Оқу процесінде мұғалім имиджі мен оқушы әрекетінің теориялық мәселелері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 4-7

І Оқу процесінде мұғалім имиджі мен оқушы әрекетінің теориялық

мәселелері

1. 1 Қарым-қатынас адамдардың өзара әрекеттесу формасы

ретінде . . . 8-19

1. 2 Қарым-қатынастың оқу әрекетінде тұлға мәселесін шешудегі

алатын орны . . . 20-30

  1. Оқу әрекетінде мұғалім имиджі мен оқушы қарым-қатынасының

психологиялық ерекшеліктері . . . 31-45

ІІ Оқу әрекетінде мұғалім имиджі мен оқушы қарым-қатынасының психологиялық ерекшеліктерін зерттеу

2. 1 Оқу әрекетінде мұғалім имиджі мен оқушы қарым -қатынасын

психодиагностикалау . . . 46-47

2. 2 Мұғалім имиджі мен оқушының үйлесімді қарым-қатынасын

орнатуға арналған түзету жұмыстары . . . 48-52

2. 3 Оқу әрекетінде мұғалім имиджі мен оқушы қарым-қатынасына жүргізілген зерттеу нәтижелерін жинақтау . . . 53-55

Қорытынды . . . 56-57

Қолданылған әдебиеттер . . . 58-60

Қосымшалар

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі.

Бүгінгі таңда жастарға әлемдік деңгейге сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлауын, іскерлігін, төзімділігін, сонымен қатар кәсіби біліктілігін арттыру өркениетті қоғамның міндеті болып табылады.

Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің бойына білім нұрын құятын жаңа тұрпатты педагог дайындау бүгінгі күннің негізгі өзекті мәселелерінің бірі. Өйткені ұстаз алдына егеменді еліміздің болашағы - жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу және толыққанды тұлға ретінде қалыптастыру міндеті тапсырылған. Ұстаздың қызметі тек баланы оқытып қана қоймай, оның күнделікті іс-әрекетінде көп еңбекті қажет ететін үйлесімді қарым-қатынас тәжірибесі болып табылады.

Қандайда болмасын қарым-қатынас екі жақтық әрекет. Ал қарым-қатынастағы негізгі рөл - атқарушы да, екіншісі - серіктесі. Осыдан қарым-қатынастың сәтті болуы екі субьектіге байланыстылығы анықталады. Қарым-қатынастың түрлері адамның дүниеге келген күнінен бастап жас ерекшелік деңгейінде қоршаған ортаның ықпалына байланысты дамиды. Оқу процесіндегі тәуелділік және оның орындаудағы қарым-қатынас себептері, қоғамдық ортадағы өзгерістер және тб. пікірлесушілердің өзара қатынасы барысында қарым-қатынас стилдерінің пайда болуына әсер етеді.

Мұғалім имиджі мен оқушы арасындағы өзара түсіністікті орнату кезеңдерінің бірі - баланы зерттеу, оның ішкі дүниесіне ену болып табылады. С. Л. Рубинштейн: «Оқушының мінез-құлқындағы ішкі мазмұнды ашпай, сыртқы формальды сипатын есепке алып жұмыс жасайтын педагог, өз жұмысының нәтижесін көре алмайды» - деген [5] . Оқушыларды тану арқылы мұғалім, олардың мінез-құлқындағы мотивтері мен мақсаттарын, көңіл-күйлерін, сезімдерін түсініп, қорқыныштарын анықтау қажет. Бірақ, ол тек бір жақты әрекет емес. Мұғалім шәкірттерді ұйымдастыра отырып, оқу - тәрбие процесінде әр уақытта да олармен өзара қарым-қатынаста болады.

Педагогикалық қарым-қатынастағы білім беру процесінде субьектілерінің өзара әрекеттесуі туралы профессор С. М. Жақыпов былай деген: «Оқыту процесіндегі субьектілердің қарым-қатынасындағы мағыналардың өзгеруі біріккен іс-әрекеттің мотивтері мен мақсатының заңды құрылуына мүмкіндік береді және оларды оқыту процесінде ескеру, біріккен танымдық іс-әрекетті қалыптастыру үшін қажетті шартты жасайды» [2] . Сондықтан қарым-қатынастың нақтылы бірізділігі болашақ тұлғаның дамуына орасан зор ықпал етеді.

Еліміздің болашағы ұрпақ тәрбиесіне және білім деңгейіне байланысты. Бүгінгі таңда жастарға әлемдік деңгейге сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлауын, іскерлігін арттыру қоғамның міндеті. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтың ел болам десең, бесігіңді түзеу керек деген аталы сөзі бар. Сол елдігімізді бекемдеп, көк туымызды толық желбіретуші, Елбасының алға қойған мақсатын жалғастырушы келер ұрпақ екені мәлім. Жас ұрпақты жан-жақты дамыған тұлға етіп қалыптастыру әрине ең бірінші өзінің ұясынан басталады.

Оқу әрекетінде мұғалім имиджі мен оқушының үйлесімді қарым-қатынасы балының жаңа материалды толық ұғынуына, жеке қасиеттерінің дамуына, оқу барысында жетістікке жетуіне әсер етеді де, практикалық, педагогикалық, тәрбиелік іс-әрекетте қарым-қатынас мәдениетінің жалпы сұрақтарын қоюды және шешуді талап етеді. Сондықтан қарастырғалы отырған тақырыбымызды « Оқу әрекетінде мұғалім имиджі мен оқушы қарым-қатынасының психологиялық сипаты » деп алып отырмыз.

Зерттеу мақсаты - оқу әрекетіндегі мұғалім имиджі мен оқушы қарым-қатынасы және оның оқу процесіне тигізетін әсерін теориялық негізде талдап, тәжірибе арқылы зерттеу.

Зерттеу нысаны - оқу әрекетінде мұғалім имиджі мен оқушы қарым-қатынасы

Зерттеу пәні - оқу әрекетінде мұғалім имиджі мен оқушы қарым-қатынасының психологиялық маңызы.

Зерттеу міндеттері -

  1. Оқу әрекетінде мұғалім имиджі мен оқушы қарым-қатынасы туралы әдебиеттерге теориялық талдау жасау
  1. Психологиялық мәселе ретінде оқу әрекетінде мұғалім имиджі мен оқушы қарым-қатынасының оқу процесіне әсерін зерттеу.

3. Оқу әрекетінде мұғалім имиджі мен оқушы қарым-қатынасын эксперимент

арқылы анықтау.

4. Оқу әрекетінде мұғалім имиджі мен оқушы қарым-қатынасының

жүйелілігін қарастыру, жетілдіру жолдарын ұсыну.

Зерттеу болжамы :

Оқу әрекетінде мұғалім имиджі мен оқушы қарым-қатынасы оқу процесіне жағымды әсер етеді, егер де, әлеуметтік-экономикалық және психологиялық факторлар ескерілсе, үйлесімді қарым-қатынастың сол ортада білім алып келе жатқан жатқан баланың дамуына маңызды екеніне жағдай жасалынса. Егер оқу әрекетінде мұғалім имиджі мен оқушы қарым-қатынасы қақтығыссыз жағдайда болса, оның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына жағымды әсер етілсе, сонда ғана мазмұнды нәтижеге қол жеткізуге болады.

Зерттеу әдістері : әдебиеттерге теориялық талдау әдісі, бақылау әдісі, әңгіме әдісі, психодиагностикалық зерттеу, психокоррекциялық жаттығулар.

Зерттеудің әдіснамалық негізі :

Оқу әрекетінде мұғалім имиджі мен оқушы қарым-қатынасы туралы Н. Н. Обозов, П. Ф. Ломов, М. М. Рубинштейн, В. Н. Носуленко, М. И. Лисинаның, Т. А. Куликова, Г. А. Широкова, И. В. Гребенников зерттеулері, қазақ ғалымдары С. М. Жақыпов, Қ. Жарықбаев, С. Қалиев еңбектеріне сүйене отырып, теориялық талдау жасап және экспериенттік жұмыстарды жүргізуге негіз болды.

Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы :

Зерттеу нәтижелері оқу әрекетінде мұғалім имиджі мен оқушы қарым-қатынасын жетілдіруге үлес қосады, балалардың мектеп мұғалімдеріне, психологтарына, ата-аналарға т. б. қарым-қатынас мәселесін терең түсініп, сол балаларға көмектесуге мүмкіндік туғызады.

Зерттеу базасы: Астана қаласы, №56 орта мектеп

Диплом жұмысының құрылымы : Кіріспе, екі тарау, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі.

Зерттеу кезеңдері :

Зерттеудің бірінші кезеңінде мәселенің зерттеу заты мен нысаны анықталынып, болжам жасалды, мақсаты, міндеттері, зерттеу әдістері құрастырылды. Сонымен қатар жұмыстың мазмұны мен негізгі бағыттары анықталынды. Әдебиеттер жинақталынды.

Зерттеудің екінші кезеңінде мұғалім имиджі мен оқушы қарым-қатынасының даму деңгейі анықталынып, түзету - дамыту жұмыстары ұйымдастырылды.

Зерттеудің үшінші кезеңінде зерттеу жұмысымызға теориялық және тәжірибелік тұрғыда жалпылама қорытынды берілді. Мұғалімдерге арналған ұсыныстар енгізілді.

І Оқу процесінде мұғалім имиджі мен оқушы әрекетінің теориялық мәселелері

1. 1 Қарым-қатынас адамдардың өзара әрекеттесу

формасы ретінде

Қарым-қатынас немесе коммуникация деп аталатын процесс - аса кең және сиымды ьүсінік. Бұл саналы және саналанбаған вербальды байланыс, ақпарат алу мен беру, оның өзі барлық жерде және үнемі байқалып отырылады. Қарым-қатынас сан алуан сипатта: оның көтеген формалары, түрлері бар. Педагогикалық қарым-қатынас адамдар қарым-қатынасының жекеше түрі, отбасылық қарым-қатынас, іскерлік қарым-қатынас және т. б. Психология ғылымындағы негізгі ұғымдардың бірі-қарым-қатынас мәселесі. Қарым-қатынас- өте маңызды, әрі күрделі де ұзақ мерзімді қажет ететін көкейкесті мәселелержің бірі. Қарым-қатынассыз жеке адамды түсіну, оның адами қасиеттерін, дамып жетілуін талдау мүмкін емес. Сондықтан тұлғаның дамуында қарым-қатынастың орны ерекше.

Қарым-қатынас іс-әрекеттік келісі тұрғысынан бұл - бірлескен іс-әрекетке деген қажеттіліктен туындайтын және ақпарат алмасуды, өзара әрекеттің, басқа адамды қабылдау мен түсінудің ортақ стратегиясын өндіруді қамтитын, адамдар арасында байланыс орнату мен дамытудың күрделі, көп жақты процесі. Соңғы жылдарда адамның жан дүниесімен сырласып, оның психологиясын зерттеуде психологтар мен социолог мамандар, ұстаздар мен басқару қызметіндегі жетекшілерге жете зер салып көңіл аударып отырған маңызды мәселенің бірі адамдар арасындағы қарым-қатынас жасап, олардың өзара тілдесе білулерінің құпия сыры және оның кілті неде? Деген мәселенің шешімін табу қазіргі өмір талабы.

Қазіргі еліміздің өркениетті нарыққа бет алған кезеңіндегі туындағын экономикалық, әлеуметтік қиындықтар тұлғаның адамгершілік қадір-қасиетінің төмендеуіне, салаутты өмір сүру ережелерінің бұзылуына өз әсерін тигізуде. Мұндай жағдайда тұлғаның қалыпты өмірін қамтамасыз етуге ықпал жасайтын қарым-қатынас. Жеке тұлға алдымен белгілі қоғам мүшесі және ол қандай болмасын бір іспен айналысатын, тәжірибесі, білімі мен дағдысы, икемі, мінезі, қабілеті қалыптасып үлгерген өзінің іс-әрекетін қадағалай алатын кісі. Әрбір адам өзіндік тәрбие, өзіндік бағалау, өзіндік түсіну арқылы өзін - өзі танып, басқа адамдармен қарым-қатынасқа түседі. Өмір адамның сыртқы дүниесін танып біліп қоймай, сондай - ақ индивидуалды ерекшеліктерін таныту үшін басқа адамдармен қарым-қатынасқа түседі.

Қарым-қатынас мәселесін жалпы психологиялық зерттеуде индивидуалды ерекшеліктердің қарым-қатынасқа ықпалын қарастыруға мүмкіндік туады. Сондықтан Б. Ф. Ломовтың «Психологиядағы қарым-қатынас мәселесі» еңбегінде қарым-қатынастың әдіснамалық, теориялық, экспериментальды және қолданбалы аспектілерін арнайы кешенді қарастыруға бағытталған ең алғашқы ұжымдық еңбек болды.

Б. Ф. Ломов негізгі теориялық позиция тұрғысынан қарым-қатынасты күрделі, көпөлшемді және көп деңгейлі процесс деп қарастырып, адам тұлғасы мен психикалық процесстерін оқып-тануға адекватты мүмкіндік. Психикалық процесске қатысты мәселелерді адамдардың қарым-қатынасы және біріккен әрекет жағдайында оны «субьект-субьект» қатынасында қарастырды.

Оқулықтың бірінші бөлімінде «қарым-қатынас жағдайында психикалық процесс қызметі» адамдардың өзара әрекетте психикалық процесстің динамикалық ерекшеліктері қарастырылған. Н. Н. Обозов еңбегінде топтық және индивидуалды эксперименттерде психикалық процесстерді салыстырмалы алынған мәліметтерді жүйелеу көрсетілген. Зерттеу нәтижелері, адамдардың өзара байланысы мен индивидуалды әрекеті, жұмыста басқа адамдардың қатысуы, ықпалы және өзара ықпалы, бірлескен жұмыста түрлі деңгейде талдауға мүмкіндік береді.

В. Н. Носуленко топтық және индивидуалды эксперименттерден алынған субьективті психофизикалық шкалаларға салыстырмалы талдау берілген. Индивидуалды бағалау белгі шкаласына қарағанда қарым-қатынас жағдайындағы шкалада едәуір айырмашылықтар алынды. Сенсорлық тапсырмада біріккен іс-әрекет және қарым-қатынас сандық және сапалық жоғары нәтиже беруі серіктестердің индививдуалды мінездерінің сәйкестігіне де байланысты.

В. А. Кольцов мектеп оқушыларында түсінік қалыптасуына қарым-қатынас ықпалын зерттеу нәтижелеріне арналады. Оның пайымдауынша күшті, орта және әлсіз оқушыларға қарым-қатынас түрлі деңгейде ықпал етеді. Орталау оқушыларға жоғары қатынаста болса, күшті деңгейге қарым-қатынас жіне біріккен іс-әрекет нәтижесінде көтеріледі. В. А. Кольцов қарым-қатынас индививдуалды ерекшеліктерге байланысты ықпал етеді. Мұнда жаңа түсініктерге дайындығы, тапсырмаға қатынасы және интеллектуалды белсенділік деңгейіне де байланысты.

Я. А. Пономаревтің тапсырманы жеке және бірлесіп шешуде шығармашылықты қажет ететін зерттеуге бағытталған. Оның эксперименттік зерттеулері қарым-қатынас ойлау тапсырмаларын шешуге ықпалы едәуір жоғары екеніне қорытынды жасады.

Б. Ф. Ломов еңбегінің екінші бөлімінде қарым-қатынастың вербальды және вербальды емес құралдары қарастырылған. Г. М. Кучинский «Ойлауға арналған тапсырмаларды бірлесіп шешу процессіндегі диалог» мақаласы бірлескен ойлау әрекетінде диалогты зертееуге арналған. Автор талдау жүргізу арқылы психология, философия және лингвистикадағы қалыптасқан ұсынымдарды қолданады. Ойлау мұнда әрекет пен қарым-қатынастың ерекше синтезі сөз арқылы орындалатындығын негіздеген.

В. А. Барабанщиков және Т. Н. Мальков « Адам бетінің келбетінен эмоцииялық жағдайын қабылдауын зерттеу» еңбегінде адамның эмоциялық жағдайын бейнелейтін ым-ишараларын зерттеулеріне жалпылама сипаттама жасалған.

Кітаптың «Қарым-қатынас және біріккен іс-әрекет» атты үшінші бөлімінде психологиялық теория шеңберінде біріккен іс-әрекет мәселесі қарастырылған. А. А. Грачев мақсат құруда қарым-қатынастың ықпалын зерттеген. Е. В. Цуканова түрлі диадаларда түрлі тапсырмаларды шешу қарым-қатынасқа түсуді жеделдететіндігін көрсетсе, Я. Янушенко (диада және тирада үшін) өзара біріккен іс-әрекетке өатысушылар арасындағы заттық және интерактивті коммуникация қарастырылды.

«Тұлға және қарым-қатынас» атты төртінші бөлімі осы мәселе бойынша негізгі жалпы теориялық сұрақтарға негізделген. К. А. Абульханова-Славская қарым-қатынаста тұлға аспектілеріне теориялық талдау жасап, тұлғааралық қарым-қатынастың дамуында моральдық-этникалық нормалардың ролін зерттеген.

Қарым-қатынастың әлеуметтік нормалары мәселесіне М. И. Бобнева теориялық талдау жасап, жеке тұлға аспектілеріне ерекше мән берген және қарым-қатынастың ерекше арнайы түрлерін тұжырымдады.

Адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас жасау процесінде қажеттілік туындап отырады. Адамға алдына мақсат қойып, оны шешуге ұмтылдыратын оның қажеттіліктері. Жеке адам қарым-қатынас процесінде ұқсау, мысал, өнеге алу, үйрену, еліктеу арқылы қоғамдық және жеке сананы, эмоцияны, сезімді, мінез құлық нормаларын көрсетудің формаларын меңгереді. Тұлғаның жас ерекшелігіне және дамуына байланысты әр бала қарым-қатынастағы қажеттілікпен анықталады, негізінен үлкендермен қарым-қатынас жасау арқылы қанағаттандырылады.

Теориялық талдау нәтижелері, қарым-қатынас процесіне субъектінің әлем туралы бейнесінің дифференциациялану деңгейінің ықпалына қатысты кейбір ортақ тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді:

- Субъектілердің когнитивті ұйымдастырылуына индивидуалды ерешеліктерді қарым-қатынас процесінің детерминантының бірі ретінде қарастыру;

- Когнитивті құрылымдар дифференциациясы деңгейіндегі жекелік ерекшеліктер қарым-қатынаста түсіну процесінде бейнеленеді;

- Жоғары деңгейдегі дифференциация салдары болып табылатын иілгіш когнитивті құрылымдар есебінен қарым-қатынастағы субъектілердің психологиялық дифференциациясы жоғары өнімділікті қамтамасыз етеді.

- Қарым-қатынас процесінің жекелік детерминациясы бірнеше құрылымды, яғни бұл психологиялық дифференциациясы жоғары басқа адамдарды табысты түсіну нәтижелерінің әдебиеттерде келтірілгендермен сәйкес келмеуінен байқалады.

- Когнитивті құрылымдардың дифференциациялану (даралану) деңгейіндегі жекелік ерекшеліктер еңбек іс-әрекетіндегі табысты байланысты, жағымды қарым-қатынасты байқатады.

Қарым- қатынаста, қарым-қатынас мәселесін түсінуді талдау үшін түрлі аспектілір ерекшеленіп алынуы мүмкін ( тұлғаның қарым-қатынас ерекшеліктерін абстракциялау . Қарым-қатынастың түрлі қызметтері нақты бір субъектінің өмірінде түрлі орын алады. Бұл тұлғаның жекелік-психологиялық типологиясының негізі болуы мүмкін, нәтижесінде субъект әлемі кең көлемде қарастырылатын зерттеу бағдарламасын құруға әкеліп соғады.

Қарым-қатынас мәселелерінің бірқатар аспектілерінен қарым-қатынастағы түсіністік аспектісі ерекшеленді. Осылайша, когнитивті стильдің қарым-қатынаста түсіну процесіне ықпалын зерттеу ретінде тұжырымдалады. Қазіргі уақытта түсінуге қатысты қанағаттанарлық теория болмауына байланысты, бұл бағыттағы зерттеу жұмыстарын қабылдау процесіне қатысты еңбектерге сүйене отырып қарастыру мүмкін деп отырмыз. Әдебиеттерде тұлғаның қарым-қатынас барысында қабылдау актісін өзіндік перцепция актілерімен салыстыру жағдайлары көптеп кездесуде бірақ бұл процесстердің айырмашылықтарына үлкен көңіл бөлінуде. Олардың ұқсастықтары негізді және «қабылдау» мен «түсіну» процестерінің негізі болып табылатын психикалық бейнелеу механизмдерінің бірліктерімен анықталады.

Іс-әрекет пен қарым-қатынас бірлігі жайлы пікір, сонымен бірге, осы құбылыстар байланысының сипатын түсіндірулерінің біржақтылығын ұйғармайды. Олар адамның әлеуметтік болмысы жағынан (Б. Ф. Ломов), қарым-қатынас іс-әрекет түрі сияқты - түр қатынасында болатын құбылыс ретінде қарастырылуы мүмкін (Г. П. Щедровицкий, А. А. Леонтьев, В. В. Рыжков, Г. В. Гусев және т. б. ) .

Қарым-қатынас - бұл адамның басқа адамдармен өзіндік өзара әсерлесуі және біріккен іс-әрекетте өзара қатынасының дамуы. Қарым-қатынас адамзат қатынасының күрделі түрі. А. Б. Добрович пікірінше, қарым-қатынас бірліктегі қызметті реттейді, сананың алғашқы қалыптасуының және дамуының құралы болып табылады. Ол жеке тұлғаның ойы мен іс-әрекетін анықтайды деген.

Кез-келген қарым-қатынас, адамдар арасындағы жай байланыс емес, біріккен іс-әрекет процесінде адамдар бір-бірін қабылдайды, ақпарат алмасады. Сондықтан қарым-қатынас процесінде үш түрлі өзара байланыс анықталды:

  • перцептивті (қарым-қатынаста өзара қабылдау, өзара бағалау),
  • интерактивті (әңгімелесунінің өзара әсерлесуін реттеу),
  • коммуникативті (ақпарат алмасу) .

Қарым-қатынас құралы - ақпарат алмасу кезіндегі операция. Адамдар

арасындағы қатынас екі негізгі қарым-қатынас каналымен жүзеге асырылады:

  • вербальды,
  • вербальды емес.

Вербальды қарым-қатынас тіл, сөйлеу арқылы жүзеге асады. Тіл - сөз жүйесі, сөздерді дұрыс құрастыру, ойды төзбен толық жеткізу, дыбыстың, интонацияның, сөздің нақтылығы. Тілдік дыбыстық құбылыс - сөз темпі, дауыс ырғағы, ритм, тембор, дикция.

Вербальды емес қарым-қатынас - «дене тілі», «ым-ишара тілі» деген ұғымдармен байланысты. Бұл қарым-қатынас құралына - поза, ым-ишара, мимка, визуалды қатынас, тұлға аралық дистанция. Альберт Мейербайн қарым-қатынаста 7% ақпарат вербальды (сөз арқылы), 38% дыбыс құралдары (дауыс темры, интонация, дыбыс күші), ал 55% ақпарат алмасудың вербальды емес құралы арқылы берілетіні дәлелдеді. Осыдан Публиций: «Біз дауыс арқылы сөйлейміз, ал денемен әңгімелесеміз» деген.

Ақпаратты жеткізу негізгі сөз арқылы жүргізіледі. Әлеуметтік өмірдегі адамдардың іс-әрекеттерінің негізгі бір түрі - сөйлеу. Сөйлеу күрделі психикалық процесс. Сөйлеу адамдардың қарым-қатынас құралы.

Қарым-қатынас процесінің маңызды бөлігі-тыңдау шеберлігі . Зейін қойып, тыңдап отырған адамда көзі ым-шиара, көзі қозғалуы, сөйлеушіге тугелдей бөлгендігі айқын байқалады. Осы арқылы қарым-қатынас жасаудың белгілі таңбалары пайда болады. Қатынас жасаушы көіл куйін, ойын толық жеткізуге максималды ашуға мүмкіндік жасайды. Керісінше мен-мендік, сағырттық қарама-қарсы нәтиже береді. Тыңдау мен естуде үлкен айырмашылық бар. Көбіне адамдар сөзді айта алады, бірақ естімейді (түсіну, қабылдау), көбіне адамдар ести алмайды. Бұдан адамдар тыңдай отырып өзінің басқа ойына тез ауысады. Адам сөйлегеннен 4 рет жылдам ойланады. Айтылғандағы және оның мағынасын қабылдауға 1сек уақыт кетеді. Егер сіз білмейтін сөз болса 3-5 сек. уақыт кетеді, ал уақытты толық түсіну үшін 14-15 сек уақыт қажет. Адам 1минутта 60-70 сөздің мағынасын ұғынады.

Қарым-қатынас мәнін анықтау үшін, соңғы он жылдарда дамытылған, оның функционалдық және деңгейлік ұйымдасуы жайлы ұсынулар маңызды болып шықты (Б. Д. Парыгин, Г. М. Андреева, А. А. Бодалев, А. а. Брудный, Б. Ф. Ломов) . Қарым-қатынастты «мазмұны бірлескен іс-әрекет үшін қолайлы түрлі қатынастар көмегімен ақпарат алмасу мен өзара түсіну болып келетін адамдардың өзара әрекеттесуі» ретінде анықтай отырып В. Н. Панферов қарым-қатынастың төрт сәтін бөлген: байланыс, өзара әрекет, таным, өзара қатынас және осыған сәйкес қарым-қатынасты зерттеуде төрт келісті ұйғарды: коммуникативтік, ақпараттық, грностикалық және реттеуші.

Жалпы тұлғаның дамуында қарым-қатынас екі жақты сипатта қарастырып, анықтама беруге болады. Бірінші, қарым-қатынас іс-әрекеттің жетекші түрі, жеке интимдік мінез; қарым-қатынас заты басқа адам-құрдас, ал мазмұны-онымен қатынас құру және қолдау жасау. (Эльконин Д. Б., Драгунова Т. В. ) . Екінші, қарым-қатынас іс-әрекеттің жетекші түрі және қоғамдық мінездемесі бар, оның үлкендермен, құрбыларымен өзара қатынасында түрлі жағдайларды меңгереді. (Фельдштейн Д. И. ) .

Қарым-қатынастың өзіндік ерекшелігі: басқа адамның индивидуалдылығына үнемі субьект, тұлға ретінде бағытталуы. Ол өзара белсенділікті болжайды және бір біріне қатысушылардың әрекеттесуі. Сондықтан қарым-қатынас үнемі екі жақты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұғалім атқаратын қызметі
МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ИМИДЖІ
ҚАЗІРГІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӘЛЕМ ИМИДЖІНЕ КӨЗҚАРАСТАРЫ
Педагогикалық әдептің негіздері
Балалар ұжымы балаларды ұжымшылдыққа тәрбиелеудің маңызды құралы
ХХІ ғасыр педагогының педагогикалық тактісі және қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру жолдары
Жоғары оқу орны студенттерінің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың ғылыми- практикалық негіздері
Педагогикалық шеберлік элементтері
Мұғалімнің жеке тұлғасының оқушы тәрбиесіне ықпалы
Оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz