Валюта нарығы және валюталық операциялар


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Баяндама
Тақырыбы : Валюта нарығы
Тексерген: Кукиев А
Орындаған :Зейфолда А
Тобы : Ф10К1
Алматы 2012 жылы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. 1 Валюта нарығы және валюталық операциялар
1. 2. Валюталық нарығын реттеудің мағынасы мен қажеттілігі
1. 3. Валюта нарығын бақылау
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Жалпы, валюта нарығы дегеніміз шетелдік валютаны және шетелдік валютадағы төлем құжаттарын сату - сатып алу жөніндегі әлеуметтік - экономикалық және ұйымдық қатынастар жүйесі.
Валюталық жүйелердің дамуы өз кезегінде валюта нарықтарының дамуына септігін тигізді. Валюта нарығы - FOREX (Foreign Exchange Operations - шетелдік айырбас операциялары) деп аталады.
Қазіргі уақытта валюта нарығы ең үлкен қаржы нарығы. Қазақстан Республикасына бүгінгі таңда валюта нарғына маманданған көптеген дилингтік компаниялар келіп жатыр.
Қазақстан Республикасының халықаралық нарыққа шығуына кедергі жасап тұрңан мәселелердің бірі - теңгенің айырбасталымдылығы. Бір жағынан қазақстандық теңге бірнеше валюталық шектеулері бар айырбасталатын валюта болып саналады. Бірақ бұл шектеулер, Қазақстанның дүниежүзілік валюта нарығының толық құқылы қатысушысы бола алмауына жеткілікті.
Мемлекетіміздің ішкі валюталық нарығы әлі қалыптасқан жоқ, ол қалыптасу сатысында. Қазақстан нарығының жастығынан кез келген ірі қаржы институты, соның ішінде шетелдік де, өзіне пайда түсіре алды. Еліміздің коммерциялық банктері сыртқы қарыздарын өтегенде нарыққа валютаның айтарлықтай қаражат көлемін шығарады, бұл да теңгеге әсер етпей қоймайды. Валюта туралы заңдар қарама - қайшы және толық емес. Еліміздің валюта нарығының ерекшелігі, ол пайда болғанда үкімет теңгенің ішкі айырбасталымдылық жолына тұруымен анықталады. Валютаны еркін алып-сату отандық экономиканы долларландыруға әкеліп соқты. Қаржы нарығындағы болып жатқан өзгерістер валюта нарығына тікелей әсер етуде
І ТАРАУ. Валюта нарығы және валюталық реттеу
1. 1 Валюта нарығы және валюталық операциялар
Валюта дегеніміз - мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірлігі немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның ішінде қымбат металдардан жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бірақ айналымда жүрген ақша белгісі мен айырбастауға жататын тиындар) түріндегі қолма-қол және аударым нысанындағы құнның ресми стандарттары, сондай-ақ, шоттардағы, соның ішінде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірлігіндегі қаражат.
Валюта арқылы сыртқы тауарлар мен қызметтерді пайдалануға, туризм және мемлекетгің жеке ақша қозғалысын және т. б. көптеген қызметтерді жасауға болады.
Валюталық нарық дегеніміз - ұлттық валютаны шетелдік валютаға алып сатқан кезде, ұсыныс пен сұраныс нәтижесінде қалыптасқан белгілі-бір ресми орын.
Халықаралық есеп айрысу спецификасының маңызы мынада: валюталық баға төлем құралы ретінде көбінесе шетелдік валютаны қолданады, өйткені әлі халықаралық бүкіл мемлекетгерде алуға тиісті белгілі-бір валюта жоқ, сондықтан да сыртқы саудада, несиеде, инвестицияда мемлекет аралық есеп айрысу үшін бір валютаны екінші валютаға сату керек. Валюталық курстың бағамы оны сатып алу қабілеті арқылы белгіленеді.
Валюталық бағам дегеніміз - бір ақша бірлігінің екінші ақша бірлігі- мен алғандағы бағасы. Ол нарықты экономика жағдайында сұраныс пен ұсыныстың нәтижесінде анықталады және экономиканың жағдайын көрсетеді. Валюталық бағам халықаралық сауда және капитал қозғалысында өте үлкен роль атқарады. Валюталық бағамның өзгерісін байқасақ, ол сол валютаның құнсызданғанын немесе құнының жоғарлағанын көрсетеді.
Валюталық нарықты айтқанда онда көбінесе нақты және номиналды валюталық бағам деген сөздер кездеседі. Екі елдің тауарларының қатынасы негізінде (сол елдің валютасы негізінен алынған) нақты валюталық бағамды анықтауға болады. Мемлекеттің валюталық нарығында көрсетілген валюталық бағамды - номиналды бағам деп атайды.
Валюталық бағамның үш түрі бар:
- белгіленген;
- өзгермелі;
- аралас;
Белгіленген валюталық бағам деп - берілген мерзім ішінде өзгермей қалынған бағам; сол бағамның өзгермеуіне мемлекет өзі кепілдік береді. Белгіленген жүйенің мысалы ретінде Бреттон-Вудск жүйесі қалыптасқан.
Өзгермелі валюталық бағам кезінде ол сол валютаға байланысты бағамның сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасуы.
Аралас валюталық бағамның мысалы ретінде көптеген дамыған елдерді айтуға болады; оларда өзгермелі бағам да және кейбір жерлерінде белгіленген валюталық бағам да бар
Қазақстан Республикасында валюталық реттеу туралы заң 1996 жылы 24 желтоқсанда қабылданды. Осы заңға сәйкес валюталық операцияға мынадай түсініктер берді
1 . Валюталық операциялар дегеніміз - ол меншік құқығының және өзге де құқықтардың валюталық құндылықтарға ауысуына байланысты операциялар. Соның ішінде төлем құралы ретінде шетел валютасының және шетел валютасындағы өзге төлем құралдарын пайдаолануға байланысты мәмлелер.
2. Валюталық операция -валюталық құндылықтарды кез келген тәсілмен Қазақстан Республикасына әкелу және жөнелту, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету және жөнелту болып табылады.
Мұндағы валюталық құндылықтарға мыналар жатады:
- Шетел валютасы
- Номиналы шетел валютасында көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құралдары.
- Тазартылған құйма алтын
- Ұлттық валюта, резиденттер мен бейрезиденттер арасында олармен операциялар жасалған жағдайда ұлттық валютамен көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құжаттары
- Табиғи асыл тастар (изумруд, алмас, сатфир және т. б)
Валюталық операциялар 2ге бөлінеді
- ағымдагы операциялар
- капитал қозгалысына байланысты операциялар болып бөлінеді.
Ағымдагы операцияларға жататындар:
- тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін төлемнің не аванс төлемінің мерзімін 180 күннен аспайтын мерзімге ұзартуды көздейтін экспорт-импорт мәмілелері бойынша есеп айрысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;
- 180 күннен аспайтын мерзімге кредиттер беру және алу;
- салымдар (депозиттер), инвестициялар, заем және өзге операциялар бойынша девиденттерді, сыйақыларды жөне өзге кірістерді аудару және алу;
- гранттарды қоса алғанда, сауда сипатына жатпайтын аударымдар, мұрагерлік сомманы, жалақыны, зейнетақыны, алименттерді және басқа соммаларды аудару;
- капитал қозғалысына байланысты операцияларға жатқызылмайтын барлық өзге де валюталық операциялар.
Капитал қозғалысына байланысты операцияларға жататындар мыналар:
- инвестицияларды жүзеге асыру;
- интелектуалдық меншік объектілеріне ерекше құқықты толық беруді көздейтін мәмілелер бойынша есеп айрысуды жүргізуге арналған аударымдар;
- жылжымайтын мүлікке мүліктік құқықтарды төлеуге аударымдар;
- тауарлар, жұмыстар және қызметгер үшін төлемнің не аванс төлемінің мерзімін 180 күннен асатын мерзімге ұзартуды көздейтін экспор-импорт мәмілелері бойынша есеп айрысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;
- 180 күннен асатын мерзімге кредиттер беру және алу3;
1. 2. Валюталық нарығын реттеудің мағынасы мен қажеттілігі
Мемлекеттің әлем экономикасына кіруі валюталық қатынастар жүйесінің дамуына әкеледі және олар мемлекет нарығының қалыптасуына әсер етеді. Мемлекеттік реттеу елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыртқы экономикалық байланыстарын кеңейтуге, экономиканың тез көтерілуіне жәрдемдеседі. Мемлекетіміздің әлемнің сауда-саттық бірлестігіне кіруіне жағдайна бейімделген.
Валюталық бақылау мынандай бағыттарда жүзеге асырылады:
- экспорттық-импорттық валюта бақылауы;
- қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізуді бақылау;
- капитал қозғалысына байланысты операцияларды бақылау;
- валюта нарығындағы субектілерге инспекция жүргізу.
Қазақстан Республикасында Валюталық реттеу туралы заң 1996 жылы 24 желтоқсанда қабылданып кейін толықтырулар енгізілді.
ҚР-да валюта операцияларын жүргізу ережесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі № 115 қаулысымеп бекітілген.
Осы Ереже «Валюталық реттеу туралы» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының зандарына сәйкес жасалды, ол валюта операцияларын жүргізу тәртібін айқындайды және валюталық бақылауды жүзеге асырудың негізгі принциптерін белгілейді
Валюталық реттеу дегеніміз - уәкілетті мемлекеітік органдардың (валюталық реттеу органдарының) елдің төлем балансын нығайту, ұлттық валютаның тұрақтылығың, ішкі валюта рыногын дамытуды қамтамасыз ету мақсатында валюталық операциялар жүргізу тәртібін белгілеу және оның сақталуын бақылау жөніндегі қызметі.
Валюталық реттеудің мақсаты тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің саясатына жәрдемдесу болып табылады.
Валюталық реттеудің міндеттері:
- Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтардың айналысының тәртiбiн белгілеу;
- Қазақстан Республикасының дүниежүзілік экономикаға одан әрi кiрiгуi үшін жағдайлар жасау;
- валюталық операциялар мен капитал легi жөніндегі ақпараттық базаны қамтамасыз ету болып табылады.
Валюталық заңға зәйкес валюталық реттеу шараларына мыналар жатады:
- Лицензиялау
- Тіркеу
- Хабарлау
Валюталық реттеу органдары
- Қазақстан Республикасында валюталық реттеудiң негізгі органы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi болып табылады.
- Қазақстан Республикасының Үкiметi және өзге де мемлекеттiк органдар валюталық реттеуді өз құзыретi шегінде жүзеге асырады.
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Заңға сәйкес өз құзыреті шегінде резиденттер мен резидент еместер үшін мiндеттi нормативтік құқықтық актiлер шығарады.
Валюталық реттеу органдары әзiрлеген валюталық реттеу мәселелері жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен міндетті түрде келісiлуге тиіс.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi валюталық реттеудің негізгі органы ретiнде:
- шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібін және оған қойылатын талаптарды;
- резиденттер мен резидент еместердiң валюталық операцияларды жүзеге асыру тәртiбiн, соның iшiнде валюталық реттеу режимдерiн:
Валюталық нарықты құруға, мемлекеттік монаполиядан валюталық құндылыққа өту кезенінде Қазақстанда қайшылық пен үдеріс ілесе жүрді. Кейбір мекемелерге дәлелсіз жеңілдіктер берілді, әсіресе реформалаудың бастапқы кезеңіңде. Валюталық саясаттың дұрыс болмауынан сыртқы сауда операцияларына қатысушылар санының көбеюіне әкелді, ол экспорттық-импорттық операциялар бойынша ереже мен нормаларды сақтауына теріс әсер етті. Осының нәтижесі ретінде шетелге капиталдың кетуінің тұрақты тенденциясы байқалды және экспорттық түсімді жасыру, импортгық контракт есебінен аванс төлемдерін келесіде товарлармен қамтамасыз етпей ақшаны аудару сияқты жағдайлар орын алды. Осындай жағдайларда мемлекет кейбір жерінде аталмыш жеңілдіктерді толық жойып, валюталық реттеуте белсене кірісе бастады. Көкейтесті мөселелердің бірі ретінде валюталық бақылау болды.
Валюталық бақылау капиталдың ағуын сақтап қалуға багытталған, сонымен қатар ол республиканың сыртқы экономикалық қызметінің дамуына кедергі жасайды. Сондықтан қойылатын сауал экономикалық дамудың қай кезеңінде оны қолдану керек екендігінде. Өнеркәсібі дамыған елдер ДВҚ (дүниежүзілік валюталық қор) қағидаларына қарама-қайшы келетін әкімшілік әдістерін тіптен қолданбайтынына қарамастан, осы әдістерді қолдану тәжірибесі Қазақстан үшін, экономиканың дамуының әр кезеңінде, еңгізуден толық жоюға дейін, үлгі ретінде бола алады.
Валюталық реттеу органдарының биылғы жылғы алдына қойған стратегиялық міндеттерінің бірі - мемлекетте экспорттық-импорттық валюталық бақылауының нығайту.
Валюта бақылауының мақсаты валюта операцияларын жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының резиденттері мен резидент еместердің заңдарды сақтауын қамтамасыз ету болып табылады
1. 3. Валюта нарығын бақылау
Валюталық бақылаудың мақсаты Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резидент еместер валюталық операциялар жүргiзген кезде олардың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету болып табылады.
Валюталық бақылаудың мiндеттерi :
1) жүргiзiлетiн валюталық операциялардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгiн айқындау;
2) валюталық операциялар бойынша төлемдердiң негiздiлiгiн және оларды жүзеге асыруға қажеттi құжаттардың болуын тексеру;
3) валюталық операциялар бойынша есепке алу мен есептіліктiң толықтығын және объективтiлiгiн тексеру болып табылады
Валюта бақылауының негізгі бағыттары:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz