Нашақорлық, оның қаупі және қауіпсіздік шаралары



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Нашақорлық туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1. Есірткі түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2. Есірткінің адам ағзасына зияны ... ... ... ... ... ... ... ... .9
3. Нашақорлыққа қарсы күрес ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
Күн сайын әртүрлі химиялық құрамдарды пайдалану арқылы есірткінің жаңа жасанды түрлері психотроптық дәрі атауымен есірткі нарығында таралуда. Олардың кейбіреулерінің зияны бұрыннан танымал табиғи есірткілермен салыстырғанда күштілеу әрі көптеген мәселелер тудырады. Жасанды есірткіге тәуелді адамдарды емдеу де қиындау. Есірткі мафиялары «олар есірткі емес, қиындық тудырмайды» деген үгіттерімен адамдарды пайдалануға тартады.
Жыл сайын 26-шы маусымда дүниежүзінің әртүрлі елдері Есірткі және қылмыс жөніндегі БҰҰ Басқармасының (UNODC) ұранымен есірткімен күресу күнін атап өтеді. Осы күні есірткі саласындағы дағдарыстар туралы айтумен қатар әртүрлі елдердің осы саладағы мәселелерді шешу жолдарына да көңіл бөлінеді. Бұл күн есірткіні өндіру, тарату және пайдаланудың нәтижелері туралы еске салып, үкіметтерден осы үлкен қоғамдық мәселені шешуге шаралар қолдануды талап етеді.
Өткен 25 жыл бойы Есірткі және қылмыс жөніндегі БҰҰ Басқармасының орталығы мен әлемнің әртүрлі елдерінде өтетін әрі халықтардың бұл құбылыспен күресу жігерін көрсететін нашақорлық пен есірткі контрабандасымен күресу мәселесіне арналған халықаралық конференциялардың куәсі болдық. Осы салада ағарту жолдары арқылы нашақорлықтың алдын алу, нашақорларды қоғамға қайтару жолындағы ақпарат құралдардың рөлі, есірткі өндіретін заңсыз егістіктерді жою, есірткі контрабандасымен айналысатын арналарды залалсыздандыру, елдердің нашақорлық пен есірткі контрабандасымен күресу саласындағы әріптестіктері сынды жобалар әртүрлі елдерде талқыланып, іске асырылады. Бірақ, өкінішке орай, әртүрлі қоғамдағы адамдардың есірткіге құмар болуы мен олардан туындайтын зардаптар мәдени құндылықтар мен ахлақтың құлдырап, қоғамдық қылмыстардың өрістеуіне себеп болуда.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
НАШАҚОРЛЫҚ, ОНЫҢ ҚАУПІ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Нашақорлық туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

1. Есірткі түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

2. Есірткінің адам ағзасына зияны ... ... ... ... ... ... ... ... .9

3. Нашақорлыққа қарсы күрес ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15

КІРІСПЕ

Күн сайын әртүрлі химиялық құрамдарды пайдалану арқылы есірткінің жаңа
жасанды түрлері психотроптық дәрі атауымен есірткі нарығында таралуда.
Олардың кейбіреулерінің зияны бұрыннан танымал табиғи есірткілермен
салыстырғанда күштілеу әрі көптеген мәселелер тудырады. Жасанды есірткіге
тәуелді адамдарды емдеу де қиындау. Есірткі мафиялары олар есірткі емес,
қиындық тудырмайды деген үгіттерімен адамдарды пайдалануға тартады.
Жыл сайын 26-шы маусымда дүниежүзінің әртүрлі елдері Есірткі және
қылмыс жөніндегі БҰҰ Басқармасының (UNODC) ұранымен есірткімен күресу күнін
атап өтеді. Осы күні есірткі саласындағы дағдарыстар туралы айтумен қатар
әртүрлі елдердің осы саладағы мәселелерді шешу жолдарына да көңіл бөлінеді.
Бұл күн есірткіні өндіру, тарату және пайдаланудың нәтижелері туралы еске
салып, үкіметтерден осы үлкен қоғамдық мәселені шешуге шаралар қолдануды
талап етеді.
Өткен 25 жыл бойы Есірткі және қылмыс жөніндегі БҰҰ Басқармасының
орталығы мен әлемнің әртүрлі елдерінде өтетін әрі халықтардың бұл
құбылыспен күресу жігерін көрсететін нашақорлық пен есірткі
контрабандасымен күресу мәселесіне арналған халықаралық конференциялардың
куәсі болдық. Осы салада ағарту жолдары арқылы нашақорлықтың алдын алу,
нашақорларды қоғамға қайтару жолындағы ақпарат құралдардың рөлі, есірткі
өндіретін заңсыз егістіктерді жою, есірткі контрабандасымен айналысатын
арналарды залалсыздандыру, елдердің нашақорлық пен есірткі контрабандасымен
күресу саласындағы әріптестіктері сынды жобалар әртүрлі елдерде талқыланып,
іске асырылады. Бірақ, өкінішке орай, әртүрлі қоғамдағы адамдардың
есірткіге құмар болуы мен олардан туындайтын зардаптар мәдени құндылықтар
мен ахлақтың құлдырап, қоғамдық қылмыстардың өрістеуіне себеп болуда.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. НАШАҚОРЛЫҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

Нашақорлық-наркомания (грек тілінен narke – мелшию және manіa –
ессіздік, құтырыну) – есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың
нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру.

Есірткі бағзы замандардан қолданылып келе жатқан дерт екені тарихтан
белгілі. Біздің заманымызға дейінгі 2700 жылдары Қытайда анаша пайдаланылды
деген дерек бар. Көкнәрді Египетте емдік және діни ғұрыптарда пайдаланғаны
туралы грек тарихшысы Геродоттың да еңбектерінен кездестіруге болады. Ең
алғаш рет есірткінің зиянын шығыс ғұламасы Ибн Сина жазып
көрсеткен.Көкнәрдің таралуы XIX ғасырда кеңінен етек алды. Ол үшін Англия
мен Қытай арасында соғыс та болды. XX ғасырдың ортасында дамыған батыс
елдерінде нашақорлық пен есірткі айналымы қауіпті жағдайға жетті. Бұл
жағынан АҚШ бірінші орынға ие болды. Есірткіге қарсы күрес XX ғасырдың
басында халықаралық сипат алып, арнайы құжаттармен бекітілді. 1946 жылдан
бақылау Біріккен Ұлттар Ұйымының құзырына көшті. Нашақорлыққа көбінесе
жасөспірімдер шалдығады, алайда осы кезенде ересектер арасында да
ескірткіге әуестенетіндер көбейіп келеді. Нашақорлардын саны 2000 жылы 1999
жылмен салыстырғанда 98% өскен.

1. ЕСІРТКІ ТҮРЛЕРІ

Есірткінің қазіргі таңда мынадай түрлері белгілі: токсикомания,
марихуана, героин, кокаин және экстази.

➢ Токсикомания– булармен, газдармен демалу. Токсикоманияның
кейбір формалары ароматтық және басқа да заттар, мысалы тұрмыста
қолданылатын ацетон, бензол арқылы таралады. Бұл ерітінділер,
тазартқыштар, синтетикалық желімдер, никробояулар, дақтарды
кетіретін сұйықтықтар және т.б. Үйде негізінен дезодорант-спрей,
шашқа арналған лак, жиһазды тазартуға арналған сұйықтық,
тырнаққа арналған лак, бензин және т.с.с. Токсикоманияның
әсерінен бұлшық ет аурулары, жүріс-тұрыс бәсеңдеуі, салмақ
жоғалту, бауыр мен бүйрек қызметінің бұзылуы, бас миының және
жүйке жүйесінің бұзылуы, еске сақтау, ойлау қабілеттерінің
әлсіреуі сияқты ауруларға, ал әрі қарай Асфиксияға (дем алудың
қиындауы), естен тануға, комаға және кенеттен қайтыс болуға
әкеліп соғады.

➢ Марихуана – кептірілген, ұсақ туралған жапырақтың, тұқымдар мен
жасыл, қоңыр немесе сұр түсті сора гүлдерінің қосындысы.
Марихуана – көптеген елдерде, оның ішінде Қазақстанда көп
таралған заңсыз есірткі. Марихуананың ықпалындағы адамның басы
айналады, жүрісі бұзылады, үнемі күле береді және есте сақтау
қабілеті төмендейді. Марихуананы шегуді кейбіреулер денсаулыққа
зиян емес деп санайды. Алайда, ол денсаулыққа үлкен зиян
келтіреді.

➢ Героин - ең алдымен опий пайда болды, содан кейін одан морфин
алынды, одан героин шығарылды. Героин өзінің есірткілік
белсенділігімен морфийннен әлдеқайда асып түседі. Ол
қыздырғаннан кейін тамырға егіледі, шегіледі, онымен демалады.
2008 жылдың 8 айы ішінде Астана қаласында героиннің дозасын
асырып қолданғаннан 19 жастан 30 жасқа дейін 48 адам көз жұмған.
Нашақорлардың түн ұйқылары бұзылады, артериалдық қан қысымы
төмендейді, ине салу нәтижесінен тамырлары тесіледі, бауыры мен
бүйректері ауырады, организмі дене және психологиялық жағынан
әлсірейді, гепатит пен СПИД-ке шалдығады, ақырында өлімге әкеп
соғады.

➢ Кокаин – коки өсімдігінен шығарылған, негізінен ақ ұнтақ
тәріздес есірткі. Кокаин ұнтағын ұсақтап мұрын арқылы тартады
немесе тамырға енгізу үшін езеді. Кокаинді тек бай адамдар
қолдана алады, себебі оны сатып алу үшін аптасына мың доллардан
астам ақша жұмсалады. Оған тез үйреніп кетуге болады. Кокаинді
қолданушылар паранойд болып келеді, олар миына қан құйылуынан,
жүректің қысылуынан кенеттен өліп кетеді. Алғашқы дозадан алған
жақсы әсерлерді сезіну үшін кокаинді жиі және көптеп қолдану
керек болады. Есірткіні алғашқыда эйфорияны сезіну үшін енгізсе,
кейін тек өзін жақсы сезініп, күйзелу немесе шаршаған жағдайын
кетіру үшін қолданады. Қолданудың ақыры – сандырақтауға, дем
алуының бұзылуына, есінен тануына, ақырында өлімге әкеліп
соғады.

➢ Экстази – 1987 ж. Испанияда болған бір дискотекада экстази
таблеткасын (метилендиоксиметиламфетамин) музыкамен біріктіруден
болған эффект ашылды. Экстази қолданғаннан кейін жеңілдік
сезіледі, күш-қуаты күшейеді, көңіл көтеріп, бірнеше сағат
қатарымен шаршамай билеуге болады. Экстази 2 сағаттан 8
сағатқа дейін әрекет етеді. Алайда Экстазиден қайтыс
болғандардың саны көп. Ол ең қауіпті есірткі құралдарының
қатарына саналып, БҰҰ-ның барлық елдерінде тыйым салынған. Осы
есірткіні қолданған кезде адамның ми клеткалары, бауыры, бүйрегі
бұзылады, жүйкесі бұзылады, тамырлары қысылады, ақырында өлімге
әкеліп соғады.

БҰҰ-ның жариялаған мәліметтері бойынша, осы кезде дүниежүзінде
есірткінің әр түрін, атап айтқанда марихуана, героин, кокаин, опиум және
тағы да басқа түрлерін пайдаланатын 200 миллионнан артық нашақор бар.
Алаңдататын мәселе, есірткі пайдаланатындардың жастарының төмен болуы мен
жастар мен жасөспірімдердің есірткіге бейім болуы болып табылады.
Мәліметтер бойынша, әртүрлі елдерде пайдаланатын есірткі мөлшері өсіп,
расында есірткі мафиясы жаңа құрамдар шығаруда. Күн сайын әртүрлі химиялық
құрамдарды пайдалану арқылы есірткінің жаңа жасанды түрлері психотроптық
дәрі атауымен есірткі нарығында таралуда. Олардың кейбіреулерінің зияны
бұрыннан танымал табиғи есірткілермен салыстырғанда күштілеу әрі көптеген
мәселелер тудырады. Жасанды есірткіге тәуелді адамдарды емдеу де қиындау.
Есірткі мафиялары олар есірткі емес, қиындық тудырмайды деген үгіттерімен
адамдарды пайдалануға тартады.

Статистикаға сәйкес есірткі әлем бойынша жыл сайын 250 мың адамның
өліміне себеп болып отыр. Осы мәселенің экономикалық нәтижелерге теріс әсер
етуімен қатар қоғамның психикалық саулығын шынайы қатерге тіреуде.
Есірткіге тәуелді адамдардың санының көбеюі есірткі саудасымен
айналысатындар үшін пайдалы. Заңсыз есірткі нарығының пайдасы тоқтамай,
есірткі түрлерінің кеңейіп, нашақорлар санының көбеюімен бетпе-бет келеміз.
Мамандардың пікірінше, әлемдік есірткі нарығы мафияның қолына шамамен 500-
700 миллиард доллар пайда түсіреді. Бұл ақшаның көбі акциялар ретінде
енгізіліп, содан сон есірткі нарындағы мафиялар пайдаланатын ақшаға
айналады. Қоғамдық сарапшылардың пікірінше, бұл құбылыс халықаралық
мафиялар саласындағы сауда мен пайдалы әрекеттер деп саналуымен қатар
дамушы елдерге билік жүргізетін құрал болып табылады. Ауғанстан елінің
жағдайы осы мәселені растайды. Жылдарға созылған ішкі соғыс, бөгде
күштердің орналасуы, экономикалық қиындықтар және Ауғанстандағы
пайдақұмарлардың әрекеттері өкінішке орай, осы елді әлемдік есірткінің
негізгі орталығына айналдырды. Деректер бойынша соңғы он жылда америкалық
және бөгде күштердің Ауғанстанда есірткі өндіруі 40 есе өсті. БҰҰ-ның
мәліметтері осы кезде Ауғанстандағы апиын шығарудың мөлшері әлемдік
мөлшердің 90 пайызын құрайтынын көрсетеді. Ауғанстанда апиынмен бірге жыл
сайын 700 тонна героин өндірледі. Сөйтіп, бұл ел әлемдегі ең үлкен гашиш
шығарушыға айналды. Айта кететін жәйт, осы мәселе Ауғанстанда мыңдаған НАТО
және басқа елдердің мыңдаған күштері орналасып, олардың міндеттерінің бірі
– Ауғанстандағы есірткінің тамырын жою болып отырған жағдайда орын алуда.

Деректер аймақта есірткі және контрабанда мафияларының Ауғанстаннан
әлемдік нарықққа дейін таралып, әрекеттенуін көрсетеді. Мамандардың көбісі,
атап айтқанда ғылыми "Соғыс құдыреті және есірткі экономикасы" атты
мақаланың авторы Дженит Курсованың пікірі бойынша Ауғанстан апиынының
пайдасы 200 миллиард доллардан асады. Бұл мөлшер әлемдік банктің
мәліметінше Ауғанстанға көрші елдердің, мәселен Иран мен Қытайдың жылдық
пайдасынан да жоғары.

Иран 709 шақырым құрғақ және 236 шақырым су, жалпы алғанда Ауғанстан
арасындағы 945 шақырымдық шекарасымен осы елге ең жақын мемлекет болып
саналады. Ортақ шекара арақашықтығының ұзындығына байланысты Иран есірткі
және оның тасымалының ең үлкен зардабын шегіп отыр. Өткен 30 жылда есірткі
тасымалдау жолында орналасқан және контрабандалармен бетпе-бет келген Иран
ешбір күмәнсіз есірткіге қарсы күреске белін буып шықты. ИИР үкіметі елінің
ішіне кіретін есірткінің алдын алумен қатар, оның еуропалық елдерге
тасмалданатын жолдарына да тосқауыл қоюға шаралар қолданып, осы мақсаттың
жолында мыңдаған азаматтарынан айрылды. ИИР іс жүзінде әлем деңгейіндегі
есірткімен күресуге шынайы кіріскенін көрсетті. Бұл мемлекет өз күресінің
арқасында сан рет БҰҰ-ның басшылары, атап айтқанда БҰҰ Бас хатшысының
алғысына ие болды. Есірткі және қылмыс жөніндегі БҰҰ Басқармасының атқарушы
директоры Юрий Федотов да осыдан біраз уақыт бұрын Вена жиналысында:
"Теһран есірткімен күресу мәселесінде БҰҰ-ның бірінші серігі,"- деп
қуаттады.

Юрий Федотов Иран есірткі саудасының алдын алу саласында көптеген
жұмыс жасады деп: "Иран әлем деңгейіндегі есірткіні табу саласында алғашқы
қатардағы елдердің санатына кіреді,"- деп мәлімдеді. Бағдарламаның соңғы
бөлімінде ағымдағы жылдағы есірткімен күресу саласындағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Діни экстремизм мен терроризм
Есірткі және психотроптық заттардың және заңсыз айналым (контрабанда) түсінігі
Есірткілік пен есірткі бизнесінің алдын алу мен жолын кесудегі ішкі істер органдарының қызметін ұйымдастыру
Нашақорлық - қылмыс бастауы
Маскүнемдiкке, алкоголизмге, нашақорлыққа және есiрткi құмарлыққа қарсы күрестi күшейту жөнiндегi шаралар туралы
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері
Қауіпсіздік пен есірткі бизнесі
Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігіне кіріспе. Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі саласындағы заңды және құқықтық актілер
Есірткі заттарды заңсыз сақтау
Спид ауруы
Пәндер