1930 – 1932 жылдардағы несие реформасы



Мазмұны:

Кірспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3 . 5

І ТАРАУ. Ақша реформаcы және Қазақстандағы банктік жүйенің даму кезеңдері.
1.1. 1930 . 1932 ж. несие реформасының мазмұны ... ... ... ... . 6.12
2.1. 1988 ж. түбегейлі банк реформасы ... ... ... ... ... ... . 13 . 16

ІІ ТАРАУ. Банктың операциялық қызметтері.
2.1. Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі ... ... 17.19 2.2. Банктің инвестициялық операциялары ... ... ... ... ... ... . 20.25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 26 . 27

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... . 28.29
Кіріспе.
Қазіргі уақытта нарықтық экономикаға көшу ұзақ әрі қиын, күрделі де қайшылықты жолдарға толып жатыр. Қазақстан тәуелсіздік алғалы экономикамыз ілгері даму үстінде. Әлемдік көрсеткішпен салыстырғанда біздің ел көршілес Еуропа, Батыс елдерінен анағұрлым артта қалуда.
“Қазақстан банк жүйесі туралы”жазған курс жұмысымда негізгі төрт бөлімді қарастырдым.
Бірінші бөлімде Қазақстандағы банктік жүйенің даму кезеңдері, яғни бұл жерде банк жүйесі деген не, оның құрылымы және ерекшеліктері туралы жазылған.
Екінші бөлімде 1930 – 32 ж. несие реформасы, бұл жерде несие реформасының жүргізілу себептері, мақсаты, алғы шарттары жазылған.
Үшінші бөлімде түбегейлі банк реформасы – мүнда банктік реформа нәтижесінде КСРО-ның Мемлекеттік банкі және Құрылыс банктерінің мекемелері негізінде банктердің құрылуы. Банк жүйесін қайта құрудан кейін әртүрлі маманданған банктер арасында туындаған әр түрлі қайшылықтар, кемшіліктері, сәтсіздіктер туралы жазылған.
Төртінші бөлімде қазіргі кездегі Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі – бұл тарауда Қазақстанда құрылған екінші деңгейлі банктердің құрылуы туралы мәліметтер.
Курс жұмысын жазуды бастамас бұрын жалпы банк жүйесі деген не, оның құрылымы, ерекшеліктері туралы жазып өтейін.
Әр түрлі банктердің жиынтығы, осы елге тән өзара байланыстылық пен банк жүйесін құрады. Банк жүйесі мынадай ерекшеліктерімен сипатталады.
Банк жүйесіне кейбір банк операцияларына қатынасы бар, бірақ “банк” деген мәртебесі жоқ элементтер кіреді. Мысалы, кейбір банк операцияларын жүргізуге рұқсат алған арнаулы қаржы институттары, басқа да банктік инфроқұрылымын құрайтын, және оның жұмыс істеуіне әсер ететін мекемелер.
Банк жүйесінің өзінше ерекшеліктері бар. Бұл жұйе тек өзіне тән қасиеттерді көрсетеді. Оның ерекшелігі өзін құрайтын элементтермен және олардың арасында қалыптасқан қарым-қатынастармен анықталады, әрине банк жүйесін зерттегенде алдымен осы жүйенің басты элементі банктер көзге түседі. Өйткені, олар банк жүйесіне банктік мән береді. Дегенмен банк жүйесінің мазмұны оның элементтерінің, мазмұндарының қосындысы деп түсінбеу қажет. Банк жүйесінің мазмұны ғана емес, оны құрастыратын элементтердің өзара байланыстарына да көңіл аударады.
Банк жүйесін бір тұтас жүйе деп ұсынуымыз керек. Себебі, жеке бөліктерінің өзара байланыстары, керек болған күнде бірін-бірі ауыстыруға бейімделген. Басқаша айтқанда, егер бір банк жұмысын тоқтатса, оның клиенттері басқа банктерден бұрынғы қызметтерін, бұрынғы көлемде пайдалана алады.
Банк жүйесі әр уақытта өсу және жетілу жолында. Олай деуге себеп, ол күн сайын жаңа компоненттермен толтырылады, банк аралық және Ұлттық банкпен немесе Шетелдік банктер арасында жаңа қатынастар пайда болады.
Банк жүйесі жабық жүйе. Өйткені, банктердің кейбір ақпараттары банкілік құпия болып саналады. Мысалы, банкідегі шоттағы қаржының қозғалысы немесе қалдығы жөнінде деректерді банк тек сол шоттың иесінде болмаса, оның сенім хаты бар өкіліне ғана береді. Қазақстанның заңдары бойынша мұндай мәліметтерді тәртіп қорғау орындарының, салық органдарының өкілдеріне беріле береді, тек олардың, сол органда істейтіндігін растайтын құжаттары болса болды. Бірақ көп елдерде бұлай емес.
Банк жүйесі өзін-өзі басқара алады. Ол дегеніміз, егер елде саяси ахуал, экономикалық жағдайлар және басқа да ахуалдар өзгеріп жатса, осыған қарай, банктер өздерінің саясатын өз бетінше, аралымдылықпен өзгерте алады. Мысалы, Ұлттық банк, екінші дәрежелі банктер үшін қайта қаржыландырудың өлшемдемесін өзгертсе, екінші дәрежелі банктер өздерінің проценттік саясатын өзгертеді немесе Үкімет ұлттық валютаның бағамын анықтау тәртібін өзгертсе, екінші дәрежелі банктер, ауыстыру бекеттеріндегі валюта бағамын қайта қарайды.
Банк жүйесі басқарылатын жүйе. Дербес заңды тұлға бола тұра банктер өз қызметтерін жалпы мемлекеттік және арнайы банктік заңдардың шегінен шығармайды. Олардың қызметтерін Ұлттық банк реттеп лтырады. Ол үшін Ұлттық банк екінші дәрежелі банктер үшін экономикалық мөлшерліктер белгілейді, оларды бұзғаны үшін банктер, банк операциясын жүргізуге берілген рұқсат қағазынан айырылуы мүмкін.
Банк жүйесінің маңызды элементі банктер болып табылады. Кейбір ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура тұсында және ең бастысы Италияның жекелеген қалаларында (Венеция, Генуя) ХІV – ХV ғғ. пайда болған.
Кейбір экономисттердің қазіргі кезеңдегі ТМД елдерінің банк жүйесі өтпелі кезеңнің банк жүйесіне сәйкес деген пікірлермен келісуге болмайды. Табиғатта өтпелі кезеңнің банк жүйесі жоқ.
Қазіргі банк жүйесінің барлық элементтері нарықтық тұрпатқа сәйкес келеді. Тек, олардың кейбір жетілмегендіктері бар, ол уақытша жағдай. Бара-бара нарықтық қарым-қатынастар жетілдірілген сайын, банк жүйесі де жетілдіріледі. Сөйтіп, бәрі де өз орнына келеді. Сондықтан банктің өтпелі кезеңі лайық, ерекше жүйесі бар деген дұрыс болмайды
Қолданылынған әдебиеттер тізімі:


1. “Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы” Қ.Р. Президентінің Заң күші бар Жарлығы 1995 жылғы 31 тамыздағы № 2444
2. “Қазақстан Ұлттық банкі туралы “ Қ.Р.Президентінің Заң күші бар Жарлығы 1995 жылғы 30 наурыздағы № 2155
3. “ҚР-дағы банктер және банк мекемлері” Негізгі заң актілері. 2002 ж. 1 мамырында. Алматы: Юрист, 2002. – 108 бет.
4. Ақша, несие, банктер: Оқулық / Жалпы редакциясын басқарған Ғ.С. Сейтқасымов. – Алматы: Экономика, 2001. – 466 б.
5. Денги, кредит, банки: Учебник / Под ред. Е.Ф. Жукова. – М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1999. – 622 с.
6. Денги, кредит, банки: Учебник / Под ред. О.И. Лаврушина. Изд. 2-е, перераб. И доп. – М.: Финансы и статистика, 1999. – 464 с.
7. Көшенова Б.А. Ақша. Несие. Банктер. Валюта қатынастары. Оқу құралы / - Алматы: Экономика, 2000. – 328 бет.
8. Мақыш С.Б., Ілияс А.Ә. Банк ісі: Оқу құралы. – Алматы: қазақ университеті, 2004. – 241 бет.
9. Саниев М.С. “Ақша. Несие. Банктер.” Оқу құралы – Алматы: Алматы экономика және статистика интситуты, 2001ж.
10. Төлебаев Т.Ә. ХІХ ғ. екінші жартысы мен ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы банк жүйесі туралы зерттеулер. Банки Казахстана – 2001 г. Октябрь 51 – 54 бет.
11. Шабанова Н.Н. “Денежное обращение и кредит СССР”. Учебник для вузов по спец. 1734 и 1737 - Ташкент: Укитувчи. 1985. – 301с.

12. Шеденов Ө.Қ, Байжомартов Ү.С, Жүнісов Б.А., Комягин Б.И.
“Жалпы экономикалық теория”

13. Мамыров .Н.Қ, Акчура Ф. “Қазақстандағы адам дамуы”

14. Мамыров Н.Қ., Тілеужанов М.Ә: “Макроэкономика”

15. Ермекова Т.Р. “Қолданбалы экономика”, Алматы 1997

16. “Экономикалық өсу және сапалық көрсеткіштер”, С.Сатыбалдин, “Егемен Қазақстан”, 2003 жыл, 23 сәуір


17. Шеденов.Ө.Қ., Сағындықов.Е.Н..
Жүнісов.Б.А., Байжомартов.Ұ.С. Комягин.Б.И.
Жалпы экономикалық теория.

18. Сейтқасымов. «Ақша несие банк».

19. Қазақстан Ұлттық Энциклопедиясы.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Экономика және менеджмент пәні кафедрасы.

Тақырыбы: 1930 – 1932 жылдардағы несие реформасы

Мазмұны:

беттер:
Кірспе ___________________________________ ____________________ 3 – 5
І ТАРАУ. Ақша реформаcы және Қазақстандағы банктік жүйенің
даму кезеңдері.
1.1. 1930 – 1932 ж. несие реформасының мазмұны _________________ 6-12
2.1. 1988 ж. түбегейлі банк реформасы _________________________ 13 – 16

ІІ ТАРАУ. Банктың операциялық қызметтері.
2.1. Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі ________ 17-19
2.2. Банктің инвестициялық операциялары_______________________ __ 20-
25

Қорытынды ___________________________________ ______________ 26 – 27

Қолданылған әдебиеттер тізімі _________________________________ 28-29

Кіріспе.
Қазіргі уақытта нарықтық экономикаға көшу ұзақ әрі қиын, күрделі де
қайшылықты жолдарға толып жатыр. Қазақстан тәуелсіздік алғалы экономикамыз
ілгері даму үстінде. Әлемдік көрсеткішпен салыстырғанда біздің ел көршілес
Еуропа, Батыс елдерінен анағұрлым артта қалуда.
“Қазақстан банк жүйесі туралы”жазған курс жұмысымда негізгі төрт
бөлімді қарастырдым.
Бірінші бөлімде Қазақстандағы банктік жүйенің даму кезеңдері, яғни
бұл жерде банк жүйесі деген не, оның құрылымы және ерекшеліктері туралы
жазылған.
Екінші бөлімде 1930 – 32 ж. несие реформасы, бұл жерде несие
реформасының жүргізілу себептері, мақсаты, алғы шарттары жазылған.
Үшінші бөлімде түбегейлі банк реформасы – мүнда банктік реформа
нәтижесінде КСРО-ның Мемлекеттік банкі және Құрылыс банктерінің мекемелері
негізінде банктердің құрылуы. Банк жүйесін қайта құрудан кейін әртүрлі
маманданған банктер арасында туындаған әр түрлі қайшылықтар, кемшіліктері,
сәтсіздіктер туралы жазылған.
Төртінші бөлімде қазіргі кездегі Қазақстан Республикасындағы банк
жүйесі – бұл тарауда Қазақстанда құрылған екінші деңгейлі банктердің
құрылуы туралы мәліметтер.
Курс жұмысын жазуды бастамас бұрын жалпы банк жүйесі деген не, оның
құрылымы, ерекшеліктері туралы жазып өтейін.
Әр түрлі банктердің жиынтығы, осы елге тән өзара байланыстылық пен
банк жүйесін құрады. Банк жүйесі мынадай ерекшеліктерімен сипатталады.
Банк жүйесіне кейбір банк операцияларына қатынасы бар, бірақ “банк”
деген мәртебесі жоқ элементтер кіреді. Мысалы, кейбір банк операцияларын
жүргізуге рұқсат алған арнаулы қаржы институттары, басқа да банктік
инфроқұрылымын құрайтын, және оның жұмыс істеуіне әсер ететін мекемелер.
Банк жүйесінің өзінше ерекшеліктері бар. Бұл жұйе тек өзіне тән
қасиеттерді көрсетеді. Оның ерекшелігі өзін құрайтын элементтермен және
олардың арасында қалыптасқан қарым-қатынастармен анықталады, әрине банк
жүйесін зерттегенде алдымен осы жүйенің басты элементі банктер көзге
түседі. Өйткені, олар банк жүйесіне банктік мән береді. Дегенмен банк
жүйесінің мазмұны оның элементтерінің, мазмұндарының қосындысы деп түсінбеу
қажет. Банк жүйесінің мазмұны ғана емес, оны құрастыратын элементтердің
өзара байланыстарына да көңіл аударады.
Банк жүйесін бір тұтас жүйе деп ұсынуымыз керек. Себебі, жеке
бөліктерінің өзара байланыстары, керек болған күнде бірін-бірі ауыстыруға
бейімделген. Басқаша айтқанда, егер бір банк жұмысын тоқтатса, оның
клиенттері басқа банктерден бұрынғы қызметтерін, бұрынғы көлемде пайдалана
алады.
Банк жүйесі әр уақытта өсу және жетілу жолында. Олай деуге себеп, ол
күн сайын жаңа компоненттермен толтырылады, банк аралық және Ұлттық банкпен
немесе Шетелдік банктер арасында жаңа қатынастар пайда болады.
Банк жүйесі жабық жүйе. Өйткені, банктердің кейбір ақпараттары
банкілік құпия болып саналады. Мысалы, банкідегі шоттағы қаржының қозғалысы
немесе қалдығы жөнінде деректерді банк тек сол шоттың иесінде болмаса, оның
сенім хаты бар өкіліне ғана береді. Қазақстанның заңдары бойынша мұндай
мәліметтерді тәртіп қорғау орындарының, салық органдарының өкілдеріне
беріле береді, тек олардың, сол органда істейтіндігін растайтын құжаттары
болса болды. Бірақ көп елдерде бұлай емес.
Банк жүйесі өзін-өзі басқара алады. Ол дегеніміз, егер елде саяси
ахуал, экономикалық жағдайлар және басқа да ахуалдар өзгеріп жатса, осыған
қарай, банктер өздерінің саясатын өз бетінше, аралымдылықпен өзгерте алады.
Мысалы, Ұлттық банк, екінші дәрежелі банктер үшін қайта қаржыландырудың
өлшемдемесін өзгертсе, екінші дәрежелі банктер өздерінің проценттік
саясатын өзгертеді немесе Үкімет ұлттық валютаның бағамын анықтау тәртібін
өзгертсе, екінші дәрежелі банктер, ауыстыру бекеттеріндегі валюта бағамын
қайта қарайды.
Банк жүйесі басқарылатын жүйе. Дербес заңды тұлға бола тұра банктер
өз қызметтерін жалпы мемлекеттік және арнайы банктік заңдардың шегінен
шығармайды. Олардың қызметтерін Ұлттық банк реттеп лтырады. Ол үшін Ұлттық
банк екінші дәрежелі банктер үшін экономикалық мөлшерліктер белгілейді,
оларды бұзғаны үшін банктер, банк операциясын жүргізуге берілген рұқсат
қағазынан айырылуы мүмкін.
Банк жүйесінің маңызды элементі банктер болып табылады. Кейбір
ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура тұсында
және ең бастысы Италияның жекелеген қалаларында (Венеция, Генуя) ХІV – ХV
ғғ. пайда болған.
Кейбір экономисттердің қазіргі кезеңдегі ТМД елдерінің банк жүйесі
өтпелі кезеңнің банк жүйесіне сәйкес деген пікірлермен келісуге болмайды.
Табиғатта өтпелі кезеңнің банк жүйесі жоқ.
Қазіргі банк жүйесінің барлық элементтері нарықтық тұрпатқа сәйкес
келеді. Тек, олардың кейбір жетілмегендіктері бар, ол уақытша жағдай. Бара-
бара нарықтық қарым-қатынастар жетілдірілген сайын, банк жүйесі де
жетілдіріледі. Сөйтіп, бәрі де өз орнына келеді. Сондықтан банктің өтпелі
кезеңі лайық, ерекше жүйесі бар деген дұрыс болмайды.

І ТАРАУ. Ақша реформасы және Қазақстандағы банктік жүйенің даму
кезеңдері.
Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ,
себебі республика аумағында КСРО-ның орталықтандырылған несие жүйесінің
филиалдары мен бөлімдері қызмет етті. Сондықтан Қазақстанда банк жүйесінің
қалыптасуы мен дамуы қазан төңкерілісіне дейінгі патшалық Ресейдің және
КСРО-ның банк жүйесінің тарихымен тығыз байланысты. 1917 ж. қазан
төңкерілісінен кейін банк ісін ұйымдастыруды мемлекеттік монополиялы түрде
өз қолына алып, нәтижесінде жеке коммерциялық банктер мен басқа несие
мекемелері Мемлекеттік банкпен біріктіріледі. Банктік жүйенің бір құрамдас
бөлігі мемлекеттік еңбек жинақ кассалары болды. 1924 ж. ауыл шаруашылық
копперацияларына салым қабылдау, қарыз беру мен есеп айырысудағы делдалдық
нысанында несиелік операциялар жүргізу рұқсат етілді. 1926 ж. 1 сәуір
қарсаңында КСРО-да 16185 серіктестіктер құрылған еді, бұлардың ішінде 2426
несиелік және қарызды жинақ,ғ сондай-ақ 12424 ауыл шаруашылық
серіктестіктері болды [4; 164].
Ал енді банк ұғымына тоқтап кетсек, “Банк” сөзі “banko” деген
ағылшын тілінен аударғанда “айырбас столы” дегенді білдіреді. Жалпы
Қазақстан тарихындағы алғашқы банк 1871 ж. Петропавлда ашылған қалалық
қоғамдық банк еді. Ондай банктер Семейде (1907 ж.) , Ақтобеде (1910 ж.),
Павлодарда (1914 ж.), Верныйда (1912 ж.), Өскемен мен Зайсанда (1914 ж.) да
жұмыс істеді. Мемлекеттік банк бөлімшелері болмаған аудандарда қазналық
банк қызметін атқарады [10; 51].
Банк – заңға сәйкес банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы
коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға [1; 14].
Банктің ерекше кәсіпорын ретінде шығаратын өкілі материалдық өндіріс
аясының өнімдерінен өзара ажыратылады, ол жай ғана тауар шығармайды, оның
тауары ерекше, яғни ақша төлем құралдары түрінде шығады. Банктерден басқа,
банк жүйесіне кейбір арнаулы қаржы институттары кіреді (трасталық
компаниялар). Олар “банк” деген мәртебесі болмаса да Ұлттық банктің
рұқсатымен кейбір банктің жұмысын қамтамасыз ететін, яғни банк
инфрақұрылымын құрайтын мекемелер мен қызмет атқарушылар кіреді.
1922 ж-дан бері сауданы, өнеркәсіпті несиелендіру үшін, өзара
несиелендіру қоғамы, сонымен бірге, Оңтүстік – Шығыс мемлекеттік-
капиталисттік акционерлік банк және шетел капиталының қатысуымен Ресейлік
коммерциялық банк құрылды. 1924 ж. акционерлік қоғам үлгісіндегі Сыртқы
сауда банкі құрылып, оның акционерлері мемлекет кооперативтік және қоғамдық
ұйымдар болды. Ол КСРО-ның мемлекеттік банкісінің құрамында болып сыртқы
сауда операцияларын және халықаралық есеп айырысу жұмыстарын жүргізді.
Сөйтіп, 1925 ж. КСРО-да Мемлекеттік банк, Өнеркәсіп банкі, Сауда банкі
және Ауыл шаруашылық банкі болды. Сондай-ақ Орталық коммуналды банкі
(Цекамбон), Кооперативтік ( Қиыр Шығыс, Орта Азия) банктер құрылды. Ұсақ
тауарлы өндірістің дамуына байланысты өзара несиелеу қоғамдары ауыл
шаруашылығын несиелейтін қоғамдар, жинақ кассалары, несиелік кооперативтер
пайда болды.
Мемлекеттік банктермен бірқатар кеңес үкіметінің бастапқы жылдарында
мемлекеттік емес мемкемелер: кооперативтік және жеке меншікке негізделген,
оның ішінде шетел капиталының қатысуымен құрылған мемелекеттік-
капиталисттік банктер қатары жұмыс істеді.1922 ж. несиелік және ссуда жинақ
серіктестіктері және олардың одақтары ұйымдасып, ауылды қалпына келтіру
мақсатында қызмет көрсетті. 1924 ж. ауыл шаруашылық кооперацияларына
несиелік операцияларды жүзеге асыру барысында салымдар қабылдау, ссуда беру
және есептеу барысында делдалдық қызмет атқаруына рұқсат берілді.
Экономикалық социолисттік және жеке несиелік ұйымдар өз мәнін жоғалтып,
қызмет тоқтатуға мәжбүр болды. Сөйтіп, ауыл шаруашылығын толығымен
ұйымластыру бағдарламасы несиелік кооперацияларды қажетсіз деп
санағандықтан да, олар 1931 ж. жойылды. Сауда аймағынан және өнеркәсіптен
жеке сектродың қудалануы нәтижесінде өзара несие беру қоғамдары қызметтерін
тоқтатты. ХХ ғ. басында Ресейдің банк жүйесі негізінен мынадай банк-несие
мекемелерінен құрылды:
• Мемлекеттік банк (1860 ж. құрылған)
• Қоғамдық қалалық (252 банк) және жер банктері
• Көп буынды жеке банктер: акционерлік банктер (49 филиалдары
бар 44 банк), өзара несиелейтін қоғамдар (83), коммерциялық
банктер (32), несие-жинақтау серіктестіктері (729) және т.с.с.
Бұлардан басқа банктік операциялардың көпшілігін жүргізіп, сонымен
қатар жоғары қауіпті операциялар жүргізу үшін клиенттердің қаражаттарын
тартумен шұғылданатын банктік кеңселер сауда үйлері, айырбастау дүкендері
болды [5; 569].
1927 ж. КСРО Орталық атқару комитеті мен Халық комиссориаты
кеңесінің “Несие жүйесін құру принциптері туралы” қаулысына сәйкес бүкіл
банк жүйесін тікелей басқару Мемлекеттік банкке тапсырды [7; 170].
Экономикалық социолисттік сектордың дамуына қарай кооперативтік және
жеке несиелік органдар өз маңызын жоғалтты және қызметін тоқтатты. Ауыл
шаруашылығын ұйымдастырунесиелік кооперациянықажет етпей оны 1931 ж.
тартты. Жеке секторды сауда және өнеркәсіп саласымен ығыстыру өзара
несиелендіру қоғамы қызметінің оралуына әкеп соқты. Басқа несиелік органдар
қызметтері мемлекеттік салалық банктерге: Промбанк, Цекомбанк, Всекомбанк,
Орталық ауыл шаруашылық банкі және 1922 – 1925 ж. құрылған басқа да банктер
көшеді. Жалпы 1927 ж. банктердің өзіне тән ерекше қызметі – банктік несие
беру жойылып несие мемлекеттік жоспарлы қаржыландырудың түріне айналды
[11; 60-63].

1.1. 1930 – 1932 ж. несие реформасының мазмұны.

1930 – 1932 ж. жүргізген несие реформасы елдегі банк жүйесінің
дамуындағы жаңа кезеңнің басталуы еді және соның нәтижесінде жаңа қағидаға
енгізделген салалық банктер қатары ұйымдастырылады. Несие реформасын
жүргізу үшін елде біраз алғы шаралар жүргізілді.
Біріншіден, бұл кездері экономика салаларында біраз жетістіктерге
қол жетті және олардан жеке капитал ығыстырылды. Сөйтіп, 1930 ж.
мемлекеттік сектордың өнеркәсіптегі үлес салмағы 99,1%-ке, көтерме саудада
97,2%-ке, ал бөлшек саудада 86,5%-ке жетті. Ауыл шаруашылығында 55 %
тауарлы астықты мемлекеттік және ұжымдық шаруашылықтар өндірді.
Екіншіден, халық шаруашылығын тікелей мемлекеттік жоспарлы басқару
жүзеге аса бастады. 1928 ж. халық шаруашылығын өркендетудің бірінші бес
жылдыұ жоспары дайындалып, олар шаруашылықтың әрбір буынына жеткізілді.
Жоспар кәсіпорынның өндірістік және қаржылық іс-әрекеттерін қамтыды.
Үшіншіден, шаруашылықтың негізгі буыны - өнеркәсіп мемкемесі
шаруашылық есепке көшірілді.
Төртіншіден, коммерциялық вексельді айналыснан шығарып, оның орнына
есеп айырысуды тек банк арқылы жүргізудің және қысқа мерзімді несиені тек
банктерде жинақтау нәтижесінде 1929 ж. 1 қарашасында халық шаруашылығына
берген қысқа мерзімді несиенің 80%-ке жуығы банктер үлесіне тиді [7;171].
Барлық салалық банктер саланы қаржыландыру және ұзақ мерзімді
несиелендірумен айналысты. КСРО мембанкінде халық шаруашылығына барлық
салаларын қысқа мерзімді несиелендіру шоғырландырылды. КСРО мембанкінің
барлық несие жүйесінің орталық және жетекші бөлімі ретіндегі ролі одан әрі
арта түсті. Одақтас республиканың барлығында, соның ішінде, Қазақстанда
барлық банктердің республикалық мекемелері ұйымдастыратын. Бұның өзінде
банк ісінің ұйымдастырылған принципі банктердің жоғарғы билік органдарына
бағынуы, қандай да бір жергілікті ережелердің бекітілуіне жол бермеу
сақталды. Сонымен қатар, тәжірибеде берілген банктерде ақша айналымын
шоғырландыру қағидасы жүзеге асырылды, соның ішінде, әр бір кәсіпорын, ұйым
немесе мекеме тек бір банкте ғана есеп айырысу немесе ағымда шот ұстай
алды. Осы банкте олар өз ақшалай қаражаттарын сақтады, несеи және қолма-қол
ақшалар алды, ол арқылы барлық қолма-қол емес есеп айырысу операцияларын
жүргізді. Сонымен, несие реформасын жүргізу үшін алғы шаралар жасалып, 1930
жылдың қаңтарында несие реформасы жүргізіле басталды.
Несие реформасының мақсаты – несиелеу мен несие-есеп жұмыстарының
жаңа түрлерін енгізу.
1930 – 1932 ж. несие реформасын жүргізудің басты себептері.
1929 ж. қабылданған бірінші бес жылдық жоспар бойынша өнеркәсіп,
транспорт, сауда және ауыл шаруашылығының көп бөлігі мемлекеттік жоспар
бойынша өркендеуі қажет болды. Ол көптеген ресурстарды қаржылық банк
жүйесіне жинақтап, орталықтандырып, одан соң жоспарлы түрде халық
шаруашылығына бөліп беру қажет. Бірақ бұл міндеттерді айналым қаражатын
жоспарсыз бөлумен шұғылданған коммерциялық несие орындай алмады. Онымен
қоса өнеркәсіп орындары бірін-бірі несиелеумен шұғылданып, есепті
вексельдермен жүргізіп банк бақылауынан тыс қалды. Іс жүзінде бұл кезде
банктың несие алушымен байланысы болмады. Нәтижесінде, шаруашылық
орындарының бірін-бірі несиелеуі, яғни коммерциялық несие тікелей
мемлекеттік жоспарлы басқарумен қайшылыққа келіп елдегі несие қатынастарын
түбегейлі өзгерту қажеттілігі туындады.
Несие реформасын кезеңде өткізіліп негізі мына мәселелер шешіледі:
1. шаруашылық орындарының бірін-бірі коммерциялық несиелеуін жою
және оны тура банктік несиемен өзгерту;
2. мемлекеттің банктың бағытын нығайтатын есеп жұмысының жаңа
түрін, яғни шаруашылық есепті енгізу қажет;
3. халық шаруашылығының қысқа мерзімді несиелеу процесін
мемлекеттік банкте шоғырлау. өндіріс мекемелерінің өзінің және
қарызға алған қаражаттарының қызмет аясын анықтау, шаруашылық
орындарын несиелеудің принциптерін бекіту;
4. несие жүйесін қайта құру, яғни мемлекеттік банкпен ұзақ
мерзімді несие беретін арнаулы қызметін ажырату.
Сонымен, несие реформасының алғашқы кезеңінің негізгі мақсаты
коммерциялық несие тікелей банктік несиемен алмастырылды.
Банк несиесі – несие алушыға, жоғары басқару органының жоспары
бойынша тікелей банк беретін несие. Бұл оны коммерцмялық несиеден негізгі
айырмашылығы. Бірақ банктік несиенің бұл артықшылығы халық шаруашылығына
бірден өзгеріс енгізе қойған жоқ. Банктің жіберген қаталері төмендегідей:
• есептеуге автомотизм (санасыз, тек бұрын қалыптасқан дағды
бойынша істелетін әрекет) жабдықтаушының банкісі сатып алушыға
жіберілген барлық тауарлар үшін ақшаны дағдылы автоматты түрде
аударса, ал сатып алушының банкісі де дәл солай автоматты түрді
оның шотынан түскен тауарлар құнын шығарып отырды; жіберген
жүктің дұрыстығы және шаруашылық органдардың арасындағы
келісімнің орындалуы бақыланған жоқ;
• несие берудегі автомотизм (немесе жоспармен несие беру):
жоспардың нақты орындалуын тексермей-ақ, банк шаруашылық
мекемелеріне жоспарплы түрде несие береді; несиенің мөлшері
жоспарды орындау үшін қажетті айналым қаражатының жалпы
жетіспеуіне қарай анықталып, оның пайдалану мақсаты мен
қайтарылу мерзімі көрсетілмей-ақ беріледі;
• шаруашылықтардың өзінің және қарызға алған айналым қаражаттарын
ажыратпауы (араластырылуы): әрбір шаруашылық мекемелеріне
банкте бір шот ашылып, онда өз қаражатының да, банктік несиенің
да барлық кірісі де, шығыны да есептеледі, олардың арасындағы
ерекшеліктер көрсетілмейді;
• банктің несиелеу және есеп айырысу реформасын жүргізуге
техникалық дайынсыздығы: ережелер, нұсқаулар, құжаттардың
түрлері алдын ала дайын болған жоқ, содай-ақ банктің төлем
жүргізуге қабылдайтын құжаттары саны жағынан да қарастырылмады.
Несие реформасының келесі кезеңдері осы жіберілген кемшіліктерді
жойып мемлекеттік банктың халық шаруашылығына қысқа мерзімді несие берудің
бірыңғай орталығы және мемлекеттің есеп касса орталығы болуына арналды.
Қорыта келе 1930 – 1932 ж. жүргізілген несие реформасының
нәтижесіндежоспарлы социолисттік шаруашылыққа сай елде ақша несие жүйесі
құрылып, мемлекеттік банк біріңғай өндіріспен тауар айнылымын есептейтін
және бақылайтын ақпаратқа айналды [7; 171 – 1736].

1.2. 1988 ж. түбегейлі банк реформасы

Елдің әлеуметтік-экономикалық өркендеуін жеделдету және ақша- несие
қатынастарының мақсатында Кеңес Одағы Компартиясы Орталық Комитетінің
Пленумы 1988 ж. 1 қантарынан бастап банк жүйесін қайта құру туралы Қаулы
қабылданды. Реформаға дейін КСРО және Шығыс Еуропа социялистік елдерінде
банк жүйесінің құралымы бірдей бөлді. Сан жағынан шамалы несие
мекемелерінде банк ісін шоғырландыру және несие беруді есеп жүргізуді
мемлекеттік валюталық басқаруды орталықтарындыру сияқты ерекше нышандар сол
кездегі барлық социалистік елдердің банк жүйесіне тән.
Шаруашылық механизмінің жалпы бағыты – банктердің құрылымы мен
ондағы қызметкерлер санын анықтайтын басты фактор. Бір банктік жүйе –
басқаруды қатал орталықтандыру мен шоғырландырудан шыққан нәтиже. Ал
монополизмді бұзу концепциясы, экономиканы басқаруды жергілікті жерлерге
беру бірнеше дербес банктердің құрылуына себеп болды.
Сөйтіп Қазақстанда қайта құру тұсындағы банк жүйесінің дамуын және
ақша-несие қатынастарының маңызын арттыру мақсатында 1988 жылы қаңтарынан
бастап банк жүйесін түбегейлі өзгертетін реформа жүргізілді. Банктік
реформа нәтижесінде КСРО-ның Мемлекеттік банкі және Құрылыс банктерінің
мекемелері негізінде құрылды. Олар:
КСРО Өнеркәсіп – құрылыс банк
КСРО Агроөнеркәсіп банкі
КСРО Тұрғын үй - әлеуметтік банкі
КСРО Жинақ банкі
КСРО Сыртқы экономикалық банк
КСРО Мемлекеттік банкі

• КСРО Мемлекеттік банкі : Оның міндеті - банктердің банкісі
ретінде елдің ақша айналымын ұйымдастыру. Ол бұрынғыдай
мекемелер мен ұымдардың кассалық және несие-есеп қатынастарын
жүргізбейді, оның клиенті – маманданған мемлекеттік банктер;
• КСРО Өнеркәсіп – құрылыс банкі: Оның міндеті- өндіріс,
құрылыс, транспорт, байланыс салаларындағы негізі жұмыстарды
несиелеу, күрделі шығындарды қартыландыру мен несиелеу және
олардың есеп айырысу жұмыстарын жүргізу ;
• КСРО Тұрғын үй және әлеуметтік банкі – ол тұрғын үй
шаруашылығы мен әлеуметтік салалар мекемелеріне қызмет көрсету
үшін құрылды.
• КСРО Агролы - өнеркәсіп банкі; Оның міндетті агролы -
өнеркәсіптің кешендерінің мекемелері мен ұйымдарына қызмет
көрсету.
• КСРО Жинақ банкі – ол бұрынғы жинақ кассаларын біріктіру арқылы
құрылған, оның негізгі міндеті – халыққа қызмет көрсету.
• КСРО Сыртқы экономикалық банкі – ол бұрынғы Сыртқы сауда
банкінің негізінде қайта құрылған банк. Оның міндеті – экспорт-
импорт операцияларын ұйымдастыру және ол бойынша есеп жүргізу,
сыртқы экономикалық байланыстағы шаруашылық орындарын несиелеу,
жинақ – валюталық жоспардың орындалуын бақылау, елдің валюта
ресурстарын тиімді пайдалану халықаралық валюта және несие
нарығында операция жүргізу жұмыстарын қамтамасыз ету [7; 175-
176].

Жалпы алғанда банктердің мамандырылуы банк жүйесінің жұмысын
шатастырып жіберді, оны монополиядан босатқан жоқ, несиелік механизмге
түбегейлі өзгеріс енгізген жоқ, керісінше, аумақтырақ және көп білімді,
шығынды сипатқа ие болды. Алғашқы бөлімінің әлсіреу кезінде бюрократтық
жоғары деңгейлерінің өсуі көрініс тапты.
Жаңадан құрылған банк жүйесі бұрынғыдан да көлемді, әрі ыңғайсыз,
көп сатылы, көп шығынды, үлкен бюрократ аппараты бар жүйе болды. Банк
жүйесінің төменгі буынындағы бөлімшелері жоғарғы деңгейдегі әр бір
маманданған салалық банктерге өздері қызмет көрсететін клиенттері бойынша
несие ресурстарын жоспарлап және оның пайдалануы туралы есеп беріп отырды.
1987 ж. реформаға дейінгі банктік жүйенің мынадай кемшіліктері
болды:
• вексель айналысының болмауы;
• кәсіпорындардың қарыздарын кешіруі, әсіресе ауыл шаруашылығына
қатысты;
• шаруашылықтың барлық аяларында артық несиелеу операцияларының
байқалуы;
• банк мамандандандырылуының жойылуы;
• кәсіпорындарындағы басқа да несие көздерінің болмауынан
туындаған монополизмнің орнын алуы;
• пайыз мөлшерлемесінің төмеңгі деңгейде болуы;
• экономиканың әр саласының қызметіне қойылатын банк бақылауының
әлсіздігі;
• бақылауға жатпайтын несиелік және банктік ақшалардың басып
шоғырлануы [1; 20].

1987 ж. банктік жүйені қайта ұйымдастыру бұрынғыша әкімшілік сипатқа
ие болып қала берді, тек қана бұл жерде үш банктің монополиясын бірнеше
банктер монополиялары ауыстырылды. Банк жүйесін қайта құрудан кейін
мамандаған банктер арасында әр түрлі қайшылықтар туындады. Сонымен қатар,
жаңа банк жүйсі клиенттер мен банктер арасындағы қарым-қатынасқа да кері
әсерін тигізді. Банктік өзгерістердің ең елеулі кемшіліктері – банк ісінің
мазмұнын, әдістері мен тәсілдерін түбегейлі өзгертпей-ақ, негізінен банк
шығармалылығы мен айналасу болды деп мәлімдеді кейбір сарапшылар. Банк
реформасының бірінші кезеңіндегі сәтсіздіктің ең негізгі себебі – оның
жоғарыдан берілген нұсқау әдісімен жүргізілуі және оған айтарлықтай
дайындықтың болмауы, қажетті алғы шаралардың жүргізілмегендігі. Банк
реформасының келесі кезеңі осы қажеттіліктер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы банктік жүйенің даму кезеңдері
Қазақстандағы ЖЭС. Жер-су реформасы
Қазақстан елді индустрияландыру кезеңінде
Қазақстан Республикасында екі деңгейлі банк жүйесін құру
Банктың операциялық қызметтері
Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесі
Жаппай ұжымдастыру мен күштеп отырықшыландыру тұсындағы қазақстан ауыл шаруашылығындағы салық пен қаржыландыру
1926-1928 жылдардағы қазақ ауылындағы салық саясаты
1917-1920 жылдардағы азаматтық-саяси қайшылықтар
Қазақстанның ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындығы әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайы
Пәндер