Молдашев алтынбек бәкірұлы


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Молдашев Алтынбек Бәкірұлы

Экономика ғылымдарының докторы, профессор

Экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ауыл шаруашылығы ғылымдары Академиясының академигі Молдашев Алтынбек Бәкірұлы 1948 жылы 10-қаңтарда Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзын-Ағаш темір жол стансасының аумағында (қазір Қазбек би стансиясы) «Ленин көпірі» ауылында Ленин атындағы ұжымшардың ветеринарлық фельдшер отбасында дүниеге келді.

Мектеп және онан кейінгі жылдардағы оның жастық шағы Алматы қаласында өтті. Осы қалада орта мектеп бітірді (1966), Қазақ ауыл шаруашылығы институтын сырттай оқып бітірді (1973) .

Алтынбек Бәкірұлының барлық еңбек қызметі Қазақ ауыл шаруашылығы экономикасы және ұйымдастыру ҒЗИ-мен байланысты. Осы Институтқа ол 1969 ж. аға лаборант ретінде жұмысқа түсті. Кейін осы институт Қазақ АӨК экономикасы және ұйымдастыру ҒЗИ (1990) және Қазақ АӨК экономикасы және аулдық аумақтарды дамыту ҒЗИ (2002) болып қайта өзгертілді.

А. Б. Молдашев экономист ретінде қатынасқан ғылыми зерттеулердің бірінші бағыты «Кеңшарлар мен ұжымшарларды өндірістік типтері бойынша мамандандырылуын экономикалық негіздеу» тақырыбы болды (1969-1970 жж. ) .

Зерттеу нәтижелері ауыл шаруашылығы өндірісін экономикалық дамыту проблемаларын елдің негізгі өңірлері бойынша типтік шешімдер алуға мүмкіндік берді, әрі қарай (1971-1975 жж. ) Қазақстан аймақтары мен өңірлері шеңберінде ауыл шаруашылығы өндірісін орналастыру сұлбасын (схема) құрастыру жолына шықты. Осы тапсырмаларда, қатынасу, қарапайым техникалық қазметкер ретінде болса да, Алтынбек Бәкірұлына өзінің алуға ғылыми қызмет бағытын анықтап жол ашты. 1976 ж. ол осы институттың күндізгі аспирантурасына түсті, Ғ. А. Қалиевтің басшылығымен «Өндірісті интенсивтендіру жағдайында қой шаруашылықтарын мамандандыруды жетілдіру (Талдықорған облысы мысалында) » кандидаттық диссертация тақырыбын бекітті. Жұмысын М. В. Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік университетінде 1982 ж. ойдағыдай қорғап шықты.

Мамандандыру, кооперация және агроөнеркәсіптік интеграцияны дамыту проблемалары А. Б. Молдашевтің одан кейінгі жылдардағы негізгі зерттеу объектісіне айналды:

- 1982-1984 жж. - ол «Қазақ ССР-інде өнеркәсіптік қой шаруашылығын дамытудың негізгі бағыттары, оңтайлы орналастыруды және аймақтық мамандандыруды дайындау және экономикалық негіздеу» тақырыбы бойынша жауапты орындаушыларының бірі болды;

- 1986-1970 жж. - «Ауылшаруашылық өнімдерін ұқсату бойынша кәсіпорындарды дамыту мен орналастыруды экономикалық бағалау» тақырыбының жетекшісі және жауапты орындаушысы;

- 1991-1995 жж. - «Қазақстан ауылшаруашылық өнімдерін ұқсату бойынша кәсіпорындарды дамыту және орналастыру бағытында ұсыныстар дайындау» тақырыбының жауапты орындаушысы;

- 1996-2000 жж. - «Ауылшаруашылық және қайта өңдеу кәсіпорындарын кооперациялауды дамыту бойынша ұсыныстар дайындау»; «Агроөнеркәсіптік өндірісте өңірлік кооперацияланған жүйелерді ұйымдастыру бойынша ұсыныстар дайындау» - сатып алу-өткізу; ауылшаруашылық өнімдерін ұқсату, материалдық техникалық қамтамасыз ету және қызмет көрсету бойынша; «АӨК-індегі біріктірілген құрылымдарды қалыптастыру мен дамытудың ұйымдық-экономикалық механизмін дайындау» тақырыптарының ғылыми жетекшісі.

Көрсетілген зерттеу бағыттарымен қатар А. Б. Молдашевтің ғылыми еңбектері АӨК-індегі нарықтық қатынастарды дамыту, шаруашылық жүргізу формаларын дамыту, елдің азық-түлік қауіпсіздігі проблемаларына, АӨК мемлекеттік реттеу, жер қатынастары, ауылдық тауар өндірушілерін материалдық -техникалық қамтамасыз ету және қызмет көрсету, ауылдың әлеуметтік проблемалары және т. б. мәселелерге бағытталған.

Кандидаттық диссертация қорғағаннан кейін Алтынбек Бәкірұлы әртүрлі жылдарда түрлі-түрлі лауазымдарда жұмыс істеді:

1982-1984 жж. - аға ғылыми қызметкер;

1984-1987жж. - бөлім меңгерушісі;

1987-1989 жж. - ғылыми хатшы;

1989-2002 жж. - институт директорының ғылым жөніндегі орынбасары;

2002-2010 жж. - АӨК экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ҒЗИ директоры.

2000 ж. ол «Нарықтық қатынастар жағдайында Қазақстан агроөнеркәсіп кешені интеграциясын дамыту» тақырыбына докторлық диссертация қорғады, ал 2002 ж.

- профессор атағы берілді.

Алтынбек Бәкірұлының негізгі ғылыми қызметі ең алдымен институтың ғылыми зерттеулерінің орындалуына ғылыми-әдіснамалық басшылық жасауға бағытталған. Оның тікелей қатынасуымен және әдіснамалық басшылығымен мына төмендегі ғылыми бағыттар дайындалған:

- ұлттық азық-түлік рыногын дамыту стратегиясы, рынок субъектері арасындағы экономикалық қатынастар механизмін құру және оларды мемлекеттік реттеу;

- 2015 ж. дейінгі АӨК салаларын дамытудың болжамдық параметрлері анықталған;

- ауылшаруашылық құрылымдарының нарық жағдайында тиімді жұмыс жасауының ұйымдық-экономикалық үлгісі;

- сатып алу, ұқсату, өткізу және материалдық-техникалық қызмет көрсету кооперативтерін қалыптастыру және жұмыс жасау экономикалық механизмі;

- АӨК ауылшаруашылық, қайта өңдеу және қызмет көрсету кәсіпорындарының өзара іс-әрекет формаларын дамыту бойынша ұсыныстар;

- Қазақстан АӨК-де аумақтық-салалық кластер қалыптастыру және жұмыс жасау механизмі;

- Қазақстан аграрлық секторын дамытуды мемлекеттік қолдау бойынша ұсыныстар, өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтандыру бойынша нормативтер;

- ауылдың және ауылдық аумақтардың әлеуметтік саласын дамыту бойынша әдістемелік ұсыныстар.

40 жылдық ғылыми қызметінде Алтынбек Бәкірұлы АӨК өзекті проблемалары бойынша 80-нен аса ғылыми есеп берулер, 72 ұсыныстар дайындауға қатынасты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Суыққа төзімділік селекциясына молекулалық маркерлерді пайдалану
Өндірістік тәжірибенің есебі экономика мамандығы
Күріш өздігінен тозаңданатын өсімдік
Глютиноздық күріштің Отандық формалары мен линияларын жасау үшін қазақстандық және ресейлік күріш сорттарын белоктық паспортизациялау
Күріш арнайы ауыспалы егісіндегі минималды нөлдік технологиясын зерттеп, күріш дақылдарын өсіру технологиясының экономикалық тиімділігін бағалау
Алтынбек Сәрсенбайұлы - публицист
Алтынбек және бүгiнгi қазақ қоғамы
Күбағыстың морфологиялық, биологиялық ерекшелігі
Мұстафа Шоқай туралы зерттелген тарихи материалдарды сабақ барысында қолданысқа енгізу
Балалар композиторлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz