Бағалы қағаздар нарығы жайлы
1. Бағалы қаздар туралы түсінік және түрлері
2. Бағалы қағаздар нарығын реттеу
3. Бағалы қағаздар нарығының даму болашағы
Қорытынды
Қолданған әдебиеттер тізімі

Бағалы қағаздар орта ғасырдан бері қолданыла бастады. Бағалы қағаздар шығара отырып олардан шығатын ақшаларды пайдалануға болады. Бағалы қағаздар рыногы банктің кредит жүйесін толықтырады. Бағалы қағаздар рыногының маңызды бөлігі ақша рыногы болып табылады. Барлық рыноктар сияқты бағалы қағаздар сұраныс пен ұсынысқа таңдау бағасына тәуелді, яғни бағалы қағаздар рыногы сату, сатып алумен байланысты экономикалық қатынастар жүйесін құрайды.
Бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мемлекетімен эмитенттелінетін бағалы қағаз болып табылады. Үкімет өз атынан бағағалы қағаздардың бұл түрін шығара отырып, Республикалық бюджеттің тапшылығын қарастыру мен инфляцияны болдырмау жағын қарастырады. Осыған сәйкес Ұлттық банк мекемесі айналымдағы ақша қаражаттарының қозғалысын реттеуді көздейді. Бағалы қағаздар нарығы экономикалық жүйеде ауқымды орын алады. Қазіргі уақытта, барлық дүниежүзінде болып жатқан келеңсіз банктік үрдістің салдарынан, бағалы қағаз нарығына аса көңіл аударуына әкелді. Бұған, бағалы қағаздардың банктік өнімдерге бәсекелес құрал ретінде болуы да септігін тигізді.
Бағалы қағаздар нарығы арқылы бос капиталдың бір аядан, капиталға қажеттілік туатын екінші аяға аудару арқылы, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік сұрақтарды шешуге көмектесетін жүйе болып табылады. Осыдан, бағалы қағаздар нарығының мәнін түсінуге болады. Нарықтың мақсаты – капиталды шоғырландыра отырып, өндіріске, өндірістік емес салаларға ақша-қаражаттарды бөлу. Бағалы қағаздар нарығының ерекшелігі – бұл банктік өнімге бәсекелес құралдарды шығару және халықтың, компания, қаржылық ұйымдардың жинақтарын нарық салаларына бөлу ретінде танылады.

1. Берденов Қ. Қазақстан мемлекет ретінде қалыптасуы мен экономиканың дамуы. – Алматы, 1998 ж.
2. Назарбаев Н.Ә., Қазақстан-2030, Қазақстан халқына жолдауы
Сахариев С.с., Сахариева А.С., Әлем экономикасы, оқулық 1 бөлім,2003
3 Ихданов Ж.О., Орманбеков Ә.О., Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері 2002 202 б.
4 Сахариев С.с., Сахариева А.С., Әлем экономикасы, оқулық 2 бөлім,2003
5 Ақша,несие,банктер. Оқулық Алматы-2001ж. 186б.
6.А.С.Мақыш. «Коммерциялық банктер және банктік операциялар». Алматы 2003 ж.-26-27б
7. А.С.Мақыш. «Ақша айналысы және несие». Алматы 2003 ж.-19б
8.Есіркепова А. Қазақстан экономикасын басқару негіздері. Алматы 2004 ж.
9. Сейітқасымов Ғ.С. “Ақша, несие, банктер”. Алматы 2001 ж.-81б
10. Тұраров Н. С. Ақша-несие саясаты // Саясат. – 2006, №7.
11. Самрат Ж. Бәсекеге қабілетті болу – стратегиялық мақсат // Егемен Қазақстан. – 2006, №19.
12.Кенжеғозин М. Қазақстан экономикасы: басымдықтар мен проблемалар // Егемен Қазақстан. – 2006, №20.
13. Мұхамбетова З. С. Аймақтың ақша-несие саясаты // Аль-Пари. – 2003, №1.-21-25б
14.Лаврушкина О. М. Деньги, кредиты, банки. Москва: «Финансы и статистика», 1999ж.-18б
15. «ҚР-дағы Ұлттық банк туралы» ҚР Заңы. 31.03. 1995ж.
16. «ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР Заңы. 30.08. 1995ж.

Жоспар
1. Бағалы қаздар туралы түсінік және түрлері
2. Бағалы қағаздар нарығын реттеу
3. Бағалы қағаздар нарығының даму болашағы
Қорытынды
Қолданған әдебиеттер тізімі
1 Бағалы қағаздар туралы түсінік және түрлері
Бағалы қағаздар орта ғасырдан бері қолданыла бастады. Бағалы қағаздар шығара отырып олардан шығатын ақшаларды пайдалануға болады. Бағалы қағаздар рыногы банктің кредит жүйесін толықтырады. Бағалы қағаздар рыногының маңызды бөлігі ақша рыногы болып табылады. Барлық рыноктар сияқты бағалы қағаздар сұраныс пен ұсынысқа таңдау бағасына тәуелді, яғни бағалы қағаздар рыногы сату, сатып алумен байланысты экономикалық қатынастар жүйесін құрайды.
Бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мемлекетімен эмитенттелінетін бағалы қағаз болып табылады. Үкімет өз атынан бағағалы қағаздардың бұл түрін шығара отырып, Республикалық бюджеттің тапшылығын қарастыру мен инфляцияны болдырмау жағын қарастырады. Осыған сәйкес Ұлттық банк мекемесі айналымдағы ақша қаражаттарының қозғалысын реттеуді көздейді. Бағалы қағаздар нарығы экономикалық жүйеде ауқымды орын алады. Қазіргі уақытта, барлық дүниежүзінде болып жатқан келеңсіз банктік үрдістің салдарынан, бағалы қағаз нарығына аса көңіл аударуына әкелді. Бұған, бағалы қағаздардың банктік өнімдерге бәсекелес құрал ретінде болуы да септігін тигізді.
Бағалы қағаздар нарығы арқылы бос капиталдың бір аядан, капиталға қажеттілік туатын екінші аяға аудару арқылы, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік сұрақтарды шешуге көмектесетін жүйе болып табылады. Осыдан, бағалы қағаздар нарығының мәнін түсінуге болады. Нарықтың мақсаты - капиталды шоғырландыра отырып, өндіріске, өндірістік емес салаларға ақша-қаражаттарды бөлу. Бағалы қағаздар нарығының ерекшелігі - бұл банктік өнімге бәсекелес құралдарды шығару және халықтың, компания, қаржылық ұйымдардың жинақтарын нарық салаларына бөлу ретінде танылады.
Бағалы қағаздар нарығында негізгі қоғамға қажетті 2 міндеттер шешіледі:
1. сатушылар мен сатып алушыларды кездестіре отырып, олардың экономикалық қатынастары дамиды;
2. бағалы қағаздарға сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі жүргізіледі.
Қазіргі техника мен телекоммуникациялардың дамуы капиталдың бір ұлттық нарықтан екінші нарыққа жедел түрде аударуға мүмкіндік туды. Алайда, бұл тек артықшылық ретінде ғана емес, сондай-ақ кемшілік ретінде қарастырылады. Себебі, ұлттық экономиканың басқа экономикадан тәуелділігі жоғарлайды, нәтижесінде ұлттық бағалы қағаздар нарығы тұрақсыз жағдайға әкелуі мүмкін.
Екінші жағынан, жаһанданудың салдарынан жеке ұлттық нарықтардың өзара бәсекелесі артады. Батыс экономистердің пікірінше, соңғы он жылдықтарда дамушы мемлекеттерде инвестициялық ресурстарға деген қажеттілік жоғарлайды. Бірақ, инвестицияланатын капитал көлемі әлемдік экономиканың қажеттілігінен төмен сипат алады1.
Қазақстан Республикасының негізгі сұрағы ретінде ұзақ мерзімге экономикалық өсуді қамтамасыз ету болып табылады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, экономиканың нақты секторларына ауқымды инвестициялық ресурстарды тарту және оларды тиімді пайдалану механизмін ұйымдастыру арқылы бұл мақсатқа жетуге болады.
Осыдан, Қазақстан экономикасында бағалы қағаздар нарығының рөлі артады. Бағалы қағаздар нарығы республиканың экономикасына шағын инвесторлардың қаражаттарын тарту керек. Бағалы қағаздар арқылы қаражаттарды тарту инфляциялық емес әдіс болып есептеледі.
Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығының қалыптасу кезеңінен өтті. Кейбір элементтер бойынша даму серпіні де байқалады. Мысалға, пайлық инвестициялық қорлардың, жинақтаушы зейнетақы қорлардың қызметтерін жатқызуға болады. Алайда, бағалы қағаздар нарығының негізгі бағыты жеткілікті деңгейде жүзеге асырылмайды. Бағалы қағаздар арқылы шоғырланған қаражат өндіріс аясына жеткізілмейді. Оған келесідей бірқатар себептер бар:
1. бағалы қағаздар нарығының негізгі қатысушылары ретінде банктер болып табылады, ал олардың бөлу бағыты - несие;
2. ірі инвесторлар ретінде жинақтаушы зейнетақы қорлары болып табылады, ал мемлекеттік талаптарға сәйкес қорлар өндіріске тікелей жұмсауға мүмкіндігі жоқ.
Аталған себептерге байланысты, өндірістік салаларға бағалы қағаз арқылы қаражат жұмсау мәселесі туындайды. Зейнетақы қорлары және банктердің бағалы қағаздарды эмиссиялау арқылы корпоративтік эмитенттердің бағалы қағаздарына қаржы бөлу бірнеше сатылардан тұрады. Ал, бұл қаржы ресурстардың қымбаттылығына әкеледі. Сондықтан да, корпоративтік эмитенттер бағалы қағаздарды шығаруға қызығушылық танытпайды.
Ішкі инвестициялық ресурстарды тарту стратегиялық маңызы бар мәселеге жатқызылады. Экономиканың нақты секторларына инвестицияны тартуды қамтамасыз ету үшін, сонымен қатар, қаржы дағдарысын алдын-алу үшін келесідей шаралар жиынтығын жүргізу міндетті:
* бағалы қағаздар нарығының қызмет ету механизмін зерттеу;
* бағалы қағаздар нарығының дамуын тежейтін себептерді анықтау;
* бағалы қағаздар нарығының тиімді дамуына әсер ететін мемлекеттік әсер ету шараларын жүргізу.
Осыған орай, бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеудің маңыздылығын, қажеттілігін байқауға болады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік реттеу органдары республиканың даму сатысына қарай өзгерді.
Алғашқыда, реттеу қызметін ҚР Қаржы министрлігі атқарған. Кейіннен, Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясына қызметті аударған болатын. Бірақ, Үкіметтің қаулысымен, 2001 - 2004 жылдар аралығында ҚР Ұлттық банкі бағалы қағаздар нарығын реттеу органы ретінде өз жұмысын атқарған болатын. Тек, 2004 жылдан бастап, Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын қаржылық қадағалау мен реттеу Агенттігі бағалы қағаздар нарығының жаңадан құрылған реттеуші орган ретінде бекітілді.
Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу әр түрлі мағынада қарастырылады.
Тар мағынада, бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу - бұл бағалы қағаздар нарығының қызмет ету кемшіліктерін жою және қалыпты инвестициялық климатты қалыптастыру мақсатында барлық субъектілерге әсер ету механизмнің жиынтығы болып табылады.
Кең мағынада, бағалы қағадар нарығын мемлекеттік реттеу - бұл нарықтың ары қарай дамуына, экономикаға инвестицияларды тартуды қамтамасыз етуге, елдің, аймақтың, кәсіпкерлік құрылымдардың, халықтың экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, құқықтық мекемелер іске асыратын заңнамалық, атқарушы, ынталандырушы және бақылау сипатындағы шаралар жиынтығы2.
Мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты ретінде бағалы қағаздардың сенімділігінің артуын қамтамасыз ету, елдің экономикалық өсуіне мүмкіндік беретін ұлттық реттеу үлгіні жасау болып саналады.
Бағалы қағаздар нарығының мемлекеттік реттеу - көп деңгейлі үрдіс. Ол анықталған мемлекеттік мақсат пен қағидаларға сәйкес, құқықтық, әкімшілдік, экономикалық, техникалық және басқа да әдістер жиынтығы арқылы нарықтың барлық субъектілерінің қызметіне әсер ететін механизм. Реттеу жүйесі осы аядағы мемлекеттік саясаттың маңызды құралына жатқызылады.
Мемлекеттік реттеу бағалы қағаздар нарығында келесідей жіктелімнен тұрады:
1. бағалы қағаз түріне байланысты;
2. қызмет түріне байланысты.
Бағалы қағаз түріне байланысты мемлекеттік реттеудің әр түрлі сегменттерін қамтиды. Олар - корпоративтік бағалы қағаздар, мемлекеттік бағалы қағаздар, туынды бағалы қағаздар нарығындағы мемлекеттік реттеуге жіктелінеді.
Қызмет түріне байланысты эмиссиялық және инвестициялық аядағы мемлекеттік реттеуге жіктелінеді.
Мемлекеттік реттеудің формаларына тікелей және жанама реттеу болып бөлінеді. Тікелей немесе әкімшілдік реттеу келесі сұрақтарды қамтиды:
* бағалы қағаз нарығының субъектілер қызметінің талаптарын бекітетін құқықтық актілерді шығару;
* эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымын тіркеу және эмитенттердің шарттар мен міндеттемелерді орындауға бақылау жасау;
* бағалы қағаздар нарығы кәсіби қатысушылардың қызметін лицензиялау;
* қор биржа және биржадан тыс нарықтағы бағалы қағаздармен сауда-саттық жүргізетін ұйымдардың қызметтерін лицензиялау;
* бағалы қағаздар нарығында инвесторлардың құқықтарын қорғау жүйесін құру және эмитенттер мен кәсіби қатысушылардың оларды бағынуына бақылау жасау;
* бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылар қызметін бақылау және бағалы қағаздар нарығын реттейтін заңнамалық бұзушылық кезінде сәйкесінше санкцияларды қолдану;
* бағалы қағаздар нарығында қатысушылардың кәсіби біліктілігін жоғарлату бойынша жүйені ұйымдастыру3.
Тікелей реттеумен қатар, жанама әдістерді қолдану өзекті сұрақтың бірі болып табылады. Себебі, әр түрлі санаттар бір-біріне байланысты. Бір санатқа әсер ету, екінші санаттың өзгеру икемділігі байқалады.
Сонымен, жанама реттеу немесе экономикалық реттеу экономикалық жүйедегі тұтқалар арқылы жүзеге асырылады. Экономикалық тұтқаларға жатқызылады:
* мемлекеттің салық саясаты;
* ақша саясаты;
* мемлекеттік капитал;
* мемлекеттік меншік және ресурстар;
* сыртқы экономикалық саясат.
Аталған құралдар, тұтқалар арқылы мемлекеттік реттеуді дұрыс бағытта жүргізуге мүмкіндік береді.
Жіктелім, формаларымен қатар, мемлекеттік реттеудің бағыттары анықталады: рестрикциялық және ынталандырушы бағыттар.
Бағалы қағаздар нарығын рестрикциялық мемлекеттік реттеу міндетті ережелер мен талаптар негізінде, мәмілелерді тіркеу үрдісін жетілдіруге бағытталған, бір-бірімен байланысты әдістер жиынтығы ретінде анықталады.
Бағалы қағаздар нарығын ынталандырушы мемлекеттік реттеу - анықталған, белгілі бір үрдістерді белсендіруге бағытталған әдістер жиынтығынан құралады. Ынталандырушы реттеуге мысал ретінде, халық арасында бағалы қағаздар туралы біліктілікті жоғарлату, хабарламаларды жеткізуді атап өтуге болады. Бұл бағыт арқылы ішкі инвестициялық ресурстарға деген ұсыныстың жоғарлауына әкеліп, бағалы қағаздар нарығының дамуына септігін тигізеді.
Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік органдар тарапынан тиімді реттеу нарықтың макроэкономикалық көрсеткіштерін талдау және олардың қоғамдық өндіріс, баға өзгерісі және басқа да факторлардың байланысын анықтау маңызды сұрақтардың бірі. Сондықтан да, бағалы қағаздар нарығының интегралды көрсеткіштерін, конъюнктураны бағалау, несие нарығымен, бюджет жағдайы және басқа да макроэкономикалық көрсеткіштермен өзара байланысында бағалы қағаз нарығының даму болжамы жүйелі түрде жариялауы қажет.
Бағалы қағаз нарығының жағдайын және оның даму қарқынын келесі көрсеткіштер тобы анықтайды:
1. Бағалы қағаздың шығарылым мен айналыс тәртібін, бағалы қағаз нарығының субъектілер қызметін, бағалы қағаз нарығындағы қатынастарды реттейтін құқықтық инфрақұрылымның болуы.
2. Бағалы қағаздар нарығының құрылған және қызмет ететін техникалық инфрақұрылымның болуы.
3. Өз мүшелерінің қызметін өзін-өзі реттеу ұйымы реттейтін, ал өзін-өзі реттеу ұйымының қызметін мемлекеттік органдар реттейтін кәсіби қатысушылардың қызметін реттеу жүйесінің болуы жатады.
Сонымен, өзін-өзі реттеу және мемлекеттік реттеу жүйелерінің болуы нарықтың тиімді дамуына әсер етуші күш ретінде танылады. Өзін-өзі реттеу жүйесі Қазақстанда онша дамымаған. Іс-әрекет ететін өзін-өзі реттеу ұйымы ретінде Қазақстан қор биржасын жатқызуға болады. Алайда, қор биржаның бағыты негізінен ұйымдастырушылық сипат алады. Қазақстанда 2 өзін-өзі реттеу ұйымы бар деп жарияланады. Оларға, Қазақстандық тізім ұстаушылар ассоциациясы және активті басқарушылар ассоциациясын жатқызады. Бірақ, нарыққа әсер ету жағынан қарастырсақ, олар негізінен ақпараттық-кеңес берушілік органдар ретінде қызмет атқарады. Сондықтан да, Қазақстанда өзін-өзі реттеу жүйесі дамымаған деп тұжырымдауға болады4.
Қазақстандық бағалы қағаз нарығының дамуының стратегиялық мақсаттарын анықтауда, экономиканың даму болашағының мақсаттары мен қағидаларын, сондай-ақ экономикалық-әлеуметтік факторларды ескеру міндетті. Осыған орай, бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу белсенді сипатта болуы шарт. Сонымен қатар, реттеу экономикалық субъектілердің қызметтеріне жағымды жағдайларды құруға, нақты экономикаға инвестицияларды тартуға бағытталуы керек.
Бағалы қағаздар нарығын дамытудың стратегиялық міндеттерін айқындау кезінде негізгі шарт - бұл қандай нарыққа жетуіміз керек деген сауалға жауап іздеу. Себебі, әр түрлі елдерде бағалы қағаз нарығының сипаты да әр түрлі. Бір елде, негізінен мемлекеттік бағалы қағаз орын алып, мемлекеттің рөлін артуға бағытталады. Әлде, нарықта корпоративтік бағалы қағаздар аса ауқымды орын алуы мүмкін. Әр мемлекеттің өз сипатына қарай, бағалы қағаз нарығы да бір-бірінен ажыратылады.
Қазіргі қазақстандық тәжірибеде, бағалы қағаз нарығы бағалы қағаздарды сату мен сатып алу орын ретінде түсінеді. Сондықтан да, тиімді бағалы қағаз нарығын құруда бағалы қағаздардың максималды өтімділігін қамтамасыз етуге бағытталған шарт. Бағалы қағаздардың максималды өтімділігі ретінде сандық көрсеткіштер арқылы анықталады, яғни нарықтың айналымы, спред өлшемі, саудаға түскен бағалы қағаздардың саны, мәміле жасау жылдамдығы, инвесторлар саны және т.б. көрсеткіштер. Бірақ, бұл бағыт бағалы қағаз нарығының дұрыс құрылған механизм кезінде ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Әр түрлі себептерге байланысты, Қазақстан осы бағытқа әлі жетпеген.
Қазақстан жағдайында, бағалы қағаз нарығы дамуының стратегиялық мақсаты ретінде - қазақстандық экономикаға капиталды тарту мен қайта бөлу арқылы, ішкі инвестициялық белсенділікті ынталандыру мен республиканың әлемдік деңгейде позициясын тұрақтандыру механизмін құру болып табылады. Тактикалық шаралар негізінде, интраверттік нарықтан, яғни өз шеңберінде даму, экстраверттік нарыққа, яғни экономиканың нақты сектордың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталуы жөн. Мұнда, бір жағынан, нарық инвесторларға максималды түрде ашық болу, екінші жағынан, эмитенттерге капитал тарту құралы ретінде өзекті болуы тиіс.
Жеке ішкі инвесторлардың мүдделерін қорғау мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттарының бірі болуы керек. Олардың қызығушылықтарына сай, нарықтық механизм құрылуы жөн. Отандық бағалы қағаз нарығына әр түрлі факторлардың әсері салдарынан, мемлекет пен жеке инвесторлардың мүдделерін қорғайтын, инвестициялық сипаттағы стратегияны жасау қиындығын туғызады.
Экономикалық тұрғыдан алған, мемлекеттің бағалы қағаздар нарығындағы қызығушылықтар, ең алдымен, осы нарықтың тұрақтылығын және инвестициялық бағыттылығын қамтамасыз етумен байланысты, яғни жинақ және инвестиция ағындары арасында тепе-теңдікті ұстауға бағытталған жөн5.
Алайда, отандық экономикада нарықтық өзгерістер аяқталмағандықтан, мемлекет бағалы қағаздар нарығында қосымша міндеттерді шешуі қажет. Олар: мемлекет иелігіндегі корпоративтік меншікті тиімді басқаруын қамтамасыз ету; болашақта елдің бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын экономиканың секторларды ынталандыра отырып, өндірістік саясатты жүзеге асыру.
Қарастырылған сұрақтарды шешіп қана қоймай, сондай-ақ жүзеге асыру кезінде, елдің бағалы қағаздар нарығының нақты дамуына әкеледі. Ал, бағалы қағаздар нарығының дамуы мемлекеттің экономикалық-әлеуметтік мәселелерді шешумен қатар, алдағы ұзақ, орта мерзімге бекіткен стратегиялық мақсатқа жетуге көмектесуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасында іс жүзінде акция, облигация және басқада бағалы қағаздарын шығару арқылы капиталды таратуды көздейтін заңды тұлғалар эмитент деп аталады және сонымен қатар олар бағалы қағаздарды иемденушілердің (сатып алушылардың) алдында белгілі бір жағдайда борышты (міндетті) болып табылады.
Эмитенттің кім болғанына байланысты бағалы қағаздар төмендегідей үш түрге бөлінеді:
- мемлекеттік;
- муниципалды;
- корпоративтік.
Мемлекеттік бағалы қағаздар - бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақсатан Республикасының заң актілеріне мемлекеттік сыртқы және ішкі қарыздарын қайтару мақсатында шығарылған. Сонымен қатар бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мемлекетімен эмитенттелінетін бағалы қағаз болып табылады. Үкімет өз атынан бағағалы қағаздардың бұл түрін шығара отырып, Республикалық бюджеттің тапшылығын қарастыру мен инфляцияны болдырмау жағын қарастырады. Осыған сәйкес Ұлттық банк мекемесі айналымдағы ақша қаражаттарының қозғалысын реттеуді көздейді. Мемлекеттік бағалы қағаздардың мынадай түрлері бар:
- Ұлттық жинақ облигациялары;
- Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттеме (МЕККАМ)
* Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттеме (МЕОКАМ)
Муниципалдық бағалы қағаздар - бұл бағалы қағаздардың мұндай түрі жергілікті бюджеттен эмиссиланатын жергілікті атқарушы органдар шешімімен шығарылады. Бағалы қағаздардың бұл түрін шығарудағы басты мақсат - құрылыс, яғни емханалар салу үшін, бала бақшалар мен мектептер, тұрғын үйлер, жолдардың жағдайын жақсарту және тағы басқадай аймақтың әлеуметтік мәселелерін шешу болып табылады.
Корпоративтік бағалы қағаздар - кәсіпорындар мен ұйымдардыдың заң күшіне сүйене отырып, өзінің жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе шаруашылық қызыметін жүзеге асыру үшін шығарылатын бағалы қағаздарын корпоративтік бағалы қағаздар деп атайды. Бағалы қағаздардың бұл түрін көп жағдайларда акционерлік қоғамдар шығарып және олар эмитент болып табылады.
Бағалы қағаздарды жалпы мынадай екі топқа бөлуге болады:
а) ақшалай бағалы қағаздар;
б) капиталды бағалы қағаздар.
Ақшалай бағалы қағаздар - ақшаны қарызға алғандығын білдіреді. Бағалы қағаздардың бұл түріне вексельдерді, депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға болады. Жалпы ақшалай бағалы қағаздардан табыс бір рет қана алынады. Іс жүзінде ақшалай бағалы қағаздар қысқа мерзімді болып келеді, яғни бір жылға дейінгі уақыт аралығында қолданылады.
Капиталды бағалы қағаздар - кәсіпорындар мен ұйымдардың қорын (капиталын) құру немесе оны ұлғайтуға байланысты шығарылады. Акция мен облигация осы аталған бағалы қағаздардың түріне жатқызылады.
Өздерінен алынатын табысқы байланысты бағалы қағаздар мынадай екі топқа бөлінеді:
· қарыздық бағалы қағаздар;
· инвестициялық бағалы қағаздар.
Қарыздық бағалы қағаздар - бағалы қағаздың бұл түрі бойынша эмитент көрсетілген уақыт барысында белгіленген пайыз көлемінде (процентімен) тиісті қарыздарын өтуге (төлеуге) міндетті. Қарыздық бағалы қағаздарға облигацияның барлық түрлері, вексельдер, тағы басқа бағалы қағаздар жатқызылады.
Инвестициялық бағалы қағаздар - бағалы қағаздың бұл түрі иемденуші активтің бір бөлігін иемденуге құқық береді. Бағалы қағаздардың бұл түріне акцияны жатқызуға болады.
Бағалы қағаздар шығарылу мақсатына байланысты мынадай екі түрге бөлінеді:
· қорлы бағалы қағаздар;
· саудалық бағалы қазаздар.
Қорлы бағалы қағаздар - мұндай бағалы қағаздар қор биржаларында айналысқан түсіеді және көп мөлшерде эммиссияланады. Бағалы қағаздардың бұл түріне акциялар және облигациялар жатқызылады.
Саудалық бағалы қазаздар - бағалы қағаздың бұл түрі белгілі бір коммерциялық бағытпен сауда операциялары кезінде есеп айырысуға арналған.
Нарықтағы айналымдағы ерекшеліктеріне байланысты бағалы қағаздар мынадай болып екіге бөлінеді:
· нарықтық бағалы қағаздар;
· нарықтық емес бағалы қағаздар.
Нарықтық бағалы қағаздар - мұндай бағалы қағаздар айналыста еркін сатылып немесе сатып отырылды.
Нарықтық емес бағалы қағаздар - бұл аталған бағалы қағаздар қолдан - қолға еркін жүре бермейді, яғни олар екінші айналымға түсепейді.
Атқаратын қызметіне және рөліне байланысты бағалы қағаздар мынадай үш топқа бөлінеді:
· негізгі (акция, облигация);
· көмекші (чектер, вексельдер, депозиттік сертификаттар;
· туынды (варранттар, опциондар, фьючерстер, бондар тағы да басқалар)
Акция дегеніміз кәсіпорындар мен ұйымдардың қандайда бір акционерлік қоғамды дамыту үшін қаржы салғандығын куәландыратын және иесіне акционерлік қоғамның пайдасының бір бөлігін дивидент түрінде (табыс ретінде) алуға құқылы беретін бағалы қағаз болып табылады. Акциялар айналым мерзімі белгіленбей-ақ шығарыла береді. Кәсіпорындар мен ұйымдарды басқаруға қатысу құқығына сәйкес акциялар мынадай түрлерге бөлінеді:
· жәй акциялар;
· артықшылығы бар акциялар.
Жәй акцялар - акционерлік қоғамды басқаруға құқық береді. Бір жәй акция ұйымның акционерлер жиналысында осы кәсіпорынға қатысты мәселелерді шешу барысында бір дауысқа ие бола алады. Жәй акциялар үшін дивидент төлеу акционерлік қоғамның таза пайдасынан (толықтырғанан) кейін және артықшылығы бар акциялар бойынша дивиденттер төленгеннен кейін жүргізіледі.
Артықшылығы бар акциялар - басқаруға қатысу құқығын бермей, әйтсе де олар иесіне тұрақты белгіленген мөлшерде дивиденттер алу құқығын береді, яғни оларға белгілі бір мөлшерде табыс әкеліп тұрады. Сонымен қатар артықшылығы бар акциялар ұйымның таза табысын акционерлер арасында бөлу кезінде немесе қоғамның жойылуы кезінде жәй акциялар мен салыстырғанда артықшылықққа ие болады.
Облигация дегеніміз оның иесінің ақша салғандығын куәландыратын және оған көрсетілген мерзім ішінде осы бағалы қағаздың атауы (номиналды) құнына белгіленген пайызды (процентті) төлей отырып, өтеу міндеттемесін мақұлдайтын бағалы қағаз болып табылады. Облигациялар сияқты кісіпорын үшін инвестицияның маңызды көзі болып табылады.
Қаржылық салымдардың түрлері:
Қаржылык салымдар - бұл кәсіпорынның бағалы қағаздарды сатып алу, еншілес және басқа кәсіпорындарға қаржылар салу, сондай-ақ вексель және басқа да борыштық міндеттемелер негізінде басқа кәсіпорындар мен ұйымдарға ұзақ мерзімді қарыз беруге арналған қаржылық салымдары.
Есепте каржылық салымдар қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді бо-лып бөлінеді:
1. Бір жылдан кем мерзімде сақталатын (ұсталатын) акциялар, облигациялар мен басқа бағалы қағаздарға қаржылық салымдар, сонымен қатар бір жылдан кем мерзімге берілген қарыздар қысқа мерзімді болып са-налады.
2. Бір жылдан артық мерзімге табыстар алу үшін оларды сақтау (ұстау) ниетпен бағалы қағаздарды сатып алуға кеткен шығындар, еншілес кәспорындардың жарғылық немесе пайлық қорларына салымдар, бір жылдан артық мерзімге қарызға берілген қаржылар ұзақ мерзімді қаржылық салымдар болып саналады.
Қаржылық салымдар құрамында ақша кұжаттары болып саналатын бағалы қағаздар, акциялар, облигациялар, жинақ сертификаттары, вексельдер және т.б. елеулі орын алады.
Акциялар кәсіпорынның даму мақсаттарына оның иесіне қаржы салғандығын куәландырады және оған дивиденд түрінде пайданың бір бөлігін алуға құқық береді.
Акциялар жай және артықшылығы бар (пұрсатты) болады.
Облигациялар да олардың иесіне қаржы салғандығын куәландырады,бірақ оған белгілеп қойылған сыйақы алуға құқық береді. Егер кәсіпорынның қаржылық мүмкіндіктері акциялар бойынша дивидендтер және облигациялар бойынша сыйакыларды бір мезгілде төлеуге мүмкіндік бере алмаса, табыс алуға облигация иелерінің ерекше құқығы бар. Табыстың жетіспеушілік жағдайында облигациялар бойынша сыйақылар резервтік қордың есебінен төленеді, ал акциялар (пұрсатты) бойынша - сол мақсат үшін құрылған арнайы қорлар есебінен төленеді.
Жинақ сертификаттары - бұл банктердің салымшыларға белгілі мерзімге ақша каражаттары (депонирлеу) салынғаны туралы берілетін куәліктері. Бұл мерзім біткеннен кейін ақша салушы өзінің салымын (депозитін) және ол бойынша сыйақысын қоса алады. Әдеттегі жинақ щоттарынан мұның айырмашылығы клиентке кітапша емес банктің қарыз қолхатьның ролін атқаратын сертификат (куәлік) беріледі. Мұндай салымнан қаржыны белгілеп қойылған мерзімге жетпей алуға болады, бірақ бұл жағдайда айыппұл (белгілі процент) төленеді.
Бұрын бағалы қағаздар тек қана көрнекті қағаз үлгіде болған және арнайы қағаз бланкілерінде баспа түрінде басылған.
Соңғы уақытта бағалы қағаздардың айналымы айтарлықтай көбеюіне байланысты олардың көбісі есеп кітабында жазу түріңде, сондай-ақ ақпараттың әр түрлі сақтаушыларында (оның ішінде дискеталарда) жасала бастады, яғни табиғи көрнекті емес (қағазсыз) үлгіге көшті. Сондықтан, бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздармен қатар олардың орнын алмастырушылар да шығарылады, айналымда болады, жойылады. Бағалы кағаздың иесіне мұндай жағдайда меншік құқығын куәландыратын құжат - бағалы қағаз.
2. Бағалы қағаздар нарығын реттеу
Бағалы қағаздар нарығын реттеу деген оған барлық қатысушылардың іс-әрекетін және олардың арасындағы операцияларды тәртіпке келтіруге бағытталған қоғам өкілетінің қызметі. Нарыққа қатысушылардың іс-әрекетін екі жақты - ішкі және сыртқы - реттеуге болады. Ішкіреттеу деген осы ұйымның, оның бөлімшелері мен қызметкерлерінің өз қызметінде ұйымның жарғысын, ережелерін және т.б. іс-әрекетін айқындайтын ішкі нормативтік құжат талаптарын орындауы. Сыртқы реттеу деген осы ұйымның өз қызметінде мемлекеттің, басқа да ұйымдардың, халықаралық келісімдердің нормативтік актілерін орындауы.
Кез келген бағалы қағаздар нарығын тікелей немесе жанама түрде сауда-саттыққа барлык қатысушылардың - эмитенттердің, инвесторлардың, кәсіби делдалдардың, нарық инфрақұрылымы ұйымдарының қызметін тәртіпке келтіретін уәкілетті органдар реттеп отырады. Реттеудің түрлері:
:: мемлекеттік реттеу, онымен қызмет бабына реттеу функциясы кіретін мемлекеттік органдар шұғылданады;
:: нарықтың өзін-өзі реттеуі, немесе бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың өз ұйымдарының қызметін реттеуі. Жалпы мемлекеттің немесе нарыктын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz