Мемлекеттің ақша-несие саясаты туралы ақпарат



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 Мемлекеттің ақша.несие саясатын жүргізудегі негізі
және оның экономиканы реттеудегі ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Ақша.несие саясатының мәні мен мақсаттары ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Мемлекеттік ақша.несие саясатының құралдары ... ... ... ... ... ...7
1.3 Мемлекеттің ақша.несие саясатының түрлері мен
аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11

2 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ақша.
несие саясатын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.1 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша.несие
саясатын жүргізудегі негізгі қадамдарына сипаттама ... ... ... ... 14
2.2 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша.несие
саясатының құралдары және оларды дамыту жолдары ... ... ... ..18
2.3 Ұлттық банктің ақша.несие саясатының бағыттары ... ... ... ... .21

3 Ақша.несие саясатының стратегиялық мақсаттары
мен ақша.несие саясатын жүргізу құралдарын жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37
Қазақстан тәуелсіз ел болып қалыптасқаннан бері бір қалыпты экономикаға қол жеткізді. Алайда отандық экономиканың ақсаңдайтын әлсіз жерлері экономикалық тұрақтылықтың орнауына жол бермей отыр. Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауында ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттырып, алдыңғы қатарлы дамыған елу елдің қатарына кіру – ел экономикасының міндеті екенін айтып келеді. Әлемдік экономикадағы қолайсыз ахуалды ескере отырып, инфляциядан әрбір қазақстандықтың кірістерін қорғауды қамтамасыз ететін және экономикалық өсім үшін лайықты деңгейін ұстап тұратыны анық. Бұл жай ғана макроэкономикалық мәселе емес, бұл елдің әлеуметтік қауіпсіздігінің мәселесі және де бұл – 2013 жылдың өзінен бастап Ұлттық Банктің басты мәселесі.
Курстық жұмыстың мақсаты – мемлекеттің ақша-несие саясатынының түрлері мен типтерін талдап, ақша-несие саясатының негізгі бағыттары мен салдарын қарастыру.Ұлттық Банктің ақша-несие саясатын жүргізудің дамыту жолдарын іздестіру.
Қазақстандық банктер өз кезегінде өзінің мақсатын орындауға және нақты экономика секторының кредиттік ресурстарға деген қажеттілігін қамтамасыз етуге тиіс.Бұл ретте қаржылық жүйеге бақылауды әлсіретуге болмайды,банктерді проблемалық несиелерден тазарту және қорландыру мәселелерімен тығыз айналысу қажет.
Бұл үшін Ұлттық Банк пен Үкіметке Президент Әкімшілігінің үйлестіруімен экономиканы қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз етуге бағытталған түбегейлі ақша-несие саясатының жаңа жүйесін әзірлеу қажет болатыны жөнінде елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жолдауда айтып өткен болатын.
Ақша-несие саясатының мақсаты-елдегі қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауға, сақтандыру нарығының, бағалы қағаздар нарығының әрі қарай дамуына және банк жүйесінің нығая түсуіне, экономикалық нақты секторды банктердің несиелеуінің әрі қарай өсіру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының жетілдірілуіне мүмкіндік туғызады және ұлттық валюта тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.
1. .«Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. 29.01.2010.
2.Ілиясов А.Ә «Ақша-несие саясаты»: Алматы 2008 5-6б
3.http://www.nationalbank.kz/?docid=809,Ақша-кредит саясатының негізгі бағыттары;
4.А.Доғалов, Н.С Досмағанбетов: Макроэкономика:экономикалық мамандықтарға арналған оқулық/-Астана: Л.Н.Гумелев атындағы ЕҰУ, 2011.-157-159б
5. Мамыров Н.Қ., Есенғалиева К.С.,Тілеужанова М.Ә., Микроэкономика. «Экономика» 2000 ж.-57б
6.А.С.Мақыш. «Коммерциялық банктер және банктік операциялар». Алматы 2003 ж.-26-27б
7. А.С.Мақыш. «Ақша айналысы және несие». Алматы 2003 ж.-19б
8. Есіркепова А. Қазақстан экономикасын басқару негіздері. Алматы 2004 ж.
9. Сейітқасымов Ғ.С. “Ақша, несие, банктер”. Алматы 2001 ж.-81б
10. Тұраров Н. С. Ақша-несие саясаты // Саясат. – 2006, №7.
11. Самрат Ж. Бәсекеге қабілетті болу – стратегиялық мақсат // Егемен Қазақстан. – 2006, №19.
12.Кенжеғозин М. Қазақстан экономикасы: басымдықтар мен проблемалар // Егемен Қазақстан. – 2006, №20.
13. Мұхамбетова З. С. Аймақтың ақша-несие саясаты // Аль-Пари. – 2003, №1.-21-25б
14.Лаврушкина О. М. Деньги, кредиты, банки. Москва: «Финансы и статистика», 1999ж.-18б
15. «ҚР-дағы Ұлттық банк туралы» ҚР Заңы. 31.03. 1995ж.
16. «ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР Заңы. 30.08. 1995ж.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 Мемлекеттің ақша-несие саясатын жүргізудегі негізі
және оның экономиканы реттеудегі ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Ақша-несие саясатының мәні мен мақсаттары ... ... ... ... ... ... . ... .5
1.2 Мемлекеттік ақша-несие саясатының құралдары ... ... ... ... ... ...7
1.3 Мемлекеттің ақша-несие саясатының түрлері мен
аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11

2 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ақша-
несие саясатын талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.1 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-несие
саясатын жүргізудегі негізгі қадамдарына сипаттама ... ... ... ... 14
2.2 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-несие
саясатының құралдары және оларды дамыту жолдары ... ... ... ..18
2.3 Ұлттық банктің ақша-несие саясатының бағыттары ... ... ... ... .21

3 Ақша-несие саясатының стратегиялық мақсаттары
мен ақша-несие саясатын жүргізу құралдарын жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...37

Кіріспе

Қазақстан тәуелсіз ел болып қалыптасқаннан бері бір қалыпты экономикаға қол жеткізді. Алайда отандық экономиканың ақсаңдайтын әлсіз жерлері экономикалық тұрақтылықтың орнауына жол бермей отыр. Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауында ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттырып, алдыңғы қатарлы дамыған елу елдің қатарына кіру - ел экономикасының міндеті екенін айтып келеді. Әлемдік экономикадағы қолайсыз ахуалды ескере отырып, инфляциядан әрбір қазақстандықтың кірістерін қорғауды қамтамасыз ететін және экономикалық өсім үшін лайықты деңгейін ұстап тұратыны анық. Бұл жай ғана макроэкономикалық мәселе емес, бұл елдің әлеуметтік қауіпсіздігінің мәселесі және де бұл - 2013 жылдың өзінен бастап Ұлттық Банктің басты мәселесі.
Курстық жұмыстың мақсаты - мемлекеттің ақша-несие саясатынының түрлері мен типтерін талдап, ақша-несие саясатының негізгі бағыттары мен салдарын қарастыру.Ұлттық Банктің ақша-несие саясатын жүргізудің дамыту жолдарын іздестіру.
Қазақстандық банктер өз кезегінде өзінің мақсатын орындауға және нақты экономика секторының кредиттік ресурстарға деген қажеттілігін қамтамасыз етуге тиіс.Бұл ретте қаржылық жүйеге бақылауды әлсіретуге болмайды,банктерді проблемалық несиелерден тазарту және қорландыру мәселелерімен тығыз айналысу қажет.
Бұл үшін Ұлттық Банк пен Үкіметке Президент Әкімшілігінің үйлестіруімен экономиканы қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз етуге бағытталған түбегейлі ақша-несие саясатының жаңа жүйесін әзірлеу қажет болатыны жөнінде елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жолдауда айтып өткен болатын.
Ақша-несие саясатының мақсаты-елдегі қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауға, сақтандыру нарығының, бағалы қағаздар нарығының әрі қарай дамуына және банк жүйесінің нығая түсуіне, экономикалық нақты секторды банктердің несиелеуінің әрі қарай өсіру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының жетілдірілуіне мүмкіндік туғызады және ұлттық валюта тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.
Ақша-несие реттеудің негізгі объектісі - жалпы төлем қабілетті сұраныстың әртүрлі компонеттерінің өзгеру динамикасына әсер ететін, экономикадағы жалпы ақшалай және ақшалай емес ақша массасы болып табылады.
Өз мәніндегі ақша-несие саясатын жүргізу ғана Ұлттық банкке және оның жүргізіп отырған ақша-несие саясатына деген нарық қатысушыларының және жалпы халықтың сенімін қамтамасыз ететін болады.
Ақша-несие саясаты мемлекеттің экономикалық саясатының аса маңызды құрамдасының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасында оны ҚР Ұлттық банкі экономикалық өсудің тұрақтылығын,жұмыссыздық пен инфляцияның төмен деңгейін қамтамасыз ету мақсатында пайыздық ставканы, валюта бағамын, өтімділікті, төлем қабілеттілігін және т.б белгілей отырып, банктердің қызметіне ықпал ету арқылы жүзеге асырады. Ақша-несие саясаты-нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Ақша-несие саясаты дегеніміз - бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының келесі міндеті қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету, инфляция өсімінің залалды зардаптарын төмендету,сонымен бір мезгілде экономикалық өрлеуді ынталандыру үшін нақтылы айырбас бағамының икемділігін сақтап тұру.Осы орайда Ұлттық қор маңызды роль атқаруға тиіс,Үкімет қор қаражатының ашықтығын және ұтымды құралуы мен пайдаланылуын қамтамасыз етуі тиіс деп санаймын.
Ақша-несие саясаты бүгінгі таңда несиелеуге болатын экономика секторын дұрыс таңдай білуге, сондай-ақ несие беру мүмкіндігі туралы, төлем балансы сұрақтарын шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар мен қарыз алушының несиелік қабілетіне қарап өз клиентін таңдаудағы біліктілігіне негізделеді.

1 Мемлекеттің ақша-несие саясатын жүргізудегі негізі
және оның экономиканы реттеудегі ролі
1.1Ақша-несие саясатының мәні мен мақсаттары

Ақша-несие саясатының негізінде ақша мен ақша несие саясатының экономикаға әсер ету процесін зерттейтін ақша теориясы жатыр. Мемлекеттің ақша-несие саясаты экономиканы мемлекеттік реттеудің маңызды құралы ретінде қарастырылады.
Мемлекеттің ақша-несие саясатының ең басты мақсаты - баға тұрақтылығын, тиімді еңбекпен қамтамасыз ету мен жалпы ұлттық өнімнің нақты көлемінің өсуін қамтамасыз ету. Бұл мақсат ұзақ уақытта жүзеге асатын жылдарға созылатын және нарықтық конъюнктураның өзгерісін тез сезіне бермейтін ақша-несие саясаты шеңберінде жүзеге асырылатын шаралар арқылы жүргізіледі. Осыған байланысты ағымды ақша-несие саясаты ірі тапсырмаларға қарағанда нақты және мүмкін мақсаттарға бағытталады. Кез-келген жағдайда да мемлекеттің ақша-несие саясатын жүргізуші болып, өзіне тән қызметтеріне сәйкес орталық банк есептелінеді, ал саясаттың объектілері ақша нарығындағы ұсыныс пен сұраныс болады. Саясат -- бұл мемлекетке қатысты іс, мемелекеттік қызмет. Сондықтан да ақша-несие саясаты -- бұл мемлекеттің ерекше қызметі. Ол оның көмегімен елдің ақша-несие процестері реттелетін жүйесіне шаралар жасап, жүзеге асыруда көрінеді.
Ақша-несие саясаты елдегі макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуге және экономикалық өсу үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған мемлекеттің экономикалық саясатының маңызды құрамдас бөлімдерінің бірі болып табылады. Ақша-несие саясаты - бұл макроэкономикалық процестердің мемлекетке қажетті бағытта дамуы үшін Орталық банктің ақша айналымы мен несие қатынастар саласында жүргізетін іс-әрекеттер жиынтығы. Несие саясатының мақсаты, егер оны жалпы экономикалық саясат мақсатының нақты көрінісі ретінде алғанда, ел шаруашылығының тұрақты дамуын қамтамасыз ету[1]. Қазіргі замандағы қоғанда ақша өте үлкен және алуан түрлі рөлді атқарады. Ақшаның рөлі жалпы балама түріндегі маңызымен анықталыды, өйткені бұл рөлге айрықша арнайы тауарларды бөліп шығару тауар өндірісі мен айналысының заңы болып табылады. Ақша тауарларды айырбастау құралы ретінде әрекет етпейді, ол өндіріспен үздіксіз байланыста болады. Ақша тауарлар мен қызметінің үлкен массасының қозғалысын, сонымен бірге қаржы - несие жүйесі арқылы жеткізушілер мен тұтынушылар арасында ақша құралдарының қозғалысын туындатады[2].
Ақша нарықтық экономикадағы рөлі ақша жинақтарын қалыптастырудың механизмдерін құру және кеңейтуде, барлық қаржылық ресурстарды жұмылдыруда және оларды ұдайы өндірісте тиімді қолдану үшін инвесторларға беруде жатыр. Ақшаның экономикалық жүйедегі қоғамдық рөлі мынада, яғни олар нарықтық экономикадығы тәуелсіз субъектілер арасында байланыстырушы буын болып табылады.
Ақша - несиелік реттеудің мақсаты - ақша массасының өсуін тежеу, инфляцияны болдырмау, елдегі Жалпы Ішкі Өнімнің өсуін ынталандыру.
Несиелеу процесі кезінде ақша массасының құрылымына, төлем айналысына және ақша айналымының жылдамдығына әсер ететін сол ақша айналымы үшін түрліше төлем қаржылары құрылады. Айналымда ең қарапайым қарыздық міндеттемелер - вексельдерден бастап қазіргі электрондық ақшаларға дейінгі несие ақшаның түрліше формалары пайда болады.
Ақша экономикада өте маңызды рөлді атқарады: ол трансакциялық шығындарды төмендету есебінен экономиканың жеңіл қозғлысы жүзеге асады, ол еңбектің мамандануы мен бөлінісін ынталандырады.
Ақша-несие саясатын пайдалана отырып, мемлекет инфляция мен жұмыссыздықтың төменгі дәрежесі тән экономиканы құруға ұмтылады. Бұл міндетті орындау үшін ол ақша ұсынысына бақылау орнатуы керек. Ақша айналымын реттеу үшін монетарлық реттеудің классикалық құралдары - ашық рыноктағы операциялар, міндетті резервтер нормасының өзгеруі пайдаланады.
Ақша-несие саясаты - бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін реттеу мақсатында мемлекеттің ақша-несие саласында қолданатын өзара байланысты шаралар жиынтығы. Мемлекет өндірістік салаға тікелей әсер ете алмайды, ол кәсіпкерлік шешімдерге тек жанама реттеу арқылы әсер етеді. Сондықтан ақша-несие саясаты мемлекеттің өндіріске әсер етуінің тиімді әрі икемді әдісі болып табылады. Ақша-несие саясатының мақсаты - ұлттық шаруашылықтың тұрақты дамуы мен тепе-теңдікте болуын қамтамасыз ету. Ақша-несие саясатының негізгі субъектісі - Орталық банк (Ұлттық Банк). Ол үкіметтік институт болмағанымен оның нұсқауларын орындайды. Алайда, Ұлттық Банктің мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы рөлі мен маңызына көңіл аударатын болсақ, ол өз алдына дербес ұйым болып табылады. Сондықтан оның өздігінен шешім қабылдауға толық құқы бар.Ұлттық банктің міндеттері екі бағытта атқарылады.
Валюта жүйесінің бірқалыпты тұрақты дамуын қамтамасыз ету.
Мемлекеттің мүддесін қамтамасыз ету үшін жеке коммерциялық банктердің несие қызметіне әсер ету[3].
Мемлекеттің ақша-несие саясатына жалпы сипаттама бере отырып, оның мазмұнын былайша нақтылауға болады. Ақша-несие саясаты - Ұлттық Банктің ақша айналымы мен несие қатынастары саласында жүргізетін макроэкономикалық үрдістерді мемлекеттік деңгейде реттеу мен дамытуға бағытталған шаралар жиынтығы.
Мемлекеттің ақша - несие саясаты мемлекеттің белгілі мақсаттарына жету үшін қолданылады. Ақша-несие саясатының мақсаттарын ақырғы және аралық деп топтастыруға болады.
Мемлекет ең алдымен ақырғы (негізгі) мақсатты: яғни, экономиканың тұрақты өсуін, толық жұмысбастылық, бағаның тұрақтылығы мен төлем балансының тепе-теңдігін қамтамасыз ету жағдайларын көздейді. Ақырғы мақсатқа ұзақ уақыт, ақша-несие саясатының шараларын бірнеше жылдар бойы жүргізу арқылы қол жеткізуге болады. Соған байланысты ағымдық ақша-несие саясаты неғұрлым нақтырақ, ауқымы жағынан шағын аралық мақсаттарға бағытталады: айналымдағы ақша жиынының оңтайлы көлемі, пайыз мөлшерлемесін өзгерту, тұрақты айырбас бағамы, міндетті резерв деңгейін анықтау т.б.
Несие - ақша саясатын пайдалана отырып, мемлекет инфляция мен жұмыссыздықтың төменгі дәрежесі тән экономиканы құруға ұмтылады. Бұл міндетті орындау үшін ол ақша ұсынысына бақылау орнатуы керек. Ақша айналымын реттеу үшін монетарлық реттеудің классикалық құралдары - ашық рыноктағы операциялар, міндетті резервтер нормасының өзгеруі пайдаланады.

1.2 Мемлекеттік ақша-несие саясатының құралдары
Ұлттық Банк мемлекеттің ақша-несие саясатын жүзеге асыруда құралдар жиынтығын қолданады. Ол құралдар ақша-несие саласына жанама әсер ету әдістерінен құралады. Бірақ кейбір операцияларды жүргізгенде Ұлттық банк ақша- несие саласына тікелей араласуы да мүмкін. Ұлттық банк тікелей әдісті қолданғанда коммерциялық банктердің банктік емес секторға несие беруіне шектеу қояды. Нақтырақ айтқанда, белгілі уақыт аралығында коммерциялық банктердің несие операциялары арқылы өтетін ақша сомасына пайыздық норма белгіленеді. Ол норма сақталмаған жағдайда айып-пұл салынады. Оның көлемі несие көлеміне өскен сомаға тең болады. Бұл әдістің жағымды жақтары мен қатар кемшіліктері де бар. Ол өте икемсіз, өйткені Ұлттық Банк белгілеген норма экономиканың қысқа мерзім кезіндегі несие ресурстарына сұранысын қанағаттандыра алмайды. Сөйтіп ол рыноктық экономика заңдарына қайшы бола тұра бір мәселені шешу нәтижесінде басқа проблемаларды тудырады Тікелей әдіс тек жанама әдістер нәтиже бермегенде немесе ол әдістерді қолдану нәтижелерін ұзақ уақыт күтуге мемлекеттің мүмкіндігі болмаған жағдайда қолданады. Ақша-несие саясатының жанама әдісінің құралдарына мыналар жатады
oo есептік мөлшерлемені өзгерту (дисконттау);
oo ашық рыноктағы операциялар;
oo міндетті резерв нормасын өзгерту;
oo еркін келісімдер.
Есептік мөлшерлемені өзгерту (дисконттау). Бұл әдіс ақша-несие саласында жақсы зерттелген әдіс. Мұнда Ұлттық Банк басқа коммерциялық банктерге негізгі несие беруші ретінде қаралады. Ұлттық Банк белгілеген есептік мөлшерлемені ресми есептік мөлшерлеме деп атайды. Ұлттық Банк есептік мөлшерлемені кез- келген уақытта өзгерте алады. Ұлттық Банк есептік мөлшерлемені өзгерту арқылы капитал нарығындағы сұраныс пен ұсынысты реттей алады. Есептік мөлшерлемені өсіру арқылы несие бағасын көтереді, сөйтіп коммерциялық банктер тарапынан сұранысты қысқартады және керісінше, есептік мөлшерлемені төмендету арқылы несиеге сұранысты ұлғайтады. Осыған сәйкес экономикадағы инвестиция көлемі де өзгеріп отырады.
Ашық рыноктағы операциялар - Ұлттық Банк құнды қағаздарды сату және сатып алу арқылы ақша несие қатынастарының дамуына әсер етеді. Мұндай операциялар Ұлттық Банктің ақша-несие саласына белсенді араласуына мүмкіндік тудырады. Есептік мөлшерлеме саясатын жүргізгенде Ұлттық банктің рөлі енжарлы (пассивті), өйткені онда несие алу туралы шешімді коммерциялық банктер қабылдайды, ал Ұлттық Банк олардың шешімдерін күтуге мәжбүр болады Ал ашық рынокта Ұлттық Банк рыноктың басқа да агенттіктері сияқты саудаға қатысады. Сондықтан ашық рыноктағы операциялар әдісі ақш-несие саясатының ең тиімді құралы болып табылады. Бұл әдістің артықшылығы - Ұлттық Банктен экономиканың қаржылық емес секторларына қызмет ете алады. Қаржылық емес құрылымдар ҰБ құнды қағаздарын сатып алу арқылы өздерінің коммерциялық банктердегі депозиттерін қысқартады. Сөйтіп Ұлттық Банк коммерциялық банктердің рөлін төмендете отырып, қаржылық емес құрылымдардың іс-әрекеттеріне әсер ету мүмкіндігіне ие болады. Ал аталмыш әдістің кемшілігі - уақыттың шектеулілігі. Оның ұзақтығы шығарылған құнды қағаздың мерзіміне байланысты. Егер құнды қағаздар ұзақ мерзімге шығарылса, бұл құралды қолдану мерзімі де ұзақ болады. Міндетті резерв нормасын өзгерту. Міндетті резерв - бұл коммерциялық банктердің Ұлттық Банкте арнайы шотта сақтайтын ақша қоры. Ол негізгі екі қызмет атқарады: 1) коммерциялық банктердің өз салымшылары алдында міндеттерін орындау кепілдігін беру; 2) ақша массасын реттеу құралы. Міндетті резерв нормасы туралы тәртіп ең алғаш рет АҚШ-та 1933-ж. енгізілді. Қазақстанда 1993 жылы 1- қаңтарда енгізіліп Қазақстан Республикасының коммерциялық, кооперативтік және жеке банктердің қызметін реттеу туралы нұсқауға сәйкес, міндетті резерв нормативі 18 - 20% мөлшерінде бекітілген болатын. Қазіргі уақытта ол төмендеп, 10,5% - ды құрайды. Міндетті резерв нормасы коммерциялық бактің ҰБ-гі міндетті салымының сол банктің мерзімдік міндеттемесіне қатынасы арқылы анықталады.

МRН = міндетті салым көлемі мерзімдік міндеттеме

Мысалы, МRН=20%,коммерциялық банктің мерзімдік міндеттемесі 1 млн долл. болса, онда ол 200 мың доллар резерв сақталуы тиіс. Егер келесі айда мерзімдік міндеттемесі 1 млн. долл. көбейсе, онда резерв көлемі 400 мың долларға өсуі тиіс. Ұлттық Банк резервтік норма көлемін көтеру арқылы коммерциялық банктердің қызметін шектейді, керісінше төмендету арқылы ынталандырады. Міндетті резерв нормасының жиі өзгеруі мүмкін емес, өйткені бұл жағдайда банктер мен басқа қаржылық құрылымдар арсындағы тепе-теңдік бұзылады. Сондықтан оны ҰБ сирек қолданады немесе есептік мөлшерлеме саясатымен бірге қолданады.
Еркін келісімдер әдісі жоғарыда берілген құралдар жиынтығын толықтырады. Мұндай келісімдер ҰБ пен коммерциялық банктің арасында жасалады. Еркін келісімдерге сақтандыру қоғамдары, зейнетақы қорлары және мемлекеттік институттар қатыса алады. Коммерциялық банктер еркін келісімдер жасау арқылы өз еркімен өз қызметтеріне шектеулер қояды. Мысалы: олар өздерінің несие беру көлемін белгіленген шекте ғана кеңейте алады, ал ҰБ өз тарапынан банктерге кейбір қаржы операциялары (мыс.валюталық операциялар) мен олардың өзгерісі туралы алдын-ала мәліметтер беріп отыруға міндеттеме алады. Сөйтіп еркін келісімдер арқылы ҰБ коммерциялық банктерінің қызметіне бақылау орнатады. Әлемдік практикада еркін келісімдерден басқа моральдық әсер деп аталатын әдіс қолданылады. Бұл әдіс бойынша ОБ тарапынан коммерциялық банктер мен қаржылық емес құрылымдарға кеңестер, түсініктемелер, жолдаулар жіберіліп отырады. Осындай әдіс арқылы ОБ коммерциялық банктер мен басқа да қаржылық емес құрылымдарды түрлі күтпеген жағдайлардан қорғау мақсатында алдын ала ескертіп отырады. Қазақстанда және басқа да ТМД елдерінде бұл әдісті қолдану тәжірибесі әлі қалыптаспаған. Себебі еліміздің ҰБ жүйесінде кеңестер беру емес, нұсқаулар жасау әлі де басым[4].
Ақша-несие саясатын жасағанда және оны іске асырғанда кездесетін қиыншылықтарды туындыратын себептер өте көп. Бірақ ең маңыздыларына екеуін жатқызуға болады:
1)Экономиканың жалпы жағдайын ;
2) Ұлттық экономиканың дамуына сыртқы экономикалық
факторлар әсерін;
Бұдан басқа, Орталық банк белгілі уақыт мерзімінде ақша-несие саласын реттеу бойынша нақты іс-әрекеттер жүргізе отырып, экономика буындарының барлық басқа да өзара байланыстылық қырларын есепке алуы қажет болады. Жеке алғанда, мысалы, оның есеп жүргізу саясаты коммерциялық банктерден тыс экономиканың көптеген басқа салаларына, оның ішінде қарыздары көп болатын мемлекет секторына, ауыл-шаруашылығына, тұрғын үй иелеріне әсер етеді.
Ақша-несие саясатын іске асырғанда онда қолданған құралдардың өз кемшіліктері де ерекше қиыншылықтарды қосымша туындатады. Мысалға, ақша-несиені реттеудің ең бір кең тараған әдістерінің бірін есеп жүргізу (дисконттық) саясатын алайық. Дисконттық саясаттың ең бір елеулі кемшілігі - оның баға механизміне әсер етуі.
1. Экономика субъектілері несие шығындарын өзінің клиенттеріне, түптеп келгенде, тұтынушыларға ауыстыруға тырысады.Мұндай жанамалы жағымсыз әсер кез келген экономикаға қажет емес,әсіресе әлі тұрақтанбаған экономика үшін қосымша ауыр жүк болады.
2. Процент деңгейін әкімшілік шешіммен жоғарыдан белгілеу нарықтық бағытта іс-әрекет бола алмайды. Ал нарық механизімін бұлай әлсірету,мысалы,астыртын экономикалық қатынастарын нығайтуға мүмкін.
3. Орталық банктің процент арқылы экономикаға ықпал жасау мүмкіншілігі шектеулі.
Коммерциялық банктер және ірі фирмалар көбінесе өз операцияларын шетелдерге, егер онда процент ставкасы төмен болса, аударады және де жалпы алғанда орталық банктің капитал нарығын процентпен реттеу-тіпті де абсолютті тұрақты құрал емес. Орталық банктің капитал нарығын реттеу деңгейі әртүрлі жағдайларға байланысты өзгереді. Олардың арасынан екі факторды ерекше бөліп қарастыру қажет.
1) экономикалық жағдайға байланысты реттеу моделінің өзгеруі;
2) шаруашылық өмірінің интернациялануы. Соңғы жағдай әртүрлі елдерде банк саясатын өзара байланысты және бір-бірімен үйлесімді жүргізуді қажет[8].

1.3 Мемлекеттің ақша-несие саясатының түрлері мен
аспектілері
Қазақстан Республикасының осы заманғы әлеуметтік-экономикалық даму кезеңі нарықтық қатынаспен сипатталады. Бұл қатынаста жаңа ақша- несие жүйесі қалыптасып, қаржы институттарының жаңа түрлері пайда болып жатыр, нарықтық экономикаға тән жүйеге сәйкес банк жүйесінің құрылымы өзгерді.
Еліміздің ақша- несие саясаты халықаралық несиелік саясатпен жұмыс істеу принциптеріне көшу барысында Қазақстан Республикасындағы өтпелі кезеңнің ерекшеліктері мен әлемдік банктің технологиясын ұштастыра білудің маңызы зор.
Несиені өтеу қабілетін бағалау үшін рейтинг агенттіктері елдің несие рейтингін әзірлейді, бұл орайда мына аспектілерге назар аударады:
1. Демократиялық саяси жүйені жасаудағы прогресс: мұны демократиялық саяси институттардың тиімділігі, шешімдер қабылдау процесінің ашықтығы, экономикалық реформаларды жүргізуге саяси жолды ұстаушылық және оларды тәжірибеде жүзеге асыруға қабілеттілік деп түсінеді.
2. Қаржылық тұрақтылыққа және экономикалық өсуге жетудегі жетістіктер. Олар өзіне мыналарды біріктіреді: фискалдық және манетарлық саясаттың тиімділігі, ұлттық валютаның тұрақтылығы мен айырбасталымдағы кезінде инфляцияның төменгі деңгейін ұстап тұруы.
3. Нарықтық экономикаға көшудегі прогресс: экономикадағы және меншік сектордың рөлі (мемлекеттік секторды жекешелендірудің дәрежесі, жеке меншік компаниялардың жетістіктері, кәсіпорындардың құрылымын өзгерту, корпарациялық басқарудың тиімділігі, қоғамның салық салуға қатысындағы өзгерістер және төлем тәртібі, экономикалық ырықтандыру, баға еркіндігі, жаңа отандық және шетелдік компаниялар үшін нарықтың ашықтығы, сыртқы сауда мен инвестициялық қызметтегі ақықтық), қаржы секторының ақуалы (банк секторының дамуы және оны реттеу, қаржы делдалдылығының дамуы, қор нарығының және банктік емес қаржы мекемелерінің дамуы), нарықтық институттардың дамулығы (тиімді инфрақұрылым мен заңнаманың болуы).
4. Сауда ағындарын қайта бағдарлау. Экспорт пен импорттың өсу серпіні мен құрылымы, халықаралық экономикалық сауда ұйымдарына қатысу, қаржыландырудың көзі ретіндегі шетелдік тура инвестициялардың рөлі, менеджменттің деңгейі технологияларды беру арқылы бағаланады [9].
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы шетелдерден едәуір несиелер алды. Сондықтан валюта қаражаттарын ұтымды, үнемді жұмсаудың маңызы арта түсуде. Олар бірінші кезекте тұтынуға арналған тауарды шығарған кәсңпорындарды құру және жаңғырту және басым өндірістерді, яғни экономиканы сауықтыру үшін белгіленген құрылымдық саясатты ескере отырып дамыту үшін пайдаланылуы тиіс [5].
Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады.
ҚҰБ ақша-несие саясатының басты мақсаты: Ұлттың валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді. Ақша-несие саясаты -- бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы.
Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектісіне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасының жиынтығы жатады.
Шаруашылық конъюктурасының жағдайына байланысты ақша-несие саясатының екі түрі болады:
1. Рестрикциялық ақша-несие саясаты;
2. Экспанцондық ақша-несие саясаты.
Рестрикциялық ақша-несие саясаты -- екінші денгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатан шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің денгейін арттыруга бағытталатын шаралар жиынтығы.
Экспанциондық ақша-несие саясаты -- несие беру көлемін кеңейтумен, айналыстағы ақша массасынын өсуіне бақылаудың, әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінін төмендеуімен байланысты шаралар[6].

2 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ақша-
несие саясатын талдау
2.1 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-несие
саясатын жүргізудегі негізгі қадамдарына сипаттама

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді. ҚҰБ мүдделеңдіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін пайдаланады[7].
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі пайыз саясатының басты мақсаты -- айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі, шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол жеткізуге тиіс. 1993 жылы 13 сәуірде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің оныншы сессиясында Қазақстан Республикасыньщ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңы қабылданды, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің міндеттерін, қызмет принципін, құқықтык мәртебесі мен өкілеттігін, оның банк жүйесіңдегі рөлі мен орнын, мемлекеттік билік органдарымен өзара қарым-қатынасын айкындап берді. Заң Қазақстан Республикасыньщ ақшалай және заемдык қаражаттарға деген сұранысын қамтамасыз етуде, салым салушылардың мүддесі мен мемлекеттік несие саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз етуде кепілдікті қарастырды. Заң Ұлттық Банктің негізгі міндеттерін айқындап берді: ақша айналымы, несие, банктік есеп айырысуларды ұйымдастыру және валюталық қатынастар саласында мемлекеттің саясатын әзірлеу мен жүзеге асыруға қатысу; несие берушілер мен банктің салымшыларының, несиелік, есеп айырысу мекемелерінің, сондай-ақ валютаны сатып алу, сату және айырбастау бойынша операцияларды жүзеге асыратын мекемелердің клиенттерінің мүдделерін қорғау, банктік және басқа несие мекемелерінің қызметін реттейтін ережелерді жасау негізінде оны сақтауға бақылау жасау; Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатын жүзеге асыру саласында мүдделерін қорғау [8].
1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасында ұлттық валютаның енгізілуіне байланысты Қазақстанның Ұлттық Банкіне ақша-несие жүйесінің жұмыс істеу жауапкершілігі, оның бюджетпен және банкілермен қарым-қатынастарында классикалык принциптерді енгізу, банктердің қызметін реттеудін жүйесін бекіту міндеттері жүктелді. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының -- қазақстандық теңгенің ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету -- мемлекеттің орталык банкісі -- Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі міндеттерінін біріне айналды.
Орталық банктердің тиімді қызметі ұлтгық дәстүр тұрғысынан оны ұйымдастыру мен басқара білуге көп байланысты болады. 1995 жылғы 30 наурызда шыққан Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Жарлығы Кдзақстан Республикасы Ұлттық Банкінін міндеттерін, қызмет принципін, құқықтық мәртебесі мен өкілеттіктерін, оның мемлекетгік банк жүйесіндегі рөлі мен орнын айқындап берді. 1995 жылы 30 тамызда еліміздін жаңа Конституциясының кабылануына байланысты заңнамаға бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді[9].
Ақшаның кұнсыздануын төменгі деңгейде ұстап, ұлттық валютанын тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие саясатын жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша-несие саясатын айқындайтын және жүзеге асыратын бірден-бір орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие саясатын бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады.
Ақша-несие саясаты:
* қайта қаржыландырудың ресми ставкасын;
* ақша-несие саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы ставкаларының деңгейлерін;
* ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін;
* ерекше жағдайларда, операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулерді белгілеу жолымен жүзеге асырылады.
Қазақстан Ұлттық Банкі қайта қаржыландырудың ресми ставкасына сәйкес коммерциялық вексельдерді қайта есепке алуды жүргізеді.
Қайта қаржыландырудын ресми ставкасы ақша-несие саясатының негізгі операциялары үшін сыйақы ставкалары бойынша бағдар болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкі қайта каржыландырудын ресми ставкасын ақша нарығының жалпы жай-күйіне, қарыздар бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне және инфляциялык болжауларға қарай белгілейді.
Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие саясатын жузеге асыратын шеңбердегі қаржы нарығында сыйақының нарықтык ставкаларына әсер ету максатында ақша-несие саясатының негізгі операциялары бойынша сыйакының ставкасын белгілейді[10].
Резервтік талаптар нормативі банктер алдындағы міндеттемелерді кеміту есебінен міндеттемелердің жалпы сомасынан процент есебінде есептеледі және 40 проценттен артық емес мөлшерде белгіленеді.
Қазақстан Ұлттық Банкі айырықша жағдайларда міндеттемелердің есуіне резервтік талаптар енгізуге құқылы. Ең төменгі резервтік талаптардыц нормативтерін әзгерту осындай шешім қабылданған күннен бастап бір айдан ерте колданысқа енгізілмейді.
Ең төменгі резервтік талаптардың нормативтері бұзылған кезде Қазақстан Республикасының заң актілерімен Қазақстан Ұлттық Банкі белгілеген мөлшерде айыппұл салынып, ендіріліп алынады.
Қазақстан Ұлттық Банкі банк кызметін тоқтатқан кезде бір апта мерзім ішінде банкке Қазақстан Ұлттық Банкінде резервтелген қаражатты қайтарып береді.
Қазақстан Ұлттық Банкі тікелей сандық шектеуді айырықша жағдайларда ғана белгілейді. Қазақстан Ұлттық Банкінің тіке сандык шектеулері дегеніміз операциялар мен мәмілелердің жекелеген түрлері бойынша ставкалардың ең жоғарғы деңгейі, несиелендіруді тікелей шектеу, сыйақының (мүлденің) ставкасын ұстап тұру, жекелеген салалардың дамуын ынталандыру немесе тежеу максатында несиенін накты түрлерін реттеу болып табылады.
Қазақстан Ұлттық Банкі тікелей сандық шектеуді ақша-несиемен реттеудің жанама әдістерімен инфляциялык процестерді тоқтату мүмкін болмаған жағдайда қолдануға құқылы[11]. Ақша-несие саясатын іске асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкі мынадай операция түрлерін жүзеге асырады:
1) қарыздар беру;
2) депозиттер қабылдау;
3) валюталық интервенциялар;
4) Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын шығару;
5) Мемлекеттік және басқа да бағалы кағаздарды сатып алу және сату, оның ішінде кері сатып алу құқығымен;
6) коммерциялык вексельдерді қайта есепке алу;
7) Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасынын шешімі бойынша басқа да операциялар.
Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие саясатының қабылданған бағдарларына сәйкес банктердін карыз алуының жалпы көлемін реттейді.
Банктерге берілетін карыздарды беру мен өтеу тәртібін, талаптарын, түрлерін, мерзімдерін және лимиттерін Қазақстан Ұлттық Банкі айқындайды.
Қазақстан Ұлттық Банкі қарыздарды өтімділігі жоғары және кауіпсіз бағалы қағаздармен және басқа активтермен қамтамасыз ете отырып та, қамтамасыз етпей де бір жылдан аспайтын мерзімге береді. Бұл мерзімді Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы ұзартуы мүмкін. Бұл орайда Қазақстан Ұлттық Банкі соңғы инстанциядағы қарыз беруші ретінде банктерге қарыздарды Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілеген тәртіппен, шарттарда және мерзімдерде беруге құқылы.
Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік қүқыктык актілерінде көзделген мүлік Қазақстан Ұлттық Банкінің қарыздары бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін кепіл заты бола алады.
Депозиттерді тарту мен өтеу тәртібін, талаптарын, мерзімдерін және тарту лимиттерін Қазақстан Ұлттық Банкі айкын-дайды. Қазақстан Ұлттық Банкі Ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де депөзиттер тартуға құқылы.
Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие саясаты мақсатында қысқа мерзімді ноталарды ұлттық та, шетелдік те валюталарда шығаруға құқылы.
Қысқа мерзімді ноталарды шығару, орналастыру, айналысқа жіберу және отеу тәртібі мен талаптарын Қазақстан Ұлттық Банкі айкындайды. Қазақстан Ұлттық банкінің қысқа мерзімді нотасы - Қазақстан Ұлтық Банкі шығарған мемлекеттік бағалы қағаздар.
Мемлекеттік және өзге де бағалы қағаздарды сатып алу және сатуды Қазақстан Ұлттық Банкі жалпы ақша-несие саясаты шеңберінде жүзеге асырады.
Қазақстан Ұлттық Банкі коммерциялық вексельдерді қайта есепке алу тәртібін және Қазақстан Ұлттық Банкінің коммерциялык вексельдерді қайта есепке алуға қабылдауы үшін койы-латын талаптарды белгілейді.
Қазақстан Ұлттық Банкінің валюталык интервенциясы жалпы ақша-несие шеңберінде жүргізіледі. Валюталық нарықта интервенцияны Қазақстан Ұлттық Банкі кез келген банктер мен валюталық биржалар арқылы кез келген валюталық мәмілелерді пайдаланумен дербес жүзеге асырады.
Валюталық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құзыреті Қазақстан Республикасындағы валюталык қатынастарды реттеу туралы[12].
Қазақстан Ұлттық Банкі Ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында банктерге несие беру тәрізді ақша-несие саясатының құралын да пайдалануға құқылы.
Банктерге несие берудің тәртібін, шартын, түрін, мерзімі мен лимитін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айкындайды. Қазақстан банкі несие берудің соңғы сатысының несие берушісі ретіңде банктерге несиені ұлттық және шетелдік валюталармен, Қазақстан Ұлттық Банктің Ережесімен белгіленген тәртіпте және мерзімде, қамтамасыз етіп те, қамтамасыз етпей де ұсынады. [13]
2.2 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-несие
саясатының құралдары және оларды дамыту жолдары

Әлемдік тәжірибеде Орталық банктің және коммерциялық банктердің несиелері арасында тұрақты өзара байланыс байқалады. Бұндай байланыстар әртүрлі елдер бойынша ерекшелінеді, мысалы Германияда Орталық Банктің ставкалары несиелер бойынша банктік ставкалардың ең жоғарғы шегін белгілейді, ал Франция мен Италияда ең төменгі шегі белгіленеді.
Орталық банктің несиелері банктік ресурстар көзі болып табылады, соған сәйкес пайыздық саясаттың әсер етуі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктің несие саясатының түрлері
Ақша айналысын басқару, реттеу әдістері
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің нарықтық жағдайдағы алатын орны
Қаржы нарығы туралы ұғымы
Несие саясатының дамуы
Мемлекеттің ақша несие саясаты. ҚР бюджет-салық саясаты
Екінші дәрежедегі банктер және олардың қызметі
Аванс туралы түсінік
Мемлекеттің ақша-несие саясаты бойынша ақпарат
ҚР банк жүйесі элементтерінің функциялары. Даму жолдары
Пәндер