспарлы болжауының объектісі болып табылады; ақша айналымы әр түрлі меншік формасы жағдайында жүреді; ақша айналымының алғашқы және қорытынды кезеңдері орталықтанбаған, яғни олар әр түрлі коммерциялық және мемлекеттік банктерде шоғырланған; қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша айналымы бір-бірімен тығыз байланыста жүреді; қолма-қол ақша эмиссиясын Орталық банк жүргізіп, ал қолма-қол емес ақша белгілерін комерциялық банктер шығарады. Сонымен, ақша айналымы деп қолма-қол және қолма-қол емес түрінде үздіксіз қозғалыста жүретін ақша белгілерін айтады. Бұл анықтама ақша айналымының қазіргі мазмұны сай келеді, себебі айналымда тек ақша белгілері жүреді. Ал металл ақша жүйесінде әрі тауар, әрі ақша айналымы ретінде олардың құны айналымда жүрді. Себебі металл монетаның (алтын немесе күміс) өз құны өзінде көрсетілген (номинал) құнына сәйкес келгендіктен ақша құнының қозғалысы тауар құнының қозғалысымен бір уақытта жүрді. Сондықтан құн айналымы мен ақша айналымын біріктірді. Қазіргі ақша айналымын құн айналымы деп айтуға болмайды. Оған себеп - қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша белгілерінің өз құны көрсетілген құнымен салыстырғанда өте төмен, тіпті жоқ деуге болады. Демек қазір құн айналымы деп тек тауар айналымын айтуға толық негіз бар. Айналыста жүретін тек қолма-қол ақша, ол ақша айналымының тек бір бөлігі. Демек ақша айналысы деген белгілі бір мезгілде қолма-қол ақшамен өтелген барлық төлемдер сомасына тең ақша айналымының бөлігі.
3. Вексель оның ерекшеліктері және артықшылықтары.
Вексель -айырбас - жазбаша түрде толтырылған ұзақ мерзімді борыш міндеттемесі. Жай және аударма вексель түрлері болады. Вексель беруші несие иесіне (вексель ұстаушыға) беретін, заң жүзінде нақты формада белгіленген жазба түріндегі борышқор қолхаты. Құнды қағаз; кредитке берілетін ақшаның бір түрі. Оның иесінің (вексель ұстаушының) белгілі бір уақыт мерзім өткенде, векселді берушіден ақша талап етуге даусыз құқық беруді куәландыратын жазбаша қарыз міндеттемесі. Вексель нарықтық экономика түріндегі елдердің коммерциялық және банкілік іс-тәжірибесінде, сонымен қатар сыртқы саудада және басқа да халықаралық есептесулерде барынша кеңінен қолданылады. Векселдік міндеттеменің мәні мен маңызы тек қана ақша (ұлттық түрдегі және шетелдік валюта түріндегі) болуы мүмкін. Вексельді операцияларды қолданудың ерекшеліктері: - төлем мерзімін кейінге қалдыру; қаржыландыру құнын төмендету; дебиторлық және кредиторлық берешекті оңтайландыру; айналым қаражатын босату; сондай-ақ қосымша пайда табу.
Қазақстан Республикасының вексельді айналым нарығы жыл сайын өзінің даму қарқынын арттыруда. Қазіргі уақытта вексель эмитенттері «Қазатомпром» ҰАК АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «KazTransCom» АҚ, «Цесна корпорациясы» АҚ және т. б. сияқты атаулы кәсіпорындары болып табылады. Вексельді есеп айырысулар құрылыста, энергетикада, теміржол тасымалдарында, телекоммуникация саласында, кен өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығында қолданылады. Вексельдің келесідей өзіне тән ерекшелігі бар:дерексіздік, яғни вексельде мәміленің нақты түрінің көрсетілмеуі; даусыздық, яғни протесттуралы актіні нотариуспен жасағаннан кейін тиісті шара қолданылғанға дейінгі қарыздың міндетті түрде төленуге тиістігі; айналымдылық, яғни басқа бір тұлғаларға аударып
4. Ақша массасы және ақша базасы, олардың анықтамасы. Ақша айналысының негізгі сандық көрсеткіштерінің біріне ақша массасы мен ақша базасы жатады. Ақша массасы - жеке тұлғаларға, кәсіпорындарға және мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы. Белгілі бір күндегі және белгілі бір кезеңдегі ақша айналысының сандық өзгерісін талдау үшін, сондай-ақ ақша массасының өсуі мен көлемін реттеуге байланысты шараларды жасау үшін әртүрлі көрсеткіштер пайдаланылады. Ондай көрсеткіштерді ақша агрегаттары деп атайды. Өнеркәсібі жағынан дамыған елдердің қаржылық статистикасында ақша массасын анықтау барысында төмендегідей ақша агрегаттары қолданылады:Ml агрегаты, яғни ол айналыстағы нақты ақшаларды (банкноттар мен монеталарды) және банктегі ағымдық шоттардағы қаражаттарды камтиды; М2 агрегаты, ол Ml агрегаты қосылған коммерциялық банктердегі мерзімді және жинақ салымдарынан (төрт жылға дейінгі) тұрады; МЗ агрегаты, ол М2 агрегаты қосылған арнайы несиелік мекемелердегі жинақсалымдарын кұрайды; M4 агрегаты, ол МЗ агрегаты қосылған ірі коммерциялық банктердегі депозиттік сертификаттардан тұрады. АҚШ-та, ақша массасын анықтауда төрт ақша агрегатын, Жапония мен Германияда - үш, Англия мен Францияда - екеу, Ресейде - үш ақша агрегаттары пайдаланылады. Қазақстанда ақша массасына Ұлттық Банк пен екінші деңгейдегі банкілердің баланстық шоттарын шоғырландыру негізіңде анықталады және оның құрамына айналыстағы қолма-қол ақша және резидент занды тұлғалар мен үй шаруашылығы (жеке тұлғалардың) депозиттері жатады. Қазақстан Республикасында Ұлттық Банктің 12. 01. 1995 жылы Директорлар кеңесінің № 2 хаттамасымен бекітілген «Ақша массасын, ақша базасын анықтау әдісі және ішкі және сыртқы активтерді анықтау барысында баланстық шоттарды жіктеу туралы ережесіне» сәйкес ақша базасы мен ақша массасы есептеледі. Аталған ережеге сәйкес, ақша базасы (MB) - бұл міндеттемелерге жататын резервтік және бастапқы ақшаларды білдіреді.
ҚҰБ-нің соңғы жылдардағы есептеулеріне байланысты, ақша базасы (резервтік ақша) мыналардан тұрады:ҚҰБ-нің айналымға шығарған қолма-қол ақшаларынан; (ЕДБ-дің аудармалы және басқа депозиттерінен; банктік емес қаржылық ұйымдардың аудармалы депозиттерінен; ҚҰБ-гі мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдардың теңгедегі ағымдағы шоттарынан. Қазақстандағы негізгі ақша агрегаттарына, қазіргі кезде ақша несие статистикасын жасау және таддауда қолданылып жүрген, ақша базасы мен белгіленуі МЗ - ақша массасы жатады. Ақша массасы құрылымына мынадай ақша агрегаттары жатады:М0 (айналыстағы қолма-қол ақша, немесе банк жүйесінен тыс ақша) ; Ml = М0 + банктік емес занды тұлғалар мен халықтың теңгедегі аудармалы депозиттері; М2 = М1 + теңгедегі басқа да депозиттер және банктік емес занды тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы аудармалы депозиттері; МЗ (ақша массасы) = М2 + банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы басқа да депозиттері.
Мұндағы, Аудармалы депозиттер - 1) әрқашан айып-пұлсыз және шектеусіз атаулы құнымен ақшаға ауыстырылады; 2) чектің, траттаның немесе жиро-кепілдіктің көмегімен еркін айналады; 3) төлемдер жүргізуде кеңінен қолданылады. Аудармалы депозиттер қысқа ақша массасының бір бөлігін құрайды. Басқа депозиттер - негізінен ол, белгілі уақыт аралығынан кейін ғана алынатындығы немесе әртүрлі шектеулері жай коммерциялық операцияларда біраз қолайсыздық туғызатын және жинақ тетігіне қойылатын талаптарға жоғары дәрежеде сай келетін жинақ және мерзімді депозиттер. Басқа депозиттер, сонымен қатар, шетел валютасында салынған басқа салымдар мен депозиттерді қамтиды. Ақша базасының ақша массасына ықпал етуі ақша мультипликаторы көмегімен мынадай формула арқылы есептеледі:Ам = МЗ (ақша массасы) / MB (ақша базасы)
5. Қолма-қол және қолма қолсыз ақша олардың өзара байланысы мен мәні.
Ақша айналымының басым формасына сәйкес оны қолма - қол және қолма - қол емес ақша айналымдары деп бөледі.
Қолма - қол ақша айналымы - бұл қолма - қол ақша белгілерінің айналымы: қағаз ақшалардың, банкноталар, монеталар, тағы басқалары. Яғни, бұл - бір субъектінің екіншісіне тауарлар үшін, көрсетілген қызметтер үшін немесе заңмен қарастырылған басқа да жағдайлар үшін берілетін нақты ақша белгілерінің айналымы. Барлық елдерде монеталарды мемлекеттік қазына жасап шығарады, ал айналымға оларды банкноталармен бірге орталық банк жібереді. Қолма - қол есеп айырысуда орталық банкпен шығарылған және эмиссиялауға монополиялық құқығы бар банкноталар қолданылады. Қолма - қол ақшалар келесілер үшін қолданылады:-тауарлар мен қызметтер айналымын жүзеге асыру үшін; -жалақы төлеу бойынша есеп айырысу және соған сәйкес төлемдерді төлеу үшін; -бағалы қағаздарға төлем және олар бойынша табыстарды төлеу үшін; -коммуналдық және тағы басқалар қызметтерге төлем жасау үшін;
ҚР қолма - қол ақшаны Ұлттық Банк банкнота түрінде эмиссиялайды, ал екінші деңгейдегі банктер оның эквивалентін қолма - қол емес формада төлеп алады. Коммерциялық банктердің операциялық кассасынан қолма - қол ақшаның көп бөлігі клиенттерге беріледі. Яғни клиенттер заңды тұлғалар болатын болса, онда ақша кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасына түседі, ал клиент жеке тұлға болатын болса, онда ақша тікелей халыққа беріледі.
Қолма - қол ақша, негізінен, халықтың ақшалы табысынан және оны жұмсаудан түседі. Бірақ ақшаның көп бөлігі жарна, сақтандыру төлемін, пәтер ақысы мен коммуналдық төлемін, қарызды өтеуге, тауар сатып алу мен көрсетілген қызметке ақы төлеуге, бағалы қағаздар мен лотерея сатып алуға, айып пұл және тағы сол сияқтыларды төлеуге жұмсалады.
Жалпы айтқанда, ақша коммерциялық банктердің төлем - кассалық бөлімдерінен клиенттер арқылы айналысқа түсіп, белгілі бір мерзімнен кейін клиенттердің кассасы арқылы айналыстан шығады. Сөйтіп, қолма - қол ақшаның қайталама айналысы аяқталады.
Ақша айналымын реттеудегі маңызды элемент- қолма- қол ақшаны пайдалану. Қазіргі кезде біздің елде кәсіпорындар арасындағы өзара есепке қолма- қол ақшаны тек төменгі жалақының төрт еселенген мөлшері көлемінде пайдаланумен және банктегі салым иелерінің бөлшек саудамен есеп айырысу үшін есептеуге чектерін енгізумен шектелуде.
Қолма - қол емес ақша айналымы ( төлем айналымы ) - ол банктегі шот иесінің жазбаша бұйрығы бойынша шоттағы ақша қалдығының өзгеруі немесе ақшаның төлем құралы ретінде қызметтің атқарылуы. Ол бүкіл ақша айналымының басымбөлігін құрайды. Төлем айналымы төлеушілері мен сатып алушылардың банктегі шотына немесе жазбаша түрде, сол сияқты олардың өзара талаптарын есептеу жолымен жүзеге асырылады. Ол көбінесе чектер арқылы, несие карточкалары төлем тапсырыстары арқылы, төлемнің электронды құралдары арқылы және тағы басқа есеп айырысу құжаттары арқылы ( қазыналық вексельдер, сертификаттар) қызмет етеді. Қолма - қол емес ақшаның төлем айналымын екі тобқа бөлуге болады: тауарлы операциялар бойынша және қаржылық міндеттемелері бойынша төлем айналымы. Бірінші топқа тауарлар және көрсетілген қызметтер бойынша есеп айырысулар жатады, ал екіншісіне бютжет төлемдер және бюджеттен тыс төлемдер, банк ссудаларын өтеу, несиенің пайызын төлеу, сақтандыру компанияларымен есеп айырысулар кіргізіледі.
Қолма - қол емес ақша айналысы - бұл белгілі бір уақыт аралығындағы клиенттердің шоттары бойынша несиелік ұйымдарға немесе келісімді есеп айырысуға, қолма - қол ақшаларды қолданбай, ақшалай қаражаттарды аудару.
Қолма - қол ақша және қолма - қол емес ақша айналымдары өзара тығыз байланысты және бір - біріне тәуелді.
6. Ақша, оның қажеттілігі және функциялары
Ақша - жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуымен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.
Ақшаның өмір сүруіндегі объективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының болуына негізделеді. Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір-бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.
Ақша бес түрлі қызмет атқарады:
• құн өлшемі,
• айналыс құралы,
• төлем құралы,
• қор және қазына жинау құралы,
• дүниежүзілік ақша.
Ақша құн өлшемі ретінде
Құнның өлшем қызметі тауар өндірісі жағдайында туындайды. Ақша түрінде көрінетін тауардың құны, оның бағасы болып табылады. Ақшаның өз бағасы болмайды, олардың құны өздерімен анықталуы мүмкін емес. Бағаның орнына ақшалар, кез келген тауарлар санын сатып алу мүкіндігі бар. Сатып алу қасиетімен ерекшеленеді.
Ақша айналыс құралы
Ақша айналыс құралы қызметінде тауарларды өткізудегі делдал болып табылады. Тауарлар бір қолдан екінші қолға ауыса отырып, өзінің тұтынушысын тапқанға дейін ақша үздіксіз қозғалыста болады.
Тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін.
Егер тауар мен ақшаның қарама - қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметін атқарады.
Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен қатар қаржы - несие қатынастарына да қызмет етеді.
Барлық ақшалай төлемдерді төмендегідей етіп топтастыруға болады:
• тауарларды және қызметтерді төлеуге байланысты міндеттемелер;
• еңбек ақы төлеуге байланысты міндеттемелер;
• мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер;
• банктік қарыз, мемлекеттік және тұтыну несиесі бойынша борыштық міндеттеме;
• сақтандыру міндеттемелері;
• әкімшілік - сот сипатындағы міндеттемелержәне басқалары;
Қорлану және қазына жинау құралы ретінде
Ақшаның төлем және айналыс құралы қызметтері ақшалай қорлардың құрылуын талап етеді. Ақшаның қорлануының қажеттігі Т-А-Т айналымының екі актілерге Т-А және А-Т айрылуымен байланысты.
Тауар өндіріс жағдайында қорлану екі формада жүреді:
• ;
• банктердегі салымдар, мемлекеттік облигациялар.
Дүниежүзілік ақша қызметі
Тауаршаруашылығының кеңеюі, ақшалар қызметінің пайда болуы дүниежүзілік ақшалар қызметінің пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар интернационалдық құн өлшемі, .
7. Ақшаайналымы,
Ақша айналымы - бұл өзінің функцияларын орындау барысындағы қолма - қол және қолма - қол емес ақшалардың қозғалысы. Ол тауарлардың реализациясын, сондай - ақ тауарлы емес төлемдерді және шаруашылықтағы есеп айырысуларды жүзегеа сырады.
Елдің ақша айналымы ақшаның қозғалысын көрсете отырып, келесілердің арасындағы айналысты көрсетеді: орталық банк және коммерциялық банктер; коммерциялық банктер; коммерциялық банктер және олардың клиенттері; кәсіпорындар мен ұйымдар; физикалық тұлғалар;
Ақша айналымы - бұл қолма - қол және қолма - қол емес ақша белгілерінің тауар айналымын және тауарсыз төлемдермен шаруашылықтың есеп айырысуын қамтамасыз ететін ақшаның қызметі.
Ендеше ақша айналымы екі бөліктен: қолма - қол және қолма - қол емес ақша айналымынан тұрады.
Ақша айналымы заңы мына формуламен өрнектеледі:
А мөлшері = Смб/Ажылд.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz