1905-1907 жж. Ресей мен Қазақстанның саяси - әлеуметтік жағдайы


Тақырыбы: 1905-1907 жж. Ресей мен Қазақстанның саяси-әлеуметтік жағдайы.
Мазмұны
Кіріспе . . . 2-6
І Тарау Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттерінің арасындағы қарым-қатынастар . . . 7
- XIX ғ. басында Орта Азия мемлекеттерінің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алуы . . . 7-21
- Орта Азия хандықтарының XIX ғ. I-ші жартысында Қазақстандағы саясаты . . . 22-24
- Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттерінің арасындағы сауда-экономикалық байланыстар . . . 25-29
II Тарау XIX ғ. 2-ші жартысында Орта Азия мемлекеттерінің саяси-экономикалық жағдайы . . . 30
2. 1 Қоқан, Хиуа билеушілеріне қарсы ұлт-азаттық қозғалыс . . . 30-36
2. 2 Орта Азия аймағын Ресей империясының жаулап алуы . . . 37-43
Қорытынды . . . 44
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 45
Кіріспе
Экономикалық мәдени салалар барысында қандай іс-шаралар атқарылды, қандай дәрежеде өтті, қаншама саяси қайраткер, мемлекет басшылары тағы да басқа әйгілі сол кездің ұлы тұлғалары жөнінде жан-жақты мәліметтерді қарастырып оқып білу.
Тақырыптың зерттеу өзектлігі .
ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттерінің арасында қарым-қатынастардың жүзеге асырылуы, сонымен қатар әр елдің осындай стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыру барысындағы мақсат-мүдделері және осы қарым-қатынастардың аталмыш елдерге тиізген әсерлері.
Сондай-ақ қарастырып отырған тақырып өзектілігіне сол кезеңдегі Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттерінің саяси басшылары мен тлғаларының таланты түрде жүргізген дипломатиялық саясаттары да жатады.
Зерттеу мақсаты .
Менің осы тақырыпты таңдап алып, зерттеудегі мақсатым, бұл дипломатиялық, әскери, саяси, экономикалық байланыстардың ай жылдары жүзеге асырып, оның жүзеге асуына қандай стимулдар мен себептер негіз болғандығын, осы байланыстар басында қанша саясаткерлер қатысқан онда сөйлеген сөздері, ұсынған ұсыныстары мен талаптары, сонымен қатар осы қарым-қатынастардың қандай дәрежеде өткендігін анықтау.
Зерттеу міндеттері .
Қалалы кітапханалар мен мұрааттардан сондай-ақ, Интернет әлемінен осы тақырыпқа сай дерек көздерін жйнастыру, соның ішінде керек жерлерін жазып алу, ғылыми құндылықтарын айқындап, бұрын осы тақырыпта зерттеу жүргізген ғалымдардың пікірлерін зерделей отырып, оның мәніне көз жеткізу.
Зерттеу обьектісі .
Мұндағы тақырыпқа негіз болып отырған мәселе бұл Х1Х ғасырдың 2 жартысындағы Қазақстан мен орта Азия мемекеттерінің арасындағы жан-жақты қарым-қатыныстар болып отыр.
Сонымен қатар, зерттеу нысанасына осы қарым-қатынастармен бөлек байланыстарда, келісімдерде зор рөл ойнаған Қазақстан мен Орта Азия елдермен саясаткелерімен қайраткерлеріде, олардың идеялары мен ұсынған ұсыныстары және бадарламалары жатады.
Зерттеу әдістері
Осы жұмысыма сәйкес негізінен тарихи дерек көздерін, соның шінде осы кезеңде сәйкестендірілп жарық көрген еңбектері оқып шы-ғып, оны классификациялау және тарихи газет-журналдарды іздестіре отырып, олардыда жіктеп, сыныптан тыс тақырыбына сай тұстарын анықтап алу. Сонымен қоса жұмысымның зерттеу әдістерінде кітапханалық катологпен жұмыс істеу жатады. Бұл тақырыптың ауыр тұстарын жеңілдетері сөссіз-ақ.
Зерттеу әдісі
Барысында осы аталған аймақ пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастарға тек субъектибтік көз-қараспен емес обьектибті пікірде білдіру тақырыбымызды әрлендіері сөзсіз.
Зерттеу барысында осы тақырыпқа байланысты ішікісін және сыртқысын түрлерінде пайдалану жұмыстың маңыздылығын артыраттыны хақ. Сондықтанда сөз болып отырған мәселенің ішкі және сыртқы атрибуттарына да назар ауарғанымыз жөн. Тарихшының негізгі доктинасына сәйкес не болмаса Қазақстанның сол кездегі рөліне ұлттық тұрғыда көз-қарас білдіріп, жұмысты одан әрі өрбіте беретін болсақ, бұл біздң тарихшыларымызға үлекен сын болар еді. Тарихшының нақ осы мәселе тұстарын мұқият зерттеп, нәтижелі қорытынды жасағаны бұл жұмыстың жоғарғы деңгейін көрсетер еді.
Талдау әдісі
Тақырыбына сай, газет-журналдардан жинаған ақпарат көздерінің маңыздылығын және де тарихи кітаптардың өзектілігін талдау.
Сонымен қатар, жоғарыда атап өткендей-ақ, қолда бар мәлметтерді сорттап-саралай келе оның жазылу барысындағы автордың көзқарастары мен пікірлеріне көзімізді жеткізуіміз керек. Өйткені Қазақ тарихшыларының кейбір шоғыры субъективті пікірмен ғана шектеліп қалуы әбден мүмкін, ал оған қоса, қазақ емес, керісінше өзге ел ғалымдарының да мұндай қадамдарға баруы заңды құбылыс.
Сондықтан да мұндағы мақсат сондай аталған кереғар тұспалдарды да енгізіп одан қорытынды жасау. Өйткені, ол да ғалым, ол да тарихшы, әрі индивиттің өз пікірі, өз көз қарасы болуы мүмкін. Сондықтанда олардың көзқарастарын сыйлап, ол пікірлерге де құрметпен қарап, екі жақ мүдделерін салыстыру.
Хронологиялық әдіс .
Жалпы осы Орта Азия мен Қазақстан арасында жан-жақты байланыстардың қай жылдардан бастау алғандығын, түрлі қарым-қатынастардың түйні болған келіссөздердің өткен мерзімін, оған қанша саяси қайраткерлер қатысып, ат салысқандығын анықтау.
Сонымен қатар, осы қарым-қатынастардың қанша мемекеттердің арасында өткендігі, келіссөздер барысында қабылдаған шешімдерінің арасында өткендігі, келіссөдер барсында қабылданған шешімдерінің саны, олардың іске асырылу барысы тағы да басқа сатыларын хронологиялық өрбумен немесе шеңбермен зерттеу.
Оқиғаның, яғни Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттерінің ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қарым-қатынастарының кейбір сыры мол «ақтаңдақ» тұстары мен жарыққа шықпаған жақтарын көрсету. Бұл тарихшы үшін алдыңғы міндет болып табылады. Тақырып ішінде кездесетін өзге де мемлекеттердің (Қоқан, Хиуа т. с. с. хандықтар ) құрылу мерзімін, олардың Қазақстанмен жалғасқан ең негізгі екі байланысы сауда немесе экономика және саяси байланыстардың цифрын айқындау осы әдісіміз ақылы жүзеге асады.
Тіпті, осы өлкелерді кейіннен Ресей империясының экспанациялау (жаулау) саясаты оның бастау алған мерзімі, қанша уақытқа созлыған датасын да қарасты өту хронологиялық әдіссіз өрбіуі мүмкін емес.
Сөйтіп, жоңғар тепкісінен азат болып, еңсесін енді көтере бастағанда, Оңтүстік қазақтарына Орталық Азия хандықтарының шапқыншылықтары күшейді. 18 ғасырдың соңында Оңтүстік қазақтары Бұхара, Хиуа, Қоқан хандықтарымен тығыз байланысып жатқан еді. Бірақ, бір жағы орыстардың қоластына өтіп, байланысы үзіліп, әлсіреген Оңтүстікті жаулап алу, олардың ойларынан бір сәт болса да кетпеді. Ақырында, 19 ғасырдың басында Сырдың төменгі ағысын билеген Хиуа хандығы қазіргі Қызылорда облысының жеріне бірқатар бекіністер салдыра бастады. Олар көбінесе Жаңадария, Қуаңдария, Дәуқара өзендерінің бойында салынған Жаңақала, Бесқала, Қорғанша, Қылышқала бекіністері болатын әсіресе ылғалдың мол түсетін жолдары Сырдария мен жалғасатын Жеті көл өңіріне ерекше назар аударған. Өйткені Қуаңдария, Жаңадария, Іңкәрдария, Баршындария және Қолғандария өзендері келіп құятын бұл аймақ мол шаруашылығы үшін ғана емес, сонымен бірге егіншілікке де қолайлы еді. Хиуа хандығы Елтерез ( 1800-1806) тұсында кіші жүз жеріне басқыншылық бағыт ұстаса, Мұхаммедрахым (1806-1825) кезінде сырдың төменгі ағысындағы қазақтармен қарақалпақтарға шапқыншылықтар жасауды одан әрі жалғастырып, ақыры оларды өзіне қаратты. Қазақтар оның билігіне бас көтергенімен аяусыз жаныштап, қайтадан күштеп бағындырды. Бұл 1812, 1816 және 1820 жылдары орын алған болатын.
Бұхара билеушілері де қазақтың жеріне көз алартпай қойған жоқ болатын. 1785 жылы Түркістан қаласына шабуыл жасады. Қазақтар әскери жағынан күші басым болған бұхаралықтармен біраз шайқасып, қаланы қорғағанымен онысынан ештеңе шықпады. Ақырында Бұхара билеушісі Мир Масум Шах Мұрад Түркістан қаласын қазақтардан тартып алып қойды. Дәл осы кезде Ташкент қаласы Көкше, Сібзар, Шайхантаур, Бесағаш деген төрт бөліктен тұрын, оны қазақтар төрт руы, Дулаттың төрт баласы: Смқым, Жаныс, Ботбай, Шымыр ұрпақтары билейтін. Бірақ, олардың арасында қашаннан бері жалғасып келе жатқан билік үшін дау- жанжалдар орын алып, ақыры 1789 жылы өзара келісіп, билікті бір-бірінен қызғанып, оны қазаққа емес, бейтарап басқа адамға беруді шешім қабылдады. Билікті Шайхантур ұрпағы Юнус Хаджаға берді. Ол болса көп уақыт өтпей-ақ
« Түркістан жинағы» материалдарда атап көрсетілгендей, билікті өз қолдарымен берген қазақтардың өзіне әңгір таяқ ойнатты. Біразан Ташкенттен қуып шықты, біразын қастандық жасап өлтірді, тыныш отырсын ба көп өтпей ақ көрші жатқан көптеген қазақ ауылдарын қан-қақсатты. /1/
I. Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттерінің арасындағы қарым-қатынастар.
1. 1. XIX ғ. басында Орта Азия мемлекеттерінің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алуы.
Жоңғар тепкісінен азат болып, енсесін енді көтере бастаған Оңтүстік қазақтарына Орталық Азия хандықтарының шапқыншылықтары күшейді. XVIII ғасырдың соңында оңтүстік қазақтары Бұхара, Хиуа, Қоқан хандықтарымен тығыз байланысып жатқан еді. Бірақ, бір жағы орыстардың қол астына өтіп, байланысы үзіліп, әлсіреген оңтүстікті жаулап алу олардың ойларынан бір сәт те кеткен жоқ. Ақырында, XIX ғ. басында Сырдың төменгі ағысын билеген Хиуа хандығы қазіргі Қызылорда облысының жеріне бірқатар бекіністер салдырды. Олар көбіне Жаңадария, Қуандария, Дәуқара, өзендерінің бойында салынған. Хиуа хандығы Елтезер (1800-1806 жж. ) тұсында Кіші жүз жеріне басқыншылық бағыт ұстаса, Мұхаммедрахим (1806-1825 жж. ) кезінде Сырдың төменгі ағысындағы қазақтар мен қарақалпақтарға шапқыншылықтар жасауды одан әрі жалғастырып, ақыры оларды өзіне қаратты. Қазақстар оның билігіне қарсы 1812, 1816, 1820 жылдары бас көтергенімен аяусыз жаныштан, қайтадан күшпен бағындырды.
Бұхара билеушілері де қазақтың жеріне көз алартты. 1785 жылы Түркістан қаласына шабуыл жасалды. Қазақтар әскери жағынан күші басым болған бұхаралықтармен біраз шайқасып, қаланы қорғағанымен онысынан ештеңе шықпады. Ақырында, Бұхара билеушісі Мир-Масум шах Мұрад Түркістан қаласын қазақтардан тартып алды. /2/
XIX ғасырдың орта шенінде Қазақстанның Сырдарияның орта ағысынан Ақмешітке дейінгі және Ташкенттен Жетісуға дейінгі бір бөлігі Қохан хандығының езгісінде болды. Қазақстанның едәуір териториясын басып алып, Қоқан ханы, Хиуа ханы сияқты қазақ пен қырғыз халықтарының арасында өте қатал саясат жүргізді /3/
Бұл шектен шыққан езгіге қарсы еңбекшілер тобы үнемі қарсылық көрсетумен болды, ал Қоқан феодалдары оларға қарсы дүркін-дүркін жазалау отрядтарын жіберіп отырды.
Мәселен, Әлім хан қазақтарының оңтүстік аудандарының халқына талай рет жазалаушы отрядтар ұйымдастырды/4/.
Қоқан феодалодары жергілікті феодалдық рулық үстем таппен бірлесіп, еңбекші қазақтарды аяусыз ханға бөктіріп отырды. Халықтың тұрмыс-тіршілігімен хал-ахуалы көз көріп құлақ естімеген дәрежеге түсті. Әсіресе, Шайхантаур Юнус Ходжа билігі өте қатыгездікпен, әрі қулық жолдарымен іске асып отырды. Ол дулаттың төрт тайпасын бағындырған соң көрші қазақ тайпаларына шабуыл жасады. Бірін өзіне күштеп бағындырса, енді бірін ығыстырды. 1799 жылы едәуір күшейген ол Түркістан қаласына шабуыл жасап, Бұхара әмірінен тартып алды. Бірақ, Юнус Ходжа өлген соң Түркістан қаласын Бұхара әмірі қайтып алып қойды. Бұл жөнінде кензінде оңтүстік өңірінің тарихын ұзақ жылдар зерттеп, 18-19 ғасырлардағы оңтүстік Қазақстан тарихының очеркін жазған Р. Бекназаров кеңінен тоқталып өткен/5/.
Бұл кезде орталық азиялық хандықтар ортағасырлық шымкент қаласына да ерекше мән беріп, оны қалай жаулап алудың жолдарын ойластыра бастаған. Бірақ, бекінісі мықты қазақтың бұл қаласына шабуыл жасауға алғашқыда ешқайсысы тәуекел ете алған жоқ. Бұл қала үшін Қоқан ханы Әлім мен Бұхар әмірі Шах- Мұрад, кейін Омар мен Хаййдар арасында жасырын да, ашық та талас-тартыс жүрді. Түркістанды қолына алған Бұхара әмірі Шымкентке қалай келуді ойластырып жатқанда бұл жақта қоқандықтар бет бұрып, алдымен Ташкентті алуға ниет етті.
Иә, шын мәнінде қазақ жері, әсіресе оңтүстік өлкеннің көз тайдырар әсем қалалары осы замандарда жау қолдарында алма кезек жүріп жүрді.
Шынына келгенде, 19 ғасырдың басы Қоқан хандығының аса күшейнген тұсы болатын. 1809 жылы өзінің қаталдығымен «залым хан» аталған Әлім хан ташкент қаласын басып алса, ол сол жылы өзін қатты әжуалайтын бақсыларының бірінің қолдынан зікір салу үстінде өлтірілген соң таққа отырған інісі Омар хан 1810 жылы Шымкентке шабуыл жасады. Қала жан-жағынан қоқандық әскерлермен қоршалды. Бұл кезде қала бекінісі түгелдей Мұңлық (Қошқарата) , өзенінің оңтүстік батысқа бұрылған жерінен басталып, жарты шақырымға созылған жардың биігінде болатын. Бұл жағы қауіпсіз саналатын. Өйткені, жарды жағалай, қозылған су толтырылған терең ор, одан кейін биік жар, оның үстінде дуал - қорған болатын. Бекініс қаланың Қазығұрт жағының ғана жары биік емес еді. Бірақ, Сайрам, Қазығұрт, Ташкент жағынан үш қақпасы бар бекінісі мықты, бұл қалаға кез-келген жаудың кіре қоюы оңай емес болатын. Сондықтан, қоқандықтар қаланы бірден ала алмады. Қоршаудағы қазақтар бекініс айналасындағы сыртқы жауға білінбейтін етіп жасалынған жерасты үңгірлері арқылы бекініс сыртына шығып, Түркістан, Сайрам, ескі Тараз, Созақ өңіріндегі қазақтарға хабар беріп, көмек сұрады. Бірақ қоқандықтар қоршауын бұзатындай көмек болады. Ташкент қоқандықтар қолында болса, Түркістан Бұхара әмірлігіне бағынатын.
Ал 1800 жылы таққа отырып, 1826 жылдар арасында билік жүргізген Бұхара әмірі Хайдар өзінің тыңшылары арқылы бұл жаймен алдын-ала хабардар болатын. Ол қоқандықтардың Шымкентті алса күшейіп кететінінен қауіптенгенімен қазақтарға көмектеспеді. Түркістанды қолына ұстаған бұқаралықтар көмекке келгенде бұл қала берілмейтіндігі сөзсіз еді. Бірақ, онда Шымкент Бұхара әмірінің қолында болар еді. Шымкент қазақтарына орыс қоластындағы қазақтар көмек қолын соза алмады. Ақырында, Қоқанның жаңадан таққа отырған ханы Шымкентке жаңа күш төгіп, әскерлер қаланың тұс-тұсынан бірден лап қойып, қоршаудың 20-шы күні тіке шабуылмен алды. Бірнеше күн берілмей, қоқандық қаншама әскерлердің жандарын жаһаннамға жіберген қаланың ержүрек халқы қатаң түрде жазаланды. Өзінің туған жерінің тәуелсіздігі үшін шетел басқыншыларына қарсы күрескен жазықсыз жандардың қандары судай төгілді. Қала мен оның өңірі өте қатаң бақылауға алынды.
Осы уақиғадан үш жыл өткеннен кейін, 1813 жылы жазда Шымкент қаласы арқылы өткен Филип Назаров бұл қала тұралы: шымкент Бадам өзенінің бойындағы биік жерге орналасқан, өте биік дуалдармен қоршалған қала. Қалаға өзен жағынан (Созақ жағынан) бір салт атты адам ғана жүретін тар соқпақ арқылы кіресіз. Күйдірілген қыштан жүңголік үлгімен салынған үйлердің терезелері жоқ. Сондықтан да бөлмелеріне жарық түсу үшін көшеге қараған есіктерінің барлығы ашық тұрады, - деп жазды.
Осы жазылғаннан көріп отырғанымыздай, шыныда қала бекінісі мықты еді. Шымкентті алғаннан кейін кешікпей келесі жорық Сайрамға бағытталып, үш күн бойына қоршалып, қазақтар бақайшықтарына дейін қаруланған, соғыс өнеріне сайрамдықтарға қарағанда әбден жаттыққан қоқандық әскерлеріне қарсы аянбай соғысты. Бірақ күші басым қоқандық әскерлер бекініс қақпасын қиратты, қаланың көп жері талқандалды. Ақырында қала халқын тізе бүктірді /6/. Осымен қазақтардың Ташкент, Шымкент, Сайрам қалалары Қоқан хандығының қоластына өтті. Біртіндеп олардың қазақтардың ғасырлар бойы пайдаланып келген шаруаға қолайлы жерлерін тартып алып, осы өңірге келіп, жаппай қоныстану қозғалысы басталды. Шаруашылыққа қолайлы суы сүт, жері құт егіндік және шабындық жерлер қазақтардан қоқандық билеушілердің қолына өте бастады. Сөйтіп оңтүстік өңірін қоқандықтардың отарлауы басталды.
Осыдан кейін қоқан ханы Омар бір жағы Түркістан өңіріне, екінші жағы Қаратаудың арғы бетіндегі далалық аймаққа, үшінші жағы Жетісу өңіріне қарай шабуыл жасауға дайындала бастады. Оның мақсаты Сырдың бойын жағалап, Аралға, солтүстігінде Бетпақдаладан әрі асып Сарыарқаға, шығысында балқаш көлінің төңірегіндегі жеті өзен өңірі - жер жанаты Жетісудың едәуір бөлігін алу болды.
Бірақ, бұл кезде Қоқан ханының керуен үшін арты айлық жерде, сонау қиырда жатқан петербор жақтан қауіп келеді деген ой өңі түгілі түсіне кірген емес еді. Бар қаупі бір-бірінің басына сәл қиындық түсе қалса, қалың қолмен жетіп келіп, шауып кететін Бұхара әмірі еді.
Ақыры, 1815 жылы бірнеше түн бойына Шымкент қаласының биік қорғанында арқан лақтырып дыбыс шығармай дуалдан асып түсіп жаттығу жасап жатқан қоқандық жарты мыңдық әскер бір түнде жоқ болды. Сырдың бойымен айналып жүрген олар екі күннен кейін, кештетіп Түркістан маңына жетті. Түн ауа білдірмей дуалдан асып түсіп, күзетшілерді бірінен соң бірін бауыздап тастады. Бұқаралықтар жаудың келгенін сыртқы қақпаның сықырлап ашылғанынан бірақ білді. Төрт қақапа бірінен соң бірі ашылып қала берді. Түркістан қаласының билеушісінің өзі Бұхараға қашып, әрең құтылды. Таң атқан кезде Қоқан ханы Омар салтанатты түрде Әзірет сұлтан кесенесіне кіріп, намаз оқуға бетін оңтүстік батысқа, Меккедегі Адам ата (ғ. с. ) үшін Алла Тағаладан Кааба храмы түскен жердегі Мұхаммед (ғ. с. ) 61 атасы Ибраһим (ғ. с. ) оның баласы Исмаил(ғ. с. ) салған Кааба храмына қарай бұрды.
Бұхара әмірі Хайдар болса, өмірінің соңына дейін әкесі Шахмұраттың алып беріп кеткен қасиетті Әзірет Сұлтанынан айырылып қалғанына өкініп өтті. Оның баласы Насрулла да, сол сияқты көрші жақтан Хиуа ханы Мұхаммед Рахыммен одан кейін таққа отырған баласы Аллақұл да бұл жаққа көзін тіккенімен олар түгіл одан кейін таққа келген Мұхаммед Әлінің кезінде де Түркістан қаласынынң маңына жолай алмады.
Қоқан билеушісі өз территориясын оңтүстік қазақтарының жерінің есебінен кеңейте түсті. Стратегиялық маңызы бар жерлерде ескі бекіністерді жөндетті. Сыр бойына жаңадан жаңа қорған, жөлек сияқты күшті бекіністер салдырда. 1818 жылы қорған негізі қаланып, 1820 жылы Сырдың сол жағындағы қазақтар тұрған елді мекенге аса берік Ақмешіт бекінісі салынып, келесі жылы өзеннің оң жағынан көшірілді, оны Якуб бек биледі. Бұл бұрынғы Жібек жолының бойы еді.
Ал Қаратау өңіріндегі Бестамғалы, Қоңыраттар тайпаларын бағындырып отыру үшін олардың шағын елдімекеніне Шолаққорған бекінісін салдырды. Ескі Созақ бекінісі күшейтілділді. Бекіністер тізбегі өсіп, біртіндеп Сыр бойымен жүріп, Арал теңізіне қарай жылжыды.
Акмешіт бекінісінің қашан салынғаны және оның неге осылай аталғаны жөнінде көптеген мәліметтер бар. Соның бірінде: қала 1817 жылы Сырдарияның сол жағасында Қоқан ханның бекінісі ретінде тарихи сахнаға шықты. Бір жылдан кейін дарияның оң жағасына көшіріліп, бекініс қайта салынды. Бұл бекіністі салдырған Қоқанның ханы Омар еді. Түркістанды алғаннан кейінгі Сырдың төменгі құйылысындағы қазақтар қоныстанған қолайлы жерлеріне салдырған алты бекінісінің ішіндегі ең үлкені осы Ақмешіт болды. Ол алты бекініс: Ақмешіт, Жаңақорған, Қосқорған, Қышқорған, Күміс3қорған болатын. Қоқан ханның бұл бекіністі салдырудағы негізгі мақсаты қазақ даласының байлығын, жерін иемденіп, өзінің шексіз билігін жүргізу еді. Сол жаулаған жеріне салған бекіністердің біріне Омархан мешітін салдырады. Мешіттің сыртын әктеткен екен. Содан сырты аппақ болып көрінгендіктен мешіт Ақмешіт аталып, кейінен бекініс те солай аталып кеткен дейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz